Қазақстанда ақша айналымының жағдайы



КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..


ҚАЗАҚСТАНДА АҚША АЙНАЛЫМЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ... ... ... ... ... ... ...

1. Ақша айналысының негiзгi көрсеткiштерi және оның құрылымы ... ... ... ... .
2. Қазақстан Республикасының ақша жүйесі және ақша айналысы, оларды реттеудің қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қазiргi жағдайда ақша шаруашылық өмiрдiң ажырамас бөлiгi болып табылады. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективтi алғышарттарды құрайды. Бiрақ кез-келген зат тауар бола алмайды. Егер тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткенi оның қоғамға қажетi шамалы. Сондықтан да әрбiр тауар қажеттi тұтыну құның алу құралы бола отырып , өзiнiң өндiрушiсiне қатынасы бойынша айырбас құны ретiнде көрiнедi. “Айырбас құн тауарлардың өзiнен бөлiнiп шыққан және олармен бiрге өз бетiнше өмiр сүретiн тауар, ол ақша”.
Шаруашылықтағы тауарларды өткiзуде, сондай-ақ тауарлы емес төлемдердi және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететiн қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысын – ақша айналысы деп атайды. Егер айналымдағы ақша көлемi шаруашылық қызмет етуiне қажеттi ақша массасынан артық болса, онда қоғамда ақшаның құнсыздануы етек алып, ол өз кезегiнде экономикалық активтiлiктi төмендетiп, экономиканы дағдарысқа алып келедi. Сондықтан, ақшаның мәнiн, оның айналыс заңын, ақша айналысына қажеттi ақша массасының көлемiн анықтау және ақша массасын құраушы ақша агрегаттарының құрамдарын талдап, оны ұлттық экономика тұрғысында тиiмдi пайдалану жолдарын анықтау менiң бұл тақырыпты орындауымдағы мақсатым болып табылады.
Сондықтан мен экономикалық теория пәнiнен жұмысымның тақырыбын “Ақша айналысының тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері” деп алдым.
Бұл тақырыптың өзектiлiгi басқа нарықтар секiлдi ақша нарығында да ақшаға сұраныс пен ұсыныс болады. Ақша нарығының тепе-теңдiгi экономика дамуы үшiн тиiмдi болып табылады. Сондықтан осы ақша, ақша нарығының қызмет етуiн жақсарту өз егемендiгiн ендi ғана алған елiмiз үшiн ең маңыздысы. Әсiресе ол ұлттық экономиканы ынталандыру және инфляцияны азайтып, тұрақты экономикалық өсуге қол жеткiзуге өз септiгiн тигiзедi.
Елiмiздегi рыноктық қатынастардың дамуы экономиканың еркiн түрде өздiгiнен дамуын талап етедi. Бiрақ әлемдiк тәжiрибе көрсеткенiндей барлық рыноктың механизмдерiнiң мемлекеттiк реттеусiз толық қанды қызмет етуi мүмкiн емес. Ал мемлекеттiң экономикаға әсер етуi үшiн белгiлi бiр саясаттар жүргiзу арқылы ғана араласа алады. Ал осы саясаттардың ең негiзгiлерiнiң бiрi мемлекеттiң салық-бюджет және ақша-несие саясаты болып табылады.
Ал бұл екi саясат та ақша нарығының саясаттары болып табылады. Сондықтан ақша нарығы экономикадағы ең негiзгi нарық деп аталады. Бұл нарықтың негiзгi элементi әрине ақша болып табылады.
Ақша – қаржы активi бола отыра, тауардың жалпы эквивалентiнiң тиянақталған түрi. Құнның эквиваленттiк формасы. Оның негiзгi қасиетi өтiмдiлiк болып табылады.
Ақша көлемiн монетарлық және ақша саясаттары арқылы мемлекет белгiлейдi, яғни бұл қызметтi монополиялы түрде Ұлттық Банк атқарады. Ақшаның сандық теориясында айналыстағы жүрген ақша массасы экономикадағы өндiрiлген өндiрiс көлемiне тең болуын сипаттайды. Егерде бұл теңдiктен ауытқыса экономикада тұрақсыздық туындайды.
Осылайша менiң осы жұмысты орындаудағы негiзгi мiндеттерiм келесiдей:
• Ақшаның жалпы экономикалық категория ретiндегi маңыздылығын, оның түрлерiн және экономикадағы негiзгi қызметтерiн талдау;
• Ақша айналысының механизмiн және одан туындайтын ақша теорияларының қазiргi даму жағдайын анықтау;
• Ақша айналысының iске асу механизмiн және оны реттеу шараларын қаарстыру;
• Ақша айналысының негiзгi көрсеткiштерi болып табылатын ақша базасы және ақша агрегаттарын қарастыру және олардың елiмiздегi дамуын және оларды реттеудiң маңыздылығын атап өту;
1. Ақша, несие, банктер: Оқулық / Ғ.С. Сейiтқасымов. – Алматы: Экономика, 2001ж. - 466 б.
2. С.Б. Мақыш, Оқу құралы / “Ақша айналысы және несие” – Алматы, Қазақ университетi, - 2004ж. – 248 бет.
3. Деньги, кредит, банки: Учебник / Под. Ред. О.И Лаврушина, Изд.
4. 2-е, - Москва: 1999г.
5. Абрамова М.А., Александрова Л.С. / Финансы, денежные обращение и кредит. Учебние пособие – Москва , 1996г.
6. Баян Көшенова , Оқу құралы / Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары, - Алматы: “Экономика” 2000ж.
7. Бункина М.К. / Деньги, банки, валюта, Учебные пособие – Москва, 1994 – 173 с.
8. А.И. Добрынина, Л.С. Тарасевича. - Экономическая теория. - Санк- Петербург. - 2001. – 362 с.
9. Агапова Т. А., Серегина С. Ф. - Макроэкономика : Учебник. – МГУ. - Изд-во “Дис”. - 1999. – 416с.
10. Ивашковский С.Н. - Макроэкономика: Учебник. – 2-е изд., испр., доп. – М.: Дело. 2002. – 472 с.
11. “Қ.Р-да ұлттық валютаны енгiзу туралы” Қ.Р. Президентiнiң заң күшi бар жарлығы // 12.11.1993.
12. “Қ.Р-ның ақша жүйесi туралы” Қ.Р-ның Заңы // 13.12.1996.
13. Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы 1997 ж. 28 сәуiрдегі N 97-1 Қазақстан Республикасының Заңы.
14. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi № 004 баспасөз релизi 2005 13 қаңтар // Банки Казахстана №1 2006г
15. «О текущей ситуации на финансовом рынке» // Банки Казахстана,
№ 9 - 2007 г. 2-3 стр.
16. Статистический ежегодник. Алматы. – 2007г.- 446 с.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КIРIСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..

ҚАЗАҚСТАНДА АҚША АЙНАЛЫМЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ... ... ... ... ... ... ...

1. Ақша айналысының негiзгi көрсеткiштерi және оның құрылымы
... ... ... ... .
2. Қазақстан Республикасының ақша жүйесі және ақша айналысы, оларды
реттеудің қажеттілігі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..

ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

КIРIСПЕ

Қазiргi жағдайда ақша шаруашылық өмiрдiң ажырамас бөлiгi болып
табылады. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективтi
алғышарттарды құрайды. Бiрақ кез-келген зат тауар бола алмайды. Егер
тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса,
онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық
формаға ие емес, өйткенi оның қоғамға қажетi шамалы. Сондықтан да әрбiр
тауар қажеттi тұтыну құның алу құралы бола отырып , өзiнiң өндiрушiсiне
қатынасы бойынша айырбас құны ретiнде көрiнедi. “Айырбас құн тауарлардың
өзiнен бөлiнiп шыққан және олармен бiрге өз бетiнше өмiр сүретiн тауар, ол
ақша”.
Шаруашылықтағы тауарларды өткiзуде, сондай-ақ тауарлы емес төлемдердi
және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететiн қолма-қол және қолма-
қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысын – ақша айналысы деп
атайды. Егер айналымдағы ақша көлемi шаруашылық қызмет етуiне қажеттi ақша
массасынан артық болса, онда қоғамда ақшаның құнсыздануы етек алып, ол өз
кезегiнде экономикалық активтiлiктi төмендетiп, экономиканы дағдарысқа алып
келедi. Сондықтан, ақшаның мәнiн, оның айналыс заңын, ақша айналысына
қажеттi ақша массасының көлемiн анықтау және ақша массасын құраушы ақша
агрегаттарының құрамдарын талдап, оны ұлттық экономика тұрғысында тиiмдi
пайдалану жолдарын анықтау менiң бұл тақырыпты орындауымдағы мақсатым болып
табылады.
Сондықтан мен экономикалық теория пәнiнен жұмысымның тақырыбын “Ақша
айналысының тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері” деп алдым.
Бұл тақырыптың өзектiлiгi басқа нарықтар секiлдi ақша нарығында да
ақшаға сұраныс пен ұсыныс болады. Ақша нарығының тепе-теңдiгi экономика
дамуы үшiн тиiмдi болып табылады. Сондықтан осы ақша, ақша нарығының қызмет
етуiн жақсарту өз егемендiгiн ендi ғана алған елiмiз үшiн ең маңыздысы.
Әсiресе ол ұлттық экономиканы ынталандыру және инфляцияны азайтып, тұрақты
экономикалық өсуге қол жеткiзуге өз септiгiн тигiзедi.
Елiмiздегi рыноктық қатынастардың дамуы экономиканың еркiн түрде
өздiгiнен дамуын талап етедi. Бiрақ әлемдiк тәжiрибе көрсеткенiндей барлық
рыноктың механизмдерiнiң мемлекеттiк реттеусiз толық қанды қызмет етуi
мүмкiн емес. Ал мемлекеттiң экономикаға әсер етуi үшiн белгiлi бiр
саясаттар жүргiзу арқылы ғана араласа алады. Ал осы саясаттардың ең
негiзгiлерiнiң бiрi мемлекеттiң салық-бюджет және ақша-несие саясаты болып
табылады.
Ал бұл екi саясат та ақша нарығының саясаттары болып табылады.
Сондықтан ақша нарығы экономикадағы ең негiзгi нарық деп аталады. Бұл
нарықтың негiзгi элементi әрине ақша болып табылады.
Ақша – қаржы активi бола отыра, тауардың жалпы эквивалентiнiң
тиянақталған түрi. Құнның эквиваленттiк формасы. Оның негiзгi қасиетi
өтiмдiлiк болып табылады.
Ақша көлемiн монетарлық және ақша саясаттары арқылы мемлекет
белгiлейдi, яғни бұл қызметтi монополиялы түрде Ұлттық Банк атқарады.
Ақшаның сандық теориясында айналыстағы жүрген ақша массасы экономикадағы
өндiрiлген өндiрiс көлемiне тең болуын сипаттайды. Егерде бұл теңдiктен
ауытқыса экономикада тұрақсыздық туындайды.
Осылайша менiң осы жұмысты орындаудағы негiзгi мiндеттерiм келесiдей:
• Ақшаның жалпы экономикалық категория ретiндегi маңыздылығын, оның
түрлерiн және экономикадағы негiзгi қызметтерiн талдау;
• Ақша айналысының механизмiн және одан туындайтын ақша теорияларының
қазiргi даму жағдайын анықтау;
• Ақша айналысының iске асу механизмiн және оны реттеу шараларын
қаарстыру;
• Ақша айналысының негiзгi көрсеткiштерi болып табылатын ақша базасы
және ақша агрегаттарын қарастыру және олардың елiмiздегi дамуын және
оларды реттеудiң маңыздылығын атап өту;
• Еліміздегі ақша айналысының бүгінгі таңдағы даму бағыты мен болшағына
тоқталып өту болып табылады.
жұмыстың бірінші бөлімінде жалпы ақша айналысының теориялық жағын,
екінші бөлімде Қазақстандағы ақша айналысының дамуы мен бүгінгі таңдағы
ақша айналысының көрсеткіштеріне тоқталдым, ал үшінші бөлімде ақша
айналысының қазіргі бағыттары мен даму болашағының маңыздылығын атап өттім.

жұмысымды орындау барысында келесі авторлардың ғылыми еңбектерін
қолдандым: О.И Лаврушина, С.Б. Мақыш, Баян Көшенова, Ғ.С.
Сейiтқасымов және т.б. авторлар еңбектері. Сондай-ақ еліміздің соңғы
жылдардағы экономикалық журналдары: Банки Казахстана мен РЦБК
журналдарын пайдаландым.

І. ҚАЗАҚСТАНДА АҚША АЙНАЛЫМЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ

1. Ақша айналысының негiзгi көрсеткiштерi және оның құрылымы

Ақша айналысының негiзгi сандық көрсеткiштерiнiң бiрiне ақша массасы
мен ақша базасы жатады.
Ақша массасы – жеке тұлғаларға, кәсiпорындар мен мемлекетке тиiстi
және шаруашылық айналымына қызмет ететiн сатып алу және төлем құралдарының
жиынтығы.
Белгiлi бiр күндегi және белгiлi бiр кезеңдегi ақша айналысының сандық
өзгерiсiн талдау үшiн, сондай-ақ ақша массасының өсуi мен көлемiн реттеуге
байланысты шараларды жасау үшiн әр түрлi көрсеткiштер пайдалынады.
Ақша айналымының екi жағының бiрлiгi, олардың бiр түрiнiң екiншiсiне
ауысуы жалпы ақша жиыны құрамын анықтауды қажет етедi. Себебi ақша жиыны
ақша айналымының сандық көрсеткiшi. Белгiлi бiр мерзiм аралығында сандық
өзгерiстердi талдау үшiн, сол сияқты ақша жиынының көлемiн және оның өсу
қарқынын реттейтiн iс-шаралар жүргiзу үшiн әр түрлi көрсеткiштер (ақша
агрегаттары) қолданылады.
Өнеркәсiбi өркендеген мемлекеттерде ақша жиыны құрамын анықтау үшiн
негiзгi ақша агрегаттарының төмендегi жиынтығын пайдаланады:
М1 – айналыстағы қолма-қол ақша ( банкноттар, тиындар ) және банктiк
ағымдағы шоттардағы қаражат ( депозиттер ) жатады;
М2 – оған М1 агрегаты және мерзiмдi 4 жылға дейiнгi коммерциялық
банктердегi мерзiмдi және жинақ салымдары кiредi;
М3 – бұған М2 агрегаты және арнаулы несие мекемелерiндегi жинақ
салымдары кiредi;
L – оған М3 агрегаты және iрi коммерциялық банктердiң депозиттiк
сертификаттары қосылады. 4, 157 б.
Қорыта айтқанда, әрбiр келесi ақша атрегаты өзiнен алдынғылардың
барлық элементтерiн өзiне бiрiктiрiп үлкен ақша жиынын құрайды. Бiрақ оның
алдынғыға қарағанда өтiмдiлiгi төмен.
Ақша жиыны нақты әр мемлекеттiң өзiне тән ақша-несие жүйесiмен
анықталады. Мысалы, АҚШ-та ақша жиынын анықтау үшiн – төрт, Швейцария мен
Германияда – үш, Ұлыбританияда – бес, Францияда – екi ақша агрегаты
қолданылады.
Ақша агрегаттарының құрылымы тұрақты қалыпта болмайды. Ол ақша нарығы
құралдарының дамуына байланысты өзгередi.
Ақша жиыны бiрнеше жолмен өсуi мүмкiн:
1. Банкноттар мен тиындарды эмиссиялау есебiнен;
2. Орталық банктен коммерциялық банктердiң несие алуымен;
3. Мемлекеттiк бюджеттiң кемшiлiгiн жабу үшiн Орталық банктiң үкiметке
несие беруiмен;
4. Орталық банктiң асыл металдарды, шетел валютасын және мемлекеттiк
бағалы қағаздарды сатып алуымен;
Ақша жиыны көлемiнiң өзгеруiне айналыстағы ақша жиынының өзгермелiгi
мен қатар, оның айналым жылдамдығы да әсер етедi. Ақшаның айналым
жылдамдығы жалпы экономикалық факторларға: экономиканың циклмен
өркендеуiне, экономикалық дамудың қарқынына, бағаның өзгеруiне, срнымен
бiрге таза монетарлық факторларға, яғни төлем айналымының құрылымына,
несиелiк операциялар мен өзара есеп айырысудың дамуына, ақша нарығындағы
пайыз деңгейiне және т. б. Байланысты өзгередi.
Ақша жиыны айналымының баяулауы – ұлттық жиынтық өнiмдi орналастыру
коэфицентiнiң төмен екендiгiнiң көрсеткiшi. Егер ақша айналысының
жылдамдығы артса, ол жоғары конъюктура барлығы және ақша қаражатын
жұмсаудың шапшандығын көрсетедi. Ақша айналысы жылдамдығы айналыстағы ақша
санына керi пропорционалды әсер етедi, яғни ақша неғұрлым көп айналыс
жасаса, соғұрлым қосымша ақша эмиссиясының қажеттiлiгi азаяды. Ақша
айналысының баялауы шаруашылық субъектiлерiнiң ақша қорын жинауға ұмтылысын
және ақша жиынының құрылымында банктердегi ұзақ мерзiмдi салымдардың
ұлғаюын көрсетедi.
Орталық банк экономикалық айналымға оның қажеттiлiктерiне сәйкес,
несиелеу жолдары бойынша қажеттi несие ақшаларының масасын беретiн,
өзiнiң эмиссиялық және несиелiк қызметiн атқарады. Ақша екi түрлi формада
болады: қолма-қол және банктiк айналымның ақшалары, яғни банктiк шоттардағы
қолма-қолсыз ақша қаражатының жазу формасындағы ақша белгiлерi. Ақшаның
бұл екi формасы бiр-бiрiмен тығыз байланыста. Банктiк айналымның ақшалары
әрдайым қолма-қол банкноталарға айналуы мүмкiн.
Ақша айналысының екi облысының бiрлiгi, яғни ақшаның қолма-қолсыз
формасының қолма-қол ақшаға ауысуы және бұған керiсiнше болуы ақша
массасының өзiне қандай компоненттердi қамтитынын анықтауды талап етедi.
Ақша массасының құрамы сол елдiң несие-ақша жүйесiмен анықталады.
Ақша жүйесi – бұл тарихи түрде қалыптасқан және ұлттық заңдылықтармен
бекiтiлген ақша айналысын ұйымдастыру формасы.
Жалпы мемлекеттiк заңдармен реттелген елдегi ақша айналысың
ұйымдастыру ақша жүйесi болып табылады. Әрбiр мемлекеттiң өзiнiң ұлттық
ақша жүйесi бар.
Ақша жүйесi келесi элементтерден тұрады:
Ақша бiрлiгiнiң атауы. ҚР-ның ақша бiрлiгi ретiнде 100 тиыннан
құралған 1 теңге болып табылады.
Ақша белгiлерiнiң түрлерi. Егер 1991 ж. 1 қаңтарына дейiн айналыста
қазыналық билеттер болса, онда қазiргi кезде ҚР ақша белгiлерi болып
олардың өсу құны бойынша төлемнiң барлық түрлерiне қабылданатын банкноттар
мен монеталардан құралады.
Эмиссия тәртiбi. Қолма – қол ақшаларды шығарып, олардың айналысын
ұйымдастыру және айналыстан шығаруды Ұлттық Банктiң қолма – қолсыз ақша
эквивалентiн алумен банкнота мен монеталарды сату формасында жүзеге
асырылады.
Ақша түрлерi. Заңды төлем құралы болып табылатын: қағаз және несие
ақшалар.
Валюталық бағам дегенiмiз – бұл басқа бiр елдiң ақша бiрлiгiне қатысты
бейнеленген сол елдiң ақша бiрлiгiнiң бағасы.
Әлемдiк тарихта ақша жүйесiнiң келесi типтерi болған:
• Металдық айналым, мұнда ақшалай тауар ақшаның барлық қызметiн атқарады,
ал несие ақшалар металға айырбасталады;
• Несие және қағаз ақша айналысы, мұнда алтын айырбастамайтын банкнотамен
айналыстан ығыстырылып шығарылады және қазынаға айналды.
Ақша массасының көбеюi бiрнеше каналдар бойынша жүредi:
• Банкноттар мен монеталар эмиссиясы есебiнен;
• Орталық банктен коммерциялық банктердiң несие алу жолдарымен;
• Орталық банктiң ел үкiметiне мемлекеттiк бюджет тапшылығын жабу үшiн
несие беру арқылы;
• Орталық банктiң бағалы металдарды, шетел валюталарын және мемлекеттiк
бағалы қағаздарды сатып алу жолымен;
• Коммерциялық банктердiң салымдарын жұмылдыру негiзiнде чектер эмиссиясын
шығару немесе займдар беру жолымен.
Осыдан барып ақша массасының көлемi Ұлттық Банк жүгiзетiн ақша – несие
саясатымен тығыз байланысты, мұндағы ең басты мақсат ақша массасынығ өсуiн
сақтау екенiн көремiз. Мақсатты белгiлеуде Орталық банк келесi
көрсеткiштердi ескертедi:
• Нақты бейнелеудегi ЖҰӨ-нiң болжанатын өсiмi;
• Жоспарлы кезеңдегi ақша айналысының есептелетiн жылдамдығы;
• Жоспарланған кезеңдегi инфляцияның максималды рұқсат етiлген денгейi;
Ақша массасы өсуiнiң бақылау көрсеткiштерi елдiң экономикалық
потенциялының болашақтағы ұлғаюын және оның пайдалану дәрежесiн ескере
отырып есептеледi. Бұл көрсеткiштiң тәжiрибе үшiн де маңызы зор.
Егер ақша массасы ақырын айналса, бұл ұлттық өнiмдi орналастыру
коэфиценттерiнiң өте төмендiгiн бiлдiредi, ал ақша айналысының жедел
қозғалысы қаражаттарды салыстырмалы түрде жылдам жұмсауды және жоғары
конъюктураны бiлдiредi. Ақша айналысының жылдамдығы ақша санына керi
пропорционал, яғни мұндай айналыстың жоғары жылдамдығы қосымша эмиссия
қажеттiлiктi қысқартуы тиiс. Керiсiнше, ақша айналысының ақырын қозғалысы
шаруашылық субъектiлердiң жинақтауға ұмтылысын, ақша массасы құрамында
ұзақ мерзiмдi салымдардың өсуiн көрсетедi.
Осымен 2-ші тараудың бірінші бөлімінде ақшаның негізгі көрсеткіштеріне
және олардың құрамы меен құрылымына тоқталып өтсем, енді келесі бөлімде
еліміздің ақша жүйесі мен оның айналысын талдау болып табылады.

2. Қазақстан Рсепубликасының ақша жүйесі және ақша айналысы, оларды
реттеу

Жалпы мемлекеттiк заңдармен реттелген елдегi ақша айналысың
ұйымдастыру ақша жүйесi болып табылады. Қазақстан Республикасында ақша
жүйесi 1995 жылы 30 наурыздағы “Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi туралы”
Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар Жарлығына сәйкес
ұйымдастырылған. Жарғы ақша айналысының ұйымдастыру негiзiн және
формаларын белгiлейдi, онда ресми ақша бiрлiгi, ақша белгiлерiнiң
эмиссиясы, сонымен қатар монеталарды жасау тәртiбi, ақша айналысын
ұйымдастыру және реттеу тәртiптерi қамтылады. Ал мұның алдында тұнғыш рет
1993 жылы ұлттық валютамыз теңгенi айналысқа шығарып, экономикада жаппай
етек алған инфляцияға төтеп бердiк. Ұлттық валютаның тиiмдi жолға түскенiн
және ұлттық экономика дамуына тиiмдi жол ашып отырғандығын көруге болады.
Ал 1999 жылы ұлттық валютамызды ұлттық және әлемдiк валюталық
қатынастарды еркiн рыноктық түрде дамыту үшiн еркiн айналымға жiбердiк.
Бүгiнгi таңда ұлттық валютамыз күннен-күнге нығайып, елiмiздiң тұрақты
экономикалық өсуiне даңғыл жол ашуда.
Банк жүйесiн реформалау және ақша банкнотасын өндiруге байланысты
өзiнiң меншiктi қуатын енгiзуi, Қазақстандағы қолма-қол ақшамен байланысты
жағдайды түбiрiмен өзгерттi. Осыған байланысты 1992 – 1993 ж.ж. қолма-қол
ақшаның тапшылығы тұсында енгiзiлген директивтi саясаттың орнына
Республикамызда қолма-қол ақша айналысын тұрақтандыру және басқарудың
экономикалық әдiстерiнiң алғышарттары жасалынды.
Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының валютасын шет ел
мемлекеттерiнiң ақша бiрлiктерiне айырбастау бағамын анықтау тәртiбiн
белгiлейдi. Қолма-қол ақшаның айналымы олардың банк кассасына үздiксiз
оралып отыру жолымен жүзеге асады.
Эмиссия – мемлекет тарапынан банкноттардың , тиындардың, бағалы
қағаздардың шығарылуы. Ол қолма-қол ақшасыз түрiнде де болуы мүмкiн. Қолма-
қол ақша түрiндегi эмиссия – айналысқа банкноттар мен тиындардың қосымша
шығарылуын сиапттайды.
Мiндеттi резервтер – бекiтiлген нормативке сәйкес Ұлттық Банктегi
арнайы шотта несие корреспонденттiк шотында сақталуға мiндеттi банк
депозиттерiнiң бөлiгi.
Артық резервтер – дегенiмiз банктердiң Ұлттық Банктегi
корреспонденттiк шотта қаражатының барлығына байланысты болғандықтан,
Ұлттық Банк ақша базасының мөлшерiн, екiншi деңгейдегi банктердiң Ұлттық
Банктегi корреспонденттiк шоттағы қаражатының көлемiн, яғни банктер
өнiмiлiгiн реттеу арқылы реттейдi. Экономикадағы ақша айналысының
жылдамдығы Ұлттық Банк арқылы тiкелей реттелмейдi, бiрақ оның мөлшерi
инфляция деңгейiне әсер етедi және ақша-несие саясаты үшiн үлкен мәнi бар.
Экономикадағы ақша айналысы жылдамдығының азаюы ұзақ мерзiмдi депозиттердiң
және ұзақ мерзiмдi инвестициялық несие салымдарының өсуiн көрсетедi, бұл
тек қана жалпы экономиканың тұрақтылығы және ұлттық валютаға деген сенiм
болғанда ғана мүмкiн, керiсiнше, ақша айналысының жоғары жылдамдығы ұлттық
валютаға деген сенiмнiң көрсеткiшi болып, ақша жынындағы қолма-қол ақша
үлесiнiң өсуiмен, ұзақ мерзiмдi жинақтардың төменгi үлес салмағымен,
шаруашылық субъектiлерiнiң ұлттық валютасын сенiмдi активтерге аударумен
бiрге жүредi.
Ақша айналысының жылдамдығы экономиканың монетарлық деңгейiне
байланыцсты болады, ол ақша жиынының жалпы iшкi өнiмге қатынасымен
анықталады. Айналыс жылдамдығы төмен болған сайын, монетарлық деңгейi
жоғарылайды.
Дамыған елдерге бұл процесс кеңiнен дами түсуде: оларда қолма-қолсыз
ақша айналысы өрiс алып жатыр. АҚШ – та халықтың есеп айырысуларының 25-
27%- зы ғана қолма-қол ақшамен, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Капиталистік қатынастардың Қазақстанға енуі және даму салалары
Ақшаның мәні мен қажеттілігінің қазіргі таңдағы анықтамасы
«Банктің вексельдермен операциялары және есебі»
Қазақстан Республикасындағы ақша айналымының қазіргі жағдайы және оны жетілдіру
Жоспарлы - орталықтанған экономика жағдайында ақша айналымының ерекшеліктері
Ақша экономикалық категория ретінде
Ақша жүйесі және ақша айналымы. Қазақстан Республикасының ақша жүйесі
Ақша айналымы және құрылымы
Қазақстан Республикасында қолма – қолсыз есеп айырысулардың жағдайын зерттеп, даму перспективаларын анықтау. әлеуметтік – экономикалық процестердегі маңызы мен орнын біліп алудағы теориялық және практикалық жағынан әзірлігін қамтамасыз ету
Қазақстанның сыртқы экономикалық дамуы
Пәндер