Қазақ зиялылары еңбектері


Мазмұны
Кіріспе
І тарау. Қазақ зиялыларының тарихи ойлары
1. 1 Жазба тарихтың қажеттігі, маңызы туралы
1. 2 Қазақ зиялылары еңбектеріндегі қазақтың шығу тегі “қазақ” “Алаш”, ”Үш жүз” атауларының пайда болуы туралы
1. 3 Қазақ хандарының тарихи туралы
ІІ тарау. Қазақ зиялылары еңбектеріндегі қазақ халқын отарлау тарихы
2. 1 Ресейге қазақ хандарының бағынғандығы және нақты отарлау процесінің басталуы, ұлт-азаттық күрес тарихы туралы
2. 2 Ухшат, бәдауиат һәм мәданиат
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе.
Тақырыптың өзектілігі.
Тәуелсіздігімізді алғалы өз тарихымызды азды-көпті танып-біліп, зерттеп жатырмыз. Осыған орай ірі тулғаларымызға, ірі қоғам кайраткерлеріне арналған каншама монографиалар, зерттеулер, шығармалар жинағы жарық көруде.
Кеңес Одағы тусында халқымыз тарихи ұзақ жылдар бойы тар шеңбердегі таптық қатынастар тұрғысынан ғана зерттеліп келді. Сол себепті тарихнамада жеткен жетістіктер мен кемшіліктер де сол турғыдан бағаланып келді. Яғни, қазах тарихы сыяқты тарихнамада да сыңаржақ жазылды. Сол себептен белгілі-бір еңбектер ерекше бағаланып, жан-жақты дәріптесе, керісінше кейбір еңбектерді тіптен атауғада тиым салынды. Әдетте, бірінші топтағы еңбектерге қазақ халқының тарихын үстіріт білетін, сол ұлттың өкілдері жасаған төл деректерін түсінбейтін, тарихты таптық тұрғыдан жазған жергілікті авторлар еңбектері жатса, екінші топқа сол халықтың өз тарихын терең білуді мақсат еткне өкілдеріжазған еңбектері жатты. Міне осының бәрі ХХғ басында өмір сүріп елім-жерім деп, ұлттық тәуелсіздік үшін аянбай еңбек етіп, тер төккен зиялыларымыздың барлығының бірдеи әлі күнге деиін еңбектерінің ашылмай, көпшілік қауымға белгісіз күиінде қалып келуіне алып келді.
Солардың ішінде Ғабдолғазиз Мұсағали, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Құрманғали Хамид еңбектеріне тоқталып, тарихнамалық талдау жасауды жөн көрдік.
Тарихнамалық талдау мәселесін әңгімелегенде мынаны да ескерген жөн! Ұлттық зиялылар еңбектеріндегі мәселелер көбіне жүйелі баяндалмаған. Олар шашыраңы, және тақырыптарға арналған, оларда мәселеге өзіндік көзқарастарып білдірулері, ер ауызындағы аңыздар мен ауызша деректерді көптен пайдаланулары, жиі кездеседі. Солай десең те олар тарихи тұрғындар аса құнды. Зиялылар еңбектер:ұлттық принциптер мен құндылықтарды нақты басшылыққа олар жазылды және ғылыми-танымдық маңызы үлкен.
Бұл еңбектерге тарихыаманың талдау тарих ғалемдарының докторы қамбар Атабаев айтқандай:
Біріншіден, бұл еңбектер қазақ халқының өнідерінің қазақ тілінде жазып, тасқа бастырып көп таралыммен жарияланған алғашқы қазақ тарихы туралы еңбектер болды;
Екіншіден, өткеніміз, негізінен, халқымыздың ауызша тарих айту дәстүріне сай, ауыздан ауызға берілу арқылы атадан балаға жеткізіліп келгендіктен, ХХ ғасырдың басына деиін біздің жазба тарихымыз болмаған. Ол туралы қазақ зиялылары өз еңбектерінде дәлелдейді;
Үшіншіден, өзге жұрттың өкілдері жазған кітаптарда қазақтардың тарихи әр түрлі себептермен бұрмаланған, сондықтан олар халқымыздың өткені туралы қанағаттанарлық мәлемет бере алмаған.
Төртіншіден, жазба тарихтың қажеттілігін зиялыларымыз айқын сезініп, ұлт тарихының жан-жақты зертеліп, жазылу арқылы ұрлықтан-ұрлыққа берілуінің маңызын жете түсінген:
Бесіншіден, бізде жазба тарихтың болмауы, бірақ ондаи тарихтың қажеттілігі әртүрлі мамандық иелерін тарих жазуға мәжбүр еткен, өйткені қазақ төңкерісіне дейін, әр түрлі қаларда, жоғарғы білім алған екі жүзге жуық аталарымыздың ішінде бірде бір маман тарихшы болмаған;
Алтыншы, қазақ зиялыларының баспасөз бетінде айтқан тарихи ойлары мен жасаған тұжырымдары өзге ұлттардың өкілдері айтқан ойларынан, жасаған тұжырымдарынан еш кемдігі болмаған.
Жетіншіден, зиялыларымыз, бір жағынан сол кездегі қазақтар араб нәсілінентараған деген ұғымға қарсы пікір айтып, қазақтардың, түркілердің бір тармағы ретінде осы жерде, яғни ата мекенінде қалыптасқан халық екендігін дәлелдеді/1/.
Жалпы бұл еңбектер тарихи ұлттық сананы қалыптастыруға белсенді қызмет жасай алады. Бүгінгі ұрпақтың тарихи дүние танымын кеңейтіп, тарихи білімді толтыра түседі.
Мәселенің зерттелу деңгейі:
Ұлттық зиялыларымыздың тарихи көзқарастары тарихтамалық тұрғыдан тарихи салыстырмалы түрде жалпылама және біртұтас алынып талдана қойған жоқ. Бұл зиялыларымыздың еңбектеріне әркім жеке жеке тоқталған.
Мысалы, қазан төңкерісіне дейінгі мерзімді басылымдарда көптеген тарихи мақалалардың авторы, тарихшы ағартушы Ғабдолғазиз Мұсағалиев туралы: “ Довольно много печатался на стараницах журнала “Айкап” Габдулгазиз Мусагалиев(1880-1933 гг. ) . . . в цикле статей под названием “История” опубликованных в журнале “Айкап” за 1913 г. Г. Мусагалиев отмечал плодотворное влияние России на казахскую степь в сфере экономики, образования и быта. Это по его мнению, выразилось в том, что значительно уменьшились межродовые расправы и конфликты, стала развиваться торговля, распространялись русская грамотность . . . В его статьях содержиться и критика отдельных сторон колониальной политики царизма в Казахстане, и системы местного управления/2/ - деп, С. Зиманов пен К. Ідірісов өз ойларын білдірген болатын.
Ғ. Мусағали туралы ғалым Сәкен Өзбекұлы өзінің “Арыстары алаштың” атты еңбегінде:”Ғабдолғазиз Мусағалиев қазақ халқының тарихын жетік білетін тарихшы ретінде де таныла білді. Ол өз халқының өткен өмірімен жалпы тарихы хақында мазмұны терең, тұжырымды нақты қалдырды”/3/ - деп тарихшы ретінде Ғ. Мұсағалиевті жоғары бағалай келе, оның еңбектерінің ерекшелігі туралы: “ . . . зерттеуші өз елінің тарихын қазақтың өткен өмірінде басынан кешкен оқиғалары мен жағдайларын ұлттық психология мен өз ортасында қайнап өскен ұлт өкілінің таным - білімі, сапа - сезімі арқылы, қарапайым тілмен баяндай білген”/4/, - дейді.
Одан әрі зерттеуші “Ғ. Мұсағалиев қазан төңкерісіне дейінгі қоғамның тарихын зерттеп жазу ісін алғаш қолға алғандардың бірі” /5/ - деп Ғ. Мұсағалиевтің Қазақстан тарихнамасыдағы орнын әділ көрсетеді.
“Қазақ тарихы” журналында Мадина Сәулембекова Ғабдоллғазиз Мұсағалиевтің баспасөз бетінде жариялаған “Ухилат, бадауиәт һәм маданиат” атты мақаласына жап - жақсы талдау жасады /6/.
Қазақ зиялыларының тарихи көзқарасын талдауда белгілі Абайтанушы М. Мырзахметовтың Шәкәрім Құдайбердіұлының “ Түрік, қырғыз - қазақ һәм хандар шежіресі” атты әйгілі еңбегіне жазған шағын алғысөзі назар аудартады”.
“ . . . Шәкәрім кітабы нақтылығымен, ғылыми негізде жүйеленуімен жалпы түркі елдерінің ата - тегін, түп - төркінін қамти отырып, негізінен қазақ халқының шежіресіне баса назар аударуымен ерекшеленеді” /7/, - деп әділ бағасын берді.
Құрбанғали Халид еңбегін аударушылар Б. Төтенаев пен А. Жолдасов кітаптың алғы сөзінде еңбектің құндылығы жайлы : “ Бұл еңбектің құндылығы Қазақстан және Орта Азия жерін мекендеген тайпалар мен рулардың көне бағзи тарихына үңілтеді. Соның ішінде Қараханид, Алтын Орда, Көк Орда қазақ хандықтары, жоңғар шапқыншылығы, Қоқан хандығы және бір көңіл аударарлық мәселе Батыс Қытай, Шығыс Түркістан елінің қалыптасу кезеңі жөнінде мәліметтер толығырақ берілген.
Қ. Халид бұл еңбегінде қазақ халқының тұрмыс - тіршілігін, этнографиясын жан - жақты талдайды /8/, - деп еңбекке пікір білдіреді.
Ал зерттеуші Бүркіт Сықақов өзінің құрастырған “ Ұмытылмас есімдер” - атты кітабында Құрбанғали Халидидің өміріне, артына қалдырған еңбегіне тоқталып өтеді /9/.
Тарихшы - этнограф Ж. М. Қармышева “Советская этнографиядан” жарияланған “ Қазақ тарихшысы, өлке танушысы және этнографы Құрбанғали Халидов” деген көлемді мақаласында ғалымның қазақ халқының тарихы мен этнографиясына қатысты пікірлеріне тоқталып, автордың көзқарасына баға берді /10/.
Мәселенің деректік негізін патшалық Ресей тұсында шығып тұрған баспасөз бетіндегі қазақ зиялыларының мақалалары мен зерттеу еңбектері құрайды.
Атап айтсақ “ Құрбанғали Халидтің “ Тауарих хамса” еңбегі /11\, Шәкәрім Құдайбердіұлының” Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі” /12\, Ғабдоллғазиз Мұсағалиевтің 1913 жылғы “Айқап” журналының 7, 8-ші сандарындағы “ Қазақ жайынан” атты мақаласы /13\, 1914 жылғы 5, 6, 7, 8-ші сандарында жарық көрген “ Тарих” атты мақаласы /14\, “ қазақ”газетінің 1914 жылғы 58, 59, 60, 62 сандарында жарық көрген “ Жетісу қазақтары” атты көлемді мақаласы /15\.
Мақсат зиялыларымыздың тарихи ойлары мен тұжырымдарына тарихнамалық талдау жасау.
Зерттеу барыыныда қазақ зиялылары өкілдерінің тарихи көзқарастары өзара және басқа да тарихшылар пікірлерімен қатар талданып, салыстырмалы - тарихи зерттеу әдісі қолданылады.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, “Қазақ зиялыларының тарихи ойлары” атты бірінші тараудан, “Қазақ зиялыларының еңбектеріндегі қазақ халқын отарлау тарихы” атты екінші тараудан және қорытындыдан тұрады.
І тарау. Қазақ зиялылары еңбектеріндегі тарихи ой.
- Жазба тарихтың қажеттілігі маңызы туралы.
ХХ ғ. басында елімізде өздерінің өткенінен айқын мағлұмат беретін жазба тарихының жоқтығы және қазақтар туралы жазған өзге ұлттардың өкілдерінің еңбектерінде халқымыз тарихының бұрмаланғандығы туралы қазақ зиялыларының тарихи ойлары қазақ баспасөзінде жарияланған болатын.
Бұған мысал “Айқаптың” - 1912 ж. нөмірлерінің бірінде “Біздің қазақ халқы ескі заманнан бері оқуға әуес етпей өздерінің сахарада босып жүргендіктерінен тарихымызды, тілімізді жазып халыққа білдіруді ғадет етпегендіктен өзіміздің қай нәсілден екенімізді біле алмай һәр кімнің аузына қарап қалған халықпыз ” \14\ - деп қазақ тарихының жазылмау себебі мен оның салдары туралы айтқан.
Жалпы ХХ ғ. басында мамандығы әр түрлі (инженер, орманшы, мұғалім т. б. ) қазақ зиялылары тарихи еңбектер, мақалалар жазуға мәжбүр болды. Бұл зиялыларымызды тарихи еңбектер жазуға не нәрсе итермеледі дейтін болсақ, бұған қазақ шежіресін қазақтың өз тілінде тұғыш жазушы Шәкәрім Құдайбердіұлының жауабы: “Ескіден қалған тиянақсыз ертегі сықылды ауыз сөз болмаса мұнан бұрын біздің қазақ тілімен шежіре жазылған жоқ” /15/ - дейді. Ал ол жайлы Ғабдоллғазиз Мусағали: “Мен өзім де сол тарих біммегендердің бірімін. Бірақ өз тарихымызды өте білгім келеді” /16/ - деп жазған болатын. Осы жерде ерекше көңіл бөлетін бір нәрсе ол, қазақ басылымдарында айтылған тарихи ойлардың, сол басылымдарымен қатарлас, бір уақытта дерлік шыққан қазақ зиялыларының қазақ халқының тарихы туралы жазған алғашқы кітаптарындағы ойлармен үндестігі. Мысалы, 1910 жылы, Қазан қаласындағы “Өрнек” баспаханасынан шағатай тілінде шыққан “Тауарих хамса” /бес тарих/ деген кітабында аталған мәселе туралы Құрбанғали Халид: “Жалпы Ислам елдері мен өзге халық оқымыстыларының арасында жалпы және жекеленген тарихи кітаптар бар. Ал біздің қазақ халқының /Шығыс Түркістан/ өткені мен бүгіні туралы бүгінгі бары туралы анық баяндалған, болмаса арнайы жазылған зерттеу кітабын кездестіре алмадым” /17/ - дей келе өзінің аталған кітабын жазуға кірісу себебін, сондай кітаптың жоқтығымен түсіндіреді. Ол: “Орта Азия мен Шығыс Түркістанда болған оқиғалар желісін бітірген соң, қазақ ахуалы тарихы жалпы ауызда бар. Алайда жекеленген жазба тарихтары мен мұқатуды мақсат еткен. Кезінде бағзылар таихқа анығырақ түсініктеме беруге білімдері жете тұра, оған мән бермеген. Нәтижесінде мағынасы анық ел тарихы баяндалмайды. Осындай себептермен, мен бар күш - қайратымды жұмсап, жиырма жылдан астам уақыт бұл таризқа қатысты ақпарлар мен жазба деректерді жинап, жалпы жиналған мәліметтердің қаймағын қалқып алып осы кітапты жаздым” /18/ - дейді. Бұл жазылғандардан біз зиялыларымыздың жазба тарихтың қажеттілігін, өзге ұлт өкілдерінің бізге қатысты жазылғандарының бұрмаланып жазылғандығын айқын сезінгендігін білеміз.
Осы зиялыларымыз өздерінің еңбектерінде тарихтың мән - мағынасын ашып, қажеттілігін дәлелдеді, мақсат - міндеттерін, ұлт өміріндегі алар орнын көрсетіп, ел келешегі үшін қаншалықты маңызды екендігін туған халқына жеткізуге әрекеттенеді. Сол жолда тынымсыз еңбек етті. Қ. Халид “Тарих ғылымы әлемнің жаратылуы және адамзаттың түрлі ұрпақтарының тіршілік танысымен, әділ патшалар мен жәбірші әмірлердің істерімен қоса, қоғамның даму қағидаларына (заңдылығына) қанықтырады. Мұндай ғылымға қалам тарту - ғалым болам деушілердің бәрінің де бірдей қолынан келетін іс емес. Тарих ғылымы әлемдік оқиғаларды зерттейді, ол бізге өткен қауымдардың тіршілігін жеткізумен қатар қазіргі заман халықтарының өмір ағымын баяндайды. Ол үшін тарихтың әрбір кезеңін мазмұнына сай келтірмесе зерттеудің құны болмайды. Айталық, грамматика тіл ғалымының тұзы болса, ал тарих жалпы ғылым атаулының азығы. Кімде - кім тарих ғылымын қажетсіз деп білсе, ол жаны ашыған емшіден қашатын ауру адам сынды”, \19\ - деп тарих ғылымына түсіндірме береді. Зиялыларымыздың тарих ғылымына берген түсіндірмесі өзге ұлттардың өкілдері айтқан ойларынан, жасаған тұжырымдарынан еш кемдігі болмаған.
Өзінің өткен тарихын танып - білуге деген құштарлық - қазақ елінде ежелден жеті атасын білдіру дәстүрінде тұрақты құбылысқа айналған. Ол жайлы Ғ. Мұсағали “Бұрынғы бабаларымыз, оқу, жазу білмейтін қарттарымыз . . . бұ күнгі қазақ жастарына қарағанда өз тарихтарын артығырақ білген . . . ” - дейді /20/.
Қазақ шежіресін тәртіпке келтіруде Ш. Құдайбердіұлының 1911 жылы Орынборда басылым көрген “Түрік, қырғыз - қазақ һәм хандар шежіресі” деген еңбегі маңызды рөл атқарады. Шәкәрім “Қазақтың түпкі атасының жайын білмек болып, көп уақыттан бері сол туралы естіген, білгенімді жазып алып және әр түрлі жұрттың шежіре кітаптарын оқыдым” - деп түсіндіреді /21/.
Ш. Құдацбердіұлы өзі оқыған кітаптар қатарына мұсылманшасы “Тәбіри”, “Тарих ғумуми”, “Тарих антшар аласлам”, Нәжиб ғаысбектің түрік тарихы, Әбілғазы Баһадүр ханның жазған “Шежіре түрік” және әртүрлі кітаптардан алынған сөздер, орысша кітаптардан Радловтың, Аристовтың шығармаларын, түріктің ең ескі замандағы “шежіре кітаптары”, “Құдатқу білім”, “Кошогидам”, Қытайдың ЮЭН - шау - ми деген жазушысының еңбегін және тағы басқаларды атап көрсетеді /22/.
Шәкәрім кітабы нақтылығымен, ғылыми негізде жүйеленуімен жалпы түркі елдерінің ата-тегін, түп - төркінін қамти отырып, негізінен қазақ халқының шежіресіне баса назар аударуымен ерекшеленеді. Ш. Құдайбердіұлының бұл еңбегі қазақ ұлттық интеллигенциясы арасында жаңа серпін туғызды. Бұл еңбек туралы алғашқылардың бірі болып Әлихан Бөкейханов өзінің пікірін білдірді: “Мұнан бұрын қазақ шежіресі қазақ тілінде кітап болып басылған жоқ. Шәкәрімнің бұл кітабы қазақ шежіресінің тұңғышы; қазақ шежіресін білмек болған аға - іні іздегенді осы кітаптан табасың. Енді мұнан былай қазақ шежіресін жазбақ болған кісі Шәкәрімнің кітабын әбден білмей қадам баспа. Кітап жиған жері жоқ, көшпелі далада жүріп Шәкәрім шежіресіндей кітап жазбақ оңай жұмыс емес” /23/. Ә. Бөкейханов Ш. Құдайбердіұлының шежіресіне байланысты және онда көтерілген мәселелер жөнінде ой тастай отырып, оқырмандардан осы мәселелерге байланысты пікірлер сұрайды. Ол Шәкәрімнің қырғыздың Енисей бойында тұрғаны туралы орыс ғалымы Аристовша жазғанын атап көрсете келе, ол бойынша “қос көлдің күнбатысында меркіт орынхай, орынхайдың күнбатысында қырғыз бар еді”деген пікіріне тоқталып:“біздің қазақ бұл жерді білмейді ғой . . . Осы күнде бұл шежіреде аталған жерлер қай патша қол астында, қай губернедеШаһкерім жазып өту керек еді. Шежірені қайта басқанда Шаһкерім бұл кемшілікті толтырар”-деп ұсыныс жасайды /24/. Одан әрі Ә. Бөкейханов Шәкәрімнің “көп уақыттан бері естіген білгендерін жазып алып және әр түрлі жұрттың шежіре кітаптарын оқығандығын”, яғни еңбектің деректік негізін айтады. Ал, Шәкәрімнің өзі кітаптың “кемшілігі, қисық бүкірі” болуы мүмкін деген ойы туралы: “Шәкәрім өзі бүкір дегенмен, шежіресі - бала оқытқан молланың қаланды болатын кітап” /25/ - дейді.
Қазақ зиялылары өз ұлтының тарихын ұлттық тұрғыдан зерттеп, тариха ұлттых тұрғыдан қараған және сол ұлттық тілінде жазған алғашқы ғалымдардың қатарында. Ал тарих ғылымы үшін нақты ұлттың тарихын кімнің, қай ұлттың өкілінің, қай тілде жазғандығының үлкен принципті мәні бар мәселе. Себебі шетел тарихшыларының басқа халықтың тарихын терең зерттеп, объективті жазуға көбінесе мүмкіндігі бола бермейді. Ол туралы Құрбанғали Халиди: “Шетел тарихшылары мен саяхатшылары барған жерінен бірер күн, яки аптада халық аузынан естігендерін жинау әдеттері бар, осы қысқа мезгілде бәрін біліп, жазып тез бітіріп кеткісі келеді. Ал біздің бұл жақтың адамдары елдің сырын ашқысы келмейді.
Айтса шатастырып, түйінді жерлерін жасырып айтады. Ал біз, бұлардың өз ішінде жүріп өздерімен бірге өмір сүріп, ғалымдары мен ел басшыларымен араласып, көп жағдайларды сұрауға мәжбүр болсақ, онда олар өз білгендерін бізге жасырмай айтуларынан көп хабарларға қанық боламыз. Осы себепті европалық тарихшылар жазған хабарлар мен басылымдарға біздің бұл жазғанымыз кереғар болса ғажап емес, біз олармен санаспаймыз. Ал оларды мақтап пайғамбардай сенетіндер жоқ емес” /26/ - деп жазды.
Екіншіден, шетел тарихшыларының басқа жұрттың тарихын сапалы түрде бұрмалайтын жағдайлар да кездеседі. Мысалы, кезінде белгілі орыс тарихшысы В. П. Татищев “Өзінің Ғылым академиясына жазған хатарында үнемі Ресей туралы шетелдіктердің жазғандарына сын көзбен қарау қажеттігін айтты, өйткені олар белгілі бір мақсатпен жазылған, ірі қателіктерге толы және Ресей мемлекетіне қарсы, оның намысына тиетін пікірлер жазғандығы туралы айтты” /27/. Бұл жайында “Айқап” журналының редешторы Мұхамеджан Сералин: “Біздің қазақ халқының бұрыннан жазылып келе жатқан белгілі шежіресі жоқ, ауыздан ауызға айтылған сөздер болмаса, қазақ халқында басқа жұрттардың білімділері жазған кітаптар бар, ол кітаптарда онша толық жазылмаған. Олардың біз туралы жазған сөздері әлбетте біздер үшін онша көңілге қонымды болып шықпайды” /28/ - деген болатын. Ал М. Дулатов болса “Тарих ғылымында қанша тарих жазушыларшығып, қаншама кітап жазып шығарды. Солардың арасында қазақтың асылын анық қып айтқаны жоқ. Арабша, түрікше, орысша біз көрген кітаптарда қазақ турасында жазылған сөздердің бәрі де хақиқатқа қарап, шіп-шикі өтірік. Қапағат табарлық ешбір сөз жазылған жоқ” /29/ - деп, М. Сералин ойын бекіте түседі.
Бұл айтылғандар толығымен рас. Сондықтан бүгінгі және келер ұрпақтың өз тарихын, ата бабаларының жүріп өткен жолдарын өзгелердің емес, алдына сыпайы тарихты халқына жеткізу мақсатын қойған өз ұлтының тарихшыларының еңбектері арқылы білулеріне құқылы.
Сонымен қорытып айтсақ, ХХ ғасырдың басында өмір сүріп еңбек еткен қазақ зиялылары еңбектерінде өздерінің тарих ғылымы туралы ойларын білдіріп, қазақ халқына басқа да халықтар сияқты жүйелі жазылған тарихтың керектігін дәлелдеген. Оның атқарар қызметі мен міндеттерін, ұлт өміріндегі олар орнап, келешек үшін маңызын көрсеткен. Және де зиялыларымыздың тарих ғылымына берген түсіндірмесі, бағасы өзге ұлттардың өкілдері айтқан ойларынан, жасаған тұжырымдарынан еш иемдігі болмағандығын көреміз.
1. 2. Қазақ зиялылары еңбектеріндегі “Қазақ”, “Алаш”, “Үш жүз” аттарының пайда болуы туралы.
ХХ ғасырдың басында ұлт зиялыларын толғандырған негізгі мәселелердің бірі, қазақтың шыққан тегі және оның не себептен “Қазақ” атануы мен “Алаш”, “Үш жүз” аттарының қайдан шыққандығы туралы мәселе. ъ
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz