Ағылшын революциялық аграрлық заңдары



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І Тарау. Ағылшын буржуазиялық революциясы
1.1 Аграрлық мәселе туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Ағылшын революциялық аграрлық заңдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9

ІІ Тарау. Леверлердің аграрлық мәселе көз қарасы
2.1 Дигерлердің аграрлық мәсели көзқарасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.2 Ағылшынның буржуазиялық төңкеріс дәуіріндегі
конституциялық актілер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17

ІІІ Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20

ІV Сілтемелер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21

V Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
Кіріспе

ХVІ – ХVІІІ ғасырлар Еуропа шаруаларының тарихында жаңа кезең болды. Бұнда алғаш рет феодалдық құрылыстың іргетасы шайқылып, капиталистік құрылсқа орын бере бастады. Еуропада бұл кезеңде реформаторлық қозғалыстар, шаруалар соғыстары, буржуазиялық революциялар арқылы ескі феодалдық құрылысқа, оның тірегі – королдік абсолютизмге шіркеу үстемдігіне қатты соққылар берілді. ХVІ ғасырдағы реформация, германиядағы шаруалар соғысында, ХVІІ – ХVІІІ ғасырларда Англия Франция буржуазиялық революцияларында негізгі қозғаушы күш шаруалар еді. Шаруалар бұл қозғалыстар кезіндегі аграрлық талаптар ұсынды, жерге деген иелікті редикалды шешуді талап етті.
Ал, бұл революциялардың, әрине сөз Англияда болған буржуазиялық революциялар туралы болып отыр, көсемдері болған буржуазия шаруалардың бұл талаптарын әзірше өкімет басына келгенінше одақтас керек болғандықтан орындауға уәде беруге мәжбүр болды.
Марксизм – ленинизм классиктері буржуазиялық қозғалыстардағы шаруалардың рөліне үлкен көңіл бөлге. Ф.Энгелсьс шаруалар туралы «Селолық аудандардағы Йоменри ол көтерелісті жеңіске жеткізді. Ерекше бір нәрсе: буржуазиялық үш ұлы көтерілісінің үшеуінде де жауынгер армия шаруалар болды» - деп жазды В.И.Ленин «тек шаруалардың араласуы ғана буржуазиялық революцияны айтарлықтай ілгері бастыра алатындығы да дәлелденді. ХVІІІ ғасырдағы Франция жөнінде шаруаларды бірінші қатарға қойды» - деп жазды.
Біздің қарастырғалы отырған мәселеміз ағылшын буржуазиялық революциясындағы аграрлық мәселе. Қайшылықтары мол революциядағы аграрлық мәселені бүгінгі күнге дейін тарихшылардың назарында болы, әрі зерттеліп келе жатқан жәй. Ал біз қазіргі қолда бар оқулықтар мен зерттеу әдебиеттеріне бұл мәселе жөніндегі мәліметтердің шашыраңқыраңқылығына орай, студенттердің семинар сабақтарында дайындалуында кездесіп жүрген қиындықтарды жеңілдету мақсатында мағлұматтарды жинақтап, біртұтас етіп ұсынып отырмыз. ХVІІ ғасырда Англия ауылшаруашылығы басым ел болатын. Аграрлық қатынаста алым жүйесі үстем болды. Бұл жағдай ауыл шаруашылығында аграрлық қатынастың өміршеңдігіне жағдай туғызады.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Қ.Ізтілеуов «Жаңа заман тарихы» А., 1995 ж.
2. “Английская буржуазная революция” ХІХ века. М., 1954.
3. Кислица Н.А. “Английская буржуазная революция середины” ХVІІІ века М. 1958 с147.
4. Лавровский В.И. Барг М.а., “Английская буржуазная революция” ХVІІ века. М., 1958 с4.
5. “Жаңа тарих” А., 1976 ж.
6. Кислица Н.А. Английская буржуазная реовлюция середины ХVII века. М. 1963 Практикум.
7. Мұхтарова А. “Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы” Л., 1999 ж.
8. Практикум по новой историй (1640-1870) м-а. 1973.
9. Барг М.А. “Кромвель и его время” м -а 1950.
10. Законодательство Английской революции 1640-1660 ж. М-а.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І Тарау. Ағылшын буржуазиялық революциясы
1.1 Аграрлық мәселе туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Ағылшын революциялық аграрлық
заңдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9

ІІ Тарау. Леверлердің аграрлық мәселе көз қарасы
2.1 Дигерлердің аграрлық мәсели
көзқарасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 13
2.2 Ағылшынның буржуазиялық төңкеріс дәуіріндегі
конституциялық
актілер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .17

ІІІ
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .20
ІV Сілтемелер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .21
V Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.22

Кіріспе

ХVІ – ХVІІІ ғасырлар Еуропа шаруаларының тарихында жаңа кезең болды.
Бұнда алғаш рет феодалдық құрылыстың іргетасы шайқылып, капиталистік
құрылсқа орын бере бастады. Еуропада бұл кезеңде реформаторлық
қозғалыстар, шаруалар соғыстары, буржуазиялық революциялар арқылы ескі
феодалдық құрылысқа, оның тірегі – королдік абсолютизмге шіркеу үстемдігіне
қатты соққылар берілді. ХVІ ғасырдағы реформация, германиядағы шаруалар
соғысында, ХVІІ – ХVІІІ ғасырларда Англия Франция буржуазиялық
революцияларында негізгі қозғаушы күш шаруалар еді. Шаруалар бұл
қозғалыстар кезіндегі аграрлық талаптар ұсынды, жерге деген иелікті
редикалды шешуді талап етті.
Ал, бұл революциялардың, әрине сөз Англияда болған буржуазиялық
революциялар туралы болып отыр, көсемдері болған буржуазия шаруалардың бұл
талаптарын әзірше өкімет басына келгенінше одақтас керек болғандықтан
орындауға уәде беруге мәжбүр болды.
Марксизм – ленинизм классиктері буржуазиялық қозғалыстардағы
шаруалардың рөліне үлкен көңіл бөлге. Ф.Энгелсьс шаруалар туралы Селолық
аудандардағы Йоменри ол көтерелісті жеңіске жеткізді. Ерекше бір нәрсе:
буржуазиялық үш ұлы көтерілісінің үшеуінде де жауынгер армия шаруалар
болды - деп жазды В.И.Ленин тек шаруалардың араласуы ғана буржуазиялық
революцияны айтарлықтай ілгері бастыра алатындығы да дәлелденді. ХVІІІ
ғасырдағы Франция жөнінде шаруаларды бірінші қатарға қойды - деп жазды.
Біздің қарастырғалы отырған мәселеміз ағылшын буржуазиялық
революциясындағы аграрлық мәселе. Қайшылықтары мол революциядағы аграрлық
мәселені бүгінгі күнге дейін тарихшылардың назарында болы, әрі зерттеліп
келе жатқан жәй. Ал біз қазіргі қолда бар оқулықтар мен зерттеу
әдебиеттеріне бұл мәселе жөніндегі мәліметтердің шашыраңқыраңқылығына орай,
студенттердің семинар сабақтарында дайындалуында кездесіп жүрген
қиындықтарды жеңілдету мақсатында мағлұматтарды жинақтап, біртұтас етіп
ұсынып отырмыз. ХVІІ ғасырда Англия ауылшаруашылығы басым ел болатын.
Аграрлық қатынаста алым жүйесі үстем болды. Бұл жағдай ауыл шаруашылығында
аграрлық қатынастың өміршеңдігіне жағдай туғызады.

Зерттеу мақсаты: Осы тақырыпты таңдап алып зерттеудегі негізгі
мақсатым Ағылшын буржуазиясының революциясының қай жылдары өмір сүргені,
оның орын алуы. Қандай себептер мен алғышарттар жасалғандығы жатады.
Жоспарда көрсетілген мәселелерді толығымен ашып беріп және толық
баяндап беру, бұл менің курыстық жұмысымның негізгі мақсаты болып табылады.

Зерттеу міндеттері: Кітапханаларда осы тақырыпқа сай дерек көздерін
жинастыру, соның ішінде керекті жерлерін жазып алу ғылыми құндылықтарын
айқындап, осы тақырып төңірегінде зерттеу жүргізген ғылымдардың пікірлерін
зерттеп, зерделей отырып оның мәніне көз жеткізу.

Талдау әдісі: Тақырыбына сай тарихи кітаптардан жиналған ақпарат
көздерінің маңыздығын және де тарихи кітаптардың өзектілігін талдау.

Тарихнамасы: Бұл тақыырпқа қатысты әдебиеттердің көбі қазақ тілінде
жарық көрген еңбектер болып табылады.

І Тарау. Ағылшын буржуазиялық революция

1.1 Аграрлық мәселе туралы түсінік
Англияның деревняларында капиталистік қатынас ерте көріне бастады.
Тюдорлар әулетінің аграрлық саясаты елде капиталистік типтені фермерлік –
жалгерлік шаруашылықтың ұлғаюына ықпал етті.
Алайда, англияда капиталистік қатынастың шаруашылықтың ерекше саласы
– қой шаруашылығында күшті көрінгендігін баса айтуымыз керек. Қой
шаруашылығы ауыл шаруашылығының тауарлана түсуіне күшті түрткі болды. Қой
өсірудің ерекше қанат жаюы феодалдық шаруашылықтың капиталистік
шаруашылыққа өтуін жеделдетті. Ірі қой өсіруші – жер иесі – экономикалық
жағынан буржуазияға жақындай түсті.
Қой өсірудің экномикалық тиімділігін капитал жасаудың жақсы да тиімді
көзі екенін түсінген лордтар қойды көптеп өсіру үшін жерді қоршай
бастады.
Шаруалар қой өсіру лаңынан бұрын лорд жерінде тыныш өмір сүріп,
еңбек етіп отырса, ендігі жағдай күрт өзгерді. Жерінен қуыла бастады. Қой
өсіру үшін жер көп керек, ал адам қолы көп керек емес. Міне, осы принципке
байланысты. Жерден қуылған шаруалар саны өсті. Жерде қой өсіруді
ұйымдастырумен қатар, жерді жалгерлерге жалға бере бастады. Бұнымен тынбай
жоғарыдағыдай сұранысқа байланысты шаруалардың қауымдық жерлерін де тартып
ала бастады.
Осылайша буржуазияланған дворяндар жасалды. Бұл Жаңа ленлордтар
және капиталистік жерлерге, бір жағынан, екінші жағынан елдегі негізгі
басым көпшілігі шаруалар арасындағы жер үшін күресті шығарды.
Қоршау саясаты шаруалар қауымынан күшпен тартып алып, жерді
ленлордтардың қолына шоғырланды.
В.И.Ленин атап көрсеткендей: VІІ Генрихтың заманынан бастап, дүние
жүзінің ешбір жерінде де капиталистік өндіріс дәстүрлі екіншілік
тәртіптерін осыншама аяусыз түрде күйреткен емес, ешбір жерде сөзін мұндай
жетілген жағдайларды туғызып көрген емес, ешбір жерде бұл жағдайларда
осыншама дәрежеде өзіне бағындырып көрген емес. Бұл жөнінде Англия – дүние
жүзіндегі ең революцияшыл ел. Тарихи мұра болып қалған тәртіптердің бәрі,
олар егіншіліктегі капиталистік өндіріс жағдайларға сәйкеспеген жерлерде,
аяусыз жойылып жіберілді.
Ал, осы капиталистік өзгерістерге король өкіметі – Стюарттар әулеті –
қалай қарады. Оларға бұл өзгерістер ұнамады, өздерінің ғасырлар бойы
пайдаланып келген артықшылықтарына қауіп төнді деп түсінді.
Өздерінен бұрынғы Тюдорлар әулетінің аграрлық саясатын қайта қарап,
тексеру жүргізіп, айып салықтарын сала бастады. І Яков өкіметінің тексеруі
бойынша 1897-1607 жылдары барлық жердің 40 проценті қоршалған болып
шықты.
1578-1607 жылдар аралығында 68758 акр жер қоршалып, 549 шаруалар
үйі талқандалды. Бұл жағдайлар, әрине шарулар наразылығы мен қозғалысына
әкеп соқтырды.
Стюарттар әулеті бұл қозғалыстардан қорықты, сондықтан да жерді
қоршап отырғандарға бұрынғыға қарағанда жоғары айып салықтарын сала
бастады.
І Карл король үкіметі 1638-1639 жылдары Литершир, Нортгемтоншир,
Гентингдоншир, Ноттенгеншир графтықтарынан барлығы 222937 ф.ст. айып
салды. Әрине, бұл жерде король үкіметі қоршауды тоқтата алған екен деген
қате көзқарас туып қалмау керек, қайта король үкіметі бұл салықтар арқылы
өз қазынасын толықтырды, лендлордтар аздаған айып салықтарымен құтылып,
қоршауды одан әрі жүргізе бастады. Оны қоршаудың кейінгі барысынан толық
көруге болады.
Бұл кезде ағылшын деревнясының таптық құрамы қандай еді? Ағылшын
тұрғындары 5 миллион болса, соның 3,7 миллионы деревняларда тұрды.
Феодалдық құрылыстың негізгі – жерге жеке меншік үстем болды. Рыцарлық жер
ұстау ертеден келе жатқан дәстүр. Жер ұстап отырған рыцарлар корольге ақша
төлейтін.
Көлемді жерлерді иемденіп отырған көп санды рыцарлық жер ұстаушылар
капиталистік шаруашылық жүргізуге мүдделі лендлордтар мен жаға дворяндар
үшін кедергіге айнала бастады. Одан пайда тауып отырғандықтан жоғарыда
айтылды король оларды қорғаштады. Оның себебі бар. Король олардан 1603
жылға ғана 12 мың фунт стерлинг алды. 1625 жылы 83 мың стерлингке артты.
Сонымен король үкіметі үшін феодалдық құқық – Рыцарлық жер ұстау,
әсіресе І корольдің парламентсіз басқару жолдарында ең негізгі табыс көзі
болды.
Осыдан да буржуазиялық дамуға керекті еркіндік алу үшін Жаңа
лендлордтар мен Жаңа дворяндарға феодалдық құқықты жанын сала жақтап
отырған король шексіз билігімен қақтығысуға тура келді.
Шаруалар әлеуметтік құрылымы жағынан біркелкі емес еді. Елдің
шаруашылығында болып жатқан өзгерістер нәтижесінде шаруалардың түрлі
топтары арасында жіктеу күшейді. Деревняда шаруалардың – фригалдар,
лизгольдар, копигольдер, коттер – т.б. топтары өмір сүрді.
Фригольдер шаруалар қауымының жоғарғы яғни ауқатты тобына жатты. Саны
жағынан көп емес, шаруалардың 25 проценті, жер иелігіне нық орналасқан, 5-
6 жылқысы 5-8 сиыры және басқа да бірнеше түрлі ұсақ малдары бар адам.
ХV ғасырда Англияда крепостниктік құқық біртіндеп жойыла бастап,
копигольдтер пайда болды. Бұлар жерді өз бетінше өңдеп иеленді. Олардың
бірқатары кейін ауқатты шаруалар қатарына қосыла бастады.
К.Маркс Англияда крепостниктік қатынастың жойылғаны туралы былай деп
жазды. Англияда крепостнойлық тәуелдік іс жүзінде ХIV ғасырдың аяғында
бітті. Халықтың басым көпшілігі өз бетінше дербес шаруашылық жүргізетін
еркін шаруалар болды.
Копигольдер шаруалардың 6 процентін құрады. Лордтың еркі бойынша
жерді иемденді. Бұлар барлық ауыртпалықты көтеріп, салықтарды төлеп,
міндеткерлік қызмет атқарды. Мұрагерлікті бәрі бірдей пайдалана алмады.
Лорд бұларға қатысты рента, міндеткерліктер санын өз еркінше өсіре алды.
Мысалы: 1629 жылы астықтың бағасы ХVII ғасырдың бас кезіндегіге қарағанда
9 шиллинг 6,5 пенстен 19 шиллинг 3,5 пенстен артса, бір акр жердің бағасы
1 шиллингтен 5-6 шиллингке өсті.
Ең ауыр салық фини салығы болды. Жер иелену үшін, мұрагерлікке өту
үшін т.б. салықтар төледі. Бұл кезде жер рентасы, көлемі артқан кез
болатын. Кейбір графтықтарда бұл көлем 3 еседен 8 есеге дейін өсті.
Солтүстік – батыс графтықтарында натуралды салық төлеп баршина өтеу
дәстүрлі іс болатын.
Копигольді жерден қуғысы келсе, лорд жерді иемденуге рұқсат беруге
салығын көбейте салды. Бұнымен қатар копигольдік жер ұстау шарты өзгеріп,
әр жылғы ренталық төлемдер көлемі өсіп отырды. Оған көз жеткізе түсуге
мына мысал жеткілікті: 1607 жылы Ноттингем графтығына Утли манорында жер
ұстауды бір қолдан екіншіге өткізуге рұқсат беру төлемі бұрынғы дәстүрлі
көлеміне қарағанда 45 есе өсті. Осылайша копигольдық финнің өсуі феодалдық
кірісті көбейтудің жолы ғана емес, сонымен бірге копигольдтарды жерде қуып
жерсіздендірудің басты әдісіне айналады. Жоғарыда айтқандарды өтей алмаған
мүмкіндігі жоқтары жерден өздері –ақ кете берді.

1.2 Ағылшын революциялық аграрлық заңдары

Біріншіден, Англияның экономикалық дамуында капиталистік қатынастар
кең қанат жайып, дами бастаған.
Екіншіден, шаруалардың әлеуметтік дамуына үлкен өзгерістер яғни
жіктелістер пайда болды.
Үшіншіден, шаруаларды жерінен қуу арқылы лендлордтардың жерге
монополиясы орнады. Бұған байланысты шаруалар лендлорд және капиталистік –
ферен тарапынан екі жақты қанауға түсті.
Төртіншіден, деревняның басты өкілі - өзінің жері бар Йомендер болды.
Сондықтан да Кромвель әскерінің негізгі күші осы Йомендер болған, оған арқа
сүйеді. Кромвель құрған Жаңа үлгідегі әскер жарғысында шаруа жерін
білдірмеу, талқандап кетпеу сияқты баптар енгізуі тектен – тек емес.
К.Маркс жаңа туып келе жатқан капиталистік өндіріс әдісі тап болған
жер меншігінің формасы бұл өндіріс әдісіне сай келмейді - деп көрсетті,
Сондықтан да Йомендер шаруашылығы жаңа қоғамның әлеуметтік –
экономикалық даму жағдайына азды – көпті сәйкес келгендігінен де болар
революция барысында ашық қимылдады. К.Маркс Йомендер туралы былай деп атап
көрсеткен: XVII ғасырда соңғы он жылында –ақ Йомендер, тәуелсіз шаруалар,
жаугерлер тобына қарағанда көбірек болады. Олар Кромвельдік негізгі күш
болды.
Бесіншіден, шаруалардың тұрмыс жағдайының елде жүріп жатқан
өзгерістерге байланысты одан әрі қиындай түсуі олардың көтерілістерінен
шығарды. Олар өз жерін қорғап, қауымдық жер үшін және оны таратушыларға
қарсы күресті. Шаруалар күрестерінің себептері мен барысы туралы жете оқып
зерттегісі келген ізденуші С.И. Аргингельскийдің Крестьянские движения в
Англии 40-50-х гг. ХVII века деген кітабын оқуына болады.
Басты мәселе – аграр мәселесін – шешуге әрекет жасады.
Пресвитериандық ұзақ парламент жүргізген аграрлық заңның бастамасы болған
ордонанстары бойынша епископ жерлерін тәркілей бастады.
Ал, бұдан бұрын 1642 ж 5 қыркүйекте соғыс шығындарын өтеу үшін
король жақтары – деликвенттердің жерлерін тұтқындау, яғни секвестр салу
туралы заң қабылданды. 1642 ж 5 қазанда король жақтастарының жерінде
секвестерлеу туралы заң қабылданды. Бұған тек король жақтастастарының ғана
емес, дін иелері, епископтар, деакндар, капитулдардың да мүліктері еріп
кетті. 1643 ж қабылданған 27 наурызда Ордананс бойынша парламентке қарсы
күрескен, корольді тура, не жанамалай қолданған архипескоптардың т.б. діни
және азаматтық сипаттағы адамдардың иеліктерін секвестрлеу көзделді .
Постановление палаты лордов о выроботке законопроекто об отуждение
епискописких земель деп аталатын 1645 жылы 15 қыркүйекте қабылданған
қаулы бойынша архиепископтар, епископтар, декандар, капитулдардың жерлері
мен басқа да кірісті мүлік заттарын сатуға шешім қабылданды.
Сонымен пресвитериандар 1646 ж дейін аграрлық мәселеге қатысты
бірнеше қаулылар қабылданды. 1645 ж жазда пресвитриандық үкімет бірінші
рет епископтардан тәркіленген жерлер қорын сатуға кірісті.
Қауымдар палатасы 1646 жылы 24 ақпанда рыцарлық жер ұстауды, барлық
файндарды, рельефтерді, жерді сатумен байланысты түрлі шығынды пункттерді
қысқарту туралы қаулы қабылданды. Рыцарлық қызмет құқығы бойынша жер
ұстаулар, корольдің өз атынан жер ұстаулар, корольдің өз атынан жер ұстау –
сокаж құқықтары жойылып, олар ерікті жер ұстаушыларға яғни буржуазиялық
жеке меншікке айналдырды.
Осы айтылғандарды жүзеге асыру барысында пресвитериандық буржуазиялық
және жаңа дворян корольдің ең жоғарғы жер иесі құқығын жойды.
Буржуазия мен жаңа дворяндар феодалдардың жерге ортағасырлық құқығына
соққы берумен қатар шаруалардың да жерге деген заңды құқығын жойып өздері
буржуазиялық меншік жасап алды. Бұл туралы К.Маркс: Олар жер
қатынастарындағы феодалдық құрылысты жойды. Яғни мемлекет алдындағы
міндеттілік атаулыны өз мойындарынан алып тастады. Поместьелерді жеке
меншіктердің қазіргі заманғы құқығына ие болды, бұрын олардың поместьелерді
иемденуі тек феодалдық құқығы болған еді - деп жазды.
Ұзақ парламент 1646 жылы 9 қазан Англия мен Уэльсте мемлекет
мұқтажын өтеу үшін үкіметінің сенімді адамдарына олардың жерін өткізу
арқылы архлепистоптық пен епископтықты жою туралы ордананс қабылдады.
Олардың жерлерін салу арқылы 13 қазанда Лондон Ситиінен мемлекет қарызға
200000 ф.ст.ақша ала алды. Ал, 1646 жылы 17 қарашада жерлерін сатуға
шешім қабылдады. Жержің бағасы өте жоғары болды. Жерден түсетін он жылғы
табыс мөлшерінде белгіленді. Бұндай қымбат жерді ірі буржуазиядан басқалар
сатып ала алмады.
Осы шара нәтижесінде бұрын феодалдардың иелігі болып келген жерлер
буржуазияның меншігіне айналды. Бұл сатулар 1647-1650 жылдар бойына
жүргізілді.
Жерді осылайша сату барысында басқа жер ұстаушылардың құқықтары
тексеріліп рента салығын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Қытай
Европа көлеміндегі буржуазиялық революция
Американың Тәуелсіздік Декларациясының қабылдануы
Солтүстік Америкадағы азамат соғысы және халықаралық реакция
АҚШ-та ұлттық саяси жүйенің қалыптасуы (1760-1810 жж.)
Қазақстан Ресейдегі 1905 - 1907 жылдардағы революция кезінде
Иран ислам революциясы және шах режимінің құлауы
Тәуелсіздік үшін соғыс
Ірі буржуазия өкімет басында
Дүниежүзілік социологияның дамуындағы классикалық кезең
Пәндер