Абайтану ғылымы туралы
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
І тарау
Абайтану ғылымындағы алғашқы ізденістер ... ... ... ... ... ...10
ІІ тарау
М.Әуезов . Абайтанушы ғалым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...37
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .62
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 63

Тақырыптың өзектілігі: Бүгінде шын мәніндегі профессионалды әдебиетке айналып, дүние жүзілік көлемде танылып отырған қазақ әдебиетінің даму тарихына көз жіберсек, өсу, өркендеу жолы қызу түрдегі пікір таласының үстінде қалыптасып келе жатқанын көреміз. Қазақ әдебиет тарихы ғылымының іргелі саласының бірі – абайтанудың қалыптасу процесі мен зерттелу тарихының жайы да осы жолға қарайлас құбылыс. Бұл саланың негізгі зерттелу нысанасы болып отырған Абай мұрасын тану, бағалау жайы революцияға дейін-ақ басталып, бүгінге дейін үздіксіз зерттелу үстінде.
Абай мұрасының зерттелу процесі ертеректен басталғанымен, ол негізінен екі түрлі жолмен жүргізіліп келеді:
1. Абай шығармаларын әр түрлі көлемде топтастырып жариялау, оларды бірте-бірте толықтыру жолымен бұл мұраның тұрақтана бастаған түпнұсқасын туған халқына, дүние жүзі тілдеріне аудару арқылы тану:
2. Бүкіл әлемге танылып отырған абай шығармаларын арнайы зерттеу нысанасына алып, түрлі ғылым саласында да зерттеу жұмыстарын қатар жүргізумен бірге ол мұра жөніндегі әрқилы деректер көзін де жинастырып, молықтыра беру.
Ұзақ жылдар бойы толассыз әрекет етудің нәтижесінде ақын мұрасы жайлы жазылған, жарияланған, зерттеу жүргізілген әр түрлі сипаттағы деректер көзі қазірдің өзінде төрт мыңға таяп қалды. Абай мұрасы туралы осындай орасан көлемдегі деректер сан жағынан ғана емес, сапа жағынан да ғылыми-зерттеу дәрежесі артып отырған қазіргі кезде абайтанудың зерттелу тарихы мен қалыптасу жолы қандай болды екен деген заңды сұрақ та туары хақ.
Абай шығармалары мен ол мұра жайлы зерттеулік пікірлер 1889 жылдан бастап ресми баспасөздерде жариялану, танылу тарихын ғылыми тұрғыдан біртіндеп аша түсу әрекеті біздің әдебиетімізде елуінші жылдардан сөз етіле бастады. Яғни Абай мұрасын тану немесе абайтану тарихының зерттелуі жөніндегі ой-пікірлер Абай мұрасының бір саласын арнайы зерттеуге орай қарастырылса, екіншілері оған айрықша көңіл бөлді, үшіншілері абайтану саласының жалпы қалыптасу жолын шолумен шектеледі, төртіншілері болса, Абай шығармаларының басылуы мен жариялану тарихына тоқталуды мақсат етті. Бұл іспеттес ізденістер Абай мұрасының жалпы зерттелу тарихы жөніндегі күрделі тақырыпты арнайы түрде зерттеу қажеттілігін күн тәртібіне қоя білді. Бірақ бұл мәселе жайлы әуледе жанама түрде, соңыра тікелей пікір қозғаған ойлар төркіні алғашқы ізденістің бастамасы ғана болды да, Абайдың әдеби мұрасының зерттелу тарихының жайы туралы арнайы түрдегі зертте жұмысы нақтылы қолға алынбай келді. Мұндай жағдай тек қазақ әдебиетінде ғана орын алып отырған құбылыс емес, ұлттар әдебиетінің тарихындағы отрақ кемшілік.

1. Мырзахметов М. Абайтану тарихы.- Алматы: Ана тілі, 1994.-191 б.
2. Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы.1- том.-Алматы: Алаш, 2003.-294 б.
3. Дулатов М. Оян қазақ. Алматы: Жазушы, 1991.-287 б.
4. Аймауытов Ж. Әуезов М. Абайдың өнері һәм қызметі. // Абай. 1918ж.
5. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы: Оқу құралы.-Алматы: Қазақ университеті, 2002.-455 б.
6. Қирабаев С. Көп томдық шығармалар жинағы. т.5. Алматы: Қазығұрт, 2007.-464 б.
7. Қалижанұлы У. Қазақ әдебиетіндегі діни ағартушы ағым.-Алматы: Білім, 1998.-256 б.
8. Қирабаев С. Көп томдық шығармалар жинағы. т.3. Алматы: Қазығұрт, 2007.-475 б.
9. Мағауин М. Ғасырлар бедері.-Алматы: Жазушы, 1991.-432 б.
10. Қабдолов З. Арна.-Алматы: Жазушы, 1988.-256 б.
11. Сыздықова Р. Абайдың сөз өнері.-Алматы: Санат, 1995.-225 б.
12. Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы әдебиет.-Алматы: Білім, 1993.-248 б.
13. Әуезов М. 20 томдық шығармалар жинағы. 20-том.-Алматы: Жазушы, 1975.-240 б.
14. Кәкішев Т. Оңаша отау.-Алматы: Жазушы, 1987.-260 б.
15. Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі.-Алматы. ҚазМемБас, 1960.-407 б.
16. Тілепов Ж. Тарих және әдебиет.-Алматы: Мектеп, 1997.-430 б.
17. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тархы.-Алматы: Санат, 1997.-928 б.
18. Абай (Ибраһим) Құнанбаев. Қуаты оттай бұрқырап // Шығармаларының екі томдық толық жинағы.-Алматы: Ғылым, 1977.-1 т.-454 б.
19. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш.- Алматы: Жазушы, 1989.-320 б.
20. Әуезов М. Әдебиет тарихы.-Алматы: Ана тілі, 1991.-240 б.
21. Кәкішев Т. Кер заманның керағар ойлары.-Алматы: Атамұра, 1995.-168 б.
22. Әуезов М. Уақыт және әдебиет.- Алматы: КөрӘдеБас, 1959.-244 б.
23. Мұқанов С. Халық мұрасы.-Алматы: Қазақстан, 1974.-236 б.
24. Ысмайылов Е. Ақындар.-Алматы: Ғылым, 1966.-217 б.
25. Негимов С. Ақын-жыраулар поэзиясының бейнелілігі.-Алматы: Ғылым, 1991.-200 б.
26. Дүйсенбаев Т. Мұхтар Әуезов.-Алматы: Ғылым, 1974.-220 б.
27. Әуезов М. Әр жылдар ойлары.-Алматы: ҚазМемКөрӘдеБас, 1959.-235 б.
28. Әуезов М. Абай Құнанбаев.-Алматы: Ғылым, 1967.-305 б.
29. Әбдіғазиев Б. Асыл арна.-Алматы: Білім, 1992.-142 б.
30. Нұрғали Р. Қазақ әдебиетінің алтн ғасыры.-Астана: Күлтегін, 2002.-528 б.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ...6
І тарау
Абайтану ғылымындағы алғашқы ізденістер ... ... ... ... ... ...10
ІІ тарау
М.Әуезов – Абайтанушы
ғалым ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .37
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ...62
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...63
Тақырыптың өзектілігі: Бүгінде шын мәніндегі профессионалды
әдебиетке айналып, дүние жүзілік көлемде танылып отырған қазақ
әдебиетінің даму тарихына көз жіберсек, өсу, өркендеу
жолы қызу түрдегі пікір таласының үстінде қалыптасып
келе жатқанын көреміз. Қазақ әдебиет тарихы ғылымының іргелі
саласының бірі – абайтанудың қалыптасу процесі мен зерттелу тарихының
жайы да осы жолға қарайлас құбылыс. Бұл саланың негізгі зерттелу
нысанасы болып отырған Абай мұрасын тану, бағалау жайы революцияға
дейін-ақ басталып, бүгінге дейін үздіксіз зерттелу үстінде.
Абай мұрасының зерттелу процесі ертеректен басталғанымен, ол
негізінен екі түрлі жолмен жүргізіліп келеді:
1. Абай шығармаларын әр түрлі көлемде топтастырып жариялау,
оларды бірте-бірте толықтыру жолымен бұл мұраның тұрақтана бастаған
түпнұсқасын туған халқына, дүние жүзі тілдеріне аудару арқылы тану:
2. Бүкіл әлемге танылып отырған абай шығармаларын арнайы
зерттеу нысанасына алып, түрлі ғылым саласында да зерттеу жұмыстарын
қатар жүргізумен бірге ол мұра жөніндегі әрқилы деректер көзін де
жинастырып, молықтыра беру.
Ұзақ жылдар бойы толассыз әрекет етудің нәтижесінде ақын мұрасы
жайлы жазылған, жарияланған, зерттеу жүргізілген әр түрлі сипаттағы
деректер көзі қазірдің өзінде төрт мыңға таяп қалды. Абай мұрасы
туралы осындай орасан көлемдегі деректер сан жағынан ғана емес, сапа
жағынан да ғылыми-зерттеу дәрежесі артып отырған қазіргі кезде
абайтанудың зерттелу тарихы мен қалыптасу жолы қандай болды екен
деген заңды сұрақ та туары хақ.
Абай шығармалары мен ол мұра жайлы зерттеулік пікірлер 1889
жылдан бастап ресми баспасөздерде жариялану, танылу тарихын ғылыми
тұрғыдан біртіндеп аша түсу әрекеті біздің әдебиетімізде елуінші
жылдардан сөз етіле бастады. Яғни Абай мұрасын тану немесе абайтану
тарихының зерттелуі жөніндегі ой-пікірлер Абай мұрасының бір саласын
арнайы зерттеуге орай қарастырылса, екіншілері оған айрықша көңіл
бөлді, үшіншілері абайтану саласының жалпы қалыптасу жолын шолумен
шектеледі, төртіншілері болса, Абай шығармаларының басылуы мен
жариялану тарихына тоқталуды мақсат етті. Бұл іспеттес ізденістер
Абай мұрасының жалпы зерттелу тарихы жөніндегі күрделі тақырыпты
арнайы түрде зерттеу қажеттілігін күн тәртібіне қоя білді. Бірақ бұл
мәселе жайлы әуледе жанама түрде, соңыра тікелей пікір қозғаған
ойлар төркіні алғашқы ізденістің бастамасы ғана болды да, Абайдың
әдеби мұрасының зерттелу тарихының жайы туралы арнайы түрдегі зертте
жұмысы нақтылы қолға алынбай келді. Мұндай жағдай тек қазақ
әдебиетінде ғана орын алып отырған құбылыс емес, ұлттар әдебиетінің
тарихындағы отрақ кемшілік.
Қазақ әдебиеті тарихында алғашқылардың бірі болып Абайды тануға,
шығармашылығын талдап, өмірі мен еңбегін зерттеуге ат салысқан ерекшеп
еңбек сіңіргендер қатарынан орын алатын көрнекті тұлғаның бірі академик
М.Әуезов болып табылады. Алғаш рет жас семинарист М.Әуезов белгілі
публицист Ж.Аймауытовпен бірігіп Абайдың өнері һәм қызметі деген мақала
жариялады. Тап осы кезеңнен бастап М.Әуезовтің ғалымдық, шығармашылық жолы
ұлы Абайды танып білуге бағытталды десек артық айтқандық емес. М.Әуезов
өзінің творчестволық жолдағы саналы өмірінің ұзына бойында қазақ
халқының асқан ойшыл ақыны ұлы Абайдың әдеби мұрасын зерттеуге 30
жылдан астам уақытын жұмсады. Өмірінің соңғы күніне дейін ұлы ақын
мұрасынан қол үзбей, үнемі іздену жолындағы осы процеске 1940 жылдар
ортасында Абай романын алып келді.
М.Әуезовтің Абай мұрасын зерттеп, танудағы ұзақ жылдарға
созылған ізденістері әлем әдебиеті тарихында аса сирек ұшырасатын
құбылыс, әрі мейлінше өзіндік ерекшелігі бар ғылымдық , творчестволық
зерттеу әрекетіндегі бірлікке, үйлесімге негізделген жұмыстың қатырына
жатады.
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы деген М.Әуезовтің монографиялық
зерттеуінде баса назар аударарлық ерекшелік - Абайдың әдеби мұрасының
тұтас қамтылып, ақындық мәдениеті мен көркемдік шеберлігінің даму
жолдары, дүниетанымы мен рухани өсуінің эволюциясын хронологиялық
желіге сүйене отырып әрі ақын творчествосындағы өзгерістер мен бет-
бұрыстардың себебін сол дәуірдің тарихи шындығымен сабақтастыра қарап,
сырын ашып саралауда жатыр. Аталған мәселелерді қазіргі тәуелсіз таным
тұрғысынан қарап, автордың ұлы Абай шығармашылығын зерттеудегі
еңбегінің жетістіктерін тереңнен танып білу қазақ әдебиетінде қашанда
маңызын жоймайтын өзекті мәселе болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Ал, қазақ әдебиеті жағдайында бұл
тақырып алғаш рет Абайды тану тарихынан деген атпен, жалпы ақын
мұрасының зерттелу тарихынан қысқаша шағын шолу пікірлер М.Әуезов,
С.Мұқанов, Е.Исмайылов, М.С.Сильченко, Ә.Жиреншиндер тарапынан
көтерілді. Ақыры келіп Қ.Жұмалиевтің Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және
Абай поэзиясының тілі (1948), Ә.Жиреншиннің Абай Құнанбаев (1950),
М.Әуезовтің Абай Құнанбаев (1967) деген зерттеу еңбектері мен
монографиялары жарыққа шықты. Жалпы қазақ әдебиетінде Абай Құанабаев
шығармашылығ мен еңбегін тану ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында
ерекше қолға алынып, аталған еңбектерден басқа да көптеген ғылыми құнды,
тарихи деректі, сын зерттеулер жарыққа шықты. Бұлардың қай-қайсысының
болмасын ұлы Абайдың ақындық болмысы мен азаматтық келбетін танытуда
ерекше орны бар.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті: Зерттеу жұмысының басты
мақсаты – М.Әуезовтың Абайтану ғылымына қосқан үлесін кеңінен танып,
бүгінгі уақыт тұрғсынан бағасын беріп, әдебиетіміздің тарихында алар
орнын бағамдау. Ұлы жазушы, көрнекті ғалым, қоғам қайраткері М.Әуезовтың
Абай Құнанбаев шығармашылығын зерттеп бағамдаудағы принциптерін және осы
жолдағы шығармашылық еңбегінің қиында күрделі тұстарын барынша
айқынырақ танып және Абайтану мәселесінің ХІХ – ХХ ғасырлардағы
көтерілген сұрақтарымен қатар ала отырып қарастыруда диплом
жұмысымыздың негізгі мақсаттарының бірі болып табылады. Осы мақсатқа орай
алдымызға төмендегідей міндеттер қойылды:
- М.Әуезовке дейінгі Абайтануға қатысты мәселелерді толығымен
қарастыру;
- М.Әуезовтың Абайтану ғылымына келудегі шығармашылық жолын
қарасытыру;
- М.Әуезовтың Абай мұрасын танып білу жолындағы ғылыми- зерттеу
жұмыстарының ауқымын бағамдау;
- М.Әуезовтың Абайдың эстетикалық танымы мен ақындық шеберлігіне
жасаған талдау, ғылыми пікірлерін өзгеде Абайтанушылар
еңбектерімен қатар алып талдау;
- М.Әуезовтың Абайтану саласындағы еңбектерін бүгінгі уақыт талабы
тұрғысынан пайымдау және осы ғылымның алдағы уақытта атқарар
міндеттерінің мазмұнына зер салу;
Зерттеу нысаны: Тақырыптың мәнін ашу үшін М.Әуезовтың Абай
(Ибраһим) Құнанбайұлы еңбегі мен Абай жолы романы және бірнеше
мақалалары негізгі зерттеу нысанасына айналды.
Зерттеу әдістері: Бұл дипломдық жұмыс жинақтау, сараптау, бақылау,
қорыту әдістерінің негізінде жазылды.
Диплом жұмыстың құрылымы: Диплом жұмысы кіріспе, негізгі бөлім мен
қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Негізгі бөлімде :
Абайтану ғылымындағы алғашқы ізденістер, М.Әуезов – Абайтанушы ғалым
деп аталатын екі тарауда қарастырылады және қорытындыдан тұрады. Сонымен
қатар, сілтеме жасалған және пайдаланылған әдебиеттердің тізімі еңбектің
соңында орын алады.
І тарау. Абайтану ғылымындағы алғашқы ізденістер.
Абайтану — қазақ әдебиеттану ғылымының ең көп зерттеген өнімді
саласының бірі. Ақын шығармаларының алғаш баспасөз бетінде жарық көріп,
оқырман жүрегіне жол табуынан бастасақ, оның бүгін жүз жылдан астам тарихы
бар. Абай өмірі мен шығармашылығы туралы ғылыми мәні бар алғашқы ой-
пікірлердің жарық көруі де осы ғасырдың бас кезінен басталады. Бірақ
Абайдың алғашқы зерттеушілерінің аты-жөні мен еңбектері соңғы кезге дейін
жабық саналып, Абайтанудың алғашқы кезеңі ақтаңдақ күйінде қалып келді. Тек
еліміздің тәуелсіздік алуы жағдайында ғана бұл мәселені ашық әңгімелеуге
мүмкіндік туды.
Абайдың екі өлеңі Жаз (Семей уезі Шыңғыс елінің қазағы Ибраһим
Құнанбайұлы ауылының Бақанас өзенінің бойындағы Көпбейіт деген жерге қонып
жатқандағы түрі), Болыс болдым мінеки (1888 жылғы май айында Ақшатау-
деген жерде Семей облысы мен Жетісу облысының чрезвычайный съезі болғанда
бір уездің ел билеушілерінің түрі) деген аттармен 1889 жылы Дала уалаяты
газетінің № 7, 12 сандарында басылыпты. Одан кейін 1897 жылы Қазанда
Бектұрған Сиқымбайұлы бастырып, Жанұзақ ақын құрастырған Князь бен Зағифа
атты қиссада Абайдың, Сынағандағы аттың сыны (Шоқпардай кекілі бар,
қамыс құлақ), Бүркітші (Қан сонарда бүркітші шығады аңға) атты
өлендері жарық керген. Алдыңғы екі өлең Көкбай ақын атынан жарияланып,
соңғы екі өлеңді кітапты құрастырушы авторын айтпай, айтыс мәтініне
кіргізіп пайдаланған. Оларда осы күнгі белгілі нұсқалардан ауытқу да
байқалады.
Ал, Абайдың өмірі мен ақындық өнері жөнінде бірінші ғылыми ой айтқан
адам — Әлихан Бөкейханов. 1903 жылы Киргизский край атты кітапқа кірген
қазақтың тарихы мен рухани өмірі жайлы зерттеуінде ол Қырғыз (Қазақ)
поэзиясындағы жаңа бағыттың өкілі есебінде Құнанбаевты (Кітапта Кномбия
болып қате басылған) (Семей) атауға болады, ол поэтикалық түрі мен мазмұны
жағынан көптеген әсем өлеңдердің авторы (әсіресе, табиғатты суреттеуі).
Евгений Онегин мен Лермонтовтың көп өлеңдерінің жақсы аудармаларын
жасаған да сол (олар қырғыздарға (қазақтарға) тым түсінікті түрде
аударылған), - деп жазған. Ол кейін Тұрағұл мен Кәкітайға Абай өлеңдерін
жинап бастыру жөнінде хат жазып, солар арқылы ұлы ақынның шығармаларымен
толық танысқан. Соның нәтижесінде 1905 жылы Абай (Ибрагам) Құнанбаев атты
азанама — мақала жазған. Мақалада автор Абайдың шыққан тегі, өмірі,
шығармашылық жолы жайлы тұңғыш мәліметтер береді. Ақынның шығармашылық
ізденісінің негізгі бағыттарына, көркемдік табыстарына тоқталады. Сөйтіп
ол: өлеңдерінен көрініп тұрғандай, Абай аса талантты поэтикалық қуаттың
иесі, қазақ халқының мақтанышы бола білді. Халықтың рухани шығармашылық
қасиетін осынша биікке көтерген Абай сияқты қырғыз (қазақ) ақыны осы кезге
шейін болған емес. Жылдың төрт мезгіліне арнаған (көктем, жаз, күз және
қыс) тамаша жырлары оны Еуропаның атақты ақындарының қатарына қояды [1-
20], — деген қорытынды жасайды.
Осы бір шағын пікірлердің өзінен Абайдың ұлылығын, қазақтың жаңа
дәуірдегі әдебиетінде алатын орнын, ақынның дүние-жүзілік поэзияның биік
деңгейіндегі шығармашылық қызметін дұрыс танығанын көруге болады. Бұл
пікірлер Абай туралы соңғы айтылар ойларға мұрындық болды. Оның үстіне,
жоғарыдағы мақалаға қарағанда, Әлихан Абай шығармаларын жинатып, өзі
басқаруымен Семейде (орыс географиялық қоғамының Семей бөлімшесі арқылы)
бастырмақ болған сияқты. 1906 жылы Павлодарда ұсталған Әлиханның
портфелінің ішінде Абайдың қолжазбасы болғаны да мұны растай түседі. Алайда
сол кездегі саяси жағдайдың ауырлығынан ол бұл ойын іске асыра алмаған.
Әлиханның үздіксіз қуғындалуынан қауіп қылған Кәкітайдың Семей, Омбы
жағынан ештеме тындыра алмай, Петербургке кетуі де осымен байланысты болса
керек.
Абайдың тұңғыш шыққан өлеңдер жинағы (Петербург, 1909) Абайтануда,
ақын атын туған халқына кең жаюда ерекше мақызды қызмет атқарған
ұлы оқиғалардың қатарына жатады. Оны бастырушылар — ақынның ұлы
Тұрағұл мен інісі Ысқақтын баласы Кәкітай. Абай тәрбиесінде болып, қасында
көп жүрген Кәкітай –оның мұрасының да жарық көруіне көп күш салған. Ол
жинаққа Абай (Ибрагим) Құнанбай ұлының, өмірі атты мақала жазған. Абай
кітабының тұңғыш басылымының тарихи маңызына қоса, ақын өмірі мен
шығармашылығы жайында оқырмандарға тың мәліметтер ұсынған Кәкітай мақаласы
да Абайтану тарихында көрнекті орын алады. Онда Кәкітай Абай өлеңдерінің
тууына себеп болған тарихи шындық пен ақын бастан кешкен қайғының түп-
төркінін жақсы ашып көрсетеді. Оның ақындық ізденістерінің шеңберін
айқындайды. Абайдың ақындық биікке көтерілуінің, негізгі себептерін орыс
және дүниежүзілік әдебиет пен ғылым деңгейінен іздеу Кәкітай мақаласының
өміршең, кейінгі зерттеушілерге ой салған ерекше маңызды тезисі болды.
Орыс ғылымын кітапта оқығандық Абайдың көңіліндегі ақындығын қозғағанын
ол орынды айтты. М.Әуезов кезінде бұл мақаланы жоғары бағалап, ақынның
өмірбаянын жазуға көмектескенін мойындаған.
Абай жинағы шығып, халық арасына тараған кезде оның, ақындық
өнерін айрықша сөз етіп, ұлылығын мойындап, алғашқы пікір айтқан адам —
Ахмет Байтұрсынов еді. Ол Қазақтың бас ақыны атты мақаласында: Қазақтың
бас ақыны — Абай (шын аты Ибрагим) Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы-
соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ[2-58]:, -
деп түйіп айтты. Әуелі (1903) Абай өлеңдерімен қолжазба дәптер күйінде та-
нысып, кейінгі (1909) ақын кітабын оқығаннан кейінгі әсерін айта келіп,
Ахмет Абайдың Сөзі аз, мағынасы көп, терең жырларының шығуы жағдайларына,
әлеуметтік сырына, көркемдігіне үңіледі. Жеңіл ойлап, ашық айта салатын
жадағай халық жырларына Абай сөзін қарсы қоя отырып, ол сөздің ішкі
мағынасын түсіне, терең оқудың қиыншылығы Абайдан басталатынын атап
көрсетеді. Абай сөзінің жалпы жұрттың ұғымына ауырлығын айта отырып, Ол
ауырлық Абайдың айта алмағанынан болған кемшілік емес, оқушылардың
түсінерлік дәрежеге жете алмағанынан болатын кемшілік... Не нәрсе жайынан
жазса да, Абай түбірін, тамырын, ішкі сырын, қасиетін қармай жазады[2-61],
- дейді.
Қазақ әдебиетінде Абайдың өзі тұңғыш көтерген айтушы мен тыңдаушының
проблемасын Ахмет осылай ақын өлеңін оқу, түсіну тұрғысынан талдайды. Оның
нәрсенің сырын, қасиетін біліп жазған соң, сөзінің бәрі де халыққа
тіреліп, оқушылардың біліміне сын болып, емтихан болып табылады. Оқушы
сөзді сынаса, сөз оқушыларын да сынайды деуі де осыдан. Ахмет Абайды
халыққа танытуды міндет етіп қояды.
Абайдың ақындық жолына, шеберлігі мектебіне арнайы тоқтаған Ахмет
ондағы орыс, Еуропа әдебиеттерінің рөліне ерекше мән береді. Орыс
ақындарымен танысып, өлең орны қайда екенің білгеннен кейін Абай өлеңге
басқа көзбен қарап, басқа құрмет ықыласпен күтіп алып, төр түгіл тақтан
орын берген. ...Басқа сөзден өлеңнің таққа мінгендей артықшылығы қандай,
оны да көрсетіп айтып қойған[2-70], — дейді.
Тағы да Ахмет: Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы боларға керек.
Сөздің шырайлы, ажарлы болуына ойдың шеберлігі керек. Мағыналы, маңызды
болуына білім керек. Абайда осы үшеуі да болған[2-72], — деп жазады.
Абайдың әр нәрсенің, асылын тануы, бар қалыбын сол қалпынша дұрыс
айтуы деген сөздердің негізінде де Ахметтің Абай реализмінің тереңдігі
жайлы ойлары жатқаны даусыз.
Сөйтіп, газеттің екі санында ғана басылған қысқа мақаланың өзінде
Ахметтің Абайдың ақындық өнері жайлы терең, бағалы ой айтқандығын көреміз.
Оның тезистік пікірлері кейін Абайды зерттеушілер тарапынан қолдау тапты,
көп еңбектерге негіз болды, ой салды. Ахмет мақаласының Абайтану
тарихындағы бағалы орны да осымен байланысты.
Ахметтен кейінгі Абайтану саласында бағалы ой айтқан адам — Міржақып
Дулатов. Оның Абай атты мақаласы ақынның қайтыс болуының он жылдығына
арналып жазылған. Ол да Абайдың жаңа мазмұнды ұлттық әдебиет жасаудағы
орнын айрықша атайды. Әдебиетіміздің негізіне қаланған бірінші кірпіш —
Абай сөзі, Абай аты боларға керек. Абайға шейін қазақта қолға алып оқырлық,
шын мағынасында қазақ әдебиеті дерлік бір нәрсе болған жоқ еді. Абайдың
бізге қымбаттығы да сол[3-105], — дейді.
Бұл, әрине, Абайға дейінгі ұлттық әдебиетті жоққа шығару емес, ақынның
дүниежүзілік биік үлгіге сүйенген жаңа әдебиет жасаудағы еңбегін бағалау.
Оның жырларының халықтың жүрегіне сәуле беріп, алғашқы атқан жарық
жұлдыздай еткен әсерін Міржақып айрықша атайды.
Сонымен қатар мақалада Абай өлеңдерінің қолжазба күйінде тарауы
тарихынан мәлімет беріледі. 1904 жылы мұндай жинақты Ахмет Байтұрсыновтың
қолынан көріп, оқығанын, Ә.Бөкейхановтың оны бастыру жөніндегі талабын,
Петербург басылымының жайын әңгімелейді.
1918 жылы М.Әуезов пен Ж.Аймауытовтың (Екеу деп қол койған)
Абайдың өнері һәм қызметі деген мақаласы (Абай журналы, № 2) жарық
көрді. Бұл — жоғарыдағы мақалалармен үндес жазылған, Абайдың қазақ
әдебиетіндегі орнын, қызметін бағалауда сол дәстүрлі сөзді жалғастырған
еңбек болды. Абайдың ақындығын өзінен бұрынғы әдебиет үлгілерімен
салыстыра қарап, оның заманының сырымен астарластығын тани келіп, Мұхтар
мен Жүсіпбек Абайдың, өзіндік ерекшеліктерін тауып айтуға тырысады.
Абайдың ең бір артық өзгешелігі, — деп жазады олар, заманының ыңғайына
жүрмей, өзінің өзіндік бетін мықты ұстап, ақылға, ақтыққа, кепілдік
шабытына билетіп, көз тұндырарлық кемшілік, міннің ортасында туып,
ортасында жүріп, үлгілі жерден өрнек алып келген кісідей ашық көзбен
қарап, барлық міне мүлтіксіз суреттеуі, шарықтап жүріп қылт еткенді көретін
қырағы қырандай сыншылдығы... Абайдың қиялы шалымды, ойы терең, ақыл,
білімнің әр тарауынан көкірегінде асыл қазына көп. Сол қазынаны барлық
ырғағы, нәзік сыпатымен, қазақтың тұстармаған, ысылмаған жуан тілімен
биязы қып шығаруы, әрі ақындығы, қызыл тілді шешендігі[4].
Абайдың ақындығын әр саладан, әр қырынан талдауға ұмтылған
авторлар шығармаларды мынандай жанрлық жобамен жіктейді: Мінез
түзететіндік (ахлақи), тереңнен толғайтындық (фәлсафа), сыншылдық
(критика), суретшілдік (художественность), жүректің мұң-зарын, сырын
тапқыштық (лирика), ащы тілділік, ызамен күлетіндік (сатира) һәм
переводчиктік. Әрине, ақын туындыларын бұлай бөлу, көп жағынан, шартты.
Соған қарамастан бұл ойлар мақала авторларының өз байқауларын ғылыми
тұжырымға айналдырудағы алғашқы талап есебінде бағалы.
Бұдан біз Абай шығармашылығына арналған алғашқы мақалалардьң
тарихи маңызын ғана емес, ғылымдық ой-пікір айтуы жағынан да елеулі
табыстары болғанын көреміз. Олар кейінгі зерттеулерге негіз қалады, ой
салды. Ақын шығармаларының халықтық маңызы, шеберлігі, оның қазақ әдебиеті
тарихындағы орны жайлы ойлар соңғы зерттеушілер тарапынан қолдау тапты,
жаңа деректермен толықтырылды, дәлелденді. Сондықтан олар Абайдың
халықтығын әділ, ғылыми бағалаудың басы болды.
Абайтанудың жаңа кезеңі 20-жылдардан басталады. 1922 жылы
Абай өлеңдерінің екі жинағы (Кдзанда және Ташкентге) жарық көрді. Олар,
негізінен, 1909 жылғы жинақты қайталады. Ақын шығармаларының жаңа кітабын
бастыру ниетін ұстанғанмен, оларды шығарушылар қолдарында жаңа материалы
болмай, алғашқы жинақты қайталаумен шектелді. Бұл — Қазан баспасына Сөз
басы жазған Бернияз Күлеевтін де, Қазақ — Қырғыз білім комиссиясы атынан
Ташкент баспасына берілген Оқырманға ескертуден де көрінеді. Сөйте тұра
екі жинақ та алғашкы басылымда кеткен қателерді түзетуге тырысқан. Баспаға
бұл салада А.Байтұрсынов пен М.Әуезов (Қазан), Х.Досмұхаметов пен У.Омаров
(Ташкент) көмектескен.
Бұл жинақтар Абай шығармаларының халық арасына кең таралуына,
сөзсіз, едәуір мүмкіндік туғызды. Кітаптарға рецензия күйінде, ақын
еңбектерін насихаттауға, талдауға, жұртқа танытуға арналған мақалалар туа
бастады. Сол тұста қазақ жерінде көптеп шыға бастаған газет-журналдар Абай
туралы еңбектерге мол орын берді. Осындай еңбектердің ең елеулілері
қатарында І.Жансүгіровтің Абай кітабы (Тілші. 1923. 8-мамыр), Ғ.Сағ-
дидің Абай (Ақ жол. 1923, № 355, 356, 359, 363, 372 сандары),
Б.Кенжебаевтың Абай (Еңбекші қазак, 1925. 28 — 29-тамыз) атты
мақалаларын атауға болады. Бұлар мазмұны, түрі жағынан әр түрлі үлгіде
жазылған. І.Жансүгіров Ташкент баспасына рецензия түрінде жазып, онда
басылымда кеткен қателерді көрсетуге тырысса, Ғ.Сағди мақаласында ақын
шығармашылығын ғылыми сараптауға ұмтылыс басым. Ал, Б.Кенжебаев газеттік
мақала көлеміңде Абай өлендерінің мазмұынын талдап, оны халық ақыны ретінде
бағалайды.
Абай ақындығының халықтығын осындай дұрыс бағалаумен қатар 20-жылдар
ішінде оны басқаша түсінуге тырысушылық та бой көрсетпей қалған жоқ. Алаш
қозғалысын қазақ халқына қарсы қою саясаты кезінде Абайды ұлтшылдардың
қатарына қосу сияқты қателіктер де орын алды. Ал, мәдени мұраны таптық
социологиялық тұрғыда сынға алған тұста ол байшыл, феодал ақыны ретінде
аталынды. Алғашқы көзқарас С.Мұқановтың Қара тақтаға жазылып қалмаңдар,
шешендер! (Еңбекші қазақ. 1923. 1-наурыз) атты мақаласында көрінсе,
кейін қазақ жерінде таптық тартыстың ұлғаюы, партиялық, пролетарлық әдебиет
жасау саясатын ұстануы бұл жіктеушілікті тіпті ұлғайтып жіберді.
Мұның бәрі, белгілі дәрежеде, орталықтан шықкан, коммунистік
партияның пролетарлық емес мұраға шабуыл бастаған саясатының салқыны
болатын. Пушкин, Лермонтов, Толстойлар дворян ақын -жазушылары болып
есептелді. Әрбір қоғамдық формацияда өмір сүрген адамдар сол дәуірдің
идеологтары (феодалдык дәуір ақыны, буржуазия ақыны, пролетариат ақыны
деген сияқты) саналды. Қазақ қоғамының даму ерекшеліктері ескерілмей, оған
қатысты кұбылыстарға орталықтағы бағалар көшіріліп жапсырылды. 20-жылдардың
екінші жартысында өткен Абай мұрасы жөніндегі айтыстардың мазмұны негізінен
осыған саяды. С.Мұқановтың, І.Қабыловтың осы айтыс кезіндегі мақалалары
мен сәл кейінірек жазылған Ғ.Тоғжановтың (Абай. 1935) еңбектерінде Абай,
негізінен, осы тұрғыда баға алды. Абайдың ақындық ұлылығын, жаңашылдығын
мойындай отырып, С.Мұқанов оны қазақ даласына кіре бастаған капитализмнің,
Жаңашыл байшылдықтың ақыны, өнерге ұмтылған қазақтың ақсүйектіктен
жаңалыққа ұмтылған жақашыл байының тілегінен туған ақын, — деп санады. Осы
айтысқа төрелік айтуды мақсат еткен философ І.Қабылов Философия казахского
поэта Абая и ее критика (Советская степь. 1928. 2 августа) деген мақала-
сында Абайды идеализациялауды үлкен қателік санап, Абай өз дәуірінің,
өзі шыққан коғамдық ортаның, жемісі дей отырып, оны патриархалдық-рушылдық
қоғам мен жаңа кіре бастаған капиталистік қоғамдық формацияға қарады. Абай
өмір сүрген кезеңді, оның ақындығын осындай екі дәуірге бөлген ол Абай
алғашқы кезде қазақтың рушылдық ортасына кірген жана-шылықты сынаса, соңғы
дәуірінде жаңа туа бастаған жас қазақ буржуазиясының идеологы болды деп
есептеді. Абайдың ойшылдығын талдаған боп келіл, оның дүниетануы біздікі
емес, метафизикалық идеализм әдісі деп көрсетті. Мақаланың қорытындысы
Абайдың философиясы әдеттегі буржуазиялық идеалистік философияның түрлі
көріністерінің жиынтығы дегенге тіреледі. Сондықтан ол Абайдың ілімі
зиянды, онымен күреске Қазақстанның партия-совет қызметкерлері барлық күшті
жұмылдыру керек деп түйеді. Сол тұста өжелік партия Комитетінің
басшылығында болған Қабылов өз мақаласын нұсқаудай керіп бірнеше жерге
бастырды, Қазақ педагогикалық институтында баяндама жасады.
Абайды қорғаушылар да қарап қалған жоқ. Осы тұста Абайды қорғауға
айрықша күш көрсетіп, оның ақындығын танытуға үшін еңбек сіңірген адам
ретінде Ы.Мұстанбаевтың есімін атау орынды. Оның Абай өмірі мен
творчествосы (Жаңа әдебиет, 1928. № 7, 8) атты көлемді мақаласы Абай
мұрасы манында айтыс туа бастаған шақта жазылған еді. Одан кейін Ыдырыс
Біздің таластарымыз (Қызыл Қазақстан. 1928. № 5) атты мақала жазды.
Бұларда Мұстанбаев мәдени мұраға ұқыптылықпен қараудың қажетгігін, Абай
мұрасының әдеби-тарихи маңызын атап көрсетті. Оны өзі тұстас орыс
классиктерімен салыстыра отырып, қазақ әдебиетіндегі оның орнын анықтауға
тырысты. Ақын шығармаларына, жаңашылдығына талдау берді. Ал, І.Қабылов
мақаласы басылғаннан кейін Ы.Мұстанбаев оған Поэт Абай и его философия
(Советская степь. 1928.2 августа), Ақын Абай және пәлсапашыл ілияс
туралы (Еңбекшіқазақ. 1929.10-қыр-күйек) деген мақалаларымен жауап
берді. Мұнда ол философ Абайды ақын, суреткер Абайдан бөліп қараудың
қателігін, оны патриархалдырушылдық қоғам мен капитализмге телудің ақын
шығармаларын зерттеуден тумаған, қолдан жасалған схематизм екендігін
сынады. Абай нағыз халық ақыны болды деген қорытынды жасады.
Мұндай талас-тартыс Абайды ұқыпты зерттеушілердің еңбегін
тоқтата алған жоқ. Олар өз позициясын қорғай жүріп, ақын шығармаларын
жинау, толықтыру, табылғанын біртіндеп жариялау жұмыстарымен шұғылданды.
1933 жылы басылған толық жинақ осылай туды. Жинақты дайындаған М.Әуезов
еді. Ол жинаққа Абайдың туысы мен өмірі атты ақын өмірбаянына арналған
тұңғыш еңбегін қосты. Мұнда ол Абайдың шыкқан ортасы, тегі, айналасы, өз
өміріне қатысты көптеген деректердің бетін ашты. Әсіресе, ақынның әкесі
Құнанбай туралы мәліметтер қызығарлық. Өз елінің қадірлі азаматы болған
Абайдың әкесінің халықтық қасиеттерін, ел басшысы ретінде шешен, тапқыр,
алғыр, көрегендігін, жігіт есебінде батыр, ержүректігін, қайырымдылығын
Мұхтар көптеген фактілер арқылы керсетті. Құнанбай мен Абай өмір сүрген
ортаның қайшылықты сырын да нанымды ашады.
Жинақтың алғы сөзіне І.Жансүгіровтің Абайдың өмірі мен
шығармашылығы туралы мақаласы кірген.
Жинаққа Абайдың бұрынғы басылымдарға кірмей қалған бір топ
өлеңдері мен қарасөзі берілді және оған М.Әуезов жазып алған Көкбай мен
Тұрағұлдың естеліктері қосылды.
Абай шығармаларының толық жинағының шығуы ақын шы-
ғармашылығымен қазақ халқының кеңірек танысуына, ол жөніндегі қайшылықты
пікірлерді дұрыс пайымауға жол ашты. 1934 жылы ақынның қайтыс болуының 30
жылдығы атап етілді. Осы тұста Абай мұрасына қатысты бірқатар мақалалар
жарияланып, оның шығармаларының халықтық сипаты дәлелдене түсті. Солардың
ішінен Құдайберген Жұбановтың Абай — қазақ әдебиетінің классигі атты
еңбегін бөліп атауға болады. Бұл мақала, белгілі дәрежеде, осы күнге
дейінгі Абай мұрасы жөніндегі талас пікірлерді қорытқан еңбек болды. Қазақ
әдебиетінің тарихындағы Абайдың ұстайтын орнын босағаға қарай ысырушылар,
оған да міне тұтпай, табалдырықтан шығарып тастаушылар, менің байқауымша,
даусыз бір моментті ескермей жүр. Ол — өз тұсында, жалғыз қазақ ғана емес,
басқа көршілес елдерден де Абайдың әдебиеттегі үздіктігі[5-9],—дейді де,
Қ.Жұбанов бүкіл кеңестік Шығыс, Орта Азия әдебиеттері ішінде Абайдың
тендессіз үздік орнын, өз дәрежесіндегі жалғыздығын дәлелдейді. Сонымен
бірге алды жоққа жуық ақынның соны жол салу даналығын биік бағалайды.
Абайдың шығыс әдебиетімен, ұлттық халық әдебиетінің үлгілерімен терең
байланысын нанымды талдайды. Абайдың ақындық ерекшеліктері жайлы түйіндер
жасайды.
Осы тұста жарық көрген басқа еңбектердің ішінен М.Әуезовтің Абай
ақындығының айналасы (Әдебиет майданы. № 11 — 12), Ш.Әлжановтың
Абайдың педагогикаға көзқарасы (Социалды Қазакстан. 1934, 30-желтоқсан),
Қ.Қуанышевтың Абайдың өмірі мен творчествосы туралы (Әдебиет майданы
1934. № 11 — 12), Ә.Пекеровтың Абай және оның дәуірі (Соң-да),
Ә.Мәметованың Абай — кезеңінің дана ақыны (Сонда) М.Сильченконың Абайдың
реализмі (Сонда), Е.Ысмайылов пен З.Шашкиннің Абайдың поэтикасы (Сонда)
атты мақалаларын еске алу орынды. Бұларда Абай шығармалары әр жағынан
қаралып, ғылымдық мәні бар ой-пікірлер қозғалды. Ақынның ұлшылығы,
жаңашылдығы, халықтығы әр тұрғыда қарастырылды.
Осы бір кезді Абай туралы үлкен сөз айтылу дәуірінің басы десе де
болады. Осыдан кейінгі жылдары Абай шығармашылығы әдеби зерттеулердің
объектісі есебінде үздіксіз күн тәртібінде тұрды. 1935 —1938 жылдар
аралығында Абайға арналған жаңа еңбектер жазылды. Олардың елеуілдері
атарында Б.Кенжебаевтың Абай туралы пікірлер (Әдебиет майданы. 1935. №
1 — 2), М.Әуезовтің Абайдың мәдени ізденулері (Әдебиет майданы. 1937. №
7), С.Мұқановтың Абай — халық ақыны (Әдебиет майданы. 1937. № 4) сияқты
мақалаларды еске алу артық емес. 1937 жылы аталған А.С.Пушкиннің қайтыс
болуының 100 жылдығы тұсында Абай аудармалары жайында І.Жансүгіровтің,
М.Әуезовтің, С.Мұқановтың, М.Қаратаевтың, Е.Ысмайыловтың мақалалары
басылды. Абай мұраларының қазақ мектептерінің оқу бағдарламаларына кіріп,
оқулықтардан тұрақты орын алуы да осы тұс.
1939 — 1940 жылдары Абай шығармаларының екі томдық жаңа басылымы
жарық көрді. Абайдың 95 жылдық мерейтойы аталып өтті. Семей облысының
Шыңғыстау ауданы Абай атымен аталды (1940). Ақын шығармалары тұңғыш рет
орыс тілінде басылып (Абай Құнанбаев. Лирика и поэмы. М., 1940) шықты.
М.Әуезовтің Абай атты трагедиясы Қазақтың Академиялық драма театрының
сахнасында қойылды. Мерзімді баспасөзде Абай жөнінде оны көрген адамдардың
естеліктері (Көкбай, Тұрағұл, Камалия, Телеу ақын) жариялана бастады.
Абайды зерттеу ісі ілгерілей түсті. С.Мұқановтың Абай - халық ақыны (Ақын
шығармаларының 1-томына алғы сөз, 1939), М.Әуезовтің Абайдың өмірбаяны
(2 том. 1940), Абайдың идеялық-мәдени ізденулері (Әдебиет және
искусство. 1939. № 7), Қ.Жұмалиевтің Абай поэмасының тілі(Әдебиет және
искусство. 1940. № 12), Абай-— ұлы реалист ақын (Әдебиет және
искусство. 1941. № 4), Е.Ысмайыловтың Кемеңгер Абай (Әдебиет және
искусство. 1940. № 9), Ә.Тоқмағанбетовтің Абайдың, ақындық мектебі
(Социалистік Қазақстан. 1940. 26-қыркүйек), М.Ақынжановтың Абай
шығармаларының, әлеуметтік мазмұны (Социалистік Қазақстан. 1940. 15-
қазан), М.Бөжеевтің Абайдың аударма еңбектері (Әдебиет және искусство.
1940. № 2), Қ.Бекхожиннің Қазақ халқының ұлы ақыны (Коммунист. 1940. №
9) т. б. зерттеулер — осы кездің жемістері. Абай мерейтойына байланысты
шаралар Абай есімінің халық арасына кең тарап, қалың оқырманның онымен
туыса түсуін қамтамасыз етті[6-32].
Көркем шығармашылық тарапынан бұл тақырыпты арнайы түрде зерттеу
қажеттілігі ұсынылды. Осы тұстан бастап бұл тақырып төңірегінде
көптеген мақала, зерттеулер шоғырлана түсті. Х.Сүйіншәлиев
университеттер мен педагогикалық институттарда оқытылып келе жатқан.
Абайтану тарихынан арнайы курс пен семинарға арнап бағдарлама
жасады. Ал Т. Кәкішев қазақ әдеби сын тарихы мен абайтану тарихын
жалғастыра баяндайтын Оңаша отау (1982ж) кітабында көптеген тың
пікірлер ортаға салды[7-7].
Жас талант М.Әуезовтың шығармашылыққа келу жолы міне
осылай (мақала) өзекті мәселелерді халыққа жеткізген мақала жазу
яки журналистикадан басталған еді.
Ең алғашқы мақалалары: Қазақтың өзгеше мінездері (Алаш газеті
№16 30 наурыз 1917 ж. Адамдық негізі – әйел, Сарыарқа газеті №12
2 қыркүйек 1917 ж., Оқудағы құрбыма, Сарыарқа газеті, №13, 4
қыркүйек 1917ж, Қайсысын қолданамыз, Сарыарқа газеті, №17, 19 қазан,
1917ж.
Жігерлі де жас талант М.Әуезовтың ойшыл-азаматтығы мен сыршыл
шығармашылығы, қайраткерлігі, санаткерлігі көсемсөзінен
(публицистикасынан) басталған. Сол жылдары дәлдеп айтар болсақ, 1917
жылы семинарист М.Әуезов мамыр айында елге демалысқа барады.
Сол жаз ералы жазығындағы Ойқұдық жайлауында Абайдың жары
Айгерімнің отауында Мұхтар Омарханұлы тұңғыш жазған пьесасы Еңлік-
Кебекті Тұрағұлқызы Ақиланың ұзатылу тойына тарту етеді. Еңлік-
Кебек трагедиясы автордың қоршадайынан құлдағына сіңген, өзі
жаттаған тамаша аңыз драмалдық шығармаға жақсы материал болды. Жас
Мұхтардың ең жақсы білетін өзі өскен ортаң төңкеріс алдындағы
қазақ ауылының жай-күйі, тұрмысы, тарихы, адамдар психологиясы
болса, оның сол туралы толғанбай тұруы мүмкін емес еді. Пьеса
алғаш рет жазылуына қарамастан екі жастың арасындағы аяулы
махаббаттың қатал үкімге ұшырауын барынша шыншыл, әсерлі етіп
беруімен, ерекшеленеді. Кейін келе классикалық Еңлік-Кебек
трагедиясына ойналды.
Көркем сөз өнерінде қаламын осылайша сынаған М.Әуезов қоғамдық-
әдеби журналын шығарып көптеген маңызды мақалалар жарияланды. М.
Әуезов мақалалары 1919-1922 жылдары аралығында баспасөздер
жарияланған.
Абай журналы, Қазақ тілі, Шолпан
Абай журналында: Ғылым, Мәдениетке қай кәсіп жуық, Қазақ
ішщіндегі партия неден, Философия жайынан, Япония, Абайдың
өнерә һәм қызметі, Абайдан соңғы ақындар, (Ж.Аймауытовпен бірге
Егеу деген бүркеніш атпен жазылған.
Қазақ тілі газетінде: Қазақ оқығандарына ашық хат,
Қазынадан азық-түлік алу тұрасында, Бүгінгі зор міндет, Сот,
Қазақ қызметкерлерінің міндеті, Егінге дайындалыңдар, Орынбордан
телеграмма, ашық хат, Мадиярға жауап
Шолпан журналы: Қазақ қалам қайраткерлеріне ашық хат,
Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі
Баспасөз ісі мен қоғамдық қызметті қатар алып жүрген М.Әуезов
бұл кезеңдерде бұдан ұлттық ортасынан шыққан оқыған азамат ретінде
көптеген жауап қызметтер атқарды. Семейде Кеңес өкіметі орнаған
кезде талаптар жас Мұхтар Әуезов Кеңес үкіметі саясатына өзгеде
бодан ұлттан шыққан қайраткерлердей адал сенді. Мешеу, экономикасы
әлсіз, мәдениеті кенже қалған елін өркендеу жолына салуда жаңа
қоғамнан үлкен үміт күтті. Сол себептіде 1919 жылы жас маман
ретінде большевиктер партиясының қатарына өтіп, губревкомның қазақ
бөлімінәің меңгерушісі, Қазақ тілі газетінің редакторы, халық
билер кеңесінің төрағасы, әділет бөлімінің меңгерушісі, РКП
губкомының үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі, Облыстық атқару
комитетінің төрағасы, КазЦИК-тің президум мүшесі, саяси хатшы, әрі
Еңбекші қазақ, газетінің бас редакторы болады.
Жас М.Әуезовтің қысқа мерзім ішінде осындай биік дәрежеге
көтерілуі-оның бойындағы кемел қабілет пен ерекше дарындылықты
танытса керек. Халқының баянды болашағы мен, ұлтының тәуелсіздігі
үшін күреске жас қайраткер жеке бастың мүдесін кейінге қалдырып
жоғарыда аталған лауазымды қызметтерді атаруға бел шеше кірісті.
Әйтсе де, М.Әуезов бірнеше қызметті қатарынан атқара жүріп,
кеңес үкіметінің, большевиктер партиясының саясатының теріс пиғылын
тез түсіне бастайды. Сондай-ақ жаңа қоғамның шавинист басшылары да
М.Әуезов көтерген терең мағыналы, талапшыл мақалалардың қазақ ұлты
мүддесін қорғап жазылатындығын айтпай түсініп, жас қайраткерлерді
өкімет қызметінен шеттетеді
1922 жылдың 17 қарашасы күні РКП(б) Қазақ обкомының хатшысы
М.Әуезовке мынадай мінездеме береді:
Бұл мінездеме М.Әуезовтың қызметіне отаршыл – коммунистік
партияның көзқарасы тұрғысынан берілген бағасы еді. М.Әуезов
атқарған қызмет пен баспасөзде жарияланған мақалаларынан әсіресе
саясатшыл партия өкілдері кінә іздеп, буржуазиялық ұлтшылдық деп
табады. Тікелей болмаса да жанама түрде М.Әуезовті саяси қызметтен
шеттете бастайды. Орынбордағы ҚазОрАт комитетіндегі қызметінен жас
Мұхтардың бас тартуына тура келеді. Жазушының өз қолымен жазған
Өмірбаянында колонизаторлық көзқарастан әлі де құтыла қоймаған
партия қызметкерлерінің ісі жас қайраткердің намысын қоздырғанын,
әрі қарай жұмыс істеу мүмкін емес екендігін, сондықтанда 1922
жылдан бастап білімін жетілдіріп, тек бір ыңғай шығармашылықпен
айналысуға бел буғанын мәлімдейді.
1922 жылдың күзіне Ташкент қаласына келіп Орта Азия
мемлекеттік университетіне еркін тыңдаушы болып оқуға орналасады.
Түр Компартиясы Орталық комитеттінің органы ретінде қазақ тілінде
шығып тұрған Шолпан журналының редакция алқасының мүшесі болады.
Шолпан журналында басылған қаламгердің саяси-әлеуметтік, тарихи-
қоғамдық маңызы зор. Қазақ қалам қайраткерлеріне ашық хат, Қазақ
әдебиетінің қазіргі дәуірі атты мақала жарияланды. Қазақ – қалам
қайраткерлеріне ашық хат мақаласы баспасөз ісін, жазушылық өнерді
жан-жақты талдап, жөнсіз тұстарына сын айтады. Елдің, ұлттың рухын
көтеретін маңызды көркем дүниелерді жазуға шақырады. Бұл
баспасөздің басылуы күшейген уақыт деуге болады. Бірақ қалың
қазақтың тілегіне келгенде бұл саны бар, сапасы жоқ сөздерге
ұқсайды. - деп көбейіп кеткен Кеңес өкіметі газеттерінің ұлт
мүддесіне сай шықпай отырғандығын сынға алады.
Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі атты тарихи - әдеби сын
мақаласында Біз ескі әдебиетімізді сүйеміз, Сүюіміз дәлелсіз емес.
Құрметтейміз, құрметіміз орынсыз емес. Себебі, әдебиетімзде өзге көп
жұрттың ауызша әдебиетінде жоқ нәрселер табылып отыр. деп
әдебиеттің өткен жолына үңіледі. Мәселен, Хан, қара, би, төре,
аламаншыл батыр, жетекші – дарашы – бәріде айыпрмасыз кестелі, сырлы
сөздің қадірін білімге ұстартып зейіні ашылған Европейцтен кем
білмеген деп деректер келтіреді. Мазмұны терең, мағынасы ұлттық
болымысы мен болашағын әйгіліден өткен дәуірдің шындығын, бірінші
күннің кемшілігін айнадай көрсеткен бұл мақалалар М.Омарханұлының
ұлтын адал сүйетіндігін, сол жолда күресетіндігін анық байқатты.
Қырағы көз, кінәшіл, шовенисстік саясаткерлер кейінгі жылдары
М.Әуезовтің осмы мақалаларын алға тартып, ұлтшыл, бойшым,
алашордашыл деген айыптаулар тағып қуғынға салды.
Өнер мен өмірдің арпалысты кезеңдерін бастан кешіре жүріп
Мұхтар Әуезов шығыс пен батыстың классикалық, көркем туындыларының
құдіретін терең түсінің ыждаһаттылықпен меңгереді. Әлемдік көркем
туындылардағы теңдесі жоқ гуманистік идеяларды ұлттық әдебиеттер
бейнелеуге бойындағы табиғи талантын арнайды. Құрғын мен
сүргіннің, саяси айыптау мен кемшіліктің қаншамасын көре жүріп жас
жазушы реалистік туындыларды өмірге алып келеді.
Қорғансыздың күні (1921ж), Оқыған азамат (1922ж), Қыр
суреттері мен Қыр суреттері (1922-1923ж), Үйлену (1923ж), Сөніп
жану (1923ж), Кім кінәлі (1923ж), Жетім (1925ж), Қаралы сұлу
(1925ж.) және 30 жуық публицистикалық мақалалар.
Алаш орда үкіметі қайраткерлері кеңес үкіметінің солақай
саясатымен келіспейтіндіктерін ашық матындады. 1921-1922 жылдары
қазақ халқы қолдан жасалған аштыққа ұшырады. Қазақ-қырғыз
қызметкерлерінің М.Әуезов төрағалық етуімен өткен мәжілісінде жас
қайраткер Қазақстандағы аштықтың кеңінен жойылуына себепші – кеңестік
жүйенің отарлау пиғылынан туған қара ниетті шовениттік саясат екенін
әшкерелейді. Көп ұзамай М.Әуезовте қызметтен шеттетеді, саяси сүргінге
ұшырайды. Бұдан кейін М.Әуезов партиялық білетін қайтарып береді де,
мемлекеттік қызметтен мүлде бас тартады. Кейін түрме тергеушілеріне:
Еңбек тәртібін бұзғаным үшін және мүшелік жарна төлемегенім үшін партиядан
шығарады деп түсінік береді. Әрине, бұл жәй ғана сылтау еді. Осыдан бастап
Мұхтар Омарханұлы саясаттан мүлдем қол үзіп, тікелей шығармашылық жұмысын,
оқытушылық қызметпен айналысады.
АУДАРМАСЫ
Эстетикалық көзқарас прозасы Абай, Әлемі әдеб
Білім мене біліктілікті шыңдау жолы
1923-1928 жылдары Ленинград Мемлекеттік университетінің студенті
1928 Орыс Азия мемлекеттік университетінің шығыс тілі факультетінің
аспиранты
1908 жылы Семей қаласындағы медреселарде оқыды.
1909-1914 жылдары Семейдегі бес кластың орыс училищесінде білім алады.
1915-1919 жылдары мұғалімдер даярлайтын семинарияда оқу
1922 жылы Орта Азия мемлекеттік университетінің студенті.
Қайраткер атқарған қызметтер.
1919-1920 Семей губерниялық атқару комитетінің төрағасының орынбасары
кейінен төрағасы.
1921 жылы Орынбордағы Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің аппаратында
қызмет атқару
1928-1930 жылдары қазақ халқы ағарту институты және Орман шаруашылығы
техникумында қазақ әдебиетінің оқытушысы
1932 жылдары Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтындағы
педагогы.
1932-1938 жылы Алматыдағы Қазақ академиялық драма театрының әдебиет
бөлімінің меңгерушісі
1934-1961 жылдары М.С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің
оқытушысы, профессоры қызметін атқарады.
1943 жылы КСРО ҚазФҒА тіл және әдебиет институтының аға ғылыми
қызметкері.
1946 жылы ҚазССР ҒА Тіл және әдебиет институтының қазақ әдебиетінің
тарихы секторының меңгерушісі.
1957-1961 жылдары ҚазССР ҒА тіл және әдебиет институтының халық
шығармашылығы бөлімінің меңгерушісі.
Тұңғыш аудармалары: Ю.Вагнер Жердің жаратылысы жайындағы әңгімелері,
Толстойдың Будда әңгімелерін аударды.
М.Әуезовтің көркем прозасы 1921 жылы жазылған Қорғансыздың күнінен
басталды, Серік Қирабаевтан алу
Көксерек Сауледен алау 14 бет
Талмай іздену мен ерен еңбектенудің нәтижесінде М.Әуезовтың қоғамдық –
эстетикалық көзқарасы осылайша қалыптасты. Отыз жастан жаңа асқан жазушының
осыншама шығармашылық жеміс беруі қазақ әдебиетінің болашағы алда екенін
айқандап беру.
Болашақ классик Мұхтар Әуезовтің өткен өмір жолының өзі де күрделі
еді. Ол өз замандастары сияқты, қоғамдық, талас-тартыстардың қиын жолын
бастап кетті. Қуғын да көрді, жазушылық ізденістері де сынға ұшырады.
1928 жылы М.Әуезов Ленинград Мемлекеттік университетінің филология
бөлімін тәмамдап Ташкентке келеді. Мұнда Орта Азия Мемлекеттік университеті
Шығыс факультеті жолындағы аспирантураға түседі.
1930 жылдың басынан бастап түрлі жала жыбылып, ақыры аспирант Әуезов
тұтқынға алынады. 1930 жылғы қазанның 1-ші жұлдызынан бастап 1932 жылдың 7
мамырына кейінгі өмірін Алматыдаағы абақтыда өткізеді. Өмірі үшін өнерін
құрбан еткен жазушы Қазақстан правдасы мен Социлистік Қазақстан арқылы
(Архив кітабынан суретін көрсету.) жауаған ашық хатын да. Бұл хатта
М.Әуезов жазықсыз болса да өзін кінәлі көрсе түге мәжбүр болды. тектілік
пен азаматтық бойынан қатар табылған Мұхтар Әуезов қазақ зиялыларынның
бірде-бірінің отын отап, әшкерелейді, ар мен намысты, обал мен сауапты
бәрінен жоғары қояды.
1929-1939 жылдардың аралығында кеңес өкіметінің жүргізген құғындау,
жазалау, идеалогиясы қысымда ұстау саясаты суреттердің шығармашылық
еркіндіктен айырып, көкейкесті тақырыбынан бас тартуға мәжбүр етті. Еліне
жазушы шеберлігінің дәрежесінен төмен, тақырыптық-идеяның деңгейі кеңестік
сенімді әсерлі көрсетуге талпынған, көркемдігі кемшін Октябрь үшін Асыл
нәсілдер, Тартыс, Алма бағында секілді шығармалары дүниеге келді. Бұл
кемшіліктердің орнын сезген ұлы суреткер ғалымдық, ұстаздық сияқты асыл
парызды, адалынан орындады. Жазушылық құдіретін жаңа бір талғамнан
танытатын Айман-Шолпан пессасын, Қасеннің құбылыстары атты әңгімелерін
жазды. Фольклор - ксерокстегіні аламыз. Көп қырлы талант иесі Мұхтар
Әуезов ғылыми негізі бар еңбектер мен қатар ХХ ғасыр бас аса зәру болған
оқулықтардың алғашқы жазушылардың бірі.
1929, 1939 жылдары басылып шығарылған Новый ауыл. Русский букварь для
казахских детей, Жеткіншек, ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы қазақ
әдебиеті ғалым ұстаздың оқу процесіне қосқан үлкен үлесі болмақ.
ІІ томның 477 бетінен аламыз.
Жаңа дәуірде көркем сөз өнерінің толқынына қосылған жас семинарист
Мұхтар Әуезовтың алғашқы мақалаларының біразы ұлы ақын Абай құнанбай ұлының
өмірі мен шығармашылығына арналды. 1918 жылы Абай журналында №2, №5
сандарында Абайдың өнері һәм қызметі мен Абайдан соңғы ақындар атты
Ж.Аймауытовпен бірге жариялаған мақалалар М.Әуезовтің әдебиеттану және
Абайтану ғылымына жасаған жаңа қадамы еді.Заңғар ақынның елінде туып
өскен Мұхтар Әуезовтің поэзия өнерінің құдіретін тану жолындағы еңбегі ұшан
теңіз.
1934 жылы Социалистік Қазақстан газетінде Абай ақындығының
айналасы,1935 жылы Литературный Казахстан журналында Абай – казахский
классик.
Аталған мақалалар тақырыбынан аңғарылып тұрғандай,Абай Құнанбайұлының
өмірі мен шығармашылық өнері,ақындық,аудармашылық шеберлік, философиялық
тереңдігі туралы жасалған әдеби онохитикалық талдаулар,ғылыми зерттеулер,
теориялық – методологиялық пайымдаулар болып табылады.
Абай жолы эпопеясының жазылу тарихы туралы ұлы жазушы әлемдік 1939-
1940 жылдары Леонид Соболевпен біріге Абай трагедиясын жазды. Абай
трагедиясы көздеген көркемдік биігінен көрінді.Бұл М.Әуезовтің Абай жолы
эпопеясын жазуға мүмкіндік туғызды.
Жастайынан әлемдік классикалық әдебиетпен сусындаған ,өзі де ғалымды
мойындатқан алып классикке айналған дарқан дарын , ғұлама ғалым Мұхтар
Омарханұлы Әуезов шығармашылығының қазақ ұлттық әдебиетінде орны қандай
биікте болса , әлемдік әдебиетте де сондай биікте екені даусыз.Қазақтың
академик ғұлама ғалымдарынан бастап қарапайым әдебиетшілеріне дейін
М.Әуезов шығармашылығы туралы зерттеу,мақала,очерк жазуы суреткер
шығармашылығының құндылығын аңғартса керек.Жалпы саны 500-ге жуық арнайы
ғылыми-әдеби еңбектер жазылса,1000-ға тарта мақаланың жазылуы осы ойымызға
айғақ.------
Мир Әуезова слайд.Қайраткер ғалым М.Әуезов сөз өнерінің құдіретті
күші - әдебиеттің тек бір ұлттық өнері айналасында ғана дамымайтын жас
кезінен мойындап,бұл кемшіліктердің орнын толтыру үшін классикалық
туындыларды аударды және аударма теориясы ғылымының қалыптасып дамуына зор
еңбек сіңірді.
Оқырман назарына ұсынылып отырған осы шағын еңбектегі басты
мақсатымыз – Абайдың әдеби мұрасының зерттелу тарихы жайлы басталған
игі ниетті одан ары жалғастырып, толықтыра түсуге арналмақ. Бірақ
мұны жүзеге асыру үшін, алдымен осыған тікелей байланысты кейбір
алғышарттарды орындап шығу міндеті алға қойылады. Осы тұрғыдан ең
әуелгі Абай мұрасы жөніндегі жазба деректерді тұтас қамтитын
картотекалық жұмыс жүргізіп, соның негізінде ұлы ақын мұрасы туралы
хронологиялық принципке негізделген толық, дербес библиографиялық
көрсеткіш жасап шығу қажет болды. Бұл міндет сонау 30-жылдардың
аяғында-ақ қойылғандықтан, ақын мұрасы туралы тұңғыш библиографиялық
көрсеткіш Е.Исмайылов, Қ.Бекхожиннің еңбектерінде жарық көрді. Соңыра
1889-1945 жылдар аралығындағы баспасөзде жарияланған деректердің
біршама түгел қамтуға тырысқан Абай мұрасы туралы библиографиялық
көрсеткіш (970 дерек көзі қамтылған) Н.сәбитов тарапынан түзілді. Аталып
өткен библиографиялық көрсеткіштердің жарық көру себебі – Абай мұрасына
қатысты бар әр түрлі деректер мен зерттеу еңбектерінің көбейіп
қорлануына байланысты еді. Библиографиялық көрсеткішті құрастырушылар
негізінен тақырыптық принципті ұстанғандықтан, ақын мұрасы жөніндегі
деректерді шартты түрде бірнеше тақырыптарға бөліп берген.
Жоғарыдағы еңбектердегі еелулі олқылық – ұлы ақын туралы
баспасөз бен архивтік деректерді толық қамти алмауға келіп
тірелетін. Өйткені кейбір себептерге байланысты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz