Иранның әлеуметтік-экономикалық дамуы және жартылай отарға айналуы


Иранның әлеуметтік-экономикалық дамуы және жартылай отарға айналуы
1. Иран және Ауғанстанның әлеуметтік-экономикалық құрылысы.
2. Ағылшын-Иран, , Орыс-Иран соғыстары
3. Ұлт-азаттық қозғалыстар . Халық толқулары.
4. Ирандағы шетел державаларының саясаты және отарлау жүйесі.
Орта ғасырларда Иран (Персия) Азиядағы ең ірі мемлекеттердің бірі болатын. Жаңа заманның басында Шығыстың маңызды стратегиялық және сауда жолдарында орналасқан Иран мемлекеті экономикалық және мәдени кезеңнің көтерілуін басынан өткеріп 1722 жылы Иран ауғандардың шабуылына душар болып, оның көп территориясы афгандардың билігіне өтіп, ал олардың басшысы Мир - Махмуд Иран шахы болып, тағайындалды. Жаулап алушыларға қарсы күресті талантты қолбасшы - Надир - хан басқарды . 1730 жылы афгандар Ираннан қуылды. 1736 жылы нәтижесінде Шах болып тағайындалған . Надир құрамында Ауғанстан, Бұхара, Хива, Солтүстік Үндістан, Кавказ кіретін держава пайда болды. Алайда бұл держава 1747 жылы Надирдің өлімінен кейін құлаған болатын. Слотүстік Индияда Ұлы Моғолдардың билігі орнады. Тұрақты ауған мемлекеті орнатылды. Иран бір-бірімен шиеленіскен бірнеше мемлекетке бөлінді. XVIII ғасырдың соңы мен XIXғасырдың басында Иран әлсіреген феодалдық мемлекетке айналды. Халқының жартысынан астамын әзірбайжандар, түріктер, күрт, арабтар құрады.
Иранда жерге феодалдық меншік болды. Үндістандағыдай Иранда да бүкіл жер, су, мал, т . б . меншіктенушісі Шах болды. Одан түскен салықтар үкімет аппаратын, әскерді және т . б . жатты. Қалған жерлер феодалдардың меншігінде болды . Жердің көп бөлігін мешіттер мен киелі жерлерге жататын вакуфтар құрады . Ол жерлерде шаруалар феодалдардың қанауына түсті . Шаруа уақытша алған жерінен түскен пайда бес бөлікке бөлінді. Тек бесінші бөлігі шаруаға тиетін болды. Одан бөлек шаруалар жер үшін көптеген салықтар мен салғырттар жинады. Іс жүзінде шаруа тәуелсіз тұлғаға жататын, бірақ шексіз билік, таусылмас салықтар оны көптеген мүмкіндіктерінен айырды . Қашқан шаруаларды күшпен иелеріне қайтарды . Аяусыз қанаущылықтың құлдырап, шаруалардың кедейленуіне әкеп соқтырды.
Азияның басқа елдері сияқты, Иранда жерден бөлек үй қолөнерімен, саудамен, тігіншілікпен, кілем тоқумен т . б . айналысты . Иран қалаларында ортағасырлық ұйымдарды сақтап қалған дамыған қолөнер етек жайды. Мұнда жалдамалы еңбекті қолданатын қарапайым мануфактура да дамыды . Қолөнершілер мен мануфактураларда тоқыма кілем, мыс пен темірден жасалған бұйымдар дайындалды . Бұйымдардың жартысы шетелдерге өткізілді . Ішкі сауда кең көлемде дамыды . Оны ұсақ және орта саудагерлер өткізді. Феодалдық үкімет капитализмнің дамуын тегіледі .
Шексіз билік шахта болды . Түрлі хандар арасындағы талас-тартыс нәтижесінде XVIII ғасырдың соңында Иранда билік басына Каджаров әулеті орнықты . Бірінші болып Шах тәжіне Ага-Мұхаммед отырды, одан соң Фатх - Али - Шах (1797 - 1834 жылдары ) отырды . Иран 30 облысқа бөлініп, олады шахтың туыстары мен балдары биледі . Олар өз пайдасына паминдер, салықтай, кейде тиындар жинады . Кейде олардың арасында территория үшін қарулы қақтығыстар болып жаты . Округтар мен аймақтардың басында беделді жергілікті хандар отырды . Осман империясының мұсылмандарына қарағанда - Ирандық мұсылман суниттер шеиттермен болды . Олар суннаның қасиетін, халифтерді мойындамады . Сот діндік сипатта болды. Шаруалар мен қолөнершілер жақтап болмағыр бас тартушылық үшін қатал жазаланды . Аға Мұхаммед билігі кезіндегі қатал жаза - көзді тесу болды . Ел арасында көптеген кедей соқырлар жүрді . Олар шахтың билігінің үстемдігі еді . 1975жылы Аға - Мұхаммед Грузияға аттанады . Онда 2 адам таланып құлдыққа салынды .
XVIII ғасырдың соңында Иран Франция мемлекетімен сауда келісіміне отырды. ХIХ ғасырда Англия мен Франция Иранға байланысты отарлық саясатын бастады. Иран Англияны тауар нарығы ретінде қызықтырды. Он кезеңде Иран Англия мен Францияны, Европа мен Азияда жүргізген экономикалық және саяси маңызды стратегиялық ретінде қызықтырды .
1800 жылы Индиядағы ағылшын билеушілері Иранға өте пайдалы саяси және сауда келісіміне қол қою үшін дипломаттарды жіберді. Иран шахы Англияға әскери көмек көрсетуге уәде берді. Ал Англия Франциямен Ауғанстан соғысының басталып кету сәтінде Иранды әскери қару-жарақпен қамтамасыз етуге уәде берді . Ағылшын және үнді саудагерлері салық төлеместен Иран порттарына салықсыз тауар әкелуге мүмкіндіктері туды.
ХIХ ғасырдың басында Ресей мен Иран арасында қарама-қайшылық туады . Грузияның Ресейге қосылу нәтижесінде Иран шахының қахарынан құтылады .
Орыс патшалығының құрамына Дағыстан мен Әзірбайжан елдері кірді . Кавказда өз үстемдігін орнатқан орыс патшалығы Иранда да өз билігін орнатуды мақсат етті . Ал Иран феодалдары Әзірбайжан мен Грузияны жоғалтқандарына бармақ тістеп отырған болатын Иранды өзіне бағындырып Ресейге қарсы шығару жоспарын іске асыру үшін ағылшын және француз дипломатиясы Иран феодалдарының реваншистік бағытын пайдаланды . 1804 жылы Француз үкіметінің антиорыстық одаққа Шахтың қол қоюын талап еткенімен ол сәтсіз болып шықты .
1804 жылы орыс әскерінің Ганджин хандығына басып кіруінен кейін Иран мен Ресей арасында соғыс басталды. Жергілікті халықтың қолдауымен орыс әскері алға қарай жылжыды. Шах ағылшындардан уәделескен көмекті талап етеді. Алайда 1807жылы Ресей Напалеонға қарсы шығып Англиямен одақтасады. Мұндай жағдайда Англия Иранға ашық көмек көрсетуге қауыптенеді . Қалыптасқан бұл жағдайды Француз дипломатиясы пайдаланады. 1807 жылы Иран мен Француз келісіміне қол қойылады, бұл келісімінің шарты бойынша Шах Англиямен барлық саяси және сауда қатынастарын тоқтатып, Ауғанстанмен бірге Англияға қарсы соғыс жариялап, Иран арқылы Үндістанға жорыққа шыққан жағдайда Француз армиясына көмек көрсетіп, Француз әскери кемелері үшін Парсы шығанағындағы барлық порты алуға мәжбүр болды . Наполеон өз кезегінде Грузияны Иран иелігіне тапсыруға, Иран армиясын қайта құру үшін инструкторлар мен қару - жарақтарды жөнелтуге уәде берді. Көп кешікпей Иранға Француз әскери миссиясы келіп, Ирандық армияның қайта құрылуы басталады. Келісімді бекіту барысында Шах Француз көпестеріне жаңа сауда жеңілдіктерін ұсынады.
Алайда, Француздар бұл артықшылықтарды жүзеге асыра алмады. Ресеймен жасасқан тильзиттік келісімінен соң Франция Иранға ашық көмек көрсете алмайды. Бұл жағдайды ағылшындарда пайдаланып қалуға тырысты. 1808 жылы Иранға екі бірдей ағылшын миссиясы келді: бірі Үндістанна, екіншісі тікелей Лондоннан келеді. 1809 жылы алдын ала Англо-Ирандық келісімге қол қойылды . Шах Франциямен қатынасын үзуге уәде берсе, Англия өз тарапынан жыл сайын Иранға Ресеймен соғыс жалғасқанға дейін ақшалай жәрдем көрсетуге уәде береді . Иранға ағылшын әскери инструкторлары мен қару - жарақтар әкелінеді . Ресеймен соғысты жалғастыруға итермелей отырып, ағылшындар Иран армиясына басшылық орнатуға тырысты.
Сонымен, Иран - орыс соғысына Француздар да, ағылшындарда айтарлықтай ықпал етпейді. Түрлі аймақтарда, әсіресе Хорасанда Шахтың билігіне қарсы толқулар өтіп жатты. Кавказ маңы тұрғындары орыстарға көмек көрсетіп отырды. Ұзаққа созылған бұл соғыс Иранның жеңілісімен аяқталды .
1813 жылы Гюлистан деген жерде Ресей мен Иран арасында келісімге қол қойылды. Бұл келісім бойынша Грузия Ресейге қосылып, Дағыстан мен Солтүстік Азербайжан Ресей империясының құрамына кірді. Ресей Каспий теңізіне өз әскери флотын шығаруға құқық алды . Орыс көпестері Иранда, ал Ирандықтар Ресейге еркін саудамен айналысуға мүмкіндік алды . Ағылшын дипломатиясы әлі де Иранда өзінің саяси және экономикалық ықпалын ұлғайту мақсатынан қол үзбеді. 1809 жылы келісімнің негізінде 1814 жылы Тегеранда ағылшын - Иран келісіміне қол қойылады . Келісім бойынша « Англия мен Иран арасында мәңгі бейбіт » орнатылуы қажет болды және де Иранның Англияға қас Европалық мемлекеттерінен келісім шарттары жойылды . Иран Англияға Үндістан мен Афганистандағы саясатын қолдауға, әскери инструкторларды тек Англия мен өзге де достық қатнастағы елдерде шақырылып отыратына уәде берді. Ал, Англия Гюлистан келісімі бойынша бекітілген орыс - Иран шекарасын қайта қарауға қол жеткізетіндігін және Ресеймен арада соғыс бола қалған жағдайда әскери және қаржылай көмек көрсететіндігін айтты . Бұл келісім Шах сарайында орыстарға қарсы толқуларды күшейте түсті . Кешікпей Иран басшылары Гюлистан келісімін қайта қарастырып, иранға әзірбайжандық хандықтарды қайтаруды талап етіп, 1826 жылы жазда шах Ресейге қарсы соғысты қайта ашты. Орыс әскерімен Тебризаның алынуынан соң, 1828 жылы 10 ақпанда Түркманчайлық бейбіт келісіміне қол қойылды. Аракс өзеніндегі жаңа кеден Шығыс Арменияның Иран феодалдарынан босатылуын айқындады. Иран Ресейге 20 млн. сом төлейтін болды. Келісім бойынша Ресей Иранда өз консульстволарын ашуға құқылы болды . Бейбітшілік келісімен қоса арнайы сауда трактаты қабылданды . Ресейде әкелінетін кеден салымдары осылардың бағасының 5 % - нан аспауы тиіс . Орыс саудагерлері ішкі салымды төлеуден босатылды . Орыстардың Ирандықтармен барлық сауда және сот қатнастары орыс концерсумының негізінде жүріп жатты.
Иранның елшісі А. С. Грибоедовты осы саяси оқиғалардың барлығы қиын жағдайда қалдырды. Ол Петербургке Иранның қиын жағдайы мен Шах қазынасының жоқшылығын жеткізіп отырды. Бірақ ереже бойынша ол келісімнің міндеттерін толығымен орындауы керек еді Мұны ағылшын реакционерлері пайдаланып, Иранды Ресейге қарсы қоя бастады. Түркманчайлық келісім орыс-иран соғысының соңғы келісімі болды. Келісім бойынша Грузия, Солтүстік Әзірбайжан, Шығыс Армения Иран феодалдарынан босатылды. Бірақ бұл келісімнен соң орыс патшалығының билігі Иранда күшейді Англиядағы революциядан соң 30 - 40 жылдары Иранда отарлау саясаты күшейді. Бірақ Түркменчайлық келісімнен соң орыс билігінің Иранда күшеюі ағылшындарға кедергі келтірді. 1814 жылы Англо - Ирандық келісім күшін жоғалтты .
Ресеймен соғысып, жеңілу нәтижесінде Иран герат князьдығын басып алуды көздеді . 1837 жылы Мұхаммед Шах ( 1834 - 1848 жылдары ) Гератқа аттанды. Ағылшындар Ирандықтарға бұл басып алуды тоқтатуға шақырды. Ал Ресей патшалығы Иранға қолдау көрсетті. Нәтижесінде Англия Иранмен дипломатиялық қарым-қатынасын үзді. Егер жүз жылдықтың басында ағылшындар Иранды Ауғанстанға қарсы қойса, Ауғанстанға қол сұғып жатқанда Иран саясатына қарсы шықты. Ирандықтар өз әскерін Гераттан алып кеткен соң, 1841жылы Англия Иранмен дипломатиялық қатынасын қайта орнатты. Өйткені Иран Англиялықтарға экстериториалдық құқық пен кеден салымдарын төлеуден босату құқығын 5 % - нан аспауы тиіс еді. 1845 жылы мұндай жергіліктер Францияға да беріліп, кейіннен Европаның бірқатар елдеріне де беріле бастады.
Англия және т. б. Европалық державалар Ресей Түркманчайлық келісімде пайдаланатын жеңілдіктерді пайдалана бастады. Англо-ирандық келісім Иран рыногына ағылшын капиталының енуіне әкеліп, Ирандағы жартылай отардың бастауына соқтырды.
XVIII ғасырда Иран басынан кешіріп жатқан экономикалық және саяси құлдырау отаршылардың баса көктеп кіруін жеңілдетті . Иран қолөнері мен өнеркәсібі ағылшын фабрикалық тауарына бақталастыққа төтеп бере алмады . Мыңдаған тоқымалылар жұмыстарынан айырылып, кедейленді. Капитализмнің дамуына жол жабылды. Феодалдар ақшалар форманы қажет етті . Кедейленген шаруалар қалаларға қашты . Феодалдық мемлекеттің аппараттың жемқорлығы күшейді . Үндістан мен Қытайдағыдай Иранда да отарлыққа қарсы революция басталды .
Билеушілердің ақшаға сұранысы өсіп олардың жағдайын күйзелтті . Кедейленген шаруалар қалаға қашты .
Жалпы алғанда шетел капиталының енуі көптеген Иран халқының жағдайының күрт төмендеуіне әкеп соқтырды . Олардың ішінде шаруалар, қолөнершілер, кейбір саудагерлер болды . Мемлекеттік аппараттың жемқорлығы мен феодалдардың сатқындығы көбейді. Коррупция үлкен көлемде орын алды. Бұның барлығы халықтың толқуының бастамасы болды.
Ирандағы бой көтерулер діндік сипат алды. ХIХғасырдың басында елде шейхиттерден құралған мұсылмандық секта пайда болды .
ХІХ ғасырдың басында елде Шейхаттер сектасы өмір сүріп, оның басты мазмұны жуық арада Махди мессиясы пайда болады делінген . Ол жерде бейбітшілікті орнатады. Оның алдында басқа әлемде өмір сүретін адам пайда болып, ол Махдидің қалауын адамдарға жеткізеді және Махдиді адамдармен байланыстыратын баб рөлін атқарады деген
Баб елдегі шетелдік отарлық саясатқа, феодалдардың езгісіне қарсы халық арасында кең қолдау тауып, оның ізбасарлары көбейді.
1844 жылы Али-Мұхаммед өзін Баб деп жариялап, ал ізбасарларын Бабидтер деп атады. Оның көзқарасы бойынша әр дәуірде адам қоғамының өз діні болады, қасиетті кітабы болады. Сол кітаптардың бірі Бес кітаптық, Евангелия, Құран. Енді жаңа дәуірде жаңа кітап- Беянның кезегі келді. Билік өкілдері ескі дәстүрден арылғысы келмегендіктен жер беті әділетсіздікке толы деп сенген. Ол жаңа бабидтер патшалығын құруға шақырды.
1848 жылы Бабдың жақтаушылары Барфоруш қаласына жиналды. Ол Мұхаммед шахтың қайтыс болуымен сәйкес келді . Тақ басына Шах Насыр - эд - динның келуі әдеттегідей билік басындағылардың араласуымен, қақтығысуымен жалғасты . Бабидтер осыны пайдалануды ұйымдастырды. Ашық түрде олар қолдарына қару алды . Жергілікті ханның әскерімен қақтығыстан соң 700 - ге жуық Бабидтер қана сыртындағы 20 км . қашықтықта орналасқан Шейх - Таберси орманында жасырынды . Олар қамау тұрғыдан халық санын көбейте бастады . Басшысы Мухаммед - Али мен Хусейн Бошруй бірігіп « әділеттік патшалығын » құру жоспарына кірісті .
Қамауда жиналған мүлік халыққа ортақ деп саналды . Барлық Бабидтер құрылыс жұмысында немесе қару-жарақ өндіруде еңбек етті . Олар бір қазаннан тамақтанды. Шейх - Таберсидегі оқиғаларды жеткізу жұмысын атқаратын Тегеранның орыс посолы « Бабидтер коммунизмді қолдан орнатпақшы деп жеткізген болатын . Шаруалар Бабидтерге ат, сиыр, қой, азық - түлік, киім және т. б. әкеп тұрды.
Шейх - Таберсидегі « әділеттік патшалығының » орын алуы бүкіл Иранға мәлім болды . Көптеген аумақтарда толқулар басталды . Мазендерандық хандар мен шіркеулер қалалардан тауларға қашты . Үкіметтің Бабидтерді күшпен қудалауы іске аспады . Осылайша 1848 жылы Шейх - Таберси қамауы феодал қысымына қарсы күрестің айғағы болды .
Көктемде Шейх - Таберсиге он мыңнан астам әскер әкелінді . Қамауды олар пушкалармен ата бастады . Ал олардың саны кеміп, ашаршылық орын алды . 1849 жылы оларға өмірді сақтап қалуға уәде берген соң, Бабидтер кері қайтты . Бірақ олады аямай жазалап, соққыға жықты . Сондада Бабидтер қоғалысы басқа қалаларда өзгешеленді .
Көптеген аймақтарда толқулар басталды. Хандар тауларға қашты. Шейх-Таберсидегі күрес феодалдарға қарсы күрестің нышаны болды.
1849 жылы Бабидтер жеңіліс тапты
Екінші Нейриздік көтеріліс Бабидтердің соңғы көтерілісі болды . 1852 жылы Барфоруштегі және Зенджандағы қайта жаңғырту жоспары іске аспай, билік басындағылармен басылды . Бабидтердің жартысы террор жолына түсті . 1852 жылы тамызда Шахқа қарсы сәтсіз бой көтеру өтті . Ал, үкімет Бабид ізбасарларын қатаң жазалап, бүкіл Иранда жаппай жазалау орын алды .
1850 жылы басында бойкөтеру орын алды. 1850 жылы шілденің басында қамаудағы Бабты ату жазасына бұйырды. Бұл да бабидтерді тоқтатпады.
1850 жылы Зенджап көтерілісі басып - жанышталды . Екінші нейриздік көтеріліс бабидтердің соңғы бой көтерулері болды. 1852 жылы тамызда Шахқа қарсы сәтсіз бойкөтеру болды. Бүкіл Иранда жалпы жазалау шаралары өтіп жатты.
Бабид көтерілісі шаруалардың, қолөнершілердің майда саудагерлердің антифеодалдық сипаттағы, шетел отаршыларына қарсы сипаттағы көтеріліс болды. Қытайдағы тайпиндердің көтерілісі және Үндістандағы көтеріліс сияқты Бабид көтерілісі де Азияда ХІХ ғасырдың ортасында жарқын көріністердің бірі болды. .
Халық көтерілісі салдарынан терең дағдарыстан шығу мақсатында билеуші топ өкілдері реформа қабылдауға кірісті. Реформаның қозғаушы күші уәзір Амир Низам болды.
Амир Низамның реформасының басты мақсаты: орталықтанған өкіметті нығайту және күшті армия құрып, Иранның тәуелсіздігін шетел державаларының ықпалынан құтқару . Ол ағылшын күшінің Иранда нығаюына қарсы болып феодалдық хандық қысымды жоюға талпынды 1846 жылы ағылшындардың қолдауымен хорандық хандардың феодалдық баб көтеруі басталып ол 1850 жылы ғана басылды . « Біз ағылшындардың Иранның ішкі істеріне араласуына жол бермейміз », - деді Амир Низами. Амир Низами өкіметке бағынбаған губернаторларды ығыстырып, қазынаны талап таразға салумен күресіп, шенеуліктердің саның қысқартты, Шах жаұясының шексіз пайдаларын кемітті . Ол саудамен жергілікті өнеркәсіптің дамуына шақырды . Қару - жарақ өнеркәсібінің дамуы ұйымдастырылды . Әскердің реорганизатциясы басталды . Шаруалардың наразылығын ескеріп, Амир Низами бағынушы бағдарлама құрып, онда шаруалар ханның пайдасына еңбек ету керек болды . Амир Низамидің реформаторлық бағдарламасы Ираның жағдайын айтарлықтай өзгерте алмады . Одан қалса реформаның жақтаушылары билеуші топтың шамалы бөлігін ғана құрады. Көптеген феодалдармен дін қызметкерлері реформаға қарсы болды . Бабидтер көтерілісі жалғасқанша ұлы уәзір Амир Низамиді тақтан құлатпады . Бірақ 1851 жылы күзде ол ығыстырылып, 1852 жылы Шахтың бұйрығымен өлім жазасына кесілді . Уағызданушы аумағындағы Амир Низамимен өткізілген уағыздар ғана өз беделін жоғалтпады . Оның ұсынысымен жас Ирандықтарды Ресейге шетелге оқытуға жіберді, Иранға шетел профессорларын шақырды . 1851 жылдың соңында тек Иранға Евротипіндегі алғашқы оқу мекемесі қаланды . Дар - Аль - Фунин бұл мекемеде әскери іске, медицина, математика гуманитарлық ғылымдарды үйретті . Оқытушылар Европалық оқулықтарды парсы тілдеріне аударды . Тек Иранда апталық газет жарыққа шыға бастады . Көтерілістен соң билеушілер тобы терең крезисті жеңілдету мақсатында реформа жасады. Оның қалаушысы Амир Низами болды ол бабид көтерілісінің басып жаншылуының ұйымдастырушысы мен басшысы болды. Амир Низами жемқорлықпен күресті, шенеуніктердің санын қысқатты. Ол өнеркәсіп пен сауданың дамуын қалады. Әскери реорганизациясы басталды. Бірақ, Амир Низамидің жоспарлары Иран жағдайын айтарлықтай өзгерте алмады. Көптеген феодалдар реформаға қарсы шықты. Сол себептен 1852 жылы ату жазасына бұйырды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz