Информатикадағы жаңа технологияны қолдану



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I.тарау. ИНФОРМАТИКАДАҒЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ.
1.1 Информатиканы оқыту әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Информатика сабақтарында модельдеу технологияларды пайдалану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.3 Информатикалық модельдеу мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
II.тарау. ИНФОРМАТИКАДАҒЫ ФОРМАЛДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ.
2.1 Формальды жүйелер жөнінде. PRET процедурасы ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.2 Бірінші ретті предикаттар есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
III ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
IV ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Оқытудың модульдік жүйесі әрбір оқушыны керекті материалдармен қамтамасыз ететін мүғалімнің өте көп дайындалуын талап етеді, ал бұл оңай іс емес.
Оқушылардың білімге деген ынтасын, пәнге деген қызығушылығын арттыратын соның салдарынан білім деңгейін де көтеретін тағы бір тәсіл — жобалар тәсілі болып табылады. Бұл тәсіл соңғы кездерде бүкіл өлемде кең таралып келеді. Жоба ұғымы дидактикалық мақсатқа жету үшін бір идеяны, белгілі бір бұйымды немесе өнімді жасауды, есеп шығаруды, схема құрастыруды жүзеге асыратын, жұмыс нәтижесі практикалық бір жазба, схема немесе есеп түрінде көрсетілетін жұмыс болуы керек. Жобалар тәсілі негізінде: практикалық немесе теориялық бір мәселені бастан аяқ қарастырып шығатын жобаның түпкі идеясын жүзеге асыру, бір нәтижеге қол жеткізу ісі жатады. Бұл тәсіл практикалық бір нәтиже беретін іздеу, зерттеу, таңдау тәсілдерінің кең спектрін пайдаланып, оған сыртқы факторлардың әсерін қарастыру болып табылады. Осындай жұмысты орындау барысында балалар алған білімдерін толық пайдаланып, өздері де жаңа бастама,-идея берулері керек. Жобалар төсілін сауатты түрде қолдана білу үшін алдын ала көп дайындалу, тұрақты түрде жобаны жетілдіру, толықтыру ісін жүргізе білу қажет. Жобалар әр түрлі типте — зерттеу, шығармашылық жұмыстары, ойындық түрде, ақпараттық (мәлімет жинақтау, оны талдау, өңдеу, орналастыру, безендіру) жұмыстар, практикаға бағытталған істер сияқты болып құрастырыла береді. Пәндік-мазмұндық аймағына байланысты моножобалар (бір пән аясында) немесе пәнаралық жобалар бола береді.Үйлестіру, қадағалау сипатына қарай тікелей (нақты) немесе жасырын координациялық жобалар, байланыстарына қарай - ішкі, аймақтық, халықаралық жобалар болады. Орындаушыларының санына байланысты жеке, жұптық немесе топтық жобалар да жасала береді.
1. «Информатика негіздері» ғылыми әдістемелік журнал. №3 2005ж. 9-11бет
2. «Информатика негіздері» ғылыми әдістемелік журнал. №5 2005ж. 43-44бет
3. Информатика негіздері» ғылыми әдістемелік журнал. №4 2005ж. 19-21бет.
4. «Информатика» О. Камардинов. 2004ж. 289-290бет.
5. «Информатика» К. М. Беркінбаев. Алматы 2006ж. 154-155бет.
6. «Информатика» А. Шәріпбаев. 97-99бет.
7. «Информатиканы оқыту әдістемесі». К. З. Халықова. 53-57бет.
8. «Информатика» Макарова Н. В. Учебник. М., 2001.
9. «Информатика» Каймин В. А. Учебник. М., 2001.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I-тарау. ИНФОРМАТИКАДАҒЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ.
1.1 Информатиканы оқыту
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 4
1.2 Информатика сабақтарында модельдеу технологияларды
пайдалану ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.3 Информатикалық модельдеу
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
II-тарау. ИНФОРМАТИКАДАҒЫ ФОРМАЛДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ.
2.1 Формальды жүйелер жөнінде. PRET процедурасы
... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.2 Бірінші ретті предикаттар есептеу
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
III
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...27
IV ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28

КІРІСПЕ
Оқытудың модульдік жүйесі әрбір оқушыны керекті материалдармен қамтамасыз
ететін мүғалімнің өте көп дайындалуын талап етеді, ал бұл оңай іс емес.
Оқушылардың білімге деген ынтасын, пәнге деген қызығушылығын арттыратын
соның салдарынан білім деңгейін де көтеретін тағы бір тәсіл — жобалар
тәсілі болып табылады. Бұл тәсіл соңғы кездерде бүкіл өлемде кең таралып
келеді. Жоба ұғымы дидактикалық мақсатқа жету үшін бір идеяны, белгілі бір
бұйымды немесе өнімді жасауды, есеп шығаруды, схема құрастыруды жүзеге
асыратын, жұмыс нәтижесі практикалық бір жазба, схема немесе есеп түрінде
көрсетілетін жұмыс болуы керек. Жобалар тәсілі негізінде: практикалық
немесе теориялық бір мәселені бастан аяқ қарастырып шығатын жобаның түпкі
идеясын жүзеге асыру, бір нәтижеге қол жеткізу ісі жатады. Бұл тәсіл
практикалық бір нәтиже беретін іздеу, зерттеу, таңдау тәсілдерінің кең
спектрін пайдаланып, оған сыртқы факторлардың әсерін қарастыру болып
табылады. Осындай жұмысты орындау барысында балалар алған білімдерін толық
пайдаланып, өздері де жаңа бастама,-идея берулері керек. Жобалар төсілін
сауатты түрде қолдана білу үшін алдын ала көп дайындалу, тұрақты түрде
жобаны жетілдіру, толықтыру ісін жүргізе білу қажет. Жобалар әр түрлі типте
— зерттеу, шығармашылық жұмыстары, ойындық түрде, ақпараттық (мәлімет
жинақтау, оны талдау, өңдеу, орналастыру, безендіру) жұмыстар, практикаға
бағытталған істер сияқты болып құрастырыла береді. Пәндік-мазмұндық
аймағына байланысты моножобалар (бір пән аясында) немесе пәнаралық жобалар
бола береді.Үйлестіру, қадағалау сипатына қарай тікелей (нақты) немесе
жасырын координациялық жобалар, байланыстарына қарай - ішкі, аймақтық,
халықаралық жобалар болады. Орындаушыларының санына байланысты жеке, жұптық
немесе топтық жобалар да жасала береді.
І. ИНФОРМАТИКАДАҒЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ
1.1 Информатиканы оқыту әдістері.

Қазіргі жоғары білім жүйесінің тиімді түрде жұмыс істеуі үшін
сапалы ақпараттық сүйемелдеу қызметі қажет. Мұндай қызмет түрі оқыту
процесінің мақсатымен, студенттердің болашақ мамандықтарының сипатымен,
оқытылатын пәңдермен, білім беру құралдарымен және солардың нәтижелерімен
анықталады. Қазақстан Республикасы Білім жүйесін дамыту тұжырымдамасына
сәйкес бізде біртүтас ақпараттық білім ортасы құрылуы тиіс, ол жаңа
ақпараттық технологаяларды пайдалану негізінде еліміздегі білім сапасын
артырып, азаматтарымыздың әр түрлі деңгейде білім алуы үшін оларды бірдей
мүмкіңдіктермен қамтамасыз етуге және еліміздің ақпараттық кеңістігін
бүкілтәлемдік білім кеңістігімен байланыстыруға жол ашады. Алғашқыда
осындай орталар бір жоғары оқу орнында жүзеге асырылады да, кейіннен олар
белгілі бір аймақтың және республиканың бірыңғай ақпараттық ортасына
бірігуі тиіс деген болжам жасалуда.
Оқыту процесінің ақпараттық құралдары мен қорларын, оқу орнының ғылыми-
зерттеу, ұйымдастырушылық-басқару ісі мен сабақтан тыс өткізетін жұмыстарын
біртұтас ақпараттық білім ортасына біріктіруге бағытталған жұмыстар
жүргізілуде. Бұл зерттеулердің негізгі принципі жоғары кәсіби білім беру
жүйесінде мамандар даярлаудың теориясын, методологиясын және практикасын
толық есепке алу болып табылады. Университеттің ақпараттық білім беру
ортасы алдыңғы қатардағы ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар
негізінде құрастырылады. Оны жобалау кезінде жасалып жатқан ақпараттық
білім беру ортасы компоненттерін университеттің білім беру Интернет-
порталымен біріктіруге бағытталған жүйелік технологиялық көзқарас
қалыптасты. Осыған орай білім ортасын құрастыру кезінде Интернетке арналған
құжаттар мен қолданбалы программаларды жасаудың тиімді құралдары
пайдаланылды. Олардың ішінде гипермәтіндік белгілеу және программалау
тілдері - НТLМ, Регі (Асtіvе Регі JаvаSсгірі:, НТlМ - коды редакторы
-Масгоmеdіа Dгеаmwеаvег UlігаDеv 4 Studio, Регі программ DzSоrt Регl Еditог
редакгоры, т,б, бар.
Ортаны құрастыру ісінің осы кезеңінде негізгілер санатында бес
функционалдық компонеттерге аса көңіл бөлінді, олардың жұмыс атаулары: "оқу
процесі", "білімді бақылау", "ғылыми-зерттеу жұмысы", "оқудан тыс жұмыс"
және "ұйымдастыру-басқару жұмысы". Әріпте, тек осы бес блок қазіргі жоғары
оқу орнына керекті барлық ақпараттық өрісті толык камти алмайды. Жалпы
ақпараттық сипаттағы мәліметтер бере алатын бірсыпыра қызмет баптарын
көрсетуге болады.
Ақпараттық білім беру ортасының оку процесі" компоненті білім беру ісін
ақпараттандыруға бағытталған, электрондық кітапханамен біріктіріжен
программалық-әдістемелік кешен болып табылады. Оның құрамына кіретін
жасақталған оқу құралдарына қол жеткізу ісін атқаратын ішкі жүйеде оқу
процесіңде пайдаланылатын барлық электрондық оқулықтар мен оқу құралдары,
лабораториялық практикумдар, анықтамалар және де басқа электрондық құралдар
тізімі бар.
Мысал ретінде оқу процесі компонентінің құрамына кірген және біртұтас
электрондық кітапханада сақталатын электрондық басылымдар болып табылатын
"Информатика" мамандығы студенттеріне арналған мемлекеттік және орыс
тілдерінде жазылған оқу-әдістемелік кешенді атап өтуге болады, олар:
информатикадан, жүмыс істеуге құрал, мәліметтер базасы мен ақпаратгық
жүйелерге арналған оқулықтар, информатиканың теориялық негіздерінен, Си
программалау тілінен, Dеlрhi 6 мәліметтер базасын жасаудан т.б. Электроңдық
оқу басылымдары университеттің басқа мамандықтарына да арналып екпінді
түрде жасалып жатыр, оларды құрастыруда информатика және есептеу техникасы
кафедрасы мұғалімдерінің қатысуымен біріктірілген пәнаралық шығармашылық
топтар құрылып, олар университеттегі барлық кафедралармен бірігіп жұмыс
істеуде.
Біздегі ақпараттық білім беру ортасының "оқу процесі" компонентінің оқу
жүйесінде тікелей, пайдаланылатын электрондық басылымдардан өзгешелігі
мұнда факультет, кафедралар және мамандықтар жайлы барлық керекті
мәліметтері бар ақпараттық блок енгізілген. Әрбір мамандықтар жайлы
ақпаратта соларға сәйкес мемлекеік стандарт, оқу жоспарлары және
стандарттағы пәңдердің жұмыс программалары бар. Оқу компонентінің мазмұңы
жағынан толықтырылуы мен оны таңдау жұмысы нақты оқу процесіне сәйкес
жүргізіледі.
Оқу компонентінің осылай құрылуына байланысты жасалған жұмыс программасы
ұжымдық және өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруға арналған негізгі құжат болып
табылады, ол әрі ақпараттық ортаның электрондық қорларын жасау мен
құрастырудың өзекті материалы рөлін атқарады.
Осындай жолмен керекті тақырыптарға, лекциялық практикалық және
лабораториялық жұмыстарға гиперсілтеме жасай отырып, компьютер экранында
қажетті әдістемелік материал жинап алуға болады. Оны оқып шықаннан кейін
сол тақырыптарды қалай игергендігін анықтайтын өзіндік білім тексеру
режиміне кіруге болады.
Оқыту-тәрбиелеу процесінің жоғары тиімділігіне қол жеткізу үшін оқу
бағдарламасын игерудің сапасын тұрақты басқару құралын да енгізіп қою
қажет. Мұндай басқару ісі бір-бірімен байланысқан екі бөліктен тұрады.
Біріншісі -диагностика, ол тек білімді бағалау үшін ғана емес, нақты бір
студенттің пәнді игеру кезінде жіберген сақтаңдақтарын анықтап, соны
жүйелі түрде жою үшін де керек. Екіншісі - диагностика кезінде байқалған
әлсіз жақтарды тез түзету үшін қажет. Мұндай тәсіл студенттің алдыңғы
кейін қажет болатын өзекті тәқырыптарды толық игермей жатып, жаңа
тақырыпты оқуға кірісетін кездерін болдырмау ісін атқарады.
Бірінші процестің программалық сүйемелделуін жүзеге асыру үшін және
екінші процесті жүзеге асыру мақсатында алғашкы процестің ақпараттық орта
ақу компоненті элементгерімен карым-катынас жасауын қамтамасыз ету
кажеттілігі окушылардың білімі мен оны игеру денгейін өлшеуге бағытталған
"білімді бақылау" компонентін калыптастыруға әкеліп соқтырды. Бұл
компонент құрамына реттеу және тестілеу блоктары кіреді. Реттеу блогы
рейинг журналының элекгрондық нұсқасы, педагопар мен оқушылардың
аутентификациясы және тест тапсырмалары жиынық коррекциялау ішкі жүйесі
негізівде іске асырылды. Тестілеу блогы студент пен оқыту ортасының
электрондық ішкі жүйесінің интерактивті жеке сұхбаттасуы режимінде
студентің білімі мен оны игеру деңгейін анықтауға мүмкіңдік береді.
Бақылау компонентінің жұмыс істеп тұрған версиясында педагогикалық
өлшемдер үшін толықтырыльш отыратын жабық тест тапсырмалары жиыны
қолданылады. Осыған орай қазіргі кезде ақпараттық оқыту ортасына ашық тест
тапсырмаларын бейнелеу және өвдеу модулі мен жауаптары еркін түрде
құрастырылатын тапсырмалар модулін енгізуге арналған зерттеулер
жүргізілуде. Ағымдағы, межелік және қорытындылық бақылаулар барысында
әрбір студентті тестілеу нәтижелері басқа компоненттері жұмыс істеуіне
қажет мәліметтер "дайындайтын" рейтинг журналының мазмұндық бөлігін
құрайды.
Осындай ортаны қалыптастыру тәжірибесі оқудан тыс атқарылатын жұмыстарды
да ақпараттандыру ісін белгілі бір деңгейде тиімді түрде жүргізуге
болатынын дәлелдеп отыр. Ақпараттык технологиялар сабақтан тыс белгілі бір
тақырыптарға арналып жүргізілетін, оқу орнының негізгі білім беру
мазмұнымен тікелей байланысты немесе байланыссыз студенттік шараларды да
жоғары деңгейге көтеруге болатынын көрсетіп отыр. Әрине, мұндай оқудан тыс
жұмыстарды кешенді түрде ақпараттандыру ортаға және порталға да
енгізілетін арнайы программалық жабдықтамалар жүйесін жасауды талап етеді.
Оқу процесін кешенді түрде ақпараттандырумен қатар уақыт талабына сәйкес
жоғары оқу орнының әкімшілігін де бірыңғай ақпараттық кеңістікке бейімдеу
қажеттілігі туындайды. Ақпараттық білім беру ортасының негізгі бөліктерінің
бірі болып ұйымдастырушылық-басқару компонентінің саналатыны бекер емес.
Бұл компонент оқу бөлімі, кадрлар бөлімі, кеңсе жұмысы, бухгалтерия,
деканаттар және кафедралар жүмысын автоматгандыру үшін арнайы жасалған
компьютерлік құралдарына негізделген. Бұларды жасау мен пайдаланудың
бірыңғайлығына қарамастан, олардың әрқайсысының өзіндік жеке тұтынушылар
категориясы мен олардың ақпаратты рұқсатсыз пайдалануьш шектейтін арнайы
қорғаныс жүйесі бар.
Ұйымдастырушылық-басқару компоненті қызметінің көпжақтылығына байланысты
оның ерекшелікгерін тиянақты түрде қарастыру ісі жеке макалаға жүк болуы
тиіс. Бұл жұмыста айтарымыз білім ортасын жасау тәжірибесі басқару қызметін
автоматтандыру мәселелерін шешудің тиімді жолы казіргі Интернет-
технологиялар негізінде клиент-серверлік желіні пайдалану екендігін
дәлелдеді. Акпараттық ортаның ұйымдастырушылық-басқару компонентін жүзеге
асырудағы клиент-серверлік технологияның негізгі артықшылығы санатында
басқару процесін кешенді түрде автоматтандыру ісін. оқу-тәрбие жұмысының
бұрынғы ақпараттық жабдыктарымен бірігу мүмкіндігін,және режимдеріне
мәліметтерді тасымалдау мүмкіндігін, құжаттармен қатынас құрып, оларды
пайдаланудың бірыңғай жүйесін сүйемелдеу, клиенттің жұмыс орнына деген
талаптарды барынша азайту мәліметтерге қол жеткізу, пайдалану құқықтарын
шектеу механизмдерінің болуын т.б. айтуға болады.

1.2 Информатика сабақтарында моделдеу
технологияларды пайдалану.
Окушылардың білімі терендеп, өрістері кеңейген сайын олар одан кейінгі
оқуын жалғастыру мен еңбек етуге жақсы даярланып шығатын болады. Бірақ
ақпараттық технологиялардың жедел дамуына орай осы пән көлемінің тұрақты
түрде ұлғайып отыруына және оқыту сағаттарының жетіспеуіне байланысты
бұрынғы білім беру аясында шешуге болмайтын мәселелер туындап келеді. Осы
мәселе оқытылатын мәлімет көлемі мен оған бөлінетін сағаттар арасындағы
сәйкессіздікке баса назар аударуға негіз болып отыр. Бұл қайшылыкты шешуге
мүмкіндік беретін бір тәсіл — оқытуға керекті сағат санын арттырмай-ак,
күннен күнге үлғайып отырған ақпарат көлемін игеруге мүмкіндік беретін жаңа
білім беру технонологияларын енгізу болып табылады.
Сағат саны жетіспей, оқу қүралдары да тапшы болып отырған осы кезеңде
білім беру бағдарламасын толық жүзеге асыру үшін мен жаңа оқыту
технологияларына негізделген әдістемелік және дидактикалық материалдар
жасап, соларды пайдаланып келемін. Оқушылардың білім алу процесін
жетілдіріи, оны игеруді жылдамдата алатын жаңа педагогикалық тәсілдер
балаларға ақпараттық технологиялар жағынан терең білім алуға көмектесіп,
кейіннен жоғары оқу орындарында да табысты түрде окуға кепілдік береді.
Мұндай технологияларға Жобалар тәсілің, Модульдік оқытуды, бір мәселеге
баса назар аударту (концентрированное обучение) арқылы оқыту, әркімді
деңгейіне қарай жетілдіру (дифференцированное обучение) және жеке түлғаға
бағытталған оқыту элементтері, ойын программалары мен тест арқылы
тексеруістерін жатқызуға болады. Окушылардың білімге деген ынтасын арттыра
алатын біріктірілген немесе бинарлық сабақтар жаңа материалдарды тиянақты
ұғып, оларды бекіту жолында жақсы нәтижелер беріп келеді.
Мектеп бағдарламасының әр түрлі бөлімдерін игеруге байланысты мен бірнеше
әдіс-тәсілдерді пайдаланып жүрмін.
Мысалы, бір тақырыпқа баса назар аударту элементін пайдалану арқылы оку
процесін сағат санын арттырмай-ақ оқытылатын мәліметтің үлкен көлемін
игеретіндей етіп ұйымдастыруға болады, ол үшін материалдарды бір жүйеге
келтіріп, жалпылап жіктеу және құрылымдау (құрылымдау) тәсілдерін пайдалану
керек. Осы тәсіл оқу процесін жеделдетіп (интенсификациялап), оқушылардың
танымдық, қызығушылық қасиеттерін екпінді түрде дамыта отырып, жеке
тұлғаның толық қалыптасуына — оқытудың жалпы тәсілдері мен түрлерін, яғни
дидактикалық негіздерін түрлендіруге мүмкіндік береді.
Осындай мәселелер бір тақырыпқа баса назар аударту элементін пайдаланудан
басқа модульдік-дифференцирлік, яғни әркімді деңгейіне қарай жетілдіру,
жоба арқылы оқыту жолымен де шешіледі.
Оқытудың модульдік жүйесі — оқыту бағдарламасы бірнеше бөліктерге
(модульдерге) бөлінетін технология болып табылады, оны төмендегі схема
бойынша жүргізуге болады.

Модульдік оқыту тәсілінде пәннің барлық материалын қарастырып, оның
теориялық және практикалық тапсырмаларын құрастырып, жеке тақырыптарға
арналған әдістемелік материалдардың бірнеше нұсқаларын жасап шығу керек.
Окушылардың білім деңгейін және олардың өзіндік тапсырмаларын орындауын
бағалау үшін рейтингілік жүйе элементтерін пайдаланған абзал. Модульдер
санын тандау үшін бағдарламаны бірнеше жеке тақырыптарға — мәліметтердің
аяқталған толық блогына бөліп шығу қерек, олар бір-бірімен сабақтас болып,
өте үлкен немесе өте шағын болмауы тиіс.
Модульдің практикалық бөлігі оқушыларға орындайтын практикалық, өзіндік
және лабораториялық жұмыстар тізімдерін толық қамтуы тиіс. Практикалық
жұмыстар мен жеке тапсырмалар оқушылар модуль тақырыптарыи өткен соң жауап
беретін сұрақтармен толықтырылады. Практикалық тапсырмалар теорияны толық
қарастырыи, модульдің материалдарын тиянақты түрде меңгеруге кемектесуі
тиіс. Оған қоса модуль оқушылардың сол тақырыптарды игеруін, өз білім
деңгейлерін тексере алатын өзін-өзі бақылау, тексеру тапсырмачарымен,
мысалы, тестермен толықтырылуы керек. Әрбір модуль нәтижелік бақьшау
жүмысымен аяқталады. Модульдік жүйені енгізудің нақты нәтижесі ретінде
оқушылардың өзіндік жұмыстарға көптеп көңіл бөле бастағанынан білуге
болады. Олардың материалдарды түсіну деңгейі артып, білімдерінің жүйелене
бастағанын үлгерімдерінің өсуі анық көрсетеді.
Осындай жұмысты орындау барысында балалар алған білімдерін толық
пайдаланып, өздері де жаңа бастама,-идея берулері керек. Жобалар төсілін
сауатты түрде қолдана білу үшін алдын ала көп дайындалу, тұрақты түрде
жобаны жетілдіру, толықтыру ісін жүргізе білу қажет. Жобалар әр түрлі типте
— зерттеу, шығармашылық жұмыстары, ойындық түрде, ақпараттық (мәлімет
жинақтау, оны талдау, өңдеу, орналастыру, безендіру) жұмыстар, практикаға
бағытталған істер сияқты болып құрастырыла береді. Пәндік-мазмұндық
аймағына байланысты моножобалар (бір пән аясында) немесе пәнаралық жобалар
бола береді.Үйлестіру, қадағалау сипатына қарай тікелей (нақты) немесе
жасырын координациялық жобалар, байланыстарына қарай - ішкі, аймақтық,
халықаралық жобалар болады. Орындаушыларының санына байланысты жеке, жұптық
немесе топтық жобалар да жасала береді.Атқарылу мерзіміне қарай - қысқа
мерзімді, орташа немесе ұзақ мерзімді деп бөлуге, аралас немесе
дистанциялық (қашықтан) халықаралық жобалар деп айтуға да болатындары бар.
Бұлар қазіргі информациялық технологияларды — жергілікті (локальді) және
ауқымды (глобальді) электрондық желілерді, мультимедиалық оқыту құралдарын
пайдалануға, тұрмыста компьютерлерді кең қолдануға байланысты туындап отыр.
Көптеген мектептерде дистанциялық алыстан оқыту ісінің дамуына байланысты
қашықтан білім беру жобалары, олимпиадалар, конкурстар жүргізу етек ала
бастады, Диетанциялық оқыту формалары оқушылардың бір-бірімен қатынасу,
араласуына (коммуникация) байлаиысты психологиялық проблемаларды шешіп,
оларға бүрынғыдан гөрі ашығырақ болуға көмектесіп отыр. Өз ойларын жүзеге
асыру жолында ақпарат алмасу арқылы жұмыс жасау оқушыларға бір-бірімен
араласудың, ауызба-ауыз сөйлесудің орнын толтырады. Дистанциялық қызмет
көрсету істерінің ашық түрде атқарылуы оқушылардың дүние танымын планеталық
деңгейге дейін көтерді деуге болады. Барлық елдердің және континенттердің
жаісын екендігін сезіну — Интернет желісіндегі электрондық пошта мен
-жүйелерін пайдалана бастаған әрбір оқушының жаңа көңіл күйлерінің ең
алшақы белгісі екендігіне дау жоқ.
Жаңа оқыту технологияларын пайдалану аясында информатика пәнін оқытуды
жетілдіру, яғни әрбір оқушының өз ерекшеліктеріне, ынтасына,
мүмкіндіктеріне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық информатика міндеті және маңызы
Экологиялық информатика
Математика сабағында бастауыш сынып оқушыларына информатиканы проблемалық оқыту
АКТ пәнінің оқытудың мақсаты мен міндеттері
Информатиканы орта мектепте оқытудың теориялық-әдістемелік негіздері жайлы
Стандартталған информатика терминдарынын тезаурустарымен танысу
Информатиканың ғылым ретіндегі анықтамасы
Проблемалы оқыту
Жалпы білім беретін орта мектеп бастауыш информатика курсын оқытуда оқу құрал-жабдықтар жүйесін кешендік түрде пайдалану
Экология есептерін компьютерлік модельдеу
Пәндер