Акбар билігі


Мазмұны.
Кіріспе . . . 3
1. Зерттеудің мақсаты, міндеті
2 Зерттеудің өзектілігі
2. Тарау. Акбар билігі.
2. 1 Акбар билігі кезіндегі халық жағдайы . . . 4
2. 2 Акбар билігі кезіндегі соғыстар . . . 8
Қорытынды . . . 12
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 13
Сілтемелер қатары . . . 14
Кіріспе.
Атақты император Желаладин Акбарды, оның билеген жылдарын (1562-1605) үндістандықтар «Акбар ғасыры» деп атаған. Араб тілінен аударғанда Акбар сөзі ұлы дегенді білдірсе, өмірі де соған сай болған. Әкесі ол туралы: "Ісімен және қимылымен ол бұ дүниедегі адамдарға мүлде ұқсамайды, одан Алланың ұлылығы танылады" деген екен. Үндістанның қоғам қайраткері, діни реформаторы және атақты философы Свами Вивекананда Акбарға деген ерекше құрметін таныта келе. ол туралы: "Өзінің қол астындағыларды көп ойлаған Акбар сияқты патшалар өте аз", депті. 400 жылдан астам уақыт өтсе де үндістандықтар үшін Акбар мейірімділік, әділеттілік және тектіліктің символы болып есептеледі. [2]
Акбар мемлекеттік саясаттың үш негізгі принципін ұсынады. Олар: ұлттық мемлекетті сақтау, солх-и-кула принципі - баршасы үшін бейбітшілік, яғни мұсылмандар мен үнділерді бітістіре білу, және Үндістанды біріктіру. Акбардың билік құруының бастапқы кездері екі дін: дәстүрлі индуизм мен "сырттан келген" ислам болған. Ол сындарлы саясат жүргізу арқасында көп ұлтты Үндістанда үзақ жылдар бойы бейбітшілікті сақтап келген. [5]
2. 1 Акбар билігі кезіндегі халық жағдайы.
Шыңғысхан мен Ақсақ Темірдің ұрпағы, Ұлы Моғол әулетінің негізін кұрушылардың немересі 49 жыл билік кұрған Акбар шынымен де кім?
Ол 1542 жылы 15 казанда өмірге үлде мен бүлдеге оранған патша сарайында емес, Үндістандағы Раджастанның шөліндегі әскери лагерьде өмірге келеді. Оның әкесі Хумаюн (Итала қаздың жұмыртқасынан шығады деп аңыз етілетін құмай тазының атынан алынған) хан сол кездері кедей болғаны соншалык, тіптен Акбар туғанда жақындарына бір шәугім шай да бере алмаған. Ал анасы Хамиде Бану Бегім небәрі 14, ары кетсе 16 жаста болатын. ұлды болған соң Хумаюн оны Кабулдың билеушісі туған інісі Кимранға тастап, әйелі екеуі Иранға қашуға мәжбүр болады. Өйткені, оның тағын ауғандық Шершах тартып алып, артына куғыншы салып қойған еді. Содан Акбар балалық шағында көп киындыктарды бастан өткереді. [5]
1555 жылы Акбар бір мүшелге толғанда 15 жылдай қуғында жүрген 46 жастағы әкесіЖумири әскерлерінің күшімен қайтарып алады. Бірақ бірнеше айдан кейін намазға асығып бара жатқанда баспалдақтан құлап, көз жұмады. Акбардың ерте есеюі сол күннен басталды деуге болады.
Әрине, ол бірден мемлекетті басқарып кеткен жоқ. Бастапқыда оның қамкоршысы болып, кезінде әкесі ғана емес, сондай-ақ атасы Бабырға да адал қызмет еткен түркімен Байрам хан оған көп септігін тигізді. [6]
Байрам хан адал, тәжірибелі әскербасы еді. Бірақ оның қаталдығы сарайдағыларды ғана емес, Акбардың да шыдамын тауысады. Ақырында 1560 жылы Акбар оны Меккеге жер аударуға мәжбүрлеп, билікті қолына алады. Жер аударғанмен 4 жасынан билік сарайына әкелінген, Байрам ханның немересі Абдуррахимды Акбар өзінің жанынан шығармайды, кейіннен оған хан-ханнан - «хандардың ханы» деген кұрметті атақ берелу Абдуррахим саясаткер ғана емес, ол ғалым және Үндістанның түрлі тілдерінде жазатын белгілі акын да болатын.
Байрам ханның тәжірибесінен сабақ алған Акбар билік қүмар топтардан арылып, әскер-басы және саясаткер ретінде бәрін өз қолына алады . Ол билік құрған уақытты шартты түрде мынадай төрт кезеңге бөлуге болады:
Бірінші кезең - 1562-1574 жылдар, мемлекет шекарасын кеңейту; екінші кезең - 1574-1580 жылдар, экономикалық реформалар жасау; үшінші кезең - 1580-1602 жылдар, жаңа аймақтарды жаулап алу; төртінші кезең - 1582-1605 жылдар діни реформаны іске асыру.
Үндістанды Акбар билеген кезенде бүл елдің дүние жүзіндегі ең бай мемлекеттердің біріне айналуы экономикалық реформаларының нәтижесі еді. Оның қатарында діни реформа да болды.
Акбар реформасының сыры неде?
Жаулап алудың бірінші кезеңі аяқталысымен ұлы әмірші империяның ішіне өзгеріс енгізу мәселесіне көңіл бөледі. Міндет оңай емес. Қатып қалған дәстүр, салт, діндері бар түрлі этностардың жиынтығын жалпыұлттық идея төңірегіне ұйыту, түтастыкқа қол жеткізу қажет болды. Дегенмен, Акбардың тұрақты түрде, біртіндеп жүргізген реформасы өзі қүрған империяның жарты ғасыр өмір сүруіне мүмкіндік беріп, индуизм мен исламның қайталанбас мәдени үйлесімін жүзеге асыруға алып келді.
Акбарға сопылык та өте орасан ықпал еткен. Жас кезінде ол өзіне муршид (рухани үстаз) ретінде Шиштие орденінің сопысы - шейх Сәлім Шиштиені тандап алады және оның шәкірті Абдулла Ниязимен достасады. Сол кездері Үндістанда ортодокс мұсылмандар аз болса да маңызды орында тұрды. Құранның қасиетті мәтіндерін және хадистерді окуды ол Аллаға жакындай түсудің жалғыз ғана жолы деп санаған.
Акбардың өмірін зерттегендер: "Ол барша халық үшін сүйікті елбасшы болды. Озбыр-ларға қатаң еді, қарапайым шаруалармен, тіпті кдндай қызметте екендігіне қарамастан көршілер, шетелдіктер, христиандар, сарациндер, пұтка табынушылар болса да жалпы қарапайым адамдарға мейірімді болатын. Сондықтан олардың бәрі де оны өздеріне жақын тартып сенетін", дейді. [7]
Акбар әр істің мән-жайына үңіліп, байыбына баруға тырысатын. Ол патшалык. құрған жылдары күніне үш реттен кеңес - дарбара өткізіп отырған. Біріншісі - ашық сарай қабылдауларына, екіншісі - ағымдағы мәселелерді шешуге арналса, үшіншісі - кешке немесе түнде өткізіліп, онда діни істер мен мемлекеттік саясат талкыланатын. Өзі жоғары судья болғандықтан бір күнді соттың мәселелеріне арнайтын) Бұл тәртіптің кзтаң сақталғандығы сондай, тіптен оларды әскери жорық кезінде де өткізуге уакыт тауып отырған. Акбар өзінің төзімділігімен, тектілігімен және жомарттылығымен көптің жүрегіне жол тауыпты. Әсіресе, оның айналасындағы "тоғыз қазына" аталып кеткен рух жағынан Акбарға жақын талантты тоғыз адамның атқарған қызметтері ерекше болған. Олардың арасында әнші Тансен, әскербасы Ман Сингх, данагөй сөз шебері Бирбал, атақты ғалым, саясаткер және жазушы шейх Мүбарак Нагори және оның екі баласы, үлкені Абул Файз Файзи мен кішісі Абул Фазл Аллами болды. Шейх Мүбарак махдизм жолымен жүретін, философия, дінтану, тарих, әдебиет бойынша энциклопедиялық білім жинаған сарай жастарының ұстазы еді. Дәстүрлі ғылымдарды зерттеумен қатар, Мүбарак шәкірттері ежелгі Үндістан тарихы мен әдебиетін қай тілде жазылса сол тілде оқитын. [3]
Талантты аудармашы және тарихшы Бадауни исламдық догмадан аттай алмай, "барша адам үшін бейбітшілік" саясатын іштей кінәлап, өле-өлгенше өз ойын құпияда сақтау мен кеткен. Бірақ Акбарды ерекше қасиеттері үшін қадір тұтатын. Б-цауи парсы тіліне "Махабхарата", "Рамаяна" сияқты үндінің эпикалык. дүниелерін, өзге де өлеңдерді аударуға қатысқан.
Акбарға Абу-л Файз Файзиді сарайға алуды мырза Әзиз Кок алғаш рет 1568 жылы ұсынады. Абу-л Файз Файзи падишахтың сыртқы саясат бойынша кеңесшісі бола жүріп, түрлі дипломатиялық миссияны атқарған. Бірақ бәрінен бүрын оның атағын жайған ақындығы мен ғалымдығы еді. Ол математикадан, медицинадан, астрологиядан, филологиядан, дін және философиядан 100-ден астам трактаттар, поэмалар, рубаилар, лирикалық және философиялық мағынадағы ғазалдар жазған. Ол "Махабхарата" сюжетіне негіздей отырып, ақылға шақыратын "Наль мен Даман" дастанын өмірге келтірген Файзиді Акбар өте жоғары бағалап, үш ұлының ақылшысы етіп тағайындап, оған 'ақындар патшасы" деген атақ берген. Оның жеке кітаханасында санскрит, парсы. араб, түрік және жаңа үнді тіддеріндегі 4000 кітап болған. Өзінің кіші інісі Абу-л Фазл екеуі ұлы әміршінің тапсыруымен ежелгі үнді дүниелері[7]
Тағдырдың Акбарға сыйлаған сыйының бірі Файзидің інісі Абу-л Фазл Аллами еді. Оны Акбар еркелетіп, аллими - "менің ғылымым" деп атаған. Өзінің өмірбаянында Абу-л Фазл "он жыл бойы кітаптан бас көтермей, одан басқа зороастризм мен Тибет ламаларының ілімдерін зерттеуден тамақ пен үйкыға зорға уакыт табушы едім", дейді. Ол сарайға басында іс қағаздарын жүргізуші болып жұмысқа алынып, кейіннен Акбар оның керемет қабілетін байқап, бас министр - уәзір деңгейіне дейін көтереді. Падишахтың досы және кеңесшісі бола жүріп, барлық мемлекеттік өзгерістерге қатысып, 50 жасында ол Декан өңірін жаулауға жіберілген армияны басқарады. [1]
Акбар бір күні Абу-л Фазлды көтеріліс жасаған өзінің үлкен ұлы, шахзада Сәлімді басу айтып, тыныштандыруға жүмсайды. Бірақ Абу-л Фазлды жек көретін Сәлім қанішер раджпуттық Раджаны қастандық жасауға жұмсап, оны өлтіреді. Сөйтіп, үнділіктер мен мұсылмандардың арасында бірлік пен татулықты құруға бүкіл өмірін сарп еткен Абу-л Фазл тағдырдың жазуымен үндіраджа мен мұсылман шахзадасының ауыз жаласуы арқылы жасалған астыртын қаскөйліктің құрбаны болып, қаза табады. Ол кезде 60-қа келіп қалған монарх Акбар мұны естіп қатты қайғырып: "Егер Сәлім тақка отыруға соншалық асыққан болса, Абу-л Фазлға аяушылық жасап, одан да мені өлтіргені жақсы болатын еді, деген екен.
2. 2 Акбар билігі кезіндегі соғыстар.
Абу-л Фазл болса ұрпақтарға үш томдык "Акбарнама" атты еңбек жазып қалдырады. Онда Бабыр мен Хумаюнның елді басқаруы туралы мәліметтер, Акбардың балалық шағынан бастап, 1593 жылға дейінгі патшалық құруы. дипломатиялық хат алысулары, жарлықтарынан тұратын "Акбардың ұстанымдары", сарай тәртібінің сипаты, армияның құрылымы, падишах реформасы туралы мәліметтер, сол кездегі атақты адамдардың тізімі, космография, география, философия, сондай-ақ Үндістандағы сенім-нанымдар бар. Соңында Акбардың нақыл сөздері мен өзінің өмірбаяны келтіріледі. Бүл еңбек әлі күнге дейін қазік тілін былай қойып орыс тіліне де аударылмаған. [2]
Ислам мен басқа да діндердің негізін зерттеп білу үшін Акбар 1575 жылы атакты ибабатхана - "Құлшылық ету үйін" салуы бұрын сонды естімеген жаңалық болады. Әуелі ибадатханаға құлшылық ету үшін барлық мұсылмандар өзге дін ұстаушылар шақырылған. Олармен Акбар сұхбат құрған. Ибадатхананы ашар алдында ұлы әмірші: "О, данагөй молдалар, сендердің міндеттерің, шындықты орнату, нағыз шын дін жолын тауып, қада-ғалап отыру. Пендешіліктің сиқырына бағынып, шындықты жасырып қалу ниетіне байланып қалмаңдар. Алла тағаланың бүйрығына қарсы ештеңе айтпаңыздар. Егер, сіздер осыларды істемейтін болсаңыздар өздеріңіздің арам әрекеттеріңіз үшін Алла алдында жауаптысыздар!" дейді. [5]
Бастапқыда Акбар қүлшылық үйіндегі күндізгі басқосудан кейін мұсылмандық зікір айтып, тапжылмай намаз оқып, небір түндерді үйқысыз өткізіп жүреді. Бірақ осы кезде артық сөйлейтіндер шығып, кей кездері оның арты төбелеске айналып кететінді шығарады. Оны көрген Акбардың жүрегі қан жылайды. Келісімге келе алмай, бір-бірлерін балағаттап, даттайтын уағызшылардың дінге күмәнмен қарайтыны өзегін өртейіді. Діни келіспеушіліктерге тыйым салу үшін және халықты біріктіру үшін Акбар басқа діндерге сенетіндермен де, өз адамдарымен де әңгіме-сұхбат жүргізеді.
1582 жылы Акбар діни араздықтарды жұмсарту мақсатында саясатты одан әрі белсенді жүргізіп, діни иллахиды - "қүдайшылык. дінін" жариялайды.
Дини иллахи - әр түрлі діндердің ең үздік жақтарының жиынтығы еді. Акбар жүргізген реформалар оның ең алдымен адамның ар-ожданын, ұлттың рухани жан дүниесіне құрметпен қарауға бағытталған, алысты көздеген саясаты көп нәтиже береді. Көптеген салықтарды қысқартады. Жесір әйелдердің өзін-өзі өртеуін заңсыз деп жариялайды. 16 жасқа жетпеген ұлдардың және 14 жасқа толмаған қыздардың некелесуіне тыйым салады. Ол заңның өлі оргнііне батыл қарсы шығып, адамдардың рухани еркін болуын ұсынады. и Адамның артықшылығы оның асыл казынасы болып табылатын санасына байланысты . . . Көп адамдар ешбір ішкі жүрек сезімнен өткізбей жатып, құбылыска сенбей түрып. әр нәрсенің сыртқы сипатына қарап және мнын әр әрпіне бүгіліп. іс-әрекетке барады. . Енді дәлел-дәйексіз ешқашан калам жасауға болмайтыны белгілі болып отыр сана-сезім құптауынан өткен сенім ғана шындық болып саналады деген ұлы сөзін қалдырады. Оның: "Қисык көз, кыли адам дәл ортаны көре алмайды, деген сөзі де көп нәрсені аңғартады. Мұның бәрі дінии иллахидың ең басты бағыттары болған. Акбар: "Сана-сезім заңымен жүрудің - мақтауға тұрарлық, ал күл болып, баскаларға ұксап бағудың - ақамақтық екендігін дәлелдеп жатудың керегі жоқ. Егер біреуге ұқсау касиет болып табылатын болса, онда барлық пайғамбарлар өздерінен бұрынғыдан айнымай калған болар еді . . . Дәстүр-ге бағынышты келетін көптеген акымақтар ескілік салтты ақыл мен естің көрсетер жолы деп танып, өздерін мәңгілік масқараға калдырады", дейді. [3]
Акбар сонымен бірге Үндістандағы түрлі діндердің сүшті жақтарын творчестволық тұрғыдан байланыстыра білді. Иахдизмнен - "турашыл билеуші" идеясы. сикхтардан- иерархия принципі, яғни рухани ұстазға сөзсіз бағыну және ұлағат тұту; үнділіктерден - брахмандык белгілерін алып жүру және вегетариандық, парсылардан - күн мен отқа сиыну салтын; джайындардан- жәндіктерге мейірімі және олар үшін арнайы орындар салдыру алынды. Дини иллахиді ұстанушылар кездескенде: Аллаху Акбар деп амандасқан, яғни бір жағынан: "Акбар және Құдай", екінші жақтан "Құдай тағала - ұлы" дегенді білдіріп, кездескен сайын бір- ( біріне жоғары тұрған күдіретті еске алғызу \ мақсаты болған.
"Құдайшылдық дінді" жаңа кабылдағандар баска сенімдегілерді құрмет тұтуға, өз дініне ешкімді күштеп кіргізбеуге. сондайақ тіпті жәндікке қиянат келтірмеуге ант берген. [1]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz