Жаңа замандағы Англия


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

М А З М Ұ Н Ы

Кіріспе

  1. Жаңа замандағы Англия
  2. АҚШ

Пайдаланған әдебиеттер

  1. Жаңа замандағы Англия

407 жылы Рим легиондары Британияны тастап, материкке кетті. Легионерлердің артынан біртіндеп Римнен қоныс аударушылар да құрылыққа орала бастады. Британияның кельт тұрғындары өзімен-өзі қалды. Аралдағы Рим мәдениеті құри бастады. Кельт көсемдерінің арасында өзара соғыс басталып кетті. Солтүстіктен анда-санда пиктер мен скотт тайпалары шабуыл жасап тұрды. Бриттер германның ют, ағылшын, сакс тайпаларының жалдамалы жасақтарын пиктерден қорғану үшін шақырған болуы керек. Олар Германияның солтүстігінде және Ютланд түбегінде тұрған. Германдықтар кельттерден жалданған ақысын көтеруді талап етіп, үнемі бүлік шығарып отырды. Шамамен Үғ. ортасында юттер Кент пен Уайт аралын басып алды. Юттердің артынан ағылшындар мен сакстер көтерілді. Олар кельттерге қарақшылық шабуылдар жасап, аса күшті қарсылық көрмегеннен кейін, елді жаулап алуға кірісті. Шапқыншылықтан шошынған көптеген кельттер құрылыққа Арморика деп аталатын аймаққа қашты. Бұл жерге бриттер жаппай көшіп келгендіктен оның аты қазір де сақталып қалғандай - Бретань деп аталды.

Кельттер шапқыншылықтан ғана қашқан жоқ. ҮІғ. басында Амвросий Аврелиан бриттерді біріктіріп, германдықтарға қарсы жолға шықты. Ол ағылшындар мен сакстердің қарсылығын шамамен жарты ғасырға тоқтатты. 600 жылы аралдың үлкен бөлігі жаулаушылардың қолына өтті. Тек Ирландия мен Шотландияда, Британияның қиыр батысында ғана шапқыншылыққа ұшырамаған кельттер қалды. Ағылшындар мен сакстер Корнуолл және Уэльс түбектерін басып алған жоқ. Кельт тілі, кельт мәдениеті бұл жерлерде тағы бірнеше жүз жылдар бойы сақталып келді.

Британияда (уақыт өте келе бұл территория Англия деп атала бастады) Үғ. екінші жартысынан ҮІІ ғ. басына дейінгі кезеңде бірнеше варварлық англосаксон королдіктері пайда болды: Кент-қиыр оңтүстік-шығысында, негізін ют тайпалары қалаған; Уэссекс және Суссекс - аралдың оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөлігінде; Нортумбрия - солтүстікте; Мерсия - елдің орталығында, негізін англ тайпалары қалаған. Британия тұрғындарының кейбір келттік бөлігі германдықтармен араласып кетті. Осылайша ағылшын халқының этникалық құрамына кельт элементі кірді. Жаулап алушылар әр түрлі тілде сөйледі, бірақ бірте-бірте ағылшындардың Мерсия диалекті үстемдік ете бастады. Сондықтан да уақыт өте келе жаулап алушылардың ортақ тілі ағылшын тілі деп, ал бүкіл ел - Англия деп аталды. Жаулап алушылардың әртүрлі тайпалары мен тізе бүккен тұрғындарының қалғандары бір халық болып бірігіп кетті. Олар тарихта англосаксондар деп аталды.

Англосаксон корольдықтарындығы феодалдану процесі баяу жүрді және екі сатыдан өтті: Ү-ҮІІІ ғғ. бастапқы кезеңі, ІХ-ХІ ғғ. феодализмнің үстемдік ету жылдары. Феодалдану процесінің баяулығын бірнеше факторлар түсіндіреді. Біріншіден Галлиямен салыстырғанда Британияның нашар романдануы. Аралдың оңтүстік-шығысында ғана аграрлық қатынастарда рим әсері болды, елдің қалған территориясында, тке құрылыс тәсілдерінде ғана рим әсерін байқауға болар еді. Рим легионнерлері кеткеннен кейін, Халықтардың Ұлы Қоныс аудару дәуірі басталғанға дейін, Ү ғ. Рим элементтерінің белгілерін кельт тайпалары жойып жіберді. Ал ағылшынсаксон жаулап алу барысында рим элементтері мүлде жойылды. Сондықтан Англиядағы феодализм герман-романдық синтездің әлсіз белгілерімен, негізінен ішкі эволюция арқылы баяу дамыды. Екіншіден Бртианияға келген англ, ют, фриз, сакс тайпаларының әлеуметтік-экономикалық дамуы вестготтар мен бургундтарды айтпағанның өзінде франктерден төмен болды.

ҮІ-ҮІІ ғғ. англосаксон ақиқаттарынан көруге болатындай, жаулап алушылардың негізгі шаруашылығы әсіресе орталығы мен оңтүстігінде мал шаруашылығы болды, мал шаруашылығының, аңшылықтың, кейбір аймақтарда тұз, темір, қорғасын өндірудің де үлесі болды. Егін шаруашылығы жыртпалы болды. Англияның орталығы мен оңтүстігінде екі танапты егін шаруашылығы үстемдік етті.

ІХ ғ. дейін тұрғындардың негізгі бөлігін ерікті шаруа қауымы кэрлдар құрады. Олар жердің ірі бөліктері - гайдаларды иеленді. Кейін қарапайым құқыққа сүйенген үлкен жанұяның иелігі фолькленд деп атала бастады. Бұндай жерді мұраға беруге, сатуға тиым салынды. Негізгі тұрғындардан басқа ру ақсүйектері - эрлдер болды. Король жасақтары - гезиттер, өмірлері жоғарғы вергельдпен қорғалды. Осылармен қатар құлдар мен жартылай еріктілер-лэттер, уилдар. Бұлар бөтен жерді иеленіп, оброк төледі және негізгі жұмыс күшін құрады.

ҮІІ ғ. аяғынан англосаксон мемлекеттерінде феодалдану процесі басталды. Англияны феодалданудың негізгі құралы жасақшылар мен шіркеу мекемелеріне королдің жаппай жерді сыйға беруі болды. Жерді сыйға беру грамоталармен бекітілді, және «боклендң деп аталды. Боклендтің пайда болуымен Англияда ірі жер иелігі пайда болды. Кедейленген кэрлдарды бағыныштылыққа түсірген ірі жер иеленушілер глафорд деп аталды. Феодалдануға кэрлдардың негізгі бөлігі ХІ ғ. аяғына дейін толық тартылған жоқ. ІХ-ХІ ғғ. бойы феодалдану процесіндегі негізгі рөлді король атқарды. Феодалдық қатынастардың дамуымен глафордтта шешуші роль ірі жер иеленушілердің қолына өте бастады. Осындай жиналыстарда графтықтардағы король билігінің өкілдері шерифтердің де маңызы өсті. Корольдің әскери ұйымындағы кэрлдардың рөлі төмендеді. Тайпалық королдіктердің ерте феодалдық мемлекеттерге айналу процесі жоғарғы король титулы үшін күреспен қатарласа жүрді. ҮІ-ҮІІ ғғ. жетекші орынды Кент корольдығы иеленсе, ҮІІ ғ. аяғына Нортумбрия, ҮІІІ ғ. Мерсия, ІХ ғ. басынан Уэссекс иеленді.

Біріктірілген мемлекетте көрнекті саяси рөлді жаңа орган «уитенагемотң (даналар кеңесі) атқара бастады. Олар королдықтың аса ауқатты жер иеленушілерінен тұрды. Дегенмен елдің бірігуі дат шапқыншылығын тоқтата алған жоқ. Даттар біртіндеп, елдің солтүстік-шығысын басып алып, англосакстерді оңтүстіке қарай ығыстырды.

Нормандардың қысымына алдымен Англия мен Ирландияның төтеп бергенін түсіну үшін картаға көз салсақ жеткілікті. Жел оңынан тұрған жағдайда Дания мен Норвегиядан Англияның жағалауына бір аптаға жетпей баруға болады. 842 жылы нормандар Лондонды тонап өртеді. Жиырма жылдай уақыт өткеннен кейін даниялықтар кезекті шапқыннан соң еліне қайтуды қойып, Англиядан жаулап алған жерлеріне қыстайтынды шығарды. 871-899 немесе, 900 жылдары король Альфред дат қысымын уақытша тоқтатты. Англосаксон әскерін күшейтіп, фрид - маруалардың жаяу әскері мен ұсақ жер иеленушілерден қаруланған атты әскер құрды. Әскери-теңіз фолтын құрып, мықты шекара бекіністерін салды. Осындай шаралар дат қысымын тоқтатуға мүмкіндік берді. Ол Англияны екіге бөлу туралы келісімге келуге көндірді. Орталығы Уэссекс болған оңтүстік-батыс, «дат құқығының аймағың елдің солтүстік-шығысы (Дэнло) . Альфред барлық ескі англосакс құқықтарын жинақтап, жаңа король жарлықтарымен толықтырып, біртұтас заңдар құқығын шығарды. «Король Альфред заңдарың елдегі феодалдық қатынастардың дамуын көрсетті, қалыптасып келе жатқан үстемдік етуші топтың мүддесін қорғады. Х ғ. екінші жартысында (959-975жж. ) король Эдгар Дэнло аймағын тәуелсіздіктен айырып, Англия территиориясын біртұтас аймаққа біріктірді. 879 жылы Альфред даниялықтармен бітімге қол жеткізді. Бітім бойынша бүкіл арал екіге бөлінді. Оңтүстік-батыс жағы Альфредке, солтүстік-шығысы даниялықтарға тиді. Лондон мен Честер арасындағы ежелгі Рим жолы шекара болды. Елдің скандинавтарда қалған бөлігі Данияның қарамағындағы аймақ немесе ағылшынша Денло деп аталды. Бейбіт күндерді Альфред жаңа қуатты армия құруға жұмсады. Бұрын соғыс қаупі төнген кезде халық жасағы шақырылатын. Енді бес ағылшын-сакс алтыншысын қаруландырып, азық берді. Сондықтан, бітпейтін ұзақ соғыстың кезінде қыстақтағылардың бәрі бірдей жерлерін тастап кеткен жоқ. Жерді жыртып, өнімді жинайтын адам болды. Екіншіден, бір түтіннің табысы дұрыстап қарулануға жетпейтін. Ал жаңа тәртіп бойынша бесеуі алтыншысын викингтен кем қаруландырмайды. Сонымен бірге бұл «алтыншың өзі үшін қалған бесеуі жұмыс істеп жатқандықтан күнкөрісті ойламайды, үзбей жаттығып, соғыс өнерін үйренеді. Осылай Альфредтің әскері әлдеқайда күшейді. Жаңа әскердің құрылуына байланысты қоғамда өте маңызды өзгеріс болды. Ол енді кәсіпқой жауынгерлерге бөлінді.

Альфред даниялықтардың қамалды қоршауды жақсы білмейтіндігін байқады. Сондықтан өз иелігінің шекараларына көптеген бекіністер-бургтер салды. Король Альфред тек әскерге ғана қамқорлық жасап қойған жоқ. Ол өз заманы үшін білімді адам болды. Король өз сарайында мектеп ашып, басқа елдің қажетті кітаптарын ағылшын-сакс тіліне аударуға бұйрық берді. Оның кезінде «Ағылшын-сакстердің жылнамасың жазыла бастады. Онда жыл сайын маңызды оқиғалар тіркелді. Альфред король қаза тапқаннан кейін оның мұрагерлері Денлоға шабуыл бастады. Жаңа әскер табысты әрекет етіп, Х ғ. соңында біріккен Англия корольдігі (бұл кезде бұрынғы Британия атауын жаңа Англия атауы түбегейлі ысырып тастаған) Данияның қарамағындағы аймақты жойды. Бұл кезде мұнда орнығып қалған даниялықтар жергілікті халықпен белгілі дәрежеде бірігіп кеткен еді. Денлоның Англия корольдігіне қосылуының қауіпті жағы да болды. Англияда ішкі жанжалдар болып, мемлекет әлсіреді. Ал Дания тез күшейіп келе жатты.

1013 жылы Данияның королі өзінің әскерімен Англияның жағалауына келіп түсті. Соғыс қысқа болды. Тек Лондон ғана даниялықтарға біраз уақыт қарсылық көрсете алды. Англия корольдігін толық бағындырған Данияның королі Құдіретті Кнут (1016-1035жж. ) болды. Кнуттың мемлекетіне Дания, Норвегия, Англия кірді. Жаулап алған Англияда ол ұзақ уақыт тұрды. Өте сақ саясат ұстады: даниялықтар мен ағылшын-сакстерді айырған жоқ, жергілікті заңдар мен әдет-ғұрыптарды сыйлап, шіркеуге қамқорлық жасады. Кнуттың мұрагерлері тұсында ағылшын-сакстер көтеріліске шығып, 1042 жылы даниялықтардың билігі жойылды.

Дат шабуылдары елдің солтүстік-шығысындағы феодалдану процесін біршама тежеді. ІХ-ХІ ғғ. даттар дамуы жағынан англосаксон қоғамынан артта еді, олардағы қауымдық құрылыс феодалдану процесіне батыл қарсы тұрды. ІХ-ХІ ғғ. кэрлдердің үлкен бөлігі бағыныштылыққа түсе бастады. Бұл процестегі маңызды орынды королдің ірі феодалдарға берген иммунитеттік артықшылықтары атқара бастады. Бұл - сока деп аталды. Сока территориясындағы шаруалар сокмендер деп аталды. Х-ХІғғ. Англияның оңтүстігінде ірі феодалдық вотчиналар-манор қалыптасты. Феодалдық вотчинада шаруалардың үш тобы еңбек етті: гениттер-еріктк кэрлердің ұрпақтары, гебурлер- манордағы негізгі жұмыс күші, барщина атқарды, котсетли ұсақ үлестердің ұстанушылары, құқықтық жағдайы жағынан гебурлерге жақын.

Осы кезеңде әскери-қызметкер ақсүйектердің - тэндердің қалыптасу процесі аяқталды. Олар король жасақшылары- гезиттердің орындарына келді. Бұлар орта және ұсақ феодалдар еді. ХІ ғ. ортасында Англия біршама феодалданған ел боды. Дегенмен феодалдану процесі әлә аяқталмаған еді.

Х ғ. аяғында дат королдері өз билігіне тек Данияны ғана емес, Скандинавия жарты аралының оңтүстік бөлігін де енгізіп, 1016 жылы Англияға шабуылын жандандырып, өз билігін орнатты. Король Кнут (1016-1035 жж. ) Англияның, Норвегияның, Данияның королі болды. Англиядағы дат үстемдігі нық болған жоқ. Кнут өлгеннен кейін ағылшын тағының басына ескі англосаксон династиясының өкілі Эдуард Исповедник (1042-1066 жж. ) келді.

Дипломатия тарихындағы жаңа кезең ұлы географиялық ашылулар уақытынан - ақ Еуропада белгілі бола бастаған капиталистік дамудың табыстарымен айқындала түсті. Бұл жетістіктер біртіндеп орталықтанған абсалюттік монархияларға айналған мемлекеттердің саяси топтасуымен қатар дамыды. Ұсақ сеньерлар арасындағы феодалдық қақтығыстардың тоқтатылғандығынан кейін, олардың ендігі кезекте мықты король билігіне бағынғанынан кейін, біршама тұрақты ішкі тәртіп орнайды. Ол одан ары қарай экономикалық, атап айтқанда, капиталистік дамуға қолайлы жағдайлар туғызады. Өзінің құрамы жағынан дворяндық болғанымен де, бұрынғы замандардағы феодалдық бытыраңқылықты жеңе алатын арталықтанған мемлекет санатындағы абсолюттік монархия буржуазиямен тәртіп пен дамудың тірегі ретінде бағаланды.

XV ғасырдың соңынан бастап Еуропа халықаралық қатынастардың жаңа кезеңіне аяқ басады. XV ғасырдың аяғы XVІ ғасырдың басында Испания, Португалия, Франция, Польша, Австрия, Турция, Англия сияқты үлкен мемлекеттер қалыптасады.

Осы кезде мемлекеттік біртұтастықтың қажет болғаны соншалық, «мемлекеттік мүддең саясаттағы ең жоғарғы өлшеуіш болып саналады. Бұл «мемлекеттік мүддең билеуші ақ сүйектердің де мүддесі болған еді. Ол ішкі саясатта да, сыртқы қатынастарды да елеулі орынға көтерілді.

Король билігі дворяндық пен буржуазия арасында екі жақтылық саясат ұстана отырып, жекеленіп күшеие түсті. Бұл ұстаным сыртқы саясаты мен дипломатиясында көрінді. Құпияның құпиясы бола отырып, дипломатия өте тар шеңбердегі қауымды қамтыды. Саясаттың ойластырылатын орталығы - король сарайы. Абсолюттік әулеттік мүдделермен қоса корольдің жеке тұлғасының да рөлі маңызды болды.

Ірі еуропалық мемлекеттер орталық және жергілікті органдар - бюрократия мен армиясын құрды.

XVІ ғасыр дипломатиялық қызметтің, жаңа мемлекеттің сыртқы саясатын жүргізетін орталық және жергілікті мекемелердің қалыптасқан ғасыры болды. Еуропада XVІ - XVІІ ғасырларда халықаралық қатынастардың үш негізгі түйіні, ошағы болған:

1) еуропаның батысынды алдыңғы қатарлы 4 империяның - Испания, Франция, Англия, XVІІ ғасырдан бастап Голландияның сауда және отарлаушылық мүдделері қақтығысып отырды;

2) XVІ пайда болып, XVІІІ ғасырда аяқталған оңтүстік - шығыстағы шығыс мәселесі - еуропалық мемлекеттер мен Осман империясы арасындағы қарым - қатынастар;

3) еуропаның солтүстік - шығысында солтүстіктің державалары үш ғасырдай уақыт бойы Балтық теңізінің су жолдарын иелену үшін күрес жүргізген.

Осы үш ошақ бірімен - бірі қиылысып, біріне - бірі ықпал етіп, халықаралық қатынастарда күрделі комбинацияларды тудырып отырды. Нақ XVІ ғасырды Америка құрлығының және Үндістанға теңіз жолының ашылғанынан кейін батыс державаларының алдында алғаш рет отарларды басып алу мен отарларды кеңейту мәселесі тұрды. Еуропадағы күрес отарлардағы күреспен күрделендірілді. Әрбір еуропалық қақтығыс артынша батыс державалардың отарлық иеліктеріндегі өзгерістерге алып келді.

XVІ ғасырдың еі ірі еуропалық отаршыл державалардың қатарына Франция мен Испания, XVІ ғасырдың екінші жартысынан бастап Англия жатқызылды. Ағылшын дипломатиясы франсуздардікінен өзгешелеу. Францияда абсолюттік монархия күшті болды. Ал Англияда король билігінің ең күшейген шағының өзінде лордтар мен сауда буржуазиясы билеген парламент жұмыс жасап тұрды, сонымен қатар. Ол король билігін шектеп, оған қысым көрсетті. Дворяндар мен буржуазия XVІ ғасырда елдің экономикалық биіктеріне қол жеткізіп, XVІІ ғасырда буржуазиялық революцияны жүзеге асырды; оның орнатқан тәртіптері капитализмнің дамуына кеңістік берді.

Америка Құрама Штаттарына жалпы сипаттама.

Аумағы, шекаралары, жағдайы: қолайлы алғышарттар. Мемлекеттің құрылысы. АҚШ аумағы жағынан әлем елдерінің ішінде төртінші орын алады. Ол мыадай үш бөліктен тұрады: 1. негізгі аумағы (немесе АҚШ-тың өзі) - шығыстан батысқа 4, 7 мың, ал солтүстіктен оңтүстікке 3 мың шақырымға созылып жатқан үлкен төртбұрыш тәрізді. 2. Аляска: 3. Тынық мұхиттағы Гавая аралдары.

АҚШ ЭГЖ-сі өте қолайлы, ол барлық кезенде де елдің дамуына қолайлы жағдай туғызып отырады. Бұл, ең алдымен, теңіз шекарасының ұзындығымен (12 мың км), тамаша табиғи айлақтарының болуымен және негізгі аумағы екі мұхитын ортасында болуы айырықша ерекшелігімен түсіндіріледі. Канада және Мексикамен шектеседі құрлықтағы шекаралары шартты сызықтар, өзендер мен көлдер арқылы өтіп, сауда және экономикалық байланыстардың дамуына қолайлы жағдай туғызады.

АҚШ мемлекеттік құрылысы жағынан - 50 штаттан тұратын федеративтік Республика. Әрбір штаттың өз конституциясы, өз заң шығару және атқару үкімет органдары, губернаторды сайлап қою билігі, сондай ақ өз рәміздері бар. Бұдан басқа, елдің астанасы - Вашингтон орналасқан Колумбия Федералдық округы өзінше ерекшеленеді.

Елдің саяси өмірінде басты рөлді 2 ірі партия - демократиялық және республикалық партиялар атқарады.

Халқы: саны, өз қарқыны, сыртқы миграция, ұлттық құрамы, орналасуы. АҚШ халқының саны жағынан дүниежүжінде үшінші орынға иеленеді; ГФР, Франция, Ұлыбритания және Италия халқын қосып есептегенде де АҚШ-тың халқының санына жетпейді. Бұл ғана ХХ ғасырдың ішінде халқының саны 3, 5 есе өсті.

Алайда, АҚШ жас ұлт ретіндегі халқының табиғи өсуі бойынша дүние жүзінде алдыңғы орындардың бірінде тұрғын кезі баяғыдан өтіп кетті. 80-90 - жылдары мұндай өсім айтарлықтай төмендеп кетті, ол халықтың жасы мен жынысын сипаттайтын пирамидада айқын көрініс тапқан. Бұл АҚШ тіпті демографиялық өтпелі кезеңнің үшінші статысында тұрғанын аңғартады. Осыған қарамастан, халқының абсалюттік жылдық өсімі қазірдің өзінде 2- 2, 5 млн. адамды құрайды.

Алайда, мынаны есте сақтау қажет, бұл өсімнің 30% - ын халықтың табиғи өсімі емес, иммиграция қамтамасызетіп отыр. Бұл АҚШ халқының санының өсуіне әр кезде-ақ үлкен әсер еткен және әсер етіп келеді.

Мысалы. XIX ғаырдың басынан бастап бұл елге 70-тей елден барлығы 60 млн. адам келді. Ал, қазір, едәуір шектелгеніне қарамастан, тек ресми иммигранттарының жыл сайынға 1 млн. адам құрайды.

Жаппай ағылған иммиграция АҚШ халқының ұлттық құрамының қалыптасуында да шешуші рөл атқарады. Қазіргі американ ұлты - дүниенің әр бөлігінен, әсіресе Европа мен Африкадан қоныс аударғандардың этникалық жағынан араласып, сіңісіп кетуінің тәтижесі.

Қазір АҚШ-та жүзден аса этнос өкілдері тұрғанымен, энтограф-ғылымдар оларды үш негізгі этникалық топқа біріктіреді: 1 АҚШ-тың американдықтар, яғни қазір ана тілі ағылшын тілі болып табылатын басқа елдерде қоңыс аударған әр түрлі ұлттардың ұрпағы; 2 АҚШ-қа таяу жылдары келіп қоныстанған және бұл елде әлі «сіңісті бола қоймаған» өтпелі иммигранттар тобына жататын адамдар; 3 абориген-тұрғындар (үндістер, эскимостар және тағы басқа. )

АҚШ-тың американдықтар бүтіл халықтың 4/5 бөлігінен астамын, аборигендер 1% - ға жуығын құрайды. Осыған қарамастан, АҚШ тағы көптеген географиялық атаулар үндістерше аталады.

Өздерін білетіндей, ерекше үлкен топ американдықтардың құрамына қара американдықтар да (африкалық американдықтар, негірлер) кіреді. АҚШ халқындағы олардың үлесі - 12%. Бұрын негірлердің негізгі бөлігі XIX ғасырда плантациялық шаруашылықта үстемдік еткен құлдық жойылғанға дейінгі жерде - «қара делдеу» деп аталатын оңтүстікте тұрады. Сонғы оң жылдықтарда негірлердің жартысы Солтүстік пен Батыстағы қалаларға қоңыс аударды, ал Оңтүстік штаттағылар қазір негізінен қалаларда тұрады.

Халықтың ұлттық құрамы оның қай дінінің құрамында екендігімен қығыз байланысты.

АҚШ халқының тығыздығы жағынан дүние жүзіндегі ең халқы көп 20 елдің ішінде 18 орынды иеленеді. Ел ішінде халықтың орналасуы шектен тыс әркелкіленген ерекшелінеді.

Мысалы АҚШ тұрғындарының 30% дайы елдің жалпы жер көлемінің 12% ындай ғана жерде тұрады. Үлкен айырмашылық, әсіресе теңіз жағалауы мен таулы штаттардың арасында ерекше байқалады: 1 км 2 - ге 350-400 - ден 2-5 адамға дейін келеді.

Соңғы кезде ішкі миграция едәуір өсті; бірінші кезде зейнеткерлер Солтүстік штаттан («күншуақ белдеуінде») қоңыс аударды. Тұтастай алғанда, Техас, Флорида, әсіресе Калифорния тұрғындары тез өсіп барады.

АҚШ халқының орналасуы, ең алдымен қалалар географиясы арқылы анықталады. Қала саны шектен тыс 9 мыңға дейін жетеді. Қалалардың солтүстік - американдық үлгісі өзіндік өзгешеліктерімен, көпшілігі едәуір жас қала болуымен ерекшеленеді.

АҚШ нағыз қала агломерацияларының елі.

Мысалы 1950 жылы АҚШ-та 170 қалалық агломерация болды, ал 80 жылдарының аяғында ол 300 жетті. АҚШ-та (миллионер) - қаланың саны - 8- ал (миллионер) - агломерация -35. бұларда АҚШ тұрғындарының тең жартысы тұрады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі замандағы негізгі құқықтық жүйелер
Құқықтық жүйелер
«Тарихнама» пәні бойынша лекция сабақтары
Қазіргі кезеңдегі құқық жүйесінің негізгі салалары
Сиамға көрші
Ағарту дәуіріндегі философиялық тарих
Ұлыбританияның буржуазиялық мемлекетінің құрылуы
Аустралия материгінің ашылуы мен зерттелу тарихы
Құқық жүйесі мен заң жүйесінің қатынасы
Мемлекет туралы түсініктер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz