Бухгалтерлік басқару есебі



Кріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 . 4

1. Бухгалтерлік басқару есебінің пәні және
экономикалық мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5 . 9

2. Басқару шешімдерін қабылдау және
басқару есебінің заңнамалық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ..10 . 14

3. Басқару шешімдерін қабылдауда қолданылатын
шығындардың жіктелімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15 . 22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23 . 24

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Бухгалтерлік есепті реформалауда жасалған тұжырымдама міндеттернің бірі – ішкі ақпараттық жүйе арқылы кәсіпорында басқаруды жетілдіру болып табылады. Тиімді басқару принциптері мен есепті ұйымдастырудың жаңа амал-тәсілдерінің негізі ретінде Қазақстанда іс-әрекет етушіге неғұрлым жақын еуропалық құрылым алынды.
Нарықтық экономика ресурстың барлық материалдық, еңбек және қаржылық түрлерін ұтымды пайдалануды көздейді, олар кәсіпкерлік іс-әрекеттің күтілетін нәтижесін (табыстылығын) қамтамасыз етуі тиіс.
Басқарушы есеп кәсіпорынның қаржылық ақпараттарын ішкі пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болса, ал қаржылық есеп жоғарыда айтылған қаржылық ақпаратты ішкі пайдаланушылармен қатар сыртқы пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе. Яғни, басқарушы есептің мәліметін кәсіпорын басшылары қандай да бір шешім қабылдау үшін пайдаланса, қаржылық есептің мәліметін бұлармен қоса жабдықтаушы кәсіпорындар, банк мекемелері, салық органдары және тағы басқалары да пайдаланады. Кез-келген ұйым үшін қаржылық есеп міндетті түрде жүргізілетін болса, басқарушы есептің жүргізілуі және оның тәртібі әрбір кәсіпорынның экономикалық саясатына байланысты. Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есепті реформалау ұдайы жүргізіледі. Есептің халықаралық жүйесіне көшу қолға алынды, осыған орай қазақстандық кәсіпорындардың тәжірибесіне қаржылық және басқарушылық есепті енгізу үшін нормативті құжаттар әзірленді.
Басқару есебі кәсіпорынның қолда бар ресурстарын пайдалануды меншік иесі тарапынан бақылауға бағытталған. Мұнда қорытындыларды, шығындарды және олардың тиімділігін білу маңызды.
Қазіргі уақытта басқару ресурстарын жүйелеу мен өндіріс шығындары проблемасы көкетесті, дегенмен әрбір қайта жасалған кәсіпорын көптеген жағдайларда мыналардың есебінен өндірістік емес шығындар болады:
• өндірістік құжаттарды толық пайдаланбау;
• айналымдық қаражаттың айналымдылығын өндірістік ресурстарға жоғары баға болуына байланысты азайту;
• негізінде кесімді белгіленетін сипаттағы еңбекақының қайтарымдылыққа (өндірістік) және т.б. сай келеді;
Кәсіпрындар іс-жүзінде жоспарлау мен өзіндік құнды калькуляциялау саласындағы мамандарды тартпайды, бұл шаруашылықөты тиімсіз жүргізуге, кейде банкротқа ұшырауға әкеледі. Бақылаусыздық пен жылдам ақша алу кезі өтеді, оның орнына шаруашылық жүргізудің өркениетті формасы келеді, ол меншік иелерін әуелі шығыстар мен кірістерді санауға, содан кейін ғана шешім шығаруға мәжбү етеді.
1. В.Л.Назарова, Жапбарханова М.С. «Басқару есебі» - Алматы, Экономикс, 200 .
2. К.К Кеулімжаев, З.Н. Әжібаева, Н.А. Құдайбергенов. Бухгалтерлік есеп принциптері.- Алматы:Экономикс, 2003.

3. В.Л.Назарова. Бухгалтерлік есеп. – Алматы:Экономика, 2005.

4. С.Б.Баймұханова. Бухгалтерлік есеп. – Алматы:ИздатМаркет, 2005.

5. Карпова Т.П. Управленческий учет: Учебник – М.:ЮНИТИ, 2002.

6. Макаров В.Г. Теоритические основы бухгалтерского учета. М:Финансы, 1978

7. Кондратьева Н.С. Основы бухгалтерского учета: Учебное пособие – М.:Финансы и статистика, 2000.

8. Әбдіманапов Ә.Ә. Бухгалтерлік есеп теориясы және принциптері.- Алматы:АЙАН, 2001.

9. Укашев Б.Е. , Әжібаева З.Н. Бухгалтерлік есеп теориясы. Алматы:- Ұлағат,1999.

10. Ержанов М.С. Основы бухгалтерского учета и новая корреспонденция счетов. – Алматы: Ержанов и К. 2003

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР :

Кріспе ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 2 - 4

1. Бухгалтерлік басқару есебінің пәні және
экономикалық
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
- 9

2. Басқару шешімдерін қабылдау және
басқару есебінің заңнамалық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... 10 - 14

3. Басқару шешімдерін қабылдауда қолданылатын
шығындардың
жіктелімі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .15 -
22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 23 - 24

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

Кіріспе

Бухгалтерлік есепті реформалауда жасалған тұжырымдама міндеттернің бірі
– ішкі ақпараттық жүйе арқылы кәсіпорында басқаруды жетілдіру болып
табылады. Тиімді басқару принциптері мен есепті ұйымдастырудың жаңа амал-
тәсілдерінің негізі ретінде Қазақстанда іс-әрекет етушіге неғұрлым жақын
еуропалық құрылым алынды.
Нарықтық экономика ресурстың барлық материалдық, еңбек және қаржылық
түрлерін ұтымды пайдалануды көздейді, олар кәсіпкерлік іс-әрекеттің
күтілетін нәтижесін (табыстылығын) қамтамасыз етуі тиіс.
Басқарушы есеп кәсіпорынның қаржылық ақпараттарын ішкі пайдаланушыларға
жеткізіп отыратын жүйе болса, ал қаржылық есеп жоғарыда айтылған қаржылық
ақпаратты ішкі пайдаланушылармен қатар сыртқы пайдаланушыларға жеткізіп
отыратын жүйе. Яғни, басқарушы есептің мәліметін кәсіпорын басшылары қандай
да бір шешім қабылдау үшін пайдаланса, қаржылық есептің мәліметін бұлармен
қоса жабдықтаушы кәсіпорындар, банк мекемелері, салық органдары және тағы
басқалары да пайдаланады. Кез-келген ұйым үшін қаржылық есеп міндетті түрде
жүргізілетін болса, басқарушы есептің жүргізілуі және оның тәртібі әрбір
кәсіпорынның экономикалық саясатына байланысты. Қазақстан Республикасында
бухгалтерлік есепті реформалау ұдайы жүргізіледі. Есептің халықаралық
жүйесіне көшу қолға алынды, осыған орай қазақстандық кәсіпорындардың
тәжірибесіне қаржылық және басқарушылық есепті енгізу үшін нормативті
құжаттар әзірленді.
Басқару есебі кәсіпорынның қолда бар ресурстарын пайдалануды меншік
иесі тарапынан бақылауға бағытталған. Мұнда қорытындыларды, шығындарды және
олардың тиімділігін білу маңызды.
Қазіргі уақытта басқару ресурстарын жүйелеу мен өндіріс шығындары
проблемасы көкетесті, дегенмен әрбір қайта жасалған кәсіпорын көптеген
жағдайларда мыналардың есебінен өндірістік емес шығындар болады:
• өндірістік құжаттарды толық пайдаланбау;
• айналымдық қаражаттың айналымдылығын өндірістік ресурстарға жоғары
баға болуына байланысты азайту;
• негізінде кесімді белгіленетін сипаттағы еңбекақының қайтарымдылыққа
(өндірістік) және т.б. сай келеді;
Кәсіпрындар іс-жүзінде жоспарлау мен өзіндік құнды калькуляциялау
саласындағы мамандарды тартпайды, бұл шаруашылықөты тиімсіз жүргізуге,
кейде банкротқа ұшырауға әкеледі. Бақылаусыздық пен жылдам ақша алу кезі
өтеді, оның орнына шаруашылық жүргізудің өркениетті формасы келеді, ол
меншік иелерін әуелі шығыстар мен кірістерді санауға, содан кейін ғана
шешім шығаруға мәжбү етеді.
Кейбір бөлімшелері мен қызметкерлерді ақпараттық қамтамасыз ету деңгейі
барлық кәсіпорынның өндірістік іс-әрекеті басқарудың тиімділігіне барған
сайын көп әсер етеді. Кәсіпорында оперативті басқару үшін қажетті ақпарат
басқару есебінің жүйесінде болады.
Басқарушылық есеп Қазіргі заманда мемлекеттің дамуы үшін бухгалтерлік
басқарушылық есепке үлкен мән беріледі. Қазақстан Республикасы Президенті
Н.Ә.назарбаев кәсіпкерлерге үндеуінде есепті, есеп беруді жетілдіріп,
халықаралық стандартқа көшудің маңыздылығына тоқталды. Ол өзінің бұл
үндеуінде қаржылық есеп беруді жасауды және ұсынуды ғана білдіріп қана
қойған жоқ, сондай-ақ әр түрлі экономикалық шешімдерді қабылдай білуге
шақырды.
Қазақстан халықаралық есеп жүйесіне көшкеннен кейін жағдай жақсы жағына
өзгеріп, бухгалтерлік басқарушылық есептің біртұтас жүйесіндегі әдістерді
интеграциялауға мүмкіндік алды. Әртүрлі оперативті экономикалық шешімдерді
қабылдау үшін менеджерлер мен басшыларға кәсіпорынның өндірістік әрі
қаржылық жағдайы туралы шындыққа жанасымды мәліметтер керек.
Бұл бухгалтерлік есеп жүйесінен басқарушылық есепті элемент ретінде
бөліп қарастыруға мүмкіндік туды.
Американдық бухгалтер ассоциациясының берген анықтамасы бойынша,
бухгалтерлік есеп—бұл ақпараттарды, есептеулерді және көрсеткіштер бағасын
сәйкестендіру процесі, бұл ақпараттар көрсеткіштерін өңдеу, негіздеу және
шешім қабылдауда пайдалану. Ал, басқарушылық есеп—бұл басқаруда шешім
қабылдауға, жоспарлауға, бақылауға және қызметті реттеуге көмектесетін
ақпараттарен қамтамасыз ету жүйесі. Оған басқарушы қызметкердің өз қызметін
орындауына аса қажетті анықтау, өлшеу, жинау, талдау,әзірлеу, түсіндіру,
ақпаратты тапсыру және қабылдау жатады. Ол зерттеудің жүйесі мен және
саласы болып табылады.
Есеп беруді жасау әне оның сыртқы көрсеткіштерін ұсыну қаржылық есептің
айрықша құқы болып табылады.
Бухгалтерлік есеп қаржылық ақпараттың сипаты және көлеміне байланысты.
Субьект оны әр түрлі категориядағы адамдарға, мысалы, кредит беретін
инвестицияны жүзеге асыруға немесе біріг3п жүргізуге пайдалануға береді.
Басқарушылық есеп —бұл есептік процесс пен субьектіні басқаруды
байланыстырушы буын.
Басқарушы есептің обьектілеріне кәсіпорын мен оның жекелеген
құрылымдық бөлімшелері—жауапты орталықтардың шығыны; тұтас субьектінің және
оның құрылымдық бөлімшелерінің шаруашылық қызметтерінің нәтижелері;
трансферттік бағаны пайдалануды ұйғаратын ішкі баға белгілеу; бюджеттеу,
болжау, және іштегі есеп беру жатады. Басқарушылық есептің ең маңызды
функцияларының бірі—бұл калькуляциялау, яғни өнімдердің жекелеген
түрлеріндегі бірліктердің өзіндік құнымен экономикалық есеп айырысу жүйесі.
Орындалған есеп айырысу базасында бір тапсырманы шешудің әртүрлі
баламалы нұсқаларын кездестіруге болады және олардың ішінен оңайлысын
іріктеп алып, тиімдіс басқарушылық шешімді жедел қабылдау керек. Шешім
қабылдау тәжірибесі баламалы нұсқаларды салыстырып бағалауды және олардың
ішінен оңтайлысын іріктеп алуды ұйғарады. Бұл үшін жіберілген пайдаларды да
қоса ескеретін, баролық баламалы нұсқалар бойынша алдағы кезеңде болуы
мүмкін шығындар туралы ақпарат аса қажет.
Басқарушылық есеп негізінде мыналар шешім табады:
1) оперативтік тапсырмалар:
• заласыздық нүктелерін анықтау;
• өнім шығарылымын жоспарлау;
• өнім құрылымын анықтау;
• қосымша тапсырыстардан бас тарту несмесе алу;
• бәсекелестік жағдайда баға белгілеу бойынша шешім қабылдау;
2)ұзақ мерзімді стратегиялық маңызы бар келешек сипатындағы тапсырмалар:

1.Бухгалтерлік басқару есебінің пәні және экономикалық мәні.
Кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымының басқару есебі жүйесін құруға
ықпалы.

Басқару есебі – экономикалық субьектіні жоспарлау, бақылау және басқару
іс-әрекетін реттеу мен шешім қабылдау процесі арқылы басқару. Бұрын
көрсетілгендей, отандық бухгалтерлік теория мен практикада Басқару есебі
ұғымын, салысмтырмалы түрде алғанда, жуықта ғана пайда болды.
Басқару есебінің негізінде қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарын
тиімді басқару жүйесі жатыр.
Нақ басқару есебі кәсіпорындағы міндетті іс-қызмет процестеріне тығыз
байланысты методологияға негізделеді, оның үстіне басты назар, мысалы,
бөлімшелер қызметін бағалау және өнім мен өндірістің пайдалылығын бағалау
сияқты аспектілерге байланысты шығындарды басқару есебіне аударылады.
Осылайша, басқару мақсатымен есептің ақпаратты өзгерту қажеттілігіне
байланысты нормативті есеп орнына, әрине басқару есебі келеді.
Басқару есебінің мазмұнын жалпылай алсақ, екі топқа: өндірістік
ресурстар, шаруашылық процестер мен олардың нәтижелеріне біріктенуге
болатын өндірісті басқарудың бүкіл циклы процесіндегі обьектілердің
жиынтығы жатады.
Өндірістік ресурстар кәсіпорынның шаруашылық қызметі барысында адам
еңбегінің мақсатқа сәйкестілігін қамтамасыз ету. Олар мыналарды
біріктіреді:
• негізгі құралдар – еңбек құралдары (машиналар, жабдықтар, өндірістік
ғимараттар және т.б.), олардың жағдайымен пайдалану;
• материалдық емес ресурстар – мерзімнен бұрын қаржы бөлінген обьектілер
(жерді пайдалану құқығы, патенттер, лицензиялар, тауарлық белгілер
және т.б.);
• материалдық ресурстар – еңбек құралдарының көмегімен өндіріс
процесінде өңдеуге арналған еңбек керек – жарақтары;
• еңбек ресурстары – кәсіпорынның осы шақта бар нақты еңбек ететін
көпшілігі, мақсатқа сәйкес қызмет пен еңбек ресурстарын пайдалану.
Шаруашылық процестер мен олардың нәтижелері, жинақтай алғанда,
кәсіпорынның өндірістік іс-әрекетін құрайды.
Оларға іс-әрекеттің мынадай түрлері жатады:
• қамтамасыз ету – дайындау;
• өндірістік;
• қаржылық - өткізушілік;
• ұйымдастырушылық;
Бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесі қаржылық (сыртқы) және
басқарушы(Ішкі) есеп болып екіге бөлінеді. Басқарушы есеп кәсіпорынның
қаржылық ақпараттарын ішкі пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болса,
ал қаржылық есеп жоғарыда айтылған қаржылық ақпаратты ішкі
пайдаланушылармен қатар сыртқы пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе.
Яғни, басқарушы есептің мәліметін кәсіпорын басшылары қандай да бір шешім
қабылдау үшін пайдаланса, қаржылық есептің мәліметін бұлармен қоса
жабдықтаушы кәсіпорындар, банк мекемелері, салық органдары және тағы
басқалары да пайдаланады. Кез-келген ұйым үшін қаржылық есеп міндетті түрде
жүргізілетін болса, басқарушы есептің жүргізілуі және оның тәртібі әрбір
кәсіпорынның экономикалық саясатына байланысты. Қазақстан Республикасында
бухгалтерлік есепті реформалау ұдайы жүргізіледі. Есептің халықаралық
жүйесіне көшу қолға алынды, осыған орай қазақстандық кәсіпорындардың
тәжірибесіне қаржылық және басқарушылық есепті енгізу үшін нормативті
құжаттар әзірленді.
Қазіргі уақыттатәжірибесіне қаржылық және басқарушылық есепті
реттеудің бес деңгейлік жүйесі пайда болды:
• Заңды деңгей(Азаматтық кодекс,т.б.)
• Бухгалтерлік есеп стандарттары;
• Стандарттарға әдістемелік ұсыныс;
• Шаруашылық жүргізуші субьектінің есеп саясаты;
• Субьектінің алғашқы құжаттары;
Басқарушылық есеп—субьект ақпарат жүйесінің құрамдық бөлігі.
Басқарушылық есеп—бұл идентификация, өлшеу, жинау, талдау, жіктеу,
интерпритация(түсіндіру) және қандай да бір объектіні (яғн,и, ішкің есеп)
басқаруға қажетті ақпаратты тапсыру.
Бухгалтерлік басқару есебі – есеп процесі мен кәсіпорында басқару
арасындағы байланыстырушы буын.
Ұйымның өндірістік қызметі және оның жауапкершілік орталықтары деп
аталатын жекелей құрылымдық бөлімшелері (сегменттері) бухгалтерлік басқару
есебінің ісі болып шығады.
Жауапкершілік орталығы – шығындарды, кірістер мен ұйымдағы бизнестің
осы сегментіне инвестицияланатын қаражатты, шығынды бақылайтын менеджер
басқаратын құрылымдық бөлімше. Бұл көрсеткіш басшылықтың бөлімшесі үшін
анықталады.
Бизнестің сегменттері заң жүзінде дербес немесе ұйымның құрылымдық
бөлімшесі( бұлар бизнестің ұсақ сегменттері болуы мүмкін), алайда міндетті
түрде өзінің басшысы (мысалы, дүкен бөлімі, ҒЗИ (ғылыми зерттеу институты)
зертханасы және т.б.)
Басқару есебінде жауапкершілік орталығының төрт түрі атап көрсетіледі:
• шығын орталығы;
• кіріс орталығы;
• пайда орталығы;
• инвестиция орталығы;
Шығын орталығы - өндірістік ресурстардың шығындарын байқау, бақылау,
басқару, сондай-ақ оларды пайдалануды бағалау мақсатымен мөлшерлеу,
жоспарлау және өндіріс шығындарды есептеуді ұйымдастыратын кәсіпорынның
құрылымдық бөлімі.
Өнеркәсіптік өндіріс жағдайында шығын орталығы ретінде құрылымдық
бөлімшелерді бөлгенде мыналарды ескеру қажет.
Әрбір шығын орталығы – жауапкершіліктің жеке өрісі, орталық оның
басшысына кәсіпорынның барлық шығындарын жоспарлау мен анықтауға
көмектеседі. Орталық бір типті машиналар мен жұмыс орнынан тұрады. Бұл осы
орталыққа шығыс орталығын үлкен қиындықсыз есептен шығару үшін біртекті
сипаттағы шығындарға себепті болады. Сонымен қатар ірі шығын орталықтары
ұсақтан құралуы мүмкін. Әдетте, шығындар орталығының мөлшері үлкен болған
сайын, жауапкершілік деңгейі де биік.
Шығындар орталығы екі бағытта жұмыс істей алады:
- берілген қаржы деңгейінен ең көп нәтиже алу;
- берілген нәтижеге жету үшін қажетті қаржыны ең аз шамаға жеткізу;
Алайда шығындар орталығы басшыларына өндіріс бағасы мен көлемін өз
бетінше белгілеуге рұқсат етілмейді.
Кіріс орталығы – жауапкершілік орталығы, мұнда менеджер кірістерді алу
үшін жауап береді, бірақ шығындар үшін (мысалы, сауда ұйымның көтерме сауда
бөлімі және т.с.с.) жауап бермейді, оның басшыларының іс-әрекеті алынған
кірістер негізінде бағаланады. Осы жағдайдағы басқару есебінің міндеті –
жауапкершілік орталығының қызмет қорытындылары шығарда нәтижелерді кесімді
белгілеу.
Пайда оралығы – бұл да жауапкершілік орталығы. Оның басшысы бір уақытта
өзінің бөлімшесінің кірістері үшін де жауап береді, тұтынылатын ресурстар
саны және күтілетін бүкіл мөлшері жөнінде шешім қабылдайды. Іс-әрекетті
бағалаудың белгісі – алынған пайда мөлшері. Сондықтан басқару есебі
жауапкершілік орталығына кірер шығындардың құны, осы орталық ішіндегі
шығындар және сегмент іс-әрекетінің қорытындылары шығарды түпкілікті
нәтижелер туралы ақпарат ұсынуға тиісті.
Инвестиция орталықтары – кәсіпорын сегменттері, бұлардың менеджерлері
өз бөлімшелерінің шығындары мен кірістерін бақылап қана қоймайды, басқа
орталық басшылары шұғылданбайтын, инвестицияланған қаржыны тиімді
пайдалануды қадағалайды. Басқаруда ең үлкен өкілеттіліктері бар инвестиция
орталығының басшылары қабылданатын шешімдер үшін кәсіпорын әкімшілігі
жекелеген жобалар бойынша бөлген қаражатты бөлу ең жоғары жауапкершілік
көтереді.
Басқару есебінің мәні – шығындар мен кірістерді, мөлшерлеуді,
жоспарлауды, бақылауды және кәсіпорынның болашақ даму мәселелерін үйлестіру
мен шұғыл басқару шешімдері үшін ақпаратты жүйелендіретін талдауға есеп
жүйесін біріктіріп кіріктіру (интеграциялау).
Ұйымды жауапкершілік орталықтарына бөлу мен оларды маңызына қарай
іріктеуді кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымы деп атайды.
Менеджерлерге жүктелген жауапкершілік дәрежесіне байланысты
кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымы орталықтандырылғын және
орталықтандырылмаған деп сипатталуы мүмкін.
Орталықтанған ұйымдар функционалды принциптер бойынша (әкімшілік,
қаржы, жабдықтау, өндіріс, маркетинг және т.с.с.) құрылған және олардың
басқау есебі жүйесі шығындар орталығына негізделген. Басқарудың мұндай
жүйесі шын мәнісінде консервативті болып табылады, ең көп шамада
мәжбүрлікті көздейді және өз қызметкерлеріне іс-қимыл бостандығын бермейді.
Орталықтандырылмаған құрылым пайда мен инвестиция орталықтары бар
болуымен сипатталады. Шығын орталықтарының менеджерлерімен салыстырғанда
олардың басшыларының мол құқықтары мен міндеттері бар, кәсіпорын
әкімшілігінің алдын-ала келісуінсіз шешімдердің едәуір бөлігін қабылдай
алады.
Дегенмен орталықтандырылмаған жүйенің табысты жұмыс істеуі тым
болмағанда, екі шартты сақтағанда болуы мүмкін:
- жоғары мамандандырылған басқару құрамының бар болуы;
- тұтастай ұйымның және оның жеке құрылымдық бөлімшелерінің мақсаттары
мен мүдделерінің үндесуі;
Таңдалған ұйымдастырушылық құрылым түріне қарамастан, тұтастай
компанияны қаржыландыру үшін жауапкершілік, әдетте, жоғары басшылықта
болады.
Өндірістік есептің мақсаты—өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын
калькуляциялау. Алайда өндірістік есептен алынған ақпаратты менеджерлер
сату бағасын белгілеу, қорларды бағалау, пайданы есептеу және т.б. үшін
қолданады. Сол себепті, өндірістік есеп—бұл басқарушылық есеп қосу қаржылық
есептің бір бөлігі.
Кәсіпорынды басқаруға қажетті барлық ақпаратты бухгалтерлер дайындайды,
осыған байланыстырылған кәсіби қызмет эккаунтинг деп аталады. Бұған есеп
беруді жасау жұмысы, субьектінің қаржылық жағдайын талдау, жоспарлау
жұмысы, субьект қызметін бақылауға байланысмтының барлығы қатысты болады.
Басқарушылық есептің обьектісі—бұл шаруашылық жүргізуші субьектінің
және оның бөлімшелерінің қызмет нәтижелері мен шығындары, баға белгілеу,
бюджеттеу және ішкі есеп беру.
Басқарушылық есептің пәні—обьектілерінің жиынтығы және өндірісті
басқарудың толық кезеңді процесіндегі оқиғалар.
Басқарушылық есептің негізгің тапсырмалары (міндеттері)—есеп,
жоспарлау, бақылау, талдау және субьект пен оның құрылымдық бөлімшелерінің
шаруашылық қызмет нәтижелері мен шығындары туралы деректерді бағалау; аса
қажетті басқарушылық шешімді жедел (оперативті) қабылдау үшін ақпарат беру.

Басқарушылық есептің принциптері—субьектінің үздіксіз қызмет етуі;
жоспарлау мен есепте өлшеудің біркелкі бірліктерін пайдалану; тұтас субьект
және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметтік нәтижелері мен шығынды
бағалау және талдау; алғашқы және аралық деректерді жинау, өңдеу, тапсыру
процесінде оларды сабақтасырып жиі пайдалану; субьект ішіндегі коммуникация
жүйесін ұйымдастыру, ақпараттардың жеткіліктігі және талдамалығы;
өндірістік және коммерциялық циклдерді бейнелейтін кезеңдігі; субьект
қызметінің нәтижелері мен шығындарын сметалық басқару.
Басқарушылық есептің пәніне өндірістік басқару процесінің барлық
кезеңіндегі объектілердің жиынтығы жатады. Пән мазмұнында оның үш топқа
бөлуге болатын көп обьектілері бар:
1. Өндірістік ресурстар
2. Шаруашылық процестері және олардың нәтижелері
3. Ұйымдастырушылық топ

2.Басқару шешімдерін қабылдау

Ақпаратты басқару есебінің негізінде шешілетін міндеттер. Басқару
есебінің негізгі міндеттерінің біріне дұрыс басқару шешімдерін қабылдау
үшін кәсіпорын басқарушылары мен жоғары басшылығына аса қажетті
ақпараттарды жинау және қорытындылау жатады.
Басқару шешімдерін қабылдау баламалы нұсқалардың ішінен ең оңтайлысын
іріктеп, оларды салыстырып бағалауды білдіреді.
Менеджерлер өткізу бағасы, өзгермелі және тұрақты шығындар, ресурстарды
сатып алу және пайдалану туралы шешімдерді ұдайы қабылдауларына тура
келеді. Егер оларда анық ақпарат болмаса, онда олардың қызметі залал
келтіруі, тіпті күйретуші салдарға ұрындыруы мүмкін. Әдетте бұл шешімдер
қысқа мерзімді сипатта болады: қанша бірлік өндіру; қанша жұмысшыны жалдау;
жарнамаға қанша шығын жұмсау? Алайда жаңа зауыт немесе құрал-сайман сатып
алу сияқты ұзақ мерзімді шешімге де шығындар, өндіріс көлемі мен табыс
қатынасы туралы талданған ақпарат керек.
Ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді шешімдердің арасында елеулі
айырмашылық – оның біріншісін өзгерту оңай шаруа емес, ал екіншісі жиі
өзгертіледі. Қысқа мерзімді шешімді орындау әрекеті жиі қайталанады, ал
олардың кейбіреуі кешірек жүзеге асырылуы мүмкін. Мәселен, өткізу бағасын
немесе өндірілген тауардың номенклатурасын жылдам өзгертуге болады, ал
капитал салудың (күрделі қаржы жұмсалымы) бағытын өзгерту туралы шешімге
келсек, оны қысқа мерзімнің ішінде өзгерту оңай болмайды (осының негізінде
барлық одан арғы қорытындылар мен түйіндер қысқа мерзімді уақытқа қатысты).
Өнім шығару туралы қысқа мерзімді оңтайлы шешім қабылдау үшін мынаны
білу қажет: өткізу бағасын түсіру мен көп сату табысқа қалай ықпал етеді,
кәсіпорынды ұлғайтып отырумен және тағы басқа байланысты қосымша тұрақты
шығындардың орнын толтыру үшін сатудың қандай көлемі керек. Осы және басқа
сауалдарға стаудан, шығындардан және таза табыстан болатын жиынтық табыстың
өзгерісі мен өндіріс көлемінің өзгерісі арасындағы байланысты қарастыруды
қажет ететін өндірістің заласыздық нүктесі туралы деректерді талдау арқылы
жауап беруге болады. Бұл байланыстардың үлгісін (моделін) құрастыру үшін
заласыздық талдауы фирма қақтығысатын нақты жағдайды оңайлатады, өйткені
қандай да бір шешімді қабылдау барысында оны бір мезгілде мүмкін еместей
көрінеді. Заласыздықты талдаудағы мақсат белгілі бір өндіру деңгейі немесе
өндіріс көлемі өзгеретін болса, оның қаржылық нәтижесі қандай болатынын
анықтау. Бұл ақпарат кәсіпорын басшылығы мен менеджерлері үшін аса маңызды,
өйткені бұл ақпараттың негізінде шығарылымның қатерлі деңгейін тіркеп
отыруға болады. Мысалы, табыс ең көп шамада болатын деңгейі немесе табыс
та, залал да болмайтын деңгей.
Заласыздықты талдау сатудан, шығыннан болатын табыс пен аз уақыттың
ішіндегі, яғни өндіріс ресурстарының тұрақты қорына қатысты өндіріс қуаты
белгілі бір деңгейде шектелген фирмалардың өнім шығаратын уақыт
аралығындағы табыс арасындағы байланысқа негізделген. Мұндай талдау
мыналарды анықтау қажет болғанда жүзеге асырылады:
• өткізу бағасын түсірудің табысқа тигізетін ықпалы қандай;
• бұйымды өткізу көлемін ұлғайтудың табысқа тигізетін ықпалы қандай;
• өндірісті ұлғайту туралы топшылауға байланысты қосымша тұрақты
шығындардың орнын толтыру үшін сату көлемі қандай болу керек.
Заласыздықты талдау кәсіпорын өз шығынының орнын толтыруға қол
жеткізетін және оның табысы нөлге тең болатын нүктені анықтайды. Бұл
ақпарат кәсіпорынның бәсекелестікке баға белгілегендегі өзінің мүмкіндігін
бағалауға, өз қызметінің қауіпсіз шегін белгілеуге, яғни бәсекелестік
жағдай мен өндіріс жағдайы өзгеру барысында кәсіпорын өз шығындарын басқара
алатын жағдайда мүмкіндік тудырады.
Мәселені шешу процесі кәсіпорын сол немесе басқа нұсқаны таңдауына
көмек беретін, кәсіпорынның алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерді
анықтаудан басталады.
Дұрыс шешім қабылдау үшін ең алдымен барлық баламалы нұсқалар бойынша
келешекте кездесетін шығындар туралы ақпараттың болуы аса қажет. Кейде
есептеу барысында кәсіпорынның жіберіп алған пайдасы ескеріледі.
Бухгалтерлік басқару есебі бастапқы ақпараттарды өңдеуге және
қорытындылауғы мүмкіндік беретін әдістер мен тәсілдердің тұтас арсеналына
ие.
Кез-келген өнімді (жұмыс, қызмет) өндіру белгілі бір шығындармен
байланысты.
Шығындар – активтердің келуі немесе пайда болған өндіріс шығындарымен
байланысты міндеттердің артуы.
Ақшалай формадағы субьект шығынына өнімнің өзіндік құны жатады.
Өзіндік шығындарды дұрыс ұйымдастыру үшін оның ғылыми-негізделген
жіктелімі аса қажет. Бухгалтерлік есептің №7 Тауарлық-материалдық қор
есебі стандартына сәйкес шығын мыналарға жіктеледі:
1) пайда болу орны бойынша - өндіріс, цех , учаске, құрылымдық
бөлімше. Мұндай жіктеу өндірістік өнімнің өзіндік құнын анықтау
үшін аса қажет;
2) өнім (жұмыс, қызмет) түрлері бойынша – оның өзіндік құндарын
есептеу үшін керек;
3) шығын түрлері бойынша немесе өнімнің өзіндік құнына көшіру тәсілі
бойынша – экономикалық элементтер бойынша және калькуляциялау
баптарымен;
Сонымен бірге:
1) экономикалық элемент бойынша - өнім өндіру үшін қандай шығын
кеткенін көрсетеді. БЕС 7-ге сәйкес мына экономикалық элементтер
анықталады:
- материалдық шығындар;
- еңбекақы шығындары;
- аударым;
- құралдың тозуы;
- басқадай шығындар;
ә) калькуляция баптары бойынша - өнімнің жекелегн түрлерінің
өзіндік құнын есептеу үшін пайдаланылады.
БЕС 7-ге сәйкес оған жататындар:
- материалдар;
- еңбекақы;
- аударым;
- үстеме шығындар;
Басқарушылық есептің ақпаратын пайдалану барысында мыналар шешіледі:
1) оперативті міндеттер:
• өндірістің заласыздығын талдау;
• өнім шығарылымы мен өткізу көлемін және ассортиментін жоспарлау;
• шектеу факторларын ескеріп, құрылымды анықтау;
• сатып алу немесе өзімізде өндіру міндеттерін шешу;
• баға белгілеу бойынша шешім қабылдау;
2) ұзақ мерзімді стартегиялық маңызы бар келешектік сипаттағы
міндеттер:
• капитал салу туралы шешім қабылдау;
• бизнесті қайта құрылымдау туралы шешу;
• жаңа өнім өндіру бойынша шешім қабылдау.
Қолдану үшін таңдап алынған баламалы нұсқа бюджетті жасаудың бастапқы
нүктесі болып табылады.
Бухгалтерлік басқару есебінің әдістері мен тәсілдері кәсіпорынның
алдында тұрған мәселені шешуде дұрыс ұсыныс береді.
Бухгалтерлік басқару есебінің заңнамалық негіздері. Бухгалтерлік
есептің методологиялық негіздері, ұйымдастыру мен жүргізу тәртіп нормативті
(ереже белгілейтін) құжаттар жүйесімен реттеледі. Бес деңгейлі жүйе бөлініп
шығады: Заңнамалық; қаржылық есептің халықаралық стандарттары (ҚЕХС);
құқықтық-нормативтік нұсқаулар; есеп саясаты мен кәсіпорынның (жұмыс)
құжаттары;
Нормативті құжаттар жүйесінің біріншілік заңнамалық деңгейіне мына
заңдар жатады:
1. ҚР азаматтық кодексі, 1 және 2 бөлімдер.
2. ҚР-ның 1995 ж. 26 желтоқсандағы 2732 Бухгалтерлік есеп пен қаржылық
есеп беру туралы Заңы (өзгерістер мен толықтырумен)
3. ҚР-ның 2001 ж. 21 маусымдағы №209-ІІ бюджетке Салықтар және басқа
міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі (өзгерістер мен
толықтырулармен)
Нормативті құжаттар жүйесінің екінші деңгейі. Қаржылық есеп берудің
халықаралық стандарттары. Олар бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық
есеп жасаудың жалпы ережелері мен тәсілдері. Қазіргі уақытта БҰҰ-дағы
Халықаралық стандарттар жөнінде комитет 41 стандарт жасап шығарды.
Қазақстан 2003 жылы 1 қаңтарынан бастап қаржылық есеп жасау ҚЕХС сай жүзеге
(Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы Заңының 2-1 бабы).
Үшінші деңгей - әдістемелік ұсыныстар, құқықтық-норматиытік акт
нұсқаулар, нұсқауларды ҚР Қаржы министрлігі мен уәкілетті мемлекеттік
органдар жасап шығарды. Олар салалық ерекшеліктерге сәйкес есептік
стандарттарды нақтылайды. Мысалы, 2002 жылы 18 қыркүйектегі 438 шоттарының
үлгі жоспары және оны қолдану жөніндегі нұсқау.
Нормативті құжаттарының төртінші деңгейі – кәсіпорынның есеп саясаты
мен қызмет құжаттары. Олар ұйымның есеп жүргізу ерекшеліктерін белгілейді.
Маңызды құжаттардың бірі болып кәсіпорынның есеп саясатын бекіту туралы
бұйрық саналады.
Есеп саясаты бухгалтерлік есеп жүргізу Қазақстан Республикасының
заңнамасының талаптарына сәйкес ұйымның бухгалтерлік есепті жүргізу мен
қаржылық есеп беруді жасау үшін қабылданған принциптері, негіздер, шарттар,
ережелер мен практика.
Есеп саясатын құрайтындар:
1. Бухгалтерлік есептің әдістемесі.
1. Обьектілері негізгі құрал-жабдыққа және шаруашылық керек-жарақтарына
жатқызу белгілері(критерийлері)
2. Негізгі құрал-жабдықтардың амортизациясын есептеу әдістері;
3. Негізгі құрал-жабдықтарды есептеу мен қаржыландыру тәртібі;
4. Материалдық емес активтер бойынша амортизация есептеу тәртібі;
5. Материалдық-өндірістік қорлардың есептік топтарын жасау;
6. Материалдық құндылықтарды дайындау, алу, бағалау операцияларын
шоттарда көрсету әдістері;
7. Өндіріс шығындарын топтастыру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның ақпараттық жүйесіндегі басқару есебі
Басқару есебінің объектілері тәсілдері мен міндеттері
БАСҚАРУ ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Басқару есебі-бухгалтерлік есеп жүйесінің элементі
Бухгалтерлі басқару есебінің заңнамалық негіздері
Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру
ҚАЗАҚСТАНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН БУХГАЛТЕРЛІК ПРОГРАММАЛАРҒА ЖАЛПЫ ШОЛУ
Басқару жүйесіндегі бухгалтерлік есеп
Қаржылық және басқарушылық есептердің салыстырмалы мінездемесі
Ұйымда бухгалтерлік қызметті жақсы және жедел жүргізу үшін қолданылатын шаралар
Пәндер