Қазақстан Республикасының экологиялық кодексі


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының экологиялық кодексі.

8 бөлім. Шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыру кезіндегі экологиялық талаптар.

28- тарау. Экологиялық талаптар туралы жалпы ережелер

194 бап. Шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптар және олардың түрлері.

1. Экологиялық талаптар Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызметке белгіленеді.

2. Экологиялық талаптар мынадай түрлерге бөлінеді:

1) шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын жалпы экологиялық талаптар

2) табиғи ресурстарды пайдалану кезінде қойылатын экологиялық талаптар

3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы экологиялық талаптар

4) Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағындағы шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптар

5) радиоактивті материалдарды, атом энергиясын пайдалануға және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын экологиялық тала

“птар

6) ықтимал қауіпті биологиялық және химиялық заттарды, генетикалық түрлендірілген өнімдер мен ағзаларды өндіру және пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар

7) өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу кезіндегі экологиялық талаптар

8) әскери және қорғаныс объектілеріне, әскери қызметке қойылатын экологиялық талаптар

3. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында экологиялық талаптардың өзге де түрлері белгіленуі мүмкін.

195 бап. Экологиялық талаптарды әзірлеудің және бекітудің тәртібі

1. Экологиялық талаптар осы кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленеді және жекелеген құжаттар немесе шаруашылық және өзге де өызметтің түрлерін жүзеге асыру ережелерінің жекелеген бөлімдері түрінде қабылдануы мүмкін.

2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган экологиялық талаптарды әзірлеу кезінде мамандырылған ғылыми-зерттеу, жобалау институттары мен басқа да ұйымдарды, сондай-ақ табиғат пайдаланушыларды тартуы мүмкін.

3. Жер ресурстарын, жер қойнауы мен минералды ресурстарды, жер асты және жер асты ресурстарын, жануарлар дүниесінің ресурстарын пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар тиісінше жер ресурстарын пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар тиісінше жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық атқару органмен, жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы, орман шаруашылығы саласындағы, жануарлар дүниесін қорғау, молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен, сондай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиялогиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісім бойынша белгіленеді.

4. Ерекшк қорғалатын табиғи аумақтардағы экологиялық талаптар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша белгіленеді.

5. Кәсіпорындарды, құрылыстарды және өзге де объекттілерді салу мен реконструкциялау, пайдалануға беру және пайдалану, қалалар мен басқа да елді мекендерді салу, радиоактивті материалдарды пайдалану, ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды, генетикалық түрлендірілген өнімдер мен организмдерді өндіру және пайдалану, өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу кезінде оларды жобалауға және орналастыруға қойылатын, әскери және қорғаныс объектілеріне, әскери қызметке қойылатын экологиялық талаптар осы Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде белгіленеді.

203 бап. Өнеркәсіп және энергетика, көлік және байланыс объектілерін, ауыл шаруашылығы мақсатындағы және мелиорациялау объекттілерін пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар

1. Өнеркәсіп, энергетика, көлік және байланыс объекттілерін, ауыл шаруашылығы мақсатындағы және мелиорациялау объекттілерін пайдалану

Белгіленген экологиялық талаптар ескеріліп және экологиялық тұрғыдан негізделген технологиялар, қоршаған ортаның ластануын юолдырмайтын қажетті тазарту құрылыстары мен санитарлық күзет аймақтары пайдалана отырып жүзеге асырылуы тиіс. Аталған объекттілерді пайдану кезіндегі экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін аз қалдықты және қалдықсыз технологиялар енгізілуге тиіс.

2. Жеке және заңды тұлғалар топырақты, су тоғандарын, ормандарды және өзге де өсімдіктерді, жануарлар дүниесін ауыл шаруашылығы қызметінің зиянды әсерінен қорғау жөніндегі шаралар кешенін орындауға міндетті.

263 бап. Геофизикалық жұмыстар жүргізу кезіндегі экологиялық талаптар

1. Геофизикалық операциялар жүргізу кезінде:

1) Сейсмикалық толқындардың жару көздерін және ихтиофауна мен олардың тіршілік ету ортасына зиянды әсер ететін параметрлері бар пневматикалық көздерді пайдалануға

2) қауіпсіздігі құжаттармен немесе тәжірибелік геофизикалық жұмыстар негізінде расталмаған аппаратуралар мен негіздерді қолдануға

3) теңізде сейсмикалық шығанақтардың бөлініп қалу мен су ағызып кетуін болдырмау үшін оларды қараусыз қалдыруға, сондай ақ оларды су түбі мен сүйретуге тыйым салынады.

2. Каспий итбалығының популяциясын сақтау мақсатында қазан айынан мамыр айына дейінгі кезеңде сейсмикалық жұмыстар мен өзге де шаруашылық қызметті жүргізу аралдағы және мұздықтардағы жатақтарда итбалықтардың шоғырланған жерінен кемінде бір теңіз милі қашықтығындағы сейсмикалық бөліктер бөліп беру арқылы үйлестіріледі. Итбалықтардың көп шоғырланған жерлерін анықтау үшін, жатақтардың жиі орын ауыстырылатыны ескеріле отырып, алдын ала авиациямен шолып ұшу көзделуге тиіс.

3. Сейсмикалық барлау процесінде балықтарды жұмыс аймақтарынан үркітіп кетіру құралдарын пайдалану көзделуі мүмкін

264 бап. Теңізде барлау мен өндіру кезіндегі экологиялық талаптар

1. Мұнай операцияларын жүргізген кезде ұңғымаларды бұрғылау қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық практикада қабылданған, байқаудан өткізілген озық принциптер мен әдістер негізінде жүзеге асырылуға тиіс.

2. Келісімшарттық аумақ негінде теңіз бұрғылау платформаларын орналастыруға арналған орындар балық аулау кәсіпшілігі, балықтардың бағалы түрлерін және су кәсіпшілігінің басқа да объекттілерін сақтау және өсімін молайту үшін перспективалық маңызы бар теңіз аудандарын барынша сақтау мүмкіндігі ескеріле отырып таңдалуға тиіс.

3. Кеме қатынауға болатын акваторийде мұз қабаты болған жағдайда бұрғылау баржасынан немесе платформасынан бұрғылау жұмыстарын жүргізу, көмірсутегінің ықтимал төгілуін тұмшалау үшін ұажетті жабдықтары бар мұзжарғыш түріндегі кеменің ұдайы бірге болуымен жүзеге асырылуға тиіс. Осы тармақта көрсетілген талап жасанды аралдарда жүргізіліп жатқан бұрғылау жұмысына қолданылмайды.

4. Теңізде мұз қатқан қиын жағдайларда болжанған төтенше қысыммен және күкіртсутегінің өте жоғары мөлшерімен қалың тұз астындағы өнім беретін қабатты ашуға және ұңғымаларды сынауға тыйым салынады.

5. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағы экожүйесінің тұрақты тіршілігін қамтамасыз ету үшін теңізде барлау мен жобалауды жүргізу кезінде бұрғылық негіздер салу, ұңғымалар сынау мен кемеде жүзу барынша шектеледі.

6. Жер қойнауын пайдаланушы мұнай операцияларын жүргізу кезінде авриялық төгілулердің алдын алу, шектеу және оларды жою жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз етуге тиіс.

265 бап. Мұнай-газ құбырларын жобалау мен салу кезіндегі экологиялық талаптар

1. Мұнай-газ құбырларын және оларды сүйемелдеу объекттілерін теңіз деңгейлерінің көтеріліп-қайтып ауытқуының әсер ету аймағында жобалау мен салу олардың ең жоғары ауытқу шегі ескеріле отырып жүргізілуі тиіс.

2. Мұнай-газ құбырларындағы автоматты бекіту ысырмаларын жобалау мұнай-газ құбыры тұтастығының бұзылу ықтималдығына байланысты тәуекелдердің бағалануы ескеріле отырып жүргізілуі тиіс.

3. Мұнай-газ құбырларын салу кезінде теңіз түбі бұзылу көлемінің барынша аз болуын қамтамасыз ететін техникалық құралдар мен жабдықтар қолданылуға және қалқыма заттардың су қабатында таралуын тұмшалайтын технологиялар мен әдістер пайдаланылуға тиіс.

4. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында мұнай-газ құбырларын жылжымалы мұздардан, кемелер зәкірінен және техногендік сипаттағы басқа да сыртқы әсерден зақымданудан қорғауды қамтамасыз ететін тереңдікте тарту міндетті болып табылады.

5. Мұнай-газ құбырларының бойымен құбырдың шеткі сызықтарының осінен әрбір жағынан бес жүз метр қашықтықтағы, параллель жазықтықтар арасында орналасқан, су үстінен түбіне дейінгі су кеңістігінің учаскесі түрінде күзет аймағы белгіленуге тиіс.

6. Мұнай-газ құбырларын гидрологиялық сынау кезінде суды ағызу Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағы шекарасынан тысқары жерде жүргізілуі тиіс.

268 бап. Мұнай операциялары объектілерін консервациялау мен жоюға қойылатын экологиялық талаптар .

1. Теңіздегі мұнай операциялары, барлау, оның ішінде қатты пайдалы қазбаларды, минералдық немесе ауыз суды барлау объектілерін консервациялау немесе жою Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық құқықтық қатынастар
ҚР-ның экологиялық құқығы
Экология құқығы түсінігі
Экологиялық құқық негізінің түсінігі, пәні, жүйесі
Экологиялық мәселелер
Жер қойнауы және жер қойнауының пайдалану түсінігі
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КЕЛІСІМДЕР
Экологиялық құқықтық қатынастардың түсінігі,объектілері, субъектілері және мазмұны.
«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені
Табиғатты пайдалану құқығы: құқықтық сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz