Ақтан батыр
Қазақ тарихында батырлық жыр-дастандар мен тарихи аңыз-әңгімелердің ең көп пайда болған дәуіріне XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың бірінші жартысы аралығын қамтыған 150 жылдай уақыт жатады. Осы кезеңнің бірінші бөлігі – жоңғарларға қарсы күреспен айрықшаланып, ол кезең өз кезегінде атақты Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Есет, Тайлақ,Саурық және тағы басқа көптеген қолбасшы – батырларды дүниеге келтіргені белгілі. Ал екінші бөлікке жоңғарларға қарсы күрестен кейінгі – Ресей отаршылдығы мен езгісіне, ортаазиялық Қоқан, Бұхар, Хиуа хандықтарының озбырлықтарына, басқыншылықтарына, тонаушылықтарына қарсы болған көтерілістер, ұлт-азаттық қозғалыстар кезеңі жатады.Уақыт жағынан алғанда бұл кезеңге XVIII ғасырдың 70-ші жылдары мен XIX ғасырдың 60-шы жылдары аралығы сай келеді. Осы кезеңде де қазақ халқы өз ортасынан тарихи тұлғалардың, әсіресе батырлардың көп шоғырын тарих төріне шығарады. Саржан, Кенесары, Наурызбай секілді хан-сұлтандар, Сырым Датұлы, Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы, Жоламан Тіленшіұлы, Есет Көтібарұлы, Жанқожа Нұрмұхамедұлы секілді батырлар мен билер - осы қиын-қыстау дәуір дүниеге әкелген тұлғалар. Төменде біз сөз еткелі отырған тұлғаның бірі, Жанқожа батырдың қарулас серігі – Ақтан батыр да осы кезең дүниеге келтірген батырлардың қатарына жатады.
Ақтан батыр
5-Тамыз 2010
Пікірлерді көру
Қазақ тарихында батырлық жыр-дастандар мен тарихи аңыз-әңгімелердің ең көп
пайда болған дәуіріне XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың бірінші жартысы аралығын
қамтыған 150 жылдай уақыт жатады. Осы кезеңнің бірінші бөлігі – жоңғарларға
қарсы күреспен айрықшаланып, ол кезең өз кезегінде атақты Қабанбай,
Бөгенбай, Наурызбай, Есет, Тайлақ,Саурық және тағы басқа көптеген қолбасшы
– батырларды дүниеге келтіргені белгілі. Ал екінші бөлікке жоңғарларға
қарсы күрестен кейінгі – Ресей отаршылдығы мен езгісіне, ортаазиялық Қоқан,
Бұхар, Хиуа хандықтарының озбырлықтарына, басқыншылықтарына,
тонаушылықтарына қарсы болған көтерілістер, ұлт-азаттық қозғалыстар кезеңі
жатады.Уақыт жағынан алғанда бұл кезеңге XVIII ғасырдың 70-ші жылдары мен
XIX ғасырдың 60-шы жылдары аралығы сай келеді. Осы кезеңде де қазақ халқы
өз ортасынан тарихи тұлғалардың, әсіресе батырлардың көп шоғырын тарих
төріне шығарады. Саржан, Кенесары, Наурызбай секілді хан-сұлтандар, Сырым
Датұлы, Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы, Жоламан Тіленшіұлы, Есет
Көтібарұлы, Жанқожа Нұрмұхамедұлы секілді батырлар мен билер - осы қиын-
қыстау дәуір дүниеге әкелген тұлғалар. Төменде біз сөз еткелі отырған
тұлғаның бірі, Жанқожа батырдың қарулас серігі – Ақтан батыр да осы кезең
дүниеге келтірген батырлардың қатарына жатады.
Ақтан батырдың есімі бүкіл қазақ жұртшылығына беймәлімдеу болғанымен,
батырдың өмір сүрген аймағы – Арал, Қазалы, Шалқар өңірлеріндегі тұрғындар
батыр есімімен жақсы таныс. Батыр есімінің бүкіл қазақ халқына танымал
болмауына кешегі кеңестік кезеңдегі үстем идеологияның кері әсері және
соған байланысты тұлғаның бойында батырлық қасиеті мен әулиелік
қасиеттерінің қатар болуына байланысты оның өмір жолын зерттеуге кеңестік
тарихшылардың жүректерінің дауаламауы жатса керек.
Өткен ғасырдың 90-шы жылдары Ақтан батыр туралы Арал және Қазалы
аудандарының аудандық газеттерінде жергілікті авторлар: Ш.Айтуғанұлының,
М.Сақтағановтың, Б.Алпамысовтың, О.Аяпбергеновтың және тағы басқа
авторлардың мақалалары, ел аузынан жинаған тарихи аңыз-әңгімелері,
толғаулары мен дастандары жарық көрді. Батыр бабаның аруағына арнап ас
беріліп, құран оқылды, бейіті жөнделіп, қайта жаңғыртылады.
Ақтан батырдың өнегелі өмірі мен ерлікке толы істерін, халқына сіңірген
еңбегі мен жеке басының қасиеттерін қалың оқырманға таныстыра отыра, оның
XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқының ұлт-азаттық
қозғалыстарындағы алар орны мен рөлін көрсетуді жөн көріп отырмыз.
Тарихи тұлғаларды өмір сүрген заманы қалыптастырады деген қағиданы ескере
отыра, батыр бабамыздың өмір жолын баяндамас бұрын, алдыменен оның
заманына, заманының халқына тигізген қиындықтарына тоқтала кетелік.
Ақтан батыр өмір сүрген XVIII ғасырдың екінші жартысы мен XIX ғасырдың
ортасы аралығы – қазақ тарихындағы ең бір ауыр кезеңге жатады. Жоңғарларға
қарсы күресте қазақ халқы өзінің ұлт ретіндегі тұтастығын, бостандығын
сақтап қалса да, ішкі бірлігі мен саяси тұтастығын әлсіретіп алады. Мұндай
жағдайды Ресей жақсы пайдаланып қазақ билеуші топтары арасындағы
алауыздықтардың отын одан әрі өршіте түседі. Соның нәтижесінде Тәуке хан
тұсындағы қазақ мемлекеттілігі өзінің бір орталықтан басқарылатын жүйесінен
айырылып, бір-біріне бағынбайтын дербес хандары бар бірнеше саяси
құрылымдарға бөлініп кетеді. XVIII ғасырдың ортасынан XIX ғасырдың ортасына
дейінгі Ресейдің саяси, әскери, экономикалық отарлау бағыттарындағы
жүргізген саясатының алғашқы кезеңінде Кіші жүз бен Орта жүздегі әлсіз
саяси құрылымдар одан әрі бөлшектенеді де, отарлаудың күшеюіне байланысты
хандық билік біржолата жойылып жіберіледі, қазақ жерлерін қоршай әскери
шептер мен бекіністер салынады, қазақ ру-тайпаларының ең жақсы жерлері
тартып алынады және қазақ халқының басына әртүрлі көлемдегі алым-салықтар
салынады. Бірлігі жоқ елдің тірлігі болмайды дегендей қазақ халқының
басындағы осы бір ауыртпалық кезеңді ортаазиялық хандықтар да пайдаланып
қалуға тырысады. Қоқан хандығы да осы кезеңде Жетісу өңірін, Шу, Талас
өзендері бойын, Сырдың жоғарғы және орта ағысы бойындағы жерлерді
бағындырып, ол өңірлерде өз бекіністері мен қамалдарын салады да,
жергілікті халықты қанауға кіріседі. Ал Хиуа хандығы болса Сырдың төменгі
ағысы бойындағы жерлерге, Арал теңізі бойына және Маңғыстау өңіріне
үстемдік жүргізеді. Хиуа ханы да Ресей, Қоқан билеушілері секілді бұл
өңірлерде өз бекіністері мен қамалдарын салып, оларда әскери күштерін
орналастырады. Өзінің тағайындаған өкілі арқылы жергілікті халықты басып-
жаншып ұстап отырады. Сол жылдары осы өңірлердегі қазақ ру-тайпалары қанау
мен езгінің ең бір сұмдық түрлерін бастарынан өткереді. Ақтан батырдың туып-
өскен өңіріндегі халықтың жағдайы XIX ғасырдың бірінші жартысында осындай
болатын.
Енді сөзіміз дәлелді болуы үшін бірнеше дерек мәліметтеріне жүгінелік.
1812 жылы қыс айында Хиуа ханы Мұхаммедрақым (1806-1825 жж. хан болған) өзі
бастап Сырдария мен Қуандария өзендерінің бойында қыстап жатқан бейбіт елге
шабуыл жасайды. Бұл өңірдегі Кіші жүздің шөмекей рулары талан-таражға
түсіріліп, 100 мың қойдан, 40 мың түйеден айырылады, 500-дей қыз-келіншек
тұтқынға әкетіледі. 1815 жылы Мұхаммедрақым 5000 әскерін тағы да Сырдың
төменгі ағысы бойындағы қазақ руларын тонауға аттандырады. Бұл жолы Кіші
жүздің шекті рулары жапа шегеді. Хиуа әскері мол олжамен кері оралады. 1816
жылы хиуалықтардың келесі жорығы тағы да осы өңірге бағытталады. Бұл
жорықта тек қазақтар жағынан өлгендер саны 2000-нан асады. Міне, осындай
шапқыншылықтардан кейін Сыр бойы қазақтарының бір бөлігі Хиуа ханының
билігін амалсыздан мойындауға мәжбүр болады.
Хиуа ханы жергілікті халықты басқару үшін қазақ хандары әулетінің кейбір
өкілдерін өз жағына тартады да, олармен қыз берісіп, қыз алысады. Ал өз
билігін мойындай қоймаған сұлтандар арасында алауыздық оттарын өршітіп
отырады. 1819 жылы Шерғазы ханның ұлы Жанғазыны Мұхаммедрақым Сырдың
төменгі бойындағы қазақтарға хан етіп бекітеді. Шекті руларының ханы
Арынғазы Әбілғазыұлының Хиуа ханына бағынбай, Бұхара ханына іш бұратынына
көңілі толмаған Мұхаммедрақым оған қарсы Жанғазыны айдап салады. Өңірді өз
уысында ұстап, толық бақылауда қадағалап отыру үшін Сырдың төменгі бойында
бірнеше бекіністерді салады. Сол бекіністердің ішіндегі ең белгілісі –
Қожанияз бекінісі (Бекініс атауының бірнеше атауы болған: Жанкент, Жанқат,
Бесқала және бекіністі басқарған Хиуа бектерінің есімдеріне байланысты
өзгеріп отырған) болды. Осылайша, Сыр бойы қазақтарының арасындағы
берекесіздікті қоздыра отыра, Хиуа ханы өңірді өз уысында ұстап, жергілікті
халықты емін-еркін билеп-төстеуге, аяусыз қанауға мүмкіндіктер алады. Хиуа
ханының, оның бектерінің қарапайым халыққа жасаған зорлық-зомбылықтары
күшейіп, алатын салықтары жылдан жылға арта түседі. Міне, осындай жағдайлар
жергілікті халықтың ашу-ызасын туғызып, қарулы қарсылықтар көрсетуге,
көтерілістер жасауға итермелейді. Осы кездегі халықтың қиын жағдайын
түсінген Жанқожа батыр, Ақтан батыр және тағы басқа ел ішінен шыққан батыр
тұлғалар атқа қонып, қол жинап Хиуа хандығының езгісіне қарсы шығады.
Ақтан батырдың ерлік жолын баяндамас бұрын оның шыққан тегіне тоқталып
өтелік. Ол – Кіші жүздегі алты ата Әлім деп аталатын тайпалар
бірлестігіндегі Қаракесек тайпасының өкілі болып табылады. Бұл тайпа өз
ішінде Есіл және Тобыл (Қазантебер деп те аталады) атты екі қанатқа
бөлінеді. Ақтан батыр Есіл атты тайпалық қанаттан өрбиді.Одан әрі шежіреге
сүйенсек, Есілден – Үңгіт, Жолай атты бөлімдер таралады да, Үңгіт өз ішінде
Табаншы, Естек және Жақау деген үш тайпалық бөлімшеге жіктеліп
кетеді.Тайпалық бөлімшеге түпата болған Жақау батыр – Ақтан батырдың
төртінші атасы болып келеді. Шежірелік материалдар мен ел арасында кең
тараған тарихи аңыз-әңгімелер Жақауды қарақыпшақ Қобыланды батырдың
қарындасынан туған жиені және өз заманында әрі би, әрі батыр болған атақты
тұлға деседі. Тіпті кейбір шежірелерде оны хан деп те атайды. Бұл жерде
Жақау батырдың хан титулын иеленуіне байланысты қысқаша түсініктеме
беруді жөн көріп отырмыз. Хандық кезеңде хандар ірі шайқастарда көзге
түскен, ұрыста шешуші рөл атқарған қолбасшыларға, батырларға сый-сыйапаттар
беріп отырған. Қазіргі түсініктер бойынша ол марапаттау болып саналады.
Сондай марапаттаудың ең жоғары түріне – хандардың өз тағына көзге түскен
батырларды бір мезетке отырғызуы жатқан. Кейіннен сол батырлардың ұрпақтары
мақтанышпен өз аталарын хан деп атауды дәстүрге айналдырған. Жақау батырдың
да хан болуын осындай жағдайға байланысты туған деп есептейміз.
Жақау батырдың бес әйелінен Тыныбек, Жақсылық, Ноғай, Шоңай, Аман, Түмен,
Қасаболат, Шой және Малайсары атты тоғыз ұл туып, олар сегіз руға түпата
болып саналады. Жақау батырдың үлкені Тыныбектен – Тілес, одан Ақай,
Абылай, Атан, Батыр, Сатым және Шөкір есімді аталар тарайды. Ал Ақайдан –
Ақтан батыр мен Шортай туылады.
Қазақтың батырлық жырларында болашақ батырлардың дүниеге келетінін белгілі
бір әулиелер, көріпкелдер немесе арқалы адамдар алдын ала болжап айтатыны
белгілі. Ақтан батырдың да дүниеге келерінің алдында есімі бүкіл Қаракесек
тайпасының ұранына айналған Ақпан әулие болжай білген екен. Бұл туралы ел
аузында мынадай тарихи әңгіме бар: Ақайдың бәйбішесі – Ақтанның шешесінің
төбесінде шырақ жанып жүргенін көрген әруақты Ақпан батыр: Мына іштегі
тегін бала емес. Киелі бала екен, Әулиелік кереметі бір бөлек. Бүкіл
Әлімнің намысын қорғайтын батыр болар. Бірақ, мен бұл баланы көре алмаспын.
Әруақ қолдасын, менің жолымды берген, – деп батасын берген болатын
қартайған шағында. Сөйтіп, мінген атының ерінің үстіндегі боз көпшігін:
Балаға табыс етесіңдер, – деп қалдырған екен. Ақай атамыз осы бала
дүниеге келгенде атасының батасы дарысын дегенмен азан шақыртып Ақтан деп
ат қойыпты. ...Сонымен есімі бүкіл Қаракесекке ұран болған әулие Ақпан
батырдың батасы дарыған Ақтанға қысылғанда ойнақшып шыға келетін киелі
бұлты осы атасынан қоныпты (Айтуғанұлы Ш. Қаракесек Ақай ұлы Ақтан батыр.
Қазалы, 1997, 7 б.)
Ақтан батырдың туған жылына келсек, ол жөнінде екі түрлі пікір бар. Арал,
Қазалы өңіріндегі шежірешілер мен қариялардың айтуынша ол 1770 жылы қазіргі
Қызылорда облысы Қазалы ауданы Жанқожа батыр ауылына қарасты Тілес арығы
бойындағы Түлкіқашқан деген жерде дүниеге келіпті. Бұл қазіргі кезде кең
тараған пікірге жатады. Ал ақтөбелік өлкетанушылар мен шежірешілер батырды
1785 жылы туылған деседі (Шүкіров Қ. Әлім, Ұланақ – сұрасаң руымды
Қаракесек... Ақтөбе, 2005. 43 б.). Бұл пікірді қолдаушылар сан жағынан аз
болса да, онда біршама шындыққа сәйкес келетін тұстары бар. Ақтан батырдың
туған інісі Шортайдың ұрпағы Жолдасбай Қошқарұлының дерегі бойынша батыр
1785 жылы дүниеге келген (Айтуғанұлы Ш. Қаракесек Ақай ұлы Ақтан батыр.
Қазалы, 1997, 23-б.). Және де Ш.Айтуғанұлы Ақтан батырдың басындағы
құлпытаста өлген жылы деп 1876 жылдың көрсетілгенін айтады. (Сонда. 23-
б.). Ақтан батыр дастанында 1830-40-шы жылдардағы оқиғаларға қатысты
мынадай жолдар айтылады:
Тұлғалы адам екен Ақтан батыр,
Қылышы қынабы мен қапталда тұр.
Жетіпті ер жасына осы биыл,
Елудің есігінен аттап жатыр (Омаров Ф. Ақтан батыр. Дастан. Мына кітапта:
Шүкіров Қ. Әлім,Ұланақ – сұрасаң руымды Қаракесек... Ақтөбе, 2005, 47 б.).
Тағы бір деректе 1860 жылдан кейін Жанқожа батырдың кегін қайтарған
Төртқара Байқазақ батыр орыс абақтысына қамалғанда Ақтан батыр оны құтқарып
алған екен.(Райымбаев К.Кіші жүз Алшын Әлім Ұланақтан (Қаракесек) бесіктегі
ұлға шейін шежіре, тарих. Қызылорда, 2000, 102-б.). Осы жоғарыда келтірген
ауызша дерек мәліметтері Ақтан батыр 1785 жылы туылған деген пікірдің
шындықтың ауылына бір табан жақын екендігін дәлелдей түседі. Дегенменде,
шындық әлі де болса ақиқат емес. Сол себепті де Ақтан батыр жөнінде
болашақта жазылатын зерттеулерде бұл мәселе арнайы қарастырылып, оң шешімін
табады деген ойдамыз.
XIX ғасырдың бірінші жартысында Әлім тайпаларымен бірге Қаракесек
тайпасының рулары да жаз айларында Ор, Торғай, Ырғыз өзендері алқаптарында,
Мұғаджар тауы маңында жайлап, қысты Сыр бойында өткізген.(Мейер Л.
Материалы для географии и статистики России, собранные офицерами
генерального штаба. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz