Авторлық меншік және оның құқықтық белгілері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:
ЖОСПАР
Кіріспе . . . 4
1. Авторлық меншік және оның құқықтық белгілері.
1. 1. Авторлық құқық түсінігі . . . 7
1. 2. Авторлық құқық саласының экономикалық және моральдық
аспектілері . . . 13
2. Сабастас құқықтар түсінігі мен маңызы.
2. 1. Сабастас құқықтар ұғымы . . . 30
2. 2. Сабастас құқықтар саласындағы халықаралық келісімдердің рөлі
және осы құқықтарды қорғаудың маңыздылығы . . . 43
3. «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар» тақырыбын мектепте оқыту әдістемесі.
3. 1. «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар» тақырыбын ойын технологиясы арқылы оқыту . . . 58
3. 2. «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар» тақырыбын оқытудағы сабақ үлгісінің әзірлемесі . . . 65
Қорытынды . . . 74
Қосымшалар . . . 76Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 81
Кіріспе.
Зерттеу мәселесінің өзектілігі. Қазақстан Республикасы өзін өзінің жоғарғы құндылықтары адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатын демократиялы, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп жариялаған. Құқықтық мемлекетті құру жолындағы мемлекеттің алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі ол құқықтық саясатты дамыту, яғни азаматтардың құқықтарын қорғайтын және олардың жүзеге асырылуына жағдай жасайтын заңдарды дамыту болып табылады . Сондай- ақ, Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтардың игіліктерінің, олардың мүдделерінің толықтай қорғалып, демократиялық құқықтары мен бостандықтарының жан-жақты кепілдендірілуіне бағытталып, оның сақталуын барлық мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдар мен лауазымды тұлғалардың басты міндеті ретінде бекітеді. Қазақстан Республикасының Конституциясында азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетін, өмірі мен денсаулығын, өзінің мүлкі мен бостандығын сот тәртібінде қорғау құқығы бекімін тапқан (Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабы) . Осыгдай заң тәртібінде арнайы адам өміріндегі құндылықтарының бір санатына адам баласының өз ақыл парасатының туындысына меншік ету құқықтары да берілген.
Ендігі сөз ғылыми түсінікте авторлық құқық, деп келетін зиаткерлік меншіктің бір саласы төңірегнінде.
Авторлық меншіктің құқықтарын қорғау біз өмір сүріп отырған ақпараттық ғасырдағы шығармашылықтарды және жаңашылдықтарды ынталандыру мен қолдаудың басты элементтерінің бірі болып отыр. Тауарлар саудасы және қызмет көрсетулердің жаһандануы егеменді елдердің авторлық меншік құқықтарын қорғау жөніндегі халықаралық-келісілген талаптарды сақтау мен орындауды маңыздылығын талап етті. Мұндай халықаралық-келісілген стандарттар ұлттық заңдары мен әкімшілік практикасы үшін негіз бола алатын көптарапты келісімдерде бар.
Осы зерттеу барысында Қазақстан қосылған басты көптарапты келісімдердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындазы Серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімінің 42 бабы ережесінің шеңберінде Қазақстанның қосылу жөніндегі міндеттемесін қабылдаған келісімдердің негізгі талаптары жөнінде қажетті ақпарат ұсынылған. Бұл нұқсауда осы Келісімнің 43-бабына сәйкес Қазақстан біртіндеп жетуге міндетті осы саладағы Еуропалық Одақтың жоғарғы стандарттары түсіндірілген.
"Авторлық меншік құқықтарының экономикалық, моральдық аспектілері бойынша" келісімі (АМҚСА) Қазақстанның ДСҰ-на кіргеннен кейін ғана оған қолданылатын болады. Осы келісім Қазақстандағы авторлық меншік құқықтарын қорғау саласында жаңа өлшем қосады. Осы Келісімнің негізі сипаттамалары және ДСҰ-ның мүше-мемлекетері үшін қосымша міндеттемелері де осы нұсқауда берілген. Бұдан басқа, тұтастай шарттарды іске асырумен байланысты және АМҚСА келісімінің бірқатар мәселелері талықаланды.
Осы жарияланымда авторлық меншік құқықтарын қорғау үшін негіздемелік болатын көптарапты келісімдердің және ЕО стандарттарын енгізу болып табылады. Бұл жұмыс халықаралық келісімдерді, сондай-ақ мемлекеттік нормативтік-құқықтық актілерінде серіктестік және ынтымақтастық туралы Келісімнің аспектілерін іске асыру міндеттері құзырына кіретін заң шығарушы саласындағы қызметкерлерге және олардың кеңесшілеріне пайдалы болуы мүмкін.
Диплом жұмыстың мақсаты. Қазақстан Республикасындағы авторлық және сабақтас құқықтар мәселесін жан-жақты талдай отырып, әлемдік тәжірибедегі белгіленген тәртіптермен салыстырмалы түрде зерттеу жасау. Сндай-ақ тақырыптың мазмұнын аша отырып, оны теориялық оқытудың методикасын жасау.
Диплом жұмыстың міндеттері:
- авторлық құқық түсінігі жайлы мәлімет беру;
- авторлық құқық саласының экономикалық және моральдық аспектілерін ашып көрсету;
- сабастас құқықтар түсінігі мен маңызы айқындау;
- сабастас құқықтар саласындағы халықаралық келісімдердің рөлі және осы құқықтарды қорғаудың маңыздылығын зерделеу;
- «авторлық құқық және сабақтас құқықтар» тақырыбын теориялық оқытудың әдістемесін жасау.
Диплом жұмысының тәжірибелік маңызы : Жоғарғы оқу орындарында құқық мамандығы бойынша оқитын студенттерге жалпы зияткерлік меншік тақырыбы курсы мен арнаулы курстар, семинар сабақтарын өткізу кезінде оқу-әдістемелік құрал ретінде және мектеп мұғалімдері мен жоғарғы сынып оқушыларына көмекші құрал ретінде қолданылады.
Диплом жұмысының методологиясы . Соңғы жылдары жарық көрген зерттеу еңбектер, мақалалар теориялық тұрғыдан талдауда кеңінен пайдаланылды. Зерттеу барысында соңғы уақыттарда қалыптасып келе жатқан жаңа бағыттағы ғылыми ой-пікірлер мен тұжрымдарды, жаңа құқықтық көзқарас тұрғысынан жазылған еңбектер басшылыққа алынды. Сондай-ақ зерттеуде салыстырмалы талдау, жинақтау және қорыту әдістері, логикалық статистикалық әдістер қолданылды. Мәселе нақты құқықтық қажеттілік, заңнамалық процестің объективтілігі тұрғысынан қарастырылды. Зерттеу методологиялық объективтілік, заңдылық және жүйелілік пен даму сияқты ғылыми таным принциптеріне негізделген. Нақтылы әрі деректі құжаттарды зерделеу ғылыми зерттеудің талдау және жинақтау, жүйелендіру, салыстыру сияқты жалпыға белгілі бірізділік әдістер негізінде жүргізілді.
Диплом жұмысының құрылымы.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, үш тараудан, әр тарау екі тармақтан және қорытынды, қосымшалар мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Авторлық меншік және оның құқықтық белгілері.
1. 1. Авторлық құқық түсінігі.
Авторлық меншікке құқықтары адамның оның ақыл туындысына қатысты құқықтарына мемлекет беретін құқықтары болып табылады. Авторлық меншікке құқықтарының ең басты сипаттамаларының бірі осы құқықтар оның иесіне белгілі уақыт ішінде, оның ұзақтығы авторлық меншіктің түріне байланысты құбылтып отыратын туындының немесе өнертабысты айрықша пайдалану құқығын береді. Әдетте авторлық меншіктің көпшілік түріне (мысалы, патенттер мен тауар белгілері үшін) құқықтарын тану үшін олардың ресми тіркеуі талап етіледі, ал басқаларына (мысалы авторлық құқық) талап етілмейді. Әрбір мемлекетте авторлық меншіктің осы немесе өзге де түрлерін қорғау үшін қажетті рәсімдерді белгілейтін сәйкес заң болады.
Авторлық меншікке құқықтарды екі негізгі топқа бөлуге болады: (а) авторлық құқықтар және олармен сабақтас құқықтар; және (б) өндірістік меншікке құқықтар.
Авторлық құқық әдебиет, ғылым, музыка мен өнер туындыларына, компьютерлік бағдарламаларға және деректер базасына таратылады.
Авторлық құқықпен идеялардың өздері емес, олардың материалдық кеңістікте бекітілген ерекше көрсетуін қорғайды. Мысалға, кітапта жазылған жаңа босаңсу техникасын түсіндірген адам осы кітаптың авторлық құқықтарын бұзбайды. Алайда, осы кітапқа авторлық құқықтың иесінің рұқсатынсыз кітаптың көшірмесін жасау және тарату авторлық құқықты бұзу болып есептеледі /1/.
Авторлық құқық болып табылатын туындыны жасау кезінде адам осы туындының иесі болып табылады және оны қалай пайдалануды өзі шешеді. Бұл адам (жасаушы, автор немесе құқық иесі) болашақта осы туындының пайдалануын бақылай алады. Әдетте мұндай құқықтар автордың қайтыс болғанынан кейін кемінде 50 жыл дейін қорғалады.
Әлемнің көптеген елдерінде материалды сақтау қағазға бояулармен немесе қарындашпен жазылған, сымбаттау, киноүлдірге түсірілген, орындау және т. б. сәтінен бастап есептеледі және автоматты болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда материалды қорғауды бастау үшін тіркеуді қажет етпейді.
Ерекше туындыға авторлық құқықты қамтамасыз ететін құқықтық қорғау екі құқықтық түрлерді қамтиды: экономикалық және моральдық. Халықаралық деңгейде бұл құқықтары кейде "Берн конвенциясы" деп аталатын Әдебиет және өнер туындыларын қорғау жөніндегі Берн Конвенциясында бекітілген. Қазақстан осы Конвенцияның қатысушысы болып табылады.
Экономикалық құқықтар - бұл туындыларды көшіру және тарауды, яғни оны теле-радио хабарға беру, көпшіліктің арасында орындау, инсценировкалар, аудару, көпшіліктің алдында оқу, көпшіліктің алдында демонстрациялар, тарату және т. б. арқылы бақылау құқықтары. Адамгершілік құқықтары - оның ар-намысы мен абыройына зиян келтіре алатын, өз туындысының қандай да бір өң бұзушылықтарға және өзге де өзгерістерге қарсы автордың қарсылық құқығы кіреді.
Экономикалық сияқты адамгершілік құқықтар да жасаушыға жатады, және ол оларды пайдалана алуы мүмкін. Бұл дегеніміз, туындыны өзі пайдалана алуы мүмкін, туындыны пайдалану үшін екінші тұлғаға рұқсат беруі мүмкін және туындыны пайдалануы үшін екінші тұлғаға рұқсат бермеуі мүмкін. Жоғарыда көрсетілгеннің негізінде авторлық құқықтағы қорғалатын құқықтар оның иесінің рұқсатынсыз пайдалана алмайтын принципі жатыр. Ұлттық заңдарда осы ережеден кейбір ерешеліктер болуы мүмкін, бірақ олар көп емес. Мысалы, туындыны белгілі жағдайда оқытушылық мақсатта, ғылыми зерттеулер мен ағымдағы оқиғалар туралы хабарламалар үшін пайдалану.
Авторлық құқыққа мысал ретінде жататындар:
- Темір өзінің Гималайға сапары туралы кітап жазып жатыр.
- Асқар Марқакөлдің айналысындағы табиғатты суретке салып жатыр.
- Айдар жаңа компьютерлік ойынды құрды.
Қазақстан қосылған авторлық меншік саласындағы маңызды келісімдер ғана және ерекше қызығушылық тудырған басқа да бірқатар келісімдер қамтылған /2/. Мұнда бірқатар техникалық келісімдер, сондай-ақ басқа шарттармен жабылып қалған келісімдер енгізілген жоқ. "Шарт", "келісім", "халықаралық келісім", "көптарапты келісім" және "конвенция" терминдері осы нұсқауда бірін-бірі өзара алмастырады. Олардың барлығы мемлекеттер арасында (және кейде немесе мемлекетаралық ұйымдар арасында) жазба келісімнің фонограмма жасаушылардың мүдделерін олардың фонограммаларының заңсыз қайта шығарудан қорғау жөніндегі Конвенция (Женева, 1971 ж. ), Дүниежүзілік авторлық құқық жөніндегі конвенция (1952 ж. ), ДЗМҰ-ның авторлық құқық жөніндегі шарты (1196 ж. ), ДЗМҰ-ның Орындаушылар мен фонограммалар бойынша шарты (Женева, 1996 ж. ), Белгілерді халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімі; Патенттік кооперация туралы шарты және Белгілерді тіркеу үшін тауарлар мен қызмет көрсетулерді халықаралық жіктеу туралы Ницце келісімі формальді түрі болатын жалпы сипаттамалары бар, мемлекеттер үшін міндетті болып табылатын оларға қол қояды және бекітеді, оларға қосылады, қадағалайды немесе басқа да түрмен оларды қолдайды.
Атап айтқанда, осы нұсқауда Келісімнің 42-бабына сәйкес Қазақстан қосылуға міндеттелген Еуропалық Одақпен Серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің (ҒЫК) ІІІ қосымшасында көрсетілген (көп жағдайда қосылған) көпжақты келісімдер, ҒЫК 42-бабына және сондай-ақ Серіктестік мен ынтымақтастық туралы келісімнің ІІІ қосымшасында көрсетілген және ерекше маңызды болып өсептелетін келісімдер қаралған. Ондай келісімдерге мыналар жатады:
- Әдеби және өнер туындыларды қорғау туралы Бер Конвенциясы (Париж актісі, 1971 ж. ) ;
- Өндірістік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясы (Стокгольм актісі, 1967 ж., 1979жылғы түзетулермең) ;
- Патенттік кооперация туралы шарты;
- Орындаушылардың, фонограмма жасаушылардың және хабар таратушы ұйымдардың құқықтарын қорғау жөніндегі хлықаралық конвенциясы (Рим, 1961 ж. ) ;
- Белгілерді халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімі (Стокгольм актіс 1967 ж., 1979 жылғы түзетулермең) ;
- Белгілерді халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімінің хаттамасы (Мадрид, 1989 ж. ) ;
- Белгілерді тіркеу үшін тауарлар мен қызмет көрсетулерді халықаралық жіктеу туралы Ницце келісімі ("1957 жылғы өзгерістерімең) ;
- Патенттік рәсімдер мақсаттары үшін микроорганизмдерді сақтауза беруді халықаралық деп тану туралы Будапешт шарты (Женева актісі, 1991 ж. ) ;
- Өсімдіктердің жаңа түрлерін қорзау туралы халықаралық конвенциясы (ІІРОУ) (Женева актісі, 1991 ж. ) .
Осы нұсқауды әзірлеген уақытта Қазақстан жоғарыда аталған Рим конвенциясынан, Будапешт конвенциясынан, ІІРОУ конвенциясынан және Мадрид келісімінің хаттамасынан басқа барлық көпжақты келісімдерге қосылды немесе бекітті.
Шарттардың ең көп саны авторлық құқыққа, патенттер және сауда маркілеріне қатысты тарауларына келеді.
Қазіргі уақытта Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі жөнінде келіссөздер жүргізіліп отырғандықтан, тараулардың бірі ДСҰ-ның 148 мүшелері үшін авторлық меншік қорғау саласындағы негізгі құжат болып табылатын Авторлық меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісімге (АМҚСА) арналады. АМҚСА ДСҰ-ның көпжақты негізгі келісімдердің бірі болып табылады, себебі ол авторлық меншіктің барлық санаттарын қамтиды, бірқатар міндеттемелері бар басқа келісімдермен сәйкестендіреді және жаңа элементтер соның ішінде құқық пайдалану бойынша қатал талаптарды енгізіп отыр. Сондықтан бұл нұсқаудың көптеген тарауларында осы саладағы басқа келісімдер бойынша міндеттемелерді толықтыратын және жаңартатын АМҚСА Келісіміне сілтеме жасайды.
Серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің 43-бабына сәйкес Қазақстан авторлық меншік қорғау саласындағы ЕО-тың одан да жоғары стандарттарымен сатылы салыстырмалыққа жету жөніндегі міндеттемелерді өзіне қабылдағандықтан, бұл нұсқауда да осы стандарттар ұсынылған және нұсқаудың екі тарауы авторлық меншік құқықтарын қорғауына ЕО-тың әдістемесінің ерекшеліктеріне арналған.
Авторлық меншікке құқықтарының маңыздылығы неде?
Авторлық меншік құқықтарын қорғау Қазақстан (және басқа да елдер) үшін бірнеше себептермен маңызды, олардың ең негізгісі:
- Өнертпақыштылықты ынталандыру: авторлық меншік құқықтарын дұрыс қорғау шығармармашылық қызметкерлер мен өнертапқыштарды әдебиет, өнер туындыларын жасауға, жаңа технологияларды, үлгілерді, процесстерді және т. б. әзірлеуге ынталандырады. Авторлық меншікті қорғау жөніндегі заңдарына сәйкес еместігі немесе оны орындаудың жеткілікті еместігі қарақшылық үшін негіз бола алады. Ол құру және жасау процессін тоқтатпайды, бірақ мемлекеттің білімге негізделген салаларда, мысалы жаңа бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеумен айналысатын салаларда дамуына кедергі жасау мүмкін.
- Өнертабысты қүпия ету емес, жариялануды ынталандыру: Өнертапқыштар патенттің мерзімі өткеннен кейін жалпы игілік болып қалған кезде өздерінің өнертабыстарынан экономикалық пайда көре алады. Мұндай схема қоғам үшін өте үлкен маңызы бар;
- Инвестицияларды және техникалық жетістіктерді беруге ынталандыру: авторлық меншікті қорғау саласында кешендік және әрекетті заңдары экономика саласына жататын, дәлірек айтқанда жаңа технологияларды әзірлеуге авторлық меншікке кең көлемді қаржы жұмсалуына қазақстандық және шетелдік инвесторларын ынталандыру. Бұл өз алдына ғылыми зерттеулер және әзірлеулерді қаржыландыру үшін ынталандырма және қаражаттар береді;
- Сауда ағымына жәрдемдесу: авторлық меншік саласында заңдарды, оның ішінде патенттік заңдарды одан әрі нығайту авторлық меншік құқықтарын қорғау шарттары жақсарған елдің экспорттық жеткізіп беруі әлдеқайда өсті, ол жабдықты, техниканы және азық-түлік тауарларды экспортына қатысты айрықша қолданылады;
- Адалдықты және әділеттікті ынталандыру: қаржылық пайда табу үшін егер адам немесе компания өнер туындысына, өнертабысына немесе өзінің тауарлары мен қызмет көрсетулеріне жақсы беделін қалыптастыруға ақшасын, уақытын және өнертапқыштығын салатын болса, олардың жұмысымен және олардың салымдарымен басқа біреу пайдаланса әділетсіз болар еді. Мұндай іс-әрекеттер ұрлау түрінің бір түрі болып бағаланады;
- Ұлттық өнерді және мәдениетті қорғау: бұл әсіресе өнер дәстүрі дамыған мемлекеттер қатысты айрықша қолданылады. Сондада авторлық меншікті қорғау ұлттық өнер коллективтік туынды емес, жеке болған кезде ғана жеңіл болады.
- Сатып алушыларды және түтастай қоғамды қорғау: сатып алушылар және тұтастай қоғамның сатып алатын тауарлар және қызмет көрсетулері жалған емес екендігі сенімінде болуы керек және олар алдау мен айлакерліктен мысалы тауар белгілерін және өндірістік үлгілерін жалған ұсынудан қорғала алатындығы сенімі болуы маңызды;
- Халықаралық авторлық меншікті қорғау үшін шарттарды қүру: бір мемлекетте авторлық меншік құқықтарын қорғауды нгығайту, басқа елдерде авторлық меншік құқықтарын жүзеге асыруды өзара қабылдау және қамтамасыз ету үшін шарттар құрады, ол өнертабыстар мен туындыларды ұлттық территория аумағы шегінен қорғауды қамтамасыз етеді /4/.
1. 2. Авторлық құқық саласының экономикалық және моральдық
аспектілері.
Бұл тарау авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау саласында Еуропалық Одақтың саясаты мен заңдарына кіріспе болып табылады. Осы зеттеуіміздегі бұрын көрсетілгендей, бұл авторлық меншік құқығын қорғау саласындағы салыстыратын стандарттарға қол жеткізу үшін заңдардың одан әрі жақындасуы бойынша Еуропалық Одақ пен Қазақстан Республикасы арасындағы серіктестік және ынтымақтастық жөніндегі Келісімнің 43-бабына сәйкес республиканың қабылдаған міндеттемелеріне қатысты Қазақстан Республикасы үшін өте маңызды.
ЕО-ның құқықтық негізі әдетте acquis, яғни кез келген мәселелер бойынша заңдар тобы және саясат деп аталады. Авторлық және сабақтас құқықтарда acquis осы Нұсқаудың алдындағы тарауларда зерттелген халықаралық құралдар ережелерінің барлық қатынасын қамтиды. Еуропалық заңдарда конвенциялардың ықпалын байқауға болады, бірақ ЕО құралдары тым егжей-тегжейлі болып табылады және халықаралық келісімдермен салыстырғанда оның қорғалу деңгейі барынша жан-жақты қамтылған болып табылады /3/.
ЕО заңдары екі типке бөлінеді: құқықтық шаралар қамтылған директивалар, оларды ЕО мүше-елдер өздерінің заңдарына енгізуге міндетті және мемлекеттің өзінде іске асыру қажеттілігінсіз барлық мүше-елдерде тікелей ықпал ете алатын регламенттер.
Авторлық және сабақтас құқықтар саласындаеы ЕО саясаты
ЕО саясатының елеулі аспектілері туралы мәлімдемелерді әдетте Еуропалық комиссия жасыл кітаптарда жариялайды. 1988 жылдан бастап осы күнге дейінгі кезеңде авторлық және сабақтас құқықтарға қатысты үш жасыл кітап жарияланды.
- Авторлық құқық және технологияларды шақыру, 1988ж. 7
- Ақпараттық қоғамдағы авторлық және сабақтас құқықтар, 1995 ж. 8
- Жасанды көшірмеге және қарақшылыққа қарсы күрес, 1989ж. 9
Жасыл кітаптарға қосымша ретінде Еуропалық Комиссия одан кейін де бірқатар кейінгі құжаттарды жариялады, олар жасыл кітапта көтерілген мәселелерді егжей-тегжейлі қозғайды.
Жоғарыда көрсетілген бірінші жасыл кітап - 1998 жылы жарияланған Авторлық құқық пен технологияларды шақыру - авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы ЕО саясатын зерделеудің бастауы болып табылады /4/. Комиссия бұл құжатта индустриялы елдердің экономикалық қызметінде «негізгі өнімнен технологиялардың жаңа тәсілдемелерінің, машықтар мен өнер тапқыштықтың қатысуымен жоғары қосымша құны бар өнімдерді өндіру жағына қарай алға барудың болып өткеніне сендіреді. Жасыл кітапта ол ақпараттық өнімдер үшін ашылған үлкен нарық, алдан көрінде және бұл нарықтың рұқсат етілмеген көшірмелеу жетегінде кетсе оңай күйреуінің мүмкін екендігі мойындалды. Сондай-ақ бұл құжатта ЕО мүше-елдердің, егер олардың арасында тілдік және құқықтық ерекшеліктер барынша азайтылған жағдайда, бәсекелесе алатыны айтылды.
Бұл жасыл кітапта мыналаларды қолданудың:
- авторлық және сабақтас құқықтар аспектілері бойынша Мүше-елдер арасындағы елеулі ерекшеліктерді жоюдың;
- Мүше-елдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатындажоғары деңгейде құқықтық қорғау бойынша ;
- Авторлық меншікті немесе қарақшылықты заңсыз пайдаланупроблемасын шешудің қажеттілігі анықталды /5/.
Комиссия қажетті шараларға қатысты кертартпа көзқараста болды. Ол, барлық мүше-елдер Берн одағына кіретіндіктен авторлық құқықты үйлестіру жөнінде айтарлықтай күш-жігер үлесінің жасалғанын көрсеткен болатын /14/. Осылайша, белгілі бір салалаларда ғана шаралар қолдану қажет болды.
Осы көзқарасты ескере отырып, ЕО-да авторлық және сабақтас құқықтар саласында «бірінші буын» директивалары әзірлене бастады. Олар түрлі мәселелерге, соның ішінде компьютерлік программаларды қорғауға, прокат және пайдалану құқықтарына, спутниктік хабарлауға және кабелдік желілер бойынша
ретрансляциялауға, авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау мерзіміне, деректер базасын қорғауға қатысты.
1995 жылы шығарылған екінші жасыл кітап цифрлық технологиялар мен Интернеттің дамуынан туындаған проблемаларға қатысты болады. Кітапта заңдарға анағұрлым жан-жақты тұрғыдан келу қажеттілігі айқындалған, ол секторалдық көзқарасты ауыстыруға тиіс. Нәтижесінде ұдайы өндіруге құқықтар сипаты және мүмкін болатын бірқатар ерекшеліктер, сондай-ақ жасыл кітаптың үшіншісінде айқындалған құқық қолдану шаралары бойынша стандарт ретіндегі маңызды мәселелерге қатысты «екінші буын» директиваларына бастамашылық жасалды.
Әрине, ол кезеңде Еуропалық комиссия шағын кеңістікте ғана әрекет жасаған жоқ. Кейбір халықаралық келісімдер негізге алынды, олар осы Нұсқауда, әсіресе 1994 жылғы АМҚСА Келісімі және 1996 жылғы екі ДЗМҚҰ келісімінде баяндалған болатын. Қазір мұндай ықпал екі жақты. Тек халықаралық келісімдер ғана ЕО заңдарына ықпал етіп қоймайды, сондай-ақ көбіне осы келісімдердің нысанына әсер етеді //.
Директивалар
1. Компьютерлік программалар бойынша директивалар /10/
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz