Экономика және қоғам



І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1

ІІ. Негізгі бөлім
. Экономикалық теорияның даму кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2.4
. Ресурстардың шектеулілігі және оларды талдау мәселелері ... ... ... ... ... ... 4.5
. Қоғамдық өндірісінің натуралды және тауарлы түрлері ... ... ... ... ... ... ... ..5.6
. Қоғамдық өндірісінің құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6.19

ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20

ІV. Пайдалынған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастарға өтуі жаңа қоғамдық-экономикалық жүйені және соған сай адамдардың экономикалық ой-өрісінің қайта қалыптасуын талар етеді. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін , алдымен жалпы экономикалық ойлау қабілітін кеңейту керек.
Бүгінгі таңдағы ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам өмірінің барлық саласын жан-жақты қамтуда. Сол себепті қалыптасқан құрылымды мүлдем жаңартып, экономикалық - әлеуметтік және рухани дамуға жол ашатын демократиялық қоғам құруға сай экономиканы нарықтық қатынастарға көшіру міндеті тұр. Осы негізде әлеуметтік , рухани және т.б күрделі мәселелерді шешу – бүгінгі күннің басты талабы.
Сонымен , экономикалық білім көптеген күрделі мәселелерді шешуге көмектеседі.
Біріншіден , экономикалық проблеммаларды белсенді түрде талдай білуге , әсіресе , нарықты экономикаға байланысты дұрыс көзқарастар қалыптасты-руға көмектеседі.
Екіншіден , әрбір болашақ маман өз елінің тұлғасы дерлік біліктілікке қол жеткізумен бірге , болашақ тағдырын да шеше алатын асыл қасиеттерді өз бойына дарыта білуі тиіс.
Үшіншіден , басқарудың бұрынғы әкімшіл-әміршіл әдісінен экономиканы нарық механизмі арқылы дамытуға көшу ісі – болашақ мамандардың эконо-микалық теорияның мәні мен мазмұнын жете меңгеруін талап етеді.
Біздің ойымызша , нарықтық экономиканы қалыптастыру біздің Қазақстан Республикасында жаңа қоғам құру. Осы мәселе туралы әлі де бірқатар пікір – таластарды алға тартуға болар еді. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: « Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы » деп аталатын еңбегінде біздің стра-тегияны былай деп анықтайды: « Меншіктің негізгі түрлерін ( жекеменшік пен мемлекеттік меншік ) үйлестіре және өзара іс – қимыл жасай отырып бә-секелестік бастамаға негізделген әлеуметтік – экономика құру... »
1. Нарықтық экономика теориясына кіріспе
Авторы: Б. Мәдешев. Алматы , 1995.
2. Аймақтық экономиканы басқару мәселелері
Авторы : Г.С. Смағұлова. Алматы, 2005.
3. Экономикалық теория бойынша практикалық оқу құралы
Авторы : Ержан Байғожаұлы Жатқанбаев . Алматы, 2006.
4. Жалпы экономикалық теория
Авторы : Ө. Қ. Шеденев . Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті, 2004.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Экономикалық теорияны жүйелі түрде оқымаған

адам үшін... тек сұрақтарға жауап беру ғана

емес , тіпті дұрыс ойлауға талпынудың өзі де
оны
орасан зор қиындықтарға душар етеді.
Ол-
музыкалық шығармаға өзінің бағасын

беруге талпынған саңырауға ұқсайды.

П. Самуэльсон.
Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастарға өтуі жаңа қоғамдық-
экономикалық жүйені және соған сай адамдардың экономикалық ой-өрісінің
қайта қалыптасуын талар етеді. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін , алдымен
жалпы экономикалық ойлау қабілітін кеңейту керек.
Бүгінгі таңдағы ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам өмірінің барлық саласын жан-
жақты қамтуда. Сол себепті қалыптасқан құрылымды мүлдем жаңартып,
экономикалық - әлеуметтік және рухани дамуға жол ашатын демократиялық қоғам
құруға сай экономиканы нарықтық қатынастарға көшіру міндеті тұр. Осы
негізде әлеуметтік , рухани және т.б күрделі мәселелерді шешу – бүгінгі
күннің басты талабы.
Сонымен , экономикалық білім көптеген күрделі мәселелерді шешуге
көмектеседі.
Біріншіден , экономикалық проблеммаларды белсенді түрде талдай білуге ,
әсіресе , нарықты экономикаға байланысты дұрыс көзқарастар қалыптасты-руға
көмектеседі.
Екіншіден , әрбір болашақ маман өз елінің тұлғасы дерлік біліктілікке қол
жеткізумен бірге , болашақ тағдырын да шеше алатын асыл қасиеттерді өз
бойына дарыта білуі тиіс.
Үшіншіден , басқарудың бұрынғы әкімшіл-әміршіл әдісінен экономиканы нарық
механизмі арқылы дамытуға көшу ісі – болашақ мамандардың эконо-микалық
теорияның мәні мен мазмұнын жете меңгеруін талап етеді.
Біздің ойымызша , нарықтық экономиканы қалыптастыру біздің Қазақстан
Республикасында жаңа қоғам құру. Осы мәселе туралы әлі де бірқатар пікір –
таластарды алға тартуға болар еді. Қазақстан Республикасының Президенті
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде
қалыптасуы мен дамуының стратегиясы деп аталатын еңбегінде біздің стра-
тегияны былай деп анықтайды: Меншіктің негізгі түрлерін ( жекеменшік пен
мемлекеттік меншік ) үйлестіре және өзара іс – қимыл жасай отырып бә-
секелестік бастамаға негізделген әлеуметтік – экономика құру...

1.1. Экономикалық теорияның даму кезеңдері

Бізді қоршаған ортаға үңіле қарайтын болсақ , ол тым күрделі және онда
болып жататын әртүрлі өзгерістер бір – бірімен өзара тығыз байланысқан. Осы
құбылыстарды жан – жақты зерттеу ісімен көптеген ғылымдар айналысады ,
солардың ішінде экономика ғылымының орны ерекше.
Қазіргі заманда экономика сөзінің түсінігі көп мағынаны білдіреді.
Біріншіден , экономика сөзімен игіліктер мен қызметтер көрсететін
өндірістік және өндірістік емес салалардың жиынтығы ретінде түсіндіріледі .
Екіншіден , экономика сөзін ғылымдар тоғысындағы экономикалық
қатынастарын қызметтік немесе салалық астарын қарастыру деп білеміз.
Экономикалық теорияның өкілдері өндіріс деңгейінің макро мен
микроэкономикасын және интерэкономикасын бөліп қарағанда экономика
ұғымын түсіндіреді. Интерэкономика дүниежүзілік шаруашылықтың пайда болуы
мен даму заңдылығын сипаттайды.
Үшіншіден , экономика сөзі экономикалық ғылым жалпы экономикалық теория
ретінде қарастырылады.
Төртіншіден , экономика сөзімен оқыту пәні ретінде түсіндіріледі.
Қоғамдық қатынастар жүйесінде экономикаға ерекше орын беріледі , себебі ол
саяси , құқықтық , рухани және басқада қоғамдық , өмір саласының мазмұнын
анықтайды. Экономикалық саясат экономиканың шоғырланған мағынасын
білдіреді. Генетикалық көзқарас тұрғысынан алғанда , саясат экономикадан
өрбиді деген сөз. Саяси көзқарастар , мекемелер мен қатынастар екінші
реттегі байланыстар болып табылады , себебі олар экономикалық қатынастардан
туындайды. Өз кезегінде саясат әрдайым қоғамдық дамуда ерекше роль
атқарады. Экономикалық заңдардың дамуын адамзат қоғамы саясатты қолдану
арқылы жүзеге асырады.
Қоғам байлығы саудада емес , ол өндірісте пайда болатындығы туралы идеяны
алғашқы рет физиократтар ( физис - табиғат, кратос - өкімет деген
екі сөзінен шыққан ) мектебінің еңбектерінде пайда болды. Осы мектептің
басты тұлғасы - Франсуа Кенэ ( 1694 – 1774 жж.) еді. Ол ұлттық байлықтың
қайнар көзі - ауыл шаруашылығындағы еңбек деп есептеді. Кейінірек осы
сұрақтар Уильям Петти ( 1623 – 1687 жж.) , Адам Смит ( 1723 – 1790 жж.)
және Давид Рикардо ( 1772 – 1823 жж.) еңбектерінде де қарастырылды. Олар
ұлттық байлықтың қайнар көзі тек ауыл шаруашылығының еңбегі арқылы емес ,
барлық өндіріс саласындағы еңбектерде көрінетіндігін айғақ етті. Осы
идеялар классикалық деген атқа иеленді , сондықтанда бұл ілімнің
өкілдері классикалық экономикалық мектептің негізін қалаушылар деп аталды.
Экономикалық теория – бұл іргелі экономикалық ғылым , әлеуметтік –
гумманитарлық және кәсіби экономикалық білімнің негізі. Осы тұрғыдан ,
экономикалық теорияны қоғамдық байлықты және экономикалық қатынастар мен
экономикалық заңдарды зерттейтін ғылым ретінде анықтауға болады.

Өндіріс – бұл қоғамның дамуы мен өмір сүруі үшін қажетті материалдық және
рухани игіліктерді құру процесі. Өндіріс ұғымы жалпы алғанда - бұл
абстракция , бірақ ақылға сыйымды абстракция , себебі ол шын мәнінде
жалпылама мағынаны білдіріреді және өнеркәсіп , ауыл шаруашылығы , құрылыс
сияқты жиынтық өндірісте көрінеді.
Өндіріс бір мезгілде тұтыну процесіде бола алады. Өсімдік химиялық
элементтерді тұтына отырып , өзін - өзі ұдайы өндіреді. Өндіріс процесі тек
қана үш факторлардың - адамның жұмыс күші , еңбек заты мен еңбек құралдары
- өзара іс -әрекеті арқылы ( бұл К. Маркс бойынша ) жүзеге асуы мүмкін .
Бірінші фактор жүзеге асса , екінші мен үшіншісі - өндіріс процесінің
заттық факторы ретінде іске асады. Осы жағдайды ескере отырып, К.Маркс
былай жазған : Қоғамдық өндіріс түрлері қандай да болмасын – жұмысшы мен
өндіріс құрал – жабдығы үнемі оның факторы болып қалады.
Жұмыс күші – бұл адамның дене және рухани қабілеттілігінің жиынтығы және
оны өндіріс процесінің материалдық игіліктер мен қызмет көрсетуінде
қолданады. Өндіріс процесі жүзеге асуы үшін , жұмыс күші әрбір кезде іс -
әрекетте болуы қажет , басқаша айтсақ , тұтынылуы керек.
Қазіргі кезде еңбек затының өзі көп жағдайда бұрынғы еңбектің өнімі болып
табылады. Мысалы , машина жасау зауытындағы металл , құрылыстағы цемент ,
тоқыма фабрикасындағы мақта және т.б. Бұлардың барлығы түптеп келгенде
табиғат қорынан алынады. Еңбек құрал – саймандары адамның табиғи мүшесінің
жалғасы ретінде жүзеге асады және оны еңбек процесінде қолданады.
Еңбек құрал –саймандары бұл әртүрлі механизм мен машина , инструмент пен
қажет тетіктер , двигатель , жеткізетін құрылым және т.б. нәрселер. Еңбек
құрал – саймандарының даму деңгейі көп жағдайда өндірісте жүзеге асатын
адамдардың арасындағы қатынастар көрсеткіші болып табылады. Машина өндірісі
жағдайында механикалық еңбек құралдары үш компанентті машина жүйесінде
дамыды: жұмыс машинасы , двигатель , жеткізетін құрылым. Ғылыми –
техникалық революция бұған жаңа компанентті қосты – электронды басқару
құрылымын және ол ой еңбегі қызметінің формальды икемге келетін жұмысын
атқарады. Осы компанентті қолдана отырып , жұмыскер жайлап тікелей өндіріс
процсінен шығады және онымен қатар тұрады. Нәтижесінде технологияда
түбегейлі өзгереді.
Еңбек заты мен құрал – саймандар бірге өндіріс құрал жабдықтарын құрайды.
Әр бір адам жеке жұмыс істейді , бірақ барлық еңбек процесі ұжымда ,
қоғамда жүзеге асады. Өндіріс әрқашан қоғамдық сипат алып , оның екі жағы
болады: өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар.
Өндіргіш күштер – бұл өндіріс құрал жабдықтары , ең алдымен еңбек құралдары
, сонымен қатар материалдық игіліктерді өндіретін адамдар. Адамдар
қоғамының басты өндіргіш күші , олар ғана өндіріс құрал – жабдығын іске
қосады. Өндіргіш күштерде ерекше орынды жер алады. Кейбір салаларда ол
еңбек заты ретінде қолданылады , басқасында – басты еңбек құралдары
ретінде.
Келтірілген өндіріс факторларының классификациясы мәңгі қатып қалған болып
табылмайды.
Мысалы , маржинализм теориясының топтауынша , төрт өндіріс факторы бар:
жер , еңбек , капитал және кәсіпкерлік қабілеттілік.
Жер табиғи фактор ретінде қарастырылады. Бұған табиғат байлықтары , пайдалы
қазбалар қоры , орман мен жыртуға жарамды жерлер және т.б. жаталды.
Капитал – бұл машина , құрал – жабдықтар , қойма , көлік және байланыс
құралдары.
Еңбек адамның ақыл – ой және дене қызметтерін көрсетеді. Адам еңбегі
әрқашанда ойланып істелетін , мақсатқа сәйкес қызмет , ал жануарлар соқыр
сезімге бағынып әрекет етеді.
Кәсіпкерлік қабілеттілік – арнайы өндіріс факторы ретінде өндірісті
ұйымдастыруда ынталылықты , төзімділікті және тәуекелділікті көрсетеді.
Батыстың қазіргі экономикалық теория мектептері , жоғарыда аталған өндіріс
фаторларынан басқа , ақпараттық , экономикалық және экологиялық
факторлардыда қарастырады. Экологиялық фактор экономикалық өсудің импулсі
ретінде жүзеге асады. Алайда , оның мүмкіндігі қоршаған ортаның ластануына
байланысты шектеледі.
Өндіріс процесінде адамдар бір – бірімен қатынасқа болады. Бірақ бұл
қатынастар әртүрлі болады. Бір жағынан , бұл қатынастар: ұйымдастырушы ,
адамдарды орналастыру – техникалық - өндірістік қатынастармен байланысты.
Екінші жағынан , бұл қоғамдық - өндірістік , яғни экономикалық қатынастар.
Олар меншік сипатымен , меншік қатынастарымен анықталады.
Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар бір – біріне өзара әсер етеді.
Өндіргіш күштердің дамуы өндірістік қатынастардың жетілуіне ықпал етеді.Өз
кезегінде өндірістік қатынастар өндіргіш күштерді тоқтатуы немесе дамытуы
мүмкін. Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың бірлігі өндіріс әдісін
құрайды. Әрбір өндіріс әдісіне өзінің экономикалық қатынастары сай келеді.

1.2. Ресурстардың шектеулілігі және оларды талдау мәселелері

Экономикалық теорияда экономикалық ресурстар деген ұғым бар.
Экономикалық ресурстар – бұлда өндіріс факторы , табиғатта пайда болады
және оны адамдар өндіреді. Оған : көмір , газ , мұнай , бензин , керосин,
т.б. жатады. Адам ресурстары – олардың еңбек әуелеті , кәсіпкерлік
қабілеттілігі болмақ.
Планетамыздың барлық экономикалық ресурстар шектеулі мөлшерде болады.
Мысалы , жер өте көп , бірақ жыртуға жарамды жерлер шектеулі мөлшерде ғана
бар. Жердің көптеген көлемін тау сілемі , орман , тундра , құм массивтері –
бос дала және т.б. алуда. Бұрындары қуатты пайдалы қазбала болған жерлер –
оларды алудың нәтижесінде тозады.
Ресурстардың жеткіліксіздігі оларды үнемдеу , таңдау мәселелерінің
қажеттілігін тудырады. Қолда бар экономикалық ресурстардың шектеулігі
кезінде өндіріс қоғамдағы барлық сұранымды қамтамасыз ете алмайды. Қоғамдық
өндіріс мүмкіндігінің шектеулігі жағдайында нені өндіруге болады?
Экономикалық теорияда мынадай мысалды жиі келтіреді : айталық , май өндіру
мен зеңбірек өндіру арасында қайсысын таңдауымыз қажет.
Басқаша айтқанда , әңгіме мынада : барлық ресурс түрлерінің шектеулі болуы
, кез келген қолда бар тауарды өндіру туралы шешім , сол ресурстарды қандай
да бір басқа бұйымдарды шығару үшін қолданудан бас тартуды қарастырады.
Мысалы , танкі өндірісінде жұмсалған металл, оны автомобиль өндірісінде
немесе қайдағы бір басқа мақсатқа қолдану мүмкін емес.

1.3. Қоғамдық өндірістің натуралды және тауарлы түрлері

Ғылыми әдебиеттерде және оқулықтарда адамзат қоғамының тарихында қоғамдық
өндірістің екі түрі бар:
- натуралды шаруашылық;
- тауарлы шаруашылық;
Натуралды шаруашылық қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың ең ертедегі түрі
болып табылады. Алғашқы қауымдағы адамның еңбек құрал – сайманының
қарапайымдылығы оған өнімді тек өзінің тұтынысы үшін жасауға мүмкіндік
береді.
Натуралды шаруашылық алғашқы қауымдық , құлиеленушілік және феодалдық
өндіріс әдісіне басым болады. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы
кезеңінде еңбек өнімнің бір бөлігі тауарға айналады. Бұл мал шаруашылығының
егін шаруашылығынан бөлінуінен туындап , еңбек өнімділігінің өсуіне және
өндірушілердегі артық өнімнің құрылуына алып келеді. Өз кезегінде бұл
олардың арасында айырбасты тудыруға жағдай жасап , тауар өндірісінің
дамуына түрткі болды. Кейініректе қол өнерінің егіншіліктен бөлінуі және
сауданың оқшаулануы тұрақты айырбасқа , жеке меншіктің пайда болуына жағдай
жасады. Тауар өндірісі капиталистік өндіріс әдісіне өзінің дамуының жоғары
түріне қол жеткізеді және жалпылама сипатқа ие болады.
Өндірісті ұйымдастырудың натуралды түрі қазіргі жағдайда да орын алуда.
Мысалы , бақшагердің натуралды щаруашылығы - өнімді тек өзі үшін өндіру,
егер өнімнің бір бөлігін сату үшін бағыттаса , онда ол ұсақ тауар
өндірісіне айналады.
Қазіргі қоғамдық өндіріс – бұл дамыған тауар өндірісіндегі тереңдеген еңбек
бөлісінің болуы және оның мамандануы. Еңбек бөлісі өндірістің өсуімен
барынша көп түрленеді және бөлшектене бастайды. Бұл процесс барлық қоғамдық
өндіріс саласында , әсіресе өнеркәсіпте - өте көрнектілікпен байқалады.
Мысал ретінде салалық және ішкі салалық мамандыруды айтуға болады. Машина
жасауды алатын болсақ , мұндағы мамандану өте кең ауқымы : энергетикалық
машина жасау , көліктік машина жасау және т.б.
Тарихи тағлым көрсеткендей , тауар өндірісінің пайда болуы төмендегідей үш
жағдайда жүзеге асады:
- бірінші ең ірі қоғамдық еңбек бөлісінің болуы;
- алғашқы тұрмыстық қауымдастық қойнауында жеке меншіктің пайда болуы;
- тауар өндірушілердің экономикалық оқшаулануы .
Тауар өндірісінің екі түрі бар: жай және капиталистік . Олар бір типті ,
себебі олардың негізінде өндіріс құрал – жабдығына деген жеке меншік
жатады және ол екеуіде өнімді сату үшін өндіреді. Соған қарамастан олардың
өз арасында айырмашылықтар бар. Жай тауар өндірісінде өнім тауар
өндірушінің өзіндікеңбегімен жасалады. Мұнда жұмыс күшін жалдау жоқ.
Капиталистік тауар өндірісінде өнімді өндіріс құрал – жабдығы жоқ жалдамалы
жұмысшы жасайды.
Сөйтіп , қазіргі нарықтық қатынастар тек қана кәсіпорын , шаруашылықтың
жоғарғы тауарлық деңгейінің және тауар өндірушілердің экономикалық
оқшаулануының негізінде қалыптасады , яғни еркін кәсіпкерлік пен жеке
меншік арқылы деген сөз. Қазақстанда тауар өндірушілердің экономикалық
оқшаулануы нарыққа көшу кезінде еркін кәсіпкерлер тобының қалыптасуын
қарастырады.

1.4. Қоғамдық өндірістің құрылымы

Адам қоғамының дамуы негізін материалдық өндіріс құрайды . Материалдық және
рухани игіліктер өндірісін тоқтатқан болса , онда адам қоғамы жойылып
кеткен болар еді.
Материалдық өндірістер саласы – халық шаруашылығы салаларының төмендегідей
материалдық игіліктер өндірісі және материалдық қызмет көрсету саласы
бойынша өнім қозғалысын тұтынушыға дейін қамтамасыз ететін көлік пен сауда
, коммуналды шаруашылық , тұрмыстық қызмет көрсету .
Қазіргі қоғамдық өндіріс құрлымына материалдық өндіріс салаларынан басқа,
материалдық емес өндіріс салаларында бөлінеді. Оларда ерекше материалдық
емес игіліктер жасалады , сондай – ақ материалдық емес қызмет көрсету –
денсаулық сақтау , білім , ғылым , мәдениет, спорт және басқаларыда бар
және бұлар бұрын өндірістік емес салаға жатқызылған.
Ғылыми зерттеудің көрсеткеніндей , білім , ғылым , денсаулық сақтау , өнер,
мәдениет материалдық өндіріс тиімділігіне үлкен әсер етеді. Алайда тікелей
емес , қоғамның басты өндіргіш күші - адам арқылы жанама түрде әсер етеді.
Бүгінгі кезде қазіргі қоғамдық өндірістің алдында төмендегідей маңызды
мәселелер тұр:
- өндірістің тиімділігін арттыру
- өндірістің экологиясын сауықтыру
- гумманизациялаумәселесі , яғни өндірісте адамға бір қалыпты жағдай
жасау.
Адамзат қоғамы осы мәселелерді шешу жолында ғылыми зерттеу жұмыстарын және
эксперименттерін жүргізуде.
Адамзат қоғамының даму тарихындағы негізгі экономикалық проблеммаларды шешу
процесінде әр түрлі тәсілдерді қолдануға болатын экономиканы ұйымдастыру
жүйелері белгілі. Әлеуметтік – экономикалық даму кезеңдеріне байланысыз
қоғамдық шаруашылықты ұйымдастырудың , меншікшіктің әр түрлі формаларына
негізделген экономиканың біршама үлгілері қалыптасып дамиды. Сонымен қатар
, қандай бір ел болсын экономикасы - бұл ұдайы өндірілетін және өзінің
ішкі қарама қайшылықтары бойынша дами беретін белгілі бір экономикалық
қарым – қатынастар жүйесі болып табылады. Сондықтан да нақты экономиканың
әр түрлі үлгілері туралы заңды сұрақ туындайды . Осы сұраққа жауап ретінде
адамзат дамуындағы белгілі экономиканың түрлеріне тоқталайық.
Дәстүрлі жүйе . Өткен кезеңдердегі негізгі экономикалық проблеммалар
ырықсыз , сезім жетегінде шешілетін. Көптеген экономикасы нашар дамыған
елдерде күні бүгінге дейін дәстүрлі немесе әдет – ғұрыпқа негізделген
экономикалық жүйелер қолданылып келеді... Нені ? Қалай және кім үшін өндіру
керек ? Бұл проблеммалар ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып отырған дәстүр және
салт бойынша белгіленеді. Мұнда құрал – жабдық пен техниканы пайдалану ,
айырбастау өндірілген өнімді бөлу ұзақ мерзім құрметтеліп келген әдетке
негізделген. Әр бір адамның экономикалық рөлін өз шыққан тегіне тартушылық
және қоғамның ерекше топтары анықтайды. Бұл жүйе экономикалық өмірге әр
түрлі техникалық және басқару жаңалықтарын енгізуді қатал шектейді. Себебі
олар қалыптасқан дәстүрмен қайшылыққа түседі және қоғамдық құрылыстың
тұрақтылығына қауіп төндіреді.
Әкімшілдік - әміршілдік экономика . Бұл жүйеде өндірісті ұйымдастыру және
өнімді бөлу туралы шешімдерді тек мемлекет қана қабылдайды. Мұндай жүйеде
барлық материалдық ресурстар мемлекет қолында шоғырландырылып ,
орталықтанған және жоғарыдан жоспарлау негізінде экономикалық шешімдер
жасау мемлекеттік меншіктің үстемдігімен жүзеге асады. Басқаша айтқанда ,
әрбір кәсіпорынның өндірістік жоспары жоғарғы органдар арқылы айқындалады.
Сонымен бірге , олрадың әрқайсысының өндірістік практиканы орындауы үшін
қаншама ресурстар алуы керек екендігі де нақты анықталынып отырады. Ал
салалар арасында құрал – жабдықтар орталық жоспарлау орындары белгілеген
негізде бөліске түседі.
Нарықтың - жоспарлаумен , сауданың – бөлумен алмастырылуы орталықтан
басқаруды обьективтік қажеттілікке айналдырды.
Нарықтық экономика . Нарықтық экономикада : нарық баға , пайда және шығын
жүйелерінің өзі – Нені , Қалай және Кім үшін өндіру керек екендігін
анықтайды .
Нені өндіру керек ? Бұл тұтынушылардың қолындағы теңге немесе доллар
мөлшерімен шешіледі. Мәселен , Лос – Анджелос немесе Чикагоға келесі
тоқсанда қанша сабын немесе қанша ет жеткізу керектігін ешкім
жоспарламайды. Тұтынушылар не үшін ақша төлейтінін өздері шешеді де ,
өндірушілер сол тұтынушылардың қажетті тауар үшін ақша төлеуге әзір
екендіктерін қанағаттандыруға күш салады.
Қалай ? Көбірек пайда түсіруге ынталы өндіруші өнімді өндіруді қалай
ұйымдастыру проблеммаларын өзі шешеді. Нарық анықтайтын баға жағдайында
жойылып кетпеудің бір ғана баламасы – дайын тауарды төмен бағамен көптен
сата білуге саяды. Сөйтіп басқалармен бәсекеге тускен өндірушілерге
қарағанда , оның шығыны аздау болады.
Кім үшін ? Өнімді кім үшін өндіру керек екендігі жалақысы және табысы
жоғары қоғам мүшелерінің пайдасына шешіледі. Бір айта кететін жайт , таза
нарықтық экономика еш уақытта болған емес. Өкімет және экономика әрдайым
бір – бірімен тығыз араласып жатқан процесс.
Әкімшілдік - әміршілдік экономика мен нарықтық экономиканың арасында
төмендегідей айырмашылықтар бар :
- ресурстарға деген жеке меншіктік және мемлекеттік меншіктің арасындағы
- үйлестіру механизмі ретіндегі нарықтық жүйе немесе орталықтан
жоспарлау жүйелерін пайдалану арасындағы айырмашылықтар.
Аралас экономика . Батыстың экономикалық ілімдерінде және кейінгі жылдары
бұрынғы Одақтың , қазіргі ТМД-ға кіретін мемлекеттердің экономикалық
әрекеттерінде аралас экономика категориясы кеңінен қолданылуда. Жалпы
алғанда , аралас экономиканы экономикалық қатынастардың әр түрлі
формаларын , экономиканы дамытудың әр алуан жолдарын қамтитын ерекше жүйе
деп анықтауға болады.
Батыс экономистері аралас экономиканың мәнін , мазмұнын анықтағанда ,
бұл жүйеде оның негізін қалайтын сипатына қарама – қайшы тұратын элементтер
пайдаланады деген пікір айтады. П. Самуэльсонның пікірінше , бұл жүйеде
мемлекеттің және оның институттарының еркін кәсіпкерлігін пайдалану. Ол
Біздің экономикалық жүйе – бұл экономикалық бақылау ; қоғам және жеке
меншік институттар тарапынан да жүзеге асырылатын еркін кәсіпкерліктің
аралас жүйесі деп жазады.
Бұрынғы Одақтың және Қазіргі ТМД-ға кіретін мемлекеттердің экономикалық
әдибиеттерінде осыған қатысты әр түрлі мағыналы анықтамалар айтылуда. Мұнда
нарықтық қатынастарды , мемлекеттік реттеуді үйлестіру , сонымен қатар ,
аралас экономиканы меншіктің әр түрлі формаларымен байланыстыру
кездеседі. Қазіргі кезде нарықтық жүйе көптеген аралас формалармен
сипатталады.
Әлемдік тәжірбие көрсеткендей мемлекеттік реттеудің шаралар жүйесі мен
түрлері әрбір елде өте көп түрлі болып келеді. Бұл жүйенің өзінің
ерекшелігі бар. Мемлекеттік реттеудің - ең маңызды инструментіне мыналар
жатады:
Фискалдық саясат
Несие – ақша саясаты
Баға мен табысы реттеу саясаты
Әлеуметтік саясат
Сыртқы экономикалық саясат
Әкімшілік реттеу
Қысқа мерзімді реттеу
Ұзақ мерзімді реттеу
Аймақтық реттеу.
1. Фискалдық саясат. Ол мемлекеттік бюджетпен байланысты қаржыны реттеуді
қамтиды. Ең алдымен оған мемлекеттік сатып алуды ұлғайту мен қысқарту ,
күрделі қаржы бағдарламасы , әлеметтік төлемдер , бюджеттен жекелеген сала
мен кәсіпорын үшін дотация мен субсидиялар , салық шаралары жатады.
Фискалдық саясаттың ең маңызды бөлігі салықты реттеу болып табылады.
Ежелден салыққа қатысты белгілі нәрсе , ол экономикада екі жақты роль
атқарады. Бір жағынан – мемлекеттің табысын қалыптастырса , екінші жағынан
тұтынушы мен өндірушіге ынталандырылушылық етеді. Салықтың жоғарғы болуы
жалпы ұлттық өнім көлемін азайтады. Сондай – ақ салықтың төмен болуы
мемлекеттің табысын азайтады. Сондықтан нақты жағдайды ескере отырып ,
салық ставкасының дұрыс шекарасын анықтау мәселесі көлденең тартылады.
Салықты реттеудің ең көп тараған түрлері мыналар болып табылады:
- кейбір экономикалық процестерді ынталандыру мен шектеу мақсатында салық
ставкасын өзгерту. Мемлекет экономиканы көтеруді ынталандыруды үшін кейбір
жекелеген сала мен территорияға арнайы салық салудың жеңілдеген режимін
белгілейді.
Кәсіпорынның қызметі ең маңызды мәселені шешуге арналса , жергілікті
деңгейдегі мемлекеттік органдар өз шама – шарқына қарай оны ынталандыра
алады. Төлеушілердің негізгі массасына жанама салық пен табыс салығы
ставкасын көтеру жеке тұтыну тауарларына сұранымды шектеу үшін жасалады.
Пайдаға салық ставксының өзгеруі қорлану процесіне әсер ету үшін жасалады:
салық ставкасының ең төмен кезінде күрделі қаржы өседі , ал ең жоғарғы
инвестициялау аса пайдасыз.
- ставканы өзгертпеуді сақтай отырып , салық төлемі ережесін өзгерту.
Мысалы , бұған негізгі қор амортизацияның мүмкін болатын мерзімін
өзгертуді жатқызамыз. Амортизация мерзімін қысқарту амортизациялық
төлемдерді ұлғайтуға мүмкіндік жасайды және сол салық ставкасы
жағдайында ресурстардың қорлануын ұлғайтады.
- Салық жеңілдіктерін алып тастау немесе ендіру. Сала жеңілдіктерін
белгілеу капиталдың , сала аралық құйылуын реттейді.
Салықты реттеудің тиімділігі қайшылықты тенденция мен онда салық
ставкасының төмендеуі ынталандыруға аса қауқарсыз болуы мүмкін.
2. Несие – ақша саясаты. Бұл тәсілде халық шаруашылығы мәселелерін шешуде
ынталандырушы роль атқарады. Мемлекет нақты салалық және аймақтық
мәселелерді шешу үшін арнайы мемлекеттік бағдарлама негізінде мақсаттық
жеңіл несиелер береді. Ол арнайы бюджеттен тыс даму қорын құруы мүмкін.
Несиені реттеудің төменгідей түрлері жиі қолданылады:
- экономикалық банктің есептеу ставкасының өзгеруі. Есептеу ставка –
банктың вексельді сатып алғандағы банк алымын қарыз процентінің мөлшері
дейміз немесе жеке тұлға мен мекемелердің қысқа мерзімді міндеттемелері.
Эмиссиялық банк коммерциялық банктың векселін ғана ескереді. Есептеу
ставкасының төмендеуі мен көтерілуі жеке коммерциялық банктердің әртүрлі
қарыздар ставкасын қайта қарау үшін сигнал болып табылады. Несиенің
қымбаттауы несиелік және инвестициялық белсенділікті шектеу үшін
қолданылады , ал несиенің арзандауы - іскерлік белсенділікті ынталандыру
үшін қажет.
- эмиссиондық банктегі міндетті минимальды салымның көтерілуі.
Коммерциялық банктердің эмиссиондық банктегі депозиттері қолдануға
рұқсат етілмейтін ерікті салымдардан тұрады. Міндетті салымдарды
ұлғайта отырып , ұлттық банк жеке банктердің несие ресурстарын
шектейді. Ал , олардың мөлшерін кеміте отырып , несие экспанциясына
мүмкіндік жасайды.
- ашық нарықтағы операция . Мемлекет бар пәрменімен облигацияны
сатады немесе сатып алады. Бірінші жағдайды жеке несие жүйесінен қарыз
капиталының ресурстары алынып, ұдайы өндірісті қиындатады. Екінші
жағдайда қосымша қаржы несие жүйесіне құйылып , ұдайы өндірісті
ынталандырады.
Сондай – ақ банк – несие мекемелері қызметтерін реттеудің әр түрлері
қолданылады.
3. Баға мен табыстарды реттеу саясаты. Фискальды және несие саясты
тәсілдері көбінесе баға мен табыстарды реттеуде тиімсіз құрал болып қалады.
Сондықтан мемлекет көбірек тікелей құралға жүгінеді.
4. Әлеуметтік сясат өзіне табысты индексациялау , төменгі өмір сүру
деңгейін бекітуді қоса отырып , қоғамдағы кедей топқакөмек көрсету
бағдарламсын жүзеге асыруға күш салады. Оларды қарқынды инфляция салдарынан
қорғауға көмектеседі. Әлеуметтік саясат мынадай салаларды қамтиды: білім ,
медицина , мәдениет , көп балаларға көмектесу , тұрғындардың жұмыспен
қамтылуы.
5. Сыртқы экономикалық реттеуге мыналар енеді: мемлекеттің сауда саясаты ,
валюталық курсты басқару , сыртқы сауда тарифтер жүйесі , квота , лицензия.
Осы мақсатқа мемлекет баға мен табыстың өсуіне максималды шектеуді
белгілеп, кейде оның уақытша ұлғаюының тоқтатады. Себебі кез келген баға
мен жалақыны көтеру мемлекеттік органдарының алдын ала санкциясын алу қажет
. Табыс көзінің пайда , дивидент т.б. түрлеріне тікелей шектеу
жүргізілмейді.
6. Әкімшілік реттеу әртүрлі бақылау шараларын жүзеге асырады. Олар арнайы
кейбір оқшауланған слаларға байланысты қолданылады , мысалы қоғамдық ,
қолдану салаларын реттеу , қор биржасы мен несие банк мекемелеріне
әкімшілік бақылау , жеке бәсекелестіктің ережесін сақтауды бақылау. Мұнда
жұмыс күші нарығын реттеу қызметі , нақтыласақ – жұмыстылық мекемесі .
7. Қысқа мерзімді реттеу ұдайы өндіріске сондай мақсатпен әсер етеді,
себебі бірнеше айдың ішінде нәтиже алуы керек. Алдына қойған мақсаты
экономикалық циклдің ағымдағы фазасының іс - әрекетін өзгертуге әрекет
жасау. Мысалы , экономикалық дағдарыстың ауқымын бәсеңдетіп шектеу ,
қозғлыс фазасының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық жүйе: мәні, түрлері және көрсеткіштері
Экономикалық жүйенің дамуы үшін қажетті алғы шарттар және жағдайлар
Жеке меншік және экономикалық жүйені ұйымдастыру модельдері
Экономикалық жүйе
Экономикалық жүйе: мәні, элементтері, даму сипаты жайлы
Жасыл экономика және акмэ-қоғам
Экономикалық жүйелер және оның мәні
Экономикалық жүйе мәні, элементтері, даму сипаты. Экономикалық жүйенің дамуы үшін қажетті алғы шарттар мен жағдайлар туралы ақпарат
Экономиканың негізгі элементтері. Экономикалық заң
Экономикалық теорияның функциясы
Пәндер