Ахмет Иассауи



1. Ахмет Иассауи
2. “Диуани Хикмет” . имандылық жаршысы.
3. Иассауи хикметтерінің поэтикасы Дастандар
4. Иассауи хикметтерінің сопылық мәні.
5. Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Ахмет Иассауи 11 ғасырдың соңғы ширегі мен 12 ғасырдың бірінші жартысында ғұмыр кешкен.
Ахмет Иассауидің туған жері – қазіргі Қазақсиандағы Сайрам қаласы. Ахмет Иассауидің дәл қай жылы туылғаны белгілі болмаса да, һіжірә жыл санауының 5 – ғасырының орта тұсына тура келеді. Ахметтің әкесі Шеих Ибрахим – Сайрамның ең беделді адамдарының біріне саналған.
Иассауи өз заманының білікті Адамы, атақты сопысы және де өзінің шәкірттік жолын Хамадани мектебінен бастап, кейіннен сол мектептің халифасы, яғни жетекшісі болған.
Иассауи халық жадында хикметтері арқылы жаңғырып отыр.
Ақынның “Диуани Хикметін” ғасырлар шаңынан арашалап, оның мазмұн – мәніне жетуге, жеткізуге талпынған ғалымдар аз емес. Мысалы, А.Н.Самойлевич 1990 жылы жазған мақаласында Иассауидің ақындық талантына тәнті болса, Е.Э.Бертельс оның сопылық әдебиетіндегі орнына зор көңіл бөлуді қажетсінетін тұлға деп көрсеткен.
1967 жылы ғалым Ханғали Сүйінішәлиев Иассауидің діни портретін аттап, биік дәрежедегі ақын екенін көрсетті. Ол “Иассауи хикметтері туралы” деген зерттеуінде Ахмет Иассауидің әдебиеттегі орнын белгілеп, оның шығармашылығына әдеби тұрғыдан баға берді.
Қожа Ахмет Иассауидің “Диуани Хикмет” мұрасын қазақ жұртына таныту барысында біраз хикметтерді аударылып, көпшілік басылымдар арқылы ұсынылуда.
Қожа Ахмет Иассауи 63 жасқа келгенде қылует жасап, жарық дүниемен, “бір жол сәлем” түрінде шәкірттерімен, ізбасарларымен байланыс жасауда “Диуани Хикметтің” қағаз бетіне түсе бастағанын аңғартса керек. Тіпті, Иассауидің жер астына кіргені деген 14 – хикметінің мазмұны осы жинақтың туу уақытын, себебін, мақсатын танытқандай.
Бұл 14 – хикметі қара өлеңмен жазылған төрт тармақты жиырма бес шумақтан тұрады. Бұл хикметінде Иассауи өзінің бір жасынан он жасқа дейінгі аралықтағы өміріне шолу жасай отырып, жалпы өзінің өмірлік міндетін, өзінің тағдыр белгілеген оқиғалардың желісін аңыз түрінде жырлайды.
Ал 1902 жылғы Ташкент басылымындағы алғы сөзінде “жетпіс үш жыл ғұиыр көрдім” деген сөзі Диуани Хикметтің осы жас шамасында тәмәмдалып, аяқталғанын білджіреді.
Құран – Алладан, “Диуани Хикмет” – Адам перзентінен. Ал ұлы ойшылдың:
Менің хикметтерім Алладан пәрман,
Оқып ұққанға бақ мағынасы – Құран,
деп құранға қайта – қайта сілтеме жасауы хикметтерінің мазмұны, мәні құранда екенін, өлеңдері Құранды түркі жұртына танытып, уағыздайтын түсініктеме – тәржіме екенін көрсетумен қатар, сол кездегі ресми дін иелеріне сопылық идеялардың түп тамыры ислам дінінде екенін тұжырымдай отырып, сопылыққа деген салқын көзқарастарға қойған қақпасы мА деген ой келеді.
“Лаух – ул – Махфузды” әуелгі бірінші дәптер десек, “Диуани Хикмет” екінші дәптер болып жалғастық тапқан.
Қ.А.Иассауи, Хикметтегі өз пікіріне қарағанда, 125 жыл жасаған Адам, сол өмірінде хикмет жазудан басқа іспен айналыспаған, сол себепті оның көлемінің көптігіне күмәнданбаған дұрыс деп ойлаймын.
“Дәптәр сәни” хикметі екі ғаламның мән – жайы мен жай жапсарын өлең тілімен жеткізе суреттейтін дәптер деп түсінгене дұрыс.
Мұндай ойға келуімізге “Диуани Хикметтегі” мына бір жолдар себеп болды, оқыпкөрелік:
Құл Қожа Ахмет, мен Дәптәр сәниді айттым,
Екі әлемнің қазығын шарапқа саттым,
Дейді осындағы шарап сөзі Алла жолына бастайтын әйгілі Пірмұған шарабы.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Яссауи К.А. Хикмет жинақ. Алматы: Жалын, 1998.
2. Иассауи Қожа Ахмет. Хикметтер. Алматы, 2000.
3. Иассауи Қожа Ахмет. Хикметтер жинағы. Алматы,1998.
4. Иассауи хикметтрі. «Ақиқат», №8

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
1. Ахмет Иассауи
2. “Диуани Хикмет” – имандылық жаршысы.

Иассауи хикметтерінің поэтикасы Дастандар

3. Иассауи хикметтерінің сопылық мәні.
4. Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Ахмет Иассауи

Ахмет Иассауи 11 ғасырдың соңғы ширегі мен 12 ғасырдың бірінші
жартысында ғұмыр кешкен.
Ахмет Иассауидің туған жері – қазіргі Қазақсиандағы Сайрам қаласы.
Ахмет Иассауидің дәл қай жылы туылғаны белгілі болмаса да, һіжірә жыл
санауының 5 – ғасырының орта тұсына тура келеді. Ахметтің әкесі Шеих
Ибрахим – Сайрамның ең беделді адамдарының біріне саналған.
Иассауи өз заманының білікті Адамы, атақты сопысы және де өзінің
шәкірттік жолын Хамадани мектебінен бастап, кейіннен сол мектептің
халифасы, яғни жетекшісі болған.
Иассауи халық жадында хикметтері арқылы жаңғырып отыр.
Ақынның “Диуани Хикметін” ғасырлар шаңынан арашалап, оның мазмұн –
мәніне жетуге, жеткізуге талпынған ғалымдар аз емес. Мысалы, А.Н.Самойлевич
1990 жылы жазған мақаласында Иассауидің ақындық талантына тәнті болса,
Е.Э.Бертельс оның сопылық әдебиетіндегі орнына зор көңіл бөлуді
қажетсінетін тұлға деп көрсеткен.
1967 жылы ғалым Ханғали Сүйінішәлиев Иассауидің діни портретін аттап,
биік дәрежедегі ақын екенін көрсетті. Ол “Иассауи хикметтері туралы” деген
зерттеуінде Ахмет Иассауидің әдебиеттегі орнын белгілеп, оның
шығармашылығына әдеби тұрғыдан баға берді.
Қожа Ахмет Иассауидің “Диуани Хикмет” мұрасын қазақ жұртына таныту
барысында біраз хикметтерді аударылып, көпшілік басылымдар арқылы
ұсынылуда.
Қожа Ахмет Иассауи 63 жасқа келгенде қылует жасап, жарық дүниемен, “бір
жол сәлем” түрінде шәкірттерімен, ізбасарларымен байланыс жасауда “Диуани
Хикметтің” қағаз бетіне түсе бастағанын аңғартса керек. Тіпті, Иассауидің
жер астына кіргені деген 14 – хикметінің мазмұны осы жинақтың туу уақытын,
себебін, мақсатын танытқандай.
Бұл 14 – хикметі қара өлеңмен жазылған төрт тармақты жиырма бес
шумақтан тұрады. Бұл хикметінде Иассауи өзінің бір жасынан он жасқа дейінгі
аралықтағы өміріне шолу жасай отырып, жалпы өзінің өмірлік міндетін, өзінің
тағдыр белгілеген оқиғалардың желісін аңыз түрінде жырлайды.
Ал 1902 жылғы Ташкент басылымындағы алғы сөзінде “жетпіс үш жыл ғұиыр
көрдім” деген сөзі Диуани Хикметтің осы жас шамасында тәмәмдалып,
аяқталғанын білджіреді.
Құран – Алладан, “Диуани Хикмет” – Адам перзентінен. Ал ұлы ойшылдың:
Менің хикметтерім Алладан пәрман,
Оқып ұққанға бақ мағынасы – Құран,
деп құранға қайта – қайта сілтеме жасауы хикметтерінің мазмұны, мәні
құранда екенін, өлеңдері Құранды түркі жұртына танытып, уағыздайтын
түсініктеме – тәржіме екенін көрсетумен қатар, сол кездегі ресми дін
иелеріне сопылық идеялардың түп тамыры ислам дінінде екенін тұжырымдай
отырып, сопылыққа деген салқын көзқарастарға қойған қақпасы мА деген ой
келеді.
“Лаух – ул – Махфузды” әуелгі бірінші дәптер десек, “Диуани Хикмет”
екінші дәптер болып жалғастық тапқан.
Қ.А.Иассауи, Хикметтегі өз пікіріне қарағанда, 125 жыл жасаған Адам,
сол өмірінде хикмет жазудан басқа іспен айналыспаған, сол себепті оның
көлемінің көптігіне күмәнданбаған дұрыс деп ойлаймын.
“Дәптәр сәни” хикметі екі ғаламның мән – жайы мен жай жапсарын өлең
тілімен жеткізе суреттейтін дәптер деп түсінгене дұрыс.
Мұндай ойға келуімізге “Диуани Хикметтегі” мына бір жолдар себеп болды,
оқыпкөрелік:
Құл Қожа Ахмет, мен Дәптәр сәниді айттым,
Екі әлемнің қазығын шарапқа саттым,
Дейді осындағы шарап сөзі Алла жолына бастайтын әйгілі Пірмұған шарабы.
Қожа Ахмет Иассауи – заманның бар шындығын ашып айтқан, әділдік пен
адамгершілік мұраттарын аңсаған және уағыздаған, халықты имандылық пен
қайырымдылыққа шақырған. Ақиқат жолын іздеген және оны таба да білген
данагөй, бәтуәлі батагөй ақын. Оның негізгі шығармасы – “Хикметтер” жинағы.
Бұл - әлемдік рухани қазынаға қосылған қымбат мұра. Ол өзінің бұл туындысын
жоғарыда айтқандай “Дәптәр сәни” деп те атады. Бұл екінші дәптер деген сөз.
Осыған қарағанда ұлы ойшыл ақынның бұған дейін де жазылған осы тектес
туындысы болса керек. Ал бірқатар зерттеушілер: “Сірә, Қожа Ахмет бірінші
дәптер есебінде бір алланың еруіндігіндегі Лауху – л – Махфузды, яғни
жазмыш тақтасын айтып, зөінің хикметтер жинағын содан соңғы орынға қойған
болар” деп те жорамалдайды. Қалай дегенде де ұлы ғұлама ақын дін мұсылман
қауымына осы Хикметтер арқылы Алланың ақ жолын – Ақиқат жолын айтып беруді,
ұғындыруды мақсат еткен. Кемеңгер бабамыз бұл жинағында өз уақытының
шындығымен қоса өз ізденістері мен құлшыныстарын, Алланың ақ жолын – Ақиқат
жолын табу мен тану үшін не істеу керектігін өлеңдік өрнекпен, ғұламалық
тереңдікпен, шын мұсылмандық ұғыммен жырлап отырған.
Ақын баба өз хикметтерінде атын атап, түсін түстемесе де, өзінен бұрын
өткен даналар сөзіне зейін қойып, олардан үйренгенін жасырмаған. Құрани
кәрімнің сүрелері мен аяттарын жадына сақтап, хадис пен суннаға
мойынсұнғанын жиі еске алады, оны өзгелерге түсіндіріп, уағыздайтын, өмірді
бос, мағынасыз өткізбеуге шақырады. Сондай – ақ ол жиырмаға жуық
хикметтерінде 63 – ке толғанда жер астына түсіп, халауатты мекендеу
себебін, Жебірейіл періште һәм Мұхаммед пайғамбармен қалай тілдескені, хақ
жолын қалай таңдағанына тоқталады.
Сонан 78 шумақтан туратын тағы бір хикметтерінде дүниеге келгеннен 63 –
ке толғанға дейінгі өмір жолына үңіледі. Соған қарағанда Қожа Ахмет
Түркістанға 17 жасында келген, 26 – ға аяқ басқанда сауда – саттықпен
айналысыпты, 28 жасында ғашықтық отына шарпылып, 34 жасында ғалым, дана
атанған, хикметтер айта бастаған.
Ақын хикметттерінің бірқатары ғашықтық жайында сөз етеді. Бірақ онда
әдеттегідей жігіттің қызға, қыздың жігітке деген сүйіспеншілігі емес,
керісінше - әңгіме ақынның Алла тағалаға, яғни Жаратушыға деген махаббат,
іңкәрлігі туралы.Оның даналық сөздерінің көпшілігінде ұстазы Арсыланбап жиі
еске алынады, ақын ұлы ойшылдың айтқандарына құлақ қойып, ой жібере қарауды
ұсынады.
Қожа Ахметтің хикметтерінің көбінде ұстазы Арсыланбап жиі еске алынады,
ақын ұлы ойшылдың айтқандарына құлақ қойып, ой жібере қарауды үсынады.
Менмен, көрсеқызар, кеудемсоқ, дүниеқоңыз болмауға, тәубаға келуге ақыл –
кеғес береді, яғни бабамыздың хикметтері толған ғибрат, мәні де мағаналы
пікір, адамгершілік мұраттарына толы.
Иассауи базбір хикметтерінде надандарға сөзіңді қор етпе,
мейірімсіздерден қайырым күтпе, кісі ақысын жеме, арамдықпен мал жима,
өтірік айтпа, дүние – байлыққа қызықпа, оның бәрі өткінші, мәңгілік ештеңе
жоқ, дүние жалған ешкімдерге де опа болған емес, дүниеқоңыздықпен мәңгілік
өмір сүргісі келген Қарынбай, пырғауындар заманындағы Хоман, немесе халық
сүйіктілері Фархат – Шырын, Ләйлі – Мәжнүн қайда қазір, олар неге мәңгілік
ғұмыр кешпеді, Алланың қаһары түссе, бәрі де бір сәтте – ақ жермен – жексен
болады Дей отырып, жұпыны өмір, қанағатшылдыққа, кедейлікке арланбауға,
басқа түскен ауыртпалықты мойымай көтеруге шақырады.
“Диуани Хикметінде” сюжетті аңыз - әңгімелер де ұшырасады. Одан араб,
түрік, ауған, үнді, қазақ, өзбек, татар, түркімен ауыз әдебиетінен де аты
таныс Исмаиыл, Ахмад шайқы, Хаким қожа Сүлеймен, Жүсіп – Зулейха, Ләйлі –
Мәжнүн іспетті аттр кездеседі.
Ал енді “Диуан” соңындағы “Мінәжаттар” жинақтын сәлі мен нәрі сияқты.
Ақын онда өзінің терең ойы мен түпкі мқсатына, хикметтерінің асылы мен
ақығы, жауһары мен дүрі, қадыр қасиетіне пайымдап, парасаттылықпен қарауға,
өсиеттерінің інжу – маржандарын тере білуге шақырады. Хикметтерін зерделей
алған адамға ойшыл бабамыз шапағат етіп, иман байлығын беруге уәде етеді,
бата берген секілді:
Менің хикметтерімді дана естісін,
Сөзімді дос қылып, мақсатына жетсін...

Қияметте оған жетекші болармын,
Егер дертті болса, бәрі болармын.

Егер ол жүз жылдық ғұмыр тапса, қартаймас,
Егер ол жер астына кірсе, шірімес.

Иассауи хикметін дана естісін,
Естімегендердің бәрі қасіретте қалсын.

Құлаққа ілмес бұл сөзді надан,
Оны Адам деме, оның жынысы хайуан.

Менің хикметтерімді уайымсыздарға айтпаңыз,
Теңдесі жоқ гауһарымды наданға тек сатпаңыз, -
Дейді ұлы кемеңгер.
Ақын 44 – хикметінен бастап Мұхаммед пайғамбардың өмір жолын қысқаша
суреттеген. Оның пайғамбарымыздың анасы Әмина, әкесінің аты Абд Алла
екенін, бірақ оның туылмай жатып әкесінен айырылғанын, сол себепті бабасы
Абд әл – Мутталиб тәрбиесінде өскенін еске алады.Мұхаммед жетіге толғанда
бабасы да көз жұмады. Өлер алдында ол жасөспірімді інісі Әбу Тәліпке аманат
етеді. Әбу Тәліп оны көпті көріп, өнеге алсын деген оймен қайда барса да
өзімен бірге ертіп жүреді екен.
Мұхаммед он жетіге толып, ат жалын тартқанда Хадишаны ұшыратады, оған
25 жасында үйленеді.
Қожа Ахмет пайғамбарымыздың әсіресе жетім – жесір, ғаріптерге ерекше
мейіріммен қарағанына кеңірек тоқталған. Бірде оған жетім бала келіп,
ғаріптік халін баяндайды. Мұхаммед оны аяп мейірім шапағатын төгіп, тілегін
орындайды. Өзінің де жетім екенін, жетімдікпен жетілгенін, жетімдер өзінің
нағыз үмметі екенін айтады. Диуандағы батыр Әліге арналған хикметтер
тізбегі енді бір сәт Мұхаммед пайғамбарымызға арналған мадақпен қайта
жалғасады.
“Миғраж хикаясы” атты хикметтері да қызық оқылады. Жебірейіл періште
пайғамбарымызға Бурақ атты тұлпарды әкеледі. Мұхаммед онымен көкті шарлай
өтіп, жеті қат аспанға көтеріледі. Ақырында Тәңірімен тілдеседі. Құдай
тағала оны жақсы қарсы алады. Тілегін сұрайды. Пайғамбар өз үметтері үшін
әуелі қырық, сосын елу, сонан соң алпыс, ақыры жетпіс жас өмір сұрайды.
Пайғамбар тілегі қабыл болады. “Миғраж хикаясының” қысқаша мазмұны осындай.
47 – 58 хикметтерде Мұхаммед пайғамбардан кейін билік құрған Әбу Бәкір
Сыдық, Омар, Оспан, Әлі ибн Әбу Тәліп секілді төрт халифаларға да мадақ
айтылған.
Ақын хикметтерінде жоғарыда айтылғандай кейде Құрани кәрім, хадистерден
алынған түрлі аңыз әңгімелер, діни – мифологиялық оқиғалар да ұшырасады.
Сонымен қатар, “Хикметтер” Құран сүрелері мен аяттарының аудармасы да, сол
ауанда жазылған шариғат шарттары да емес. Кемеңгер бабамыз өз уақтысының
шындығымен қоса өз өмірінің бүкіл болмысын, ғұмырлық тәжірибесін,
ізденістері мен құлшыныстарын, алланың ақ жолын – Ақиқат жолын табу мен
тану үшін не істеу керектігін өлеңдік өрнекпен, ғұламалық тереңдікпен, шын
мұсылмандық ұғыммен айтып отырған. Ана сүтімен, ата тәрбиесімен, ұстаз
ұлағаиымен, қаршадайынан қанына сіңген, бойына дарыған, жүрегінен жай
алған.
Ажал, Иассауи хикметтерінде, мәңгілік өмір мен бақилық өмір арасындағы
шекара. Егер бұл шекарада жалған өмір аяқталса, тап осы шекарада бақилық
өмір басталады. Ақынның өлім тақырыбына арналған барлық дерлік
хикметтерінде (85, 88, 114, 124, 134, 143, 144, 145, 154, 155) оқырманды
ажалдан қашпауды, одан ешкімнің, тіпті Алла елшісі Мұхаммед пайғамбардан
бастап, мың жасаған Лұқманға шейінгі әулиелердің де құтылмасына сендіруде
өлімге бойсұну жатыр. Адам өмірді қарсыласпай қалай қабылдаса, өлімді де
солай қарсыласпай қабыл алуы міндет. Бірақ өлім жайын сөз қылғанда, Ахмет
Иассауи бір ақтық шешімге келген адамның ахуалымен теңестіреді. Өлімді
мәңгілікке бастайтын қадам ретінде мәнін асқақтата жырлап, мәртебесін
жоғары қояды. Адам бұл өмірде жинаған азығын жүктеп, жүктелеген міндет
ауыртпалығынан тек өлім арқылы азаттық сезіміне ие бола алады. Яғни,
Массауи хикметтерінде өлім тән құрсауынан босанып, қапастан ұшып шыққан
жанның бақилық атты мөлдір әлемге қанат қаққан самғауы:
Неше жылдық мейірбаным жан айтар, ей достарым,
Бұл болмыс шаһарды фәни қылар, достарым.
Бұл қапастың тотысы піруәз етер ұшырсам,
Бір қараңғы шұғыласыз жерге барар, достарым. (126 – х)
Егер де Қорқыт: Қайда барсаң, Қорқыттың көрі – деп, өлімді өмірдің
бітуі ретінде пессимистік тұрғыда қарастырса, Иассауи кеісінше, өлімді
мәңгілік өмірдің жол басы деп ұғынған. Өлімнен тек шайтан ісін істеп, нәпсі
жолында жүргендер, құдай алдында жауабы жоқ, ақталар сөзі жоқ күнәһарлар
ғана қорқуы керек, өйткені олар Мүңкір – Нәңкірдің сұрақтарына жауап Бере
алмай, тамұқ отының жалынына шарпылып, жалған қызықтың азабын тартар күн
өлімнен басталатынын біледі.
Иассауи өз хикметтерінде өлім жайын сөз еткенде, Адам баласын қорқыту
үшін емес, немесе өлімді уағыздау үшін емес, қайта адамға өмір жүктеген
борышқа, міндетке барынша жауапкершілікпен қарап, өмір мәнін жете түсінуде
өмірдің әр сағатын, әр уақытын қадірлей білуге, Алланың қайталанбас сыйы
деп ардақтай білуге шақыратын насиха түрінде берілген: “Сен тірлікті
ғанимет білгіл уа қылғыл амал” (154 – х). Ақынның “Өлімді жад айтып, әр дем
жарағыңды қыл, ей ғәпіл” (124 – х) деген сөзі өмірдің қадірі өліммен
танылады, өмірдің әр қадамы өліммен өліммен өлшенеді деп, өлімді ұмытпаған
өмірді сүйе біледі, барынша дұрыс бағалап, тиімді пайдалана біледі деген ой
салады.
Кемеңгер ғұламаның 87 – хикметіндегі “Шерменділік көп екен, неге әуелі
тудың, ана, Барар жеріміз көр екен, әуелі неге болдым міне” сияқты
пессимистік ой тұжырымы өмі алдындағы жауапкершіліктің тереңдігін, өмір
салған салмақтың ауырлығын жете сезінгенін көрсетсе, бір жағынан өмірдің
тәттілігі, қимастығы Иассауиге де тән екендігін байқатады.
Иассауидің өлім тақырыбына не бұл өмірді сипаттау хикметтерін оқып
отырғанда, сырт көзге ақынның бұл өмірге деген көзқарасы сарыуайым тұманына
кептеліп қалғандай әсер аласың, бірақ осы тұманды сейілтер болсақ,
болашаққа деген үміт, жарқын сәулелері нұр шашқандай.
Адам тірлікті ғанимет деп біліп, өмірдің мәніне жете білуі тиіс. Ал,
өмірдің мәні Адам үшін ғарыштық рухани биіктікке өз үлесін қосу парызын
өтеуде көрінеді. Бұдан өмір дегеніміз, рухани азық жинайтын мерзім, адамдық
қасиеттердің беріктігін сынайтын сынақ болумен қатар, айналып келгенде,
өмір дегеніміз, адамның өз - өзімен болатын күрес алаңы болып табылады. Ал
бұл күрес барысы рухани әлемде тек тағаттықпен шешіледі.
Құл Қожа Ахмет десең, тағат қыл,
Қияметтің келмегін жақын біл.
Хаққа жақын болайын десең, тағат қыл,
Тағат қылғандар Хаққа жақын болар болғай (140 – х).
Сонда тағат дегеніміз не?
Тағат дегеніміз, адамның өмір сүру амалы:
Бұл дүниені бізге берді тағат қыл деп,
Хақ зікірін дәйім айтып, рахат қыл деп,
Зікірін айтып, шайтан үйін қират деп,
Қайрат қылсам, “Файз уа футух” алармын ба? (118 – х).

“Диуани Хикмет” – имандылық жаршысы.

Иассауи үшін Хақ жолы дегеніміз, адамның рухани кемелдікке жету жолы,
адамның адамгершілік қасиеттермен өмір сүру жолы. Яғни, адамның
руханишылығы оның адамгершілік қасиеттерімен ғана танылады. Ал адамгершілік
қасиеттер иман түрінде көрінеді. Сонда иман мәні, негізі не деген сұрақ
туады. Бұл сұраққа жауап беруде Қожа Ахметтің хикметтерін зерделейік:
Иман болды Хақ тағала тағатынан,
Кешпек керек бұ дүниенің рахатынан (169 – х).
Сондықтан да иман, Қожа Ахмет Иассауидің түсінігінде, адамның кісілік
келбеті, ішкі Жан – дүниесінің сәулесі, жақсылыққа жетелейтін тәрбиешісі,
дұрыс жолды үйретіп, түзу бағыт нұсқайтын жетекшісі және де “Тән сөйлемес,
Жан сөйлемес, иман сөйлер” (79 –х) – иман адамның о дүниеде Хақ алдында
ақтық сөзін сөйлер куәгері, жаңашыры, жақтасы болып табылады.
Иман – Алла Тағала құдіретімен барлық адамдарға тиесілі нұр, бірақ оны
сақтау не ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Диуани Хикмет туралы ақпарат
Қожа Ахмет Яссауидің өмірі жайлы
Қожа Ахмет Йассауи ілімі
Қожа Ахмет Иассауи дүниетанымындағы рухани кемелдену мәселелері
Қожа Ахмет Йассауи өмірі
Қожа Ахмет Иассауи дүниетанымындағы рухани кемелдену мәселесі
Қожа Ахмет Йассауидың бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы - Диуани хикмет
Ислам дінінен хабары бар жанға Хикмет тілі өте жеңіл
Қожа Ахмет Йассауй мұраларын оқу-тәрбие процесіне ендіру жолдары
Қожа Ахмет Йассауи ислам дінін дәріптеуші
Пәндер