Атыс негіздері



Атыс дайындығы атыс міндеттерін нәтижелі орындауда атыс құралдарының дайындығын қамтамасыз ету, жеке кұрамды түрлі жағдайларында өз қаруын дұрыс пайдалана білуге үйрету мақсатында өткізіледі.
Алғашқы әскери дайындықты өтіп жаткан жастар үшін атыс дайындығы мынандай бөлімдерді қамтиды: атыс негіздері; қарудың материалдық бөлігі; атыстың тәсілдері мен ережелері; қол гранаттарын лақтыру; ұрыстағы бақылау және арақашықтықты анықтау.
Атыс негіздерінде атыс құбылыстары, сондай-ақ оқтың ауада үшу заңдылығы зерделеніледі. Бұл ату ережелерін меңгеру және қарсыласты ұрыста жеңіліске ұшырату мақсатында қаруды сауатты қолдана білу үшін қажет.
Қарудың материалдық бөлігінде қарудың құрылысы мен тағайындалуы, ұрыстық қасиеті оқытылып-үйретіледі. Қаруды қолдану, түрлі жағдайлардағы атыс кезінде қарудың кідіріссіз жүмыс істеуін қамтамасыз ету үшін тараудың маңызы зор.
Атыстың ережелері мен тәсілдерін оқып үйрену жергілікті жерде, aya райы, жыл мезгілі мен тәуліктің кез келген жағдайында жылжып келе жатқан, я болмаса көз алдында пайда болған немесе қозғалмайтын нысаналарды дәл ата алуға дағдыланып үйрену үшін қажет.Қол гранаттарын лақтыруға үйрету үрыс арысында туындаған кез келген жағдайда жақын қашықтықтағы қарулы қақтығыс кезінде түрлі орындардан кол гранаттарын лақтыра білу мақсатына арналған.
Ұрыстағы бақылау мен арақашықтықты анықтауға үйрету қарсыласты бақылау, нысаналарды табу, оларға дейінгі қашыктықты дәл анықтай алу, көздеу мен кездеу нүктелерін дүрыс таңдау, сондай-ақ кысқа уақыт ішінде атыс тапсырмаларын орындай білу дағдыларын калып-тастыру үшін өткізіледі.

Пән: Алғашқы әскери дайындық
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Орындаған: Ешмұратов Д.

Кіріспе.

Атыс дайындығы атыс міндеттерін нәтижелі орындауда атыс
құралдарының дайындығын қамтамасыз ету, жеке кұрамды түрлі жағдайларында
өз қаруын дұрыс пайдалана білуге үйрету мақсатында өткізіледі.
Алғашқы әскери дайындықты өтіп жаткан жастар үшін атыс дайындығы
мынандай бөлімдерді қамтиды: атыс негіздері; қарудың материалдық бөлігі;
атыстың тәсілдері мен ережелері; қол гранаттарын лақтыру; ұрыстағы
бақылау және арақашықтықты анықтау.
Атыс негіздерінде атыс құбылыстары, сондай-ақ оқтың ауада үшу
заңдылығы зерделеніледі. Бұл ату ережелерін меңгеру және қарсыласты
ұрыста жеңіліске ұшырату мақсатында қаруды сауатты қолдана білу үшін
қажет.
Қарудың материалдық бөлігінде қарудың құрылысы мен тағайындалуы,
ұрыстық қасиеті оқытылып-үйретіледі. Қаруды қолдану, түрлі жағдайлардағы
атыс кезінде қарудың кідіріссіз жүмыс істеуін қамтамасыз ету үшін
тараудың маңызы зор.
Атыстың ережелері мен тәсілдерін оқып үйрену жергілікті жерде, aya
райы, жыл мезгілі мен тәуліктің кез келген жағдайында жылжып келе жатқан,
я болмаса көз алдында пайда болған немесе қозғалмайтын нысаналарды дәл
ата алуға дағдыланып үйрену үшін қажет.Қол гранаттарын лақтыруға үйрету
үрыс арысында туындаған кез келген жағдайда жақын қашықтықтағы қарулы
қақтығыс кезінде түрлі орындардан кол гранаттарын лақтыра білу мақсатына
арналған.
Ұрыстағы бақылау мен арақашықтықты анықтауға үйрету қарсыласты
бақылау, нысаналарды табу, оларға дейінгі қашыктықты дәл анықтай алу,
көздеу мен кездеу нүктелерін дүрыс таңдау, сондай-ақ кысқа уақыт ішінде
атыс тапсырмаларын орындай білу дағдыларын калып-тастыру үшін өткізіледі.

1.Атыс негіздері.

Атыс құбылыстары. Ату — дәрілі зарядтың жануы негізінде пайда
болған газ қысымымен ұңғы арнасынан (снарядтардың, гранаттардың) шығуы.
Ату өте аз уакыт ііпінде жүзеге асады (0,001—0,06 с). Патрон капсюлінің
күш түсетін құрамына соқкыдан дәрілі зарядты тұтандыратын жалын пайда
болады. Дәрілі заряд жанған кезде ұнғы арнасында жоғары кысым тудыратын
қатты қызған газдың көп көлемі пайда болады. Газдың қысымымен оқ орнынан
козғалады да, кертікке соғылады, бірте-бірте үздіксіз артқан жылдамдықпен
үңғы арнасынан козғалады да, ұңгы арнасының осі бойымен сыртқа
шығарылады. Оқ соңынан үңғы арнасынан қызған газ шығады, ayara кезіккенде
ату кезіндегі дыбыс болып табылатын жалын және күшті толқын жасайды.
Үңғы ішіндегі кертік бұранда сияқты орындала-тындыктан, оқ үңғымен
келе жатканда айналмалы қозғалыста болады.
Бастапқы кезең дәрілі зарядтың жана бастауынан оқ қабының үңғы
кертігіне толық енуіне дейін созылады. Осы езеңце ұнғы арнасында оқты
орнынан қозғайтындай және оны үңгы кертігінде оның қабығының кедергі
жасауын блдырмайтындай 2500—5000 Нсм2 (250—500 кгссм2) кысым пайда
болады. Бірінші немесе негізгі кезең оқтьқ қозғала бастауынан дәрілі
зарядтьң толық жануына дейін созылады. Бұл кезеңнің басында, оқтың 4—6 см
жолдан өткен кезінде оның артындагы кеңістік (ок түбі мен оқсауыт түбінің
аралығы) көлеміне қарағанда, газдар саны жылдамырақ өседі, газ қысымы тез
ұлғайып, едәуір мөлшерге көтеріледі (ең жоғаргы қысым), атап айтқанда,
1943 жылы үлгідегі атыс қаруының оғының артына түсіретін салмағы — 27450
Нсм2 (2800 кг-ссм2). Сосьш оқ қозғалысының үлкен жылдамдығы әсерінен оқ
артындағы кеңістік көлемі жаңа газдар ағынына қарағанда тез өседі, ал
қысымы төмендейді.
Екінші кезең — дәрілі зарядтың толық жануы сәтінен ұнғы арнасынан
шыгу сәтіне дейін созылады. Газдың келуі тоқтаса да, катты қысылған және
қызған газ кеңейіп, оқты .қысып, оның жылдамдығьн тездетеді. Қысым тез
төмендеп, өр түрлі үлгідегі қарудың үңғы аузында ол 3000—9000 Нсм2
(300—900 кг-ссм2-ге) жетеді.
Үшінші кезең немесе газ әсерінен кейінгі кезең — үңғы арнасына
оқтың шығуы сәтінен оқ жылдамдығы өсуінің тоқтау сәтіне дейін созылады.
Үңғы арнасынан шығатын дәрілі газ ұңғының аузынан бірнеше ондық сантиметр
бойына оққа әсер етуін жалғастыра береді де, оның жылдамдығы оқ түбіндегі
дәрілі газ қысымы aya кедергісімен теңеспейінше ece береді. Одан әрі
оқтың ауада ұшуы инерцияға байланысты жалғаса береді және ол белгілі
дәрежеде оның бастапқы жылдамдығына байланысты болады.
Оқтың бастапқы жылдамдыгы — оқ ұңғы арнасынан шыққаннан кейінгі
оқтың ұшу нүктесіндегі қозғалыс жылдамддығы болып табылады. Ол vo
таңбасымен белгіленіп, мс-мен өлшенеді.
Оқтың бастапкы жылдамдығы қарудың маңызды ұрыстық касиетінің бірі
болып табылады. Бастапқы жылдамдығының артуы октың алысқа ұшу қашықтығын
арттырады, сыртқы жағдайлардың оның ұшуына кедергі жасауын төмендетеді.
Оқтың бастапқы жылдамдығының шамасы ұңғының ұзындығына, оқтың
салмағына, дәрілі зарядтьщ салмағы мен басқа факторларына байланысты.
Үңғы үзын болған сайын (белгіленген шамада) дәрілі газ оққа үзағырақ әсер
ете және оның бастапқы жылдамдығы да тезірек болады. Үңғының тұрақты
үзындығы мен дәрілі зарядтың тұрақты салмағына байланысты оқ салмағы аз
болған сайын, бастапқы жылдамдық тезірек артады.
Қарудың серпуі (кері соғуы). Ұңғы арнасында газ қысымы барлық
жаққа бірдей әсер ететін болғандықтан, ату кезінде ол оқты алға жылжытып
қана қоймай, қаруды артқа жібереді. Ату кезінде қарудың артқа қозғалуы —
серпу (кері серпу) деп аталады. Атыс қаруының серпуі иыққа, қолға немесе
жерге ұрғанда сезіледі. Қолмен ату қаруы серпуінің күші, әдетте 2 кг-нан
артпайды да, ол атушыға ауырт-палықсыз эсер етеді.
Ок серпуді тудыратын дәрілі газдың қысым күші мен серпу
кедергісінің күші бір тік осьте орналаспаған және қарама-қарсы жақтарра
бағытталған. Олар қарудың ауыз бөлігінің жоғары жақка ауытқуыньщ әсер
ететін күштер жүбын түзеді (29-сурет). Ауытқу көбірек болған сайын күштер
жүбының иыққа тебуі де үлкен болады. Оның нөтижесінде оқ үңғы арнасынан
атуға дейін берілгені бойышпа үңғы арнасының осі бағытымен емес, одан
атылған сәттегі үңіының арнасының осі орналасқан бағытпен ұшады. Атуға
дейінгі үңғы арнасы осі барытында және үңғы арнасынан оқтың үшу сәтіндегі
бағыты бойынша түзілген бұрыш — ушу бурышы деп аталады. Бүл бүрыштың
көлемі нақты мәнге ие және атқыштың даярлыгына байланысты болады. Үшу
бүрышын түракты көлемде сақтау үшін, атқыш даярланудың барлық
элементтерін түгел орындау керек.
Оқтың ауада ұшуы. Бүрандалы кертігі бар үңғы арнасынан атқан
кезде дәрілі газдар оққа тек қана үшу қозғалысын емес, айналдыру
қозғалысын да береді. Мұнда оған екі күш әсер етеді: ауырлық күші және
ауаның қарсылық күші. Ауырлық күші оқты лақтыру сызығынан бірте-бірте
көбірек ауытқыта береді. Ауаның қарсылық күші оқ қозғалысын бәсеңдете
береді, бағытынан оны тайдыруға тырысып, оқты айналу жарына қарай
ауытқытады. Осы екі күштің әсерінен оқ ауада үңғы арнасынан лақтырган
кездегі тік бағыт бойынша емес (лақтыру бүрышы) лақтыру сызырынан төмен
орналасқан қисық сызьқ бойымен ұшады.
Ауада ұшу кезіндегі оқ ауырлығьшың орталығын сипаттайтын көлбеу
сызық — траектория деп аталады.
Үшу кезінде оқтың лақтыру сызығы арқылы өтіп, оның айналуы жағына
қарай ауытқуы — деривация деп аталады.
Ауаның карсыласу күшінің түзілуі.
• ұшу нүктесі дегеніміз—ұңғыньщ ауыз бөлігінің ортасы.
Ол траекторияның бастамасы болып табылады;
• кездесу нүктесі дегеніміз — траекторияның нысана
бетімен (жер, тосқауыл) қиылысу нүктесі;
• қарудың белдеуі дегеніміз — ұшу нүктесі арқылы
өтетін белдеу жазықтық;
түсу нүктесі (кестелік) дегеніміз — траекторияньң қару
белдеуімен қиылысуы;
көтерілу нүктесі дегеніміз — барғытталған қарудың ұңғы
арнасы осінің жалғасы болып табылатын
түзу сызық;
ату жазықтыры дегеніміз — көтерілу сызығы аркылы
өтетін тік жазықтык;
кетерілу бүрышы дегеніміз—көтерілу сызығы мен қару
белдеуінің арасында орналасқан бұрыш;
лақтыру сызығы дегеніміз — октың ұшу сәтіндегі ұңғы
арнасының осі боп табылатын сызьқ;
лақтыру бүрышы дегеніміз — лактыру сызығы мен
қару белдеуінін арасындағы бұрыш;
үшу бүрышы дегеніміз — лақтыру бұрышы мен
көтерілу сызығының арасындағы бұрыш;
түсу бүрышы дегеніміз — түсу нүктесіндегі траек-
торияға қатысты жене кару белдеуінің
арасындағы бүрыш;

- траекторияның темен түсу бұтағы дегеніміз —
траектория шыңынан түсу нүктесіне дейінгі
траекториябөлігі;
көздеу нүктесі дегеніміз — кару бағытталған нысананың не одан тыс
нүктесі;
* көздеу сызығы дегеніміз — атқыш көзінен кездеуіш
ойығының ортасынан және қарауыл ұшынан
көздеу нүктесіне дейінгі өтетін түзу сызық;
көздеу бұрышы дегеніміз—көтерілу сызығы мен көздеу
сызығының арасынан өтетін сызық;
нысана орны бұрышы дегеніміз — көздеу сызығы мен
қару белдеуінің арасындагы бұрыш;
• көздеу қашықтығы дегеніміз — ұшу нүктесінен траекторияньщ
көздеу сызығымен киылысқанға
дейінгі қашыктық;
• көздеу сызығынан траекторияньң асып түсуі дегеніміз—
траекторияның кез келген нүктесінен коздеу сызығына
дейінгі қысқа қашықтык.

Түзу ату және оның практикалық маңызы.
Түзу ату дегеніміз — оқтың (снарядтың) үшу траекториясы озінің бар
үзына бойында нысанадан жоғары көздеу сызығынан көтерілмейтін атыс.Түзу
атудың практикалық мәні сонда ұрыстың шиеленісті жағдайында атыс
көздеуішті коймай-ак жүргізілуі мүмкін. Бұл нысананы жоюды жеделдетіп,
карсыластың жауап атысының алдын алуға мүмкіндік береді.

2. Кіші калибрлі винтовкадан атыс жүргізу ережелері.
Атыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік олардың нақты үйымдастыруымен,
атыс алаңында немесе тирде белгіленген тәртіп пен ережелерді білу және
қатаң сақтау аркылы, барлық атысқа катысушылардың жоғары тәртіптілігімен
қамтамасыз етіледі.
Атыс алаңында немесе тирде атыс жүргізушілермен катар айналадағы
адамдардың кауіпсіздігін қамтамасыз ету және сәтсіз жағдайларды болдырмау
мақсатында:
— атысты ақаулы қарудан жүргізуге және ақ жалау
көтерілгенде атыс жүргізуге;
— атыс басшысының пәрменінсіз (рұқсатынсыз) қаруды
алуға және оқтауға;
— тіпті оқталмаган автоматтың өзін айналадағы
адамдарға немесе жануарларға, сондай-ақ оны нысанаға,
тылға, осы бағытта адамдар немесе жануарлар бар болатын
болса, бағыттауға немесе кезеуге;
оқтаулы қаруды атыс шебінен шығаруға;
атыс басшысының пәрменінсіз оқтаулы қаруды басқа
адамға беруге немесе оны кай жерде болсын калдыруға;
"Ат!"пәрменінен (сигналынан) "Тоқтат!" пәрменіне
(сигналына) дейін бөгде адамдарға атыс шебінде болуға
тыйым салынады.
Атқыш қаруды оқталғанына немесе оқталмағанына Қарамай, бұрышын 60
градустан асырмай жоғары қарата ату бағытында ғана үңғының ауыз жағымен
атыс шегіне ұстап тұруға міндетті. Қаруды қалдырып кету немесе басқа
адамға беру тек қана атыс басшылығының пәрмені бойынша орындалады. Бұл
жағдайда алдын ала қарудын орын алып, онда патрондардың қалмағанына көз
жеткізу керек. Атыс аймағында адам немесе жануар көрінген сәтте атыс
дереу тоқтатылады.
Кіші калибрлі винтовкадан атудың тәсілдері. Кіші калибрлі
винтовкадан дәлдеп атуға үйрену үшін ату тәсілдерін орындауға түрақты
дағдыларды жаттықтыру қажет. Винтовкадан ату тәсілдері атысқа оңтайлану,
көздеу және шүріппені басудан түрады.
Атуға оңтайлану. Атуға дүрыс оңтайлану атыс дәлдігіне шешуші әсер
ететін винтовканың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Атуға ең ыңғайлы жағдай — жатып ату, өйткені ол атқыш пен
винтовканың ең жақсы тұрақтылығын камтамасыз етеді.
Жатып атуға оңтайлануға ату үшін ынгайлану, октау мен
винтовканы орнықтыру жатады.
Жатып атыс жүргізу үшін жағдай. Винтовканы ауыз жағын алға
каратып, оң қолда ұстап түрып, атқыш оң аяғымен алға және сәл оңға толық
адым жасайды. Алға қарай еңкейіп, сол тізесіне түрады. Сосын, сол қолымен
жерге тіреліп, сол аяктың жанбасы мен сол колдың білегіне ығысады. Сол
бүйіріне жатып, аяктарының ұштарын сыртка қаратып аздап алшайтады. Бұл
кезде дене корпусы атыс жазығына қатысты 25—30° болатындай етіп жатады.
Винтовка күндағымен сол қолдын алақанына салынады.
Кіші калибрлі винтовканың оқталуы оң колмен жүргізіледі. Бекітпені
ашып және артқа қарай жылжытып, патронды бас және сұқ саусақтармен алып,
оқтыққа оқты енгізу керек; бас бармақпен патрондағы оқсауыттың шеті
ұңғыға тигенінше итеріліп, бекітпе жабылады.
Kiші калибрлі винтовканы орнықтыру үшін сол қолдың шынтағы
винтовканың астына келтіріледі, ал білегі винтовканың күндағы саусақтарда
емес, сол қолдын алақанына жататындай етіп алға жіберіледі. Оң қолмен дүм
алынады да, иыкка тіреледі. Сосын оң қолмен дүм мойны орап алынып, сұқ
саусақтың бірінші буыны ағытқыш ілмекті басады да, шынтақ жерге тіреледі.
Басы сәл алға еңкейтіліп, оң жақ беті дүмнің жоғаргы бөлігіне тигізіледі.
Атысқа оңтайланып болған соң, орналасу жағдайынын дұрыстығына көз
жеткізуі керек. Ол былайша жүргізіледі:
Аткыш винтовканы орнықтыруды аяқтап, көздеуге кіріседі, сосын
бірнеше секундка екі көзін жүмады да, он не сол көзін ашып (егер атқыш
сол колмен ататын болса), каруды нысанамен салыстырғанда, кай бағытқа
бағытталғанын қарайды.
Егер қарауыл көздеу нүктесінен солға карай орналасқан болса, онда
бүкіл денені сол жақ шынтақты козғамай, солға бүрады. Егер винтовка оңға
қарай бағытталған болса да, тура осыны кайталайды. Егер винтовка төмен
қарай бағытталған болса, онда дене тұрқын сәл артқа шынтақты орнынан
қозғамай шегіндіреді, ал керісінше, егер винтовка жоғары бағытталған
болса, онда алға жылжиды.
Тексеру кезінде қарауыл көздеу нүктесінің дәл астында қалатын
жағдай дұрыс болып есептеледі.
Жатып ату жағдайында тіреу қолдануға болады. Тіреу ретінде құмы не
үгінділері бар қап колданылады. Тіреуден ату кезінде сол қол саусақтары
тіреуге қойылады да, оның үстіне винтовка сағағымен қойылады. Тіреуге
қатысты алғанда дене түрқының дүрыс жағдайына атқыш оны өзіне ыңғайлы
және дұрыс қалыпқа келгенше, аз ғана алға не артқа жылжытады.
Спорттык ату практикасында тіреуден атудың басқа тәсілі де
белгілі. Оның алдыңғыдан айырмашылығы — винтовка тіреуге қойылады да, сол
қолмен дүм темен қарата үсталады.
Көздеу дегеніміз — қарудың үңғы арнасына нысананы жоюға кажетті
бағыт беру деген сөз. Ол көздеуіш пен қарауыл арқылы жүргізіледі.
Ашық көздеуіштен ату кезінде сол жақ көзді қысып, ал оң көзбен
көздеуіштің ойығы аркылы карауылға қарап, қарауыл ойыктың ортасында, ал
оның төбесі көздеу тақташасы қырының жоғарғы шеттерімен бірдей болатындай
етіп бүру керек.
Қарауылдың мұндай жағдайы "'тегіс карауыл" деп аталады. Қарауылдың
көздеу ойығына дұрыс орналасуына басты назар аудару керек, тек көздеуге
түзету енгізу үшін жанарын көздеу нүктесіне кезеңмен ауыстыруға болады.
Диоптриялык көздеуішпен атыс жүргізгенде көздеу едәуір
жеңілденеді, өйткені атқыш, қарауылды диоптр ортасына дәлдеп, атыс
кезінде тек екі нүктенің қарауыл үшы мен көздеу нүктесінің бірігуін
бақылауға мүмкіндігі болады. Қара шеңберлі ("алмамен") нысанаға атыс
жүргізу кезінде көздеуді атқыш көздеу кезінде "алма" (нысана) жартысын
және карауыл ұшын айқын көретіндей кішігірім жарық сәулесімен жүргізу
керек. Жарық сәулесінің көлемі атқыш көруінің ерекшелігіне байланысты, ол
әрбір ату кезінде бірдей болуы керек. Үйренуші аткыштардың көздеу
кезіндегі орын алатын кателіктері мыналар: үсақ карауыл кезінде ойылмалар
төменде болады, ipi карауылда — көздеу нүктесінен жоғары болады.
Қарауылды оң жакта немесе сол жакта ұстап тұру (бүл карауыл кесікке
кысылған жакка қарай нысананың ауытқуына ықпал етеді); винтовканың оң
немесе сол жаққа күлауы (бұл кезде ойылмалар винтовканың кұлау жағына
немесе астында болады).
Тыныс алу. Атыс дәлдігіне атқыштың тыныс алуы маңызды эсер етеді.
Егер шуріппені басу кезінде дем шығарылса, онда кару көлденең және тік
бағытта тербеледі, өйткені дем шығару кезінде төмен түсіріледі, ұңғы
жоғары қарата көтеріледі, ал дем алғанда керісінше болады. Бүл
жағдайларды болдырмау үшін көздеу және шүріппені басу кезінде дем
шығармау керек. Шүріппені басар алдында тыныс алу, сосын жартылай дем
шығару және 7— 10 с дем шығармай тұру керек. Бұл уақыт дұрыс көздеу мен
шүріппені басу үшін жеткілікті.
Шүріппені ағыту үшін автоматты сол қолмен құндағынан немесе
оқжатардан нык ұстап, ал оң қолмен тапаншалық түтқасынан ұстап, иыққа
қысып, демді ішке тартып, шүріппе ату үшін байқатпай ұрыстык қайырмадан
ағытылғанша, яғни атыс болғанша ағыткыш ілмекті жайлап басу керек.
Шүріппені ағытқанда тегіс қарауылдың кездеу нүктесі тұсында сәл
тербелгеніне мән беруге болмайды. Тегіс карауылдың көздеу нүктесімен ең
жақсы үйлесуі сәтінде ағыткыш ілмекті акырына дейін басуға тырысқаннан
ағытқыш ілмек, әдетте, жүлки басылады да, атыс дәл болмайды. Егер кездеу
және ағытқыш ілмекті басу кезінде бұдан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алғашқы әскери дайындық оқу бағдарламасы
Ату негіздері бойынша сабақ өткізу әдістері
«Тактикалық дайындық» пәні бойынша оқу - әдістемелік кешен
Шағын калибрлі ТОЗ-8 винтовкасының сипаттамасы мен ату ережесі
Шағын калибрлі винтовка
Әскери саптық дайындық
Атыс дайындығы
Сот баллистикалық сараптама
Автоматпен ату реті
«Мылтық ату» пәнінің оқу - әдістемелік кешені
Пәндер