Ақтөбе қалалық қаржы бөлімі


Мазмұны
КІРІСПЕ . . . 3
1. ҰЙЫМНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ . . . 4
1. 1. «Ақтөбе қалалық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
құрылу тарихы . . . 4
1. 2. «Ақтөбе қалалық қаржы бөлімі» ММ-нің негізгі құралдарын
пайдалануды талдау . . . 7
1. 3. «Ақтөбе қалалық қаржы бөлімі» ММ-нің кадрлық жұмысын
талдау . . . 9
1. 4. «Ақтөбе қалалық қаржы бөлімі» ММ-нің қаржылық жағдайын
талдау . . . 15
1. 5. Еңбек ақыны ұйымдастыруды талдау . . . 16
1. 6. «Ақтөбе қалалық қаржы бөлімі» ММ-гі шығындарды және
кірістеді талдау . . . 20
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 26
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 27
ҚОСЫМШАЛАР . . . 28
КІРІСПЕ
Ел экономикасының дамуында мемлекеттік қаржысы үлкен рөл атқарады. Мемлекеттің қаржысы бұл ақша қаражаттарынан тұрып, ол қаражаттар тұрғындардың әлеуметтік кепілдігін қамтамасыз етуге, заңдылық пен құқықты сақтауға, қорғаныс пен қоғамдық шаруашылықты басқаруға жұмсалады.
Нарықтық экономикада қаржылар бүкіл аймақтық шаруашылықтық қызмет етуін ретке келтіретін негізгі шарт болып табылады. Сондықтан мемлекеттік қаржы ресурстарын тиімді пайдалану мен басқару ел экономикасы үшін маңызды рөл атқарады.
Өндірістік практикамды «Ақтөбе қалалық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде өттім. Практиканың өту мерзімі 01. 02. 2010 - 27. 03. 2010 жыл аралығы.
Өндірістік практины өту барысында қаржы бөлімінің қызметімен, функциясымен, қызметкерлерімен, жалпы бөлімнің жұмысымен таныстым.
Қаржы бөлімі 7 сектордан тұрады:
- Бюджет орындалу процесін талдай, үйлестіру және есеп беру секторы;
- Бухгалтерлік есеп және есеп беру секторы;
- Материалдық шығындарды және әлеуметтік саланы қаржыландыру секторы;
- Коммуналдық меншікті басқару секторы Білім беру саласын қаржыландыу секторы;
- Мемлекеттік аппарат, мәдениет және спортты қаржыландыру секторы;
- Мүлікті жалға беру секторы.
Әр сектордың өзіне жүктелген функциялары мен қызметтері, сектор жұмысын ұйымдастыратын және басшылыққа алатын басшылары, сектор басшыларының берген тапсырмаларын уақытында орындалуын ұйымдастыратын бас мандары мен жекеткіші мамамандары бар.
1. ҰЙЫМНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ
1. 1. «Ақтөбе қалалық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылу тарихы
«Ақтөбе қалалық қаржы бөлімі» әрі қарай - қаржы бөлімі мемлекет қаржысының басқару саласында бағдарлама әкімшісі, жергілікті бюджеттерді орындау, басқару саласында бағдарлама әкімшісі, жергілікті бюджеттерді орындау, сондай-ақ қала аумағындағы мемлекеттік коммуналдық меншік объектілерін иемдену және пайдалануда арнайы орындалатын және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын және заңнамаларда белгіленген тәртіппен мемлекеттік коммуналдық меншік объектілерін тиімді және мақсатты пайдаланалуының есебін және бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
Қаржы бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, Ақтөбе облысы мен қала әкімінің, әкімдігінің және басқа да құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережелерге сәйкес жүзеге асырады. Қаржы бөлімі заңды тұлға болып табылады. Оның банкіде өз есеп-шоты, мемлекеттік тілдегі мөрі, мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі мемлекеттік және орыс тілдерінде атауы жазылған бланкілері бар.
Қаржы бөлімі азаматтық-құқықтық қарым-қатынастарға тиісті қаржы жылына бөлінген бюджеттік қаржы, өзінің атынан, сондай-ақ коммуналдық меншік объектілерін және кен орындарын басқару, иемдену және билік ету жөніндегі берілген өкілеттік шегінде түсе алады.
Қаржы бөлімі егер заңға сәйкес өкілдік берілген жағдайда қала әкімінің атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түсуге құқылы.
Қаржы бөлімі өз құзырындағы мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте міндетті күші бар бұйрықтар түрінде актілер шығарады.
Қаржы бөлімі штат санының шегін қала әкімдігі бекітеді. Қаржы бөлімінің құрылымын қаржы бөлімінің бастығы бекітеді.
Қаржы бөлімінің заңды мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Т. Ахтанов көшесі, 50, тел. 21-01-96, СТН 061800016164, МФО 195301070, Е/Ш 002130531.
Қалалық мемлекеттік органның толық атауы - «Ақтөбе қалалық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
Ақтөбе қаласының әкімдігі қаржы бөлімінің құрылтайшысы болып табылады. Ақтөбе облыстық қаржы Департаменті қаржы бөлімін басқаруды жүзеге асыратын өкілетті орган болып табылады. Қаржы бөлімінің қызметін қаржыландыру тиісті жергілікті бюджеттер қаражаттары есебінен жүзеге асырылады.
Қаржы бөлімінің негізгі міндеттері:
- тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте салық және ақша-несие саясатымен өзара қарым-қатынаста мемлекеттік бюджет саясатын жасауға және іске асыруға қатысу;
- мемлекеттік салық саясатын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
- жергілікті бюджеттердің түзілу және іске асырылу процесін жетілдіру, бюджеттік бағдарламалау, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тиімділігіне баға беру, ақша ресурстарын басқару әдістерін енгізу;
- қала бюджеттерді қаражатының үнемді және мақсатты жұмсалуын бақылауды қамтамасыз ету;
- несие ресурстарын тарту, қарыздар бойынша қызмет көрсету, займдар мен облигацияларды ұйымдастыру және шығару, бағалы қағаздармен жұмысты істеу;
- қала бюджеттінің орындалуын ұйымдастыру;
- қала бюджетінің орындалуын, бухгалтерлік есеп-қисап, есептілік және аудит бойынша әдістемелік басшылық жасау, бюджеттік бағдарламалау және мемлекеттік шығындарды функционалдық талдаудың әдістерін енгізу;
- қала бюджетінің орындалуы туралы буъгалтерлік есеп-қисап пен есеп жүргізу және оны жүзеге асыру;
- қаланың коммуналдық мемлекеттік меншік объектілеріне қатысты мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
- жол саласындағы біріңғай нормативтік және техникалық мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу, жалпы пайдаланымдағы жергілікті маңызы бар көлік жолдарының құрылысы, жөндеу, салу, ұстау және көгалдандыру инженерлік-техникалық қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі жұмысты және бақылауды ұйымдастыру;
- тауарларды, жұмыстарды және көрсетілген қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөнінде конкурстар өткізу;
- қаланың мемлекеттік коммуналдық меншік мәселелрі бойынша мемлекеттің мүддесін білдіру және оның мүліктік құқын қорғау;
- заңнамада белгіленген тәртіп бойынша қаланың мемлекеттік коммуналдық меншігін тиімді және мақсатты пайдалануының есебін және бақылауын жүргізуді жүзеге асыру;
- өзіне берілген құзыры шегінде мемлекеттік коммуналдық меншікті сатып алу-сату, сенім басқаруы, мүліктік лизинг және жалға беру шарттарының орындалуына бақылау жасауды қамтамасыз ету;
- қаланың мемлекеттік коммуналдық меншігін мемлекеттік мүддесіне сай басқару;
- мемлекеттік мекеменің құзырына кіретін жекешелендіру мәселелері жөніндегі заңнамаларды сақталуына бақылау жасауды жүзеге асыру, оларды қолданудағы тәжірибелерді талдау және жинақтау, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу, өз құзыры шегінде заңнамалық және басқа да нормативтік-құқықтық актілерді дайындауға қатысу;
- қаланың отын-энергетикалық кешенін, тұрғын үй - коммуналдық саласын, байланысын және ақпаратын, коммуникациясын, теміржол, әуе және автомобиль көліктерін, құрылыс, тұрғын үй, сәулет және аймақтық құрылыс, коммуналдық меншік, сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қамтамасыз ету салаларын дамыту бағдарламаларының іске асырылуын бақылау;
- шаруашылық серіктестіктерінің мемлекеттік үлестерін, акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акциялар пакетін басқаруды қамтамасыз ету;
- заңда оған жүктелген басқа да қызметтер.
Қаржы бөлімі заңмен бекітілген тәртіппен мынадай негізгі функцияларды атқарады:
- қаланың қаржыларын басқару, коммуналдық меншік объектілерін басқару және оларды жекешелендіру саласында мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен басымдылықтарын анықтауға қатысады;
- тиісті аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының экономикалық бағдарламаларын стратегиялық және орта мерзімді жоспарларын, жинақтық қаржы балансын жасауға қатысады;
- жергілікті бюджеттер қаржыларының пайдаланылуына талдау жасайды;
- қала бюджетінің жазылуын қалыптастырады және бекітеді;
- экономиканы қаржылық сауықтыру жөнінде шараларды әзірлеуге және оны қала әкіміне ұсынуға қатысады;
- өз құзыры шегінде қала бюджетін құру және орындау, бюджеттердің басқа да деңгейлерімен өзара қарым-қатынастарды реттеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
- мақсатты бағдарламаларды қаржыландыру тәртібін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
- жергілікті атқарушы органдарын қарыз алу мен борыш мониторингін ұйымдастырады және жүзеге асырады;
- белгіленген тәртіппен бюджеттің орындалуы туралы ай сайын жоғары тұрған органдарға есеп береді;
- жергілікті атқарушы органдар резервінің қаржысын пайдалануды есепке алуды және талдауды жүзеге асырады;
- қала әкімдігі мәжілісінің қаруына мемлекеттік қаржыларды басқару мәселелері бойынша және аудан қала бюджетінің орындалуы туралы ұсыныстар енгізеді;
- жергілікті бюджетті орындау барысындағы жергілікті бюджеттік басқармалардың тиімділігін бағалауды іске асырады;
- жергілікті атқарушы органдар қарыздарына қызмет көрсетуді және өтеуді, аудан қала әкімінің кепілдемесі бойынша міндеттерді орындайды;
- қала бюджетінен шығындарды қаржыландыруды және несие беруді жүзеге асырады;
- қала бюджетінің орындалуы туралы жылдық есептер, сондай-ақ ерекше маңызды бағдарламалардың орындалуы жөнінде есептер әзірлейді;
- қаржы бөліміне заңнамамен жүктелген өзге де қызметтерді жүзеге асырады.
1. 2. «Ақтөбе қалалық қаржы бөлімі» ММ-нің негізгі құралдарын пайдалануды талдау
Қазіргі заманғы мемлекеттік басқарудың маңызды міндетінің бірі- мемлекеттік қызметшілердің жұмысын ұтымды ұйымдастыру. Бұл қызмет белгілі кезеңге іс-әрекет жоспарын әзірлеу, шешімдер әзірлеп қабылдау, қабылданған шешімдерді есепке алу, бақылау процестерін қамтиды. Уақыт ақпаратты өңдеуде оперативті жұмыс жасауды және ұжым қызметін тиімді ұйымдастыруды талап етеді. Қызметкерлердің білімі мен қызметінің саласы бойынша құзіретіне, ынтасына, творчествалық ойлау қабілетіне, мәдениетіне заңдарды түсініп қолдана білуіне, үнемі өз білімін жетілдіріп отыруына, қазіргі замаңғы байланыс жабдықтарымен жұмыс істей білуіне көп көңіл аударылады.
Қаржы бөлімінің жедел оперативті басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі бар. Қаржы бөлімінің мүлкі берілген мүліктер есебінен қалыптасады және негізгі қор мен айналым құралдарынан, сондай-ақ құны бөлімнің балансында көрсетілген басқа да мүліктерден тұрады.
Қаржы бөлімінің қаржылық-шаруашылық қызметі тек материалдық, еңбектік және қаржылық ресурстар есебінен ғана қамтамасыз етілмейді, олар сонымен қатар негізгі құралдары да бар. Негізгі құралдарды айрықша белгісі олардың өндіріс процесінде ұзақ уақыт бойы пайдаланылуы.
Қала әкімі мемлекет атынан мүліктің иесі болып табылады. Қаржы бөлімі бекітілген мүліктерді өздігінен басқаға беруге немесе өзге жолдармен бекітілген мүлікке иелік жүргізуге құқығы жоқ.
Қаржы бөліміне мүліктерді билік етуге заңнамамен белгіленген жағдайда және шегінде ғана құқық берілуі мүмкін. Ол мүліктер негізінен негізгі құралдардан, сонымен қатар құны баланста көрсетілетін өзге де мүліктерден тұрады. Негізгі құралдардың көрсеткіші келесі 1-кестеде көрсетілген.
Кесте 1
«Ақтөбе қалалық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің негізгі құралдары
(мың теңге)
1 кесте мәліметтерінен көрінгендей, негізгі құралдардың жалпы бағасы 5678650 теңгені құрайды, мүліктің барлық мөлшері 355 дана. Бірақ былтырғы жылмен салыстырғанда қаржы бөлімінің негізгі құралдар құрамы мен құрылымының біраз айырмашылығы бар (кесте 2) .
Кесте 2.
Қаржы бөлімінің 2008-2009 жылдар аралығындағы негізгі құралдар құрамы мен құрылымы
1-кестедегі мәліметтерде негізгі құралдардың негізгі үлесін 2008 жылы өзгеде негізгі құралдар 295 бірлікті құраған, ал 2009 жылы негізгі үлесті 60-қа арттырып отыр. Жалпы алғанда негізгі құралдардың барлығы өткен жылмен салыстырғанда 20, 33 %-ға өсіп отыр. Негізгі құралдардың көбеюінің себебі Үкіметтің мемлекеттік мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған саясат нәтижесі болып отыр.
1. 3. «Ақтөбе қалалық қаржы бөлімі» ММ-нің кадрлық жұмысын талдау
Бірде бір мекеме еңбек ресуртарына төленетін еңбек ақыға жұмысалатын шығынынсыз жұмыс істей алмайды. Ақтөбе облысы бойынша қаржы бөлімі және оның бөлімшелерінде 23 адам жұмыс істейді, олардың ішінде жұмыс стажы 20 жылдан болып келетін 7 адам жұмыс істейді, персонал саны туралы мәліметті кесте 3 көрсетілген.
Кесте 3.
2007-2009 жылдардағы қаржы бөлімінің персонал санын
Берілген 3-кестеде келтірілген мәліметтерден көрінгендей, персонал санын талдау, жұмысшының абсолютті жетіспеушілігі 2008 жылдың басынан бастап 2007 жылға қарай 1адамды көрсетсе, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 2 адамды артық құрады. Көріп отырғандай жылдан-жылға персонал саның өзгеруі көп ауытқу беріп отырған жоқ.
Сурет-1. Ақтөбе қалалық қаржы бөлімінің персонал көрсеткіші
Көріп отырғандай 2008 жылы 2007 жылмен салыстырғанда персонал саны 1 адамға азайып келеді, мұның негізгі себебі республикалық бюджеттің шығыс бөлігінің қысқаруы бірқатар жұмыстардың азаюына яғни, айлық бақылаулардан тоқсандық бақылауларға, сонымен қатар тексерілетін бақылау бірліктері шеңберінің қысқаруына алып келіп, шығындарын азайту болып табылады.
Қаржы бөлімінің жұмысшылары үшін бес күндік жұмыс аптасы, екі демалыс күнімен құрылады.
Күнделікті жұмыс уақыты 8 сағатқа созылады. Қаржы бөлімін кадрмен қамтамасыз етуді талдаудың жауапты кезеңі олардың қозғалысын зерттеу. 2009 жылдағы кадрлардың ағымдылығын талдау қанағаттанушылық жағдайды сипаттайды. 2007-2009 жылдардағы қаржы бөлімінің кадр қозғалысын 4-кестеден көруге болады.
Кесте 4
2007-2009 жылдардағы Қаржы бөлімінің кадр қозғалысы
Ауытқу
2007/2009
Берілген 4-кесте мәліметтеріне сүйенсек, 2007 жылдағы айналым коэффициенттері мынаны құрады: қабылдау бойынша - 0, 08, шығарылу бойынша - 0, 04
Қабылдау коэффицентері шығу коэффиценттеріне қарағанда жоғары, бұдан басқарма аз жұмыстан шығаруды көздейтіндігін көреміз, жанадан жұмысқа алғандарды компьютерді білу саласы бойынша білімді жетілдіру, экономика негіздерін білуді жетілдіруді жүргізеді. Ағымдылық коэффициенті - 0, 06-ға тең.
Сурет 2. «Ақтөбе қалалық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдық құрылымы
Бөлім басшысы бөлім жұмысын ұйымдастырады және басшылыққа алады және бөлімге тапсырылған мәселенің орындалуын және олармен өз қызметтерінің жүзеге асырылуын жеке жауапкершілігіне алады. Осы мақсатта бөлім басшысы:
- бөлім қызметіне басшылық етеді, оны барлық мекемелерде, кәсіп- орындарда және ұйымдарда көрсетеді;
- өзінің орынбасарының және құрылымдық бөлімшелерінің міндеттері мен басқару өкілеттілігін анықтайды;
- бөлімнің басты құрылымдық бөлімшелері секторлар болып табылады;
- Заңға (кей жағдайларда жоғарғы мемлекеттік органмен бекітілетін қызметтер номенклатурасымен) сәйкес мемлекеттік орган қызметкерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
- Заңмен бекітілген тәртіпте мемлекеттік орган қызметкерлерін мадақтайды және оларға сөгіс жариялайды;
- мемлекеттік орган актілеріне қол қояды;
- өкілеттілігі шегінде бұйрықтар шығарады, сілтемелер береді, жұмыс бабының құжаттарына қол қояды;
- берілген ассигнация шеңберінде штаттық кестелер мен бөлім жұмысы шығындарының сметасын жасақтайды және қала әкімдігіне бекітуге ұсынады;
- Заңмен сәйкес басқа да басшылықты жүзеге асырады.
Бөлімге заңдылыққа сәйкес коллегияға ұсынатын құқық берілген жағдайда ол бөлімнің кеңестік органы болып құрылады.
Бөлім басшысы бөлім жұмысын ұйымдастырады және басшылыққа алады және бөлімге тапсырылған мәселенің орындалуын және олармен өз қызметтерінің жүзеге асырылуын жеке жауапкершілігіне алады. Осы мақсатта бөлім басшысы:
- бөлім қызметіне басшылық етеді, оны барлық мекемелерде, кәсіп- орындарда және ұйымдарда көрсетеді;
- өзінің орынбасарының және құрылымдық бөлімшелерінің міндеттері мен басқару өкілеттілігін анықтайды;
- бөлімнің басты құрылымдық бөлімшелері секторлар болып табылады;
- Заңға (кей жағдайларда жоғарғы мемлекеттік органмен бекітілетін қызметтер номенклатурасымен) сәйкес мемлекеттік орган қызметкерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
- Заңмен бекітілген тәртіпте мемлекеттік орган қызметкерлерін мадақтайды және оларға сөгіс жариялайды;
- мемлекеттік орган актілеріне қол қояды;
- өкілеттілігі шегінде бұйрықтар шығарады, сілтемелер береді, жұмыс бабының құжаттарына қол қояды;
- берілген ассигнация шеңберінде штаттық кестелер мен бөлім жұмысы шығындарының сметасын жасақтайды және қала әкімдігіне бекітуге ұсынады;
- Заңмен сәйкес басқа да басшылықты жүзеге асырады.
Бөлімге заңдылыққа сәйкес коллегияға ұсынатын құқық берілген жағдайда ол бөлімнің кеңестік органы болып құрылады.
Бас маман - ҚР-ның «Мемлекеттік қызмет» заңы мен еңбек заңдылығына сәйкес, бөлім бастығының бұйрығымен жұмысқа алынады және жұмыстан босатылады. Бас маман бөлім бастығына және бөлім бастығының орынбасарына бағынады. Бөлім басшыларының берген тапсырмаларын уақытында орындалуын ұйымдастырады.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы N 1567 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережелері), осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын білуі.
Жетекші маман - ҚР-ның «Мемлекеттік қызмет» заңы мен еңбек заңдылығына сәйкес, бөлім бастығының бұйрығымен жұмысқа алынады және жұмыстан босатылады. Бас маман бөлім бастығына және бөлім бастығының орынбасарына бағынады. Бөлім басшыларының берген тапсырмаларын уақытында орындалуын ұйымдастырады.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы N 1567 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережелері), осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын білуі.
Мекеме жұмыскерлері мемлекеттік қызмет атқаратын болғандықтан оларды жұмысқа қабылдау және лауазымы бойынша жоғарлату «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР-ның Заңына және т. б. нормативтік-құқықтық актілерге сай жүзеге асырылады. Мекеме қызметкерлері белгілі бір категория бойынша қызмет атқарады (қосымша 2) .
«Ақтөбе қалалық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің кадр құрылымы 7 бөлімнен тұрады:
- Бюджет орындалу процесін талдай, үйлестіру және есеп беру секторы
- Бухгалтерлік есеп және есеп беру секторы
- Материалдық шығындарды және әлеуметтік саланы қаржыландыру секторы
- Коммуналдық меншікті басқару секторы
- Білім беру саласын қаржыландыу секторының бастығы
- Мемлекеттік аппарат, мәдениет және спортты қаржыландыру секторы
- Мүлікті жалға беру секторы.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz