Адамды кепілге алу қылмысы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі.
Құқықтық мемлекетті құру және қоғамдық өмірдің демократиялық бастамаларының дамуы жалпы адамзаттық басымдылықты болжайды, бәрінен бұрын, жеке адамның өмірі, денсаулығы, бостандығы, қадір-қасиеті, құқықтары және мүдделері.
Біздің еліміздің Конституциясының 1-бабына сәйкес, «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, денсаулығы, құқықтары мен бостандықтары» [1] . Осыған байланысты, адам құқықтары мемлекет тарапынан сенімді қорғалуы тиіс. Сондықтан, қоғамда түбегейлі өзгерістер болғанда оның бірінші іс-әрекеті - адамның құқықтары, бәрінен бұрын оның өмірге және бостандыққа құқығын қорғайтын шешімдер қабылдауы кездейсоқ емес.
Қоғамдық қауіпсіздікке қолсұғушылықтармен күрес маңызды орын алады және көбіне қылмыстық заңды дұрыс қолдануға байланысты. Қылмыстық-құқықтық реттеу механизімін жетілдіру, біріншіден норма шығармашылық, яғни жаңа қазір қолданыстағы қылмыстық-құқықтық нормаларды жетілдіру, екіншіден құқық қорғау органдарының қызметінде заңдылықты нығайту мақсатында осы нормаларды қолдану тәжірибесін жетілдіру болып табылады. Криминологияда қылмыстардың себептері мен шарттарына ықпал ететін ескерту кешендерін қамтитын бүтіндей теория қамтылған.
Ұсынылған нәтижелердің ғылыми маңыздылығы . Қазіргі Қазақстан қоғамында адамды кепілге алу қаупі орасан зор. Ол, адамды кепілге алу адамның жеке басының бостандығына қол сұғатын зорлық-зомбылық қылмысы болып табылуымен анықталады.
Адамды кепілге алу үшін жауаптылықты көздейтін қазіргі қолданыстағы ҚР ҚК-ң 234-бабының талдануы және оны қолдану тәжірибесі, сондай-ақ осы әрекетті ҚР ҚК-ң басқа баптарымен дәрежелеу сұрақтары арнайы зерделеуді және өңдеуді талап ететін бірқатар мәселелерді шығарады. Жекелеп алғанда, қылмыс субъектісінің қасақаналық жағдайын сипаттайтын ниетін бағытталғандығын, қылмыстың себептері мен мақсаттарын анықтауға байланысты жасалған әрекетті дәрежелеуде едәуір қиындықтар туындайды. Сондықтан да алдын алу және ескерту шараларының тиімділігін арттыру мақсатында құқыққорғау органдарының қызметін жетілдіру аса маңызды қажеттілік.
Нәтижелердің дәйектілігі. Адамды кепілге алған үшін қылмыстық жауаптылық проблемаларын зерттеуге Т. Г. Даурова, П. А. Дубовец, Н. И. Загородникова, А. С. Никифоров, М. Х. Рустамбаев, И. Д. Самолюк, А. П. Филипов, М. Д. Шаргородский сияқты ғалымдар елеулі үлес қосты.
Қазақстан Республикасында қарастырылып отырған мәселенің жекелеген аспектірлері А. Н. Ағыбаевтың, Б. И. Ахметовтың, З. О. Ашитовтың, К. А. Бегалиевтің, Б. С. Бейсеновтың, И. Ш. Борчашвилидің, С. Я. Булатовтың, А. А. Исаевтың, Е. И. Қайыржановтың, И. В. Корзунның, А. Д. Макуханың, С. С. Молдабаевтың, М. С. Нәрікбаевтың, Р. Т. Нұртаевтың, Г. Ф. Поленовтың, С. М. Рахметовтың, Г. Р. Рүстемованың, В. А. Сергеевскийдің, Д. С. Чукмаитовтың және басқа авторлардың еңбектерінде зерттелген.
Сот практикасын зерделеу мен қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы, жекелеп алғанда қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстарды, нақтырақ адамды кепілге алуды тергеу кезіндегі проблемалы мәселелер адамды алумен күрестің заңдық реттелуі әрі қарайғы жетілдіруді талап етеді. Адамды кепілге алуды ескертудің, және де алдын алудың тиімді шараларын өңдеу қылмыстық-құқықтық заңды реформалау процесінде едәуір роль ойнайтын еді.
Мұның барлығы, біздің ойымызша адамды кепілге алған үшін қылмыстық жауаптылықтың қылмыстық-құқықтық және криминологиялық аспектілерін зерттеудің өзектілігін шарттастырады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты болып адамды кепілге алу секілді қылмыстың нормасын жетілдіру және оны құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің тәжірибесінде қолдану тиімділігін жетілдіру жолдарын теориялық тұрғыда анықтау, сондай ақ адамды кепілге алуды ескерту бойынша алдын алу шараларын жетілдіру бойынша ұсыныс сипатындағы тұжырымдарды жасыу және енгізу болып табылады.
Аталған мақсатқа жетуде мына міндеттерді шешу қажет:
- тонау қылмысы үшін қылмыстық жауаптылық көзделген қылмыстық заң нормаларына құқықтық талдау жүргізу;
- тонау қылмысы үшін қылмыстық жауаптылығы проблемасының қазіргі жай-күйін талдау;
-қылмыстық заңдарды және басқа да нормативті-құқықтық актілерді жетілдіруге байланысты ұсыныстар әзірлеу;
-осы тұрғыдағы қылмыстылықтың алдын алудың негізгі бағыттарын анықтау; аталған құбылыспен күресу саласындағы нормативті-құқықтық базаны жетілдірудің нақты шараларын негіздеу, сондай-ақ құқықтық және ұйымдастырушылық механизмді одан әрі жетілдіре түсу;
Зерттеудің обьектісі мен нысаны. Зертеудің обьектісі - тонау қылмысы үшін қылмыстық жауаптылық белгілеу кезінде туындайтын қоғамдық қатынастар танылады. Зерттеудің нысаны- тонау қылмысы үшін қылмыстық жауаптылық белгілеуді реттейтін денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасының қылмыстық құқық және басқа да заң нормалары мен заңға сәйкес актілері танылады
Зерттеудің әдістемелік негіздері. Зерттеудің әдістемелік (методология) негізін медицина қызметкерлерінің кәсіптік қызметін орындамағаны немесе теріс қарағаны үшін жауаптылықты көздейтін нормалар проблемасын қарастыратын танымдылықтың ғылыми диалектикалық әдісі құрайды.
Зерттеу барысында арнайы ғылыми әдістерді, оның ішінде жалпы жүйелік-құрылымдық, тарихи-құқықтық, формалды-логикалық, құқықтық-техникалық, әлеуметтік-психологиялық, салыстырмалы-құқықтық формалды-догматикалық әдістер пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының теориялық негізін қылмыстық құқық, криминология, салаларында жазылған іргелі еңбектер қалады.
Зерттеудің нормативтік базасын мыналар құрайды: Қазақстан Республикасының Конституциясының нормалары, Қазақстан Республикасының қылмыстық, қылмыстық-атқарушылық, қылмыстық іс жүргізу, азаматтық құқықтық заңдар. Сонымен қатар, ҚР Жоғарғы Сот Пленумының қаулылары.
1 АДАМДЫ КЕПІЛГЕ АЛУ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
1. 1 Адамды кепілге алудың объектісі
Қандай да болмасын, соның ішінде қоғамдық қауiпсiздiкке және қоғамдық тәртiпке қарсы қылмыстар құрамдарының қажетті элементі болып обьект танылады. Обьект болмаса қылмыс та жоқ. Адамның өмірі мен денсаулығын қылмыстың обьектісі ретінде айтқан кезімізде алдымен адам өмірі мен денсаулығының ұғымын ғана емес, оның қоғамдық және әлеуметтік маңызын да айта кетуіміз қажет.
Б. С. Никифоровтың айтуынша «қылмыстық құқық өзінің нормаларымен адамның мінез-құлқын реттей отыра, социализмнің қоғамдық қатынастарын бекітеді және оларды құқықбұзушылықтан қорғайды» [3, 13 б. ], -деді. Тек қана социалистік сөзін алып тастап, қоғамдық қатынас деуіміз қажет.
Қылмыстық құқықтың обьектісін әр кезеңдерде арнайы зерттеу үшін шетел оқымыстылары А. Фейербах, Ф. Лист, Ресей оқымыстылары Н. С. Таганцев, И. Я. Фойницкий, Л. С. Белогриц-Котляровский, С. В. Познышев, кеңес дәуірінің оқымыстылары А. А. Пионтковский, М. Д. Шаргородский, Н. Д. Дурманов, А. Н. Трайнин, Я. М. Брайнин, А. С. Загородников, Б. С. Никифоров, Е. А. Фролов, Е. І. Қайыржанов, Ю. А. Демидов, Ю. М. Лившиц, В. К. Глистин өзінің еңбектерінде зерттеген. Сондай-ақ қылмыстың обьектісі жөнінде М. А. Гельфер, Г. А. Кригер, М. П. Михайлов, Д. Н. Розенберг, М. И. Федоров және басқа да авторлардың мазмұнды мақалалары жарияланды. Тәуеліз Қазақстан Республикасында қылмыстың обьектісіне байланысты А. Н. Ағыбаев, Ғ. Ы. Баймұрзин, Г. Р. Рүстемова, Ә. А. Темірбеков, Р. Е. Жансараева т. б. өздерінің көзқарастарында көрсетіп кеткен.
Кез келген қылмысты іс-әрекеттің мәнін, оның орнын ашу үшін қылмыстың обьектісін анықтаудың орны ерекше. Қылмыстың обьектісін дұрыс анықтау қылмыстың ауырлық дәрежесі ұқсас қылмыстарды бір-бірінен ажырату, қылмысты қылмыс емес әрекеттерден анықтауда негізгі критерий болып есептеледі.
Қылмыстың обьектісі деп еліміздің қылмыстық құқық ғылымында қылмысты қол сұғушылықтан қылмыстық заң бойынша қорғалатын қоғамдық қатынастарды айтамыз. Қылмыстық заңмен қорғалмаған қатынастар қылмыстың обьектісі бола алмайды.
Өйткені, қылмыстық-құқылық қорғау обьектісіне әрқашан да өзінің мәні мен дәрежесіне қарай ерекшеленген маңызды қоғамдық қатынастар жатады. Қылмыстық заңмен қылмыс ретінде көзделген кез келген қоғамға қауіпті іс-әрекет белгілі бір обьектіге қол сұғады. Сонымен бірге кез келген іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігі қандай түрдегі обьектіге қол сұғушылығына байланысты. Біз осы жерде қол сұғушылық обьектісі және қылмыс обьектісі деген ұғымды ажыратып алуымыз керек.
Қол сұғушылық обьектісі дегеніміз-бұл қоғамдық қатынастар, осыны өзгерту үшін қылмыс бағытталатын нысан. Қылмыс обьектісі- бұл кез келген қылмыс соққы жасайтын бағыт.
Шетелдік қылмыстық құқықтың теориясында ең алғаш рет қылмыстың обьектісіне субьективтік құқық ретінде түсінік берілді. Бұл теорияның алғашқы өкілдері қылмыстың обьектісі болып адамдардың субьективті құқығы танылады деді. Осы теорияның көрнекті өкілі ретінде белгілі неміс заңгер-ғалымы А. Фейербахты атауға болады.
Шетелдік қылмыстық-құқықтық әдебиетте қылмыстың обьектісі деп тұлғаның субьективтік құқығы, олардың нақты өмір сүруіндегі құқықтық нормалар, қоғамның дұрыс өмір сүру шарты, құқықтық нормалармен қорғалатын өмірлік мүдделер, құқықтық игіліктер басқа да құбылыстар танылады [4, 11 б. ] .
Заңгер ғалым Ф. Листің пікірінше қылмыстың обьектісі деп өмірлік мүдденің қорғалатын құқығы деп атады [5, 129 б. ] .
Белгілі орыс оқымыстысы Н. С. Таганцев қылмыстың обьектісі болып оның нақты қолдануындағы құқықтық норма танылады деді. Қылмыстың обьектісін осылай анықтай отырып Н. С. Таганцев А. Фейербахтың субьективті құқықты обьект деп тану пікіріне қарсы көзқараста болды [6, 178 б. ] .
Танымал орыс криминалисі И. Я. Фойницкийдің ойы бойынша кез келген қылмыс екі обьектіден: аталған түйсікпен бұзылатын және тікелей айқын бейнесін қалыптастыра отырып, белгілі бір түйсікпен шектелетін қатынастар [7, 128 б. ] -танылады деді.
Н. И. Коржанскийдің пікірінше қылмыстың обьектісі деп қылмыстық заңмен қорғалатын әлеуметтік мүмкіндіктерді жүзеге асыруға бағытталған әлеуметтік жүріс-тұрыс институттарына қол сұғатын қатынастарды жатқызады [8, 21 б. ] .
Қылмыстың обьектісі жайлы Е. І. Қайыржанов «Қылмыстың обьектісі құқықпен тыйым салудың сипатын, заңмен тыйым салынған әрекеттердің шеңбері мен шегін, олардың қауіптілігінің сипаты мен дәрежесін анықтайды. Сондықтан обьект қылмысты анықтауда басымдыққа ие» [9, 4 б. ], -деген пікірді айтқан.
Қоғамдық қатынастар басқа да қатынастарға қарағанда әлеуметтік әрекеттің нәтижесі ретінде туындайды. Қоғамдық қатынастардың айрықша элементі ретінде заттың орнына байланыс танылады. Қоғамдық қатынас осы затқа әсерге ұшырауына байланысты туындайды.
В. К. Глистин қылмыстық заң әртүрлі күрделі және олардың ұйымдастырылуына немесе әлеуметтік маңызына байланысты әркелкі деңгейдегі қоғамдық қатынастарды реттейді. Тек қоғамдық қатынастарды талдау арқылы қатынастардың мәнін анықтауға мүмкіндік береді [10, 29 б. ], -деген пікірде.
Осы пікірмен келісе отырып, қылмыстың обьектілеріндегі қоғамдық қатынастар қылмыстық-құқықтық қорғаудың обьектісі және құқықтық реттеу заты ретінде топтар, қоғамның әлеуметтік институттарының іс-әрекеті мүддесіне сәйкес пайда болады немесе анықталады, олардың мазмұны болып әлеуметтік мүмкіндік, белгілі бір мінез құлық қажеттілігі немесе тыйым салынуы әлде қоғамдық қатынастар субьектісінің белгілі бір жағдайының әлеуметтік мүмкіндігі.
Қылмыстық кодекстің 2-бабының 1 бөлігінде қоғамдық қатынастардың жалпылай ұғымы берілген. Осыған сәйкес қылмыстың обьектілеріне адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу болып табылады.
Бірақ та қылмыстық құқық теориясында қоғамдық қатынастардың мазмұнын құрайтын элементтер төңірегінде алуан пікірлер бар. Мысалы, Б. С. Никифоров қылмыстың жалпы обьектісі болып табылатын қоғамдық қатынастың құрамында «қоғамдық мүдде» [3, 29 б. ], -орын алады дейді. Я. М. Брайнин де осындай көзқарасты жақтай отырып «қоғамдық қатынастарға басқа элементтермен бірге қоғамдық қатынастар субьектілерінің мүдделері кіреді» [11, 167 б. ], -деп қарастырған. Е. А. Фроловтың айтуынша «мүдде-қоғамдық қатынастардың ядросы» [12, 198 б. ], -деген көзқарасты ұстанған.
Өз кезегінде Ю. И. Ляпунов «мүдде-барлық қоғамдық қатынастардың мазмұнын бейнелейді [13, 15 б. ], -деген қорытындыға келеді. Н. И. Коржанский болса қоғамдық қатынастардың ядросы болып адамдардың арасындағы белгілі бір қатынас ретінде әлеуметтік байланысты айтады [8, 22 б. ] . Танымал отандық заңгер Е. І. Қайыржанов өз еңбектерінде «қоғамдық қатынастар» деген ұғымды - «қоғамдық мүдде» деген түсінікпен алмастыруды ұсынған [9, 56 б. ] .
Қазақстандық ғалым А. Н. Ағыбаевтың «Біздің пікірімізше мүдде деген ұғым қоғамдық қатынастардың құрамдас бөлігі ғана. Қоғамдық қатынастар қылмыстың жалпы обьектісі ретінде өз бойына мына элементтерді: қоғамдық қатынастардың субьектілерін, олардың әрекеттері мен өзара қатынастарын, қоғамдық қатынастар субьектілерінің заңмен қорғалатын материалдық, заттық, мүліктік, басқа да игіліктері мен мүдделерінің жиынтығы болып табылады. Осыған сәйкес қоғамдық қатынастар мінез-құлықтары, іс-әрекеттері мен олардың өзара байланыстарының көріністерінің жиынтығы болып табылады» [14, 61 б. ], -деген пікір келтіреді.
Ресей ғалымы А. В. Наумов қылмыстың жалпы обьектісін қылмыстық заңмен қорғалатын кез келген игіліктер [15, 149 б. ] -деп анықтайды.
Бірқатар авторлардың ойынша кейбір жағдайларда қылмыстың тікелей обьектісі қоғамдық қатынастармен бірге материалдық игіліктерге де қол сұғуы мүмкін. Атап айтқанда әйгілі ғалым А. А. Пионтковский қылмыстың тікелей обьектісі ретінде қоғамдық қатынастардың өзін емес, олардың элементтерін қарастырып кеткен, яғни оның көзқарасы бойынша «социалистік» және жеке мүлікке қол сұғушылықтардың тікелей обьектісі қоғамдық қатынастар элементтерінің материалдық көрінісі болып табылса, кеңестік азаматтың жеке басына деген қол сұғушылықтарда қылмыстың «тікелей обьектісі» болып субьектілер танылуы тиіс деді [16, 138 б. ] .
А. Н. Трайниннің пікірі А. А. Пионтковскийдің көзқарасынан алшақ кетпейді. Ол: «қылмыстың жалпы обьектісі қоғамдық қатынастар болып табылғанмен, кейбір нақты қылмыс құрамдарында қылмыстың обьектісі болып материалды құндылықтар және материалдық емес саяси, моральдік, мәдени құндылықтар жатқызылуы мүмкін» [17, 124 б. ], -деді.
Қылмыстың тікелей обьектісін жоғарыда айтылғандардай қарастырған кезімізде олар өзара жалпы және жеке ретінде өзара қатынасқа түсетін қылмыстың жалпы және тікелей обьектілерінің арасында алшақтық орын алып отыр. Сондықтан біз, осы мәселеге байланысты Я. М. Брайниннің «қылмыстың тікелей обьектісі заңда қалай көрсетілсе де, ол әрдайым қоғамдық қатынас болып табылады» [11, 167 б. ] -деген көзқарасымен келісе алмаймыз.
Қылмыстық-құқықтық қорғау обьектісін топтастыру қоғамдық қатынастардың жалпы жүйесіндегі нақты обьектінің орнын көрсетеді, тиісінше осы қол сұғушылықтың маңыздылығын, құндылығын және қоғамға қауіптілігін анықтауға мүмкіндік береді.
Қылмыстық құқық ғылым теориясында қылмыстың обьектісін жете білу үшін, оның маңызын және атқаратын ролін, қызметін түгел ашу мақсатымен қылмыстың обьектісін топтастырудың маңызы зор.
Қылмыстық құқық теориясында кейінгі мерзімде топтастыруды кейінгі вертикальды және горизонтальды жүйелері бойынша бөлу қалыптасқан. Вертикалды жүйенің үш сатылық топтастыруы бойынша қылмыстың обьектісі-жалпы, топтық және тікелей ретінде бөлінген.
Қылмыстың жалпы обьектісі деп қылмыстық заң нормасы арқылы қорғалатын қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Қылмыстың жалпы обьектісі болып танылатын қоғамдық қатынастардың көлемі өзгермелі. Оның қатары жаңа құбылыстардың қылмыс болып танылуына байланысты кеңеюі немесе қылмыс болып келген кейбір нормалардың күшін жоюына байланысты тарылуы мүмкін.
Бірақ та жалпы обьектінің ұғымы біртектес нақты іс-әрекеттердің ерекшелігін бейнелеуде жеткіліксіз болып танылады. Осыған байланысты біз осы тұрғыдағы қылмыстардың обьектісін ашып көрсету үшін қол сұғушылықтың топтық және тікелей обьектілерін бөліп қарастыруымыз қажет.
Қылмыстардың арнайы немесе топтық обьектісі болып мүдделердің белгілі үлкенді, кішілі шағын тобы танылады. Топтық обьект дегеніміз Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімі жүйесін құраудағы критериі болып табылады, белгілі бір субьектілер мүдденің белгілі бір топтарды бұзудағы жауапкершілікті көздейтін барлық қылмыстық құқықтық нормалар белгілі бір рет бойынша орналасқан.
Сондықтан да топтық обьекті Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімі нормаларын жүйелеу үшін критериі болып танылады, соның негізінде ол қылмыстың қоғамға қауіптілігі дәрежесіне байланысты Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімі жүйесіндегі орнын айқындайды.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, топтық обьект бірыңғай қоғамдық қатынастардың жиынтығын реттейтіндіктен, осы қатынастар бірыңғай туыстас белгілерге ие болуы тиіс. Қылмыстың топтық обьектісін анықтау ұқсас қылмыстарды анықтай отырып, оларды басқа да қылмыстардан жіктеп ажыратуға мүмкіндік береді.
Топтық обьектімен бірге Н. И. Коржанский түрлік (видовой) обьектіні бөліп көрсетіп жүр. Оның түсінігінше түрлік обьекті деп қылмыстардың жекелеген шағындау топтарына қол сұғатын қоғамдық қатынастар танылады [8, 26 б. ] .
Ресейдің 1996 жылы қабылданған ҚК-нің Ерекше бөліміндегі қылмыстарда топтық обьектісімен қатар түрлік обьектілеріне байланысты жүйеленгендігін айта кетпеске болмайды.
Жоғарыда айтылғанның осындай келтірген дәйегі әдебиеттерде қабылданған обьектілерді үшке бөліп топтастыруға қарама-қайшы келмейтіндіктен, топтық обьектісіне енетін қоғамдық қатынастарды анықтауға және бір немесе біртектес обьектіге қол сұғатын жекелеген қылмыстардың ғылыми жүйесін құрауға жәрдемдесетіндей түрі бар сияқты. Тікелей обьект ретінде ғылыми әдебиетте қалыптасып келген пікірге сәйкес-нақты қылмыстық қол сұғушылық кезінде зиян шегетін, нақты қоғамдық игілік танылып келді.
«Қылмыстың обьектісін 3 саты бойынша, яғни-жалпы, топтық және тікелей обьектілерге бөлу тек бұрынғы посткеңестік елдерде ғана емес, сонымен бірге басқа да шет елдердің қылмыстық заңдарында қабылданғандығын» [18, 73 б. ] М. А. Гельфер атап кеткен.
Заңи әдебиеттерде алғашқылардың бірі болып негізгі, қосымша және факультативті обьектілердің ұғымы Е. А. Фроловтың еңбегінде берілді. Оның пікірінше қол сұғушылықтың негізгі тікелей обьектісіне қоғамдық қатынас, мүдде жатқызылуы тиіс деді. Аталған пікірмен Н. И. Коржанский келіспей қол сұғушылықтағы негізгі тікелей обьект болып, осы қылмыстың әлеуметтік мәні танылуы тиіс [8, 30 б. ], -деді.
Қылмыстық құқық теориясында қылмыстың тікелей обьектісі негізгі тікелей обьект, қосымша тікелей обьект және факультативті тікелей обьект деп бөлінеді.
Негізгі тікелей обьект бұл қоғамдық мүддені қорғау үшін қылмыстық заң нормасы шығарылатын және осы басты белгісі бойынша Қылмыстық Кодекстің тиісті тарауына орналастыруға негіз болатын обьектіні айтамыз. Негізгі тікелей обьектінің мазмұнын қарай отырып теориялық және тәжірибелік қатысы жағынан екі маңызды қылмыстық қол сұғушылықты анықтау қажет. Оның біріншісі- қылмыстық-құқықтық қорғаудың мазмұнын құрайтын нақты әлеуметтік игіліктерді бөлу мүмкіндігін анықтау, келесісі бірыңғай қылмыстарды жасау барысында аталған обьектілердің көптік деңгейінің өмір сүруін анықтау.
Қосымша тікелей обьект дегеніміз қылмыстық заң бойынша қорғалып, негізгі обьектіге зиян келтірілгенде немесе зиян келтіру қаупі туындағанда, негізгі тікелей обьектімен қатар бірге өзгеретін обьектіні айтамыз. Қосымша обьект заңда көрсетілген қылмыс құрамының нақты мәнін және оны анықтау үшін ерекше маңызға ие.
Факультативті обьект дегеніміз қылмыс жасалған кезде зиян келтіру қаупі кейде туындауы немесе туындамауы мүмкін обьектіні айтамыз. Зиян туындаған жағдайда бұл обьект қылмыстың негізгі обьектісімен бірге қылмыс құрамының міндетті элементінің қатарында сипатталады.
Н. И. Коржанский факультативті обьектіні бөлу қажет, өйткені ол нақты қылмыс құрамының міндетті белгісі болып танылмайды және әрқашанда оның сараланған мән-жайларында көрсетілмейді [4, 83 б. ], -деді.
Адамды кепілге алу түсінігі бұрыннан белгілі болып табылады. Ол туралы Ежелгі Грецияның антикалық мифтерді айтып кеткен. Адамды кепілге алу тақырыбына көптеген өнер туындылары жазылған. Тіпті рим құқығы бойынша адам ұрлау ауыр қылмыстар қатарына жатқызылып, оны адамды бостандық жағдайдан бастандығынан айырылған жағдайға ауыстыру деп сипаттаған. Әлем тарихы адамды кепілге алудың көптеген жағдайларын біледі.
Бүгінгі қолданылып жүрген «киднеппинг» сөзі салыстырмалы түрде жақында пайда болды. Англияда «abduction» сөзі қолданылған, ол әйелді өз еркінен тыс ұрлау дегенді білдірді. Қазақ елінің тарихыда әйел ұрлаудың көптеген мысалдарын біледі. Кейіннен әйелдерді ұрлаумен қоса ерлерді, балаларды ұрлау фактілері де көбейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz