Әлеуметтік қорғау түсінігі және жүйесі



Кіріспе.

Әлеуметтік қорғау түсінігі және жүйесі.

ҚР . ның халықты әлеуметтік қорғау және әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар.

Негізгі бөлім.

Әлеуметтік саясат мұраты . әлеуметтік әділдікте.

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің әлеуметтік . экономикалық тиімділігі және оны реформалау бағыттары.

Қазақстан халқының әл . ауқатын арттыру . мемлекеттік саясаттың басты мақсаты.

Қорытынды.

1. " Ел мен үшін не істей алады деп сұрамаңыз, ел үшін мен не істей алам деп сұраңыз".
Экономикалық және қоғамдық әдебиеттерде "әлеуметтік қорғау" термині ХХ ғасырдың тоқсаныншы жылдарында пайда бола бастады. Өтпелі экономикадағы елдер үшін " әлеуметтік қорғау " жаңа ұғым, яғни ол қиын жағдайдағы және өзін - өзі қамтамасыз ете алмайтын әртүрлі категориядағы халыққа мемлекет тарапынан берілетін көмек. Ал шетелдік ғалымдар " әлеуметтік қорғауды " кең және тар мағынада қарастырады.
Кең мағынада – жеке тұлға өз бетінше, өзі және отбасы үшін өмір сүру деңгейін өз қалауынша құра алады. Тар мағынада – мемлекеттің әлеуметтік саясаты негізінде қанағаттандырарлықтай ғана қамтамасыз етілетін, жағдайын өз қалауынша жақсарта алмайтын халық тобы болып таблады. Сонымен қатар әлемдік тәжірбиеде де әлеуметтік қорғаудың екі түрі бар.
Активті әлеуметтік қорғау - азаматтардың еңбек қабылеттілігіне негізделеді.
Пассивті әлеуметтік қорғау – тікелей материалдық көмекке негізделеді. Қазақстандық ғалымдардың көзқарасы бойынша "әлеуметтік қорғау" дегеніміз қоғамдық дамудың нақтылы жағдайларына сәйкес азаматтарға қалыпты тіршілік әрекетінің кепілдікті деңгейін қамтамасыз етуге арналған басымдықтардың және оларды мемлекеттік және басқадай институттар арқылы жүзеге асыру механизмдерінің жүйесін айтады.

ҚР – ның халықты әлеуметтік қорғау жүйесі және оның қазіргі жағдайы.

Біраз алдыңғы уақытқа дейін Қазақстанда бұрынғы одақтан қалған халықты әлеуметтік қорғау жүйесі болатын. Былайша барлық жүйе мемлекеттік болатын және өзі екі блоктан тұратын: әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік жүйесі және мемлекеттік әлеуметтік қамтамасыз ету. Егеменді ел болғаннан кейін 1999 жылы Республикада халықты әлеуметтік қорғау жүйесі келесідей болады:
Зейнетақымен қамтамасыз ету;
Уақытша жұмысқа қабылетсіздерге жәрдемақы;
Екіқабат және босанған әйелдерге жәрдемақы;
Денсаулық сақтау қызметтері;
Жұмыссыздық кезіндегі әлеуметтік қолдау;
Міндетті медициналық сақтандыру;
Баланың туылуына жәрдемақы;
Хабаршы экономика сериясы 2007 жыл №6
Ақиқат 2007 № 11
Аль Пари №1
«Қазақстан халқының әл – ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» елбасының халыққа арналған жолдауы.
«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты елбасының халыққа арналған жолдауы.
Егемен Қазақстан 2008.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.
Кіріспе.

Әлеуметтік қорғау түсінігі және жүйесі.

ҚР - ның халықты әлеуметтік қорғау және әлеуметтік кәсіпкерлік
корпорациялар.

Негізгі бөлім.

Әлеуметтік саясат мұраты - әлеуметтік әділдікте.

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің әлеуметтік – экономикалық
тиімділігі және оны реформалау бағыттары.

Қазақстан халқының әл – ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты
мақсаты.

Қорытынды.

1. " Ел мен үшін не істей алады деп сұрамаңыз, ел үшін мен не
істей алам деп сұраңыз".

Әлеуметтік қорғау түсінігі және жүйесі.

Экономикалық және қоғамдық әдебиеттерде "әлеуметтік қорғау" термині
ХХ ғасырдың тоқсаныншы жылдарында пайда бола бастады. Өтпелі
экономикадағы елдер үшін " әлеуметтік қорғау " жаңа ұғым, яғни ол
қиын жағдайдағы және өзін - өзі қамтамасыз ете алмайтын әртүрлі
категориядағы халыққа мемлекет тарапынан берілетін көмек. Ал шетелдік
ғалымдар " әлеуметтік қорғауды " кең және тар мағынада қарастырады.

Кең мағынада – жеке тұлға өз бетінше, өзі және отбасы үшін
өмір сүру деңгейін өз қалауынша құра алады. Тар мағынада –
мемлекеттің әлеуметтік саясаты негізінде қанағаттандырарлықтай ғана
қамтамасыз етілетін, жағдайын өз қалауынша жақсарта алмайтын халық
тобы болып таблады. Сонымен қатар әлемдік тәжірбиеде де әлеуметтік
қорғаудың екі түрі бар.
Активті әлеуметтік қорғау - азаматтардың еңбек қабылеттілігіне
негізделеді.
Пассивті әлеуметтік қорғау – тікелей материалдық көмекке негізделеді.
Қазақстандық ғалымдардың көзқарасы бойынша "әлеуметтік
қорғау" дегеніміз қоғамдық дамудың нақтылы жағдайларына сәйкес
азаматтарға қалыпты тіршілік әрекетінің кепілдікті деңгейін
қамтамасыз етуге арналған басымдықтардың және оларды мемлекеттік және
басқадай институттар арқылы жүзеге асыру механизмдерінің жүйесін
айтады.

ҚР – ның халықты әлеуметтік қорғау жүйесі және оның қазіргі
жағдайы.

Біраз алдыңғы уақытқа дейін Қазақстанда бұрынғы одақтан қалған
халықты әлеуметтік қорғау жүйесі болатын. Былайша барлық жүйе
мемлекеттік болатын және өзі екі блоктан тұратын: әлеуметтік
сақтандырудың мемлекеттік жүйесі және мемлекеттік әлеуметтік
қамтамасыз ету. Егеменді ел болғаннан кейін 1999 жылы Республикада
халықты әлеуметтік қорғау жүйесі келесідей болады:
Зейнетақымен қамтамасыз ету;
Уақытша жұмысқа қабылетсіздерге жәрдемақы;
Екіқабат және босанған әйелдерге жәрдемақы;
Денсаулық сақтау қызметтері;
Жұмыссыздық кезіндегі әлеуметтік қолдау;
Міндетті медициналық сақтандыру;
Баланың туылуына жәрдемақы;
Жерлеуге жәрдемақы.
Қазіргі әлеуметтік қорғау жүйесінде толық ынтымақтастық және
мемлекеттік институттардың қатысу деңгейі басым да, ынталандыру
деңгейі төмен.
Мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына байланысты, жұмыссыздығы
мен жасы бойынша әлеуметтік қорғау жүйесі толық ынтымақтастық
қағидасына негізделген. Қазақстанның барлық азаматтары өмірдегі
қатерлі жағдайлар туындаған кезде еңбек үлесіне және жүйеге қосқан
жарнасына қарамастан, бірдей деңгейде мемлекеттік жәрдемақылар алады.
Азаматтың еңбек үлесі ынтмақтастықты зейнетақы жүйесінде ішінара
ғана ескеріледі. Әлеуметтік төлемдерді есептеудің экономикалық
негізделген нормативтері мен еңбекақы жүйесінде өзара байланыс
болмауынының салдарынан жұмыс істейтін халықтың табыс деңгейімен
әлеуметтік төлемдер арасындағы тиісті байланыс болмай отыр.
Нәтижесінде, жұмыс істейтін халықтың бір бөлігі әлеуметтік еңбек
үлесі болмаған азаматтардың да алатын әлеуметтік жәрдемақы
мөлшерінен де аз жалақы алады.
Еңбеккерлер, яғни ресми жұмыс істейтін азаматтар қатерлі
жағдайға тап болған кезде жүйедегі жарнасына қарай қосымша қорғау
деңгейімен қамтамасыз ететін шектеулі ынтымақтастыққа негізделген
жүйе жоқ.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі қартайған шақтағы қамсыздандырудың
қатысушылар арасында ынтымақтасусыз, жинақтау қағидасына негізделген
жүйеге қатысуға нәрменді ынталандыратын бірден бір түрі.
Азаматтардың жекелеген санаттарына заңнамаға сәйкес мемлекеттің
қаражаты есебінен әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Қолданлып жүрген заңнамада әлеуметтік қатерлер туындаған
жағдайда ерікті сақтандыруды жүзеге асыру көзделген, ал бірқатар
факторларға байланысты тиісті деңгейде дамымай отыр.
Әлеуметтік қорғау жүйесінің негізгі қаржыландыру көзі мен
жалпы реттеушісі мемлекет болып отыр. Біздің еліміздегі
тәжірбиемізде мемлекет басқаратын жүйедегі халықтың қамту деңгейі
жоғары және әкімшілік шығыстар төмен, ал жеке меншік институттар
қатысатын жүйеде шығыстары жоғары болатын халықаралық тәжірбиедегі
тұжырыммен дәлелденіп отыр.
Әлеуметтік қорғау жүйесінің тиімділігін шектейтін негізгі
кемшіліктері мыналар – жетілдірілмеген заңнама: әлеуметтік саланы
реттейтін заңнама, әлеуметтік қатерлер мен төлемдерге негізделмей,
көбіне әлеуметтік төлемдер түрлері бойынша қалыптастырылған, сондықтан
күрделі және анық емес; әділдігі жеткіліксіз және ынталандыру
деңгейі төмен: әлеуметтік жәрдемақылар алу құқығын іске асыру кезінде
салық аудармайтындардың алдында салықты төлеп, азаматтық борышын
атқарып жүрген еңбеккерлердің артықшылығының болмауы, айқындықтың
жеткіліксіздігі: дербес сәйкестендіру жүйесі немесе
жәрдемақыларды алу мен бөлу процесін қадағалау үшін дерекқордың
қалыптасу сатысында болуы.
Қолданылып жүрген жүйені сақтау қызмет параметрлерінің
нашарлауына және әлеуметтік қорғау міндеттерінің шешу мүмкіндігінің
төмендеуіне апарып соғады.

ҚР – ның халықты әлеуметтік қорғау және әлеуметтік кәсіпкерлік
корпорациялар.

ҚР – ның тәуелсіздік алған алғашқы жылдарындағы нарықты
экономикаға көшу реформалары көптеген әлеуметтік зардаптардың,
кедейлік пен жұмыссыздықтың өсуімен қатар жүрді. Қазақстан
Республикасы әлеуметтік – нарықтық экономиканы құруға бағыт алып,
біздің мемлекет жүргізіліп жатқан реформалардың басты мақсаты етіп
халықтың тұрмыстық жағдайын арттыруды белгіледі.
Қазіргі кезде 3.5 млн. астам адам әлеуметтік қамтамасыз етумен
қамтылған (немесе барлық халықтың 23.3%). Республикалық және жергілікті
деңгейлерде бюджеттік қаржылар есебінен әлеуметтік төлемдердің,
жеңілдіктердің, жәрдемақылардың және халықтың әртүрлі топтары үшін
жәрдем ақшалардың 34 түрі белгіленген.
Әлеуметтік салаға шыққан шығыстардың серпінді өсімі, әлеуметтік
реформаларды тереңдету үшін мүмкіндіктерді көбейту, жұмыссыздық деңгейін
төмендету, өмір сүру деңгейін көтеру, әлеуметтік төлемдер жүйесін
жетілдіру, зейнетақы жүйесін дамыту сияқты әлеуметтік маңызды
мәселелерді шешуге мүмкіндік туғызады.
Республикадағы зейнетақы реформасы бойынша заңнама, мүгедектік,
асыраушысынан айырылу жағдайы және жасына қарай әлеуметтік
жәрдемақылардың төлеуін қарастыратын, сонымен қатар әлеуметтік
мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтарды мемлекеттік
әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы қатынастарды реттейтін, халықты
әлеуметтік қорғау бойынша қосмша актілермен негізделген.
Әлеуметтік саясаттардың маңызды бағыттарының бірі –
мүгедектердің жағдайын жақсарту болып табылады. Қазіргі уақытта
көбісі табыс алу үшін мүмкіндіктері шектеулі 400 мыңнан астам
мүгедектер немесе жалпы халық санының 2.7% (оның ішінде 47.6 мың
мүгедек балалар) мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыруда.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашасында күшіне
енген Қазақстан Республикасының Балалары бар отбасылар туралы Заңын
жүзеге асыру бойынша кейбір шаралар туралы қаулысында, балалар бар
отбасылар үшін мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау және төлеу ережелері
бекітілген. 2006 жылдан бастап, аз қамтылған отбасыларына 18 жасқа
дейінгі балаларына айсайынғы жәрдемақылар төленіп жатыр,4 және одан
көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы
аналарға,Алтын алқа,Күміс алқа немесе 1- ші және 2- ші дәрежелі Ана
даңқы белгілерімен марапатталған аналарға мемлекеттік жәрдемақылардың
мөлшері көбейтілді. Нәрестенің тууына байланысты жәрдемақылар төленуде
және ол 2008 жылы екі есеге ұлғаймақ.Оларға қосымша 2006 жылдың 1
шілдесінен бастап, 1 жасқа дейінгі сәбиді күту жөніндегі мемлекеттік
жәрдемақылар енгізілді.
Халықты әлеуметтік жағынан қорғау және оларды әлеуметтік
көмектермен қамтамасыз ету мәселесіне қазіргі кезде ерекше басымдық
беріліп отыр.Мемлекет бұл мәселелерді шешу үшін қаражат аямайтын болады
деп атап көрсетуі еліміздегі экономикалық және әлеуметтік процесстердің
тығыз өзара байланысын айғақтайды. Елбасы әлеуметтік қызмет көрсету
жүйесінде, соның ішінде білім беру мен жаңа мамандықты игеру ісінде
бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін күшейтуде жеке сектроды бұл іске
қатыстыратын мезгіл жеткенін айтты.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі турал соңғы уақытта көп
айтылған, бірақ ол туралы көзқарастар әртүрлі және бірыңғай түсінік
беру қиын. Осы тақырып бойынша Ресей Ғылыми Академиясының Әлемдік
экономика және халықаралық қатынастар институтында өткен ғылыми кеңесте
т.ғ.д. С.Перегудов корпоративті әлеуметтік жауапкершілікке мынадай
анықтама береді.
Корпоративті әлеуметтік жауапкершілік – бұл компаниялардың,
кәсіпорындардың, бизнес топтардың қоғамдық маңызды мәселелерді бизнес
құрлымының шеңберінде ғана емес, оның сыртында да, яғни жергілікті,
аймақтық, ұлттық деңгейде шешу үшін алған міндеттемелері. Сонымен
қатар ол әлеуметтік жауапкершіліктің негізгі принциптерін көрсетіп
берді, оған жататындар:
Кәсіпорындардың заңды жауапкершілігінен (салықтарды төлеу, еңбек
қатынастарын реттейтін заңнамалар және т.б.) бөлек, әлеуметтік
жауапкершіліктерді қабылдау мен жүзеге асырудағы абсолютті еркіндігі;
Компаниялар мен қоғамнң әлеуметтік жауапкершілік әрекетінен алынатын
екі жақты пайдалылығы;
Жеке компаниялардың, сонымен қатар қандайда бір елдің және аймақтың
бизнесққұрылымдарының пайдаланатын әлеуметтік жауапкершілік
принциптерін жүзеге асырудың әдістері мен бағыттарының әртүрлілігі.
Әлеуметтік жауапкершіліктің кеңінен қолданудың ең басты кедергісі –
сонымен байланысты шығындардың өсуі, оның ішінде әлеуметтік
инвестицияларға шғындардың көп болуы. Бұл өз кезегінде компаниялар
мен корпорациялардың бәсекеге қабылеттілігін төмендетеді және
акционерлердің негативті реакциясын туғызады. М.Фридманның пікірінше:
Бизнестің ең басты мақсаты – ол пайданы барынша максимизциялау және
де әлеуметтік жауапкершілік – ол тек зиян әкеледі, - деген. Бірақ
оған қарсы пікір де бар, басқа атақты американдық классик П.Дракер
бизнестің әлеуметтік функциясын ең маңызды деп санайды және
корпорацияны тек экономикалық қана емес сонымен қатар әлеуметтік
институт деп қарайды.Осындай қарама –қайшы екі пікір Қазақстанда да
айқын білінеді.Әдетте, ұлттық, аймақтық және жергілікті билік
органдары корпорациялардың әлеуметтік жауапкершілігін қолдауға
бағытталған әртүрлі қадамдар мен шараларды қолданады. Атап айтсақ, ол
– салық жеңілдіктері , осы бағыттағы ұйымдастырушылық, пропагандалық
және басқа да қызметтерді жүргізуге бағытталған арнайы бөлімшелерді
құру және т.б. Кәсіпорындардың өзінің әлеуметтік сферасын құруына
басты негізі оның экономикалық және қаржылық жағдайы. Бизнестегі
кәсіпорындардың әлеуметтік жауапкершілігін айқындау үшін ең алдымен
олардың көрсететін әлеуметтік функцияларын анықтап алуымыз тиіс. Оған
кәсіпорындардың өз жұмысшыларына білім мен кәсіби деңгейін
көтеруі, оларға әлеуметтік қызмет көрсетуі, мұқтаж адамдарға немесе
топтарға қайырымдылық шараларын жүргізу,кәсіпорыннан тыс орналасқан
білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет мекемелеріне материалдық көмек
көрсету және т.с.с. жатқызуға болады. Әрине мұндай мүмкіндіктерге тек
ірі кәсіпорындар мен корпорациялар ғана ие. Бизнес енді өзінің ғана
қамын ойламай білім, денсаулық, спорт, мәдениет, қайырылымдылық
шараларына әлеуметтік қолдауға қаржы бөлуі тиіс. Жолдаудың экономика
саласындағы жаңалығының бірі - әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациялар
(ӘКК) құру туралы идея. ӘКК – бұл өз қызметін өндірістен және
тауарлар мен қызмет сатудан пайда табу мақсатында ұйымдастыратын
тұрлаулы бизнес құрылымдар.Елімізде 7 ӘКК құру жөнінде шешім
қабылданған және оларды қаржыландыруға 14 млрд.теңге қарастырылды.ӘКК –
нің коммерциялық корпорациялардан айырмашылығы,олар алынған пайданы
өздері мүддесін көздеп құрылған сол өңірдегі халықтың әлеуметтік,
экономикалық немесе мәдени мақсаттары үшін қайтадан жұмсайды. Сөйтіп
ӘКК ірі жұмыс берушілерге әрі ел дамуының жолбасшысына айналады, бұл
ретте ол мемлекеттік қызметшілер санын өсіріп,мемлекетке салмақ
салмайтын болады.

Әлеуметтік саясат мұраты - әлеуметтік
әділдікте.
Жалпы әлеуметтік саясат мемлекеттік қызметтің ауқымды, әрі
жеткілікті түрде толық айқындала қоймаған саласы болып табылады.
Халқыңыз молшылықта болса – сіз неден таршылық көресіз? деп
Қытайдың ұлы ойшылы Конфуций айтқандай, неғұрлым кең мағынасында
алғанда, үкіметтің кез келген әрекетінің әлеуметтік, яғни қоғамдық
маңызы бар екендігінде.
Оның үстіне әлеуметтік сала қоғамның саяси жүйесінде, тарихи
қалыптасқан институттар мен мекемелерді – білім беру, денсаулық сақтау,
мәдениет, әлеуметтік қорғау жүйелерін құрайды. Демек, осы салалардың
қызметін реттеп, қаржыландырып отыру мемлекеттің әлеуметтік саясатының
негізгі міндеті болып табылады.
Қазақстандағы әлеуметтік саланы реформалау процестері
обьективті түрде әлеуметтік саясаттың консервативтік бағытына қарай
жақындасты.
Мемлекет белгілі бір дәрежеде тұрғындар алдындағы жауапкершіліктен
бойын аулақ салып, бұл міндетті азаматтардың өз мүмкіндіктері мен
ынта – ықыласына аударды. Бұл әлеуметтік саясаттың өзін - өзі
ақтамаған социалистік жүйесінің нәтижесі және қоғам өмірінің басқа
да салаларын терең реформалаудың салдары болып табылады. Жекеменшік
институтуын енгізу, азаматтардың материалдық тәуелсіздігінің маңызды
кепілдіктерінің бірі болды. Ал мемлекет тұрғындардың неғұрлым аз
қамтылған топтарына ғана әлеуметтік қорғау кепілдігін бере алады да,
оны адресті түрде жүзеге асырады.
Мемлекеттің әлеуметтік кепілдігі төмендеп отырған қазіргі
жағдайда Қазақстанның әлеуметтік саласының өзі либералдық дәстүрлер
рухына елеулі реформаларға ілікті. Мәселен, мектепке дейінгі білім
беру мекемелері заңды кәсіпкерлер мәртебесіне ие бола отырып, өз
бетінше қаржы қызметін жүргізуге көшті, сөйтіп қосымша пайда табу
мүмкіндігіне ие болды. Барлық жоғарғы оқу орындарында ақылы оқыту
енгізілді, тұрғындарға медициналық қызмет көрсету саласында ақылы
қызмет түрлерінің үлесі артты.ҚР – ның Ата Заңында, біздің ел
әлеуметтік мемлекет құруды басты мақсат етіп таңдап алған жөнінде
айтылады. Бірақ сөйте тұра қазірігі даму бағытымызға көз салсақ, біз
әлеуметтік мемлекеттен гөрі либералдық бағытқа бет алғандғымызды
байқаймыз.
АҚШ осы либералдық жолды таңдады. Ондай мемлекеттер азаматтардың
экономикалық өміріне қол сұқпауды басты міндеті деп санайды. Яғни
кез келген тұрғынның табысты қандай жолмен табатындығы және оның
қанша көлемде болатындығына мемлекет көз алартпайды. Ондай либералды
мемлекеттерде тұрғындар шаруашылық саласында мемлекеттен тәуелсіз
өмір сүреді. Ал мемлекет тұрғындарға қандай да бір көмек көрсетуге
міндетті емес. Әлеуметтік мемлекеттерде керісінше, әрбір тұрғын
мемлекеттің назарында, оның қолдауы мен
көмегіне иек артуға құқылы. Бұған айырбас ретінде, ол белгілі бір
экономикалық еркіндіктерден бас тартуы керек.Яғни прогрессивті
салық төлеуге, бәсекелестік күресті шектеуге, нарықтық стихияда табысты
қысқартуға дайын болуы қажет. Бұндай жағдайда, мемлекет адамдардың
шаруашылығна араласып, материалдық байлықты теңдей бөлуге мүмкіндік
алады. Сондай кезде, аса байлардың қаржысын кедейлерге бөліп беруге
құқлы. Демек, бұл мемлекеттерде аса байлар мен аса кедейлер болмауы
тиіс.Оны мемлекет байларға салық салу арқылы реттеп отырады
Әлеуметтік елдердегі алпауыттар мен кедейлердің табысының
арасындағы алшақтық 3 – 4 пайыздан аспауы керек екен.
Жыл сайынғы бюджетті жоспарлағанда әлеуметтік мәселелерге
көбірек мән беруге тырысып бағуда. Елбасының дәстүрлі Жолдауы да
әлеуметтік төлемақыларды көбейтуден басталады. Бірақ бұның барлғын
тасада тұрып атып шығатын инфляция жеп қояды. Жолдауда айтылған
қосымша төлемдердің барлығы 2008 жылда жүзеге асуы жоспарланған.
Дегенмен 2006 жылғы көтерілген баға, әлеуметтік төлемдер мен бюджеттік
қызметкерлердің жалақысы көбейеді деген сөз ауыздан шығысымен
басталған болатын. Соның салдарынан алыпсатарлар тауарларын 30
пайызға қымбаттатып қоя берді. Ал қосылған мерзімде заттың бағасы
тағы да 30 – 40 пайызға өсті. Осылайша 30 пайызға өсірген жалақыға 60
– 70 пайызға қымбаттаған тұтыну тауарлары кеңінен тарады.
Әлеуметтік мемлекетте өмір сүретіндердің жалақысы баспана
тұрғызып алуға, жер сатып алуға немесе ипотекамен пәтер алуға
жететін деңгейде болуы керек. Қазір біздегі жалақымен тұрғын үйлі
болу тек қиялға айналды. Сарапшылардың сөзіне сүйенсек, елдегі тұрғын
үйдің бағасы ең қымбат деп саналатын Еуропа елдеріндегі жалақы –
сол тұрғын үйге қол жеткізуіне мүмкіндік берсе, біздегі жалақы
Еуропа елдерімен салыстыруғада келмейді. Ондағы ЖІӨ біздегімен
салыстырғанда жүздеген есе артық. Мәселен, Алматыдағы тұрғын үйдің
бір шаршы метрі – 3 мың долларға жетті. Ал Алматылықтардың орташа
жалақысы 60 мың теңгеге жуықтаған. Бұл өте жоғарғы жалақылы банк
қызметкерлерімен ұлттық компания басшыларының жалақысының есебінен
осылай болып отыр. Шын мәнісінде күні бүгінге дейін 20 – 30 мың
теңгені қанағат тұтынып жүргендердің үлес салмағы 60 мың теңге
жалақы алатындардан анағұрлым көп. Баспана сатып алу ниетінде бір
шаршы жер сатып алу үшін 5 мың АҚШ долларын төлеу қажет. Демек,
20 – 30 мың теңгелік жалақысы барды былай қоя тұрып, 60 мың теңге
алатындардың өзі Алматыдан пәтер мен жер сатып алу мүмкіндігіне ие
емес.
Жалпы Біріккен Ұлттар Ұйымының келтірген деректерінде,
Қазақстан халқының 40 пайызға жуығы кедейшілік шегінде өмір сүреді.
Оның ішінде, ауыл халқының 70 – 80 пайызы кедей. Ал әлеуметтік
мемлекеттер үшін кедейлердің үлес салмағы 12 – 15 пайыздан аспауы
керек.
Сонымен біздің елдің әлеуметтік құру жолында ма, жоқ па деген
сауалдардың жауаптарын табу оңай шаруа емес. Дегенмен мемлекет жыл
сайын әлеуметтік төлемақыларды көбейту арқылы осы бағытқа жол
тартқандығын көрсеткісі келеді. Бірақ кейбір көрсеткіштер бойынша
либерализімнің көрсеткіштері басым болуы заңды құбылыс екенін жоққа
шығармау керек. Жалпы әлеуметтік саланы түбегейлі реформалауды
жүзеге асыру бірқатар кемшіліктерге ұрындырады. Олардың белгісі
халықтың негізгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидалары
ҚҰҚЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТҮСІНІГІ
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері, атқаратын қызметтері
Құқық қызметінің принциптері
Құқық функциялары
Қазақстан Республикасының экологиялық құқығының дәрістері
Кәсіпорынның архитектурасы
Мамандықтың пәндер каталогы
Мемлекет функцияларының түрлері
Қазақстандағы құқық функцияларының жүйесі
Пәндер