Қазақстандағы билікті жүргізу жолдары


Қазақстандағы билікті жүргізу жолдары
Біздің мемлекетіміз жас, керегесін тіктеп, қанатын енді қатайтып келеді. 70 жылдан астам уақыт бойы кеңестік әкімшілдік-әмірлік, тоталитарлық жүйенің шырмауында болып, бодандық қамытынан арылғанымыз кеше ғана десек болады. Барлық шаруа бірден өз бетімен шешіліп, тап-тұйнақтай болады дей салу әсте асығыс пікір деп ойлаймын. Олай дейтін себебім, мемлекеттік тілдің қанатының кең жайылуына Елбасы Н. Назарбаев тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап зор еңбек жасап келеді. Өзіңіз білесіз: біздің еліміздің демографиялық жағдайы, ең бастысы әлеуметтік-экономикалық жағдайы ә дегеннен тіл мәселесін ту етіп көтеріп, ұрандатуға мүмкіндік берген жоқ. “Көш жүре түзеледі” демекші, бастысы экономика, халықтың әл-ауқаты, басқа шаруа сонан соң деген Елбасының сарабдал саясаты мұндай күрделі мәселені шешуде тым асығыстық пен біржақты қызбалылыққа жол бермеді. Одақ ыдырағаннан соң бір¬қатар мемлекеттер тіл мәселесін төтесінен шешуге талпынды. Одан не шықты, олардағы жағдайдың қалай ушыққаны қазір белгілі емес пе?
“Егемен Қазақстан” газетінің 31 мамыр күнгі нөмірінде Президент Н. Назарбаевтың Жарлығы шықты. Аталған құжатта ”Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы №550 Жарлығына елеулі толықтырулар енгізілген. Жарлықты оқығанда ойыңызға не келді?
Дер кезінде шыққан, аса қажет құжат деп ойлаймын. Шынымды айтсам, аталған Жарлық көптің көкейіндегі ойды дөп басып, тың серпіліске жол ашады деп түсінемін. Олай дейтін себебім, тіл мәселесі талайдан бері сөз болып келеді ғой. Жоғарыдағы сөзімде, Елбасының мемлекеттік тілдің мәртебе алуына, оның қолданылуы мен дамуына қатысты “жеті рет өлшеп, бір рет кес” деп атам қазақ айтқан нақыл сөзді өзіне салиқалы саясат ретінде ұстағанын тілге тиек етіп өттім.
Елбасының көрегендігі сонда: мұндай нәзік нәрсені кезең-кезеңімен шешуге бағыт ұстанды; жағдайды дұрыстап, экономиканы тұрақтандырып, даму тізгінін қолға мықтап ұстамайынша асығыстыққа жол берген жоқ. Сол саясаттың арқасында халықтың әл-ауқаты күшейді. Қазір 90-шы жылдардың басындағы тоқыраудан шықтық, енді елімізді мекен етіп отырған ұлт пен ұлыс өкілдерінің бәрі мемлекеттік тілдің қажеттілігі мен қолданылуына ешқандай қарсылық білдіріп отырған жоқ. Қазақстан ішкі саяси тұрақтылықты сақтап отырған бірден бір мемлекет, біздегі басқа ұлт өкілдері мемле¬кеттік тілді меңгеруге түсіністікпен қарауда, себебі мемлекеттік тіл көп ұлтты Қазақстан халқын ұйымдастырушы, біріктіруші және іргелі істерге жұмылдырушы тіл болғалы отыр. Бұл туралы Елбасы былтырғы Жолдауында да айрықша айтқан.
Мына Жарлықта “мемлекеттік тіл бірқатар мемлекеттік басқару органдарында қолданылмайды немесе мардымсыз қолданылады” деген жолдар бар. Мемлекеттік тілдің кеңінен қолданылмай отырғанына не нәрсе кедергі? Мемлекеттік тілді жүргізу үшін не істеу керек?
Қазақ тілі - бай тіл. Оған біз ана тіліміз деп қараймыз. “Ел боламын десең бесігіңді түзе” деген қазақ. Ендеше, тілімізді құрметтейміз десек, осындай бай тілді мемлекеттік іс қағаздарын жүргізуге, оңтайлы пайдалануға кезек келді. Менің ойымша, мәселені мектептен бастауымыз керек. Демек, ең басты шаруа мұғалімге келіп тіреледі. Қазір бізде мықты мұғалімдерді шертіп-шертіп таңдап алатындай мүмкіндік бар ма? Жоқ. Неге?
Мұғалімнің жағдайы нашар. Айлығы жетісіп тұрған жоқ. Мұғалім мықты болуы үшін оған жақсы төлеу керек. Баяғыда ауылда кім беделді еді? Мұғалім. Тіпті ұят болады деп мұғалімге мал да ұстатпайтын. Ендігі кезекте, мұғалімнің әлеуметтік жағдайын көтеру керек.
Бұрын тіл қадірлі болды. Мұғалімдер даярлайтын оқу орындарына түсу үшін талас қандай еді? Педагогикалық институттарды бітірген мұғалімдер қазақ тілінің абыройын арттырды.
Тіл мәселесін болашақта түбегейлі шешеміз десек бірыңғай қазақ тілімен айналысатын жоғары оқу орнын ашу керек, мейлі ол университет болар немесе тілдерді зерттеудің ғылыми орталығы болар. Оған түсушілерді грантпен оқыту керек. Бұл мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеретін шара.
Сосын бір айтар нәрсе: бізде тіл үйренушілер аз емес. Осы азаматтар бас-аяғы бес-алты айда ағылшын, қытай тілдерін игеруге тырысады. Ал қазақ тіліне келгенде іс жауыр.
Қанша оқыттық, үйреттік дегенмен нәтиже болмаса, бәрі бекер бос сөз күйінде қалады. Тағы бір мәселе - методология дұрыс болуы керек. Оған қомақты қаржы бөлу қажет. Шетелден енген сөздің бәрін оңды-солды қазақшалап, тілді жасанды сөздермен қолдан қиындатудың да қажеті жоқ. Ата Заңымыздың 7-бабында мемлекеттік тіл - қазақ тілі деп бадырайтып тұрып жазылған. Тіл туралы заңнамалар да бар. Бірақ та, әлі күнге дейін бұл мәселеде қара жаяу болып келеміз. Яғни, мемлекеттік тілді қолдану мен дамыту мәселесінде тиісті органдар тарапынан тегеурінді іс-қимыл жоқ.
Рас, бірқатар мемлекеттік органдарда мемлекеттік тіл өз мәнінде қолданылмай¬ды. Оның басты себебі нормативтік-құқықтық актілердің дені ресми тілде әзірленетіндігінде болса керек. Енді Елбасы Жарлығы бойынша нормативтік-құқықтық актілер, лауазымды тұлғалардың сөйлейтін сөздері, қызмет бабында пайдалануға арналған құжаттар ең алдымен мемлекеттік тілде дайындалатын болады. Бұл тіл мәселесіндегі күні бүгінге дейін шешілмей келе жатқан олқылықтың орнын толтырары сөзсіз.
Мемлекеттік органдардың іс жүргізуін, есептік-статистикалық, қаржылық және техникалық құжатнаманы 2010 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөнінде Жарлықта нақты мерзімдер белгіленген. Оның ішінде Сіз басқарып отырған Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі мемлекеттік тілге 2007 жылы көшуі керек. Оған алты-ақ ай қалды. Бұған мүмкіндіктеріңіз бар ма?
Толық мүмкіндік бар. Біз ең бастысы Конституция талабын, сосын мемлекет басшысының Жарлықтары мен заңнамалық бастамаларын бұлжытпай орындауға тиістіміз. Жарлық талқыланбайды. Ол орындалуы тиіс. Бұл істе ұрандатудың, алаулатып-жалаулатудың қажеті жоқ. Бәрін біртін-біртін ретіне қарай атқара беру керек. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің бірқатар аумақтық басқарма¬ларында, атап айтқанда Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында іс қағаздары мемлекеттік тілде жүргізіледі. Іс тетігі - білікті кадрларда демекші, ендеше осы облыстардағы істің көзін білетін, қабілетті, білікті кадрларды республика деңгейіндегі қызметке тарту керек.
Мемлекеттік тілді еркін меңгерген мемлекеттік қызметшілерге әлеуметтік жағдайлар жасау керек. Бастысы, қызмет пәтерімен қамтамасыз ету сияқты әлеуметтік қолдау шаралары кеңінен жүргізілсе. Мемлекеттік тілдің қолданылуын кеңейту үшін қазақша жақсы білетін кадрларды мемлекеттік басқару, атқару буындарына тарта беру керек. Сонда олардың қызмет бабымен жоғарылап өсіп жатқанын көрген басқа әріптестері ойланады.
Қазір біздің агенттік Президенттік жобаны дайындауда. Жарлық бойынша саяси қызметшілер ротациялауға түседі. Осы тәсілді пайдаланып қазақы аймақтарда іс-қағаздарды дайындайтын шертілген мамандарды 1-2 жылда орталық органдарға әкелу қажет. Олар осы істің ұйытқысы болар еді. Ал, орталықта жүрген жас, келешегінен мол үміт күттіретін, шетелдерде оқыған мамандарды 1-2 жылға елге жіберу қажет деп ойлаймын.
Олар бір жағынан тілді меңгереді, екінші жағынан елдің жағдайын біліп қайтады. Бір-екі жылда кез келген қызметкер қазақшаға әбден төселіп алатыны сөзсіз. Сосын оларды республика көлеміндегі кез келген мемлекеттік қыз¬метке қайта тартуға болады.
Орайы келгенде айта кетейін, біз мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілді қаншалықты дәрежеде білетіндігін дәл анықтау үшін оларды аттестациялаудан өткізуді ұйғарып отырмыз. Бұл үшін арнайы жұмыс тобы құрылды.
Тағы бір өзекті мәселе. Осы уақытқа дейін көптеген жерлерде тест сынақтарына орысша жауап беру орын алып келгені жасырын емес. Өйткені, біздегі заңнамалық құжаттардың дені негізінен алғанда ресми тілде дайындалып келді. Енді басымдық біртін-біртін мемлекеттік тілге беріле бастайды. Сондықтан да тиісті сынақтарды мемлекеттік тілде тапсырту мәселесін дереу қолға алып жатырмыз. Тест жүргізу бағдарламаларының жаңа нұсқалары әзірленіп жатыр. Оның ішінде мемлекеттік тілді білуге арналған тест тапсырмалары әзірле¬ніп болып қалды. Компьютерлік бағдарламалар толық дайын. Осы ретте Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті “Қазақша TOEFL” тілді меңгеру деңгейін объективті бағалау жүйесін жасауды жоспарлап отырғанын баса айту керек. Бұл жүйе дайындалып біткен жағдайда біздің агенттіктің тестілеу бағдарламасына дереу енгізіледі.
Егерде, бұл шаралардан нәтиже шығарамыз десек, саяси қызметкерлерге қатаң талап қойылуы керек.
Бүгінгі таңда мемлекеттік тілді білу - мемлекеттік қызметкерлердің ең басты біліктілік талабына айнала бастады. Қазір мұндай талап қойылатын лауазымдар саны күн өткен сайын артып келеді. Қазір жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлердің бірсыпырасы қазақша сөйлей бастады. Сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев қазір қандай сөйлейді. Мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаев, Қайрат Келімбетов, Гүлжан Қарағұсовалар бар ынты-шынтысын салып, тілді үйреніп жатыр. Біз өзі намысшыл халықпыз. Біреу итің жаман десе де намыстанып қаламыз. Тіл білетін қазақ - намысшыл.
Тіл білмейтін қазақ одан да намысшыл. Оларды тіл білмедің деп шетке итермеу керек. Қайта бауырға тарту керек. Бізге көп тіл білгеннің артықтығы жоқ. Күні ертең Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына кіргелі отырмыз. Осы ретте бізге қазақ, орыс, ағылшын, тіпті қытай тілін де мықтап меңгеріп алу керек. Әлемдік бәсекеге түскелі жатырмыз. Домбыраны шерткендей, біздің мықты мамандарымызды да мемлекет ісіне шертіп-шертіп таңдап аларда олардың бірнеше тілді еркін меңгергеніне артықшылық беріліп тұруы тиіс.
Осы бізде неше түрлі семинар, конференция дегендер өтіп жатады.
Мемлекеттік тілді оқып-үйренуге бағытталған кез келген іс-әрекетті құптау керек. Жақында тіл мәселесін талқылаған үлкен семинар өтті. Өте пайдалы жиын. Мен қатыстым.
Көп ой түйдім. Әрине, тіл мәселесіне келгенде бәріміздің де қанымыз қызады. Амангелді Айталы, Мұхтар Шаханов сияқты ағаларымыздың болғаны, ортақ іске қозғау салғаны керек. Ондай кісілер болмаса, “әй, қойшы” деп жүре беруіміз де мүмкін… Біз, қазақтар, орыс тілін басқа ұлттарға қарағанда жақсы меңгердік. Өзбек те, тәжік те, түркімен де біз сияқты таза білмейді. Біздің халықтың қасиетінен бұл. Қабілеті жақсы. Соның арқасы. Осыны жоғалтпау керек. Орыс тілі Біріккен Ұлттар Ұйымындағы алтыншы жұмыс тілі. Оны да ұмытпау керек. Кезінде Малайзияда бәрі ағылшынша жақсы білді. Малай тілін дамытайық деп ағылшыншаны біраз уақыт қалдырып алды. Одан не болды? Бәрін де қайта бастауға тура келіп жатыр. Сондай болмау керек. Абай - қазақтың данышпаны. О кісі де балаларын Петербургке жіберіп орысша оқытты ғой. Орыс тілін біл деп аталы сөз айтты.
Жарлықтың өзекті болып отырғандығы да сонда: енді іс қағаздары жоғарыдан төменге, төменнен жоғарыға орысша жөнелтіле бермеуі керек. Министрліктер мен ведомстволарға келетін құжаттар, олардан кететін құжаттар бірыңғай мемлекеттік тілде рәсімделуі тиіс.
Ал бізде бәрі ресми тілде дайындалады да, бірқатары қазақ тіліне аударылады. Ол көзбояушылыққа жатады. Тіпті кейбір орталық органдарда іс-қағаздарын мемлекеттік тілде дайындайтын мамандар аз, жоқ десек те болады. Аудармамен әлек болып отыр.
Президент мемлекеттік қызметшілер қатарын өте жауапты бір қызметпен - статс-хатшы қызметін енгізу арқылы толықтырып отыр. Сіздің ойыңызша, статс-хатшы қызметіне бірінші кезекте кімдер алынуы тиіс? Және бұл қызметке алынатындардың негізгі біліктілік өлшемі мемлекеттік тілді білу деңгейі болса, несі айып?
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz