Сақтандырудың экономикалық және әлеуметтік негіздері туралы



Кіріспе

1. Сақтандырудың әлеуметтік.экономикалық мәні, оның іс.әрекет сфералары
2. Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру
3. Міндеті әлеуметтік сақтандыру
4 Сақтық рыногы

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Сақтандыру — қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категорияларының бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп — бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық-заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады.
Сақтандыру экономикалық категориясының материалдық-ақшалай иелері сақтық қорлары бола алады, олар қоғамдық ұдайы өндірістің элементтері, сақтық қатынастары қатысушьшарының жарналары, мемлекеттік бюджет қаражаттары, қаражаттардың ерікті аударымдары, қайыр көрсету және сақтық қатынастары қатысушыларының тарапынан болатын бірқатар басқа айрық-шалықты төлемдер есебінен қалыптасатын ақшалай немесе материалдық қаражаттардың резервтері болып табылады.
1. Бюллетень бухгалтера Алматы 1999-2000гг.
2. Рынок ценных бумаг Алматы 1998-1999гг.
3. А.Д.Шеремьет Финансы предприятий Москва 1999гг.
4. Панорама Шымкента 2003г N 24
5.Статистическии сборник 2002г
6. БлиновА.О. Малоепредпринимательство Москва 2003г.
7.Банки Казахстана 2003г. N2
8. Жылдық Өздiк кәсiпкерi - журнал 2003ж.
9. Сборник научных трудов 2003ж.

Пән: Сақтандыру
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Сақтандырудың экономикалық және әлеуметтік негіздері

Жоспар

Кіріспе

1. Сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық мәні, оның іс-әрекет
сфералары
2. Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру
3. Міндеті әлеуметтік сақтандыру
4 Сақтық рыногы

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Сақтандыру — қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын
бейнелейтін көне категорияларының бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің,
өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды.
Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп — бұл өндіріс пен адам өмірінің
қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру,
азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап
отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің,
олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық-заттай
босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да
кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте
резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады.
Сақтандыру экономикалық категориясының материалдық-ақшалай иелері
сақтық қорлары бола алады, олар қоғамдық ұдайы өндірістің элементтері,
сақтық қатынастары қатысушьшарының жарналары, мемлекеттік бюджет
қаражаттары, қаражаттардың ерікті аударымдары, қайыр көрсету және сақтық
қатынастары қатысушыларының тарапынан болатын бірқатар басқа айрық-шалықты
төлемдер есебінен қалыптасатын ақшалай немесе материалдық қаражаттардың
резервтері болып табылады.

1. Сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық мәні, оның іс-әрекет сфералары
Сақтандыру — қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын
бейнелейтін көне категорияларының бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің,
өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды.
Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп — бұл өндіріс пен адам өмірінің
қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру,
азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап
отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің,
олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық-заттай
босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да
кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте
резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады.
Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін
қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық
және ұжымдық қорғау болып табылады.
Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер оған тән болып келеді:
1) настардың ықтималдық сипаты;
2) қатынастардың төтенше (жай емес) сипаты (кез келген ауқымда —
мемлекеттік, аймақтық деңгейде, кәсіпорын немесе оның белімшесі, жеке адам
деңгейінде).
Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ өзгеше белгілері
бар:
Сақтық қатынастарының ақшалай сипаты;
сақтандырудың қоғамдық өнімнің қүнын қайта бөлуге қатысуы;
оның іс-қимьшы ақша қорларын жасап, пайдаланумен қосарланып отырады;
сақтық қатынастарының бір бөлігінің міндетті сипатының болуы;
, ақша қорларын жасап, пайдалану кезіндегі сақтық баламалығы барлық
жағдайда бола бермейді (қатынастардың баламасыздығы).
Сақтандыру шеңберінде мемлекет сақтық ресурстары меншігінің субъектісі
болып келетіндіктен сақтандыру жалпы мемлекет қаржысының құрамды бөлігі
болып табылады, қалған барлық жағдайда сақтық ісін (қызметті, бизнесті)
экономикалық жүйе шеңберіндегі айрықша сақтанушыға немесе оның қайта бөлу
процестерін жүзеге асыратын арнаулы қаржы-кредит институты ретінде қарауға
болады.
Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері
есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Демек,
сақтандыру — қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке
және заңды тұлгалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық
зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жәніндегі
қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы.
Сақтандырудың экономикалық мәніне бұл категорияның қоғамдық
арналымының көрінісі ретінде оның бөлу, өтемдік, жинақтық және бақылау
функциялары сай келеді.
Бөлу фунциясы: бұл функцияның өзгешелігі қайта белу ретінде көрінуі.
Ол алдын алу функциясына, мысалы, алдын алу шараларын қаржыландыру жолымен
сақтық жағдайының болу мүмкіндігін жоюға бүгіледі. Жеке басты сақтандыруда
бөлу функциясы сақтандырудың тиісті түрлерінің жинақтық функциясына
бүгіледі.
Бақылау функциясы сақтық төлемдерін жұмылдыруды және сақтық қорын
қатаң мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын тараптардың
нақты қатынастарында көрінеді.
Соңғы уақытта бірқатар зерттеушілер сақтандыру экономикалық
категориясын сипаттау үшін тәуекелдік функциясын қарауды ұсынады, өйткені
сақтық тәуекелі сақтандырудың негізгі арналымымен — қолайсыз оқиғалардан
болған зиянның орнын толтырумен байланысты.
Сақтық қатынастарының бір бөлігінің салыстырмалы жалпы бағыттылығы мен
(кең арналымдағы резервтік қорларды пайдалана отырып) қоғамдық қорғаудың
жүйесі арқылы тиісті ақша қаражаттарының арналымы болады. Бұл қатынастар
мен қорлар байланысылған және жалпы ұлттық сипаты бар төтенше уақиғаларды
ескертуге және жоюға бағытталған. Мұндай жағдайларда тұрақты жұмыс
істейтін қорлардан басқа (жалпы мемлекеттік материалдық резервтерден,
Үкіметтің резервтік қорларынан) кәсіпорындардың, ұйымдардың, халықтың
ерікті қайырымдылықтары есебінен қосымша қаражаттар жұмылдырылуы мүмкін.
Бұл қорлар халыққа, өндіріс пен инфрақұрылымның объектілерін жаңғыртуға,
экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіру жөніндегі шараларды жүзеге
асыруға келтірілген зиянды өтеуге пайдаланылады.
Қатынастырдың екінші бөлігінің біршама тар арналымдағы қоларды —
әлеуметтік қорлар мен әлеуметтік қамсыздандыру қорын жасап, пайдалана
отырып, азаматтардың әлеуметтік жағдайын қорғауға бағыттылығы болады. Бұл
қатынастардың іс-әрекеті халықты әлеуметтік қорғаудың қажеттігімен
байланысы.
Үшінші бөлік қатынастардың тұйық аясын пайдалана отырып және олардың
осы жиынтығы шегінде бұл қатынастардың баламалылығына жете отырып,
адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатын, олардың мүлкін, сонымен бірге
шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүлкін сақтық қорғау жөніндегі
қатынастар болып табылады. Бұл — жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыру
және шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін мүлікті сақтандыру.
Сақтандырудың жалпы жүйесінің салыстырмалы дербес бөлігі медициналық
сақтандыру болып табылады.
Сақтандыру кезінде сақтық резервтері мен қорларын қалыптастырудың екі
негізгі әдісі қолданылады, олар: бюджеттік және сақтық әдістері.
Қаржыларды қалыптастырудың бюджеттік әдісі бюджеттердің қаражаттарын,
яғни бүкіл қоғамның қаражаттарын пайдалануды болжайды.
Сақтық әдісі қорларды шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың
жарналары есебінен жасауды алдын ала қарастырады; жарналардың мөлшері және
оларды төлеудің тәртібі сақтандырудың түріне қарай немесе заңмен не сақтық
қатынастарының қатысушылары арасындағы арнайы келісімшартпен анықталады.
Сақтық қатынастарының бірінші бөлігінде — қоғамдық қорғауда бюджеттік
әдіс пайдаланылады, екінші бөлікте - әлеуметтік сақтандыруда — қос едіс,
үшінші бөлікте — жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыруда тек сақтық әдіс
пайдаланылады.
Ірі апаттар мен нәубеттердің зардаптарын жою жөніндегі шараларды
қаржыландыру үшін қайырымдылық қайыр көрсету алымы немесе белгілі бір
уақиға шалмаған қатысушылар арасында қаражаттарды бөлу сияқты көмекші
әдістер қодданылуы мүмкін. Сонымен бірге, өзін-өзі сақтандыру негізінде
ақша қаражаттарын немесе материалдық босалқы қорларды қалыптастыру әдісі де
болуы мүмкін. Мұндай әдіс ауыл шаруашылығында (босалқы қорлар — жемшөп,
тұқым, отын және т.б. қорлар), материалдық өндіріс сферасының
кесіпорындарында (шикізаттың, шала фабрикаттардың, басқа материалдардың
босалқы қорлары) қолданылады; азаматтардың жекеше жинақ ақшалары олардың
сақтық босалқы қорлары ретінде қаралуы мүмкін.
Сақтандыру экономикалық категориясының материалдық-ақшалай иелері
сақтық қорлары бола алады, олар қоғамдық ұдайы өндірістің элементтері,
сақтық қатынастары қатысушьшарының жарналары, мемлекеттік бюджет
қаражаттары, қаражаттардың ерікті аударымдары, қайыр көрсету және сақтық
қатынастары қатысушыларының тарапынан болатын бірқатар басқа айрық-шалықты
төлемдер есебінен қалыптасатын ақшалай немесе материалдық қаражаттардың
резервтері болып табылады.
Сақтық қорлары — қоғамның ұлттық шаруашылығындағы сан алуан, алдын ала
болжануы мүмкін емес жайттардан сақтандыруға арналған қоғамның резерв
қорлары жүйесінің қажетті құрамды бөлігі.
Мүліктік мүдделерді қорғауды, материалдық зияннан сақтандыруды және
оның орнын толтыруды сақтандыруды жүзеге асыратын сақтық қоры материалдық
немесе ақша қорлары нысанында жасалады. Сақтық қорларында қоғам мүшелерінің
ұжымдық және жеке мүдделері қорғалады, олардың тіршілік әрекетінің сан
қырлы экономикалық және әлеуметтік аспектілері көрінеді.
Сақтық қорларының басқа қорлардан ерекшелігі: олар алдын ала тұтыну
қорларына да, жинақтау қорларына да жатпайды. Ол — табыс ретінде
тұтынылмайтын және қорлануға міндетті қызмет етпейтін табыстардың бірден-
бір бөлігі.
Нарықтық экономикада сақтық қатынастарының едәуір бөлігі коммерциялық
қатынастар болып табылады. Ең алдымен бұл жалпы сақтандыру мен өмірді
сақтандыру категориясына қатысты, бұлардың қызметтер көрсетуі өзгеше сақтық
қызметтерін көрсетуге түрленеді жөне мүндай қызметтер көрсетудің еркін
рыногында ұсынылады. Бұл қызметтер көрсетудің бағасы сақтық тарифтері мен
жарналары түрінде болады. Сақтық қызметтерін керсетуге сұраным олардың
сапаcымен және бағаның деңгейімен анықталады.
Клиенттерді тарту үшін сақтық ұйымдары клиентураға қызмет көрсетуді
жақсартады, қызметтер көрсетудің ассортиментін кеңейтеді, ысыраптар мен
зияндарды өтеу жөніндегі кепілдіктерді арттырады.
Сақтандырылушылардың жарналары есебінен жасалынатын сақтық қорлары
белгілі бір уақытта тікелей арналымында — сақтық төлемдерін төлеу үшін
(сақтық жағдайының болу немесе ықтималдық сипатына қарай оның пайда болмау
мезетіне дейін) пайдаланылмауы мүмкін. Мұндай жағдайларда сақтық қорларының
қаражаттары қосымша табыс алу үшін коммерциялық айналымға жіберілуі мүмкін.
Өз кезегінде, бұл табыстардың бір белігін тапсырыскерлерді тарту үшін
сақтық қызметтерін көрсетудің бағасын төмендетуге бағыттаған орынды. Сақтық
ұйымдарының осыған ұқсас операциясы сақтық рыногында пайдалырақ шарттарда
қолайсыз түрлі жағдайлардың салдарлары кезіндегі ысыраптар мен залалдардан
қашқысы келетін тапсырыскерлерді тарту жөніндегі бәсекенің пайда болуына
жәрдемдеседі.
Экономиканың нарықтық қатынастарға көшуі, көсіпкерлік қызметтің дамуы,
тауар мен айырбас шеңберінің, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы
өзара келісімшарт міндеттемелерінің кеңеюі сақтандыру арқылы болатын
кепілдіктердің берік жүйесін талап етеді. Тек сақтандыру негізінде ғана
материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айыртбастау және тұтыну процесінде
пайда болатын қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау мүмкін болады.
Өтпелі экономика жағдайындағы сақтандыру институтының ерекше
маңыздылығы бірқатар факгорлармен айқындалады.
Біріншіден, мемлекет тарапынан көзделген шаралардың сипаты мен
келеміне қарамастан, сақтандыру халық пен ұйымдардың түрлі мүдделерін
қосымша қорғауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде табиғи және техногендік
сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі шығыстардың негізгі ауырпалығы
мүмкіндігі объективті түрде шектеулі болып табылатын мемлекеттік бюджетке
түседі.
Екіншіден, сақтандыру механизмін қазіргі жағдайда пайдалану елдегі
кәсіпкерлік қызметті жедел дамытуды, Қазақстан экономикасының негізгі
саласының ерекшеліктерін, оның климаты мен географиялық орналасуы,
экологиясының деңгейін ескере отырып, өндіріс технологиясын жетілдіруді
қамтамасыз етеді.
Сақтық жүйесі республика экономикасының сенімді әрі орнықты дамуына,
халықты әлеуметтік қорғауды арттыру үшін қосымша негіз жасауға, азаматтар
мен шаруашылық жүргізуші субъектілерінің мүлкін сақтандыруға ықпал етуге
тиіс. Сақтандыру мәселесі, медициналық сақтандыруды қоса алғанда,
әлеуметтік қамсыздандырудың проблемаларына тікелей қатысты.
Сақтандыру, табыс (пайда) түсіру мақсатымен коммерцияның шектес
сфераларына қаражаттарды инвестициялау жөніндегі сақтық ұйымдарының қызметі
сақтық, ісі ретінде болып көрінеді. Сақтандыру — сақтық ұйымы өз активтері
есебінен жүзеге асыратын сақтық төлемі арқылы сақтандыру шартында
белгіленген сақтық жагдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке
немесе заңи тұлғалардың заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға
байланысты қатынастар кешені.
Сақтандыру процесі сақтандыру шарты негізінде не өзара сақтандыру қоғамына
мүшелік негізінде жүзеге асырылады.
Сақтандыру шарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтық сыйақыларын
төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сақтық жағдайы пайда
болған кезде сақтанушыға немесе оның пайдасына шарт жасалған өзге де
тұлғаға (пайда алушыға) шартта белгіленген соманың (сақтық сомасының)
шегінде сақтық өтемін төлеуге міндеттенеді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бойынша мыналар
сақтандырудың нысандары болып табылады:
міндеттілік дәрежесі бойынша — ерікті және міндетті; сақтандыру объектісі
бойынша — жеке жене мүліктік; сатдыру өтемді жүзеге асыру негіздері бойынша
— жинақтаушы және жинақтаушы емес.
Міндетті сақтандыру - заңнамалық актілер талаптарына орай жүзеге
асырылатын сақтандыру. Ол сақтанушының есебінен жүзеге асырылады. Міндетті
сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың жеке (бөлек) сыныбы болып табылады.
Міндетті сақтандыру нысаны бойынша өрбір сыныптың мазмұны және оны жүргізу
жағдайлары бойынша қосымша талаптар сақтандырудың осы сыныбын реттейтін
заңнамалық актілермен белгіленеді.
Ерікті сақтандыру — тараптардың еркін білдіруіне орай жүзеге
асырылатын сақтандыру.
Сақық қызметі — сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының сақтық (қайта
сақтандыру) шарттарын жасау мен орындауға байланысты Қазақстан Республикасы
заңнамаларының талаптарына сәйкес уәкілетті органның лицензиясы негізінде
жүзеге асырылатын қызмет.
Сақтық қызметін ұйымдастыру және мемлекеттік реттеу мен лицензиялауды
жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларға, сыныптарға және түрлерге бөлінеді.
Сақтық ұйымының сақтық қызметі "өмірді сақтандыру" саласы және "жалпы
сақтандыру" саласы бойынша жүзеге асырылады.
Өмірді сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай
сыныптарды қамтиды: өмірді сақтандыру; аннуитеттік сақтандыру.
Жалпы сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды
қамтиды: жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру; медициналық
сақтандыру, келік құралдарын (авто-мобиль, темір жол, әуе және су
көліктерін) сақтандыру; жүктерді сақтандыру; мүлікті сақтандыру (көлік
құралдарын қоспағанда); кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру; көлік құралдары
иелерінің және тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауаптылығын сақтандыру;
шарт бойынша азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру; зиян келтіргені
үшін азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру (көлік құралдары иелерінің
және тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауаптылығын қоспағанда).
Сақтандыру түрі сақтық ұйымы сақтанушыға сақтандыру шартын жасау
арқылы сақтандырудың бір немесе бірнеше сыныбы шеңберінде әзірлейтін және
беретін сақтық өнімі болып табылады.

2. Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру
Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыруға тән экономикалық қатынастар
қоғамдық өндіріс процесіндегі зиянның орнын; егер бұл процесс дүлей апат
пен басқа төтенше немесе күтпеген оқиғалардың нәтижесінде бұзылса,
толтырумен байланысты. Зиянның орнын ынтымақтастық негізде сақтық
қатынастарына қатысушылардың төлейтін сақтық жарналары есебінен
толтырылады, бұл жарналардың жиынтығы, жоғарыда айтылғандай, сақтық
қорларын құрайды.
Мүліктік және кәсіпкерлік тәуекелдер (қауіп-қатерлер) азаматтық-
құқықтық жауаптылықты қоса алғаңда, оларға байланысты мүдделерді сақтандыру
жалпы (мүліктік) сақтандыруға жатады. Мұндай сақтандыру кезінде мүліктің
жоғалу (жойылу) қаупі (тәуекелі), жетіспеуі немесе бүлінуі және өзге де
мүліктік игіліктер мен құқықтар сақтандырылады.
Сақтанушының немесе пайдаланушының мүліктері сақтандыруға мүддесі
болмаған жағдайда жасалған мүліктік сақтандыру шарты жарамсыз болады.
Жазатайым жагдайдан және аурудан сақтандыру сақтанды-рылушы жазатайым
жағдайдың немесе аурудың салдарынан қайтыс болған, еңбек ету (жалпы немесе
кәсіби жағынан) қабілетін (толық немесе ішінара) жоғалтқан немесе оның
денсаулығына өзге де зиян келтірілген жағдайда оның қосымша шығыстарын
тіркелген сомада не ішінара немесе толық өтемі мелшерінде сақтық төлемін
жүзеге асыру кезделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып
табылады.
Медициналық сақтандыру сақтандырылушының медицина мекемесінен
медициналық сақтандыру медициналық сақтандыру бағдарламасына енгізілген
медициналық қызмет көрсетулерді сұраған жолдамаларынан туындаған шығыстарын
ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру
көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы. Көлік құралдарын
сақтандыру көлік құралын иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты
адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы, соның
ішінде айдап немесе ұрлап әкетілуі салдарынан келтірілген зиянды ішінара
немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін
сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Жүктерді сақтандыру жүктерді иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге
байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы,
соның ішінде жүктердің тасымалдану әдісіне қарамастан жоғалып кетуі
салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық
төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып
табылады.
Мүліктік сақтандыру мүлікті иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге
байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне (автомобиль, темір жол, әуе
немесе су көліктерін, жүктерді қоспағанда) оның зақымдануы немесе жойылуы
салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық
төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып
табылады.
Азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезінде, үшінші бір
адамдардың өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтірудің
салдарына туындайтын міндеттемелер бойынша жауапты болу (келтірілген
зияндар үшін жауаптылықты сақтандыру), сондай-ақ шарттардан туындайтын
міндеттемелер бойынша жауапты болу (шарт бойынша жауаптылықты сақтандыру)
төуекелін сақтандыру.
Зиян келтіргендігі үшін азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру
кезінде сақтанушының өз жауаптылығы да, осындай жауаптылық жүктелуі мүмкін
болатын өзге тұлғаның жауаптылығы да сақтандырылады.
Зиян келтігендігі үшін азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру
кезінде сақтанушының өзінің жауаптылық төуекелі ғана сақтандырылуы мүмкін.
Бұл талаптарға сәйкес келмейтін сақтандыру шарты жарамсыз деп есептеледі.
Шартты бұзғандығы үшін азаматтық-құқықтық жауаптылық тәуекелі шартта
оның талаптарына сәйкес сақтанушы оның алдында азаматтық-құқықтық жағынан
жауапты болуға тиіс тарап болып табылатын және бұл жағдайда пайда алушы
ретінде іс-қимыл жасайтын тұлғаның пайдасына сақтандырылған болып
есептеледі.
Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру кезінде көсіпкердің сақтанушы ретінде
іс-қимыл жасайтын келісімшарт жасаушы агенттерінің өз міндеттемелерін
бұзуынан болған кәсіпкерлік қызметтің залалдар тәуекелі немесе көсіпкерге
байланысты емес жағдайлармен осы қызмет шарттарының өзгеруінен болған
залалдар тәуекелі, соның ішінде күтілген кірісті ала алмай қалу тәуекелі
сақтандырылады. Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру шарты бойынша тек осы
сақтанушының кәсіпкерлік теуекелі және тек соның пайдасына ғана
сақтандырылуы мүмкін.
Сақтанушы болып табылмайтын тұлғалардың кәсіпкерлік тәуекелді
сақтандыру шарты немесе езге тұлғаның (пайда алушының) пайдасына жасалған
шарт жарамсыз болады.
2005 жылдың басынан бастап "Сақтық төлемақыларына кепілдік беру қоры"
өзінің тікелей қызметін бастады. Қор "Сақтық төлемақыларына кепілдік беру
қоры туралы" заңға сәйкес жарғылық капиталында Ұлттық банктің 100%-дық
қатысуы болатын акционерлік қоғам нысанында құрылған. Қордың қатысушылары
сақтандырудың тек міндетті түрлерін жүзеге асыратын сақтық компаниялары
болады. Бүгінде сақтандырудың мұндай оншақты түрі бар (қабылданған заңдарға
сәйкес): әлеуметтік сақтандыру, көлік құралдары иелерінің және
тасымалдаушының жолаушылар алдындағы, жекеше нотариустар мен аудиторлардың
азаматтық-құқықтық жауаптылығын сақтандыру, турагенттер мен
туроперацияларды, еңбек міндеттіліктерін атқару кезінде қызметкерлердің
өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің жауаптылығын
сақтандыру, қызметі үшінші тұлғаға (зауыттар, скважиналар, заправкалар және
т.с.с.) зиян келтіру қаупі бар объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық
жауаптылығын, өсімдік шаруашьшығында сақтандыру, экологиялық және
медициналық сақтандыру.
Қазақстанда сақтық ұйымдары шет елде инвестицияларды және экспорттық
кредиттерді төлемеу тәуекелдігінен сақтық қорларға қатыспайды. Осыған
байланысты, республиканың экспорттық мүмкіндіктері өсуінің жекеше сақтық
ұйымдарының капиталдану қарқынан озық қарқынын ескере отырып, отандық
инвесторлар мен экспортерларды сыртқы қауіп қатерден қорғау саласында
мамандырылған корпарацияны құру және оның жұмыс істеуі өте деркезділік
болып табылады.
Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі
мемлекеттік сақтық корпорациясы Қазақстан Республикасының дамыту
институттарының бірі болып табылады, оның негізгі мақсаты — 2003-2015
жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге
асыруға жәрдемдесу.
Корпорацияның орнықты қызметін қамтамасыз ету үшін 7,7 млрд. теңге
мөлшерінде жарғылық капиталы қалыптастырылған.
Қоғамның бірден-бір акционері мемлекет болып табылады. Корпорация
қызметінің негізгі бағыты — бұл сатып алушылардың дәрменсіздігімен жөне
сыртқы саяси, реттеуші теуекелдіктермен байланысты зияндарды сақтық
қорғауды қамтамасыз ету. Корпорация экспорттық кредиттер мен
инвестицияларды сақтандыруды (қайта сақтандыруды) жүзеге асырады, сақтық
төлемдерін телейді және контрагенттерден өтеуді алады. Әз қызметтерінде
корпорация сондай-ақ сыртқы экономикалық операцияларды жүзеге асыратын
кәсіпорындар мен ұйымдарға экспорттық кредиттер мен инвестицияларды
сақтандырумен байланысты мәселелер бойынша консультациялық, маркетингтік
және ақпараттық қызметтер көрсетуді жоспарлайды.
Корпорация жоспарлайтын тәуекелдерді сақтандыру шеңберіне мыналар
кіреді: сатып алушының дәрменсіздігі, өзара шартты орындауға қатысушы
импортшы (реципиент) елінің немесе үшінші ел үкіметтері тарапынан
экспортшыға немесе инвесторға қатысты дискриминациялық сипатгағы шешімдер,
іс-әрекеттер (әрекетсіздіктер); импортшы (реципиент) елі өкіметтерінің
шетелдік валютамен операцияларды жүзеге асыруға, валютаны айырбастауға
шектеу енгізуі; экспроприациялау, мемлекет меншігіне айналдыру, тәркілеу;
революциялар, қоғамдық тәртіпсіздіктер, соғыстар және т.с.с.
Сақтық ұйымы бола отырып, корпорация "Сақтық қызметі туралы" заңға
сәйкес іс-әрекет етуге міңцетті. Осыған байланысты сақтандырудың немесе
қайта сақтандырудың жеке келісімшарты бойынша сақтық (қайта сақтандыру)
ұйымының міндеттемелердің ең жоғары көлемі меншікті капитал мен сақтық
резервтерінің 10%-ын құрайды. Тәуекелдікті сақтандыруға корпорация алатын
көлемдердің әлуетін көбейту мақсатымен, сондай-ақ алапаттық сипаттағы
уақиғалар кезінде төлем қабілетсіздігі тәуекелдігін болдырмау үшін жетекші
халықаралық қайта сақтандыру ұйымдарына тәуекелдіктерді ішінара қайта
сақтандыру практикасы жүзеге асырылады.
Сақтандырылған мүліктің түріне немесе тобына қарай сақтандарудың
мынадай түрлерін ажыратады: ауыл шаруашылығы дақылдарын, малдарды,
құрылыстарды, мемлекеттік, жеке меншік, кооперативтік кәсіпорындардың,
қоғамдық ұйымдардың мүлкін, көлік құралдарын, қаржылық тәуекелді (соның
ішінде банк салымдары мен банк операцияларын, бағалы қағаздар рыногындағы
операцияларды), жүктерді, мұнай операцияларын (мұнай шығару, оны өндеу және
тасымалдау жөніндегі) және т.т. сақтандару. Мүліктік сақтандыруға міндетті
нысанда көліктің барлық түрімен тасу жасалғанда тасымалдаушының жолаушылар
алдындағы азаматтық-құқықтық жауаптылығы мен автокөлік иелерінің азаматтық-
құқықтық жауаптылығы сақтандырылады. 1996 жылдан бастан ауыл шаруашылығы
өндірісін: көп жылдық екпелерді, ауыл шаруашылығы малдарын, жылжымалы жөне
жылжымайтын мүліктерді, ауыл шаруашылығы өнімдері мен тауарларын қолайсыз
табиғат-климат жағдайларынан, эпизоотиялардан жөне басқа дүлей апаттардан
міндетті сақтандыру қайта қалпына келтірілді.
Өмірді сақтандыру — азаматтардың өмірін, денсаулығын, еңбек
қабілеттігін және жеке басына байланысты өзге де мүдделерін залалдан
қорғаудың нысаны, ол жеке басты және әлеуметтік сақтандыру қызметтерінің
көмегімен жүзеге асады.
Өмірді сақтандыру сақтандырылушы қайтыс болған немесе ол сақтандыру
мерзімі біткенге дейін немесе сақтандыру шартында белгіленген жасқа дейін
өмір сүрген жағдайда сақтық төлемін жүзеге асыруды көздейтін жеке басты
сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Аннуитеттік сақтандыру сақтандырылушы белгілі бір жасқа жеткен, еңбек
қабілетін (жасына, мүгедектігіне байланысты, науқастығына байланысты)
жоғалтқан, асыраушысы қайтыс болған, жұмыссыз қалған жағдайларда немесе
сақтандырылушының жеке табыстарының кемуіне немесе одан айырылуына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сақтандырудың экономикалық категоря ретіндегі ролі және әлеуметтік - экономикалық мәні
Қаржылық сақтандыру негіздері
Кәсіпкерлік саласындағы мүліктік сақтандыру шарттарының іс-тәжірбиеде қолданудың құқықтық механизмдері
Жеке басты сақтандыру
Сақтандыру жіктелуінің негіздері
Сақтау шарты бойынша жауапкершілік
Өмірді сақтандыру саласының құқықтық негіздері
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру
Сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық мәні, іс-әрекет сфералары
Шет елдердегі сақтандыру жағдайы
Пәндер