Əлеуметтік статистика индикаторы


ЖОСПАР:
- Жалпы түсінік.
- Əлеуметтік статистика индикаторы.
- Халықтың жоқшылық индексі.
- Білімділікті сипаттайтын көрсеткіштер.
- Ересек халықтың сауаттылық деңгейі.
Адам өмірінің барлық құбылыстарында адамдарды анағұрлым кең таңдаумен қамтамасыздандыру үдерісі ретінде адам дамуына анықтама беру статистикалық көрсеткіштердің жан-жақты жəне көп тармақты жүйесін белгілейді, жүйе сол үдерісті бағалау мен талдауға мүмкіндік туғызады. Алдыңғы параграфта қаралған адам дамуы тұжырымдамасы талдауының нəтижелеріне сүйене отырып, адам дамуын көрсететін статистикалық көрсеткіштердің жалпы жіктелімі үш топ арқылы ұсынылуы мүмкін:
Адам дамуына интегралды баға беретіндер
- адам дамуы индексі (АДИ) ;
- гендерлік факторды есептегендегі даму индексі (ГФДИ) ;
- əйел мүмкіндіктерін кеңейту (ұлғайту) көрсеткіші (ƏМКК) ;
- халықтың жоқшылық индексі (ХЖИ-1 жəне ХЖИ-2) .
- демографиялық дамуды;
- еңбек ресурстарын, жұмыспен қамтылуды, жұмыссыздықты, əлеумет тік көмекті;
- əлеуметтік инфрақұрылымның ахуалын (жай-күйін) ;
- тұрғын үй мен коммуникацияларды сипаттайтын;
- қоғамдық еркіндіктерді: сөз, іс-əрекеттер, саяси үдерістерге қатысу бостандығын;
- кенттендіру, табиғи ресурстарды пайдалану мен энергия тұтыну үдерістерін;
- қоршаған ортаны пайдалануды, оның ықпалы мен қорғалуын;
- əлеуметтік саладағы инвестицияларды, көмек ағындарын, ресурс тардың түсімдерін, сəйкессіздіктерді;
- адам дамуы көзқарасытұрғысынан ұлттық шоттарды.
Көрсеткіштердің бірінші тобына адам дамуын өлшеуге арналған жаңа шама адам дамуы индексі (АДИ) жатады, ол адам дамуы туралы бірінші Баяндама арқылы енгізілді (1990 ж. ) (есептеу үшін техникалық ескертулерді қараңыз) . АДИ елдің əлеуметтік-экономикалық дамуын өлшеу үшін ЖҰӨ (жалпы ұлттық өнімге) балама болып табылады. Адам даму индексі елдер мен ел үкіметтеріне даму сипатын бағалау мен саясат басымдықтарын анықтауға (белгілеуге) жағдай жасайды. Ол сондай-ақ түрлі елдердің жетістіктеріне көрнекі салыстыру жүргізуге мүмкіндік береді.
Осы міндеттерді тиімді орындау үшін АДИ іргелі екі қағидаға негізделуі тиіс: көпшілік түсінуі үшін қарапайым жəне адам дамуының базалық мүмкіндіктеріне негізделуі керек. Адам дамуының маңызды төрт мүмкіндігі “базалық” ретінде белгіленді, олар:
күнелту мүмкіндігі; білім алу; лайықты тұрмыс деңгейі үшін қажет ресурстарға қол жеткізу жəне қоғам өміріне қатысу мүмкіндігі. Солардың үшеуі АДИ енгізілді де, ал өлшеу мүмкін болмағандықтан төртінші элемент оған кірмей қалды.
Адам тіршілігінің барлық құбылыстарын көрсету мінсіз болар еді. Бұған деректердің жоқтығы түрлі шектеулер қояды, егер осы деректерге қол жететін болса, онда, бəлкім, кейбір көрсеткіштерді қосудың сəті түсер ме еді. Алайда көрсеткіштердің ұзын санын кірістіру міндетті түрде жақсы нəтижелерге жеткізе бермейді. Солардың бір бөлігі қазіргі кезде бұрын пайдаланылған көрсеткіштерге жатқызылуы мүмкін, мəселен, балалардың өлім-жітімі болжалды өмір ұзақтығында көрсетілді. Ал өзгермелі көрсеткіштердің көп санын қосу көріністі көмескілендіруі жəне негізгі үрдістерден жаңылыстыруы мүмкін.
Алайда АДИ елеулі кемшілігі - ел бойынша есептелген орташа шамалар үлкен теңсіздікті жасыруы мүмкін екендігі. Ең маңызды топтар үшін жеке АДИ жасау өте дұрыс шешім болар еді: мысал үшін, жыныс бойынша, немесе табыстар (кірістер) тобы бойынша, географиялық аймақ бойынша, нəсіл немесе этникалық (ұлыстық) топ бойынша есеп құру. Жеке есептелген АДИ əр елдегі адам мұқтаждарының əлдеқайда толық көрінісін анықтай алады.
Тұжырымдаманың өзінің аттас өлшем бірлігінен кең екендігі туралы түсіндіру бойынша нысаналы күш жұмсауларға қарамастан, адам дамуын АДИ бірге кейіптеуді одан əрі жалғастыруда, ол көбіне саяси еркіндіктер, қоғам өміріне араласу мен жеке қауіпсіздік сияқты аспекттерді елемеуге жетелейді. Сонымен бірге осы мүмкіндіктер де оқи білу немесе денсаулықтың қалыпты күйі сияқты соншалықты əмбебап жəне түбегейлі болып табылады. Олар барлық адамдар үшін құндылықты көрсетеді жəне осыларсыз өзге мүмкіндіктерге қол жеткізу мүмкін емес. Осы мүмкіндіктер АДИ құрамына адам дамуы көзқарасы тұрғысынан маңызы төмен деген себептен емес, ал өлшеуге қиындық келтіретіндіктен енгізілмейді.
Адам дамуы индексінен басқа елдегі адам дамуына интегралдық баға беретін өзге де индекстер қолданылады, олар - Халықтың жоқшылық индексі, Гендерлік факторды есепке алғандағы даму индексі жəне Əйел мүмкіндіктерін ұлғайту көрсеткіші. Егер АДИ елдің адам дамуы саласындағы жалпы прогресін сипаттайтын болса, ал Халықтың жоқшылық индексі (ХЖИ) прогрестің бөлінуін көрсетеді жəне халықта сақталған мұқтаждардың деңгейін өлшейді. Жоқшылық деңгейін өлшеу үшін дамушы елдерде халықтың жоқшылық индексі ХЖИ-1, ал дамыған елдерде ХЖИ-2 пайдаланылады. 1995 жылы Гендерлік факторды есепке алғандағы даму индексі (ГФДИ) енгізілді, ол əйелдер мен еркектер арасындағы теңсіздікті көрсету мақсаттарында АДИ түзету үшін қолданылады. Əйел мүмкіндіктерін ұлғайту (кеңейту) көрсеткіші (ƏМКК) олардың экономикалық жəне саяси өмірге (тыныс- тіршілікке) белсендіқатысу мүмкіндіктерін бейнелейді. ГФДИ-нен айырмасы - ол жеке салалардағы мүмкіндіктердің теңсіздігін ашады. Жоғарыда қаралған төрт индекс (АДИ, ХЖИ-1, ХЖИ-2, ГФДИ) өздеріне бірдей компоненттерді енгізеді, олар - өмір сүру ұзақтығы, білім, тұрмыс деңгейі, бірақ осы индекстерді есептеу кезінде əр түрлі көрсеткіштер пайдаланылады.
Адам дамуын талдау үшін əлемдік деңгейде жетік деректер қолданылады, олар дүние жүзіндегі елдердің көбінде бар. Оған БҰҰ Статистикалық комиссиясының ұсынысы бойынша əлеуметтік-демографиялық статистиканың Бірыңғай жүйесін (ДСБЖ) құру септігін тигізді, жүйе өткен ғасырдың 70-ші жылдарында ұлттық
жəне халықаралық статистикалық қызметтерге енгізіле бастады. Көрсетілген жүйе статистикалық деректердің он екі блогынан тұрады, олар: демографиялық сипаттамалар; қоршаған орта, кенттену (урбанизация) мен тұрғын үй; денсаулық сақтау мен тамақтану; білім; экономикалық əрекет; əлеуметтік топтар мен халықтың жинақылығы; əлеуметтік қамсыздандыру; бос уақыт пен мəдениет; уақытты пайдалану; қоғамдық тəртіп пен қауіпсіздік; əлеуметтік қатынастар; саяси əрекет.
Əлеуметтік статистика индикаторларының (көрсеткіштерінің) жүйесін құрудағы əдістеме мен əдіс, соның ішінде адам дамуы туралы баяндамаларға кіргізу үшін оларды таңдау ерекшеліктері М. М. Əмірханованың диссертациялық жұмысында қаралды. Ғылыми еңбекте əлеуметтік индикаторлар (көрсеткіштер) жүйесінде ген- дерлік статистика мəселелері зерттеліп, Қазақстан Республикасының статистикалық базасын жақсарту үшін ғылыми негізделген ұсыныстар əзірленген.
Көрсеткіштердің екінші тобынан адам дамуының базалық көрсеткіштері дараланады, олар адам дамуының жеке өлшемдерін сипаттайды. Базалық көрсеткіштерге жалпы қос жыныс үшін жəне гендерлік тұрғыда есептелетін мына көрсеткіштер жатады:
- туылған кездегі алдағы өмірдің орташа болжалды ұзақтығы, белгілі бір жасқа дейін өмір сүрмейтін халықтың үлесі (40 немесе 60 жасқа дейін) ;
- ересек халықтың сауаттылық деңгейі (15 жəне одан үлкен жастағылардың сауаттылық деңгейі), ересек халықтың сауатсыздық деңгейі (немесе функционалды сауатсыздық) ;
- 5-24 жастағы оқушылардың жиынтық үлесі (5-24 жастағы адамдарды оқумен
қамту) ;
- халықтың жан басына шаққандағы табыс (АҚШ долларымен халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ, сатып алу қабілетінің паритеті (тепе-теңдігі) бойынша (СҚП) .
Адам дамуының базалық көрсеткіштері адам дамуының негізгі үш компонентіне сəйкес келеді, олар - ұзақ жасау (ұзақ өмір сүру), білімділік жəне тұрмыс деңгейі. Адам дамуындағы осы компоненттердің əрқайсысы тұтас алғанда бірнеше маңызды адам мүмкіндіктерін қамтиды. Мəселен, ұзақ өмір сүру - ұзақ жəне салауатты ғұмыр сүруді, білімділік - білім алуды, қарым-қатынас жасауды, қоғам өміріне қатысуды, тұрмыс деңгейі лайықты тұрмыс үшін қажет ресурстарға қол жеткізуді, аумақтық жəне əлеуметтік жинақылық үшін жағдайлар иеленуді, қоғам өміріне қатысуды т. б. білдіреді. Аталған компоненттерге əлемнің барлық елдері үшін дерлік ұдайы есептеп шығарылатын жəне салыстырылатын көрсеткіштер жүйесі ұсынылды.
Бұл ретте базалық көрсеткіштердің сан мəндерін көбейту адам дамуының нақты құбылысындағы таңдау мүмкіндіктерін кеңейту туралы баяндайды.
Ұзақ өмір сүруді сипаттайтын көрсеткіштер. Ұзақ өмір сүруді сипаттайтын көрсеткіш болып туылған кездегі алдағы өмірдің орташа болжалды ұзақтығы саналады. Қысқалық үшін көбіне болжалды өмір сүру ұзақтығы туралы айтады. Осы көрсеткіш халықаралық статистиканың ең көп тараған көрсеткіштерінің бірі болып табылады жəне ол “өлім-жітім кестесі” есептеулері барысында
анықталады.
Салауатты өмір салтына көшу, қоршаған ортаны жақсарту, тұрмыс
деңгейін арттыру мен денсаулық сақтау жүйесін ұдайы дамыту жағдайлары кезінде, дүниеге келген нақты нəрестеге туған жылының
жағдайына байланысты болжалды өмір сүру ұзақтығы белгіленетін сəбиге қарағанда орта есеппен ұзағырақ өмір сүрудің сəті түседі. Осы көрсеткішті толықтыратын көрсеткіш - белгілі бір жасқа дейін өмір сүрмейтін халықтың (адамдардың) үлесі. Ол халықтың жоқшылық индекстерін есептеу кезінде пайдаланылады жəне ұзақ та салауатты өмір сүру мүмкіндігінен айыру дəрежесін сипаттайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz