Несие жүйесінің түсінігі
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І Бөлім. Несие жүйесі
1.1. Несие жүйесі туралы ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Несие жүйесінің дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
ІІ Бөлім. Қазақстан Республикасының несие жүйесі
2.1.Несиелік жүйені құру принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.2.Қазіргі несие жүйесінің дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.3.Несиелік және банктің мекемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.4.Несие жүйесі және оның Қазақстандағы дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
ІІІ Бөлім. Әлемдегі несие жүйесінің қазіргі даму тенденциясы
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қазақстанның экономикасы Ресейдің экономикасының бір бөлігі ретінде әр деңгейде дамып келеді. Қазақстанның шаруашылығы бір жағынан, Ресейдің және әлем нарығының тауар айналысының, екінші жағынан, темір жолдарын салу жұмыстарын жедел қолға алу тиімділігін қатар қарастыра отырып, темір жолдарды жүргізу арқылы Қазақсстанның ауыл шаруашылық өнімдері мен шикізаттары (ет, тері, жүн т.б.) сыртқа шығарылып отырған.
Қазақстанның Ресей нарығына интенсивті түрде енуі, нәтижесінде Ресейлік орталық-өнеркәсіптік аудандармен өзара экономикалық байланысы одан әрі кеңейді.
Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынатстар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екен дегін Республикамыздың тәуелсіздігінің 15 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді.Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және жыл сайын келгшенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды.Сондықтан бұған дейін ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігінің, қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.
Елімізде жүргізілген экономикалық реформа банк ісінің дамуында жаңа кезеңге алып келді. Нарыққа өту жағдайында банктердің және басқа несиелік институттардың даму перспективасы, оның іс жүзінде іске асуы жайлы сұрақтар ерекше өзекті мәселелеге айналып отыр.
Аталған міндеттерді шешу мүмкіндігі Қазақстандық, сонымен қатар шетел банктердің қызмет етуінің практикалық ұғынуының зерттеу және іс жүзінде жұмыстың ең прогрессивті, ұтымды нысандары мен әдістерін ендіру негізінде ғана жүзеге асады. Бұл зерттеу тақырыбымның өзектілігін анықтап отыр.
Соңғы жылдарда қаржы нарықтарының- ақша және капитал нарықтарының – құрылуының қарқынды процесі жүріп жатыр. Капитал нарығының дамуы жинақтарды шоғырландырудың және қаражаттарды инвестициялаудың екі біріктірілген өзара байланысты процесті жетілдіруінсіз мүмкін емес. Жинақ табыстар мен тұтынудың айырмасын көрсетеді.

1. Мақыш С.Б. «Коммерциялық банктер операциялары»/Оқу құралы.- Алматы: ИздатМаркет, 2004.-272 бет.
2. Мақыш С.Б. «Ақша айналысы және несие»/Оқу құралы.- Алматы: ИздатМаркет, 2004.-248 бет.
3. Дүйсенбаев К.Ш. «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талодау» /Оқу құралы.- Алматы: Экономика.2001.-330бет
4. Сейтқасымов Ғ.С. «Ақша, несие, банктер»/ Оқулық.-Алматы: Экономика,2005.-416 бет.
5. «Банк ісі» Н.А. Хамитов.-2006жыл Ақша, несие,банктер Ғ.С. Сейітқасымов – Алматы, Экономика – 2001ж.
6. Дробзина Л.А. Финансы. Учебник для вузов.- м.: ЮНИТИ, 2000.-527 с.
7. Қазақстан Республикасының Конститутциясы. - Алматы: Қазақстан, 2000. -96 бет.
8. Мельников В.Д, Ильясов К.К. Финансы – Алматы: изд. 2-ое, перераб. и доп. Қаржы -қаражат , 1997. 472 стр.
9. С.Әкімбеков, А.С.Баймұхаметова, У.А.Жанайдаров Экономикалық теория. - АСТАНА; - 464 бет.
10. Финансы, деньги, кредит. Учебник. Под. Ред. О. В.Соколовой. - М.: ЮРИСТ, 2001.- 784С.
11. Жуков Е.Ф. Банки и банковские операции: Учеб. для ВУЗов. – М.
12. Банки Казахстана. №12, 1. -2003Банки Казахстана №1 «Отекущей ситуации на финансовом рынке» 2005ж. стр.2
13.Банки Казахстан №8,2005ж. « Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының жай-күйі туралы» бет.2
14. Банки Казахстана. №1, 11. -2004
15.Газеттер:
1. Егемен Қазақстан. Астана: 16.05.2004.-8 бет.
2. Егемен Қазақстан. Астана:0 4.03.2005.-3 бет

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Несие жүйесінің түсінігі
Орындаған:
Тексерген:
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І Бөлім. Несие жүйесі
1.1. Несие жүйесі туралы
ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .5
1.2. Несие жүйесінің дамуы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 11
ІІ Бөлім. Қазақстан Республикасының несие жүйесі
2.1.Несиелік жүйені құру
принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.2.Қазіргі несие жүйесінің
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.3.Несиелік және банктің
мекемелер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
2.4.Несие жүйесі және оның Қазақстандағы
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...25
ІІІ Бөлім. Әлемдегі несие жүйесінің қазіргі даму тенденциясы
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33
Қолданылған әдебиеттер

... ... 36
Қосымша

... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Кіріспе
Қазақстанның экономикасы Ресейдің экономикасының бір бөлігі ретінде
әр деңгейде дамып келеді. Қазақстанның шаруашылығы бір жағынан, Ресейдің
және әлем нарығының тауар айналысының, екінші жағынан, темір жолдарын салу
жұмыстарын жедел қолға алу тиімділігін қатар қарастыра отырып, темір
жолдарды жүргізу арқылы Қазақсстанның ауыл шаруашылық өнімдері мен
шикізаттары (ет, тері, жүн т.б.) сыртқа шығарылып отырған.
Қазақстанның Ресей нарығына интенсивті түрде енуі, нәтижесінде
Ресейлік орталық-өнеркәсіптік аудандармен өзара экономикалық байланысы одан
әрі кеңейді.
Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынатстар тек экономиканы дамыту үшін
ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екен дегін
Республикамыздың тәуелсіздігінің 15 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз
жеткізе дәлелдейді.Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі
өзгерістер енгізді және жыл сайын келгшенде әрбір еңбекшінің мүддесін
қамтыды.Сондықтан бұған дейін ынта-ықыластың уақыт өткен сайын
әлсіремейтіндігінің, қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.
Елімізде жүргізілген экономикалық реформа банк ісінің дамуында жаңа
кезеңге алып келді. Нарыққа өту жағдайында банктердің және басқа несиелік
институттардың даму перспективасы, оның іс жүзінде іске асуы жайлы сұрақтар
ерекше өзекті мәселелеге айналып отыр.
Аталған міндеттерді шешу мүмкіндігі Қазақстандық, сонымен қатар
шетел банктердің қызмет етуінің практикалық ұғынуының зерттеу және іс
жүзінде жұмыстың ең прогрессивті, ұтымды нысандары мен әдістерін ендіру
негізінде ғана жүзеге асады. Бұл зерттеу тақырыбымның өзектілігін анықтап
отыр.
Соңғы жылдарда қаржы нарықтарының- ақша және капитал нарықтарының –
құрылуының қарқынды процесі жүріп жатыр. Капитал нарығының дамуы жинақтарды
шоғырландырудың және қаражаттарды инвестициялаудың екі біріктірілген өзара
байланысты процесті жетілдіруінсіз мүмкін емес. Жинақ табыстар мен
тұтынудың айырмасын көрсетеді.
Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Қазіргі Қазақстан экономикасы, соның
ішінде несие – ақша және қаржы шаруашылығы: ақша несие жүйесін реформалау;
қатаң инфляция жағдайында бізде бұрын-соңды болмаған жаңа ақша-несие
қатынастары; нарық экономикасымен және меншіктің көп түрлі формасына
бейімделген екі буынды банктік жүйенің қалыптасуы; жоғары дәрежеде
монополияланған мемлекеттік банктік құрылымдардың әкімшіл-әміршіл басқару
жүйесінен- пайда табуға, коммерциялақ жетістіктерге қол жеткізуге
бағытталған жеке және ұжымдық қатар маңызды өзгерістерді жүзеге асыруда.
Курстық жұмыстың мақсаты: Несие жүйесі туралы ұғым және дамуы туралы
мәселесін толық ашу. Яғни несиелік жүйені құру принциптерін, қазіргі несие
жүйесінің дамуын, несиелік және банктің мекемелері және несие жүйесі және
оның Қазақстандағы дамуын қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеті: Бұл жұмыс кіріспеден, үш тараудан,
қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Бірінші тарауда, несие жүйесі туралы ұғым және несие жүйесінің дамуын
қарастырдым.
Екінші тарауда, несиелік жүйені құру принциптерін, қазіргі несие
жүйесінің дамуын, несиелік және банктік мекемелер, несие жүйесі және оның
қазақстандағы дамуы туралы толық мәселесін аштым.
Үшінші тарауда, әлемдегі несие жүйесінің қазіргі даму тенденциясы
туралы мәселесін талқыладым.
Несие жүйесі-жалпы банктердің (ұлттық және коммерциялық) және
банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктік емес
мекемелердің жиынтығы.
І Бөлім. Несие жүйесі
1.1.Несие жүйесінің түсінігі, ролі мен маңызы және оның құрылымы
Нарықтық экономикада несие-банк жүйесі маңызды роль атқарады. Ол
арқылы кәсіпорындар, ұйымдар мен халықтың ақшалай есеп айырысулары мен
төлемдерінің едәуір көлемі жүргізіледі, сондай-ақ ол уақытша еркін ақша
құралдарын, халықтың жинақ ақшалары мен табыстарын белсенді әрекет етуші
капиталға айналдырады, көптеген әр алуан несиелік, сақтандыру, делдалдық,
инвестициялық сенімділік, кеңес беру және басқа да операцияларды орындайды.
Өндіріске қатысты екінші кезекте бола тұра, несие жүйесі оған үнемі және
едәуір дәрежеде ықпал етті. Ол ақша жинақтарының масштабын бірнеше есеге
кеңейтеді, ақша құралдарының бір саладан екінші салаға құйылуын қамтамасыз
етіп, сол арқылы өндіріс тиімділігінің өсуіне ықпал етеді.
Несие жүйесінің ролі мен маңызы бірқатар көрсеткіштермен сипатталады:
несиелік салымдардан жалпы көлемі, кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі және
айналым капиталының қалыптасуындағы банктік ссудалардың үлесі, жалпы төлем
айналымы және т.б. [4]
АҚШ несиелік қатынастардың даму дәрежесі, банктік операциялардың
шаруашылықтың өндірістік және тұтынушылық аясын қамтуы, несиелік мекемелер
жүйесінің әр алуандығы және тармақтылығы, қаржылық капитал топтарының қуаты
бойынша әлемнің басқа елдерінен алда келеді.
Американдық несие жүйесінің әрекет ету ауқымы жөнінде төмендегі
цифрлар түсінік бере алады. Несие мекемелері арқылы қолма – қолсыз есеп
аудару жолымен жүзеге асырылатын жылдық төлемдік айналымның басым бөлігі 80-
жылдардың басына қарай 60-65трлн. Доллар деп бағаланған.
Несие жүйесі арқылы американдық шаруашылықта қолданылатын ақша
капиталының орташа есеппен ¾ бөлігі өтеді.
Несие мекемелері арқылы айналатын ақша қаржыларының орташа жылдық
сомасы 1989 жылы 700 млрд. долларды құрады.
Несие жүйесі өз қызметін атқарған кезде несиелік қатынастар туындайды.
Несиелік мекемелер және әр түрлі субъектілер арасында қайтарымдылық және
төлем шарттары негізнде уақытша еркін ақша қаражатын жинақтау және қайта
бөлістіру жөніндегі экономикалық байланыстары несиелік қатынастардың
мазмұнын анықтайды.
Бірақ несиелік қатынастардың мазмұны ақша капиталының жинақталуымен
және оны заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың уақытша пайдалануына берумен
ғана шектелмейді. Несиелеу процесінде өндірістік құнға, яғни ұдайы
өндірістің ақша айналымына арналған төлем құралдарының қосымша массасы
қалыптасады. Төлем айналымының үлкен ағымы несие жүйесі арқылы өтеді, ол
несиелік қатынастардың мазмұнын толықтыра отырып, төлеушілер мен несиелік
мекемелер арасында, несиелік мекемелер мен алушылар арасында экономикалық
қатынастарды қалыптастырады.
Несие жүйесі елдегі ақша айналымын реттейді, заңды және жеке
тұлғаларға әр түрлі қызметтерді көрсетеді, соның нәтижесінде несиелік
экономикалық қатынастар туындайды.
Несиелік қатынастардың екі түрлі сипаты бар және шаруашылық
субъектілері үшін де, несие жүйесі мекемелері үшін де бірдей дәрежеде қажет
болады. Несие мекемелерінде ақшаны сақтау – несиелік ресурстардың құрылуын,
ал оларды экономика мен халықтың қажеттілігі үшін орналастыру – несие
беруді білдіреді.
Екі жақты қатынастар мыналардың арасында болады: шаруашылық ұйымдары
мен несие жүйесі, несие жүйесі мен халық, мемлекет пен несие жүйесі,
несиелік мекемелер арасында, әр түрлі мемлекеттердің несиелік мекемелері
арасында.
Жоғарыда анықтағанымыздай, несиелік қатынастар несие экономикалық
категориясының әрекет етуі кезінде ақша формасында жүзеге асырылады.
Несиелік қатынастардың сыртқы көрінісін несие формасы сипаттайды. Ол
несиелік қатынастардың мәні мен ұйымдастырылуын синтездейді. Несиелік
қатынастардың формасы мен мазмұны диалектикалық бірлікте болады. Несиелік
қатынастардың формасы олардың мазмұнына сәйкес келіп және олардың дамуын
ынталандыруы тиіс. Өндірістік қатынастардың өзгерісі несиелік қатынастар
мазмұнының және несие формасының өзгеруіне әкеледі.
Несие екі формада болады: тауарлық және ақшалай. Тауарлық несие
коммерциялық несиенің алғашқы негізін қалайды. Шаруашылық жүргізуші
субъектілердің ссуданы бір-біріне беруі кезінде бұл несие ақша формасына
өзгереді. Оның мәнісі мынада, яғни алушы субъект несие беруішге алынған
тауарлық несиенің дәлелі ретінде вексель, кепілдік қағаздарды немесе басқа
құжаттарды жазып береді, несие беруші оларды ақша формасында ссуда алу үшін
банкке ұсынады. Бұл жерде несиелік қатынастардың жүргізуші субъектілері
ретінде шаруашылық субъектілері және банк саналады. Оның мазмұнындағы
өзгерістер салдарынан несиелік қатынастардың тауарлық формасы ақша
формасына ұласады. Осылайша, тауар формасы негізінде несиенің, ең алдымен
банктік несиенің ақшалай формасы туындайды және дамиды. [2]
Несиелік қатынастардың, несие формаларының және несиелік мекемелердің
жиынтығы кең мағынадағы несие жүйесі түсінігінің құрайды.
Тар мағынадағы несие жүйесі – бұл несие-қаржы қатынастарын
ұйымдастырушы, ақша жүйесін реттеуші және елде басқа да қаржы қызметтерін
көрсетуші несие мекемелерінің желісі.
Басқаша айтқанда, несие жүйесі банктік және басқа несиелік
мекемелердің, несиелік операцияларды жүзеге асыруды ұйымдастырудың құқықтық
формалары мен тәсілдемелерінің жиынтығымен сипатталады. Несиелік
қатынастарды ұйымдастырудың екі жүйесі бар: банктік және банктік емес
инститтутар шеңберінде. Сәйкесінше несиелік жүйенің екі негізгі буыны
қалыптасады: банктік мекемелер және мамандандырылған несие-қаржы
мекемелері.
Несие жүйесі несиелік операциялардың көлемінің функционалдық
мамандануымен және несиелік мекемелердің санымен, сонымен бірге
шаруашылықты жүргізудің жекелеген субъектілеріне ұсынылатын қаржы-несие
қызметтерінің санымен сипатталады.
Қазіргі кездегі несие жүйесі бұрынғы жүйеден төмендегі белгілер бойынша
өзгешеленеді:
- банктік капиталдың және банктік монополиялардың шоғырлануы және
орталықтануы;
- несиелік мекемелердің әр алуан түрлері арасындағы бәсекенің күшеюі;
- банктік капиталдың өнеркәсіптік капиталмен байланысуы және қаржылық
капиталдың қалыптасуы;
- несиелік, соның ішінде монополистік мекемелер қызметінің ғаламдануы
мен интернационалдануы және континент аралық халықаралық несиелік
монополиялардың пайда болуы.
Экономиканың тарихи-экономикалық дамуының әрбір сатысына несиелік
істі ұйымдастырудың өз типі, несие-ақша қызметіндегі сәйкес сұраныстарға
жауап беретіннесиелік жүйенің өз құрылымы келеді. Мысалы, КСРО-ның
жоспарлық-орталықтандырылған экономикасына Мемлекеттік банк басқарған
несиелік жүйенің қатаң орталықтанған құрылымы сәйкес келеді, нарықтық
экономика үшін басқасы, яғни банктік және банктік емес мекелердің
демонополизацияланған құрылымның кең желісі сәйкес келеді.
Қазіргі кездегі несие жүйесінің күрделі, көп буындық құрылымы бар. Егер
несиелік мекемелердің өз клиенттеріне көрсететін қызметтер сипатын
жіктеменің негізі етіп алсақ, онда қазіргі кездегі несиелік жүйенің үш
маңызды элементін бөліп көрсетуге болады:
- Орталық (эмиссиялық) банк;
- Коммерциялық банктер;
- Мамандандырылған несие мекемелері (сақтандыру, жинақтық, ипотекалық,
сенімгерлік және т.б.)
Шаруашылық буындардың ұсынатын несие-қаржы қызметтерінің
функционалдық мамандануы, көлемі мен санына сәйкес несиелік жүйенің ядросын
банктік жүйе құрайды, ал несие институттарының қызметін үйлестіруші ортақ
орган болып – Орталық банк есептеледі.
Орталық банк- бірінші деңгейдегі басты мемлекеттік банк,
мемлекеттік, халықтық және ұлттық банк деп аталуына тәуелсіз кез келген
елдің ақша-несие институты. Орталық банк – бұл банктердің банкі. Ол заңды
және жеке тұлғалармен операцияларды жүргізбейді. Оның клиенттері –
коммерциялық банктер және басқа несиелік мекемелер, сонымен бірге үкіметтік
ұйымдар, оларға әр алуан қызметтер ұсынады.
Орталық банк тікелей ықпал ету және реттеу, бақылау мен қадағалау
қызметтерін банктік мекемелерге ғана қатысты орындайды. Орталық банк
несиелік жүйенің басқа буындарына негізінен тек жанама ықпал етеді, ол
несиелік және ақшалай операциялардың, нарықтың әр алуан секторларының,
қаржы-несие қызметтерінің өзара байланысынан көрініс табады. [5]
Коммерциялық банктер ссудалық капитал нарығының әр түрлі секторларында
әрекет етуші көп қызметті мекемелер болып табылады. Олар кәсіпкерлік
тәжірибеде танымал қаржылық операциялар банктер дәстүр бойынша кез келген
елдің несие жүйесінің базалық жүйесі рөлін атқарады.
Олар бұрынғысынша үкіметтің, іскер топтардың және миллиондаған болып
табылады. Ссудалық және инвестициялық операциялар арқылы коммерциялық
банктер әр түрлі қарыз алушылар үшін өз қорларына жол ашады. 2005 жылдың
басына қарай Қазақстанда 35 банк әрекет етті.
Мамандандырылған қаржы-несие мекемелері (оларды басқаша парабанктер деп
атайды) нарықтық экономикадағы несиелік жүйенің маңызды және объективті
қажетті буыны болып табылады. Бұл мекемелерсіз экономиканың әр түрлі
буындарында және халыққа көрсететін несие жүйесінің қызметтері толық болмай
қалады. [1]
Парабанктік мекемелер не клиенттердің белгіленген типтеріне қызмет
көрсетуге, не банктік қызметтің бір-екі түрін жүзеге асыруға бағытталады.
Олардың қызметі көп жағдайда нарықтың шағын сегментіне қызмет көрсетуге,
арнайы клиенттерге қызметтерді және де арнайы қызметтерді ұсынуға
негізделеді.
Бұл мекемелер үшін екі жақты тәуелділік тән болады: бір жағынан, несиелік
– есеп айырысу операцияларын жүзеге асырумен байланыса отырып, олар орталық
банктің сәйкес талаптарын тандыру, инвестициялық немесе басқа операцияларға
мамандана отырып, олар сәкес ведомстволардың реттеуші ықпалына түседі.
КСРО күйрегенге Қазақстанның өзіндік несие жүйесі болмады. Оның аумағында
дербес филиалдар емес, қатаң орталықтандырылған, абсолютті монополиялық
банктік және банктік емес мекемелердің бөлімшелері әрекет етті. Мұндай
несие жүйесіөзінің төмен тиімділігін көрсеткенін атап өту керек. Осы
жағдайларда 80 жылдардың ортасында екі деңгейлі несие жүйесін құру ұмтылысы
жасалды. Жоғарғы деңгейде КСРО Мемлекеттік банкі, екінші деңгейде бес
мамандандырылған банк тұрды. Банктік емес несие институттары жүйесі іс
жүзінде болмады.
Қазақстанның несие жүйесі 1999 жылдан бастап өз егемендігін алғаннан
кейін қалыптасты. Осы уақыт ішінде сызбада көрсетілген құрылым қалыптасты.
Қазақстанның несие жүйесі орталық банк – Қазақстан Республикасы Ұлттық
банкінен, екінші деңгейлі 35 банктен, олардың ішінде 2 мемлекеттік
(Қазақстан Даму банкі, Қазақстан Құрылыс-жинақ банкі), 83 несиелік
серіктестік (соның ішінде 50 ауылдық), 157 микронесиелік ұйымдар, 75
ломбард, Қазпошта акционерлік қоғамы бастаған пошталық-жинақ жүйесі, 36
сақтандыру компаниясы, 16 мемлекеттік емес жинақ ұлттық қоры, 6 жаңа
инвестициялық қор, Қазақстанның мемлекеттік қоры және басқалардан тұрады.
айланысты
1.2. Несие жүйесінің дамуы
Қазақстанның экономикасы Рессейдің экономикасының бір бөлігі ретінде

және әлем нарығының тауар айналысына, екінші жағынан, темір жолдарын салу

жолдарды жүргізу арқылы Қазақстанның ауыл шаруашылық өнімдері мен
шикізаттары (ет, тері, жүн т.б.) сыртқы шығарылып отырған.

Ресейлік орталық-өнеркәсіптік аудандарымен өзара экономикалық байланысы
одан әрі кеңейді.[6]
Банк капиталының Қазақстанға енгізілу мерзімі ХІХ ғасырдың аяқ
қамтиды. Революцияға дейінгі Қазақстанның көп укладты экономикасында
несиенің әр түрлі формалары дамыған. Қазақстанның несиелік жүйесі негізінен
Ресей империясының несиелік жүйесніің бір бөлігі ретінде: Мемлекеттік банк
бөлімшілерінен, акцияонерлік, коммерциялық банктер филиалдарынан, өзара
несие беру қоғамдарынан, қалалық қоғамдық банктерінен, ипотекалық несие
банктері немесе ұсақ несие мекемелерінен және жинақ кассаларынан тұрды.
Ресейдің мемлекеттік банкі 1860 ж. өз қызметін бастап, барлық несие
жүйесіндегі – орталық банк болып саналады және оның айналысқа қағаз
ақшаларды шығаруда монополиялық құқығы болды. Ресейдің мемлекеттік банкі
барлық акционерлік, коммерциялық банктердің есеп-ссудалық операцияларының
үштен бір бөлігіне жуығын, салымдар мен ағымдық шоттардың жартысынан көбін
тартып отырған.
Мемлекеттік банктік бөлімшелері Қазақстан аумағында ірі сауда-
өнеркәсіп қызметтерінің орталығы болып саналатын Оралда (1876ж.),
Қызылжарда (1881ж.), Семейде (1887ж.), Омбыда (1895ж.) және бұрынғы
Верныйда (қазіргі Алматы) (1912ж.) ашылып, жұмыс жасады.
Ірі коммерциялық банктер қатарныа саналатын сібір сауда-банкісінің
(1872ж. құрылған) 57 филиалының жетеуі Қазақстанның бірқатар аударында,
яғни Омбыда (1894ж.), Семейде (1898ж.), Қызылжарда (1905ж.), Верныйда
(1908ж.), Ақмолада (1909ж.), Қостанайда (1911ж.) және Керекуде (1916ж.)
орналасты.
Жалпы бірінші дүниежүзілік соғыстың бастапқы кезеніңде Қазақстанның әр
аудандарында Мемлекеттік банктің – 6бөлімшесі, акционерлік-коммерциялық
банктердің 18 филиалдары, 12- өзара несие беру қоғамдары, 8-қалалық
қоғамдық банктер, сол сияқты 345 несиелік және ссудалық серіктестіктер
жұмыс істеді. Несиелік мекемелердің санының көбі жағынан Ақмола бірінші
орынға ие болды.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында ең басты Қазақстандағы
банктер – бұл мемлекеттік банктер болды және олар мынадай операцияларды
жүзеге асырды:
• Вексельдерді есепке алу;
• Тауарларды кепілге ала отырып, ссуда беру;
• Тауар құжаттарын кепілге ала отырып, ссуда беру;
• Ауыл шаруашылыққа ссуда беру;
• Бағалы қағаздарды кепілдікке алып, ссуда беру;
• Қайта есеп жүргізу;
• Вексельдер үшін арнайы шоттар ашу;
• Бағалы қағаздарға арнайы шоттар ашу;
• Ұсақ несие мекемелеріне ссуда беру,
• Барлық есеп-ссудалық операцияларымен айналысу;
• Меншікті бағалы қағаздар шығару;
• Салымдық және ағымдық шоттар ашу.
1909-1913 жж. өнеркәсіптік өрлеу жылдарында Мемлекеттік және
акционерлі-коммерциялық банктермен қатар сауда және өнеркәсітік
кәсіпорыдарды несиелендіруші жергілікті несиелік мекемелер: өзара несие
беру қоғамдары және қалалық қоғамдық банктер жүзеге асырып отырды.
1917 жылы Қазан революциясынан кейін, банк ісінде мемлекеттік
монополиялық ұйымдастыру қағидалары жүзеге асты. Бастапқыда мемлекеттік
банк құрылып, жеке, коммерциялық және басқа банктерді ұлтшылдандыру
нәтижесінде мемлекетке тиесілі салалық және аумақтық банктер етіп қайта
құрылды. Банктік жүйенің тағы бір басты буындары етіп ретінде мемлекеттік
еңбек жинақ – кассалары қызмет етті.
1922 жылы несиелік және ссуда-жинақ серіктестіктері және олардың
одақтары ұйымдасып, ауылды қалпына келтіру мақсатында қызмет көрсетті.
1924 жылы ауыл шаруашылық кооперацияларына несиелік операцияларды
жүзеге асыру барысында салымдар қабылдау, ссуда беру және есептеу барысында
делдалдық қызмет атқаруына рұқсат беріледі.
1930-1932 жж. КСРО-дағы жүргізілген несиелік реформа нәтижесінде
қағидаға негізделген салалық банктер қатарына ұйымдастырылды. Сонымен,
күрделі капитал жұмсалымдарын қаржыландыру мақсатында төрт мамандандырылған
банктер құрылды.
Өнеркәсіп және электр шаруашылығындағы күрделі құрылысты қаржыландыру
банкі 1959 жылы Құрылыс банкі болып құрылды.
Көптеген несиелік серіктестіктермен республикалық ауыл шаруашылық
банктері негізінде құрылған Ауыл шаруашылық банкі 1959 жылы қысқарып,
оның қызметі Мемлекеттік және Құрылыс банктері арасында бөлініп беріледі.
Қазақстандағы несие жүйесінің қайта құру тұсындағы дамуы КСРО-да соңғы
рет жүргізілген банктік реформаға (1987-1988 жж.) сәйкес келеді. Банктік
реформа нәтижесінде: КСРО-ның Мемлекеттік банкі және Құрылыс банктерінің
мекемелері негізінде – КСРО Өнеркәсіптік-құрылыс банкі, КСРО Агроөнеркәсіп
банкі және КСРО Тұрғын үй-әлеуметтік банкі құрамында келген жинақ кассалары
негізінде – КСРО Сыртқы экономикалық банкі құрылды. Сол уақыттан бастап,
Мемлекеттік айырысу қызметін көрсетуді тоқтатты. Сөйтіп, КСРО-ның Орталық
банкісіне айналды.
1990 жылы Қазақстан Республикасы өз егемендігін жариялағаннан бастап
нарықтық қатынастардың талаптарына сай келетін меншікті банк жүйесін құруға
бетбұрыс жасады.
1990 жылы желтоқсан айында қабылданған Қаз КРО-дағы банктер және
банктік қызмет туралы алғашқы заң Қазақстандағы банктік реформаны
жүргізудің бастапқы кезеңдерін қамтиды.
Бұл банктік реформа Ұлттық банктің 1995 жылға арналған Қазақстандағы
банктік жүйені реформалау бағадрламасына сәйкес жүзеге асырылды.
Реформалар Ұлттық банктің 1996-1998 жылдарға арналған Қазақстан
Республикасының банк жүйесін реформалау бағдарламасына сәйкес жүргізілді.
Банктік реформаның басты нәтижесі – бұл банктік жүйенің тұрақтылығын
сақтап қалу мақсатында халық салымдарын ұжымдық сақтандыру қоры құрылды.
Бұл қорды құру уақыты 1997 жылдан кешікпеуге тиіс еді, бірақ әр түрлі
себептерге байланысты қор 1999 жылдың аяғында құрылып, өз қызметін 2000
жылдың қаңтарынан бастады. [3]
ІІ Тарау. Қазақстан Республикасынның несие жүйесі
2.1.Несиелік жүйені құру принциптері
Несие жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі негізінде белгіленге
принциптер жатыр. Экономиканың нарықтық қатынастарға өтуі кезінде оларды
былайша тұжырымдауға болады: елдегі банк ісін ұйымдастыруға мемлекеттік
монополия, банк жүйесінің банктік емес институттармен үйлестіре отырып,
банк жүйесінің екі деңгейлі банк жүйесін құру, елдегі ақша-несие саясатының
біртұтастығы, несиелік мекемелер желісін барынша дамыту, оларды қызмет
көрсету орындарына жақындату, мемлекеттік валюталық монополия. Орталық
банктің автономиясы.
Банк ісіне мемлекеттік монополия ұғымы мемлекеттің банктердің құрылуы мен
жойылуын бақылауға, банктік операцияларды жүргізу ретін және режелерін
заңды бекітуінің айрықша құқығы ретінде түсіндіріледі.Ұлттық банк Қазақстан
Республикка аумағында банктерді құруға рұқсат береді және банктер мен
олардың филиалдарын тіркеу кітабын жүргізеді. Ұлттық банк рұқсатты беру
кезінде орындалатын банктік операциялардың шеңберін анықтайды.
Нарықтық экономиканың ерекшеліктері банктік емес мекемелермен олардың
компаниялары, несиелік одақтары, зейнетақы қорлары, ақша нарығының өзара
қорларымен үйлескен әр түрлі деңгейдегі банктік жүйенің қажеттілігін талап
етеді. Бұл институттардың барлығы негізінен халықтық жинақтарын
жұмылдыруға және оларды ипотекалық тұтыну несиесіне қолдануға маманданады.
Өзара жинақтау банктері өзара кәсіпорындар типі бойынша
ұйымдастырылған, оларды арнайы кеңес басқарады. Олар халықтың салымдарын
жұмылдырады және оларды жылжымайтын мүлік пен бағалы қағаздар кепіліне
инвестициялайды, сонымен бірге коммерциялық және тұтынушылық ссуданы
ұсынады.
Қарыз-жинақтау бірлестіктері халық жинақтарының салымдық
операциялармен айналысады және оларды жылжымайтын мүлікті сатып алу үшін
(тұрғын үйді сатып алу үшін активтің 23 бөлігі) пайдаланады.
Несиелік ссудалар – кәсіподақтар, ірі кәсіпорындар, шіркеулер
тарапынан ұйымдастырылатын кооперативтік типтегі жинақ мекемелері.
Ресурстар сатулар және үлестік акциялар есебінен жинақталады, ол акциялар
кез келген сәтте кооператив тарапынан сатып алынады. Олар негізінен өз
мүшелеріне ұсақ ссудаларды беру үшін қолданылады.
Сақтандыру компаниялары біздің сақтандыру ұйымдары орындайтын
операциялармен айналысады. Оолардың пассивтері сақтандыру жарналарынан және
активті операциялардан түсетін табыстардан тұрады, олар ұзақ мерзімдік
бағалы қағаздардағы сақтандыру төлемдерін төлеумен қатар тұрғын үйлердің
кепілдерін де төлейді. Жеке меншік және мемлекеттік зейнетақы қорлары
халықтың салымдарын тарта отырып, ірі капиталды иеленеді және оны акциялар
мен облигацияларды сатыоп алуға салады, шағын несиелерді береді.
Ақша нарығының өзара қорлары депозиттік сертификаттардың, қазынашылық
вексельдердің пайларын сату арқылы инвестициялық қысқа мерзімдік бағалы
қағаздардан тұратын активтер портфелін қалыптастыруға бағыттайды. Бағалы
қағаздардан түсетін табыстар акционерлерге төленеді.
АҚШ-тың несиелік жүйесіндегі банктік емес қаржылық-несиелік мекемелердің
рөлі мен орны жөніндегі төмендегі кестенің мәліметтері көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі (бұдан әрі Ұлттық банк)
Қазақстан Республикасының Орталық банкі және Қазақстан Республикасы банк
жүйесінің жоғарғы деңгейі болып табылады.[8]
Банк ісінің әлемдік тәжіребесі мынаны көрсетеді, яғни барлық елдердегі
несиелік институттардан орталық банктер бөлініп шығады, олар елдің бүкіл
несие жүйесін басқаруда басты рөлді атқарады. Олардың басшылық рөлі
мемлекет берген кең ауқымды өкілеттіктерге байланысты айқындалады.
Банктердің банк қызметтерін, ақша-несие эмиссиясын жүзеге асыруына
байланысты орталық банктер коммерциялық, яғни екінші деңгейлі банктердің
қызметін әкімшілік бақылау және оларға шынайы экономикалық ықпал ету
құқықтарын иеленеді.
Коммерциялық банктер несиелік саясатты жүргізуде және өз клиенттеріне
әр алуан қызметтерді көрсетуде толық дербестік алған.
Нарықтық экономикада банктік емес институттарды құрмайынша кез келген
елдің несие жүйесі аяқталмаған болып саналады. Халықтың салымдарын толық
тарту және өзгермелі нарықтық экономиканың сұраныстарын толық
қанағаттандыру мүддесін осы институттарды құруды талап етеді, олар
органикалық тұрғыда несие жүйесін толықтырады, оны байыта түседі,
экономикадағы өзгерістерге өте икемді әрі сезімтал етеді.
Экономиканы басқара отырып мемлекет ортақ ақша-несие саясатын
жүргізеді, оның маңызды құралы болып Ұлттық банк табылады. Бұл принцип
айналымдағы ақша массасын реттеу арқылы ұлттық валютаның ішкі және сыртқы
тұрақтылығын қамтамасыз ету, ақша несие саясаты, жалпы экономикалық саясат
және оның әлемдік экономикаға интеграциялануы саласында республиканың
мүдделерін қорғау үшін қажет болады.
Несие жүйесін құрудың басты принципі – несие мекемелерінің желісін
барынша дамыту және одарға барлық ақша операцияларын шоғырландыру, яғни
шаруашылық буындардың бос ақша құралдарын банктерде сақтау, есеп
айрысуларды қолма-қолсыз жолмен жүргізу.
Қазіргі танда Қазақстан аумағында 385 бөлімшесі мен филиалдары бар 35
банк орналасқан.
Барлық ақша айналымының несие жүйесінде шоғырлануы несиелік
ресурстарды бір арнаға жинауға және оларды елдің халық шаруашылығына ұтымды
бағыттауға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік валюталық монополия принципіне үлкен мән беріледі.
Қазақстан Республикасының валюталық реттеу жөніндегі заңында былай
делінген: Қазақстан Республикасы Президенті және Министірлер кабинеті өз
құзыреті шеңберінде осы заңның ережелеріне қарама-қайшы келмейтін валюталық
реттеу саласындағы нормативтік актілерді қабылдайды. Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасындағы валюталық
реттеудің негізгі органы болып табылады. [13]
2.2.Қазіргі несие жүйесінің дамуы
Несие жүйесі-жалпы банктердің (ұлттық және коммерциялық) және банктік
операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктік емес мекемелердің
жиынтығы.
Несие жүйесі ұғымы банк жүйесінде қарағанда кеңірек, яғни мұнда
өзге де несиелік мекемелер қамтылады. Әр елдің өзіндік ерекшелігіне қарай
несие немесе банк жүйесінің құрылымы қалыптасады. ҚР-дағы несиелік жүйе
екі буыннан тұрады: біріншісі – банктік жүйе, ал екіншісі – парабанктік
жүйе (банктік емес мекемелер).
Банктеріміздің саны жылдан жылға азаюда, 90-шы жылдардың басында
олардың саны 200-ден асты, сөйтіп банк жүйесін реформалау нәтижесінде
олардың саны 35-ке дейін (06.2003ж.) қысқарды. Жалпы банктер қатарына
мемлекеттік банктер (мемлекеттің 100 қатысуымен құрылған) саны -2.
Қазақстанның банктік секторында шетел капиталының қатысуы кеңейе түсуде,
олардың саны -16, яғни жалпы банктер санының жартысына жуығын алады. Ал
банктік емес мекемелер санының керісінше, өсіп келе жатқандығын байқаймыз.
[14]
2.3.Несиелік және банктік мекемелер
Несие ісі – ақшалар саудасына бағытталған кәсіпкерлік қызметтің
айрықша саласы болып табылады, соның негізінде несиелік операциялар
жүргізіледі. Оларды әр алуан несие инститіттары жүзеге асырады. Операциялар
ауқымы және шаруашылық айналымына қызмет көрсетудің маңыздылығы бойынша
банктер негізгі болып табылады.
Несиелік мекемелердің, соның ішінде банктік мекемелердің түрлерін
қарастырмас бұрын, біз банк және банк қызметі түсініктерінің өзін
анықтап аулымыз керек. Әлемдік тәжірибеде банк қызметі дегеніміз банктің
басты кәсіби қызметтері ретінде депозиттерді қабылдау және ссудаларды беру.
Дәл осындай анықтама Италия, Испания, Бельгия, Греция және басқа елдердің
банктер жөніндегі заңнамасында тұжырымдалған. Ал германия мен Францияда
банк немесе несиелік мекеме болып өз клиенттеріне есеп айырысу, бағалы
қағаздарды сату, лизингтік және басқа операциялар сияқты қызметтерді
көрсетумен айналысатын кез келген мекеме. Сонымен қатар банктік емес
институттарға заң негізінде депозиттерді қабылдауға, есеп айырысуларды
жүргізуге, сақтандыру кепілдемелерін беруге тыйым салынады.
Англия, Дания, Швеция және басқа елдерде мекемелерді несиелік жүйеге
жатқызуға қатысты либералды тәсілдеме бар. Ол үшін депозиттерді қабылдау
үшін лицензияны иелену жеткілікті болып саналады, ол банктерге
мамандандырылған қаржы мекемелерінің кейбір түрлерін теңестіруге мүмкіндік
береді.
ҚР Президентінің ҚР банктер және банктік қызмет туралы заң күші бар
Жарлығының 1-бабында былай делінеді, яғни банктің ресми мәртебесі оны ашуға
Ұлттық банктің рұқсатымен, Әділет министрлігінде банк ретіндегі заңды
тұлғаны мемлекеттік реттеумен және банктік операцияларды жүргізуге ҚР
Ұлттық банкі тарапынан берілгенлицензияның болуымен анықталады.
Банк – Коммерциялық ұйым болып табыладытн заңды тұлға, ол осы заңға
сәйкес банктік қызметті жүргізеді.
Банктің ресми мәртебесін иеленбей, бірде-бір заңды тұлға банк деп
атала алмайды немесе өзін банктік қызметпен айналысушы ретінде сиапттай
алмайды. [7]
Банк арнайы кәсіпкерлік ретінде материалдық өндіріс саласының өнімімен
едәуір ерекшеленетін өнімді өндіреді. Ол қарапайым тауарды емес, ақша,
төлем құралы түріндегі айырқша тауарды өндіреді.
Банктер немесе ұқсас институттар қте ертеректе пайда болған, Египетте
банктік операциялар біздің дәуірімізге дейінгі 2700 жылы жүзеге асырылған.
Банктердің бастапқы қызметі – бұл төлемдердегі делдалдық. Мұндай
делдалдық нәтижесінде банктер еркін ақша капиталын пайыз әкелуші капиталға
айналдырады.
Қазіргі кездегі банктік істің негізін Испанияның ортағасырлық
айырбастаушыларының қызметіндегі көруге болады.
Қазіргі түсініктегі алғашқы банк 1407 жылы Италияда лғашқы вексель
пайда болды.
Кейбір елдерде банктердің кейбір қызметтері заң түрінде шектелді. Банк
қызметінің өатаң регламенттелуі және лицензиялануына байланысты несие ісін
ұйымдастырудың екі типі болады. Мұндай құрылымдар АҚШ-та, жапонияда
қалыптасты, ондағы депозиттерді қабылдау мен қысқа мерзімдік несиелерді
беру жөніндегі банктік операциялар компанияның бағалы қағаздарын шығару мен
орналастыру операцияларынан және қызметтердің кейбір басқа арнайы
түрлерінен (сақтандыру, жылжымайтын мүлікке қатысты мәміле) заңды түрде
бөлінген еді.
Әмбебаптық құрылым кезінде заңда операциялардың жекелеген түрлеріне
және қаржылық қызмет көрсету саласына қатысты шектеулер болмайды. Барлық
несиелік мекемелер операциялар мен қызметтердің барлық түрлерін атқара
алады. Қаржылық әмбебап дүкендердің, супермаркеттердің мұндай типі
Францияда, Швецарияда, Ұлыбританияда және т.б. қалыптасты. Бұл елдерде көп
дәрежеде несиелік жүйесінің жекелеген буындарының операциялары және
мамандануы арасындағы шекаралар жойылады. Біздің еліміздегі негізгі
коммерциялық банктер әмбебап болып табылады, көптеген банктік
операциялармен айналасады.
АҚШ –тағы барлық несие-қаржы мекемелерін депозиттік және депозиттік емес
деп бөледі. Депозиттік мекемелерге депозиттік шоттарды ашу формасында ақша
қаржыларын қабылдау рұқсат етілген. Депозиттік емес мекемелерге ақшалай
құралдарды тартудың басқа формалары (зейнетақы жарналары, бағалы қағаздарды
және сақтандыру полистерін сату және т.б.) рұқсат етілген. [10]
Депозиттік мекемелерге коммерциялық банктер, өзара жинақ банкілері,
ссуда-жинақ ассоциациялары, несие одақтары; ал депозиттік емес мекелерге
сақтандыру компаниялары, жеке зейнетақы қорлары, қаржылық, инвестициялық
компаниялары, ақшалай нарықтың өзара қорлары жатады.
Банктер өздері орындайтын қызметтердің ерекшелігін байланысты екі
түрге бөлінеді: эмиссиялық және эмиссиялық емес.
Эмиссиялық – бұл айналымға ақша белгілерін эмиссиялау (шығару) құқығы
бар орталық банктер. Әр түрлі елдерде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz