Оңтүстік Қазақстан облысының демографиялық жағдайы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

Оңтүстік Қазақстан облысының демографиялық жағдайы.

Жоспар

Кіріспе

  1. Оңтүстік Қазақстан облысының демаграфиалық жағдай.
  2. Шет ел қазақтарының оңтүстік Қазақстан облысына оралуының қазіргі кезеңдегі кейбір мәселелер.
  3. Мигранттарды әлуметтік қорғаудың бүгіні мен болашағы.

Қорытынды.

Схемалар, таблицалар, диограммалар.

Әдебиеттер.

Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2007-2015 жылдарға арналған осы тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) еліміздегі көші-қон процестерін басқарудың қолданыстағы бағыттарын жетілдіруге және оның сапалы жаңа бағыттарын дамытуға бағытталған. Бұл Тұжырымдамада көрініс тапқан көші-қон саясатының стратегиясы әлемдік шаруашылық байланыстарға Қазақстанның барынша кірігуі жағдайында еліміздің бәсекеге қабілеттілігі көбінесе адами әлеуеттің саны және сапасымен анықталатынынан негіз алады. Адамның жүріп-тұру еркіндігінің жалпы қабылданған құқықтарын негізге ала отырып, Тұжырымдама жалпы мемлекеттік мүдделерді іске асыру контексінде таяудағы орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективаға арналған көші-қон процестерінің негіздерін айқындайды.

Тұжырымдама еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының ұзақ мерзімді «Қазақстан-2030» стратегиясына негізделеді және Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстанның бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Жолдауына сәйкес, халықтың көші-қоны саласындағы негізгі бағыттарды білдіреді. Ұлттық бірегейлікті сақтау мақсатында Тұжырымдама ел келбетін ескеріп, көп ұлтты Қазақстанның этникалық, азаматтық алдыңғы тарихы ескеріле отырып іске асырылатын болады.
Қазақстан Республикасының жаңартылған көші-қон саясатының мақсаты - еліміздің ұлттық бірегейлігі мен қауіпсіздігін сақтау және дамыту шеңберінде заңсыз көші-қонды азайту мен селективтік көші-қонды қалыптастыру жолымен көші-қон процестерінің келеңсіз салдарын азайту болып табылады.
Комитет құрылған күннен бастап өткен кезеңде нормативтік-құқықтық база толықтай тексеріліп, «Халықтың көші-қоны туралы» заң әзірленді және өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Келуі бойынша қоныс аударушылардың шығыстарды өтеудің және тұрғын үй сатып алуға қаражат пен біржолғы жәрдемақы бөлудің жаңа Ережесі бекітілді.

Көші-қон тарихында бірінші рет заманға сәйкес, «Оралман» атты электрондық база құрылды. Әр келген адам сол базада тіркеліп, соның арқасында мемлекеттен көмек алу есебі, ел ішіндегі бір қоныстан басқа мекенжайға аударылу, орналасқан, орналаспағандығы, квота есебіне кіру-кірмеуі, тағы да басқа деректер ашық, анық көрсетіліп тұр.

- Егемендік алған алғашқы жылдары шетелден бір-екі отбасы көшіп келгеннің өзінде бөркімізді аспанға атып қуанушы едік. Құдайға шүкір, қазір жылына 15 мың отбасыға дейін квота бөлініп отыр. Дегенмен біздің оралмандарымыз сол квотаны тиімді пайдаланып жүр ме? Оралмандардың тек квотаны иемденуі емес, оны ұқсатуына да зерттеу, талдау, бақылау жасала ма?
- Иә, жыл сайын өз тарихи отанына көшіп келіп қоныстанып жатқан қандастарымыздың санының көбеюі қуанышты жағдай.
Мемлекетіміздің шетелдерде тұрып жатқан қазақтар үшін «ашық есік» саясатын жүргізуіне байланысты, олар Қазақстанға ешқандай кедергісіз өз ықтиярларымен келіп қоныстануда. Оралмандар иммиграциясының квотасы халық санының өзгеруіне, елдің экономикалық және қаржылық жағдайына байланысты әр жылға анықталады. Квотаның көлемі ҚР Президентінің жарлығымен бекітіледі. 1993 жылы бірінші рет жылдық квота бекітілген болатын. Осы квотаға сәйкес 1 отбасының көшіп келуіне мүмкіндік берді. 90-жылдары квотаның көлемі едәуір өзгерді, 1999-2000 жылдары 500 отбасына дейін төмендеді. 2002 жылы экономикалық жағдайдың жақсаруына байланысты квота көлемі 2005-2007 жылдарға, әр жылға 15000 отбасына дейін жоғарылады.
Тәуелсіздікке қол жеткізген тұстағы атқарылған ауқымды шаралардың бірі - қандас бауырларымыздың тарихи отанына оралуына құқықтық тұрғыдан негіз қаланып, сыртқы көші-қон жұмыстарының қолға алынуы еді. Квотамен келген оралмандарды қабылдау, жайғастыру және оларға әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар туғызуға байланысты бірқатар игі шараларды жүзеге асырып келді. Олардың жаңа ортаға тезірек бейімделуін және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсартуды басты назарда ұстап келеміз.
Біздің белгілейтін оралмандар иммиграциясы квотасының басқа елдердегі жүйелерден айырмашылығы (мысалы Германия) Қазақстанда квотаға енгізілуі оралман отбасыларының елге кіруіне және ол жерде тұрақты өмір сүруіне талаптар қоймайды. Осының салдарынан да квотаға енгізілмеген оралмандар отбасылары көбейіп отыр.

Әрине, әр қазақтың Қазақстанға тұрақты тұру мақсатымен келуіне шектеу қойылмағанмен, бүгінгі заман талабына сай елімізге кім келіп жатқаны бәрібір емес. Осыған байланысты күнделікті көшіп келушілердің құрамына талдау жасалып отырады.

Алдағы уақытта көшіп келу квотасына енгізіліп отыратын оралмандардың жасына, білімділігіне, мамандығына және кәсіби біліктілігіне баса назар аударылып, осы талаптар бойынша қабылданатын болады.
- «Көші-қон туралы» заңға өзгеріс енгізіліп, мемлекеттік бюджеттен 600 миллион теңгеден астам қаражат 2007, 2008, 2009 жылдары оралмандардың қалыптасу орталықтарын құруға бөлінді. Сонда 15 жылдан астам уақыттан бері шетелдік қандастарымызды елге тартқанымызбен, оларды жаңа ортаға бейімдеу орталықтарының жұмыс жасамағаны ма? Жаңа орталықтың қандай мүмкіншіліктері болады?

- Жоғарыда аталған заң жобасы, оралман деп тану туралы өтініштері мен оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталықтарын құруды көздейтін ел Үкіметі айқындаған өлшемдер негізінде және белгіленген тәртіппен оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу тетігін жетілдіреді.

Заң жобасына « . . . - бейімдеу қызметтері - құқықтық кеңес беруді, тіл үйретуді, кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды қоса алғанда, оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталықтарында оларға және отбасы мүшелеріне көрсетілетін қызметтер кешені; - оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталықтары - оралмандардың отбасылары уақытша болатын және оларға бейімдеу қызметтерін көрсетуге арналған орын» деген жаңа ұғымдар енгізілді.
Қазіргі уақытқа дейін жұмыс істеп тұрған орталықтар 2-3 бөлмелі пәтерлерге орналастырылып, тек қана уақытша тұруға арналған, оларда бейімдеу және интеграциялық қызметтер көрсету мүмкіндіктері болмаған, сондай-ақ заңды түрде бекітілмеген болатын.

Аталған нормаларды қабылдау бейімдеу және интеграциялық орталықтарын құру үшін жағдай жасауға және оларды заңды түрде бекітуге, сондай-ақ оларға бейімдеу және интеграциялық қызметтер көрсетуге мүмкіндік береді. Оларды жүзеге асыру үшін Үкіметтің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындау жөнінде жұмыс жүргізілуде. 2008 жылдан бастап Маңғыстау облысында үлгілік жобаларды салу жөнінде қаржы-қаражатын бөлу мәселесі қаралуда.
- Оралмандардың Оңтүстік Қазақстан облысын жағалауы осы жаңа ортаға бейімдеу орталықтары жұмысының мардымсыздығынан емес пе?
- Жоқ, бұл жағдай ортаға бейімдеу орталықтары жұмысының мардымсыздығынан емес. Қазақстанға көшіп келіп жатқан оралмандардың барлығы өздерінің қалаған облыс аумағына қоныстануда. Олардың таңдауына ешқандай шек қойылмаған. Квотаға енгізу өтінішін бергендер де қай облыста тұрғысы келетіндігін көрсетеді. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысында оралмандардың басым бөлігі тұрады (145 224 адам) . Бұл шамамен Қазақстанда тұрып жатқан барлық оралманның 24 пайызын құрайды. Екінші орында оралмандар саны бойынша Алматы облысын көрсетуге болады. Бұл жерде 87 260 адам немесе барлық оралманның - 14, 4 пайызы. Маңғыстау және Жамбыл облыстарында 75 777 (12, 3 пайыз) және 60 944 (10 пайыз) оралман тұрады.

Мұндай қоныстандыру жағдайы әртүрлі факторлармен түсіндіріледі. Біріншіден, квота өңірлік бөлініске бағытталған. Сондықтан да квота өмір сүру жерлерін шектейді. 90-жылдары квота көбінесе Солтүстік Қазақстан облысына бағытталған болатын. Бұл етек алған солтүстік және орталық аумақтардағы эмиграциялық ағымдардың халық санын төмендеуге әкеліп соққан залалдарын жабу мақсатында жүргізілген болатын. Миграциядағы өзгерістерге сай квота кейінгі жылдары оңтүстік облыстарға жылжи бастады, бұл оралмандардың қоныстандыру үдерісіне (географиялық бағытына) сай келеді. Мысалы, 2006 жылы квотаға енгізілген оралмандардың 76 пайызы (15000 отбасының 11129-ы) Өзбекстаннан көшіп келіп, соның ішінде 59 пайызы оңтүстік аумақтарға қоныстанды.

Квотаға енгізілмеген оралмандарды қоныстандыруға көшіп келген елдің жақындығы, жұмыспен қамту деңгейі сияқты факторлар әсер етеді. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысына оралмандардың көбі Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Иран, Ауғанстан, Пәкстан мен Түркиядан көшіп келеді. Олар бұл облысты бұрынғы тұрған жеріне жақын болғандықтан және жылы климатына байланысты таңдайды. Орыс тілінде сөйлей алмайтын оралмандар бұл облыста қазақ тілділердің көптігін де еске алып таңдау жасайды. Облыстарды таңдауда оралмандардың туысқандары болуы және тарихи байланысы қосымша себеп болады.
Маңғыстау облысы Түрікменстан, Өзбекстаннан, әсіресе, Қарақалпақ автономдық республикасынан келген оралмандарға тартымды. Олар осы облыста тұрып жатқан оралмандардың 95 пайызын құрайды. Мұндай қоныстанудың негізгі себебі Түрікменстан мен Өзбекстанның тарихи түбірінің жақын болуы. Маңғыстау облысы оралмандарға жоғары жалақы деңгейімен де тартымды.
- Қоғамдық комиссия тәжірибе бойынша, аса маңызды мәселелер бойынша құрылуы тиіс. Көші-қон мәселелері жүйелі түрде шешім тауып келеді. Сондықтан арнайы комиссия құрудың қажеттілігі жоқ деп санаймын. Сонымен қатар оралмандар қоғамдық ұйымдар құрып, көшіп келу, сондай-ақ оралмандардың жеке мәселелерін шешуге үлкен үлес қосып жатыр. Яғни көші-қон процестері қоғамдық бақылаудан тыс қалып жатқан жоқ. Тіл мәселесі - ұлтжанды азаматтың әрдайым көкейінде жүретін өзекті мәселе. Ұлттық намысы бар азамат ана тілін білуі - парыз. Тілі жоқ болса, ұлттың намысы жоқ деуге болады. «Бізді үйретуге ақша бөліңдер, ақысыз қазақ тілінде сабақ беріңдер, арнайы оқулық шығарыңдар» деген ұсыныстар сана деңгейі төмен адамның сөзі. «Ана тілін қалай болса да үйренем» деген намысы бар адам үйренеді. Өкінішке қарай, мемлекеттік тілдің нақты, өзінің тиісті жоғары мәртебесіне жете алмай жүргені - кейбір лауазымды қызметкерлердің өз ана тілін құрметтемеуі, ұлттық рухының жоқтығы. Халық қалаулыларына баға беру қиын. Негізінде, менің ойымша, қоғам қандай деңгейде болса, Парламент те сондай болады.

- Жыл басында атамекенге оралған қазақтардың саны 565 мың болса, бұл көрсеткіш үстіміздегі жылдың алты айында 608 мыңнан асып кетті. Негізі, бұл есеп - 1991 жылдан бастап ағымдағы кезге дейін тек белгілі органдарға келіп, ресми түрде тіркелген оралмандар саны. Бұл көрсеткіш неғұрлым көп деп ойлаймыз. Себебі бұл «қатып қалған» сан емес, әрбір цифрдың артында тірі адамзат тұр, олар өсіп-өніп, үй-жайлы, бала-шағалы боп көбейеді. Әрине, демографиялық тұрғыдан басқа мемлекеттерден көшіп келген қандастарымыздың септігі мол. 1989 жылы өткізілген халық санағы есебі бойынша, мемлекетімізде қазақтардың саны шамамен 39, 7 пайызды құраған болса, қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 57, 8 пайыздан асып кетті. Кеңес Одағы ыдырағаннан соң, Қазақстан этникалық орыстар мен немістер эмиграциясының өсуіне байланысты халық санын азайтып алды. 1991-2004 жылдар аралығында 3 158 400 адам елден кетті. Эмиграция ағымының өсуімен бірге адам тууы азайды, иммиграция төмендеді. Есептеулерге қарағанда, 1989-1999 жылдар аралығында республика халқы 16, 5 миллион адамнан 15 миллионға азайды. 1991 жылы 18 қарашада Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін Үкіметтің «Ауылдық жерде жұмыс істеуге талпынысы бар басқа республикада, шетелдерде тұратын қазақтарды Қазақ ССР-на көшіру тәртібі мен шарттары туралы» қаулысы қабылданды. Бұл қаулы қазақтардың иммиграциясын реттеп қана қоймай, сол кезде орасан дағдарысқа ұшыраған қазақ ауылы мен ауылшаруашылық кешендерін дамытуға септігінтигізді. Осының нәтижесінде 1991-1992 жылдары Қазақстанға 61 мыңнан астам этникалық қазақтар көшіп келді.

1992 жылы мамыр айында «Көші-қон туралы» заң қабылданды. Осы заңның 1-бабына сәйкес, этникалық қазақтарға тарихи отанына көшіп келуге құқық берілді. Заң жүзінде оралмандарға иммиграциялық квота бекітіліп, этникалық иммиграция бойынша жұмыс істейтін арнайы орган құрылды.

Экономикалық және тарихи тұрғыдан этникалық қазақтардың тарихи отанына көшіп келуі мемлекеттің ұлттық ерекшелігін сақтап қалуға және ішкі тұрақтылықты нығайтуға септігін тигізді. Кеңес Одағы кезінде көптеген қазақтардың әдет-ғұрыптары жоғалды. Қазақ тілін қолдану тек ресми деңгейде ғана емес, бейресми деңгейде де төмендеп кетті. Осыған байланысты қазақ тілі де, қазақ мәдениетінің көптеген элементтері де жоғалуға жақын болды. Осы бағытта оралмандардың көшіп келуі, қазақ мәдениетін сақтап қалуда мемлекеттің иммиграциялық саясатының негізгі бөлігі болды.

Проблеманың түбінде құқықтық нигилизм жатыр. Жаңа қоныстанушылар да, оларға шын ниетімен көмектескен жергілікті билікті атқарушы органдар да заң талабын сақтамаған. Әйтпесе, кезінде үйін тастап кеткен, елімізде жағдай жөнделгенде қайта оралып келіп, үйін талап еткендігі неге дұрыс болуы тиіс? Бұл - заңды білмеу болмаса, оны бұрмалау болып есептеледі.
- Комитет көші-қон мәселелері бойынша Халықаралық Көші-қон ұйымымен (ХКҰ), БҰҰ-ның Босқындар мәселесі жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасының Қазақстан Республикасындағы өкілдіктерімен байланыста жұмыс атқарады.
ХКҰ көмегімен Оңтүстік Қазақстан облысында «Достық» және «Дастан» деген оралмандар ауылы салынды. Сондай-ақ осы ұйымның демеушілігімен «Оралманның құқықтық жадынамасы», «Қазақстандағы оралмандардың жай-күйі» атты танымдық кітапша мен шолу жарыққа шықты.

- Жалпы, халықты әлеуметтік қорғау мәселесі мемлекеттің экономикалық дамуына және қаржылай мүмкіндігіне байланысты жүзеге асырылуда. Соның ішінде, жаңағы сіз айтқан инфляцияны есепке ала отырып, оралмандарға деген қаржылай көмек те бар және мемлекет тарапынан ол үшін қомақты қаржы бөлініп отырады. Мысалы, 2006 жылы квотамен келген оралмандарды қабылдап жайғастыруға республикалық бюджеттен 11, 2 миллиард теңге бөлінген болса, 2007 жылға 11, 9 миллиард теңге, 2008 жылға 12, 7 миллиард теңге қарастырылып отыр. Әрине, көшіп келушілердің барлығы квотаға еніп, қаржылай көмек алғылары келеді. Өкінішке қарай, бүгінде мемлекет тарапынан ондай мүмкіндік болмай отыр. Сонымен қоса, қоныс аударушыларды қабылдап, жайғастыруды тек қаржылай көмек көрсетумен бағалауға болмайды деп есептейміз.
Әзірге көшіп келу квотасына енген оралмандар отбасыларына берілетін төлемақылар жылдық ең төменгі айлық көрсеткіш есебінің көбеюіне сәйкес қана өзгеріп отырады. Әрине, берілген көмек әрқашан аз болып көрінеді. Бірақ та, байқасаңыз, қаржылай көмектен басқа жеңілдіктер де аз емес. Көшіп келген бауырларымыз сол жеңілдіктерді пайдалана білуі керек. Басқа ұлттың өкілдері елімізге көшіп келгенде мұндай көмек түгіл, қайта олар біраз міндеттемелерді өз мойындарына алатын болады.

Жоғарыда көрсетілген деректерге сүйене отырып, бүгінгі күні мемлекет өз тарапынан оралмандарға мүмкіндігінше жағдай жасап, көмек к

өрсетіп отыр деп санаймыз.

- Жалпы, көші-қон мәселесі біздің ұлттық саясатымыздың бір бөлігіне айналып отыр. Қазір 440 мыңнан астам қандастарымыз Қазақстанға оралды. Оның 350 мыңға жуығы Қазақстан азаматтығын алып та үлгеріпті.

Соңғы жылдары біздің қоғамда оралмандарға деген бір түрлі көзқарас бар. Біріншіден, “оралман” деген сөздің астында бір кемсітушілік, менсінбеушілік, кекесін сияқты жылы қабақпен қабылдамаушылық бар. “Осы оралмандар масыл болды, өзіміз тойынбай жүргенде, бізге жетпей жатқанда, оларды неге шақырамыз?” деп бәз біреулердің күңкілдеп жүргенін естіп қалып жатамыз. Ондайды іші тар адамдар қай уақытта да, қандай жағдайда да айта береді. Оған терең мән берудің қажеті жоқ. Кезінде қандастарымыз асынып-тойынып кеткендіктен емес, тарихи жағдайға байланысты ел асып кеткен жоқ па?! . . . Сонау қызылдар қырғыны кезінде, ашаршылықта жан сауғалап кетті ғой.

Мәселен, Ресейдің Мемлекеттік Думасында отандастарымен байланыс жөніндегі үлкен комитет бар. Яғни, Ресей дүние жүзіндегі орыс диаспорасымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Оларды отандастар дейді. Сондықтан да біз де терминология комиссиясына арнайы хат жазып, осы жаңа басталған жылда “оралман” деген сөзді өзгерту керектігін ұсындық. Оның отандастар немесе бауырластар деп аталғаны жөн шығар.

Тарихи отанына оралған оралмандарға қандай жағдай жасалып жатыр? Біріншіден, Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алмай тұрып, сонау жылымық кезінде де еңбек шартымен Моңғолиядағы қазақтарды Қазақстанға көшіру процесін бастады. Бұл үлкен саяси үрдіс болды! Яғни, әрбір бесінші қазақ шетелде тұрады десек, олардың елге оралып, демографиялық мәселелерді шешуге үлес қосары айтпаса да түсінікті. Сондай-ақ жұмыс күшін көбейтеді. Осы кезге дейін өз елімізде азшылықта болып келдік емес пе? Оның қалай болғаны белгілі. Енді Құдайға шүкір, қазір Қазақстандағы қазақтардың саны 10 миллионға жуықтады. Соңғы бір жылда ғана табиғи өсім пайда бола бастады. Мұның негізгі көздерінің бірі шетелден келген қандастарымыз болса соның ішінде оралмандардың қосқан үлес салмағы өте жоғары!

Әлем бойынша өзінің бауырластарын шақырып жатқан тек үш-ақ мемлекет бар. Соның бірі - Қазақстан. Және де Германия мен Израиль. Кезінде елімізде “Халықтың көші-қоны туралы” Заңы қабылданды. Заң демекші, Моңғолиядан келген бауырларымыз кездескен қиындықтарға байланысты аттың басын қайтадан кері бұрды. Елдің бас газетінде белгілі журналист Гүлзейнеп Сәдірқызына тапсырма беріп, “Қазақтың көші қайда барады?” деген үлкен мақала жаздыртып, жарияладық. Түбі көші-қон жөніндегі жаңа заң керек деп ол мақаланың қиындысын Парламентке жіберген едік. Ол кезде Өмірбек Жолдасбеков ағамыз тірі болатын. Мақала сол кісінің қолына түсіп, мәселе көтерді. Және де сол кездегі Мәжіліс депутаты, ақын-журналист Әкім Ысқақ мырза заң жобасын дайындап, Үкіметпен тайталасып жүріп, қабылдатты. Бұл азаматқа көп рахмет айтуымыз керек.

- Қазақстанға келген оралмандардың үлес салмағы қандай?

- Елге оралғандардың 15 пайызы ғана зейнеткерлік жастағылар. Қалғанының барлығы еңбек етуге жарамды азаматтар, біліммен, ғылыммен айналысатындар, ауыл шаруашылығын игергендер. Әсіресе, солардың арасында халықтық қолөнерді дамытумен айналысатындар көп.

- Нақты деректер келтіре аласыз ба?

- Әрине, келген оралмандардың ішінде 45 ғылым докторы, 245 ғылым кандидаты, қысқасы 26 мың 107 оралман жоғары білімді. Жоғары оқу орнын аяқтамағандарының саны - 3 мың 157. Арнаулы білімі барлар - 49 мың 921 адам. Жалпы орта білімділері - 155 мың 370 адам. Міне, бұл мәліметтердің арғы жағында оралмандардың барлығы Қазақстанға масыл болып отырмағанын көреміз. Немесе ылғи әлеуметтік көмек сұрап, жатып алғандар жоқ. Олар Қазақстанға біржола орнығып кету үшін қызмет етіп жатыр. Яғни, олардың үлкен күш екенін білуіміз керек. Және де 1560-ы шығармашылықпен айналысатын адамдар. 12 мың 370-і білім саласының мамандары, 6 мың 768-і медицина саласының қызметкерлері, 827-сі мемлекеттік қызметкерлер, 9 мың 74-і кәсіпкерлер және 50 мың 842-сі мал шаруашылығының мамандары болып отыр.

Қазір заман мен қоғам өзгерді. Енді көші-қон мәселесімен айналысқаннан кейін көптеген сұрақтар туындады. Заң болғанмен ол кезде ескерілмеген жаңа мәселелер шықты. Құдайға шүкір, квотамен келгендерге жағдай жасалып-ақ жатыр. Соның өзінде қаржыны дұрыс жұмсамау оқиғалары көп кездесуде. Мәселен, 1993-1998 жылдары Үкіметтің квотамен келген оралмандарға үй-жай алып беруге қарызы 2, 5 млрд. теңгені құрады. Осы мәселені депутат ретінде көтеріп, сауал жолдап, Үкімет басшысы Даниал Ахметовтің қабылдауында болып, проблеманың шешілуіне қол жеткіздік. Бөлінген қаржылардың бәрі игерілмей қалғанына байланысты арнайы үкіметтік комиссия құрылды. Соның арқасында 2, 5 млрд. теңге қарызын Үкімет мойындады және соны өз резервінен бөлдірді. Менің ойымша, бұл үлкен жетістік. Соның өзінде кейін республикалық бюджетті тексерген Есеп комитеті бірнеше өңірді анықтай келе 29 млн. теңге қаржының игерілмей, жергілікті бюджетте қалып қойғанын жария етті. Есеп комитетінің мәліметтеріне сүйеніп, мен Бас прокуратураға депутаттық сауал жолдадым. Біздің кейбір шенеуніктер онсыз да қиналып, азап шеккен бауырларымыздың алатын аздаған тиын-тебенін жемесе болмай ма? Сол ақшаға күндері қарап қалды ма?

- Қазақстан азаматтығын алудағы кездесіп отырған проблемалар қалай шешілуде?

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Батыс Қазақстан облысының демографиялық жағдайы
Халық демографиясы жағдайы мен миграциясының басты заңдылықтарын, тенденцияларын зерттеу
Мұнай және газ өндіру
Демографиялық процестердің теориялық және әдістемелік негіздері
Шығыс Қазақстан облыс халқының табиғи қозғалыстарына әлеуметтік-экономикалық географиялық сипаттама
Оңтүстік Қазақстан облыс халық санының әлеуметтік-демографиялық даму сипаты
Маңғыстау облысының экономикалық-географиялық жағдайы
Ақтөбе облысының демографиялық дамуының қазіргі жағдайы
Қызылорда облысының кейбір демографиялық жағдайларын сипаттайтын тақырыптық карталар жасау
Оңтүстік Қазақстан облысы табиғатының өзгеруіндегі антропогендік факторлардың ролі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz