Арақ ішетін адам



Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Мас деп аталған жағдай қалай туылады?
1.1.
Құрамында алкоголь бар ішімдіктерді ішкендер, өзін белгілі дәрежеде тежей алама?
1.2 Арақты ұзақ уақыт ішкенде адам денесінде қандай зардаптар туғызады?

2 Арақ ішкен адамның балаларына да зияны тие ме?
2.1 Құрамында алкоголь бар ішімдіктердің жасалуы
2.2 Алкоголь ем ретінде қолданыла ма?

3 Арақ ішкендерде қорғасынмен улану кезіге ме?
3.1 Құрамында алкоголь болған арақ азықтық па?
3.2 Алкоголь құрамды арақтың азы пайдалы ма?

Қорытынды

Қолданылған әдебиет
Алкоголь атауы арабша термин болып, кірпіктерді бояуда қолданылатын ұпа бейнесіндегі ұнтақ мағынасына келетін "Ел-Күұл" термині, барлық батыс тілдеріне өтіп, бізге де батыс негізді тілдерден, түрікше оқылу формасымен алкоголь болып кірген.
Құрамында алкоголь бар ішімдіктерде химиялық жақтан бірнеше түрлі алкоголь болғанымен, ең бастысы этил (еthуlе) алкоголь, бұл зат химиялық жақтан этанол, жалпылық ретінде де, дақыл спирті (grain alcohol) деп аталады.
Арақта болатын басқаша алкоголь түрі де метил алкоголь, немесе метанол. Бұл алкоголь халық арасында көбінесе этил спирті ретінде білінеді. Метил (Methyle) алкоголь антифриздерде (қатырмайтын зат) және жанарзаттарда болғанындай, кейбір өндіріс орындарында сауда мақсатында да қолданылады. Метил спирті өлтіруші бір у. Өте аз мөлшерінің өзі соқырлыққа және өлімге жол ашады. Жасырын өндірілген арақтарда кейде метил спирті қолданылып, көптөген өлімге себеп болған.
Тағы бір алкоголь түрі изопропил алкоголі, арақтың бұл түрі де улы. Алайда алкоголь (арақ) дегенде көбінесе этил спирті меңзеледі.
Құрамында алкоголь бар ішімдіктер дақылдар мен жемістердің шырынынан жасалады. Бұл ішімдіктердегі адамды мас қылатын, яғни, нақтылы залал келтіретін зат көбінесе этил спирті деп аталған химиялық зат. Әр түрлі арақта ұқсамаған мөлшерде этил болады. " Сыра арақтың бір түрі, тек оның спирт дәрежесі біраз төмен болады.
Арақ, адам денесінде бауырда буға (окситке) айналады, яғни, жанады. Осында су және көмір қышқыл газына дейін бөлінеді. Аз бір бөлімі бүйрек жолдарынан және тыныс арқылы ауыздан шығады. Сондықтан арақ ішкен адамның демі алкоголь сасиды.
1. проф.др. Алпарслан Өзязыжы. «Арақ темекі және басқа зиянды заттар» Анкара – 1998.
2. Ж.Ж.Жатқанбаев.Валеология. Алматы-2004.
3. Егемен Қазақстан. «Анық азап ... арақтан!» /Оңғар Өмірбек-8 тамыз 1998 жыл.
4. Қазақ әдебиеті. «Арақ- айдаһардың аузында» /Құралай Қуатова-8 шілде 1999жыл.

Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Мас деп аталған жағдай қалай туылады?
1.1. Құрамында алкоголь бар ішімдіктерді ішкендер, өзін
белгілі дәрежеде тежей алама?
1.2 Арақты ұзақ уақыт ішкенде адам денесінде қандай
зардаптар туғызады?
2 Арақ ішкен адамның балаларына да зияны тие ме?
2.1 Құрамында алкоголь бар ішімдіктердің жасалуы
2.2 Алкоголь ем ретінде қолданыла ма?
3 Арақ ішкендерде қорғасынмен улану кезіге ме?
3.1 Құрамында алкоголь болған арақ азықтық па?
3.2 Алкоголь құрамды арақтың азы пайдалы ма?
Қорытынды

Қолданылған әдебиет
КІРІСПЕ

Алкоголь атауы арабша термин болып, кірпіктерді бояуда қолданылатын ұпа
бейнесіндегі ұнтақ мағынасына келетін "Ел-Күұл" термині, барлық батыс
тілдеріне өтіп, бізге де батыс негізді тілдерден, түрікше оқылу формасымен
алкоголь болып кірген.
Құрамында алкоголь бар ішімдіктерде химиялық жақтан бірнеше түрлі
алкоголь болғанымен, ең бастысы этил (еthуlе) алкоголь, бұл зат химиялық
жақтан этанол, жалпылық ретінде де, дақыл спирті (grain alcohol) деп
аталады.
Арақта болатын басқаша алкоголь түрі де метил алкоголь, немесе метанол.
Бұл алкоголь халық арасында көбінесе этил спирті ретінде білінеді. Метил
(Methyle) алкоголь антифриздерде (қатырмайтын зат) және жанарзаттарда
болғанындай, кейбір өндіріс орындарында сауда мақсатында да қолданылады.
Метил спирті өлтіруші бір у. Өте аз мөлшерінің өзі соқырлыққа және өлімге
жол ашады. Жасырын өндірілген арақтарда кейде метил спирті қолданылып,
көптөген өлімге себеп болған.
Тағы бір алкоголь түрі изопропил алкоголі, арақтың бұл түрі де улы.
Алайда алкоголь (арақ) дегенде көбінесе этил спирті меңзеледі.
Құрамында алкоголь бар ішімдіктер дақылдар мен жемістердің шырынынан
жасалады. Бұл ішімдіктердегі адамды мас қылатын, яғни, нақтылы залал
келтіретін зат көбінесе этил спирті деп аталған химиялық зат. Әр түрлі
арақта ұқсамаған мөлшерде этил болады. " Сыра арақтың бір түрі, тек оның
спирт дәрежесі біраз төмен болады.
Арақ, адам денесінде бауырда буға (окситке) айналады, яғни, жанады.
Осында су және көмір қышқыл газына дейін бөлінеді. Аз бір бөлімі бүйрек
жолдарынан және тыныс арқылы ауыздан шығады. Сондықтан арақ ішкен адамның
демі алкоголь сасиды.
1. Мас деп аталған жағдай қалай туылады?

Алкоголь бір түрлі анестетик, яғни, жансыздандырушы зат. Ол қан
арқылы миға жетеді. Миды дененің басшылық орталығы деп түсініңіз, арақ миға
келген соң, мидың әрекетіне зиян жеткізеді. Алдымен шешім жасау немесе
тергеу қуатын бұзады. Мас адам қате қарарлар береді және есептерін қате
есептейді. Одан кейін, адамдардың басты ерекшелігі болған ұялу сезімін
өлтіреді. Мас адам, сау кезінде қолы бармайтын ұятты қимылдар көрсеткенін
аңғармайды. Арақ осыдан кейін, көруге және сөйлеуге кедергі болады. Мас
адам, жалпы алғанда, дөрекі, тәртіпсіз болады, қажетсіз әрі айғайлап көп
сөйлейді. Әсіресе арақ, есту қуатына, мишыққа әсер етіп бұлшық еттердің
тәртіпті қимылын бұзады. Сол себепті, мастар көрінгеніндей тәлтіректеп
жүреді, денесінің тепе-теңдігін сақтай алмайды.
Міне, осындай күйге түскен мас адам, ойламайтын, ақылдан адасқан,
сыртқы дүниемен қатысы азайған, адамға ең қажетті ұялу сезімі әлсіреген,
тек қана тыныс алған, айналым, сіңіру жүйелері автоматты ғана әрекеттенген
бір жаратылысқа айналады, бүдан да ілгерлеп ішілген арақ, жоғардағы
қимылдарды да тоқтатады. Жүрегі тоқтап, тынысы тарылады да ажалға
жетелейді. Асырып ішкен арақтан дастарқан басында тұра алмай өлгендер аз
емес.
Мінеки, маскүнемнің халі. Қоғамға рухани және заттық ауыртпалық,
қиындық туғызған масыл күйіне түседі. Арақ ішкендердің "Маскүнем боламыз"
деп араққа бастамайтыны шүбәсіз. Алайда, жүре келе маскүнемге айналып,
өмірінде, ақыретінде ілікке алғысыз етеді.

1.1. Құрамында алкоголь бар ішімдіктерді ішкендер, өзін белгілі дәрежеде
тежей алама?

Арақ тектес ішімдіктер, адамды әуестендіреді, басқаша айтқанда әдетке
(құмарға) айналады. Мысал арқылы түсіндірейік.
Алғашқы жолында бір тостаған араққа мас болған адам, екінші жолында мас
болуы үшін бірінші реттен көп ішуі қажет. Үшінші жолында алдыңғыдан да көп
ішуі керек. Бұл жағдай адамды біртіндеп нашар әдетке, яғни, құмарлыққа
апарады. Осылайша, алғашында отырыстарда іше бастаған мырза, артынан жиі
ішеді, бір мезгіл өткенде жасырып іше бастайды, мақсаты, төңірегіндегілерге
аз ішетін көрініс көрсетпек. Қара дақ аталған кезеңге жету ең қауіпті кезең
ретінде көрсетіледі. Бұл адамдар енді үздіксіз ішкісі келіп тұрады. Тіпті
азға қанағат етпейтін, азды арақ санамайтын болады. Көп мөлшерде, өте жиі
ішуге дағдыланады. Міне бұл адамдар маскүнем деп аталады.
Маскүнемдер төбелескіш және содыр келеді. Арақ адамды қылмысқа
итермелейді. Кейбір қылмыстардың, тіпті кісі өлтірудің мас кезде
істелінетінін ұмытпайық. Мас адам отбасында да берекесіз болады. Әйелін
және балаларын сабайды, соңында жанұядан бірлік береке кетіп, ажырасуға
дейін апарып соғады.
Мемлекетімізде әр жылы 27 мың 500 мөлшеріндегі отбасы ыдырайды. Ер-
әйелді есептегенде, жылында 55 мың кісі ажырасады дегендік, басқаша
айтқанда мемлекетімізде жылына бір аймақтың жансанындай адамдар ажырасады
деуге болады. Бұл ажырасулардың басым көп бөлімінің себептері шығыса
алмаушылық, ал, шығыспаудың ең маңызды себебі де арақтан туылатыны шүбәсіз.
Бұндай адамдар, жұмысқа кеш барып, ерте қайтатыны себепті, негізінен
жұмысынан да айрылады. Істері өнімді болмайды. Мекеме орнында
қызметтестерімен де жанжал шығарады. Ел алдында беті қалмаған араққұмар
адамдар, отырған жерінен не бір басқа ауданға немесе басқа қалаға көшеді.
Мақсаты, бұрынғы жақсы күндеріне қауышу және қайтадан тірлік құру. Алайда
бұл жерде де ісі сәтті бола алмайды. Өйткені бұл құмарпаз оразасында
арақпен аша бастайды. Осылайша ішеді, ішеді, соңы немен тынар дейсіз?
Маскүнемнің ақыры не аурухана, не түрме одан ары қабырмен тынады. Демек,
кейбіреулердің өмірінің соңы арақкештігінен өліммен аяқтайды.

1.2. Арақты ұзақ уақыт ішкенде адам денесінде қандай
зардаптар туғызады?

Нәзік бір машинаның тістері арасына шағыл тас немесе құм төккенде,
машинаға қандай зиян келтірсе, Алланың әр адамға аманатқа берген, сезгір
әрі қымбатты машина ролын атқаратын адам денесіне де спиртті арақтар, дәл
сондай зардап туғызады. Арақты ұзақ уақыт ішкенде, дене мүшелерімізді
біртіндеп ойрандай бастайды. Бұлардың бастыларына тоқталайық.
Алкогольды арақтар әуелі төте тиген жерлеріндегі органдарды зияндайды.
Мысалы, ауызда рак, өңеште қабыну, тіпті қылтамақ рагы, асқазанда
бастабында запыран, біртіндеп, асқазан жарасын майданға әкеледі. Тіпті
асқазан тесілуіне де жол ашады. Әрі, арақ ас сіңіру жүйесін бұзады. Ұйқы
безін қабындырады. Дененің "химия зертханасы" сияқты болған бауырға арақтың
тигізетін зияны ерекше. Бауырдың майлануына, ары қарай циррозға (бауырдың
қабынуы), тіпті бауыр рагына апарып соғады. Цирроз дегенде ойыңызға бірден
арақ келеді. Себебі цирроз ұзақ уақыт арақ ішкендерде жиі кездесетін, соңы
өліммен бітетін ауру.
Арақ жүйке жүйесі үшін, әсіресе миға төтенше ауыр зақым келтіреді.
Арақ ішкен адамның миындағы жүйке клеткалары ауруға ұшырайды, тіпті өледі.
Әрбір тостаған арақтың 1000-2000 мөлшеріндегі жүйке клеткасын өлтіретіндігі
анық есептеліп отыр. Қалыпты бір адамның миында миллиондаған жүйке клеткасы
болады. Дегенмен, жүйке клеткалары әр жолы мыңнан, екі мыңнан өле берсе,
уақыт өте келе, миллондаған клетканың өлуі ғажап емес. Соңында, орны толмас
клетка қайыбына апарып соғады. Бхл нәтиже жас көзінде арақ іше бастаған
адамдарда орта жастарға барғанда өзін көрсетуде. Тіпті жындыханаға кіріп
жатқандары да аз емес.
Сонымен бірге, спиртті ішімдіктер, жүйкелердің қабынуына және бұзылуына
жол ашады. Жүректе жүрек бұлшық етінің әрекетін бұзады. Қан азаяды. Араққа
тәуелді қантты шыжың ауруына душар қылады.
Бұдан тыс, ұзақ уақыт арақ ішкендерде, біртіндеп рухани бұзықтық
туылады. Мінездерінде өзгеріс пайда болады. Арақ таба алмаған кездерінде
жаны қиналып, үрейлі қиял көре бастайды.

2. Арақ ішкен адамның балаларына да зияны тие ме?

Арақ, тек қана ішкен адамды зияндап қалмастан, оның ұрпақтарына да
кесірін тигізеді. Мысалы, маскүнем әкеден туған балалар арасында зейінсіз
және есалаңдардың мөлшері өте көп.
Мәселені шеше жағынан ойластырар болсақ жағдай тіпті нашар. Егер шеше
болатын адам екіқабат кезінде арақ ішкен болса, алкоголъ сәбидің денесіне
өтіп оған ауыр залал келтіреді. Ержеткен адамның өзіне көптеген зиян
жеткізген арақтың, органдары енді-енді жетіліп келе жатқан, нәзік сәбиге
қаншалықты зиян беретіні айтпасақта түсінікті. Арақ ішкен аналардың тапқан
баласы зейінсіз болып дүниеге келуі мүмкін. Екіқабат мезгілінде үзбей арақ
тектес ішімдік қолданған аналардан туған сәбилер, дүниеге көзін маскүнем
болып ашады, араққа тәуелді адам бейнесіне кіреді, емдетуді қажет етеді.
Бұндай жағдайдың сәбиге қаншалықты ауыр зардап туғызары өте айқын.

2.1 Құрамында алкоголь бар ішімдіктердің жасалуы

Этил спирті өнеркәсіпте түрліше жолдармен жасалады. Мысалы: Ацетилен
газынан (С2Н2) этил спирті жасалады. Спирт, өнеркәсіпте химиялық заттарды
өндіру үшін қолданылады.
Бояу, ресиналар үшін тамаша бір ерітуші. Этил спиртінің 85%-тік сумен
сұйытылғаны иіссу (Солоніа Ит.) (әтірге жақын) делінеді. Спирт этил
спиртінің 65%-70%-тік сулы шықтығына бояу араластырған түрі. Алайда, біздің
сөз ететініміз және арақ деп аталатын қолданған адамға зиян келтіретін
құрамында алкоголь бар арақтың жасалуы.
Мас қылатын зат болған этил спирті қайсы арақ түрінде болса болсын,
шекердің фермантасионы немесе ашытылуы арқылы жасалынады. Мысалы, Сыра,
өнген, бүршіктенген арпаның ашытылуы (фермантациясы) арқылы жасалады.
Шарап жүзім шырынының ашытылған (ферменте) түрі. Күшті арақтар, жеңіл
немесе спирт мөлшері төмен арақтарды көбейту арқылы, яғни, тарату
жолымен жасалады. Көбейтудегі негіз, спирт дәрежесі төмен арақтарды
қайнатудан шыққан буды қайта суытып, сұйықтыққа айналдыру. Осылайша қолға
келген сұйықтықта этил спирті аталған у мөлшері тіпті жоғары болады.
Кәдімгі спиртте осы жолмен дайындалғаннан кейін, ішіне бояу қосылып,
қолданылады.

2.2 Алкоголь ем ретінде қолданыла ма?
Әсіресе жүрек ауруына пайдалы жағы бар ма?

Алкоголъді (спиртті) дәрі орнында қолдану ойы мүлде қабыл етілмейді.
Бұған мысал ретінде Америка Медицина Одағының (America Medical Association)
осы жөніндегі айқын түсініктерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қан айналу жүйесіне ішімдіктің әсері
Ішімдік ішу және денсаулық
Сыра
Ішімдіктің ұрпаққа әсері
Ішімдіктің организмге әсері
Тұрмыс қалпы мен денсаулық: маскүнемдік (алкоголизм) сипаттама
Алкогольдің адам ағзасына асері
Ішімдік
Асханалық ыдыс – аяқтар мен құрал – аспаптар
Ішімдіктің денсаулыққа залалы
Пәндер