Оңтүстік-Шығыс Азия



Оңтүстік-Шығыс Азия құрамына Малакка және Сингапурмен бірге Үндіқытай түбегі, Индонезия (немесе Малай) архипелагы, Иран-Джая (Жаңа Гвинея аралының батыс бөлігі), Филлиппин аралдары кіреді. Қаралатын регионның жалпы ауданы шамамен 4 млн. шаршы км., халқының саны 324 млн. адамнан астам. Оңтүстік-Шығыс Азия ылғалды тропиктік белдеуде жатқан материктік және аралдық бөліктен тұрады. Оңтүстік-Шығыс Азияның жер бедері күшті тілімденген. Оңтүстік Азияның бүкіл территориясын дерлік ежелгі заманда тропиктік қалың ормандар жауып жатты. Қазірде де ол үлкен аудандарды алып жатыр. Алайда ормандар шарпымалы-өртеңді егіншіліктің өзгеше формасы мен бағалы ағаш тұқымдарын кесіп алуға байланысты біртіндеп азаюда. Оңтүстік-Шығыс Азияда пайдалы қазбалардың едәуір қоры бар. Оның жануарлар мен өсімдіктер дүниесі де бай.
Оңтүстік-Шығыс Азияның көптеген аймақтарының этникалық құрамы ежелгі заманда қазіргіден күшті ерекшеленеді. Б. э. д. ІІІ мың жылдың аяғына дейін Малай архипелагы, Малакка және Филлиппин халықтары антропологиялық белгісі жағынан пологиялық белгісі жағынан австролоидтық (немесе) ведд-австролоидтық нәсілге жатты. Австролоидтық нәсіл әр түрлі типтерден, көбіне негритоның аласа бойлы пигмент топтарынан, меланезия және папуасс типтерінен көрінеді. Қазіргі кезде ежелгі антропологиялық белгілер Филиппин аэтасы, Малакка семангы, Хальмахер аралының солтүстігін мекендеушілерде сақталған. Веддавстролоид белгілері қазіргі Индонезия аралдарының кейбір ішкі бөліктерінде: Суматраның кубу, Сулавесидің тоала және басқа халықтарына бар. Біздің эрамыздың басында Ява мен Суматраға Оңтүстік Азиядан шыққандардың біраз қоныс аударуы болып өтті және осының нәтижесінде жекелеген этникалық топтардың арасында европоидтық белгілер, жаңа діндер (брахманизм, индуизм, буддизм) мен басқа көптеген мәдени дағдылар өріс алды. Алғашқы мемлекет шықты. ХІ-ХІІ ғасырлардан бастап Индонезия мен Малаккаға ислам діні ене бастады да, оны тұтынушылар саны барған сайын көбейіп, ақырында барлық діндерді ығыстырды.
ХVІ ғасырда орталық жаулап алу дәуірі басталып, Индонезия архипелагындағы аралдардың көп бөлігін голландықтар, Шығыс Тиморды португалдықтар, Малакка мен Калимантанды ағылшындар иемденді. Тек ұзаққа созылған ұлт-азаттық күрестің нәтижесінде 1945 ж. Индонезия өз тәуелсіздігін алды. 1963ж. құрамына Малакка территориясы мен Калимантанның солтүстігіндегі Англияның бұрынғы екі отары кірген Малайзия мемлекеті құрылды. Сингапур тәуелсіздік алды. 1946 ж. Филиппин саяси тәуелсіздікке жетті. Қазіргі кезде тагаларың жетекшілігімен бірқатар этникалық қауымдастықтардың жақындасуы жүріп жатқан Филиппиннің орталық аймақтарында неғұрлым ірі этникалық процестер дамып келеді. Монголоидтар Бирмаға б.э.д. ІІІ мың жылдың өзінде-ақ қоныстана бастады, әрі олар бірнеше толқынмен келді. Таиландтың ең ежелгі тұрғындары шын мәнісінде монхмер тілдерінде сөйлейтін халықтар болды. Біздің эрамызға дейін-ақ, Таиландқа тай ( сиам, лао ) және басқа тілдік топтағы халықтар келіп қоныстана бастап, едәуір мөлшерде бұрынғы халықпен ассимиляцияға түсті.
1.Этнография
Редакциясын басқарғандар Ю.В.Бромлей мен Г.Е.Марков

2.Азия және Африка тарихы

3.Этнические процессы в странах Юго-Восточной Азии М.,1974

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Оңтүстік-Шығыс Азия құрамына Малакка және Сингапурмен бірге Үндіқытай
түбегі, Индонезия (немесе Малай) архипелагы, Иран-Джая (Жаңа Гвинея
аралының батыс бөлігі), Филлиппин аралдары кіреді. Қаралатын регионның
жалпы ауданы шамамен 4 млн. шаршы км., халқының саны 324 млн. адамнан
астам. Оңтүстік-Шығыс Азия ылғалды тропиктік белдеуде жатқан материктік
және аралдық бөліктен тұрады. Оңтүстік-Шығыс Азияның жер бедері күшті
тілімденген. Оңтүстік Азияның бүкіл территориясын дерлік ежелгі заманда
тропиктік қалың ормандар жауып жатты. Қазірде де ол үлкен аудандарды алып
жатыр. Алайда ормандар шарпымалы-өртеңді егіншіліктің өзгеше формасы мен
бағалы ағаш тұқымдарын кесіп алуға байланысты біртіндеп азаюда. Оңтүстік-
Шығыс Азияда пайдалы қазбалардың едәуір қоры бар. Оның жануарлар мен
өсімдіктер дүниесі де бай.
Оңтүстік-Шығыс Азияның көптеген аймақтарының этникалық құрамы ежелгі
заманда қазіргіден күшті ерекшеленеді. Б. э. д. ІІІ мың жылдың аяғына дейін
Малай архипелагы, Малакка және Филлиппин халықтары антропологиялық белгісі
жағынан пологиялық белгісі жағынан австролоидтық (немесе) ведд-
австролоидтық нәсілге жатты. Австролоидтық нәсіл әр түрлі типтерден, көбіне
негритоның аласа бойлы пигмент топтарынан, меланезия және папуасс
типтерінен көрінеді. Қазіргі кезде ежелгі антропологиялық белгілер Филиппин
аэтасы, Малакка семангы, Хальмахер аралының солтүстігін мекендеушілерде
сақталған. Веддавстролоид белгілері қазіргі Индонезия аралдарының кейбір
ішкі бөліктерінде: Суматраның кубу, Сулавесидің тоала және басқа
халықтарына бар. Біздің эрамыздың басында Ява мен Суматраға Оңтүстік
Азиядан шыққандардың біраз қоныс аударуы болып өтті және осының нәтижесінде
жекелеген этникалық топтардың арасында европоидтық белгілер, жаңа діндер
(брахманизм, индуизм, буддизм) мен басқа көптеген мәдени дағдылар өріс
алды. Алғашқы мемлекет шықты. ХІ-ХІІ ғасырлардан бастап Индонезия мен
Малаккаға ислам діні ене бастады да, оны тұтынушылар саны барған сайын
көбейіп, ақырында барлық діндерді ығыстырды.
ХVІ ғасырда орталық жаулап алу дәуірі басталып, Индонезия архипелагындағы
аралдардың көп бөлігін голландықтар, Шығыс Тиморды португалдықтар, Малакка
мен Калимантанды ағылшындар иемденді. Тек ұзаққа созылған ұлт-азаттық
күрестің нәтижесінде 1945 ж. Индонезия өз тәуелсіздігін алды. 1963ж.
құрамына Малакка территориясы мен Калимантанның солтүстігіндегі Англияның
бұрынғы екі отары кірген Малайзия мемлекеті құрылды. Сингапур тәуелсіздік
алды. 1946 ж. Филиппин саяси тәуелсіздікке жетті. Қазіргі кезде тагаларың
жетекшілігімен бірқатар этникалық қауымдастықтардың жақындасуы жүріп жатқан
Филиппиннің орталық аймақтарында неғұрлым ірі этникалық процестер дамып
келеді. Монголоидтар Бирмаға б.э.д. ІІІ мың жылдың өзінде-ақ қоныстана
бастады, әрі олар бірнеше толқынмен келді. Таиландтың ең ежелгі тұрғындары
шын мәнісінде монхмер тілдерінде сөйлейтін халықтар болды. Біздің эрамызға
дейін-ақ, Таиландқа тай ( сиам, лао ) және басқа тілдік топтағы халықтар
келіп қоныстана бастап, едәуір мөлшерде бұрынғы халықпен ассимиляцияға
түсті. Елдің көптеген басқа этникалық топтарына, әсіресе тілдері жағынан
туыс топтарға едәуір әсерін тигізген Орталық Таиландтағы таилардың
этникалық қатынастары барынша нығайды. Лаостың ең ежелгі халқының қандай
болғанын ғылым әлі анықтап болға жоқ. Б.э.д. І мың жылдың екінші жартысында
оның территориясына лао мен таулық таи халықтарының ата-бабалары жылжып
келе бастағаны белгілі. Этникалық миграция процестері ұзақ уақытқа
созылады. Лаоста мемлекеттің қалыптасуы ХІІ ғасырға жатады. Елдегі ең ірі
этникалық топ- лао ХІV ғасырға қарай тәуелсіздіктері үшін кхмерлермен
болған күресте нығая түсті және өздерінің алғашқы, біршама
орталықтандырылған феодалдық мемлекеттерін құрды. Вьетнамның ең ежелгі
этникалық тарихы әлі де жеткілікті зерттелген жоқ. Кейбір деректер бойынша
кейінгі палеолит дәуірінде оның солтүстігінде оңтүстік монголоид типті
халық топтары мекендеді деген қорытынды жасауға болады. Алайда бұл жорамал
нақты мәлметтермен әлі жеткілікті дәлелденген жоқ. Вьетнам территориясының
үлкен бөлігі, сондай-ақ Үнді-қытай түбегінің бүкіл шығысына өте ежелгі ведд-
австролоидтар қоныстанған еді, оларды біртіндеп оңтүстік монголоидтар
ығыстырды. Х ғасырда вьеттерде орталықтандырылған феодалдық мемлекет
қалыптасады. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Вьетнам Үнді-қытай түбегінің
шығыс бөлігіндегі басқа да елдер сияқты, Францияның отарлық экспедициясының
объектісі болды. Вьетнамда отарлық режим орнасымен-ақ, бірден Вьетнам
халқының ұлт-азаттық күресі кеңінен өріс алып, 1945ж. август революциясының
барысында Вьетнам Демократиялық республикасын жариялаумен аяқталды. Алайда
бүкіл ел Вьетнам Социалистік Республикасының шеңберіне толық топасқанша
империализмге қарсы ұзақ жылдар бойы күрес жүргізуге тура келді. Үнді-қытай
түбегінде Бирма Социалистік республикасы Одағы (32,57 млн. адам), Таиланд
корольдығы (46 млн), Лаос Халық-Демократиялық республикасы (37 млн),
Вьетнам Социалистік республикасы (53 млн. астам), Кампучия Халық
республикасы (4,5 млн ) жатыр. Малакка түбегінің үлкен бөлігі мен
Калимантан аралының шығысын Малайзия федерациясы (13,5 млн.) алады.
Оңтүстік-Шығыс Азия халықтары сино-тибет семьясы тілдерінде (қытай және
тибет-бирма топтарын қоса; тай тілдері семьясы; австроазия австронезия
семьясы тілдерінде және белгілі бір семьяға жататындығы әлі анықталып
болмаған кейбір тілдерде сөйлейді. Таиландта тай семьясы тілдерінде сиам
(кхнотай), лао, шан, лы, кюн, фуан және басқалары сөйлейді. Австроазия
семьясына мон тармағы – мон , лава тілдері және кхмер тармағына – куи
,чонг, калонг, сенои, семонг тілдері жатады. Лаоста 30-дан астам этникалық
топ тұрады. Тай тармағының лао-тхай тобына республика халқының 60%-дан
астамын құрайтын лао халқы, тхай, лы және басқалары жатады. Вьетнамның
тілдік және ұлттық құрамы әр түрлі. Оның халқының 35 бөлігі вьетнам
тілінде сөйлейді. Кампучия халықтары Үндіқытай түбегінің басқа елдеріне
қарағанда этникалық құрамы жағынан неғұрлым бірыңғай. Оның үлкен бөлігін
мон-кхмер тобының кхмер тілінде сөйлейтін кхмерлер құрайды. Таулық
кхмерлерде осы топқа жатады. Елде сондай-ақ вьетнам, малай, тям, лао, үнді
және бірнеше ұсақ этнографиялық топтар тұрады. Малайзия халқы негізінен
малай (индонезиялық) тілдерінде сөйлейтін халықтардан тұрады. Олардың ең
көптері малайлықтардың әр түрлі топтары. Индонезия халқы – көбіне
республика халқының басым бөлігін құрайтын және малай-полинезия тілдері
семьясының малай тармағының тілдерінде сөйлейтін индонезиялықтар. Алайда
бұл халықтар бірыңғай этникалық тұтастықты құрай алмайды, керісінше тілі
жағынан туыстас бірқатар халықтарға бөлініп кетеді. Жалпы мемлекеттік тіл –
бахаса индонесиа тілі, бірақ оны барлық халық әлі біле бермейді. Индонезия
халықтарының ішіндегі ең ірісі – явалықтар. Оған жақын – Батыс Ява суналары
мен Яваның шығысы мен Мадуар аралында тұратын мадуарлықтар. Явада сондай-ақ
тенгтер және басқа ұсақ тау тайпалары мекендейді. Индонезияның көптеген
аралдарында, әсіресе қалаларда едәуір қытайлар – саудагерлер мен өсімқорлар
тұрады. Индонезия тілдерінде негізінен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азия-Тынық мұхиты аймағындағы қауіпсіздік мәселесі және Қытайдың позициясы
ЕУРАЗИЯНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ. ЕУРАЗИЯ МАТЕРИГІНІҢ АЙМАҚТАРЫНА СИПАТТАМА
Шетелдік Азия халықтарына этнодемографиялық сипаттама
ШЫҒЫС АЗИЯНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі рекреациялық туризмнің дамуы
Оңтүстік Шығыс елдерінің экономикалық жетістіктерге жету жолдары мен міндеттері
Шетелдік Азия халықтарының өсу динамикасы
Оңтүстік Батыс Азия
Шетелдік Азияның халқы
Орта Азия табиғи-географиялық өлкесі және оның аймағы, шекаралары
Пәндер