Джонатан Свифт



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3


1. Д.Свифттің өмірі мен шығармашылығы, XVII. XVIII ғ.ғ. Англияның
тарихы, саяси.әлеуметтік жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7


1.1 Д.Свифттің сатиралық романы . «Гулливердің саяхаттары» ... ... ... ... ...15


2. Романның қазақ тіліне аударылуының тарихы мен тәжірибесі ... ... ... ... ..27


2.1 «Гулливердің саяхаттарындағы» психологизмнің қазақ тіліндегі
аудармасында берілуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36


Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 74

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...77
XVIII ғ. ағылшынның ұлы жазушысы Джонатан Свифт (1667-1745 жж.) өзінің сатиралық романы «Гулливердің саяхаттарымен» (1926 ж.) әлемге әйгілі болды.
Бұл басты және жалынды кітабында жазушы сол кезеңдегі ақсүйектік Англияның мемлекеттік құрылымын, қоғамдық тәртібін қатаң күлкі етіп , билеуші топтардың жатыпішерлігі мен екіжүзділіктерін, бай-ақсүйектердің өзімшілдігі мен пайдакүнемдіктерін, яғни сол ортаның психологиялық ахуалын жан-жақты көрсетті.
Англияның сол кезеңдегі үстем тап өкілдерін әшкерелеуге арналған бұл кітаптың көп беттері өзінің сатиралық күшін қазіргі кезеңде де жоғалтқан жоқ.
Адамды адамның қанауы, қарапайым халықтың кедейленуіне әкеліп соққан билік, әрине, Англиядан да басқа Еуропа елдеріне тән болды. Сондықтан да Свифттің сатирасының психологиялық мәні кең болды. Мұндай әйгілілікке жеткен сол кезеңнің жазушысы аз еді. Бұл туралы А.М.Горький өте жақсы айтқан: «Д.Свифт – один на всю Европу, но буржуазия Европы считала что его сатира бьет только Англию.»[22.316]
Свифттің ойы мен тапқырлығы шынымен де таң қалдырады. Оның Гулливерінің басыныан не өтпеді! Қаншама шым-шытырық оқиғалардан аман қалды! Бірақ та қандай жағдайға тап болмасын (күлкілі немесе қайғылы), ол XVIII ғасырдың қарапайым ағылшынына тән ақылдылығы мен салқынқандылығын жоғалтпайды. Гулливердің сабырмен бір қалыпты әңгімесіне кейде кекесін, сықақ қосылып кетеді, сол кезде өзінің аңғал кейіпкерінің артынан Свифттің мысқылдаған даусы естіліп тұрғандай болады. Ал кейде ашуына ие бола алмаған кездерде Свифт Гулливерді мүлдем ұмытып, ирония мен қаһарлы сарказммен қаруланған қатал сотқа айналып кетеді.
«Гулливердің саяхаттарының» әр бетінде дерлік автордың өз кезеңіндегі қоғамдық қатынастар мен жағдайларға байланысты астарлап, тұспалдап айтылған ойлары жасырын тұрады. Свифттің кітабында ғасырлар бойы сақталып келген басты нәрселер: арамтамақтар мен жатыпішерлерге деген ашу-ыза және әлемдегі барлық материалдық құндылықтарды өз қолдарымен жасаған адал еңбек етушілерге деген сый-құрмет, сүйіспеншілік.
Жазушы өз романында ергежейлілер мен алыптар, ақымақтар мен суайттар туралы халық ертегілерінің, сол сияқты XVIII ғ. Англияда кең тараған шын және жалған саяхаттар туралы мемуарлы-шытырман оқиғалардың мотивтері мен образдарын пайдаланды. Осының бәрі Свифттің шығармасын қызықты және көңілді еткені соншалықты, терең ойлы, салмақты, сатиралық, философиялық романның қысқартылған басылымдары балалардың қызықты және сүйікті кітаптарының бірі болды.
1. Аладшева А. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелері. Алматы: Арыс, 1998. – 165б.
2. Алдашева А.М. Аудармадағы баламалылық // ҚазҰУ Хабаршысы.
Филология сериясы. – 2004.- №4.
3. Алпысбаев Қ.Қ., Қазыбек Г.Қ. Қазақ аудармасының теорисы мен
тәжірибесі. Оқу құралы. Алматы: Қазақ университеті, 2001. – 180б.
4. Альмуратова А.Н., Қазыбек Г.К. Теоретические проблемы литературного перевода: учебное пособие. Алматы: 1998
5. Алтыбаева С.М., Маданова М.Х. Художественный перевод и сравнительное литературоведение. Алматы: 2000
6. Англо-русский словарь. М.: Советская энциклопедия. 1971-848с.
7. Айтбаев Ө. Аудармадағы фразеологиялық құбылыс. Алматы: Ғылым, 1975-228б.
8. Ақшолақов Т. Көркем шығарманы талдау жолдары.- А.: Мектеп, 1983.
9. Аударма теориясы мен тәжірибесінің және салыстырмалы әдебиеттанудың өзекті мәселелері. Республикалық ғылыми-теориялық конференция. Алматы: 2006. – 429б.
10. Аникин Г.В., Михальская Н.П. История английской литературы. М.:Высшая школа, 1985-431с.
11. Әдебиеттану. Терминдер сөздігі (Құраст. З.Ахметов, Т.Шаңғытпаев) Алматы: Ана тілі, 1998 – 384б.
12. Бархударов Я.С. Язык и перевод. М.: Междунар. Отношения, 1975г.
13. Бельгер Г. Ода переводу. Алматы: Дайк пресс, 2005.–418б.
14. Вургафт Е. Сатирическая поэзия Свифта. М.: 1948г.
15. Виноградов В.С. Лексические вопросы перевода художественной прозы. М.: 1978
16. Гарбовский Н.К. Теория перевода. М.: Издательство МГУ, 2004
17. Гачичеладзе Г.Ф. Введение в теорию художественного перевода. Тблиси, 1970
18. Дубашинский И.А. Памфлеты Свифта. 1968г.
19. Дубашинский И.А. Путишествия Гулливера.М.: Высшая школа,1969 – 111с.
20. Дейч А.И. и Зозуда Е.Д. Свифт. М.: Журн. Газ. Объединение, 1933 – 165с.
21. Джонатан Свифт. Путешествия в некоторые отдаленные страны света Лемюэля Гулливера сначала хирурга, а потом капитана нескольких кораблей. Перевод с английского под редакцией А.Франковского. Москва: Государственное издательство художественной литературы , 1947. – 653с.
22. Джонатан Свифт. Сказка бочки. Путешествия Гулливера. М.: Художественная литература, 1976. – 303с.
23. Комиссаров В.Н. Общая теория перевода. М.:Че Ро, 1999. – 136с.
24. Қаратаева А.М. Абай поэзиясындағы психологизм Әуезов шығармашылығында. ҚазҰУ-дың хабаршысы, филология сериясы, 2006. №3 (93)
25. Қожакелдинов С. Таңдаулы аудармалар және бір аударма туралы пікірлер. Алматы.2002 – 28б.
26. Қазыбек Г.Қ. Көркем аударма тәжірибесі. Оқу құралы – Алматы: Қазақ университеті, 2005.–213б.
27. Левый Л. Исскуство перевода. М.: Прогресс, 1974. – 397с.
28. Литературная энциклопедия терминов и понятий. М.: НПК «Интелвак», 2001- 835с.
29. Левидов М.Ю. Путишествие в некоторые отдаленные страны, Мысли и чувства Дж. Свифта, сначала исследователя, а потом воина в нескольких сражениях. М.: Книга, 1986 – 286с.
30. Мадзигон М.В.Джонатан Свифт «Путешествие Гулливера». Алматы: КазГНУ, 1995-37с.
31. Мастерство перевода. Сборник одинадцатый. М.: Советский писатель, 1977 – 555с.
32. Муравьев В.С. Джонатан Свифт.М.: Просвещение, 1968 – 304с.
33. Муравьев В.С. Путишествие с Гулливером. М.: Книга, 1972 – 207с.
34. Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау. Оқу құралы. – Алматы: Санат,1996. – 336б.
35. Миньяр-Белоручев Р.К. Как стать переводчиком? М.: Готика, 1999г.
36. Нерсесова М.А. Джонатан Свифт. М.:Знание, 1967 – 32с.
37. Оразалиева Ж. Күрделі болмысқа терең бойлаған Ә.Кекілбайұлы прозасындағы психологизм. Ел мәдениеті, 2006. №14
38. Орысша-қазақша сөздік. Алматы: Дайк-Пресс, 2005-1146 б.
39. Попович А. Проблемы художественного перевода. 1987г.
40. Пірәлиева Г. Көркем прозадағы психологизмнің кейбір мәселелері. Алматы: Алаш, 2003. – 327б.
41. Пірәлиева Г. «Бесатар» повесіндегі псимхологизм мәселелері. А.Яссауи университетінің хабаршысы, 2003. №5
42. Рахымжанов Т. Психологизм адам жанының айнасы. Жалын, 1993. №11-12
43. Рахымжанов Т. Романның көркемдік әлемі. Алматы: Рауан, 1997.–22б.
44. Рецкер Я.И. Теория перевода и переводческая практика. М.: 1974
45. Савельева В.В. художественный текст и художественный мир: - Алматы: Дайк-пресс, 1998.
46. Сатыбалдиев Ә. Сөз қазынасының кеншісі. Құраст:Қ.Қ.Алпысбаев, Л.Н.Дәуренбекова – Астана: Аударма 2008 – 328б.
47. Сагандыкова Н. Основы художественного перевода. Учебное пособие. – Алматы: Санат, 1996. – 208б.
48. Свифт Д. Лемюэль Гулливердің саяхаттары. Роман. Орысшадан аударған С.Ищанов. Алматы: 1951. – 470б.
49. Трауберг Л. «Безумие» доктора Свифта. Вопросы литературы, 1977. №2
50. Тарақов Ә.С. Аударма психологиясы және мәдениеті. Оқу құралы. – Алматы: Қазақ универсиеті, 2005.– 60б.
51. Талжанов С. Аударма және қазақ әдебиетінің мәселелері. Алматы: 1975 – 286б.
52. Урнов Д.М. Робинзон и Гулливер. Судьба двух литературных героев.М.: Наука,1973 – 89с.
53. Федоров А.В. Основы общей теории перевода (Лингвистические проблемы). М.: Высшая школа, 1983. – 303с.
54. Jonathan Swift. Gulliver’s Travels. Moscow: Higher school Publishing House, 1973.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 92 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. Д.Свифттің өмірі мен шығармашылығы, XVII- XVIII ғ.ғ. Англияның
тарихы, саяси-әлеуметтік жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7

1.1 Д.Свифттің сатиралық романы – Гулливердің саяхаттары ... ... ... ... ...15

2. Романның қазақ тіліне аударылуының тарихы мен тәжірибесі ... ... ... ... ..27

2.1 Гулливердің саяхаттарындағы психологизмнің қазақ тіліндегі
аудармасында берілуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..74

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
7

Кіріспе

XVIII ғ. ағылшынның ұлы жазушысы Джонатан Свифт (1667-1745 жж.) өзінің
сатиралық романы Гулливердің саяхаттарымен (1926 ж.) әлемге әйгілі болды.

Бұл басты және жалынды кітабында жазушы сол кезеңдегі ақсүйектік
Англияның мемлекеттік құрылымын, қоғамдық тәртібін қатаң күлкі етіп ,
билеуші топтардың жатыпішерлігі мен екіжүзділіктерін, бай-ақсүйектердің
өзімшілдігі мен пайдакүнемдіктерін, яғни сол ортаның психологиялық ахуалын
жан-жақты көрсетті.
Англияның сол кезеңдегі үстем тап өкілдерін әшкерелеуге арналған бұл
кітаптың көп беттері өзінің сатиралық күшін қазіргі кезеңде де жоғалтқан
жоқ.
Адамды адамның қанауы, қарапайым халықтың кедейленуіне әкеліп соққан
билік, әрине, Англиядан да басқа Еуропа елдеріне тән болды. Сондықтан да
Свифттің сатирасының психологиялық мәні кең болды. Мұндай әйгілілікке
жеткен сол кезеңнің жазушысы аз еді. Бұл туралы А.М.Горький өте жақсы
айтқан: Д.Свифт – один на всю Европу, но буржуазия Европы считала что его
сатира бьет только Англию.[22.316]
Свифттің ойы мен тапқырлығы шынымен де таң қалдырады. Оның
Гулливерінің басыныан не өтпеді! Қаншама шым-шытырық оқиғалардан аман
қалды! Бірақ та қандай жағдайға тап болмасын (күлкілі немесе қайғылы), ол
XVIII ғасырдың қарапайым ағылшынына тән ақылдылығы мен салқынқандылығын
жоғалтпайды. Гулливердің сабырмен бір қалыпты әңгімесіне кейде кекесін,
сықақ қосылып кетеді, сол кезде өзінің аңғал кейіпкерінің артынан Свифттің
мысқылдаған даусы естіліп тұрғандай болады. Ал кейде ашуына ие бола
алмаған кездерде Свифт Гулливерді мүлдем ұмытып, ирония мен қаһарлы
сарказммен қаруланған қатал сотқа айналып кетеді.
Гулливердің саяхаттарының әр бетінде дерлік автордың өз
кезеңіндегі қоғамдық қатынастар мен жағдайларға байланысты астарлап,
тұспалдап айтылған ойлары жасырын тұрады. Свифттің кітабында ғасырлар
бойы сақталып келген басты нәрселер: арамтамақтар мен
жатыпішерлерге деген ашу-ыза және әлемдегі барлық материалдық құндылықтарды
өз қолдарымен жасаған адал еңбек етушілерге деген сый-құрмет,
сүйіспеншілік.
Жазушы өз романында ергежейлілер мен алыптар, ақымақтар мен
суайттар туралы халық ертегілерінің, сол сияқты XVIII ғ. Англияда кең
тараған шын және жалған саяхаттар туралы мемуарлы-шытырман оқиғалардың
мотивтері мен образдарын пайдаланды. Осының бәрі Свифттің шығармасын
қызықты және көңілді еткені соншалықты, терең ойлы, салмақты, сатиралық,
философиялық романның қысқартылған басылымдары балалардың қызықты және
сүйікті кітаптарының бірі болды.
XVIII ғ. ағылшын сатиригі Джонатан Свифттің Гуливердің саяхаттары
шығармасын алғаш рет 1937 ж. орыс тіліндегі аудармасынан қысқыртылған
нұсқасын балаларға арналған шығарма ретінде Ғ.Оспанов Гулливер Лилипуттар
арасында деген атпен аударды. Романды екінші рет 1951 ж. орыс тілінен
С.Ищанов Лемюэль Гулливердің саяхаттары деген атпен толық аударды. Жалпы
бұл классикалық шығарма Гулливердің саяхаттарының орысша аудармасының екі
нұсқасы бар. Бірі А.Франковскийдің аудармасы болса, бірі Б.М.Энгельгардттың
аудармасы. Ал қазақ тіліне С.Ищанов А.Франковскийдің нұсқасынан аударған.
Одан кейін де орыс тіліндегі аударма нұсқасы бірнеше рет басылып шығып,
өңделіп отырған. Ал қазақ тіліндегі аудармасы осы күнге дейін не қайта
аударылмаған не қайта басылмаған, яғни өңделмеген, кезінде кеткен
кемшіліктер әлі күнге дейін заман талабына сай өңделмеген.
Сонымен бірге С.Ищанов Монғол жазушысы Лодойдамбаның, Алтайда Амман
Мирдің Төрт дәруіш шығармаларын (1961ж.), араб ертегісі Али баба мен
қырық қарақшыны (араб) 1950ж., Үнді балаларын (Үнді жазушыларының
әңгімелері) 1960ж. аударған. Бұдан байқайтынымыз аудармашы бір жылда бір
шығармадан және бір бірінен айырмашылығы көп халықтардың шығармаларын
аударып отырған, мұндай аудармаларды біз сапалы болады деп айту да қиын.
Негізі аудармашы көркем аударманы аудармас бұрын ол елдің тарихына, саяси-
әлеуметтік жағдайына, ұлттық ерекшеліктеріне қанық болуы керек деген
қағиданы мойындап қана қоймай, оны басты бағдар етіп алған дұрыс.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі кезге дейін ағылшын
әдебиетінен қазақ тіліне, қазақ әдебиетінен ағылшын тіліне біраз шығармалар
аударылды. Оның көпшілігі қайта аударылып, сатылай емес, түпнұсқадан
тікелей аударылып, қайта басылып шығып жатыр. Сол шығармалардың авторлары
жөнінде, аударылуы жөнінде қазақ тілінде біраз зерттеу еңбектері бар. Бірақ
XVIIIғ. ағылшын әдебиетінің көрнекті өкілі, ұлы сатиригі Джонатан Свифттің
қазақ тіліне бір ғана шығармасы Гулливердің саяхаттары ғана орыс
тіліндегі аудармасынан алғаш рет 1937ж., екінші рет 1951ж. аударылған.
Жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де қайта түпнұсқадан тікелей аударылмаған
және қайта басылмаған.
Джонатан Свифттің өмірі, шығармашылығы туралы қазақ тілінде ғылыми
ақпарат жоқтың қасы десе де болады, ал танымдық сапада азды-көпті ақпарат
бар. Шығарманың қазақ тіліне аударылуы жайлы арнайы зерттеу еңбектері жоқ.
Сонымен қатар, көркем шығармадағы жалпы психологизм мәселесіне байланысты
зерттеу еңбектері біршама болса да, көркем шығарманың бір тілден екінші
тілге аударылу барысында психологизмнің берілуі туралы арнайы зерттеу
еңбектері кездеспейді. Сондықтан да аталмыш романның осы күнге дейінгі
аудармасының сапасы, авторлық тұрғының аударма мәтінге ауысу дәрежесі мен
деңгейі, шығарманың мазмұнының, негізінің, өзіндік ерекшеліктерінің қалай
берілгендігі көп жағдайда белгісіз. Сондықтан бұл жұмыстың алғашқы
тарауында Свифттің өмірі мен шығармашылығы, Англияның сол кезеңдегі тарихы
жайлы мәліметтер беріледі, себебі аударманы зерттеп, салыстырып, талдау
үшін сол кезеңдегі тарихи фонды, автордың көзқарасын, танымын, ой-өрісін
танып, білуіміз қажет. Сонымен бірге жұмыстың тақырыбына сәйкес
Гулливердің саяхаттары романы туралы, Свифттің сатиралық өнері туралы
мәліметтер беріледі. Екінші тарау психологизм мәселесі мен аударма
теориясының кейбір мәселеріне , оның ішінде Гулливердің саяхаттарындағы
психологизмнің қазақ тіліндегі аудармада берілуіне арналып, шығарманың үш
нұсқасы салыстырылып, сапасы анықталады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері.
• Тақырыпқа сәйкес, Джонатан Свифттің идеялық және психологиялық
көзқарасын анықтау үшін оның өмірі мен шығармашылығы, сол кезеңдегі
Англиядағы тарихы, әлеуметтік-саяси жағдайы туралы толық мәлімет беру.
• Гулливердің саяхаттары романы мен оның қазақ тіліндегі аудармасын
мазмұндық, құрылымдық тұрғыдан салыстыра қарастыру.
• Романдағы психологизм мәселесін және Гулливердің саяхаттарының қазақ
тіліндегі аудармасында психологизмнің сақталуын, берілуін сараптау.
• Ағылшын, орыс, қазақ тілдеріндегі мәтіндеррді салыстыра-салғастыра
зерттеу, функционалдық-прагматикалық мәселелердің сақталуына мән беру.
• Романның қазақ тіліне аудару барысында жеткен жетістіктер мен жіберген
кемшіліктердің түп-төркінін анықтау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Алғаш рет осы магистрлік диссертацияда
Д.Свифттің Гулливердің саяхаттарындағы психологизм мәселесі
қарастырылады. Оған қоса осы романның қазақ тіліне аударылуының тарихы мен
тәжірибесі алғаш рет сөз болады. Осы роман жөнінде жазылған әдебиеттер
жүйеленеді. Аударма алғаш рет түпнұсқа мен орыс тіліндегі аударма
нұсқасымен салғастырыла қаралады.
Зерттеу нысанасы ретінде Джонатан Свифттің Гулливердің саяхаттары
шығармасының ағылшын, орыс, қазақ тілдеріндегі нұсқалары, психологизм жайлы
еңбектер пайдаланылды. Свифт туралы, сол кезеңдегі Англяның тарихы туралы
жазылған еңбектер, мақалалар қамтылды.
Әдістемелік негіз. Аударманың теориясы мен тарихы бойынша А.Алдашева,
Қ.Алпысбаев, Н.Сағындықова, Г.Бельгер т.б. қазақстандық ғалымдардың
еңбектерімен қатар, В.С.Виноградов, В.Н.Комиссаров, Н.К.Гарбовский,
А.В.Федоров, И.Левый т.б. ресейлік ғалымдардың аударма мәселесіне арнаған
ғылыми еңбектері негізге алынды. Шет ел әдебиеті туралы орыс тіліндегі
Г.В.Аникин мен Н.П.Михальскаялардың еңбектерін, Д.Свифттің өмірі мен
шығармашылығы жөнінде И.А.Дубашинскийдің, В.С.Муравьевтың, М.А.Нерсесованың
т.б. ғалымдардың кітаптары пайдаланылды, психологизмге байланысты
Б.Майтановтың, Г.Пірәлиеваның монографиялары негізге алынды.
Зерттеу әдістері. Жұмысты жазу барысында тарихи-салыстырмалы,
кластерлік әдістермен қатар, түпнұсқа мен аудармаларды жүйелеу, салыстыру-
салғастыру, талдау әдіс-тәсілдері қолданылды.
Теориялық, тәжірибелік мәні. Бұл жұмыстың көмекші құрал ретіндегі
теориялық-практикалық мәні бар. Аударма ісі мамандығы бойынша білім алатын
студенттер мен магистранттарға шет ел әдебиетіне, аударма тәжірибесіне
байланысты пәндер бойынша дәрістерде, семинарларда пайдалануға болады.
Зерттеудің құрылымы. Магистрлік диссертация кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1-тарау. Свифттің өмірі мен шығармашылығы, XVII- XVIII ғ.ғ.
Англияның тарихы, саяси-әлеуметтік жағдайы

Ағылшын әдебиетінің әйгілі сатиралық дәстүрі Свифттің шығармашылығымен
тығыз байланысты. Біздің түсінігімізде Свифт бәрінен бұрын қатыгез
сатирик, өз ғасырының кемшіліктерінің қатал көрінісшісі. Свифт аллегоряның
шебері, яғни бір құбылысты (оқиғаны) басқа нәрсемен сипаттай отырып, ол
шығармаларында фантастикалық образдар, ғажайып шытырман оқиғалар,
саяхаттары арқылы шындықты айтады.
Өткен ұлы жазушылардың арасында шығармашылығы біздің мәдениетімізге
еніп кеткен , аттарын есімізге ризашылықпен түсіретіндердің ішінде Джонатан
Свифт сияқты қайғылы, қарама-қайшы сұлбаның табылуы екі талай.
Өзінің терең де келісімсіз сатирасымен ол замандастары мен
сыбайластарынан ғана басым болған жоқ, ағылшынның кейінгі буын
жазушыларынан да артық болды. Свифт – гуманист. Оның қатал шабыты қоғамдық
жауыздықты жоюға қызмет етуге жаралған. Бірақ жазушының өмір туралы ойы,
пессимизмге толы, ал оның жағымды үлгісі утопиялық форма түрінде. Өз
ғасырының қарама-қайшылықтарын Свифт қайғылы қабылдайды, оның болашаққа
деген көзқарасының келешегі жоқ.
Ол ғасыр қиын және қарама-қайшылыққа толы кезең болатын, Англия басқа
Еуропа мемлекеттерін басып озып, буржуазиялық даму жолына алғаш болып
түскен еді.
Англияда буржуазиялық төңкеріс XVII ғасырдың 40-жылдары болды. Бірақ
монархияның құлағанынан кейін орнаған буржуазиялық республика Англияда көп
өмір сүрмеді.
Шиеленіскен саяси күрес республика армиясының көрнекті қызметкері
Оливер Кромвильдің диктатурасына алып келді. Оның өлімінен кейін, Англияда
монархияны қалпына келтіруге жағдай туды. Сөйтіп 1660ж. жазаланған король
Карл II-нің баласы ағылшын тағына отырды.
Бірақ Англияда феодалдық тәртіптің билігі берік болмады. Стюарттардың,
Карл II-нің одан кейін оның ағасы Яков I-нің реакциялық құрылымы билеуші
топтардың қарсылығы мен халық арасында революцияның пайда болуына түрткі
болды. Герцог Монмунтскийдің жетекшілігімен болған көтеріліске жауап
ретінде Яков II-нің үкіметінің жауабы болған қанды репрессиялар да келе
жатқан ағылшын абсолютизмінің құлауының алдын ала алмады.
XVII ғ. 80ж. феодализммен күрес кезінде ағылшын үкіметі жер
иеленушілермен келісімге барады. Ағылшын тарихшылары атақты деп аталған
екінші буржуазиялық төңкеріс қансыз, халықтың қатысысыз, мемлекетте өзгеріс
болды. Стюарттар тақтан түсірілді де Францияға қашып кетті, Англия
конституциялық монархия болды, билік парламент пен олардың алдында жауапты
министірлер кабинетіне өтті.
Буржуазиялық құрылым ағылшын халқына жаңа қиындықтар мен мұқтаждықтар
алып келді. Англия отарлау соғыстарын тауар өткізетін базар үшін жүргізді,
заңды түрде шаруалардың жерлерін тартып алуды бекітті. Әсіресе Ирландияда
жағдай өте ауыр болды, ол жерде нағыз отарлық тәртіп үстем болды және
жоқшылықтың шарықтау шегіне жеткізді.
XVIII ғ. алдыңғы қатардағы ағым ағартушылық идеясы болды. Ағартушылар
өмір қайта құрылуы мүмкін деп оптимистік тұрғыдан қарады. Англиядағы
ағартушылық басқа мемлекеттерге қарағанда буржуазиялық төңкерістің алдында
емес кейін болды. Ағылшын ағартушыларының үлесіне келе жатқан төңкеріске
ойшылдарды дайындау емес оның нәтижелерін түсіну үшін дайындау міндеті
тиді.
Ағылшын ағартушылары мемлекетте орнаған буржуазиялық-ақсүйектік
құрылымды әр қайсысы әр түрлі қабылдады.
Алғашқы ағылшын ағартушыларының ішінде әдет-ғұрып очерктерінің негізін
қалаушылар, Стиль және Аддисон журналдарын шығарушылар ақын Александр Поп
пен англиядағы реалистік роман Робинзон Крузоның авторы, буржуазиялық
прогресстің жақтаушысы Даниель Дефо.
Басқа жазушылар негізінен және жүйелі түрде пайдакүнемдіктің
көрінбейтін жақтарын сынап, үлестен құр қалған халықтың мүддесін қорғады.
Бұл бағытты Свифт басқарды. XVIII ғ. ортасында Филдинг, Смоллет т.б.
Свифттің жолын қуушылар болды.
Ағылшын ағартушыларның арасында Свифт ерекше орын алады. Ол көпшілік
ағартушылардың адамның жеке жақсылықтарын қоғамның кеселдеріне қарсы қоюға
болады деген қиялдарды қолдамайды. Свифт сол кезеңдегі ағылшын өмірінің
барлық жағын: басқару жүйесінің кемшілігін, оңай олжаның артынан жаппай
жүгіруді, меншікті қорғайтын сот пен заңды, отбасының ыдырауын т.б. талдай
отырып, буржуазиялық мемлекет пен буржуазиялық прогрессті мойындамайды.
XVIIIғ. әдебиетіне өркениетті қоғамды, табиғи жаратылыстың үлгілі
жобасын немесе басқа әлем мен ғаламшардан келген нәрсе және онда дұрыс,
орынды табиғатқа жақын тәртіп орнаған деп бағалау тән.
Ағылшын ағартушыларында нағыз адам түсінігі едәуір нақтыланады.
Дефоның романы Робинзон Крузода табиғи қалып XVIIIғ. Ағылшын буржуасын
мейірімді қылып жібереді. Ол өзінің таптық белгілері мен сенімін
жоғалтпайды, бірақ кейіпкердің елсіз аралда тұруға мәжбүр болуы оның күш-
қуатын, тапқырлығын, іскерлігін, оптимизмін т.б. иеленуге емес табиғатпен
күреске жұмсайды. Табиғи, нағыз адам болып Робинзон өркениетті айыптайды,
бірақ өз аралында соның бір үлгісін жаңадан жасайды, нәтижесінде ол жерде
буржуазиялық тәртіп орнатады.
Свифт оған қарама-қарсы тұжырымға келеді. Ағылшын буржуазиясын елсіз
аралға орналастырып, оларға табиғи қалпын қайтарып, олардың
кемшіліктерін өркениеттің жамылғысысыз, ажарсыз, жалаңаш түрінде көрсетіп,
Свифт өз нұсқасын табиғи адам жартылай адам, жартылай жануар – йэхуді
жасайды. (Гулливердің саяхаттары, төртінші бөлім)
Барлық ағартушылар сияқты Свифт те рационалист болды. Бірақ Свифт
ақылдың құдіреттілігіне күмән келтіреді. Сонда да сатириктің пессимизміне,
заманның бұзылып кетуі туралы қайғырып ойлануына қарамастан Свифт әрқашан
ағартушы болып қала берді. Ол: суретшінің міндеті - өз отандастарына
олардың кемшіліктері мен адасқандықтарын айтып, мінездің, әдеттің
дұрысталуына, жөнделуіне түрті болу, - дейді.
Француз ағартушылары ең бірінші саяси мәселелерге көңіл бөлсе,
буржуазиялық төңкерістен кейін өмір сүрген ағым ағартушыларын экономикалық
және эстетикалық мәселелер қызықтырды.
Свифт мемлекеттің, халықтың мүддесін билеуші жоғарғы топтың мүддесінен
жоғары қояды. Ирландияның тәуелсіздік алуы үшін күреске белсенді қатыса
отырып, ол халыққа жол табады. Свифт олардың құқығын қоғап қана қоймайды,
сонымен бірге халықты белсенді әрекет етуге шақырады.
Джонатан Свифт ағылшын болған бірақ оның өмірі Ирландиямен тығыз
байланысты. Ол сол жерде туған және оқыған, көп жыл өмір сүрген, ирландия
патриоттарымен бірге ағылшын езгісіне қарсы күрескен. Ол Дублинде қайтыс
болып сол жерде жерленген.
1731ж. Д.Свифт, Дублиндегі әулие Патриктің шіркеуінің деканының
Доктор Сфифттің өліміне арналған өлеңі оқырмандарды үміттендіргенмен
оларға әлі он төрт жыл күту керек еді. Бұл өлеңінде ол автопортретін де
бере кетеді, оны былай қорытындылайды.
Согласен я, декана ум
Сатиры полон и угрюм;
Но не искал он нежной лиры:
Наш век достоин лишь сатиры.
Всем людям мнил он дать урок,
Казня не имя но порок,
И одного кого-то высечь
Не думал он, касаясь тысяч...[3]Бірақ та бұл істің жартысы ғана еді.
Мұндай өмірбаян онша қызықты емес еді. Сол үшін қызыққұмар замандастарына
болашақ биографтардан бұрын бір белгі беру керек болды. Сол 1731ж. Свифт
Свифттер отбасының тарихы туралы жазады. Свифт, Томас Свиффтің жетінші
немесе сегізінші баласы Джонатанның жалғыз баласы болған.
Свифт бір жаста болғанда оның басынан қызық оқиға өтеді. Баланың
күтушісі оған бауыр басып қалғаны соншалықты Англиядағы бір қайтыс болған
туысына барып, мұрасын алып қайту керек болғанда, ол баланы анасы мен
ағасынан жасырын өзімен бірге Уайтхэвенге алып кетеді. Барлығы белгілі
болған кезед анасы бала қатайғанша қайта жолға шықпауын бұйырғандықтан, ол
жерде олар үш жылдай болады. Бала қайтқанша күтушінің арқасында жазуды
үйреніп, ал бес жасқа толғанда Библияның кез келген жерінен оқи алатын
болған.
Ол өмірбаянында өзінің шығармашылығы туралы мүлдем сөз қылмауын,
әдебиетте атын көрсетпеуін былай болжауға болады. Біріншіден әдеби, Свифт
анық және дәлелді болу үшін үгіттемейді керісінше, баяндайды. Жасанды
әңгімелеуші белгілі бір саяси, идеялық, тәрбиелік жағдайды көзімен көрген
немесе қатысушы ретінде таңдалып, суреттеледі. Ол өзінің жеке ойымен емес,
істің мазмұнымен танысуды, сатириктің тұлғасына емес, нақты жағдайға
қызығушылық танытуды ұсынады. Оқырманның қабылдауын не автор, не оның
тұлғасы, не өмірі, не стилі көңілін бөлмеуі керек, осыдан қандай да бір
бейнеліліктен арылған жақсыз сөйлеуге ұмтылу келіп шығады.
Свифттің автобиографиясы да өз міндеті бар әдеби шығарма. Бұл
жазушының өмірін сипаттау емес. Д.Свифттің өзіне өлгеннен кейін де авторлық
қажет емес, оның кітаптары Англияның тарихы мен рухани өмірімен бірігіп
кеткен, сондықтан оларды жеке емес, әлеуметтік контекстте түсіну керек.
Свифттің отбасы – шығармашылығынан бөлек өзі туралы әңгіме. Сонымен
біріншіден, автордың өзінің шеттеуі – бейнелеудің свифттік принципі.
Екіншіден өз өмірбаянынан шығармашылығын алып тастауы. Ол өзінің тағдырын
шығармашылығынан бөліп алады. Ол өзі туралы не айтылса да, кітаптарын
қатыстырмауын өтінеді. Өзінің жазушылық еңбегін қоғамның мойындауын талап
етпейді. Не болса да ол ақша, қызмет, атақ үшін жазған жоқ. Мысалға ол
Англияда тұрғысы келеді, ағылшын епископтығына сайланғысы келеді, ақшадан
қиналғысы келмейді. Бірақ әділдікті, өзінің мінезіне, әдеби қызметіне
байланыссыз өзіне деген түзу қарым-қатынасты қалайды, еңбегінің жемісін
көргісі келеді. Бірақ Сержи перо он и язык, Он в жизни многого б достиг
деп өзі айтқандай шығармашылығы оның қызметіне кедергі келтіреді.
Свифт 1667ж. 30-қарашасында әулие Эндрю күнінде дүниеге келген.
Жазушының ағысы адвокат Годвин Свифт Ирландияға жұмысқа тұрғаннан кейін
оның артынан інілері келеді. Жазушының әкесі Д.Свифт баласының дүниеге
келуіне бірнеше ай қалғанда оқыстан 25 жасында қайтыс болып кетеді де,
әйелі жас баламен қиын жағдайда қалады.
Мектеп бітіргеннен кейін он төрт жасар Свифт әлі де ортағасырлық
тәртіп пен діни ілім билеп тұрған Дублин университетіне түседі.
Свифттер әулеті бірнеше ұрпақ бойы шіркеу қызметкерлері болған.
Сондықтан Годвин Свифт, інісінің тәрбиесімен айналысып, оны Килкеннидегі
мектепке, содан кейін Дублиндегі Тринити колледжіне (1682ж.) береді, ол
жерде болашақ жазушы отбасының салты бойынша дін қызметкері болу үшін дінді
оқуға міндетті еді. Свифттің сол кездің өзінде тапқырлығымен, кекесін
сөздерімен, тәуелсіз, батыл мінезімен ерекшеленгендігін кейінірек
университеттегі достары естеріне алып отыратын.
Унивеситетте өтілетін барлық пәндердің ішінен поэзия мен тарихқа
қатты қызыққан, ал басты пән болып саналатын теологиядан немқұрайлы
деген баға алатын болған.
Бірақ 1688 ж. шіркеу қызметкері болуға жеткіліксіз бакалавр дипломын
алып, Свифт өз қызметін лорд Уильям Темплдің хатшысы ретінде бастауды
қалады. Король Карл II-нің кезіндегі беделді дипломат У.Темпл мемлекеттің
іс-әрекетінен көңілі қалып, қызметін тастап, өзінің Мур-Парк иелігінде гүл
өсіріп, классиктердің туындыларын оқып, Лондоннан келген атақты адамдарды
қонақ етіп, бос уақытында шығармашылықпен айналысып тұрып жатқан еді. Әрине
жас жігітті Темплдің үйіне жиналатын әртүрлі және жарқыраған адамдар
қызықтырды.
Намысқой, көп адаммен тіл табыса бермейтін Свифтке хатшы мен малайдың
арасындағы жағдайға үйрену қиынға соқты. Өзінің қорғаушысын тастап бұдан
жақсырақ жұмыс табу үмітімен Ирландияға қайтып кеткенімен ол жақта да оңды
жұмыс таба алмай екі жылдан кейін Темплге қайта келді. Ол енді Свифттің
қабілетін бағалап, онымен әңгімелесуге көп уақытын жұмсап, өздерінің
достарымен таныстырып, кітапханасын пайдалануға рұқсат беріп, көптеген
жауапты тапсырмаларды сеніп тапсыратын болды.
1692 ж. Свифт диссертация қорғап магистр дәрежесін алады. 1699 ж.
Темпл қайтыс болғаннан кейін Мур-Парктен кетуге мәжбүр болып, күн көру
керек болғаннан кейін Ирландиядағы Ларакор деревнясында діни қызметкер
болып жұмыс істейді.
Осы Мур Парктің тыныштығында Свифттің алғашқы сатиралары пайда бола
бастайды. Кітаптар соғысы (1697ж. жазылып, 1704ж. жарияланған). Бұл
XVIIғ. ортасында Францияда, 90-жылдары Англияда кең тараған жаңа әдебиет
пен ғылымның көне дәуірдегі оның ішіндегі антикалықтан асып түсетіндігі
жайлы пайда болған айтысқа берген бағасы болатын.
Ескі мен жаңаның айтысында Темпл антикалық авторлар жағында болатын.
Темплдің көзқарасын бөлісе және қолдай отырып Свифт жаңа әдебиетті жақтаушы
филологтар Уоттон мен Бентлиге қарсы шығады.
Памфлеттің ортасындағы көріністегі бір ара мен өрмекшінің таласы
Свифттің көзқарасын нақтырақ білдіреді. Оның аллегориясы айқын. Нағыз ғылым
мен өнер – даналық пен ғылымның бастауы, ал өрмекшінің қараңғы бұрышта
өрмегін тоқуы (әбігерге түсуі) жеркенішті.
Кітаптар соғысының алғы сөзінде жас жазушы өзінің сатира мен
сатириктің міндеттеріне деген өз көзқарасын білдіреді.
Одан кейін көп уақыт өтпей Бөшке (кеспек) туралы ертегі (1697-
1698жж.) жазылды. Екі туында да 1704ж. басылып шықты.
Свифт біраз жылдардан кейін Құдайым-ау, мен бұл кітапты жазғанымда
қандай данышпан (ақылды) болғанмын, - деген екен. Шынымен де, бұл ерекше,
батыл, аса бағалы кітап болды. Оның өткір тілділігі, сатиралық ойлары мен
ашуы үлкен көлемді бірнеше кітапқа сиярлықтай еді. Кітаптың атауының екі
түрлі мағынасы бар. Біріншіден, Бөшке туралы ертегі деген идиомалық
тіркес Свифт заманында әртүрлі былықты, мағынасыздықты, шиеленіскендікті
білдіретін. Бөшке туралы ертегінің құрылымы әдейі ретсіз құрылған. Бұл
кіріспе, алғысөз, арнау, ұрпаққа үндеу ретіндегі памфлеттер сериясы немесе
бір қарағанда осы таң қаларлық кітапқа сюжеттік негіз болатындай үш
ағайынды жігіттер туралы аллегориялық әңгімені үзетін әртүрлі шегіністер.
Бөшке туралы ертегінің атының екінші және маңызды мағынасы туралы
алғы сөзде Свифт өзі былай дейді: ...Теңізшілер теңізде кит кездескен
жағдайда оны кемеден көңілін аудару үшін теңізге бөшке тастайтын әдеттері
бар. Қауіп төнген кеме – мемлекет. Оны халықтан, еркін ойлаушылардан
қорғау үшін, үкімет оларға бос бөшке – дінді тастайды. Дін туралы айтыстар,
сатириктің ойынша, мемлекеттің аман қалуына көмектесетін көңіл аудару
тәсілі. Кезінде Бокаччо дінге еріктілік жөнінде айтып кеткен үш ағайынды
мен әкесінің өсиеті туралы нақыл әңгімені Свифт басқаша береді.
Әкесі (христиан діні) өз балалары Петрге (католицизм туралы айтып
отыр, католик шіркеуінің басшысы болып апостол Петр саналады), Мартинге
(бұл жерде Свифт Мартин Лютер атымен лютеранстваға жақын ағылшын шіркеуі
шектелген протестантизм туралы айтып отыр) және Джекке (ағылшын пуританы
реформатор Джон Кайвеннің жолын қуушы сектанттар) – тату тәтті тұруды, өз
шекпендерінің бүтіндігі мен дербестігін сақтап, оның алғашқы қалпын
өзгертетіндей ешқандай сәндемеуді бұйырады. Одан кейінгі ағайындылардың
оқиғасы бәрінен бұрын папалыққа сатира. (Бөшке туралы ертегіні осы күнге
дейін Ватиканның тиым салынған кітаптар қатарына қосуы тегін емес). Петр
әкеснің өсиетін жәшікке салып қояды да, өзін жалғыз түсіндіруші деп
жариялап, інілеріне шекпендерін неше түрлі қылып сәндеуге болатындығын
дәлелдейді. Өзін әкесінің жалғыз мұрагерімін деп есептеп, басқаларының оған
бағынуын талап етеді.
Інілерінің Петрдің билігінен құтылу үшін жасаған көтерілістері
реформацияны білдіреді. Ал Мартин мен Джек әкесінің өсиетін оқығаннан кейін
екеуі екі түрлі қабылдайды. Мартин шекпенің алғашқы қалпын бұзып тұрған
әшекейлерді абайлап алып тастайды. Өйткені киімінің матасын бүлдіріп қоюдан
қорқады, осыдан сақтық пен біркелкілік шығады. (Бұл жерде Свифт
католицизмнің белгілерін сақтап қалған ағылшын шіркеуінің реформаларының
шалалығын білдіреді.) Мартинге қарама-қарсы Джек Петрді жек көргендіктен
киімінен тігілген әшекейлерді жұлып алып тастағандықтан оның киімі ескі-
құсқыға айналып кетеді.
Реформация жөніндегі аллегориялық әңгімесінен кейін Свифт сатирасының
нысанасы пуритандық болды, бұл ағылшын буржуазиясының өз екіжүзділіктері
мен пайдакүнемдіктерін дінмен бүркенетін көзқарастардың жүйесі.
Бәрінен де қызығы, Свифттің әдей адастыру үшін ойлағаны орындалды.
Автордың сыншыларға лақтырған бөшкесі олардың көңілін басты нәседен
аударды: ол кітаптағы мемлекетке сатира. Свифт соғыстарды масқаралап, ұлы
адамдар деп аталатын атақты қолбасшыларға, діни секталардың негізін
құрушыларға күледі.
Свифттің алғашқы туындыларының ішінде ерекше орын алатыны Стеллаға
арналған күнделік. Бұл кітапты түсіну үшін жазушының өмірінің бір бетін
алып қарауға тура келеді.
Свифт Мур-Паркте болған кезінде бір қара көзді, қара шашты жақсы қызды
кездестіреді. Бұл қыз Эстер, Темпл мен миссис Джонсонның некесіз туылған
қызы деген сыбыс болған. Жастарында айырмашылық болғандығына қарамастан
намысқой, тұйық, кісі киік Темплдің хатшысы мен кішкентай Эстер Джонсон дос
болып кетеді. Свифт қыздың тәрбиесімен, білім алуымен шұғылданады.
Уақыт өте келе, қыз өсе келе достық махаббатқа айналады. Эстер Джонсон
немесе Свифттің поэтикалық тұрғыдан атағандай Стэлла оның сенімді досы
болды. Свифт қайда болса ол да сонда болды. Свифттің биографтары осы күнге
дейін Свифт неліктен Стэллаға үйленбеді деген сұраққа жауап таба алмауда.
Сол кезеңде некенің бұғауы мен шарттарының орнына еркін одақты таңдау үшін
Свифтті өте қатты сүйіп, оған кәміл сеніп оның өмірге деген көзқарастарын
қабылдаған болу керек. Стэлладан үш жылдай бөлек тұрғанда Свифт күніге
кешкісін оған хат жазатын. Стэлла олардың барлығын сақтап қалған, олар
кейінірек , Свифт пен Стэлла қайтыс болғаннан кейін жарияланды. (1766-
1768жж.)
Стеллаға арналған күнделіктің жанрын анықтау қиын. Бұл бір жағынан
хаттар да , күнделік те, мемуарлар да, роман да болуы мүмкін. Свифт
Лондондағы күнделікті өмірі туралы, өзінің саяси байланыстары және әдеби
жұмыстары, көңіл күйі және жан дүниесінің қалпы туралы нақты есеп береді.
Стеллаға арналған күнделік - Свифттің биографтары үшін баға жетпес
ақпарат көзі. Бәрінен бұрын бұл бір ғана оқырманға арналған өзінше бір сыр
шерту. Ол оған өзінің армандары, ойлары, күмәндары, қорқынышы, көңілі қалу
туралы айтады. Бұл Свифттің ішкі әлемін және жеке өмірін ашып көрсететін
жалғыз кітап.
Свифт Лондонның тар көшелерін аралап жүріп жүргіншілердің
әңгімелеріне құлақ түріп, қарапайым халықтың көңіл-күйін байқап жүрді. Ол
күніге бір уақытта Лондонның ақын-жазушылары жиналатын Бэттон кофейнесіне
соғатын. Бұл жерде Свифт соңғы саяси жаңалықтарды біліп, әдеби айтыстарды
тыңдап, үндемей тұра беретін. Бірақ кейде ешкімге белгісіз, қара сутана
киген жабырқаңқы адам қызу әңгімеге араласып, өткір сөздері мен
каламбурларын айтқанда барлығы оның бір де бір сөзін жіберіп алмайын
дегендей тым-тырыс бола қалатын. Ертеңіне оның сөздерін барша Лондондықтар
еститін.
Лондонда шіркеу жұмыстарымен айналысып жүрген қарапайым селолық шіркеу
қызметкері (поп) тез арада саяси ортада атақты журналист және беделді адам
болады деп сірә ешкім ойламаған болар. Свифттің басты сатиралық жанры –
памфлет болатын. Свифттің алғашқы саяси памфлеті Афина мен Римдегі
ақсүйектер мен қауымдардың арасындағы ұрыс-керістер мен келіспеушіліктер
туралы сын (1701ж.). вигтерді жақтап жазылған. Кейінне Свифт өзінің саяси
көзқарасын өзгертіп өз қаламын торилер партиясына береді.
Англияның саяси партияларының екеуі де билеуші топтардың мүддесін
қорғайтын. Ағылшын буржуазиялық партиясы Вигтер алғашында Свифтті либералды
ұрандарымен қызықтырған еді. Оның вигтердің саудашылдықтарынан,
парақорлықтарынан, Франция мен Англияның соғысының нәтижесінде вигтік
министрлер мен қолбасшылардың байуынан жүрегі айныды.
Свифттің әрекеттері ағылшын жериеленушілерінің партиясы торилердің
арасында қолдау тапты.
Свифттің атақты памфлеті Одақтастар мен бұрынғы министрліктің қазіргі
соғыстағы әрекеті (1711ж.) соғысты бүкіл халықтық апат деп қарастырады. Ол
соғыстың арқасында байып кеткен іскерлер мен саясаткерледі әшкерелейді,
ағылшын армиясының бас қолбасшысы герцог Мальбороның сатиралық портреті
анық жазылған.
Мидас жайындағы аңыз (1712ж.) өлеңінде Свифт Мальбороны барлық затты
алтынға айналдыра алатын қасиеті бар көне гректік мифтің кейіпкеріне
теңейді. Пара алып мемлекеттік қызметтерді сатып Мальборо тезектен де алтын
алады дейді. Свифттің памфлетернің көбісі соғыстың аяқталуына дайындалды.
Утрехт келісімі (1713ж.) жасалғанда оны Свифттің келісімі деп те атады.
Торилер билеп тұрған жылдары Свифттің ықпалы зор болатын. Ол
Зерттеуші жураналының редакторы, премьер-министр Роберт Гарли мен сыртқы
істер министрі Болингброктың сенімді адамы болады бірақ Свифттің жағдайы
екіұшты болды.
Ресми түрде ол Лондонда ұзақ демалыста болған Ирландиядағы кішкен
шіркеудің қызметкері, шындығында торилердің үкіметінде портфельсіз министр,
онымен санасады, өткір сөздерінен қорқады. Свифт ресми қабылдаулардың,
ақсүйектік салондардың сүйікті қонағы болды.
Сол кезеңде Свифт мұқтаждықта өмір сүрді. Журналды ол ақысыз
редакциялайтын. Ол кезеңде әдеби қаламақы деген болмайтын, бірақ барлық
әдебиетшілер үкіметтен жәрдемақы алатын. Свифт басқа нәрселермен айналысып
жүретін. Ол ешқандай ақшалай көмекті керек қылмайтын, оны өзін қорлау деп
есептейтін.
Айналасындағы жалпыға тән сыбайлас жемқорлықтың, парақорлықтың,
сатқындықтың ортасында қатал, сатылмайтын, майда-шүйдеге дейін кінәмшіл
Свифт әпенде болып көрінетін. Свифттің табандылығы мен өткір сөздерінен
оның беделді қорғаушылары мен қызметтестері де сескенетін (тайсалатын).
Олардың көпшілігі Свифттің Лондонда болғанын қаламайтын.
Ал Свифт болса мемлекеттің саяси өміріне белсенді араласқысы келді.
Шіркеу қызметкері болғандықтан ол қауым палатасына сайлана алмайтын еді.
Бөшке туралы ертегінің авторы болғандықтан ол епископтық атақты да ала
алмады. Тек 1713ж. Свифт Дублиндегі әулие Патрик соборының бастығы (деканы)
қызметіне орналаса алды. Свифт бұл қызметті және табысты орынды айдаумен
тең деп есептеді.
Свифттің торилердің саясатын, міндеттері мен мақсаттарын жақтағаны
сөзсіз. Өзі адал болғандықтан, ол ұзақ уақыт бойы партия басшыларының
екіжүзді, авантюрист екендіктеріне сенбеді. Нәтижесінде вигтер мен
торилердің арасындағы тайталас оған түкке тұрғысыз, болмашы нәрсе болып
көрінеді.
Өмір бойы Свифт Англида үшінші, нағыз халықтық партия құруды арман
етті. Бірақ ол кезеңде ондай партия болмады және болуы мүмкін емес еді.
Алдында айтылғандай Свифт Ирландиядағы қызметін айдау деп қабылдаған
болатын. Ол саясатпен енді айналыса алмаспын деп ойлаған еді. Бірақ нақ осы
жерде ирландия халқының патриоттық күресіне қатыса жүріп, ол өзінің нағыз
орнын тапты. XVIIIғ. 20ж. Свифттің саяси және әдеби қызметіндегі атақты
кезең болды.

1.1 Д.Свифттің сатиралық романы – Гулливердің саяхаттары

Свифттің Ирландиялық памфлеттері екі томды құрады. Ағылшын
отаршылдарының Ирландияны қанауы жөнінде Свифт бұрын да жазған болатын. (
Бір қорланған ледидің әңгімесі 1707ж., Парламент мүшесіне хат
1710ж.т.б.) XVIIIғ. 20 жылдары Свифттің шығармаларының ішіндегі ең
маңыздысы Гулливердің саяхаттары. Свифттің өткен саяси және әдеби
қызметінің жинағы, оның көп жылдық күресінің нәтижесі және сатирик
ретіндегі көркемдік шеберліктің шыңы болып саналады. Саяхатарды жазу
туралы алғашқы ойы мен нобайы 1714ж. жасалса, роман 1726ж. жарияланды.
Свифт Лондонда болған кезінде бір топ достарымен бірге сол кезеңнің ең
тапқыр адамдарының қоғамын құрады. Бұл Мартин Скиблерус ұйымына Свифттен
басқа ақын Александр Поп, ақын және драматург Джон Гэй, дәрігер Джон
Арбертон және т.б. кірді. Клубтың жиналысына атақты саяси қайраткерлер,
олардың ішінде тори партиясының басшылары да жиі қатысатын. Скриблерустың
кейпімен жазушылар тақуалықты, жалған ғалымдықты келемеждейтін үйірменің
мүшелері Мартин Скриблерустың мемуарлары деген ортақ еңбек жазды. Мұның
көп бөлігі Арбертноттың қаламына тиесілі, Свифттің де бұған қосқан үлесі
бар. 1717ж. Свифт Мартин Скриблерустың алыс, таныс емес елдерге
саяхаттарының сатиралық нобайын жасаған. Бірақ бізге дейін жетпеген ол
қолжазбалар Гулливердің саяхаттарына негіз болған.
Свифттің бұл кітаппен жұмысы туралы алғы сөздер 1721ж. жатады.
Гулливердің саяхаттарының жанрлық табиғатын анықтау қиын. Дәстүр бойынша
оларды роман деп атау керек. Бірақ кейбір зерттеушілер оны сатиралық
памфлет деп те атайды.
Свифт өзінің сатиралық ойлары мен философиялық-утопиялық армандарын
қызықты етіп, ағартушылардың көңілін көтере отырып жөн сілтеу деген
өсиетінің ізімен жүре отырып, саяхаттар түрінде береді. Ол Дефоның енгізген
ағылшын әдебиетінің шытырманды-теңізді романның жанрын негізге алады да
кейіннен оны да кекетеді (мазақ етеді). Бірақ екеуінде де отарлау
саясатының нәтижесін әшкерелеу бар.
Жалпы Гулливердің саяхаттары ағылшынның Ағарту заманында ерекше
орын алады және өзінің ерекшелігі, көркемдік әдісі бойынша Қайта өрлеу
дәуірі мен XVIIғ. әдебиетінің роман дәстүріне анағұрлым жақын.
Саяхаттардың әдеби бастаулары ең алдымен әрине – Гаргантюа және
Пантагрюэль Рабле, Сиарно де Бержерактың ғылыми-фантастикалық романдары
т.б. Бұл кітаптарда Свифттегідей әлеуметтік сатира мен утопияны реалистік
фантастика арқылы білдіреді, ал рационалист Свифттің шығармаларына бұл
тәсіл өзінің адуындалығын, қисынсыздылығын жоғалтып ақылға бағынады.
Гулливердің саяхаттары төрт бөлімнен тұрады: Лилипутияға саяхат,
Бробдингнегке саяхат, Лапуту, Бальнибарби, Лагнегг, Глаббдабдриб және
Жапонияға саяхат, Гуигнгнм еліне саяхат.
Романның бірінші және үшінші бөлімінің жазылу тарихы олардың
композициясына әсер еткен. Лилипуттарға саяхаттардың бірінші және екніші
тарауы және Лилипутия утопия ретінде берілетін алтыншы тараудың бір бөлігі
1714ж. Мартин Скриблерустың саяхаттары үшін жазылған болатын, ал қалған
тараулары 1720-21жж. жазылған болу керек. Гулливердің қызықты пигмейлермен
(қортықтармен) кездесуін баяндайтын жерде әзілдің басым болуы, сонымен
қатар алтыншы тараудағы олардың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерінің
суреттелуі бірінші бөлімінде лилипуттардың сатиралық суреттелуінің
басымдылығына сәйкес келмейді.
Свифттің пигмейлерге саяхатын утопия ретінде жазамын деп ниеттенген
алғашқы ойының әсері романның бірінше кітабында кейбір қарама-қайшылықтарға
алып келген (мысалы, лилипуттардың сот тәртіптері әділетті және парасатты
деп айтылса да, Гулливердің үстінен қаралған сот пен оған қолданатын жаза
сорақы заң бұзушылық).
Екінші бөлім 1722-23жж., төртінші бөлім 1724ж. аяқталды. Екеуі де
алдын ала жобасыз, нұсқаусыз, бір шабыттың екпінімен жазылған. Бұл жерде
сатира мен утопия тығыз байланысты және тікелей автордың ойына бағынады.
Екінші, әсіресе төртінші бөлім идеялық бірліктің және көркемдік
кемелденудің үлгісі. Төртінші бөлім екінші бөлімнен өсіп шығып, логикалық
тұрғыдан жалғастырып, тереңдетіп, соңғы шегіне дейін жеткізеді.
Үшінші бөлімі соңғы жазылған (1724-25жж.). Оның композициясы жүйесіз
және оқушыны біраз жалықтырып, шаршатып жібереді. Елдердің қиынсыз құбылуы,
оқиғалардың, адамдардың қиынсыз құбылуы кейде сюжеттің, пішіннің анықтығын
жоғалтып алады. Үшінші бөлімнің кейбір эпизодтары алдындағы Мартин
Скиблерус саяхаттарының кейбір бөліктеріне арқа сүйейді (ұшатын арал,
Прожекторлар (жүзеге аспайтын жоба жасаушы) академиясы т.б.), бірақ олар
Свифттің соңғы жылдардағы тәжірибесінің негізінде біраз өңделіп,
толықтырылған.
1725ж. 14 тамызында Свифт Фордқа былай деп жазады: Мен өзімнің
Саяхаттарымды жазып бітірдім, енді оларды көшіріп жатырмын. Бұл бір
тамаша нәрсе, олар әлемді керемет өзгертеді (жаңартады).
Свифттің барлық шығармалары секілді Гулливердің саяхаттарының
авторының аты да жасырын атпен шықты. Баспагер Бенджамен Моттемен
келіссөзді ойлап тапқан адам Ричард Симпсонның атымен жүргізді. 1726ж.
Гулливердің саяхаттарының алғашқы жарияланғаны мен одан кейінгі екеуінде
де көптеген қателіктер кеткен, бұрмаланған, алынып тасталған болып шықты.
Форд Свифттің сақталған қолжазбасы бойынша кемшіліктерді жөндеп, Моттеге
жібереді де 1727ж. қайта, төртінші рет басылып шығады. Кітап жасырын атпен
басылып шықса да, автордың Свифт екендігі баршаға мәлім болды, ал жазушы
өзі Саяхаттар туралы Доктор Свифттің өліміне деген өлеңінде айтады.
Гулливердің саяхаттарында Свифт бұған дейінгі памфлеттеріндегі,
сатиралық кітаптарындағы, мақалаларындағы, өлеңдеріндегі жазған
мәселелерінің барлығын жинақтағандай. Кітаптың негізігі тақырыбы (жазушының
ойы бойынша апатты жағдайда тұрған) – ағылшын мемлекетінің сәтсіздігі,
қоғамның азғындауы мен құлдырауы. Романның әр бөлімі Свифттің Англия туралы
ойларын, Англияның тағдыры туралы уайымын, оның болашағы туралы алаңдауын
көрсетеді.
Барлық сатириктер сияқты Свифт жағымсыз мінез-құлықты жөндеуге
тырысады. Ол кітаптың міндетін Попқа жазған екі хатында (1725ж. 26,29
қараша) ашып көрсетеді, оның ең басты мақсаты әлемнің көңілін көтеру емес,
керісінше, қайрау екендігін айтады.
Свифт астында жазушы-гуманист бар мизантроптың (адамдарды жек көретін
адам) кейіпін киеді. Ол адам деп аталатын жануарды жек көретіндігіне
сендіреді, бірақ Джонды, Питерді, Томасты т.б. (яғни жеке адамдарды) шын
жүрегімен жақсы көреді. Мизантропияның іргетасында менің Саяхаттарымның
барлық ғимараты салындыдеп жазады Свифт.
Свифт өзінің мизантропиясын: Мен адамзатты жек көрмеймін. Бұл
сендер барлығың адамдарды жек көресіңдер, өйткені сендер оларды ақылды
тіршілік иелері деп қабылдайсыңдар да, көңілдеріңіз қалғанда сіздер қатты
ашуланасыздар, - деп түсіндіреді.
Свифттің Гулливердің саяхаттарында қолданатын сатиралық астарлау
әдісі романның даму процесінде өзгеріске ұшырайды. Бірінше бөлімде сол
кезеңдегі шындық туралы тұспалдаулар басым. Лилипутия кеме дәрігері Лемюэль
Гулливердің кішірейтіп көрсететін әйнекпен көрген кішкене Англия. Свифттің
кітабындағы басты нәрсе қарама-қарсылық принципі, оқырманның кәдімгі адам
Гулливермен салыстырғанда бейшара, аянышыты, бейшара кішкене тірі жандарға
деген көзқарасы. Лилипуттардың күлкілі көлемдері біздің көз алдымызда
олардың мемелекеттік тәртібін, саясатын, олардың істері мен принциптерін де
түкке тұрғысыз етіп көрсетеді. Лилипуттардың императоры кішкентай ғана
адамсымақ, бірақ ол өзінің қоластындағылардан Гулливердің тырнағындай ұзын
(оны жазушы басы аспанға жететін дейді), ғаламның әміршісі дейді. Премьер-
министр Флимнап (ол арқылы Свифт Уолполды келемеждейді) корольдің
қасындағылардан ептілігі мен жағымпаздылығымен ерекшеленеді.
Свифттің замандастары кітаптан Англияның саяси өмірінің көкейкесті
мәселелеріне көптеген тұспалдап айтылған сөздер тауып жатты. Бірақ
аллегория Свифтке одан да кең қорытында жасауға материал береді. Осылайша
Свифт Англиядағы екі партиялық жүйені Лилипутиядағы бір біріне қас екі
саяси топ: биік өкшелілір мен аласа өкшелілір арасындағы күреске теңеп,
келеке етеді. Англия билеуші топтарының партияларының екеуінің де
бағдарламалары мен іс-әрекеттерінен ешқандай да принципті айырмашылық
көрмеген Свифт аллегориялық тұрғыдан олардың алауыздығын тек аяқ
киімдерінің өкшелерінің (сол арқылы оларды бір-бірінен ажыратуға болады)
көлеміндегі айырмашылық сияқты болмашы нәрсеге ұқсатады. Лилипутия тағының
мұрагері (Англиядағы принц Уэллский) екі партияға да жағынғандықтан оның
бір өкшесі биік, біреуі аласа. Англияда реформацияның тарихы және
католиктермен протестанттар арасындағы қанды соғысты жұмыртқаны қай басынан
бастап жарған жақсы – доғал ма әлде сүйір мен деген мәселеге алып келеді.
Сүйір бастылар мен доғал бастылардың арасындағы келіспеушілік көрші
мемлекет Блефускумен (Франция) әскери қақтығысқа алып келеді. Соның
кесірінен екі жақ та қатты қалжырап, көптеген кемелері мен мықты
теңізшілерін, солдаттарын жоғалтады.
Свифт протестанттар мен католиктердің діни фанатизміне дінге деген
еріктілік идеясын қарсы қояды. Романда Лилипуттардың киелі кітабына
аллегориялық сілтеулер бар, онда; барлық шын сенушілер жұмыртқаны қай
жағынан ыңғайлы болса сол жағынан жаруға ерікті, деп жазылған дейді.
Гулливердің айналасындағы процессті сипаттай отырып Свифт Лилипутияның
саяси тәртібін, оның монархының екіжүзділігін, мейірімсіздігін, сарай
маңындағылардың жағымпаздықтарын айыптайды.
Бірінші бөлімнің утопиясы ең алдымен сот ісі мен тәрбие мәселелерін
қарастырады. Свифттің ойынша Фемида Жазалаудан гөрі марапаттауға бейім,
заңды ұстанушыларға ерекше қызмет көрсетіледі, алаяқтар әсіресе сөз
тасушылар қатаң жазаланады.
Романның екінші бөлімі Бробдингнегке саяхатта автор линзасын
ауыстырғандай болады. Енді адам микроскоп арқылы қаралады, Гулливер
алыптарға тап болады, енді жаңа жағдайда қарама-қайшылық принципі тағы да
кейіпкердің өзін қоршаған шындықпен қарым-қатынасын анықтайды.
Кәдімгі адам Гулливер лилипуттардың арасында алып болып көрінді. Енді
алыптардың арасына тап болып, ол бишара қортық болып қалды. Лилипуттарда ол
арқанмен қарсыластың бүкіл флотын сүйреп алып кететін, Ал алыптардың
арасында ол су құйған шылапшын ішінде кішкене қайықпен жүзіп жүреді, оны
батырып жібере алатын құрбақадан қорқады, атжалмандармен, аралармен
шайқасып, жеңісіне риза болады.
Гулливердің шытырман оқиғалары ағылшын философы Локктың адамның
түсінігі мен ақыл-ойының салыстырмалылығы жөніндегі идеясының көрнекі
мысалын келтіреді.
Гулливердің саяхаттарын талдай отырып бізге барлық романдарға тән
образдар жүйесінен бас тартуға тура келеді. Саяхаттардың барлық
кейіпкерлері – бұл не аллегориялық бір бағыттағы тұлғалар, не гротесктік
бетперделер. Саяхаттардың қатысушы адамдары белгілі бір қатаң шектелген
қызметті ғана атқарады. Олардың сөздері мен әрекеттері өздігінен немесе
олардың мінездерін ашу үшін емес, белгілі бір жағдайды, сатиралық немесе
утопиялық көрсету үшін маңызды.
Сол сияқты Гулливердің өзінің тұлғасы да басқаларға қарағанда
күрделірек және көлемдірек болғанымен сондай қызмет атқарады.
Гулливердің бейнесі тұтас емес. Оның мінезі романның бөліміндегі
идеялық көркемдік мақсатына байланысты өзгеріп отырады. Бірақ бұл реалистік
өнерге тән мінездің жағдайлардың әсерінен дамуы емес. Кітаптың әр бөлімінде
Свифт Гулливердің бейнесін алдына қойылған міндеттерге жауап беретін
белгілерін ғана алып көрсетеді. Әңгіме бірінші жақтан айтылатын
болғандықтан, Гулливердің аузымен автордың ойлары жиі айтылады. Бірақ бұл
бізге Гулливердің бейнесі мен оны жасаушыны жақындатуға негіз бола алмайды.
Кейбір сыншылардың автор Гулливерде қандай да бір жағымды бастауды
қарастырады деген көзқарастарымен келісе қою қиын. Свифттің өзінің
кейіпкеріне деген қатынасы біраз күрделі. Бір жағынан, Гулливер - әуесқой
саяхатшы, әртүрлі болмаған елдерді қызыға ашушы, ертегідегідей
мекендеушілерге ол өзгеріссіз жақсылық ойлаушы. Олардың әдет-ғұрыптары,
тәртіптері, мінездері Гулливерді қызықтырады. Екінші жағынан, Свифт оны жек
көреді, сатқын, жағымпаз... оның басты міндеті отандастарының
бұзақылықтарын кешіріп адамдардың жақсылықтарын асыра айтушы деп атап,
Гулливер өзінің былыққа батып қалған елін мақтап құлақтың мазасын алды
дейді (миссис Хауерд 27 қараша, 1726ж.).
Гулливер аңқау, шектеулі, ой өрісі тар. Оның бұл қасиеттері
Лилипутияда анық көрінбейді, өйткені ол кішкентай адамдардың арасында
керемет болып көрінетін. Бірақ бұл жерде де жағымпаз болып көрінеді,
Лилипутиның қортық, мардымсыз императорының рақымшылдығын мақтан тұтып,
оның қаһарынан қорқады. Гулливердің алдағыны дұрыс болжай білмейтіндігі,
тіпті топастығы романның екінші бөлімінің басты сатиралық тетігі болып
отыр. Өйткені бишара, қортық Гулливер Англияны алыптар елінде елестетеді.
Романның бірінші бөліміне қарағанда екінші бөлімінде утопия көбірек
орын алады. Патриарх және данышпан алыптар барлық жағынан адамдарға қарама-
қарсы. Олар тыныш, жасампаз еңбекпен айналысады, оларға соғыс деген жат
нәрсе. Бұл елдің заңдары қарапайымдылығымен, айқындылығымен ерекшеленеді,
ғылым өмірге қызмет етеді. Бробдингнегтің әділ әрі мейірімді королі кім де
кім бір масақтың немесе бір сабақ шөптің орнына екеуін өсірсе, сол адам
адамзатқа және өз отанына барлық саясаткерлер қосылып жасағаннан да артық
көмек көрсетеді деп ойлайды.
Свифт алыптардың королінің тұлғасы арқылы алдыңғы ағартушылар сияқты
мәдениетті абсолютизмді насихаттамайды, көпті көрген тәжірибелі Свифт –
монархияға қарсы, республикалық құрылымды жақтаушы.
Романның үшінші бөлімінде Гулливердің көз алдында алуан түрлі болып
көріне беретін әр түрлі елдер мен олардың әдет ғұрыптары, салт-
дәстүрлерінің орнына енді кейіпкер көбіне тек бақылаушы ретінде болды.
Барған сайын Свифттің сатирасы аяусыз, аллегориясы жалпылама бола береді.
Лагадо тұрғандарының кедейлігі мен Бальнибарбидегі егін шаруашылығының
аянышты халі Ирландиядағы жағдайды көрсетеді. Ал астындағы қалаларды жаңбыр
мен күннің көзінен айырып отыратын ұшатын арал – бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістікті фразеологизмдердің қалыптасуы және құрылымдық сипаты
Ұлыбританияның негізгі туристік орталықтарына сипаттама
Ағарту мен классика ғасырындағы мәдениет
Д. Свифттің өмірі мен шығармашылығы, ХVII-XVIII ғ. ғ. Англияның тарихы, саяси-әлеуметтік жағдайы
Р.Л. Стивенсонның «Қазына аралы» романының қазақша аудармалары
Шет тілі сабағында әзіл-сықақ жанрды қолдану ерекшеліктері
Балалар ақыны Әнуарбек Дүйсенбиев туралы толғаныс
Хронологиялық деректер тізбесі
Экспортың несиелер
Төлем жүйесі (лекциялар жинағы)
Пәндер