Ахмет Байтұрсынұлының өмірі


Жоспар
Кіріспе . . .
- Ахмет Байтұрсынұлының өмірі . . .
- А. Байтұрсынұлының ағартушылық жолы . . .
- Қазақ газеті және саяси ойлар . . .
- Қараңғылықтан шығу жол . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер . . .
Кіріспе
Ахмет Байтұрсынов - ұлттық тарихымызда ешкіммен салыстыруға болмайтын ерекше тұлға.
Бәлкім, біреулерге бұл орынсыз тамсану боп көрінер. Оған дейін де бұл далада Фараби, Иасауи, Қоркыт, Асан кайғы, Ыбырай. Шоқан, Абайлар да өтті ғой десер.
Ол рас. Бірақ, Ахмет Байтұрсынов оларға ұқсайды да, жасамайды да. Ұқсайтыны: ол да аталмыш алыптар сияқты. Ұлттық дамуымыздың үрдісі мен қарқыны калған дүниедегі даму үрдісі мен қарқынына сәйкес келмей кенде қалып, көрер көзге тығырыққа тірелген халқына адастырмас жол іздеді.
Ұқсамайтыны: Ахмет Байтұрсынов ондай жол Қорқыт пен Асан Қайғыдай үйреншікті үрдісті аман сақтап қалатындай жаңа қоныс іздеумен табылады деп түсінбеді; Фараби мен Иасауидей өз тұсындағы кең жайылған антикалық немесе исламдық дүниетанымға уақытылы көшу аркылы барлық мәселені шешуге болады деп ұқпады; Абай, Шоқан, Ыбырайлардай тендікке жетудің жолында тек ағартушылықпен шектелгісі келмеді. Оның үстіне, бұлардың ешқайсысын да Ахмет Байтұрсыновтың рухани қалыптасуына тікелей әсер етті деу тым асыра айтқандық болар еді. Ол кезде жұрттың көбі Фараби мен Иасауидің заты түгілі, атына қанық емес еді.
Шоқан Уәлихановтың атына қанық қазақ окығандары еңбектерімен соншалықты таныс емес еді. Ал, Абайдың атына да, затына да Байтұрсынов тым беріде, өз тандауын жасап, сол үшін айыпты боп, Семейге ауып барған кезде қанығыпты. Ал бала жасынан жақсы білетін Ыбырай өнегесінін жаңа кезең жағдайында жеткіліксіз екендігіне бастапқы жылдары-ақ көзін жеткізіп үлгерген-ді.
Біз бұл арқылы рухани дамуымыздың ойдағыдай өрістеп кете алмауының себебі тарихи сабақтастықтың қайта-қайта үзіліп қала беретіндігінен, соныңсалдарынан әрдайым тыңнан бастап, өткендер біліп үлгерген ақиқатқа қайтадан өз күшіңмен жетуге тура келетіндігінен, сөйтіп, көп күш-жігердін босқа сарп болатындығынан екенін айтқымыз келеді. Алайда, бұдан Ахмет Байтұрсынов алдыңғылар салған соқпақты қайта шиырлап шықты деген қорытынды тумаса керек. Ол - ешқандай атланттардың иығына шықпай-ақ, бұрынғылардың көздеріне іліге қоймаған соны көкжиек-терге көз жеткізе білген, көргең Ол, бар болғаны алты-ақ жыл оқыпты, Екі жылын Торғайда, төрт жылын Орын-борда оқыпты. Екеуінде де өз заманының интеллектілік өрісін толықтаныта алған ордалы оқу орнын, өнегелі ұстаз-дар ортасын көре алмапты. Ендеше, Ахмет Байтұрсыновтың ендігі тағдыры қыл үстінде тұрған халқының қамын ойлап, жанкешті жолға түсу мен азаматтық кемелділіктін, мұншама шырқау биігіне көтерілуінің сырын тек тумысынан ерек қабілет пен абзал жүрекке ие азаматтың айрықша ыждақаты мен мігірсіз ізденістерінен іздегеніміз орынды. Ол бір басының тәуекелімен бүкіл бір ұлттың тәуекелінің түгел оянуына түрткі болды. Бір өлеңінде ол: «Оқ тиіп он үшімде ой түсіріп, бітпейтін жүрегімде бар бір жарам, алданып жегеніме оны ұмытсам, болғандай жегенімнің бәрі харам», - деп жазды.
1. Ахмет Байтұрсыновтың өмірі
(1873-1937)
Қазақ тіл білімінің іргетасын қалаушы ғалым, Ыбырай Алтынсариннен кейінгі еңбегі ерекше ағартушы-педагог, сөз құдіретін танытқан тамаша ақын, қазақ баспасөз тілінің ұлттық үлгісін керсеткен талантты публицист, туған халқының рухани дүниесін көтеруге көп күш жұмсаған мәдениет қайраткері, еліне адал қызмет еткен ірі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы 28 қаңтарда сол кездегі Торғай уезіне қарасты Тосын болысының 5-ші аулыңда, Сарытүбек деген жерде (қазіргі Қостанай облысы, Торғай ауданы, күні кешеге дейін «Южный» деп аталған, ал бұл күнде Ахмет Байтұрсынов атындағы совхоз орналасқан жерде) дүниеге келген. Әкесі - қарапайым шаруа адамы Байтұрсын Шошақ баласы арғын
Үмбетей батырдың немересі. Шошақтың төрт ұлы болған. Олар: Байтұрсын, Ақтас, Ерғазы, Данияр. Бұлар жаратылысынан қажырлы, намысқор адамдар болғанға ұқсайды. Сондыктан болар, Байтұрсын жергілікті әкімдермен көп сыйыса бермейді, тіпті уезд басындағы билеушілердің зорлық-зомбылығына көнбейтіндігін көрсетеді.
Сол үшін уезд басыңдағы полковник Яковлев 1885 жылдың қазан айының 12-сінде Жыңғылдының бойында отырған Шошақ аулына келіп, ағайынды Ақтас пен Байтұрсынды ұстамақ болады. Сол сәтте ауылда болмай шыққан Ақтасты «тауып бермедіңдер», деп елге ойран салады, әйел; бала-шағаға дейін сабап, бастарына қамшы үйіреді.
Ояз бен оның әскерінің бұл бассыздығына шыдай алмаған Байтұрсын Яковлевтің өзін атынан аударып алып, қамшының астына алады, нөкерлері ауылдан қуып шығады. Көп ұзамай ауылға жазалаушы отряд шығып, ауылды өртеп, мал-мүлкін талап, бала-шағаны шулатып, еркектерді ұрып-соғып, ағайынды Ақтас пен Байтұрсынды, Ерғазыны ұстап алып кетеді. Оларды Қазаннан келген Әскери сот соттайды. Байтұрсын мен Ақтас бірқатар туыстарымен 15 жылға Сібірге каторгіге айдалады.
Ақтас пен Байтұрсынның балаларын Шошақтың үшінші ұлы Ерғазы қамқорлығына алады: Ақтастың баласы Аспандняр мен Байтұрсынның, баласы Ахметті Торғайдағы екі кластық орыс-қазақ училищесіне беріп оқытады. Бұған дейін Ахмет ауылдың мұсылманша сауатты адамдарынан хат таниды. Училищені ол 1891 жылы бітіреді.
Әкесі мен Ақтас ағасы айдауда жүрген (олар елге 17 жылдан кейін оралады), қамқоршы ағасы Ерғазы көп ұзамай қайтыс болған кезеңде өмірдің біраз тауқыметін тартады. Соған қарамастан әрі қарай оқуды армандайды. Осы мақсатпен ол жаяулап-жалпылап, оқу іздеп, Орынборға барады. Онда Ыбырай Алтынсарин салдырған мұғалімдер даярлайтын оқу орнына - «Учительская школа» дегенге түседі. Мұнда төрт жыл оқып, 1895 жылы бітіреді. Бітірісімен ағартушылық ісіне кіріседі.
2. Ахмет Байтұрсыновтың ағартушылық жолы
А. Байтұрсыновтың еңбек жолын ағартушылықтан бастауының үлкен мәні бар. Өткен ғасырдың соңы мен үстіміздегі ғасырдың бас кезінде қазақ интеллигенциясы қалыптаса бастағаны мәлім. Петербург, Омбы, Қазан, Уфа, Орынбор, Троицк т. б. қалаларда оқып, мұсылманша немесе орысша білім алған қазақ жастары шыға бастады.
Ахмет Байтұрсыновтың ез тілімен айтқанда, «байға мал, оқығанға шен мақсат боп, жұрттың қамын ойлайтын адам аз боп» тұрғанда, оқу-білімнен кенде қараңғы қазақ қауымының сауатын ашып, білім беру жолын қалап алғандардың бірі, бірі ғана емес, бірегейі Ахмет Байтұрсынов еді. Ағартушылық ісі сол кезеңдегі қазақтың әлеуметтік тіршілігінде ең қажет, ең игілікті әрекет болатын.
1895-1909 жылдарда А. Байтұрсынов Қостанай, Ақтөбе, Қарқаралы уездерінде ауылдық, болыстық мектептерде бала оқытады, екі кластық училищелерде сабақ береді. Бұл жылдардың ішінде А. Байтұрсынов Қостанайдан Омбыға барып, қазақ халқының тарихын, этнографиясын, фольклорын, тілін зерттеуші А. Е. Алекторовпен танысады.
Мұхтар Әуезовтің жазғанына қарағанда, оның бұл танысуы қазақ халқын оқу-білімге тарту жөніндегі миссионерлердің ниет-пиғылдарын жақын білуіне көмектеседі, соның нәтижесінде өзінің бұл мәселедегі көзқарасы мен мақсатын айқындай түседі.
Қарқаралыда қызмет еткен жылдарында А. Байтұрсынов саясатпен де айналысады. Мұнда ол патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы революциялық козғалысқа қатысады, «қазақтың елдігін сөйлей бастайды», яғни 1905 жылы бір топ қазақ зиялылары болып, патша үкіметінің жоғарғы басқару орнына хат жолдайды. Онда қазақ халқына әлеуметтік теңдік берілуін, жер мәселесінде қазақтардың мүддесі көзделуін, қазақ даласында оқу-ағарту ісін жолға қою керектігін талап етеді.
Отаршылдыққа қарсы күресі үшін А. Байтұрсынов 1907 жылы Қарқаралы түрмесінде біраз отырып шығады.
Ал 1909 жылы 1 шілдеде оны Семей губернаторы Тройницкийдің жарлығымен тұтқынға алып, әуелі Қарқаралы түрмесіне, кейін Семей түрмесіне қамайды. Оны түрмеде ешбір тергеусіз сегіз ай бойы ұстап, ақырында 1910 жылдың 21 ақпанында екі жылға туған жері топырағынан кетуге ұйғарылады, яғни жер аударылады.
3. Қазақ газеті және саяси ойлар
1910 жылдың 9 наурызында Орынборға келіп, 1917 жылдың соңына дейін сонда қызмет етеді. Уфадағы «Ғалия» медресесінде оқып жүрген қазақ жастарының, Мұхтар Әуезовтің сөзімен айтқанда, «қазақтың ерте оянған тобының» инициативасымен, елден қаржы жиналып, 1913 жылы «Қазақ» атты газет шығару ұйғарылады.
Сөйтіп бұл газет Ахмет Байтұрсыновтың басшылығымен 1913 жылдық басынан 1917 жылдың соңғы айларына дейін басылып шығады.
Бес жылдай уақыт өз қаражатымен, сол кезең үшін үлкен тиражбен (8000 дана) шығып тұрған «Қазақ» газеті ең алдымен қазақ халқының ұлттық азаттығы мен мәдени-әлеуметтік, дамуы үшін күрескен және қазақ қоғамының мүдделерін көздейтін мәселелер көтеріп, оларға әлеуметтік үн беріп отырды.
Газет әсіресе тіл мәселесін бірінші орынға қойды. Қазақ тілін сақтап әрі қарай дамыту керектігін, ол үшін қазақ балалары сауатын ана тілінде ашып, ана тілінде оқу керектігін, ұлт мектептеріндегі оқу-тәрбие ісін дұрыс жолға қою қажеттігін жиі жазды.
Патша үкіметінің өз қол астындағы халықтарға қатысты саясатына, әкімшілік тәртіптеріне қарсы пікір айтып, шындықты жазғаны үшін жергілікті үкімет орындары тарапынан бұл газетке бірнеше рет айыппұл салынады, редакторы түрмеге жабылады.
Әрине, бұл газет өзінің бес жылдық өмірінің ішінде бастан-аяқ біркелкі бағытта болған жоқ, оның беттерінде әрдайым прогрессивтік, демократтық сипаттағы материалдар ғана орын алып қойған жоқ.
Дегенмен әр құбылысты, әр нәрсені қазіргі өлшеммен емес, өз кезеңіндегі мән-маңызына қарап бағдарласақ, «Қазақ» газетінің халқымыздың мәдениет тарихында елеулі орын алуға тиіс екендігі көрінеді. Онын үстіне, тілі мен стилі жағынан бұл газет - революцияға дейінгі қазақ баспасөзінің ішіңде ең бір жақсы үлгісінің бірі, ол әсіресе қазақ әдеби тілінің нормаларын қалыптастырып, таза сақтап отырған, қазақ публицистика стилін жетілдіре түсті.
А. Байтұрсынов 1917 жылдың соңында газеттен кетіп, осы кезден бастап 1919 жылдың науырызына дейін «Алаш» партиясының жұмысына араласады, «Алашорда» атты уақытша халық кеңесінің (үкіметінің) оқулықтар жазу жөніндегі Комиссиясының құрамында қызмет етеді.
«Алаш» - жылдың орта тұсында құрылып, 1920 жылдың орта шенінде тараған ұйым болатын. Ұлттық буржуазиялық идеологияны негізге алған бұл партияның алғашқы кезеңдегі платформасы ұлттық даму, яғни теңдікке оқу-білім арқылы, халықтың мәдениетін көтеру арқылы жетуге болады деп танып, осы майданда ширек ғасырдай аянбай тер төгіп, еңбек етіп келе жатқан Байтұрсынов сияқты адамды елеңдетпей тұра алмады.
«Алашқа» қызмет ете жүріп, ол өзге партиялардың да ұстанған бағыттары мен көздейтін мақсаттарына үңіледі, оны қазақ халқы үшін қайсысының бағдарламасы қолайлы деген ой толғандырады, шешуші жолдарын іздестіреді.
4. Қараңғылықтан шығу жол
Ол қоғамдық жұмыстарға араласа жүріп, оқытушылық, ұстаздық қызметін тоқтатпаған.
Ол 1921 - І926 жылдары Орынбордағы Қазақтың халық ағарту институты деп аталатын оқу орнында, 1926-1928 жылдары Ташкенттегі Қазақ педагогика иститутында, қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ береді. Бұдан кейін де Ахмет Байтұрсынов Қазақ мемлекеттік Униварситетінде, Абай атындағы педагогикалық институтта сабақ берген.
А. Байтұрсынов оқу-ағарту ісін өзінің азаматтық міндеті деп санаған. Ол 1911 жылдың өзінде:
Ызыңдап ұшқан мынау біздің маса,
Сап-сары аяқтары ұзын маса.
Өзіне біткен түрі өзгерілмес,
Дегенмен қара я қызыл маса.
Үстіне ұйықтағанның айнала ұшып,
Қаққы жеп, қанаттары бұзылғанша.
Ұйқысын анда-санда бөлмес пе екен,
Қоймастан құлағына ызыңдаса, -
деп, білім-ғылымнан кенже қалған, мал бағып марғау жатқан қазақ халқын сол қараңғылықтан маса болып ызыңдап оятып, алып шығуды күрес жолының мақсаты етіп қояды.
Бұл мақсатын өлеңдерінде де, публицистикалық мақалаларында да бейнелі тілмен жақсы білдіреді: «надандық, өнерсіздік ата жолдасымыз болған соң, олжалы жерде үлестен қағылғанымыз, ордалы жерде орыннан қағылғанымыз, жоралы жерде жолдан қағылғанымыз, жоралы жерде жолдан қағылғанымыз - бәрі надандық кесапаты» деп тіпті батыра айтады.
Оның қазақтар үшін өз алфавитін жасау әрекетіне де, тілін зерттеп оқулықтар жазуына да, тыңнан жол салып, бай терминология дүниесін жасауына да, тіпті қоғамдық - әкімшілік істеріне араласуына да алып келген - өз діттеген ағартушылық мақсаты деуге болады.
А. Байтұрсынов, біріншіден, қазақ тілінің әлеппсі мен оқулықтарының авторы, жаңашыл ағартушы. Екіншіден, араб графикасына негізделген қазақ жазуының реформаторы.
А. Байтұрсынов - қазақ тілін зерттеуші. А. Байтұрсынов 1985 жыл мұғалімдер даярлайтын мектепті бітірісімен бала оқыту ісін қолға алып, 13-14 жыл бойы ауылдық, болыстық бастауыш мектептер мен 5-6 жылдық екі кластық училищелерінде мұғалім бола жүріп оларға қажетті жағдайлардың жайын ойлайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz