Алматы қаласындағы "Алтын Кредит Банк" АҚ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
- Алтын Кредит Банк қызметіне жалпы сипаттама
- Алтын Кредит Банкіне маркетингтік іс әрекетін талдау
1. 2. 1Алтын Кредит Банктің микро және медиа ортасын талдау
1. 2. 2Алтын Кредит Банк тауар саясаты
1. 2. 3Алтын Кредит Банк өткізу саясаты
1. 2. 4Алтын Кредит Банк жылжыту саясаты
- Алтын Кредит Банк маркетингтік жоспары
- Алтын Кредит Банк маркетингтік іс-әрекетін талдау
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
К І Р І С П Е
7 қаңтар мен 20 сәуір аралығында Алматы қаласындағы "Алтын Кредит Банк" АҚ өндірістік тәжірбиеден өтті.
Өндірістік тәжірбие мақсатында - оқу процесінде және тәжірбие алдында алған теориялық пәндерінің білімін және практикалық қабілеттерді орнықтыру, сонымен қатар, кәсіпорынның маркетинг қызметін талдай отырып тәжірбие алу, бітіру жұмысы үшін қажетті материалдар жинау, алған теориялық білімді кәсіпорынның маркетингтік қызметінде іс жүзінде қолданып көру және оған шығармашылық белсенділік таныту арқылы тиімді маркетингтік шешімдерді ұсыну болып табылады.
Бүгінгі Қазақстан - қоғам өмірінің барлық салаларында оң өзгерістерге жетіп, экономикасы, білімі мен мәдениеті тұрақты дамыған, ынтымағы жарасып, берік нығайып келе жатқан еңселі ел болып табылады.
Алдымызға әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына нық орын тебу мақсаты қойылды. «30 корпоративтік көшбасшы» бағадарламасын орындауға кірістік. Бүгінде Қазақстан экономикасы әлемдегі қарқынды дамып келе жатқан экономикалардың біріне айналды.
2008 жылы жаһандық қаржы дағдарысы әлемдік экономиканың өсу қарқынының тежелуіне әсер етті. Әлемдік қаржы және тауар нарықтарындағы тұрақсыздық Қазақстанның экономикалық өсу қарқынын біршама тежеді.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың айтуы бойынша, еліміздің экономикасын барынша тұрақтандыру мақсатында екінші деңгейлі банктердің алатын орны ерекше.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономикалық саясаттың 2009 жылға арналған негізгі бағыттары жөніндегі мәлімдемесінде қазіргі таңда банктерге деген сенімділік деңгейін арттыру шаралары бекітілді. Бұл мәлімдемеде халықты, шағын және орта бизнес субъектілерін ынталандыру көзделегн. Аталған шараларды жүзеге асырудың бірден бір шешу жолы ретінде банктер клиенттер базасын нығайту үшін ішкі және сыртқы нарықтарды зерттеу туралы шешім қабылдап отыр, яғни алға қойған мақсат - нарық қажеттіліктерін анықтау болып табылады.
Оқу процесінің міндетті құрылымды бөлімі болып тәжірибе табылады. тәжірибе студенттің теориялық білімін тәжірибеде қолданып, дамытуға мүмкіндік береді.
Менің тәжірибеден өтудегі мақсатым - алған теориялық білімімді өндірісте қолдану, тәжірибе жүзінде бекіту және банктік қызметтегі аналитикалық және басқару жұмыстарын игеру, сонымен қатар өзімнің тәжірибелік мүмкіндіктерімді тек кәсіби сферада емес, сондай - ақ ұжымда бейімделу сферасында да дамыту.
Тәжірибенің жалпы мақсаты болып келесілер табылады:
- болашақ кәсіби жұмысын тәжірибелік амалдарды зерттеу және оларды
теориялық салыстыру негізінде тереңірек меңгеру;
- банктің құрылымын, сонымен қатар басқару құрылымын, ағымдағы
басқару процестерінің сипатын үйрену;
- банктің әр түрлі бөлімшелерінде өндірістің тиімділігін жоғарлатудың
жолдарын, дамуының перспективті және ағымды жоспарларын құру,
меңгеру;
- кейбір жұмыс түрлерін өз бетінше орындау;
- өткізілген тәжірибе туралы есеп беруді орындау үшін қажет деректерді
жинау;
- тәжірибе бойынша есеп берулер жазу.
Алтын Кредит Банк - Қазақстанда клиенттерге кешенді қызмет көрсету және кең таралған филиалдық жүйелері бойынша ірі коммерциялық банк болып табылады.
Ең біріншіден, бұл клиенттердің өсуімен және аймақтық өндірістік құрылымға ең жоғарғы деңгейлі банктік сервис ұсыну қажеттілігімен байланысты. Банктің коммерциялық қызметі келесілерді қамтиды:
- корпоративті банк ісі;
- саудалық және жобалық қаржыландыру;
- жеке тұлғаларға қызмет көрсету;
- дебеттік және кредиттік карточкалар бойынша қызмет көрсету, сонымен қатар шетел валюталарымен саудалық операциялар жүргізу.
Негізгі бағыттарының бірі болып келесілер табылады:
- ссудалар ұсыну;
- теңге мен шетел валюталарында несиелік қаражаттар беру.
Сонымен қатар, Банк Қазақстандағы валюталық биржа мен бағалы қағаздар нарығының негізгі ойыншыларының бірі болып табылады.
Банк стратегиясы - Қазақстанның ірі және орта кәсіпорындарына банктік қызмет көрсету және басқа да қаржылық өнімдерді ұсынуында лидерлік позицияны иемденуге бағытталған. Алтын Кредит Банк сыртқы және ішкі сауданы қаржыландырудағы лидерлік жағдайын ұстана отырып, ең жақсы перспективті бойы бар өндірістік салалармен жұмыс істеуге тырысады, мысалға мұнай және газ инфрақұрылымы және т. б.
Сонымен қатар, банк қаржылық жағдайы өте жоғары клиенттеріне (VIP клиенттерге ) ерекше мән беріп, жеке қызмет көрсету сферасын, депозиттік базасының диверсификациясын және заңды тұлғаларға қызмет көрсету сферасын дамытуда. Сонымен қатар, жалақы жобасы мен мекемелердің қорларын басқару бойынша қызметтердің негізгі ұсынушысы болып табылады. Бұл қызметтер банк клиенттерінің жеке базасын кеңейтудің негізгі құралы болып табылады.
Бұл тәжірибе туралы есепті осы Алтын Кредит Банк - на негізделе отырып жаздым. Бұл жұмыс кіріспеден, негізгі 3 бөлімнен, қорытындыдан және қосымшалардан тұрады. Жұмыстың негізгі үш бөлімі келесідей:
Бірінші бөлімде - Алтын Кредит Банк - на жалпы сипаттама, яғни құрылу тарихына, басқармасының құрамына және ұйымдық құрылымына сипаттама беріледі.
Екінші - негізгі бөлімде - банктің функционалдық құрылымы бөлшектеліп сипатталған. Яғни банктің негізгі бөлімдері, олардың әрқайсысында атқарылатын жұмыстар, қызметкерлерінің міндеттері, қолданылатын құжаттардың нысандары, оларды қолдану, толтыру тәртіптері және т. б. баяндалған.
Үшінші бөлімде - банктің болашаққа қойған жоспарлары, сондай - ақ, банк қызметінің кейбір кемшіліктері ескеріле отырып, оларды жақсарту жолдары ұсынылған.
тәжірибе туралы есеп беруде Қазақстан Республикасының заң актілері, банкте қолданылатын кейбір құжаттардың нысандары (қосымшалар ретінде) қолданылды.
- Алтын Кредит Банк қызметіне жалпы сипаттама
Акционерлік қоғамның атауы.
3. Акционерлік қоғамның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер.
Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы куәлік №5112-1900-ОО 02 қыркұйек 2009 жылы (бизнес-сәйкестендәру нөмірі 090940003835) Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету Комитетімен берілген.
4. Салық төлеушінің тіркеу нөмірі
600400610336.
5. Акционерлік қоғамның орналасқан жері, байланыс телефондары мен факс нөмірлері, электронды поштаның мекенжайы.
Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 050013, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Сәтбаев көшесі, 18 «А», литер Б
Тел. : 3 870 655, 3 870 656
Факс: 250-92-82
e-mail: CreditAltynBank@altyn. kz
6. Акционерлік қоғамның банктік деректемелері.
Акционерлік қоғам қайта құрылған болып есептеледі және 2010ж. 01 маусымдағы жағдай бойынша ашық корреспонденттік шоттары жоқ. Акционерлік қоғаммен «Сбербанк России» АҚ ЕБ-да Алматы қ., ЖСК 041467855, БСК 190501914, Бек 15 ағымдағы шоты және «АТФБанк» АҚ Алматы қ. филиалында ЖСК 921467577, БСК 190501956, Бек 15 ағымдағы шоты ашылған.
7. Акционерліқ қоғамның қызметінің түрлері.
Акционерлік қоғамның құрылуы мен қызметінің негізгі мақсаты болып клиенттердің және банк-корреспонденттердің уақытша айналымдағы емес ақшаларын тарту және тиімді пайдалану, сондай-ақ кейінгілерге барлық банктік қызметтерді көрсету.
Қызметтің негізгі түрі - банктік заңнамамен көзделген банктік және өзге операцияларды жасау.
8. Акционерлік қоғамға берілген немесе олар шығарған бағалы қағаздарға халықаралық рейтингтік агенттіктер және (немесе) Қазақстан Республикасының рейтингтік агенттіктері берген рейтингтер туралы мәліметтер. Қаржылық агенттік мәртебесін беру туралы мәліметтер.
«Кредит Алтын Банкі» АҚ жаңадан құрылған болып табылады және акциялар шығарылымы проспектісін әзірлеу сәтінде халықаралық рейтингтік агенттіктердің немесе Қазақстан Республикасының агенттіктерінің рейтингтік бағасы жоқ. Қаржылық агенттік мәртебесі берілмеген.
9. Акционерлік қоғамның барлық филиалдары мен өкілдіктердің атауы, тіркеу күні, тұрғылықты жері және пошталық адрестері.
Акциялар шығарылымы проспектісін әзірлеу сәтінде акционерлік қоғамның филиалдары мен өкілдіктері жоқ.
10. Соңғы үш аяқталған қаржылық жылдағы акционерлік қоғамның қаржылық есептілігінің аудитін жүзеге асырған (жүзеге асыратын) аудиторлық ұйымдардың толық ресми атауы, олардың тиісті коллегияға (ассоциацияларға, палаталарға) жататындығын көрсете отырып.
Акциялар шығарылымы проспектісін әзірлеу сәтінде «Кредит Алтын Банкі» АҚ аудиторлық компаниялармен шарттар жасасқан емес. Заңды және қаржы мәселелері бойынша кеңес берушілері жоқ.
11. Бірлескен басқарудың кодексін қабылдау күні (егерде оны қабылдау қоғамның жарғысымен көзделген жағдайда) .
«Кредит Алтын Банкі» АҚ бірлескен басқарудың кодексі әзірлеу сатысында тұр.
2. Қоғамның органдары және құрылтайшылары (акционерлер)
12. Акционерлік қоғамның Директорлар кеңесі.
Еншілес және тәуелді ұйымдарда директорлар кеңесі мүшелеріне тиесілі акциялардың (жарғылық капиталдағы үлесі) осы ұйымдардың орналастырылған акцияларының (жарғылық капиталдағы үлесі) жалпы санына пайыздық
арақатынасы
«Қазақстан Халық Банкі» ААҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры, 2003 -
2007 жж.
5) «Кредит Алтын Банк» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы 2010 жылы 22 ақпанда «Кредит Алтын Банк» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысымен сайланды, 22. 02. 2010 ж. № 1 хаттама. 2010 жылғы 01 маусымдағы жағдай бойынша Директорлар кеңесі құрамында өзгерістер болған жоқ.
12-1. Қоғамның Директорлар кеңесінің комитеттері (бар болса) .
Акциялар шығарылымы проспектісін әзірлеу сәтінде акционерлік қоғамда Директорлар кеңесінің комитеттері жоқ.
13. Акционерлік қоғамның алқалық атқарушы органы - Басқарма.
Басқарманың мүшелерінің өкілдіктері:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz