Азаматтық құқықтағы мерзім, мерзім түрлері, талап қою мерзімі, азаматтық құқықтағы мәселелер


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ

ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Д. А. Қонаев атындағы УНИВЕРСИТЕТІ

Азаматтық құқықтық пәндер кафедрасы.

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі з. ғ. к. профессор

Жайлин. Г. А.

«»2010 ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

ТАҚЫРЫБЫ: Азаматтық құқықтағы мерзім, мерзім түрлері, талап қою мерзімі, азаматтық құқықтағы мәселелер.

Орындаған күндізгі

бөлімнің студентті: Мусабаева Ф. А.

Ғылыми жетекші

аға оқытушы: Сапаров Б. Ж.

Алматы 2010

Мазмұны:

Кіріспе:

1-тарау:

1. 1. Азаматтық құқықтағы мерзім ұғымы және түрлері, мерзімді есептеу тәртібі

1. 2. Мерзімдердің қолдану мәселелері

1. 3. Талап қою мерзімінің ұғымы, талап қою мерзімінің есептелуі.

1. 4. Талап қою мерзімінің өтуін тоқтата тұру, үзіліс және қалпына келтіру.

1. 5. Талап мерзімі біткеннен кейінгі себеп-салдар.

1. 6. талап қою мерзімінің қолдану ерекшеліктері.

2-тарау: Талап қою мерзімінің есептеу және қолданылу мәселелері.

2. 1. Еңбек міндеттерін атқару кезінде азаматтың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы азаматтық істер бойынша талап қою мерзімдерін есептеу.

2. 2. Автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар бойынша талап қою мерзімі мен мерзімді есептеу мәселелері.

Қорытынды:

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Кіріспе.

Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы: Мерзім дегеніміз Азаматтық құқықтарды және түрлері қорғау уақыт факторымен тығыз байланысты. Бұзылған құқықты және тағы басқа мәжбүрлі жүзеге асыру әрекет мүмкіндігі заңмен немесе шартпен көрсетілгендей жасалуы қажетті құқық қатынастарының пайда болуын, өзгерлуін, тоқтатылуын азаматтық заң белгілі уақыт кезеңімен немесе сәттермен байланыстырады.

Мерзімді шектеу, тәртібі. Азаматтық заңдылық мерзімді есептеуге арналған ережелерді кезінен қарастырады. (АК 6т) АК 172б сәйкес, мерзім күнтізбелік күнмен, уақыт кезеңінің өтуімен, және де оқиғаға сілтеме отырып анықталады. Күнтізбелік сілтеме, көбінесе, азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және міндеттерді орындау нақты уақытпен байланысты шарттарда кездеседі, мысалы, 2003 ж. 31 жетоқсанда сот шешімінде де, сонымен қатар, заңның өзімен анықталуы мүмкін, мысалы, коммуналдық қызметтерге, салықтық төлемдерге міндетті сақтандыру үшін кезеңде төлемдар өткізілуі міндетті айдың белгілі бір күнінде сілтеме жасау жолымен.

Уақты кезеңі болып табылатын мерзімдер, олардың ұзақтығына сілтеме жасай отырып, жылдармен, ойлармен, апталармен, күндермен немесе сағаттармен (АК 172 б) ал кейде, одан қысқа кезеңдермен анықталады.

Азаматтық ерекшеліктерге ие бола отырып, ерекше құқықтың салдарларға әкеліп соғады. Солай, уақыт өте келе пайдалану қасиетін жоғалтатын тауарларға, химияның тұрмыстық бұйымдарға, медикаменттерге, иіс су - косметикалық тауарларға, азық-түліктерге қатысты пайдалану мерзімі бекітіледі. Пайдалану мерзімі өтп кеткен тауарларды сату тыйым салынады. Тауарлардың пайдалану мерзімі оны жасаған күннен бастап есептелеу және тауарды пайдаланудың жарамдылығы уақыт кезеңі мен, немесе күнмен анықталады.

Пайдалану мерзіммен дайындаушы тұтынушыға тауарды мақсатқа сай пайдалануын қамтамасыз етуге немесе оның кесірінен болған кемшіліктері үшін жауапкершілікке тартылуға міндетті - тауардың қызмет мерзімімен ұқсас. Дегенмен, егер де мерзім нормативтік-техникалық құжаттармен анықталады, онда қызмет мерзімі дайындаушылардың өздерімен немесе тұтынушылард мен келісе отырып бекітіледі. Тауардың қызмет мерзімі оны тұтынушыларға сатан күннен бастап есептеледі, ал егер де оны бекіту мүмкін болмаса, дайынлған күннен бастап.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің жалпы бөлімінде көзделген талап қою туралы ереженің бұрынғы күшіндегі Азаматтық заңдардан айтарлықтай өзгешелігі бар. Азаматтық құқықтың қазіргі институты ұғымдарына, талап қою мерзімдері мен оларды есептеудің тәртібіне, талап қоюдың қолданылуы және

талап қою мерзімінің өту салдарына қатысы бар. Талап қою ұғымы. Бұл түсінік заңның бірқатар саласында кездеседі. Қандай жағдайда болса да ол құқықтық себептерге әкелетін белгілі бір мезгіл кезеңін білдіреді. 1991 жылғы Азаматтық заң негіздері мүлік иесі болмаса да, жылжымайтын мүлікке он бес жылдан артық немесе басқа мүлікке бес жылдан артық өз мүлкіндей адал, ашық және үздіксіз иелік еткен азамат немесе заңды тұлға осы мүлікке меншік иесі құқығын алатындығын анықтап, иелену мерзімінің өтуі туралы тұңғыш рет құқықтық норма енгізілді. Осы ереже Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 240-бабында жаңғырылған. Бұл орайда иелік етудің мерзімі өтуі негізінде иемдену құқын сот жолымен тану көзделмеген. Бұл Қазақстан Республикасы Президентінің «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» Жарлығында да айтылмайды. Осылайша жоғарыда келтірілген нормаларда мерзімі өту -уақыттың белгілі бір кезеңі ретінде сот қатысуынсыз құқықтық себеп-салдарға әкеліп соғады. Талап қою институты басқаша әрекет етеді. Осы мерзімі өту дегеннің өзі талап қоюмен байланысты, сондықтан ол тек соттың талап арызды қарау процесінде ғана қолданылуы мүмкін.

Талапқа құқық - ұлғаның заңмен қорғалатын мүддесін немесе бұзылған құқықтарын қорғау мақсатында жауапкермен материалдық-құқықтық дауды қарау және шешу туралы талабымен мүдделі тұлғаның заңмен қамтамасыз етілген сотқа шағымдану мүмкіндігі. Жалпы қабылданған көзқарастарға сәйкес, талап екі құқылылықтан (правомочие) тұрады: талапты ұсыну құқығы және талаптан қанағаттанырыну құқығы. Талапқа процессуалдық мағынасы құқықтың деп аталатын талапты ұсыну құқығы - белгілі процессуалдық тәртіпте соттан туындаған дау бойынша істі қарауға және шешім шығаруға талап ету құқығы. Осы құқықты жүзеге асыру алғы шартарының талаптары азаматтық-процессуалдық заңдылықтармен анықталады. Бұл жерде айта кететін жай, процессуалдық мағынада талапқа құқық жалпы ережелер бойынша, қандай да бір мерзімнің өтуіне байланыссыз. Сотқа талаптың ескіруінің мерзім өтуіне байланыссыз кез келген уақытты шағымдануға болады. Дегенмен, талап қоюды қолдану азаматтық-құқықтық қатынастар саласында ғана белгіленбеген. Қолданылып жүрген заңда талап қою мерзімінің өтуі отбасы құқында, тұрғын үй құқы, салық құқында, банкі құқығында, көлік Жарғылары мен Кодекстерде, халықаралық келісімдерде көзделген.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қазіргі таңда Азаматтық құқықтағы мерзім, мерзім түрлері, талап мерзімінің қолданылу мәселелері тақырыбы маңызды орын алады, өйткені ол сан қырлы саяси, құқықтық құбылыстарды, байланыстарды зерттейді, қоғамда қалыптасқан қатынастарды, билік қағидаттары мен әр түрлі институттарды қарастырады.

Осы дипломдық жұмыста азаматтық құқықтағы мерзім мәселелері демократиялық бағытты дамытудағы маңызын теориялық-методологиялық және ғылыми-тәжірибелік тұрғыдан қарастыру, сонымен қатар басқа да зерттеулерді пайдалана отырып, азаматтық құқықтағы мерзім мәселелері ұғымын толықтай ашу мақсаты қойылған.

Зерттеудің объектісі мен пәні жұмыс тақырыбымен, оның мақсатынмен және міндеттерімен анықталады.

Ғылыми анализдің объектісі болып теориялық категория және әлеуметтік шындықтың құқықтық жағдайы ретінде мемлекеттің басқару нысаны болып табылады.

Пәні таңдалған тақырып, монографиялық жұмыстар, мерзімді басылым материалдары, нормативтік-құқықтық қайнар көздер шегінде анықталады.

Жұмыстың тәжірибелік маңызы. Қазіргі таңда Азаматтық құқықтағы мерзім, мерзім түрлері, талап мерзімінің қолданылу мәселелері туралы толығымен білу келешекте заңгер болуды таңдаған адамдарға ғана емес, сонымен қатар сот (судья), прокурор, адвокат, нотариус, сот приставы болып қызмет ететіндерге де пайдалы. Себебі қоғам өз дамуында заңға сүйенеді, қоғамның дамуы заңға байланысты болып келеді, яғни әділдік заңның болуымен ғана тоқталып қоймай, оның дұрыс талданып, орындалуына байланысты болып келеді.

Жұмыстың әдістемелік негізі. Зерттеу жұмысынның әдістемелік негізін диалектика әдісі болып табылады. Зерттеу барысында жалпы және жеке ғылыми әдістер, сонымен қатар танымның арнайы әдістері қолданылды. Жалпы әдістерге анализ, синтез, индукция және дедукция, бақылау және салыстыру жатады. Жалпы ғылыми әдістер ретінде құрылымдық анализ әдісі, жүйелік және тарихи әдістері қолданылды. Жеке ғылыми әдіс ретінде нақты-әлеуметтік әдіс табылады. Зерттеуде қолданылған арнайы әдістерге формальды-заңи әдісі, құқықтық модельдеу әдісі, құқық талқылаудың әр түрлі тәсілдері.

Бұл әдістер зерттеудің мақсаттары мен міндеттері шегінде мемлекеттің басқару нысандарының әр түрлі аспектілерін жүйелі түрде және толық қарауға мүмкіндік береді. Зерттеудің эипирикалық базасы нормативтік материалдарға және монографиялық жұмыстар, мерзімді басылым материалдары негізінде құралған.

Тақырыптың зерттелу деңгейі.

Мемлекеттің басқару нысаны, сонымен қатар Қазақстан Республикасының басқару нысаны, мемлекеттегі заңдылықтарды қалыптастырудағы рөлі қазіргі кезеңде құқықтанушылардың, саясаттанушылардың, және сол сияқты осы ғылымдарға жақын ғылым салалары ғалымдарының зерттелу обьектісіне айналып отыр.

Қазақстан Республикасының жайлы, мемлекет Азаматтық құқықтағы мерзім, мерзім түрлері, талап мерзімінің қолданылу мәселелері және құқық мәселелері жайлы жазып жүрген белгілі құқықтанушы Ғ. Тілеуғалиевтың еңбектерінде Қазақстан Республикасын Азаматтық құқықтағы мерзім, мерзім түрлері, талап мерзімінің қолданылу мәселелері ретіндегі мемлекет деп қарастырып, осы мәселеге жете тоқталған.

Зерттеудің теоретикалық негізін кенестік, қазақстандық, ресейлік және өзге елдердің ғалымдардың еңбектері құрайды: Ғ. А. Жайлин, Ынтымақов, Б. К. Абдыкадыров, Ө. Ж. Өмірәлі, Ю. Г. Басина, М. К. Сулейменова және т. б. Отандық және шетелдік құқықтық және саяси әдебиетерде мемлекеттің басқару нысанының түсінігіне байланысты әр түрлі көзқарастар айтылып жүр. Олардың қатарына саяси режимді Қазақстанда зерттеген заңгерлер С. З. Зиманов, С. Н. Сәбікенов, , Сапарғалиев, А. С. Ибраева, С. Табанов, Г. Сапаргалиев, Баймаханов М. Т., Д. А. Булгакова. Ал шет елдік ғалым заңгерлер А. В. Малько, М. Н. Марченко, Б. А. Страшун, С. С. Алексеев, В. Н. Хропанюк және саясаткерлер американдық ғалым Д. Истонды, американдық саясаттанушы Г. Алмондты, Т. Парсонстың теориясын, К. Доичтың теориясын (кибернетикалық теория), Ресейлік саясатанушылар М. Г. Анохинның, Ф. М. Бурлацкийдің, Р. А. Матреевтың және басқалардың теорияларын жатқызуға болады.

Бұл әдебиеттермен қатар, осы дипломдық жұмыста мерзімді басылым материалдары пайдаланылды. Соның ішінде, «Заң», «Заңгер», «Правовая реформа в Казахстане», «Тураби», «Юрист» журналдарындағы және «Құқықтық Қазақстан»

« Егемен Қазақстан» газеттеріндегі мақалалар.

Дипломдық жұмысты орындау кезде библиографиялық ізденістер жасау, кітаптар каталогымен танысу, ғылыми - зерттеу жұмыстарының әдістерімен танысу және мемлекет тұрпаты мен мемлекеттің басқару тұрпаты жөніндегі ғалымдардың пікір көзқарастарымен жете танысып - білу арқылы жайларды теориялық жағынан алып көрсетуге талпыныс жасадым.

Сонымен қатар диплом жұмысын жазуда көптеген заңдар мен құқықтық-нормативтік актілерге сүйендім. Пайдаланылған әдебиеттердің толық тізімі жұмыстың соңында көрсетілген.

Диплом жұмысының құрылымы және негізгі мазмұны.

Жоғарыда аталған әдебиеттерді пайдалана отырып, осы тақырыпты жүйелі түрде ашу үшін келесідей жоспар құрылды. Зерттеу жұмысымның мазмұны келісідей құрыдған: кіріспеден, екі бөлімнен, екінші бөлім - екі тармақшадан, қортындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Кіріспеде таңдалған тақырыптың негіздемесі және өзектілігі, сонымен қатар зерттеудің пәні, мақсаттары мен міндеттері, жұмыс нәтижелерінің тәжірбиелік маңызы және жұмыс бойынша жасалған қорытындылар қарастырылған.

Азаматтық құқықтағы мерзім, мерзім түрлері,

талап қою мерзімі,

азаматтық құқықтағы мәселелері:

Азаматтық құқықтағы мерзімді белгілеу дегеніміз заңдармен, мәмілемен белгіленген не сот тағайындайтын мерзім күнтізбелік күнмен немесе сөзсіз болуға тиісті оқиға деп көрсетіліп белгіленеді. Ал көптеген әдебиеттерде Азаматтық құқықта мерзім ұғымы заңдық салдармен байланысты сәт немесе шектеулі кезең деп түсіндіріледі. Демек, заң табиғаты тұрығысынан алып қарағанда, мерзім дегеніміз заңдық факт болып табылады.

Әдебиеттерде мерзімді оқиға деп аталатын, яғни адамдардың еркінен тыс болатын құбылыстарды заңды фактілер категориясына жатқызады.

Мерзімдерді есептеу тәртібі: Азаматтық заңда мерзімді есептеуге байланысты арнайы белгілеген тәртіп бар (Азаматтық қодекстің 6-тарауы) Азаматтық кодекстің 172-бабына сәйкес мерзім күнтізбелік күнмен немесе сөзсіз болуға тиісті оқиғамен байланыстырылады. Осы бапта мерзімді тағайындау жолдары белгіленген, мысалға бұл сәтті көрсеттетін уақыт (күнтізбелік күн), белгілі уақыт кезеңі (жылдар, айлар, күндер, сағаттар) және сөзсіз болуға тиісті оқиға дер едім. Құқықтарды жүзеге асыру мен міндеттемелерді орындаудың мұндай мерзімдері белгіленген күннен басталады (мысалы:навигацияның басталуы мен аяқталуы және тағы басқалары) . Яғни уақыт кезеңімен белгіленген мерзімнің басталуы, уақыт кезеңімен белгіленетін мерзімнің өтуі күнтізбелік күннен немесе мерзімнің басталуы белгіленген оқиға болғаннан кейінгі келесі күннен басталады [19. 162] .

Егер мерзім кезеңмен белгіленсе, құқықты жүзеге асыру мен міндеттемені орындау мерзімі аяқталғанға дейігі уақыттың кез-келген сәтінде орындала беруі мүмкін. Мысалы:мұрагер мұра ашылған сәттен бастап алты ай ішінде мұраны қабылдау немесе одан бас тартуға шешім алуға құқылы [2. 92] .

Сөзсіз болуға тиісті оқиғаның салдары мерзімді белгілеуді талап етеді, мәселен, бұған азаматтың қайтыс болуын айтуға болады. Азамат қайтыс болған күнен бастап мұрагерлердіңқұқығы пайда болады және сол сәттен бастап мұраны иелену немесе бас тарту құқығына ие және т. б[25. 156] .

Күнтізбелік күнмен көрсетілген мерзімді қолдану белгіленген уақыт мерзімінің басталғанын білдіреді. Дейтұғанымен, мерзім белгілі бір кезеңді қамтитын болған жағдайда оны есептеу тәртібі заңға сәйкес белгіленеді.

Азаматтық кодекстің 173-бабына орай уақыт кезеңімен белгіленетін мерзімнің өтуі күнтізбелік күннен бастап немесе мерзімнің басталуы белгіленген оқиға болғаннан кейінгі келесі күннен басталады. Бұл мерзімнің өтуі затты тапсырған күннен емес, ертеңінен бастап есептеледі [23. 188] .

Мерзімді дұрыс есептеу үшін оның басталу сәтін ғана емес, аяқталу мерзімін де нақты айқындап алудың маңызы зор болып табылады. Мерзімді есептеу мерзімді бастаған күннің келесі күні басталса, аяқталу сәті мерзім басталған айдың немесе аптаның соңғы күндерімен есептеледі [27. 259] .

Азаматтық кодекстің 174-бабына сәйкес уақыт кезеңімен белгіленетін мерзімнің аяқталуы былайша тұжырымдалған:

-жылдармен есептелетін мерзім-мерзімнің соңғы жылының тиісті айы мен күнінде бітеді. Жарты жылмен есептелетін мерзімге айлармен есептелетін мерзімнің ережелері қолданылады;

-жыл тоқсандарымен есептелетін мерзімге айлармен есептелетін мерзімнің ережелері қолданылады. Бұл орайда бір тоқсан үш айға тең деп есептеледі, ал тоқсандарды есептеу жыл басынан бастап жүргізіледі;

-айлармен есептелетін мерзім- мерзімнің соңғы айының тисті күнінде бітеді.

-жарты аймен белгіленетін мерзім-күндермен есептелетін мерзім ретінде қаралады да, он бес күнге тең болып есептеледі. Егер айлармен есептелетін мерзімнің аяқталуы тиісті күн саны жоқ айға тура келсе, мерзім сол айдың соңғы күнінде бітеді;

-апталармен есептелетін мерзім - мерзімнің соңғы аптасының тиісті күнінде бітеді [26. 300] ;

Кейде айдың аяқталуы әртүрлі келеді, мәселен, бір жылы ақпан айы 29-ында болуы мүмкін, кейінгі жылы ондай болмауы мүмкін немесе мерзім басталған айдың 31-болуы мүмкін, ал ол біткенде 30-ы болуы мүмкін, ондайда тиісті айдың соңғы күні біткенде мерзім аяқталған деп есептеледі.

Егер мерзімнің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге тура келсе, содан кейінгі ең таяу жұмыс күні мерзімнің аяқталған күні болып есептеледі [22. 71] .

Мерзімнің бітуімен белгілі бір дәрежеде заңдық салдарға байланысты, заң әрекетті мерзімініңсоңғы күніненаяқталу керектігін міндеттейді. Азаматтық кодекстің 176-бабының талаптарына сәйкес, егер мерзім қандай да бір әрекет жасауға белгіленген болса, ол әрекет мерзімнің соңғы күніндегі сағат жиырма төртке дейін орындалуы мүмкін

(мысалы: қарыздарды беру, мұрагкердің мұраға ие болуы) . Мекемелер мен ұйымдардағы аяқталуға тиісті әрекеттерді бұл ережеге бағындыру қиындауболып келеді, өйткені, мұндай ұйымдар мен мекемелерде жұмыстың тоқтатылуы олардың жұмысты ресми тоқтатуымен есептеледі немесе кейбір мекемелер жұмыс күні бітпесе де операцияларын белгілі бір уақытта тоқтатып тастайды, айталық, нотариалдық кеңсе депозитке ақша салуды қабылдауды күндізгі сағат 12-де аяқтайды.

Мерзімнің соңғы күніндегі сағат жиырма төртке дейінгі поштаға, телеграфқа немесе өзге де байланыс мекемесіне тапсырылған жазбаша мәмілелер мен хабарлама мерзімінде жасалған болып саналады. Мұндай әрекеттердіжасауда соңғ, ы күнінің мерзімі жергілікті уақытпен есептеледі (АК-тің 176-бабы) [19. 162] .

Мерзімнің түрлері: Азаматтық құқытық мерзімдерді әртүрлі негіздер бойынша топтастыруға болады. Тағайындауына байланысты үш түрлі болады (АК-тің 17, 28, 178-баптары) ;

а) нормативтік

ә) шарттық (жақтардың келісімімен анықталады, мысалы:

АК-тің 277-бабы) .

б) соттық (сот шешімімен қаралады) .

Мерзімдер құқықтық табиғатына орай мынадай түрлерге бөлінеді:

  1. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мерзімі;
  2. Субьективті құқықтарды зжүзеге асыру мерзімі;
  3. Үзіп тастау мерзімі;
  4. Кепілдік мерзімдер;
  5. Кінәрат қоятын мерзімдер;
  6. Азаматтық құқықтық мерзімдерді орындайтын мерзімдер;
  7. Азаматтық құқықтарды қорғайтын мерзімдер.

Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мерзімі дегеніміз уәкілетті тұлғаның өзіне тиесілі міндеттер мен құқықтарды жүзеге асыруға кететін уақыты.

Субьективті құқықты жүзеге асыру мерзімі заңмен тағайындалады. Мысалы: иелену мерзімі үшін белгілі бір мерзім тағайындалады ( АК-тің 240-бабы) .

Үзіп тастау мерзімі осы айтылған мерзімдерден ерекшеленеді, өйткені ол белгілі бір құқықтарды тоқтатып тастайды. Мысалы: Азаматтық кодекстің 216-бабында үлесті меншіктің қатысушылары, егер олар осы бапта көрсетілген мерзім ішінде, яғни он күн мерзім ішінде құқықтарын жүзеге асырмаса, сатып алудың басым құқығынан айырылады.

Кепілдік мерзім дегеніміз-сатып алушының ұзақ уақыт бойы сақтауға немесе пайдалануға арналған өнімдердің кемшілігін анықтап алуына берілетін мерзім болып табылады. Ондай өнімді қабылдап алған кезде кемшілігін баайқау мүмкін болмай, кейін барып одан ақау шықса, онда сатып алушы сол ақауды түзетуге, оны сапалы басқа тауармен ауыстыруға не затты қайтадан қабылдап, ол үшін төленген сомманы қайтарып алуға талап қоя алады. Кепілдік мерзімі мемлекеттік стандартпен, бекітілген техникалық шарттармен немесе шартпен белгіленеді.

Кінәрат мерзімі субьективті құқығын бұзған тұлға үшін заңмен белгіленеді, осы бұзушылыққа байланысты талаптар ерікті түрде орындалады. Заң кінәрат қойылған өтініштерді беру мерзімімен қатар кінәратқа жауап беру мерзімін де көрсетеді.

Міндеттемелерді орындау мерзімдері шартта екі жақтың келісімімен тағайындалады. Бұл талапты орындау шартта қаралған тұлғалардың мүддесіне орай міндетті саналады[29. 266] .

Азаматтық құқықтарды қорғау мерзімдері- Азаматтық кодексің 7-тарауында қаралған талап қою мерзімі болып табылады.

Азаматтық құқықтағы мерзімдер. Мерзімдердің түсінігі, есептелуі және түрлері

Мерзімнің түсінігі. Азаматтық құқықтарды және түрлері қорғау уақыт факторымен тығыз байланысты. Бұзылған құқықты және тағы басқа мәжбүрлі жүзеге асыру әрекет мүмкіндігі заңмен немесе шартпен көрсетілгендей жасалуы қажетті құқық қатынастарының пайда болуын, өзгерлуін, тоқтатылуын азаматтық заң белгілі уақыт кезеңімен немесе сәттермен байланыстырады [40. 255] .

Мерзімді шектеу, тәртібі. Азаматтық заңдылық мерзімді есептеуге арналған ережелерді кезінен қарастырады. (АК 6т) АК 172б сәйкес, мерзім күнтізбелік күнмен, уақыт кезеңінің өтуімен, және де оқиғаға сілтеме отырып анықталады. Күнтізбелік сілтеме, көбінесе, азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және міндеттерді орындау нақты уақытпен байланысты шарттарда кездеседі, мысалы, 2003 ж. 31 жетоқсанда сот шешімінде де, сонымен қатар, заңның өзімен анықталуы мүмкін, мысалы, коммуналдық қызметтерге, салықтық төлемдерге міндетті сақтандыру үшін кезеңде төлемдар өткізілуі міндетті айдың белгілі бір күнінде сілтеме жасау жолымен [33. 360] .

Уақты кезеңі болып табылатын мерзімдер, олардың ұзақтығына сілтеме жасай отырып, жылдармен, ойлармен, апталармен, күндермен немесе сағаттармен (АК 172 б) ал кейде, одан қысқа кезеңдермен анықталады.

Оқиғаға сілтеме жасай отырып мерзімді анықтаудың ерекшелігі, азаматтық құқық қатынастарының қатысушылары, оның пайда болуының нақты күнін алдын ала білмейді. Мысалы, өмірлік асырауында болу шартының аяқтауын заң, қашан қайтыс болатын белгісіз, сатушының өмірмен байланыстырады[31. 300] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Азаматтық құқық бойынша әрекетқабілеттілік ұғымы»
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МЕРЗІМДЕРІ
Азаматтық құқықтағы мерзімдердің түсінігі және түрлері
Азаматтық құқықтағы мерзім түсінігі, түрлері
Мерзімді есептеу тәртібі
Азаматтық құқықтық қатынастардың ерекшеліктері
Талап қою мерзімінің өтуі
Азаматтық құқықтағы талап қою мерзімі
Талап мерзімі және мерзімді есептеу
Азаматтық құқықтағы құқықтарды жүзеге асыру мерзімдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz