Бастауыш оқыту процесінде ұлттық ойындарды қолданудың педагогикалық негіздері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3.4


І тарау. Бастауыш оқыту процесінде ұлттық ойындарды қолданудың педагогикалық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5.45

1.1 Педагогика тарихында ұлттық ойындардың зерттелу жайы ... ... ... ... 5

1.2 Бастауыш оқыту процесінде ұлттық ойындарды пайдаланудың маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 32

ІІ тарау. Ана тілі сабақтарында ұлттық ойын элементтерін пайдаланудың әдістемелік ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 46.68

2.1 2.сынып Ана тілі сабақтарында ұлттық ойын элементтерін пайдалану жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 46
2.2 Бастауыш сыныпта ұлттық ойындар негізінде дене шынықтыру мәдениетіне тәрбиелеу әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...52
2.3.Озат мұғалімдер тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 62


Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 69

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 71
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...79
Зерттеудің көкейкестілігі. Еліміздегі экономикалық жағдайдың күрделілігіне қарамастан жас ұрпаққа білім беруді әлемдік деңгейге көтеру, оларды жалпы орта білім алуға түгел қамтуға басты назар аудару жолында жасалынып жатқан батыл қадамдар болашағымыздың жарқын, ұрпағымыздың білімді азамат болуының алғы шарты.
Еліміздің тәуелсіздігінің арқасында халыққа білім беру саясатының бүгінгісі мен ертеңгісі жаңа көзқарас тұрғысынан талданды және оны реформалаудың құқықтық негізі қаланды. Атап айтқанда ел Конститутциясынан бастау алған “Білім туралы Заң, Қазақстан Республикасы бастауыш білімінің Мемлекеттік стандарты сияқты құжаттар.
Бұл мемлекеттік құжаттарда ұлттық мектептерде ана тілін оқыту ісін жаңа талаптарға сай жетілдіру, оқушылардың ана тілінде сөйлеп, өз ойын жеткізу дағдыларын жаңа сатыға көтеру, оқыту барысында ұлттық ерекшеліктерді ескеру қажеттігіне баса назар аударыла бастады.
Қазіргі мектептердегі жұмыстың негізгі мазмұны құрылып жатқан қоғамның жоғары құндылығы адам деп танылып, заң жүзінде солай жарияланып, барлық педагогикалық құралдар мен халықтық педгогиканың мұраларын жеке адам тәрбиесіне пайдалануға зор мән берілген.
Оқыту процесінде халық педагогикасының құрамды бір бөлігі-ұлт ойындарын пайдаланудың маңызы жөнінде жазылған еңбектерде аз емес. Олардың қатарында Қ.Б.Жарықбаевтың, С.Қ.Қалиевтың, С.А.Ұзақбаеваның, Р.Қ.Төлеубекованың, Е.Сағындықовтың зерттеу жұмыстарын жатқызуға болады. Бірақ бұл еңбектерде ұлттық ойын элементтерін бастауыш оқыту процесінде пайдалану мәселесі арнайы зерттеу мақсаты ретінде қойылмағандығы белгілі.
Сондықтан бүгінгі таңда бастауыш оқыту жүйесінде мынадай қайшылық бар екендігі байқалады:
- бастауыш оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, ұлттық сезімін ояту мақсатында ұлттық ойын элементтерін пайдалану қажеттігі мен оның іс жүзілік тұрғыда іске асырылмауы арасында.
Бұл қайшылықтың шешімін іздестіріп табу диплом жұмысымыздың тақырыбын “Бастауыш оқыту процесінде ұлттық ойындарды қолданудың педагогикалық негіздері” деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Бастауыш оқыту процесінде ұлттық ойын элементтерін пайдаланудың маңызы және оларды Ана тілі сабақтарында қолданудың жолдарын көрсету.
Осы мақсаттан туындайтын міндеттер:
1. Ұлттық ойындардың зерттелу жайын сипаттау;
2. Бастауыш оқыту процесінде ұлттық ойындарды пайдаланудың дидактикалық маңызын көрсету;
1. Қазақстан Республика Конституциясы
2. Қ.Р. Білім беру туралы заңы. 1999.
3. Қазақ балабақшаларында тәрбиелеу және білім беру мазмұнын жаңарту тұжырымдамасы. 1991.
4. «Балбөбек» бағдарламасы. 1996.
5. Қ.Р. Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы.
6. Қ.Р. дене шынықтыру және спорт заңы. 1999.
7. Құралбекұлы А., Әкімбайұлы С. Оқушылар дене шынықтыруының этнопедагогикалық негіздері. -Алматы: Қазақтың мемлекеттік спорт және туризм академиясы, 2000. -151 б.
8.Уаңбаев Е. Дене тәрбиесінің негіздері. -Алматы: 2000.
9. Есмағанбетов З. Дене тәрбиесінің теориясы әдістемесі. -Қарағанды: 1995.
10. Менлибаев К.Н. Роль национальных традиции в формировании и развитии патриотизма. -Караганда: 1993.
11. Болғамбаев О. Қазақтың ұлттық спорт ойын түрлері. -Алматы: 1995.
12. Қарақов А. Студенттердің дене тәрбиесінде спорттық күрестің ұлттық түрлерін пайдалану: пед.ғылым.канд.дисс. автореф. -Алматы., 1996.
13. Оңалбеков Ж.К. Дене тәрбиесі мен спорттың жеке адамдар арасындағы ұлттық қарым-қатынастарды дамытудағы орны: пед.ғылым.канд.автореф. -Алматы, 1996.
14. Степанкова Э.Я. Использование подвижных игр в воспитании детей дошкольного возраста //Педагогичес. Практ. Ст-ов по курсу «Теория и методика физич. Воспитания детей дошкольного возраста». -М, 1984. -71-83 б. 15. Страковская В.Л. Подвижные игры в терапии больных и ослабленных детей.-М.: Медицина, 1987. -237 б.
16. Мухитдинов Е. Использование казахских народных игр в физическом воспитании учащихся. кан.дисс. автор. 1999.
17. Нұрлыбекова А.Б. Принципы педагогики развития при построении программ физического воспитания дошкольников. -Алматы: Ғылым, 1998.-3б.
18. Алекторов Е.А. О рождении и воспитании детей киргизов, о правилах и власти родителей. -Оренбург, 1891. -8 б. -Сонікі., Праздничные игры и забавы киргизов. //Оренбургский листок.- 1888, №42.
19. Диваев А.А. Игры киргизских детей //Тургайские ведомости. 1905. №48. 14.10. Сонікі., Игра киргизских молодежи //Тургайские ведомости. -1907. №2.-10 б., Сонікі., Как киргизы развивают детей. //ЭО.1908 №1-2. 14 б.
20. Гуннер М.С. Сборник казахских национальных игр и развлечений. -Алма-Ата, 1938. -17 б., Сонікі Краткий сборник казахских народно-национальных видов спорта. -Алма-Ата, 1949. -18б.
21. Пантусов Н. Киргизская игра тогуз кумалак. ИОАИЭ, - Казань, 1906. -Т. ХХІІ, выпуск 4. -Б.249-252.
22. Пещерова Е.М. Некоторые игры среди оседлого населения Туркестана //Средне-Азиатский Гос. Университет №11. -Ташкент, 1925. -18 б.
23. Мепкова Н. «Игры киргизов»
24. Тәнекеев М.Т. История физической культуры в Казахской ССР. -Алма-Ата:, 1973. -б., Сонікі., От байги до олимпиады. -Алма-Ата: 1983. -б., Сонікі., Физическая культура и спорт и проблема воспитания культуры межнационального общения //Теория и практика физической культуры. -1990. /6. -Б.32-36. Тәнекеев М.Т., Асарбаев А. История физической культуры в Казахстане. - Алматы: 2001.-180б., Тәнекеев М.Т. Қажымұқан. -Алматы: Білім 2001.-191б.
25. Төтенаев Б.Ә. Қазақтың ұлттық ойындары. -Алматы: 1978. -б., Сонікі., Диваев халық ойындарының тәрбиелік маңызы жайында //Қазақстан мұғалімі. /1974, №5-б., Сонікі., Халық ойындарының тәрбиелік маңызы жайында //Қазақстан мектебі. 1974. №5-б. Сонікі. Қазақтың ұлттық ойындары-шетел ғалымдарының көзімен //Зерде №10.
26. Сағындықов Е. Қазақтың ұлттық ойындары. -Алматы: Рауан, 1991. -176 б. 27. Қуанышев Т.Ш. Подготовка будущих учителей физической культуры национальных игр: автореф.дисс.канд.пед. наук. -Алма-Ата, 1992.-24 б. Тойлыбаев Б. Бастауыш мектеп оқушыларына дене тәрбиесін беруде халықтық педагогика элементтерін пайдалану: пед.ғыл.канд. дисс.автореф. -Алматы, 1998. -23 б.
28. И.С. Паллас. Путешествие по разным провинциям Российской империи.- СПб., 1773. -б, 52.
29. Гросс С. Материалы для изучения юридических обычаев Киргизов. СПб, 1886. Б.16-17.
30. А. Гумбольдт. Центральная Азия, исследования о целях гор и по сравнительной климатологии. -М., 1915. -Т.1. -б.66-67.
31. Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей. -Алматы, Санат, 1996. -б.353.
32. Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей. -Алматы, 1996. б.301.
33. Букин Е. Физическое и умственное воспитание у киргиз. //«Туркестанские ведомости», 1883. -4. б.38.
34. Диваев А. Игры киргизских детей //Туркестанские ведомости.1905. /152. б.1-2
35. Диваев А. Игры киргизских детей //Туркестанские ведомости.1905. /152. б.3
36. Диваев А. Как киргизы развлекают детей //Туркестанский сборник.-Ташкент., 1916. -Т.568. б. 169.
37. Қалиұлы С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы.-Алматы : Білім, 2003. б. 150-151.
38. Өзбекстан мемлекеттік мұражай қоры. Қор И-69.-54-іс.-20б.
39. Радлов В.В. Из Сибири.-М., 1989.-б.237.
40. Герц И.А. Сборник игр и полезных занятий для детей всех возрастов.-СПб, 1873.-б.112.
41. Алекторов А. О рождении и воспитании детей киргизов, о правилах и власти родителей. -Оренбург 1891.-82 б.
42. Ф. Ефремов. Девятилетнее странствование. -М., Б.145., -б.4.
43. Қазақ ССР тарихы. -Т.4. -Алматы: 1989. -б.188.
44. Иш-Мухамед. Физическое и умственное воспитание у киргиз // Туркестанские ведомости. 1883. /17. -б. 66.
45. Харузин А. Киргизы Букеевской орды, вып.1. -М, 1889. -230-263-беттер. Вульфсон Э.С. Киргизы. -М, 1870. Б.15,48,50,75. Карутц Р. Среди киргиз и туркмен на Мангышлаке, -СПб., 1910. 84-88 беттер.
46. Покровский Е.А. Детские игры преимущественно русские в связи с историей, этнографией, педагогикой и гигиеной. –М., 1895. -б.24.
47. Гуннер М. Сборник казахских национальных игр и развлечений. -Алма-Ата, 1938. -Б. 5-12.
48. Колоццо Д.А. Детские игры и их психологическое и педагогическое значение. -М., 1909. -б.25-79.
49. Н. Пантусов. Киргизская игра -«Тогыз кумалак». ИОАИЭ, -Т.22. вып 4-Б.-Қазан., 1914.-б.249.
50. Детсія игры у туркмень Закаспийской области //Туркестанский сборник.-Ташкент, 1909.-Б.173-176.
51. Лябейка. Туркменія и туркмены //Туркестанский сборник. -Ташкент, 1910-1911.-Т. 542. -Б.79-81
52. Васильев А. Игры сартовских детей //Туркестанский сборник. -Ташкент, 1900. -Т.507. -44-46 б., Сонікі //Туркестанские ведомости. 1909./109 от.28 мая.-б.470.
53. Гаврилов М.. Перепелиный спорть у Ташкентских сартов //Туркестанский сборник. -Ташкент, 1909. -Т.535. -Б.71-75.
54. Гориневский В.В. Игры и развлечения. -М., -Л., 1924. -б.3.
55. Ушинский К.Д. Избранные педагогические сочинения. Т.1. -М., Педагогика., 1964. б.549.
56. Ушинский К.Д. Дидактика. -Т.2. -М., Педагогика 1983. -б.28.
57. Тәнекеев М.Т., Адамбеков Қ.І. Қазақтың ұлттық спорт ойындары. -Алматы : 1994. -50 б.
58. Тәнекеев М.Т., Асарбаев А. История физической культуры в Казахстане. -Алматы: 2001. -180 б.
59. Төтенаев Б.Ә. Қазақтың ұлттық ойындары. -Алматы: 1978. -150 б.
60. Сағындықов Е. Қазақтың ұлттық ойындары. -Алматы: Рауан, 1991. -176 б.
61. Бүркітбаев Ә. Спорттың ұлттық ойын түрлері және оның тәрбиелік мәні.- 62. Болғамбаев М. Қазақтың ұлттық спорт ойын түрлері. –Алматы; Қайнар. 1985.
63. Лесгафт П.Ф. Сборник педагогических сочинений. -М., 1952. -Т.2. Б.310. -б, 120.
64. А. Афанасьев В.Ф. Этнопедагогика нерусских народов Сибири и Дальнего Востока. -Якутск, 1979. -б. 44.
65. Дмитренко Т.И. Спортивные упражнения и игры для детей дошкольного возраста. -Киев: Рацяньская школа, 1983. -112 б.
66. Воспитание детей в игре /Под. ред. Шакирова Р.В. -Казань: Издательство Казанского университета, 1976. -85 б.
67. Усова А.П. Бала бақшадағы оқыту. -Алматы: Мектеп, 1987. -175 б.
68. Давыдов И.Ю. Физическое воспитание дошкольника. -М : Советская Россия, 1959. -31 б.
69. Хухлаева Д.В. Теория и методика физического воспитания детей дошкольного возраста. -М: Просвещение, 1971. -20 б.
70. Конторович М.М. Михайлова Л.И. Зимние игры и развлечения дошкольников. -М: Физкультура и спорт, 1946. -104 б., Быкова А.И. Физическое воспитание в детском саду. -М: Академия пед. наук, 1956. -148 б., Компаниец В.Г. Игры и развлечения. -М: Государст. Издательство, 1953. -168 б., Шашкина В.А. Двигательная активность детей 2-3 летнего возраста и педагогическое руководство ею в процессе деятельности: автореф.дисс.канд. пед.наук. -М, 1977. -21 б.
71. Конторович М.М., Михайлова Л.И. Зимние игры и развлечения дошкольников. -М: Физкультура и спорт, 1946. -33 б., Куанышев Т.Ш. Подготовка будущих учителей физической культуры национальных игр: автореф.дисс.канд.пед.наук. -Алма-Ата, 1992. -24 б., Тойлыбаев Б. Бастауыш мектеп оқушыларына дене тәрбиесін беруде халықтық педагогика элементтерін пайдалану: пед.ғыл.канд.дисс.автореф. -Алматы, 1998. -23 б.
72. Аракелян О.Г. Физическое развитие и подготовленность детей от 4 до 7 лет при повышенном режиме двигательной активности //Тезисы докладов Всесоюзн. Научн. Конф. По актуальным проблемам обществ. Дошкольного воспитания и вопросам подготовки детей к школе. -М., 1970. б.18-21. Сонікі., Физическое развитие и подготовленность детей 4-7 лет в связи с особенностями режима двигательной активности //Материалы Всесоюзной научно- метедической конференции по пробл. Физ. воспит. В детских учреждениях Крайнего Севера. -Норильск., 1971 -С.70-74. Сонікі, Проведение ежедневных физических упражнений на воздухе //Дошкольное воспитание. 1982. 2. С.40-42.
73. Пиаже Ж. Подражание, игра и мечта. –М.,1969. б.148-149.
74. Пиаже Ж. Роль действия в формировании мышления //Вопросы писхологии. -1965. №6. -б.36-48.
75. З.М. Богуславская., Е.О. Смирнова Развивающие игры для детей младшего дошкольного возраста. -М., Просвещение., 1991. -Б.206. -Б.3.
76. Иманбеков Т. Қазақ балабақшаларындағы оқу-тәрбие жұмыстарында ұлттық ойындарды пайдалану. -Пед.ғылымд.канд.дәреж.қорғауға дайындалған диссерт. Авторефераты. -Алматы., 1995. Б.26.
77. Ж.К. Оңалбеков Дене тәрбиесі мен спорттың жеке адамдар арасындағы ұлттық қарым-қатынастарды дамытудағы орны. -Алматы., 1996. -Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәреж. алу үшін дайындалған диссерт. Авторефераты. -Б.25.
78. М.Т. Тұрыскелдина. Дене шынықтыру оқыту әдістемесі. Жалпы білім беретін мектептің 3-сынып мұғалімдеріне арналған. -Алматы «Атамұра», 1999. -Б.69., М.Т. Турскельдина Подвижные игры для 3 класса общеобразовательной школы, - Алматы «Атамұра», 1999. -Б.53.
79. Е. Мухитдинов. Использование казахских народных игр в физическом воспитании учащихся. кан.дисс. автор. 1999.
80. Құралбекұлы А., Әкімбайұлы С., Оқушылар дене шынықтыруының этнопедагогикалық негіздері. Монография. -Алматы: 2000.
81. Төленова Ұ.Т. Балабақшадағы аралас топ балаларын ұлттық ойындар арқылы адамгершілікке тәрбиелеу: пед.ғылым.канд.дәр.дисс. автореф. -Атырау: 2002. -25 б.
82. А.К. Айтбаева. Қазақ халық ойындары-бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеу құралы. п.ғ.к. автореферат. Алматы., 1992.
83. Б.А. Тойлыбаев. Бастауыш мектеп оқушыларына дене тәрбиесін беруде халықтық педагогика элементтерін пайдалану. п.ғ.к. автореферат. Алматы., 1995.
84. Т.Ш. Қуанышев Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерін ұлттық ойын құралдары арқылы даярлау. п.ғ.к. автореферат. Алматы., 1992.
85. Б.М. Досқараев. Қазақстан аймағында көне дәуірден феодалдық кезеңге дейінгі типтік мемлекеттің пайда болу аралықтағы дене тәрбиесі. п.ғ.к. автореферат. Алматы., 1993.
86. Н. Мыңжан. Қазақтың қысқаша тарихы. -Алматы., Жалын 1994. -Б.399.-б.110.
87. С. Қалиев., М. Оразов., М. Смайылова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. -Алматы., Рауан. 1994. -Б.221. -б.165-174.
88. Демеуов Ж.Д., Байназарова Б.Я., Алиакбарова З.М., Бекетаев А.М. Мектепке дейінгі балалардың анатомиясы физиологиясы және гигиенасы. -Алматы., Білім., 1995. -Б.255.
89. Төрениязова С.М. Бастауыш мектеп оқушыларын сыныптан тыс оқу-тәрбие жұмысы арқылы дамытудың педагогикалық негіздері. -Пед.ғылым.канд. дәр.дисс. автореф. -Тараз., 1999. -Б.25. -б.15.
90. Қалиұлы С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. – Алматы, Білім, 2003. -Б.279. -б.53.
91. Джикиев А. Традиционные туркменские праздники, развлечения и игры /На материалах Южного и Восточного Туркменистана/. -Ашхабад: Ылым., 1983. -117б.
92. Өзбекстан мемлекеттік мұражай қоры. Р.86. Опись 1. Іс 5287. Б.136.
93. М. Майсурадзе Грузинские национальные игры в мяч. -Тбилиси., Сабчата- Сакартвело., 1980. -Б.39. -б.15.
94. Вагнер Г., Фрейер К. Детские игры и развлечения. -Книгоиздат. -М,В. Попова. -Петроград., 1921. -Б.226. -б.27.
95. Иргит Самбу. Тувинские народные игры. -Тувинское книжное издательство-Кызыл., 1978. -Б.140. -б.121.
96. Гагиев С.Г. Осетинские национальные игры. -Орджоникидзе., 1980. -Б.127.-б.61.
97. Вахания О. Абхазские народные игры. -Сухуми., Абхазский государственный издательство., 1959. -Б.117. -б.58,72.
98. Дибиров М. Народные игры и спорт в Дагестане. -Махачкала., Дагучпедгиз., 1968. Б.158.- б.121., Гагиев С.Г. Осетинские национальные игры.- Орджоникидзе., 1958.-б.41., Энциклопедический словарь по физической культуре и спорту. -М., 1961.-б.54.
99. Д.О. Омирзаков., М.К. Саралаев «Киргизские национальные виды спорта и народные игры» -Фрунзе., Кырғызстан., 1981. Б.32. -б.17,18,14,20,21.
100. Мальлен В. Народные игры Карелии. -Карелия., 1987. -Б.135. -б.31,43.
101. Зигер В.К. К определению понятий и признаков, характеризующих физическую культуру //Очерки по теории физической культуры. -М: ФИС., 1984. -75 б.
102. Лесгафт П.Ф. Собранные педагогические сочинения. -Т.2. -М: Педагогика, 1962. -122 б.
103. Аксарина. Н.М. Воспитание детей раннего возраста. -М: Медицина, 1969. -37 б.
104. Жұмабаев М. Пидагогика . -Алматы: Рауан, 1992. -21 б.
105. Демеуов Ж.Д., Байназарова Б.Я., Алиакбарова З.М., Бекетаев А.М. Мектепке дейінгі балалардың анатомиясы физиологиясы және гигиенасы. -Алматы: Білім, 1995. -113 б.
106. Нурлыбекова А.Б. Принципы педагогики развития при построении программ физического воспитания дошкольников. -Алматы: Ғылым, 1998. -Б. 20-21.
107. Мырзаханұлы Н. Педагогикалық валеология негіздері //Валеология. Дене тәрбиесі. Спорт. 2002. №11. -9 б.
108. Демеуов Ж.Д., Байназарова Б.Я., Алиакбарова З.М., Бекетаев А.М. Мектепке дейінгі балалардың анатомиясы физиологиясы және гигиенасы. -Алматы: Білім, 1995. -9 б.
109. Вербицкая К.В. Подвижные игры в детском саду /В книге Физическое воспитание в детском саду. -М: Академия педагогических наук РСФСР, 1956.-С.22-23.
110. Жаңабердиева К.А., Әділханов Ә.С., Қайым Қ. Салауаттану //Валеология. Дене тәрбиесі. Спорт. 2003 № 11. -55 б.
111. Хухлаева Д.В. Теория и методика физического воспитание детей дошкольного возраста. -М: Просвещение, 1971. -С.16-17.
112. Өзбекстан мемлекеттік мұражай қоры, Пещерова Е.М. Некоторые игры среди оседлого населения Туркестана. -Ташкент, 1925. -90 б.
113. Өзбекстан мемлекеттік мұражай қоры, Пещерова Е.М. Некоторые игры среди оседлого населения Туркестана. -Ташкент, 1925. -91 б
114. Бүркітбаев Ә. Спорттық ұлттық ойын түрлері және оның тәрбиелік мәні. -Алматы: Абай атындағы педагогика институты, 1985. -6 б.
115. Сәтімбекова М.С., Баймұратова Б.Б., Жұмабекова Ф.Н., Әмірова Ә.С., Дүкенбаева Г.Х., Бәтібаева С.Ғ., Өтебаева Г.К. Балбөбек бағдарламасы. -Алматы: Шартарап, 2000. -19 б.
116. Гальперин С.И. Физиологические особенности детей. -М: Медицина, 1965. -18 б.
117. Кабанов Н.Н., Чабовская А.П. Анатомия, физиология и гигиена детей дошкольного возраста. -М: Медицини, 1975. -75 б.
118. Ядешко В.И., Сохин Ф.А. Мектепке дейінгі педагогика. -Алматы: Мектеп, 1982. -124 б.
119. Грохольский Г.Г., Молчанов С.В. Двигательная активность и двигательные способности детей дошкольного возраста. -Минск: Педагогика, 1988. -30 б.
120. Руководство для сестер детских яслей /Под. ред. М.Д. Ковригиной. -М: медицина, 1966. -235 б.
121. Сәтімбекова М.С., Баймұратова Б.Б., Жұмабекова Ф.Н., Әмірова Ә.С., Дүкенбаева Г.Х., Бәтібаева С.Ғ., Өтебаева Г.К. Балбөбек бағдарламасы.-Алматы: Шартарап, 2000. -25 б.
122. Сәтімбекова М.С., Баймұратова Б.Б., Жұмабекова Ф.Н., Әмірова Ә.С., Дүкенбаева Г.Х., Бәтібаева С.Ғ., Өтебаева Г.К. Балбөбек бағдарламасы. -Алматы: Шартарап, 2000. -31-32 б.
123. Русскова Л.В., Соловьева О.И. Балалар бақшасында тәрбиелеу программасына методикалық нұсқау. -Алматы: Мектеп, 1979. -154 б.
124. Усова А.П. Бала бақшадағы оқыту. -Алматы: Мектеп, 1987. -48б.
125. Аманбаев Р.Р., Асарбаев А.К. Дене тәрбиелеу мәдениетінің ілімін оқып үйрену жөніндегі әдістемелік нұсқаулар. -Алматы, 1992. -42б.
126. Бұл да сонда, -7б.
127. Шишкина В.А. Двигательная активнось детей 2-3 летнего возраста и педагогическое руководство ею в процессе деятельности: автореф. дисс.канд. пед.наук. -М: МГУ, 1978. -20 б.
128. Сейдахметов Е.Е., Қуатбеков Ш.Н. Жанұядағы дене тәрбиесі мен ұлттық ойындардың маңызы //Дене тәрбиесі мен спорттың теориясы және практикасы. – Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. -Алматы, 2006. -144 б.
129. Русскова Л.В., Соловьева О.И. Балалар бақшасында тәрбиелеу программасына методикалық нұсқау. -Алматы: Мектеп, 1979. -Б.150-151.
130. Демеуов Ж.Д., Байназарова Б.Я., Бекетаев А.М. Мектепке дейінгі балалардың анатомиясы физиологиясы және гигиенасы. -Алматы: Білім, 1995. -113 б.
131. Ядешко В.И., Сокин Ф.А. Мектепке дейінгі педагогика. -Алматы: Мектеп, 1982. -114 б.
132. Кольцова М.М. Развитие сигнальных систем действительности у детей.- Ленинград., 1980. -35 б.
133. Сағындықов Е. Қазақтың ұлттық ойындары. –Алматы: Рауан, 1991. -130 б.
134. Демеуов Ж.Д, Байназарова Б.Я., Бекетов А.М. Мектепке дейінгі балалардың анатомиясы физиологиясы және гигиенасы. -Алматы: Білім, 1995. -75 б.
135. Осокина Т.И. Физическая культура в детском саду. -Москва: Просвещение., 1986. -4б.
136. Айталы А. Ұлттану /оқу құралы/. -Алматы: Арыс, 2000. -67 б.
137. Козлова С.А., Куликова Т.А. Дошкольная педагогика. -М: Академия., 2000. -257 б.
138. Оңалбеков Ж.М. Физическая культура в сфере межличностных отношений : автореф. канд.пед. наук. -Алматы, 1996. -18б.
139. Құралбекұлы А., Әкімбайұлы С., Оқушылар дене шынықтыруының этнопедагогикалық негіздері. -Алматы: 2000. -32 б.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 88 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. 3-4

І тарау. Бастауыш оқыту процесінде ұлттық ойындарды қолданудың
педагогикалық негіздері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
5-45

1. Педагогика тарихында ұлттық ойындардың зерттелу жайы ... ... ... ...
5

2. Бастауыш оқыту процесінде ұлттық ойындарды пайдаланудың
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 32

ІІ тарау. Ана тілі сабақтарында ұлттық ойын элементтерін пайдаланудың
әдістемелік
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... .. 46-68

2.1 2-сынып Ана тілі сабақтарында ұлттық ойын элементтерін
пайдалану
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ...
... 46
2.2 Бастауыш сыныпта ұлттық ойындар негізінде дене шынықтыру мәдениетіне
тәрбиелеу
әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... .52
2.3.Озат мұғалімдер тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .. 62

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .. 69

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 71
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..79

К І Р І С П Е

Зерттеудің көкейкестілігі. Еліміздегі экономикалық жағдайдың
күрделілігіне қарамастан жас ұрпаққа білім беруді әлемдік деңгейге көтеру,
оларды жалпы орта білім алуға түгел қамтуға басты назар аудару жолында
жасалынып жатқан батыл қадамдар болашағымыздың жарқын, ұрпағымыздың білімді
азамат болуының алғы шарты.
Еліміздің тәуелсіздігінің арқасында халыққа білім беру саясатының
бүгінгісі мен ертеңгісі жаңа көзқарас тұрғысынан талданды және оны
реформалаудың құқықтық негізі қаланды. Атап айтқанда ел Конститутциясынан
бастау алған “Білім туралы Заң, Қазақстан Республикасы бастауыш білімінің
Мемлекеттік стандарты сияқты құжаттар.
Бұл мемлекеттік құжаттарда ұлттық мектептерде ана тілін оқыту ісін жаңа
талаптарға сай жетілдіру, оқушылардың ана тілінде сөйлеп, өз ойын жеткізу
дағдыларын жаңа сатыға көтеру, оқыту барысында ұлттық ерекшеліктерді ескеру
қажеттігіне баса назар аударыла бастады.
Қазіргі мектептердегі жұмыстың негізгі мазмұны құрылып жатқан қоғамның
жоғары құндылығы адам деп танылып, заң жүзінде солай жарияланып, барлық
педагогикалық құралдар мен халықтық педгогиканың мұраларын жеке адам
тәрбиесіне пайдалануға зор мән берілген.
Оқыту процесінде халық педагогикасының құрамды бір бөлігі-ұлт ойындарын
пайдаланудың маңызы жөнінде жазылған еңбектерде аз емес. Олардың қатарында
Қ.Б.Жарықбаевтың, С.Қ.Қалиевтың, С.А.Ұзақбаеваның, Р.Қ.Төлеубекованың,
Е.Сағындықовтың зерттеу жұмыстарын жатқызуға болады. Бірақ бұл еңбектерде
ұлттық ойын элементтерін бастауыш оқыту процесінде пайдалану мәселесі
арнайы зерттеу мақсаты ретінде қойылмағандығы белгілі.
Сондықтан бүгінгі таңда бастауыш оқыту жүйесінде мынадай қайшылық бар
екендігі байқалады:
- бастауыш оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін
арттыру, ұлттық сезімін ояту мақсатында ұлттық ойын элементтерін
пайдалану қажеттігі мен оның іс жүзілік тұрғыда іске асырылмауы
арасында.
Бұл қайшылықтың шешімін іздестіріп табу диплом жұмысымыздың тақырыбын
“Бастауыш оқыту процесінде ұлттық ойындарды қолданудың педагогикалық
негіздері” деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Бастауыш оқыту процесінде ұлттық ойын
элементтерін пайдаланудың маңызы және оларды Ана тілі сабақтарында
қолданудың жолдарын көрсету.
Осы мақсаттан туындайтын міндеттер:
1. Ұлттық ойындардың зерттелу жайын сипаттау;
2. Бастауыш оқыту процесінде ұлттық ойындарды пайдаланудың дидактикалық
маңызын көрсету;
3. Ұлттық ойын элементтерін Ана тілі сабақтарында пайдаланудың жолдарын
көрсету;
4. Озат мұғалімдер тәжірибесін жинақтау және талдау;
Зерттеу объектісі: бастауыш сыныптардағы оқу-тәрбие процесі.
Зерттеу пәні: Ана тілі сабақтарында ұлттық ойын элементтерін пайдалану.
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспе, 2 тарау, қорытынды, пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
1- тарау. Бастауыш оқыту процесінде ұлттық ойындарды
қолданудың педагогикалық негіздері.

1. Педагогика тарихында ұлттық ойындардың зерттелу жайы.

Халқымыздың тарихи мәдени мұраларының түрлері сан алуан солардың қай-
қайсында адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған.
Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі-ұлт ойындары. Бүгінде ойынды
халық педагогикасының құрамды бір бөлігі деп тегін айтпаса керек, адам
баласы жасаған жеті кереметтің қатарына сегізінші етіп осы ойынның аталып
жүруі де жайдан – жәй емес.
Қазақ халқы материялдық мұраларға мәдени қазыналарға да аса бай
халықтардың бірі болып табылады. Сондай қомақты дүниелер қатарына ұлт
ойындары да жатады.
Ғылымның қай саласы болмасын өз тарихын терең зерттеп алмайынша алға
баспайды. Демек, зерттеуді өз тарихынан бастау ғылыми жетістіктерін
игерумен қатар, оның одан ары бастауына үлкен мүмкіндіктер туғызады.
Дәл осы жағдай қазақ ұлттық ойындарының даму тарихына да қатынасы болса
керек. Қазіргі кешеніне (Төтенаев Б. Қазақтың ұлтттық ойындары. Алматы:
Рауан, 1991, 3-бет )келген Маркстік тарихи ғылымдарының дәлелдеуі бойынша
күні бүгінгі бізге жеткен ұлт ойындарының қалыптасу кезеңі сонау адамзат
баласының жаратылған күнінен, демек қазақстан жерінде қалыптасқан алғашқы
қауымдық құрылыстан басталады.
Халқымыздың ұлы перзентінің бірі заманымыздың аса көрнекті жазушысы
М.О.Әуезов Біздің халқымыздың өмір кешкен-ұзақ жылдарында өздері
қызықтаған алуан ой өнері бар. Ойын деген менің түсінігімше көңіл көтеру,
жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыруға ғана емес, ойынның өзінше бір
мағыналары болған – деп тегіннен айтпаса керек.
Ұлттық ойындар сол халықтың әлеуметтік экономикалық жағдайларына
байланысты туып дамығанына қазақ халқының ұлттық ойындары мен таныса
отырып көзіміз әбден жетеді себебі қазақ халқының ұлттық ойындары өте
ертеде туып, оның көші-қоны тұрмыс жағдайларына байланысты болған.
Ұлт ойындар осылайша атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып
отырған және халықтың дәстүрлі шаруашылық, мәдени өнер тіршілігінің
жиынтық бейнесі, көрінісі де болған.
Алғашқы қауымдық кезеңнен біздерге жетіп, ойналып жүрген ұлт
ойындарының ішіндегі әр алуан құмалақ ойындары, бестас, асық, садақ ату,
қарагие тағы басқалары шамамен алғанда 5000 жылдар айналғандығы жайында
ағылшын ғалымы Э.Маккей “бұл ойындарының барлығы дерлік Азия елдерінде
тайпалық одақтардың арасында тарағанға ұқсайды” дейді. Сондай – ақ мұндай
пікірлерді Венецияның саяхатшысы Марко Поло да қостайды. Ол өзінің Жетісу
бойында болған сапарында көрген “Қызбөрі” ойыны да Қазақстан
территориясындағы тайпалардың пайда болған кезімен яғни таптық қатнастан
бірге туғандығы жайлы ескертеді. Мәселен, тарихи уақиға Қазақстан жерін
мекендеген көшпелі тайпалардың кезіндегі негізгі кәсібі болған аңшылық келе
– келе жекелеген тайпа мүшелерінің қоғамдағы орны мен рөлін анықтады.
Осыдан барып тайпалардың аңға шығардағы жасаған жатығулары кезінде
Қарагие ойынын туғызды.
Қазақ балаларында ойыншық болған жоқ десек те болады, тек қана
балалардың өздері жасалған зырындауын, қуыршақ пен балшықтан істеген ат,
түйе, қой, ит т.б. жануарлар бейнесі ғана болды. Бұл ойыншықтар сыртқы
әсемдік жағынан балаларды онша қызықтыра қоймады, сонда да, антропологиялық
көзбен қарайтын болса, осы ұсыныс ойыншықтар балаларды еңбекке баулып,
өздері жасағандықтан құнды болды. Мәселен “Қой бағу” ойынында балалар
құмалақты пайдаланады. Түйенің кепкен құмалағынан “қой” қой құмалағынан “
қозы” жайып қораға қашап, “қоздатып”, “көшіп-қонып” күнделікті халық
өміріндегі болып жатқан оқиғалар мен байланыстырады. Балалардың ойындары
сол күндегі қоғам өміріне негізделіп, күнделікті тіршіліктің
қалыптасқандығын аңғартады.
Барлық білім тәжрибеден, түсініктен аңғарудан туады. Олдай болса, бала
өзін қоршаған дүние туралы алғашқы түсінікті ойын үстінде алады. Ол дүние
сырларын түсініп аңғарады, тәжірибе жинақтайды.
Қазақ халқы – ұлт ойындарына бай халықтардың бірі. Бірақ ол ерте, де
ауызекі туып, жалпақ жұртқа ауызекі таратып отырған. Сондықан көпшілігі
бүгінігі күнге жетпей ұмыт болып кеткен.
Қазақтың ұлттық ойындары туралы қағаз бетіне алғашқы деректер ХІІІ
ғасырдан басталады. Қазақтың ұлт ойындары туралы алғаш пікір айтушылар мен
оның жеке нұсқаларын жинаушыладың қай – қайсысы болмасын, оны жоғары
бағалап, көшпелі халықтан мұндай өрелі өнерді күтегендіктерін сөз етеді.
ХІІІ ғасырдың бірінші жартысында Италия саяхатшысы Плано Карпини
Хорезм, Жетісу және Тарбағатай арқылы Монғоляға барып, одан еліне қайтқан
сапарында жинаған материялынан “Монғолия тарихы” атты еңбегін жазды. Мұнда
ол Монғолияның көршісі болған орта жүздің бір руы Тарбағатай наймандарының
өмірі мен әдет-ғұрыптары, демалыс уақытын өткізгендегі ойын – сауықтары
жайлы, жауынгерлік ерліктері туралы айтылады.
Италия саяхатшысы Марко Поло өзінің Қазақстанға жасаған саяхатында
Жетісу бойындағы қазақ ауылының мерекелі тойларында болып, ойын сауықтарын
көріп, көптеген ұлт шығу тарихына, қалыптасу дәуіріне де болжам айтқан.
Қазақтың ұлттық ойындары жайындағы деректер Қазақстан жерінде болмаған
кейбір шетел ғалымдарының зерттеулерінде де кездеседі. Мәселен: Австрия
дипломаты С.Герберштейннің 1516 – 1517 және 1526 – 1527 жылдары Москвада
болып, Қазақтарды білетін орыстардың ауызша айтуынан жазып алғандары 1549
жылы латын тілінде “Записко о Московских делах” деген атпен жарық көрді.
Бұл еңбегінде қазақ жері, халқының әдет – ғұрпы, орыс халқымен қарым –
қатынасы, ойын – сауықтары жайында жазған. Сондай ақ италия ғалымы Павло
Иовия Новокамский 1525 жылы Римде орыстың белгілі елшісі Дмитрий Геросимов
пен кездесіп, соның айтуымен Книга о Московском посольстве атты еңбегін
жарыққа шығарады. П.И.Новокамский бұл еңбегінде қазіргі Қазақстан жеріндегі
көшпелі рулардың этнографиясы, жері, орыс халқы мен аралас сауда-саттық
жұмыстары, сондай-ақ ойын сауықтары жайында жазған. Мұндай анықтаманы
дәлелдейтін мағлұматтар Германиядағы Лейден университетенің архивінде де
сақталған.
XVII ғасырдың екінші жартысында қазақ халқының өмірі жайында көптеген
материалдар жинаған орыс ғалымдарының бірі П.С.Паллос болды. Ол 1767 жылы
Батыс Сібірі мен Орал бойына жасаған экспедицияны басқарып, осы сапарында
жиналған материалдардан 1773 жылы “Путешествие по разным провинциям
Россиской империй” атты еңбектерінің жинағын шығарды. Осы еңбектің
“Известия о киргизах” атты бөлімі түгелдей қазақ халқының этнографиясына
арналған, халықтың ойын сауықтарының қалай өтетендігі, демалыс уақытын
қалай өткізетіндегі, аңшылық өнері қарастырылып мысалдар келтірілген.
Қазақ халқының қонақ жайлылығы мен ойын-сауықтары тіпті сонау Марко
Поллодан бастап, 1863-1864 жылдары Қазақстанда болған Шығысты зерттеуші
ғалым, Венгр Арминий Вамбери мен 1903-1907 жылдары Каспий теңізінің бойында
маңғышлақта болған неміс этнографы Рихтер Кортуцқа дейінгі шетел
саяхатшыларының еңбектерінің барлығына дерлік арқау болған. Қазақтың
этнографиясын зерттеп, оны Европа елдеріне таратуға ат салысқандар–поляк
халқының өкілдері А.Янушкевич, С.Гросс, Б.Залеский болды. А.Янушкевич
“Дневники и письмо из путешествия по казакским степям” атты еңбегінде қазақ
халқының қыстаудан жайлауға көшіп келіп, қонған күнін “бұл күн бұлар үшін
бақыт күні, қуаныш күні” дей келіп, сол күнгі ойын сауықта, әсіресе “Қыз
қуу” ойынының көз тартарлық қызығын сипаттайды. Осы ойын-сауық үстіндегі
ақындар айтысын „Менің алдымда Демосфен мен Цицеронды естімеген, оқу мен
жазудан хабары жоқ екі ақын, айтыс үстінде олимпиадаға күрескерлердей
бірімен-бірі айқаса түседі. Не деген талант, не деген жыр. Менің жанымды
тебірентіп, жүрегімнен орын алуда”,- деп табиғи дарын құдіретіне бас ие
суреттей келіп, „мұндай дарыны бар көшпелі халық еш уақытта да шетел отары
болмайды, түбінде халықтар арасынан құрметті орын алатынын өздері-ақ айтып
отыр”,- дейді.
Г.В.Плеханов “Письмо без адреса” атты еңбегінде “ойын еңбек бастамасы
болғандықтан баланың уақытымен ғана өлшенеді”,- дей келіп материалистік
тұрғыда қоғамның дамуында еңбек бірінші кезекте тұрғанымен адам өмірінде
ойын да қажетті екендігін дәлелдеді. Мұндай пікірді орыс ғалымы, дәрігері,
педагог К.А.Пакровский қостаған. Ол “ойын-күнделікті бала еңбегі болашақ
өмірдің бастамасы ойын үстінде баланың ертеңгі өмірге деген қабілеттілігі
байқалады”,- дей келіп “Физическое воспитание детей и разных народов
преимушественно Россий” атты еңбегінде Азия халықтарының оның ішінде қазақ
халқының ұлттық ойындарының, дене шынықтыруының халық тәрбиесіндегі алатын
орнын зерттеп, өзінше баға берген. Көптеген ойындардың шығу кезеңдерін,
дамуын, қалыптасқан дәуірлерін де анықтаған.
ХІХ ғасырда халқымыздың әдет-ғұрпын, ойын-сауықарын, ұлт ойындарын
зерттеуде қазақтар арасынан да бірлі-жарым адамдар шыққан. Солардың бірі-
Ешмұхаммед Букин болды. Ол дене тәрбиесінің тұңғыш ұстазы Е.Букин
“физическое и умственное воспитание у киргиз” атты еңбегінде жергілікті
мамандар арасынан бірінші болып “гимнастика” деген терминге ғылыми
түсініктеме берді. Демек адам баласы үшін ғана емес, ересектер үшін де
қандай роль атқаратындығын баяндайды. Жергілікті мамандар ішінде ұлт
ойындарын жинастырып, қағаз бетіне түсірушілер барған сайын көбейе береді.
Қазақтың ұлттық және спорттық ойындарының өзіндік тарихи, дамуы,
қалыптасу кезеңдері бар. Қазіргі кейбір тарихи деректерге қарағанда бізге
жеткен ұлт ойындарының біразы сонау көне заманнан басталады. “Бес тас”,
“асық”, “садақ ату”, “қарагие” сияқты ұлт ойындары шамамен алғанда осыдан
5000 жылдар бұрын ойнағалдығы жайында айта келіп, ағылшын ғалымы Э.Маккей
бұл ойындардың барлығы дерлік Азия елдерінде тайпалы одақтардың арасында
тарағанға ұқсайды,-дейді.
Ұлт ойындары қоғамның өзгеруі, әлеуметтік экономикалық жағдай негізінде
толығып, тұрмысқа сіңіп өзгерісе ұшырап отырады. Мәселен, Қазақстан
жеріндегі алғашқы қауымдық құрылыста қалыптасқан “аң аулау”, “таяқ
жүгірту”, “садақ ату”, “қақпа тас”, “қарагие” ойындары келесі дәуірде
қайталау-толығу процесінде “аң-аулау”,“бүркіт салу” немесе “құс
салу”,“садақ ату”, “жамбы ату”, “қақпа тас”, “бес тас”, “қарагие”, “найза
лақтыру” болып аттары өзгеріп мазмұндары сақталып қалды. Басқасын айтқанда
күні бүгінгі бәрімізге әйгілі “Ақ сүйек” ойынының бірнеше аттары бар
екендігі анықталды. Мәселен, әйгілі ғалым, этнограф Э.Диваевтың еңбегінде
“орда”, орыс дәрігері Е.Покровскийдің еңбегінде “тоқтымақ”, делінсе
А.Алектровтың еңбегінде “Ақ сүйек”деп аталған.
Ұлт ойындарының жалпы қалыптасу кезеңі біздің заманымызға дейінгі VII-
VІ ғасырлардағы қазақ жеріндегі көшпелі тайпалардың құралу дәуіріне тура
келеді, себебі: ойындардың қай-қайсысы болмасын, қай кезеңде дамымасын,
олар тек өнлдірістік қатарға негізделген. Өз кезіндегі өндіріс құралына
пайдалануға жарамды тас, ағаш, сүйек, т.б. табиғи заттар осы дәуірде
қалыптасқан ұлт ойындарына да қолданылды. Мәселен күні бүгінге дейін мәнін
жоймаған “асық” ойындарына кез-келген сүйек емес, малдың асықтарын алған.
“Бес тас” ойынына кез-келген тастар емес ұстағанда қолға сиятындай, домалақ
тастар, “қарагие” ойнына қолға түскен ағаш емес, тек қайың мен ырғайдың
бірі, тіпті табылмағанда талды пайдаланған. Сондықтан қазақтың ұлттық
ойындары тек ойын-сауықтың жағынан ғана маңызды емес, ол-спорт, ол-өнер, ол-
шаруашылық, тәжірибелік маңызы бар тәрбие құралы.
Қазақтың ұлттық ойындары: көкпар, сайыс, күрес, теңге алу, қыз қуу,
алтын қабақ ату, жамбы ату, т.б. спорттық сипатпен бірге үлкен тәрбиелік
маңызға да ие болды.
Үлкен мерекелердің қай-қайсысы болсын халықтың “көк бөрі” сияқты
спорттық ойындары мен жалғастырылып отырады. Бұл ойындар ерте замандағы
төтемдік түсініктерден бері қуалап келген болатын, қазақ халқының ұлттық
ойындары елдің өмірі мен тығыз байланысты, оның шаруашылық, экономикалық,
әлеуметтік тұрмысынан туған. Сондықтан оның тәрбиелік маңызы аса жоғары,
әрі құнды жазушы, С.Мұқанов өзінің “Халық мұрасы” деген тарихи және
этнографиялық кітабында былай деп жазды: “Жүн сабайтындар көбінесе жастар
болады. Олар жүн сабайтын үйге жиналады да, сабалатын жүнді киіз үйдің
ортасына төсеген тулаққа үйеді де, айнала отыра қалып, екі қолына алған
сабаумен ұра бастайды. Әдетте жастар бұған ойын-сауық үшін де жиналған.
Себебі: жүн сабақ үстінде жастар жарыса қимылдап, оны ойын-күлкіге, әзіл-
ысқаққа айналдырып әкеткен. Сабауды ұстай, ұра білмегендер көршілеріне
күлкі болады, әрі алақандарын ойып алады”,- дейді.
ХІV ғасырдың екінші жартысында және XV ғасырдың бас кезінде қазақ
халқының күнделікті тұрмысы мен этнографиялық ерекшеліктерін зерттеуде екі
ағымның пайда болғаны белгілі. Оның бірі-реакцияшыл-монархиялық ағым,
екіншісі-прогрессивтік ағым. Реаксияшыл монархиялық ағым үстем тап
өкілдерінің саяси әлеуметтік құрылыс ерекшеліктерін “ғылымсымақ” негізде
зерттеу мен болды. Олар: Тронов, Мейер, Кроссовский, тағы басқалар еді.
Прогрессивтік ағымда ғылыми демократиялық бағытта көпшілік қауымның
этнографиялық ерекшеліктерін зерттеген ғалым, этногрфтар В.Радлов,
Г.Потанин, Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин т.б. болды. Осы ғалымдардың ішінде
қазақ халқының өмірін жан-жақты терең зерттегендердің бірі- Э.А.Диваев.
Ұлты башқұрт, ол орыс, қазақ, араб Орта Азия халықтарының тілдерін жақсы
білген. Орынбордағы Некиюев кадет корпусының Азия бөлімін бітіргеннен
кейін, Ташкенттегі Сырдария соғыс губернаторына кіші чиновник болып
тағайындалған. Содан өмірінің 55 жылын қазақ халқының арасында өткізген
ғалым.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы ғалымдардың назарынан тыс
қалған мәселелерінің бірі халықтың ұлт ойындарының бала тәрбиелеудегі
маңызына Ә.Диваев ерекше мән беріп зерттеген. Ә.Диваев бірінші рет ғылыми
прогрестік идеяда қазақ балаларының жас ерекшеліктеріне қарай,
“Бір жасқа дейін нәресте, бір жастан жетіге дейін сәби, сегізден он
беске дейін бозбала, он алтыдан жиырма беске дейін жігіт”деп төрт топқа
бөледі. Бірінші топтағы нәрестені тәрбиелеудегі “Бесік жыры”, “Саусақ
санау”, “Тұсау кесу” жырларын жатқызады.
Ә.А.Диваев екінші топқа сәбидің дүниеге көзқарасын қалыптастыратын әр
түрлі ойыншықтар мен құмалақ ойындарын жатқызады. Қазақ балаларында
ойыншықтар болған жоқ десекте болады, тек қана балалардың өздері жасаған
қуыршақ пен балшықтан істеген ат, түйе, қой т.б. жануарлар бейнесі ғана
болады.
Бұл ойыншықтар сыртқы әсемдігі жағынан балаларды онша қызықтыра
қоймайды, сонда да антрапологиялық көзбен қарайтын болсақ, осы ұсқынсыз
ойыншықтар, балаларды еңбекке баулып, өздері жасағандықтан құнды болды.
Мәселен, “қой бағу ”ойынында балалар құмалақты пайдаланады. Түйенің
кепкен құмалағынан қой қойдың құмалағынан қозы жайып, қораға қамап,
қоздатып, көшіп-қонып, күнделікті халық өміріндегі болып жатқан оқиғалар
мен байланыстырады. Келесі топтағы бозбалалардың ойындарын төрт топқа
бөледі. Табиғи денелерді қолданып ойнайтын ойындар : бес тас, лек жалау,
сиқырлы табақ, жылмақ, т.б. Екінші, Жануарлар дүниесін елестетіп ойнайтын
ойындар: соқыртеке, түйе-түйе, ақ байпақ, көк сиыр, т.б. Бұлардың көп
тарағандарының бірі “Ақ байпақ ”ойыны.
Қазақ халқының негізгі кәсібі мал шаруашылығы болғандықтан халық
жануарлар бейнесін өлең айтса, ертегі айтса, бос кейіпкер етіп сарқылмас
халық қазынасының негізгі түйіні еткен.Сондықтан да халық өмірінде
жануарлар дүниесін қолданбаған, елестетпеген, не мәдениеті , не әдебиеті,
не бала тәрбиесі, не әр алуан этнографиялық ерекшеліктері болмаған. Алайда
бұл ойындар жас өспірімдер үшін сан алуан, сан сырлы, жұмбағы көп
ерекшелігі мол ен дүние.
Үшінші топқа материялдық денелерді қолданып ойнайтын ойындарды
жатқызады.Олар: ”шалма” , ”бөрік” , ”жасырмақ” , ”түйілген шыт” , ”тақия
телпек” т.б. ойындар.Бұл ойындардың ішіндегі ең бір қызықтысы-түйілген
шыт ойыны. Ойын жүргізуші ойнаушыларды өзінің айналасына жинап алады да,
бір,екі,үш, деп дауыстайды. Осы кезде ойнаушылар жан-жаққа бытырап
кетеді.Ал ойын жүргізуші қолында түйілген орамалмен бар ойыншыны қуалайды.
Ол ойыншы ойын жүргізуші жете бергенде қолындағы орамалды басқа ойыншыға
лақтырады. Осылайша ойын жүргізуші орамалды біреудің қолынан алғанша ойын
жалғаса береді. Ал орамалмен ұсталған ойыншы көпшіліктің ұйғаруымен ортада
тұрып өнер көрсетеді. Содан соң жүргізуші ауысып ойын жалғаса береді.
Келесі топқа жататыны - жас өспірім , жігіттер ойындары. Бұл ойындар
белгілі бір ортада жастардың мінез-құлықтарының, өмірге, дүниеге деген
көзқарасының дұрыс қалыптасуына бағыт істейді, жігіттердің қоғамның саяси
құрылысына араласуына әсер етеді.
Ә.А.Диваев осы топқа жататын жігіттер ойынының өзін үш топқа бөледі.
Бірінші топ соған қарсы өз дегенін айтуға тырысты. Олардың қоғам құрылысына
деген көзқарастарын бейнелейтін белгілер, әсіресе асық ойындарында көбірек
көрінген.
Жалпы қазақ жастары асық ойынының белгілі бір жүйеге келтірілген
түрлерін таратты. Асықты қынаға қайнатып бояп, ал қына болмаған жағдайда
қарағай қабығына бояп отырған.Одан келе сақаны табанын қайрап, алшы түсіру
үшін, қарсыласына білдірмей алшысын тесіп, қайрап қоятын болған.
Қазақ халқының тіршілігінде төрт түлік ( қой, сиыр, жылқы, түйе ) мал
шешуші орын алған. Бүкіл өмірі мал өсірумен өткен халықтың этнографиялық
даму ерекшеліктері, той – думан, қуанышы мен реніші де осы малға байланысты
болды. Төрт түліктің қасиеті тек қазақ ауыз әдебиетінде ғана жырланып
қоймай, бүкіл мәдениетпен, өнердің, соның ішінде ұлт ойындарының дамуының
да негізі болды. Келе – келе негізгі бас кейіпкерлері осы төрт түлік
болған. Ақ байпақ, көк сиыр, түйе-түйе, соқыр теке т.б. сияқты ұлт
ойындары да дами бастады.
Орыс ғалымы Ю.И.Семенов алғащқы адамдардың, жануарлардың қозғалысын
бақылауы, соны үйренуі олардың өз бетінше еңбектенуіне әкеліп тиянақтады.
Содан келе-келе жануарлардың қозғалысына еліктеп әр түрлі билерді,
ойындарды шығарды - дейді.
Ең алғашқы пайда болған өндірістік дәстүр немесе аң аулау билері мен
жатттығу ойындары жайында өнер зерттеуші А.Д.Авдеев былай деп жазды:
“Осы аң аулау билерін үйрену – жаттығу түрінде өтті, мұның коллективті
бір ортаға біріктіруде тәрбиелік маңызы зор болды. Бұл аң аулап келгеннен
кейін өте бір сәтті шыққан сапарды есте қалдыру үшін, болмаса алдағы сапар
үшін жасалған жаттығу ойындары еді.”
Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдықты,
табандылықты, байсалдылықты, т.б. мінез - құлықтың ерекшеліктері мен бірге
күш - қуат молдылығын, білек күшін, дененің шынығуын қажет етеді. Сонымен
бірге бұл ойындар әділдік пен адамгершіліктің жоғары принциптеріне
негізделген. Өйткені ойынға қатыспай тұрып - ақ оған күн ілгері көп
адамдардың тер төгіп, еңбек етуіне тура келеді. Мысалы: Бәйгені алайық. Ол
үшін алдымен бәйгеге қосылытын атты таңдап алады. Ол атты баптап, бағып
күтуге тура келеді, оның жейтін жемі мен суына дейін белгілі бір мөлшерге
келтіріледі. Атты белгіленеген уақыттта күн сайын жегізіп, шапқызып,
терісін алады. Бәйгеге қосылатын атқа мініп шабатын бала күн ілгері осы
сынақтарға қосылады. Бәйге шарты мүлтіксіз орындалуы үшін төреші
тағайындалады.
Бәйгеге қосатын аттардың шабатын жерінің алыстығына қарай кейде ат
айдаушылар біреу емес, бірнешеу болуыда мүмкін. Ол ат шабатын қашықтықтың
өн бойына орналастырылады. Бәйгеге әзірліктің басы – қасында болған, бала
осы өнердің сырларын жете біліп, үлкен шаруашылық мектебінен өткендей
әсер алады.
Ұлт ойындарының қалыптасуы тек балаларға ғана керектігі мен дамып
қойған жоқ, ересектердің күнделікті тіршілігіндегі қозғалысы мен көңіл
көтеріп, демалыс уақытын өткізудегі еңбектің бір түрі ретінде де дамыды.
Мәселен, әр түрлі қимыл әрекетті ойындар мен асық ойындары тайпалық
одақтарда ересектер арасында дамыды да, кейін келе жас өспірімдерге қалды.
Біздерге белгілі, мал мен жүрген көшпелі руларда киіз үйден басқа
баспананың болмағандығынан, тек ашық алаңдарда ғана ойналатын “ақ сүйек”,
“алты бақан”, “айгөлек”, “арқан тартыс”, “көк сиыр”, “соқыр теке”, “түйе –
түйе”, “белбеу”, “тартыс”, “қасқұлақ”, “түйілген шыт”, “ақ серек –
көксерек”, “бұрыш”, “көрші”, “шертпек,” “инемді тап”, “айдап сал” т.б.
ойындар шыққан. Келе - келе алғашқы қауымдық құрылыс кезінде қалыптасқан
ұлт ойындарына өзгеріс еніп, топқа бөлініп ойнайтын ойындар туа бастады.
Ондай ойындарндың алғашқыларының бірі “ақ сүйек”.
Бұл жүгіріп күш көрсетіп ойнайтын ойын болғандықтан, өкпенің жұмыс
қабілеттілігін арттырып, денені шынықтырып, жүйріктікке, шапшаңдыққа,
батылдыққа тәрбиелейді, сондай – ақ қараңғыда жол табуға көзді
жаттықтырады, төңіректі дұрыс бағдарлай білуге үйретеді.
Ұлт ойындарының келесі бір даму кезеңі XV ғасырлар, яғни қазақ жерінде
алғаш хандықтардың қалыптасу дәуірі. Мәселен, ұлттық ойындар арқылы үстем
тап өз мүддесін идеялогиясын дәріптегісі келе, халық, еңбекші күнделікті
тұрмыстағы қоғамның саяси және әлеуметтік даму ерекшеліктерін көрсететін
ойындар. Ондай ойындардың бірі – “Хан жақсыма” ойыны. Енді бір топқа
қозғалмалы ойындарды жатқызады: “Ақ сүйек”, “ақшалшық”, “тиын салу”, “алты
бақан”, “арқан тартыс”, “белбеу тастау”, “шертпек”, “көрші”.
Қазақ халқының өмірі мен бірге шаруашылығының негізіне байланысты
дамыған ойындардың бірі – “Қасқұлақ”. Бұл ойын жігіттер мен қыздардың
келісуі бойынша түнде, яғни қой күзеткенде ойналады.
Келесі топқа спорттық ойындар. Олар: “Аударыспақ”, “бәйге”, “аң аулау”,
“жамбы ату”, “жаяу жарыс”, “жорға жарыс”, “көкпар”, “қазақша күрес”, “күміс
алу”, “қыз қуу”, “сайыс”. Осы ойындардың ішіндегі ең бір қызықтысы –
“аударыспақ” ойыны. Бұл спорттық ойындар жігіттердің күштілігін,
қайраттылығын, атқа міну шеберлігін байқатады.
“Бесік жырынан” бастап барлық ұлт ойындары ұрпақтың қай - қайсысына
болмасын белгілі бір бағыт беріп, өмірге аттандырады. Халық жырлары ата –
ананың балаға деген бірінші сенімі, тілек талабы. Бұның бәрі баланы ойната,
көңілдендіре, бойларын сергіте жүріп айтылады да, өміріне рухани азық
болатын өнегелі де, ілтипатты сөздерді жас кезінен құлақтарына құя береді.
Ал ойындар баланы қимылға, әрекетке, денесін шынықтыруға төселдіреді, сол
арқылы өмір күресіне еңбекке баулиды. Осының бәрі баланың жан жүйесіне
әсер еткен эстетикалық тәрбиесінің жемісі. Қазақтың ұлттық ойындарының
бірі қыдыруды, ойлануды қажет ететін ойындарға жатады. Олар негізінен
логикалық ойлау мен математикалық, философиялық ойлануды дамытуға
негізделіп жасалғандай. Солардың төресі тоғызқұмалақ. Тоғызқұмалақ
ойынының фотосуреті мен ойналу тәртібін қағаз бетіне алғаш түсірген
этнограф М. Понтусов 1906 жылы. Бұл ойын өте көне және кім ойлап тапқаны
белгісіз. Ол қазақтың үш ордасының барлығына тегіс тараған деп жазды.
Ұлт ойындары ата-бабамыздан бізге жеткен өткен мен бүгінгіні
байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, аса қазынамыз. Сондықтан оны
үйренудің күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ
тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып,
оның творчестволық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді.
В.А.Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да
жоқ және болуыда мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық
терезесі ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз түсінік алады. Ойын
дегеніміз ұшқын, білімге құмарлықпен еліктеудің аздап жанар оты. Міне ойын
даганіміз тыныс кең алысқа меңзейтін ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиялымен
қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі,
өмір тынысы демекпіз.
Қай халықтың болмасын ұлттық ойындарының белгілі бір мақсаты мен
әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан ерекше қасиеттері болады. Сондықтан да
халық арасында қалыптасқан ойындар туралы сипаттамалық жинақтар, деректер
және құжаттар дұрыс зерттеу мен талдауды қажет етеді.
Халық ұлт ойындарын туғызушы, оны сан-салалы өмір талқысынан өткізуші,
өзінің керегіне жаратушы ретінде, оны өзінің ұрпағын өмірге әзірлеу
ниетінде дүниеге әкелген.
Ұлттық ойындардың ел арасында тарауы, қоғамдағы ролі, болашақ ұрпақты
тәрбиелеудегі қажеттілігі, оның шығу тарихы төңірегіндегі мәселелермен
бізге дейін де ғалымдар ізденіс жасаған.
Осы мәселеге байланысты зерттелген ғылыми еңбектерді біз хронологиялық
тәртіп бойынша бірнеше топқа бөліп қарастырдық:
1. Патшалық Россияның қазақ жерін отарлау саясаты кезеңіндегі көшпенділер
туралы зерттеу жұмыстары.
2. Кеңес заманы тұсындағы Орта Азия және Қазақстан халықтарының ұлттық
ойындары туралы жазылған ғылыми еңбектер.
3. Мектеп жасына дейінгі балаларды дене шынықтыруға баулу әдістерін
педагогикалық сипаттағы бағыт-бағдарлама тұрғысынан зерттелген жинақтар.
4. Егемендік алған Қазақстандағы аталған тақырыпқа қатысты ізденістері.
Қазақ халқының өмірі жайында көптеген материалдар жинаған орыс
ғалымдарының бірі И.С. Паллас өз зерттеулерінде қазақ халқының тыныс-
тіршілігін бақылай келе ұлттық ойындарға сипаттама беріп, қазақ қоғамындағы
аңға шығу мен аңшылықты суреттейді [28].
Ойынға дұрыс мән беріп, оны ғылыми тұрғыдан зерттеу ХІХ ғасырдың 1
-ширегінде қолға алынды. Ең алғаш неміс ғалымы психолог К. Гросс бала
өміріндегі ойынның алатын орнын айқындап, жеке тұлғаның қалыптасу
сатысындағы ойын құдіретін ашты. Ғалым К. Гросстың зерттеу жұмысы
жарияланғанға дейін ойын әрекеті адамның аса күрделі іс-әрекетінің бірі
екенін және оған сүйеніп өсіп келе жатқан баланың психикасын қадағалау,
оның баланың жетілуі үшін қажетті компоненттердің қатарына жататынын
дәлелдеу оған дейін ғылым ретінде зерттелмеді. К. Гросс ойын бала-өмірінде
тұқым қуалаушылықтың негізінде пайда болатын, жас төл секілді, өздерінің
енесі арқылы берілетін инстингті жаттығу арқылы өз бойына орнықтыра отырып,
өмір сүруге әзірлену деп түсіндіреді [29].
Неміс ғалымы А. Гумбольдт 1829 жылы орыс өкіметінен арнайы рұқсат алып
Каспий теңізінің бойына, Орал мен Алтай және Орынбор, Семей, Өскемен
қалаларына саяхат жасап, көшпелі қазақ ауылдарының өмірімен танысып,
олардың күнделікті тіршілігін, әдет-ғұрпын зерттей келе: Қазақ елінің
жолаушы қонаққа көрсететін құрметімен бірге ұлттық ерекшеліктері күрестері
мен ат жарыстары халықтың өзіндік ерекшелігімен сүйсіндіріп, сырт адамды
қызықтырады, - дейді [30].
Қазақ даласында тұңғыш география қоғамы бөлімшесін ашушылардың бірі,
көрнекті орыс ғалымы, географ, тарихшы А.И. Левшиннің қазақтар туралы 1832
жылы жазған ең көлемді монографиясы: Описание киргиз-казачьи или киргиз-
кайсацких орд и степей деп аталады. Осы еңбектің бірінші бөлімінде Қазақ
даласына географиялық сипаттама берілген, екінші бөлімі қазақтардың
тарихына, үшінші бөлімі олардың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына арналған.
А.И. Левшин ойын-тойлардағы ұлттық спорт түрлеріне: ат жарыс, теңге алу,
қыз қуу, балуан күресіне тоқталып, қазақ балаларының жастайынан ерінбей
қимыл-әрекет дағдысын қалыптастыруға ұмтылатынын көрсеткен [31].
А.И. Левшин қазақ халқының балаларды атқа шабуға, садақ тартуға,
күреске үйретудегі шеберлігін, әсіресе дене тәрбиесіне ерекше көңіл
бөлетінін атап өтеді. Қазақ халқының шыдамды, мықты болып өсетінін А.И.
Левшин былай деп суреттеген: Халықтың өмірі үнемі мал бағумен, табиғатпен,
таза ауада тіршілік етумен өмір өткізуі олардың дене бітімінің зор, күшті
болып өсуіне себепкер болған. Сондықтан да олар ыстыққа, суыққа төзімді,
көп жасайды, бас ауруы дегендер сирек кездеседі. Олардың көзі қырағы болып
келеді. Алыстағы көрінген малдың түсі-түгін айнытпай дәл ажыратады. Атқа
мініп жүруді балалары жастайынан үйренген. Олар үшін атқа шабу
гимнастикалық жаттығудың бір түрі сияқты болып кеткен [32].
Халқымыздың әдет-ғұрпын, ойын-сауықтарын, ұлттық ойындарын зерттеуде
ғалым Е. Букиннің еңбегі ерекше. Е. Букин - дене тәрбиесін пән ретінде
қарап, теориялық тұрғыдан зерттеген алғашқы ізденуші. Зерттеуші өзінің
Физическое и умственное воспитание у киргиз атты еңбегінде алғаш рет
гимнастика деген терминге ғылыми түсініктеме берген. Гимнастика-адам
ағзасына жан-жақты әсер ететін, оның негізгі функционалдық процестерін
күшейтетін, үйлесімді дамуына көмектесетін, арнайы іріктелген жаттығулар
жүйесі деп дәлелдеді [33].
Қазақтың ұлттық ойындарына мән беріп, оны жинақтап, топтап жарыққа
шығарған орыс ғалымы А. Диваев. Өзінің Игры киргизских детей атты
еңбегінде автор тарихта алғаш рет қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп
қарастырады: 1-ші кішкентай балалар ойыны, 2-ші ересек балалар ойыны, 3-ші
жігіттер ойыны.
А. Диваев ұлттық ойындарды топтап, жинаушы ғана емес, оның бала
тәрбиесіндегі әлеуметтік құнын көрсеткен ғалым. Аталған жинақта автор
ұлтымыздың ойындарын классификациялап қана қоймай, әр жас коэффициентіне
қарай ажыратып көрсетеді. Мысалы: 1-ші 1 жастан 7 жасқа дейінгі балалар
ойыны, 2-ші жеті жастан он бес жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған
қимыл-қозғалыс ойындары, 3-ші он бестен отызға дейінгі ересектер ойыны.
Бізге қатысты 3 тен 5-ке дейінгі балалар ойынын жас баланың обьективті
түрде материалдық әлемге қатысын суреттейтін ойын түрлерін, мысалы: қой
бағу, көк сиыр, соқыр теке, түйе-түйе, жоғалған бөрік секілді ойындармен
келтірсе, жасөспірімдер үшін тақия телпек, домалақ ағаш тағы да басқа
топтасып ойнайтын ойын түрлерін бір жинаса, жігіттер ойнайтын ойындарды
тағы да үш топқа топтап былай анықтайды: бірінші қазақ халқының әлеуметтік
жікшілдік руханиятына қатысты Хан жақсы ма, Кім күшті, жеке дара ойыны,
екінші қимыл-қозғалысты көрсететін: Ақсүйек, Көрші, Арқантартыс, т.б.
ойындары. Үшінші ойын түрлеріне спорттық ойындар: Көкпар, Жамбы ату,
Жаяу жарыс, Қыз қуу, Бәйге тағы да басқалары келтірілген [34].
А. Диваевтың бұл тұжырымдамасы қазақтың дәстүрлі халық арасында
қалыптасқан ұлттық ойындары туралы тұңғыш рет дұрыс классификациялық
бөлініс жасалып, дәлелді таразыланып, талданған іргелі еңбек болып
табылады.
А. Диваев алғашқы топтағы ойын түріне рулық қауымдық құрылыс кезеңінде
өмірге келген ойындарды, екінші топтамадағы дәстүрлі ойындарға қимыл-
қозғалыс ойындарын, үшінші топқа-спорттық ойын түрлерін жатқызады. Ізденуші
этнографтың дәлелдеуінше халық ойындары балалардың іс-әрекетін, қимыл-
қозғалысын дамытумен қатар, денсаулығын шыңдауда тездетуші үрдіс әрекетін
атқарады [35].
А. Диваевтың бұл еңбегінен басқа Как киргизы развлекають детей
мақаласында Шымкент уезіндегі қырғыз балаларының бес саусақ ойыны, саусақ
атаулары - оның діни сенімділік, дәстүр және табиғат пен күнделікті мал
шаруашылығымен байланысы жақсы суреттелген. Мысалы: баланың бас бармағын
көтеріп малды барымталаймыз, ортан бармақты көтеріп оған пайғамбарымыз не
дейді деп көк аспанға қарап құдай тәңірінен рұқсат сұраған. Аталған
мақалада кішкене нәрестенің саусақтарын бүгіп-жазып ойнауы
суреттелгеніменде бұл жерде халықтың халықтың өмірінің күрмеуі мал мен
құдайшылдықты бала санасына күнделікті сіңіруді саусақпен қимыл-қозғалыс
жасау әрекеті негізінде іске асыруы баланы тәрбиелеп, шынықтыруды үлкен
даналық философиялық мағына жатқандығын көрсетеді [36].
Ғалым қазақтың балаларды жас ерекшеліктеріне қарай жіктеп, бір жастан
жеті жасқа дейінгілерді нәресте, жетіден он беске дейінгілерді бозбала, он
бестен отызға дейінгілерді жігіт деп атайтынын келтіріп, адамның жас
ерекшеліктеріне қарай ұлттық ойын түрлеріне түсініктер беріп, талдау
жасаған. А. Диваев еуропалық фабрикада жасалған ойыншықтардан қазақ
балаларының өздері қолынан жасаған қуыршақтар мен саз балшықтан жасайтын ат
пен түйе, қой сияқты ойыншықтардың артықшылығын сөз ете келе, олардың
баланың қиялдау қабілетін дамытудағы шығармашылық мәнін ашып көрсетеді. Ол
өзінің қазақ балаларын қалай жұбатады деген мақаласында қазақтың
бауырмалдығын, балажандылығын сипаттай келіп, саусақ санату арқылы олардың
ойын өсіруге және ойынның күнделікті тіршілікпен байланысты болуына жете
мән беретініне тоқталады. Ә. Диваев, Г.П. Потанин еңбектеріне сүйене
отырып, қазақ ойындарының мазмұны Орал-Алтай халықтарының ойындарымен үндес
келетіндігін де сөз етеді [37].
19 ғасырдың 2-ші ширегінен бастап қазақтың ұлттық ойындары орыстар
арасында беделге ие бола бастады. Оның басты себебі қазақ даласын жаулау
барысындағы капитализм генезисінің бір бағыты жәрмеңкелік сауданың
өрлеуінің нәтижесі - сол кезеңдегі ірі қазақ-орыс алыс-берістерінің
орталықтары: Қоянды, Қарқаралы, Бөкейдегі хан ордасы жанындағы жәрмеңке
тағы да басқаларының далалық және қалалық халықтың жылына екі рет жиналатын
орнына айналуы өз септігін тигізді. Жәрмеңкелер орыс көпестерімен қазақ
малшылары арасындағы сауда қатынасын дамытып қоймай мәдени өмір өлшемінен
де көрініс көрсетіп, оның ішінде жарыс сайысының негізгі аренасына айналды.
Бұл жерде белгілі ақын-жыраулар айтысып, ұлттық халық ойындарының жарыс
түрлерінен сайыстар өткізілді [38].
Қазақ халқының этнографиясы мен ауызекі шығармаларын жинап, зерттеп аса
құнды еңбек жазған В.В. Радлов қазақтың қыз ұзату, баланы бесікке салу,
атқа мінгізу, сүндетке отырғызу сияқты салт-дәстүрлерінің шығу тарихына,
баланы жастайынан тәрбиелеуге көңіл бөлетініне тоқталады. Ол баланы
еңбекке, кәсіпке тәрбиелеудегі ұлттық ойындардың маңызын, қазақ әйелдерінің
еңбексүйгіштік қасиеттеріне, қолөнер шеберлігі мен төзімділігіне сүйсінді
[39].
1873 жылы И. Герцтың Сборник игр и полезных занятий для детей всех
возрастов -СПб, 1873-еңбегінде халық ойындарын баланың жас ерекшелігін
ескере отырып енгізу әдістері көрсетіліп, жүйелі түрде халық ойындарына
сипаттама жасалған [40].
Келесі қазақтардың ұлттық ойындарына тоқталған орыстың ғалымы А.
Алекторовтың жазған О рождении и воспитании детей киргизов, о правилах и
власти родителей еңбегін атауға болады [41].
Бұл ізденісінде автор көшпенді қазақтардың өмір сүру салтындағы баланың
дүниеге келген сәтінен өсу динамикасындағы ұлттық ойын мен қимыл-қозғалыс
әрекетінің алатын орны мен бала денсаулығы мен дене мүшесінің қалыптасып
дамуындағы халық ойындарының қажетті жақтарын ашады. Мысалы:
Орыс офицері Ф.С. Ефремовтың жазған Девятилетнее странствование
еңбегінің бір тарауы қазақ халқының аңшылығы мен ойын-сауықтары туралы
сипаттаған [42].
Қазақтың белгілі ғалым ағартушылары А. Құнанбаев, Ш. Уәлиханов, Ы.
Алтынсарин халық ойындарының балаларға білім берудегі тәрбиелік мәнін
жоғары бағалап, өткен ұрпақтың дәстүрі мен салтын құрметтеп, адамдардың ойы
мен іс-әрекетін танып түсінуде жастардың эстетикалық, адамгершілік ой
талабының өсуінде атқаратын қызметінің жоғары деңгейін бағалады [43].
Ш. Уәлиханов халықтың салт-дәстүрлері мен діні, наным-сенімдерін
зерттей отырып, қазақ мәдениетін өзбек, қырғыз, түркмен, қарақалпақтардың
өмір сүру әдісімен байланысты қарастырып, олардың бір-біріне тигізетін игі
әсерін жан-жақты сөз еткен.
Қай халықтың болмасын, жалғыз өзіне ғана тән салт-дәстүрінің
болмайтынын, шаруашылық кәсібі мен мәдени тұрмыс-тіршілігі аралас елдердің
бір-біріне тигізер әсерінің сөзсіз болатынын дәлелдеген зерттеуші Иш-
Мухамед ұлттық ойындарды сол елдің өмір сүру салтымен байланыстырады [44].
Ұлттық ойындар халық тәрбиесінің дәстүрлі табиғатының күрмеу жалғасы.
Ежелден дәстүрлі ойындарда халықтың өмір сүру әдісі, тұрмыс-тіршілік
еңбегі, ұлттық дәстүрі, батырлық-батылдық туралы түсінігі, адалдыққа,
күштілікке ұмтылуы, шыдамдылық рухын қайраттауға мән берілуі, халықтың
данышпандығының дәлелі.
Халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан ойындарындағы көзделген мүдделер
жеке адамның әлеуметтік белсенділігіне ғана емес, ұлттық құндылықтар болып
табылатын жеке адам құрылымы психологиялық жұмыс көлемінің кейбір
элементтеріне де байланысты. Ұлттық мирас қатарына дәстүрлі ұлттық спорт
ойындары мен ұлттық спорт жатады, оның ұлттық құндылықтың бөлшегі екендігін
дәлелдеген.
Кеңес дәуіріне дейінгі қазақ халқының этнографиясы мен мәдени дамуын
зерттеген Европалық миссионерлер мен зерттеуші ғалымдар өз еңбектерінде
көшпелі қазақ даласының жергілікті тұрғындары қазақтар үшін халық спорты
мен спорттық ойындардың халық үшін маңызы, тойлар мен үлкен ас берудегі
халықтық ойындардың әлеуметтік мәні айтылған [45].
Халық ойындарын бала тәрбиесінің бір құралы деп қарастырған және оны
логикалық тұрғыдан нақтылап дәлелдей білген ғалым Г.А. Покровский.
Балаларды жан-жақты тәрбиелеу әдісін іздестіру барысында Г.А. Покровский
бірден-бір тиімді әдіс деп халық ойындарына жете мән беріп, оны балаларды
табиғи тәрбиелеуде әрі тартымды, таңдаулы тәрбие құралы деп білді. Дәстүрлі
халық ойындары бала денесін шынықтыруда көшпенді қазақтардың мінез-құлқын
қалыптастырып, оны айқындай түсетінін көрсетті. Г.А. Покровский өз
зерттеулерінде орыстардан басқа халықтардың ұлттық ойындарын жинап,
зерттеп, оларды өзінің жинақтарына кіргізіп, ол туралы өз ойын жазған.
Ғалым Г.А. Покровский жазған еңбегінде қазақтың халық ойындарында кіргізіп,
оның әлеуметтік-тәрбиелік, білімдік жағынан өзіне тән ерекшелігін ескере
білді. Г.А. Покровский Азияның көшпенді халықтарының ұлттық ойындарын халық
мәдениетінің бір бөлшегі ретінде алып қараған [46].
ХХ-ғасырдың басында өмір сүрген этнограф М. Гуннер қазақтың ұлттық
ойындарына мынадай классификация жасады: 1. -жалпы ойындар, 2. -қарсыласу
мен күресу сипатындағы ойындар, 3. -ашық алаңқайдағы ойындар, 4. -қыс
мезгіліндегі ойындар, 5. -демалыс ойындары, 6. -ат үстіндегі ойындар, 7.
-аттракциондық-көрініс ойындары. Келесі бір айта кететін дерек Қазақ ССР
Халық Комиссарлар Кеңесінің 1943 жылғы шешіміне сәйкес 1949 жылы жарық
көрген Краткий сборник казахских народно-национальных видов спорта еңбегі
аталған автор кітабының толықтырылып, өңделеген түрі.
Ғылымда М. Гуннер қазақтың ұлттық қозғалыс ойындарын, спорттық
ойындардан ажыратып алғаш рет бөліп қараған автор ретінде танылады. Қазақ
ойындарын осылайша топтамалық жіктеу жасай отырып ғалым ұлттық ойындарды
оқу үрдісінде пайдалануға ұсыныс жасайды [47].
ХХ-ғасырдың алғашқы ширегінде итальян педагогі Д.А. Колоццо ойынның
бала үшін қандай қажеттілік екендігін дәлелдеді. Д.А. Колоццо ойынның
қоғамдық дамудағы мәнін, әлеуметтік ортадағы тәрбие беру тұрғысынан өзіндік
орнын айқындады [48].
Қазақтың Тоғыз құмалақ ойынының суреті мен ойнау тәртібін қағаз
бетіне алғаш түсірген этнограф Н. Пантусов өз еңбегінде бұл ойын өте көне
және кім ойлап тапқаны белгісіз. Ол қазақтың үш ордасының барлығына тегіс
тараған деп жазды [49].
ХХ-шы ғасырдың басында көшпелі халықтар: қазақ, өзбек, қырғыз, түркмен,
қалмақ тағы да басқа отар елдер туралы этнографиялық деректер жинақталумен
қатар олардың ұлттық мәдениетінің тармағы халық ойындарын жинап зерттеуді
Түркістан генерал-губернаторы арнайы чиновниктер мен миссионер ғалымдарға
жүктеді.
Түркістан жинағының 520-шы томында жарық көрген Закаспий облысында
түркмен балаларының ойыны жайлы мақала халық арасындағы ойындар түрлері,
оның ойналу тәртібі және мақсаты баяндалған [50].
Лябейка деген автордың Туркменія и туркмены мақаласында түркмендердің
ұлттық күресінің күресу ережесі таразыланған . Бұл жерде біздің мән берген
мәселеміз: түркмен халқының ұлттық күрес ойынындағы қолданылатын ереженің
қазақ халқының күрес ойыны ережесімен көп ұқсастық бар екендігі [51].
Орыс миссионері А Васильевтің Игры сартовских детей мақаласында
негізгі арқауы Ферғана және Сырдария аймақтарын мекендеген өзбек халқының
ұлттық ойындарының бірнеше түрлерін ажыратып, топқа бөліп, нақты анықтап
зерттеген. Ізденіс барысында автор Ферғана балаларының күнделікті ойнайтын
ертеден келе жатқан дәстүрлі Чимчукь тушты бошимга ойыны Ташкенттегі сарт
балаларына таныс емес екендігін айтып, осы ойынға байланысты сұрақ қойылған
200 бала бұл ойын туралы ештеңе білмейтіндіктерін айтқан [52]. Бұл ойын
түрлері де қазақтың асық ойындарындағы негізгі идеяны қайталайды.
Бұдан басқа М. Гавриловтың авторлығымен жазылған Перепелиный спорть у
Ташкентских сартов мақаласында өзбек халқының 3 басты ойын түрлерінің
айрықша маңыздысы жыл мезгілінің белгілі уақытында Құстар ойыны тауық,
қаз тағы да басқалармен ойнаудың ережесі мен ойын түрлері, тәртібі
зерттелген [53]. Өркениеттің өркендеуі адамның даму эволюциясында үлкен
өзгерістерді алып келді. Халық ұлт болып қалыптасу жолында өзіндік бейнесі
мен әдет-ғұрпы, мәдениеті мен діні тұрғысынан ерекше даралығымен
оқшауланады деп тұжырымдаған В.В. Гориневский ұлттық ойындарға қатысты
ойын былай деп сабақтайды: Әр халық өзінің ұлттық ойынын дүниеге әкеледі.
Барлық халықтың өзіндік тұрмыс-тіршілігін бейнелейтін ерекше өз ойыны бар
[54].
Орыс халқының ұлы педагогі К.Д. Ушинский балаға берілетін білім ең
алдымен ойын арқылы іске асатынын нақтылап, оған үлкен мән берді. Ойын
үстінде балалардың ұжымдық мінез-құлқы қалыптасатынын дәлелдеді.
К.Д. Ушинский ойынның әлеуметтік-педагогикалық негіздерін көре білді.
Өзінің пікірін дәлелдей келе ғалым былай деді: Ойынның бала қабілетін
дамытуға үлкен әсері бар, олай болса ойын баланың келешек тағдырына өз
ықпалын тигізеді [55]. Бұдан басқа К.Д. Ушинский халықтық тәрбиенің
мақсаты мен мазмұнына және тәрбие мен оқыту әдістеріне тоқтала келе ойын
былай сабақтайды: Халықтың бала тәрбиесі сол халықтың сан ғасырлық
тарихымен тығыз байланысты, тәрбиенің негізін халықтың жақсы-жаман
дәстүрінен іздестіру керек [56].
Кеңес дәуірі жылдарында қазақтың ұлттық дәстүрлі халық ойындары күн
тәртібіндегі өзекті мәселе болмағанына қарамастан Қазақстан ғалымдарының
бір тобы тақырып төңірегінде біраз жұмыстанып, соның қорытындысы бізге
дейін жеткен ғылыми еңбектер жинағы болып табылады. Тоталитаризм кезеңінде
дәстүрлі ұлттық ойындарды зерттеген авторлар қатарында М. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды пайдаланудың педагогикалық мәселелері
Бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ мұғалімдерді даярлау
Дидактикалық ойындарды ойластыру
Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану
Бастауыш сынып математика әдістемесі ғылыми пән ретінде
Бастауыш мектептің математика сабақтарында ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолдану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту
Қазақ тілі сабақтарында қолданылатын грамматикалық ойындар
Оқушылардың білімін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды пайдаланудың педагогикалық мәселелері
Бастауыш сыныпта математика сабағында дидакикалық ойындарды пайдаланудың әдістемелік жүйесі
Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану
Пәндер