Публицист шығармаларындағы этнотарих мәселесі


Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Журналистика факультеті

Мерзімді баспасөз кафедрасы

Жоғары оқу орнын бітіру

үшін қорғалатын бакалавриаттық

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

Азамат Есбергенов

АҚСЕЛЕУ СЕЙДІМБЕКТІҢ ПУБЛИЦИСТИКАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ СИПАТ

Ғылыми жетекшісі - . . . Кәкен Хамзин

Ресми сарапшысы - . . . Еркін Жаппас

Комиссия хатшысы - . . .

Кафедра меңгерушісі . . .

Мемлекеттік емтихан комиссиясының сараптауына қабылданды

Диплом қорғау күні: 09. 06. 2010 ж.

Алматы, 2010 жыл.

Мазмұны

Кіріспе

1. Негізгі бөлім:

1. 1 Публицист шығармаларындағы этнотарих мәселелері

1. 2 Ұлттық этникалық мәдениет және ғаламдастыру

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Реферат

Жұмыстың құрылымы: Бітіру жұмысы кіріспе, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімімен қатар, сілтемеден тұрады. Негізігі бөлім «Публицист шығармаларындағы этнотарих мәселелері», «Ұлттық этникалық мәдениет ғаламдастыру (жаһандану үрдісі мен ұлттық құндылық, мәдениет) Ақселеудің еңбектерінде көрініс табуы» атты екі тараудан тұрады.

Көлемі: 50 бет

Қолданылған әдебиеттер тізімі: 27.

Жұмыстың өзектілігі: Ақселеу Сейдімбек зерттеуші-ғалым болғанмен, жұмысының көп бөлігін баспасөзде өткізді. Сол себепті, қоғамда туындайтын әрбір жағдайға бей-жай қарай алмады. Негізгі тақырыбы қазақтың шежіресіне бойлау болғанмен, саяси, мәдени ауқымда өрбитін барша тақырыптарға бар зердесімен ден қойды. Оның қаламынан туындаған әрбір сөз қоғамда өз орнын тауып, құзырлы орындардың құлағына жетіп отырды. Ақселеу Сейдімбектің жазған шығармаларының барлығы қазақтың этнографиялық тарихына сүйреп апарады. Алайда, мерзімді баспасөз беттерінде де жиі-жиі мақалалары жарық көріп, ойындағысын оңай жеткізіп отырды. Әрдайым қазақ тарихының тамырына терең зерттеулік жұмыстар жасап, түркі тілдес халықтардың бір-бірімен сабақтастығы және ерекшелігі мен айырмашылығы жайында зерттеу еңбектерін жазып, оны газет беттерінде мақала етіп те жариялап жүрді. Зерттеу жұмыстарында ашып көрсете алмаған деректері мен дәйектерін публицистикада әсірелеп жеткізді. Онысы өте сәтті шықты десе де артық айтқандық емес. Жазушы-ғалымның публицистикасындағы осындай ерекшеліктерді де ашып көрсетуге бел будық.

Зерттеу нысанының мақсаты мен міндеттері: Зерттеудегі негізгі мақсатымыз - Ақселеу Сейдімбектің публицистикасындағы ұлттық сипаттағы материалдарын жүйелеп, оларды өзара байланыстыру арқылы ара салмағын анықтау. Яғни, еліміздің дамуына, көркеюіне тигізген оң ықпалын баспасөз қалай бақылап, баға беріп жатқандығына ғылыми тұрғыдан мән беру. Халыққа рухани нәр беретін этнограф-ғалымның көркем шығармаларын қайта саралап, оның бүгінгі күні қоғамға қаншалықты әсер ететіндігін анықтау.

- Жазушы-ғалымның баспасөз беттерінде жарық көрген мақалаларының қандай деңгейде көрініс тапқандығын ашып көрсету;

- Оның елге сіңірген еңбегін, мемлекетіміздің керегесі бекіп, шаңырағын биіктетуге қосқан сансыз үлесін оның жазған дүниелері арқылы сарапқа салу;

- Жеткен жетістіктері мен шыққан биіктерін өміршең дүниелері мен айтқан пікірлері арқылы көрсету;

Глоссарий

Публицистика - сөз өнерінің үлкен бір саласы. Ол көркем әдебиетпен бірге туып, қалыптасып, өсіп, өркендеп келе жатқан шығармашылықтың ерекше тармағы. Бір нәрсе турасындағы пікірімізді, яғни қиялымызды, яки көңіліміздің күйін сөз арқылы жақсылап айта білсек, сол сөз өнері болады.

Ауызекі публицистика - адамзат баласының дамуының алғашқы дәуірлерінде публицистиканың ұрпақтан-ұрпаққа ауызша жеткізілген түрін айтамыз.

Жазба публицистика - жазу, сызу пайда болғаннан кейін қолданысқа енген публицистиканың бір тармағы.

Фельетон - публицистиканың бір саласы. Фельетон публицистикалық шығарма болғандықтан, өз міндетінің ерекшеліктеріне байланысты, ең алдымен образ арқылы толыға түседі. Сонымен қатар фельетон әлеуметтік құбылыстарға социологиялық формада да талдау жасайды.

КІРІСПЕ

Жұмыс тақырыбының өзектілігі. Бітіру жұмысының тақырыбы «Ақселеу Сейдімбектің публицистикасындағы ұлттық сипат» деп аталады. Сол себепті, біз бұл кішігірім зерттеу жұмысымыздың аясында тақырыбымызды мейлінше ашып көрсетуге тырыстық.

Ақселеу Сейдімбек зерттеуші-ғалым болғанмен, жұмысының көп бөлігін баспасөзде өткізді. Сол себепті, қоғамда туындайтын әрбір жағдайға бей-жай қарай алмады. Негізгі тақырыбы қазақтың шежіресіне бойлау болғанмен, саяси, мәдени ауқымда өрбитін барша тақырыптарға бар зердесімен ден қойды. Оның қаламынан туындаған әрбір сөз қоғамда өз орнын тауып, құзырлы орындардың құлағына жетіп отырды. Ақселеу Сейдімбектің жазған шығармаларының барлығы қазақтың этнографиялық тарихына сүйреп апарады. Алайда, мерзімді баспасөз беттерінде де жиі-жиі мақалалары жарық көріп, ойындағысын оңай жеткізіп отырды. Әрдайым қазақ тарихының тамырына терең зерттеулік жұмыстар жасап, түркі тілдес халықтардың бір-бірімен сабақтастығы және ерекшелігі мен айырмашылығы жайында зерттеу еңбектерін жазып, оны газет беттерінде мақала етіп те жариялап жүрді. Зерттеу жұмыстарында ашып көрсете алмаған деректері мен дәйектерін публицистикада әсірелеп жеткізді. Онысы өте сәтті шықты десе де артық айтқандық емес. Жазушы-ғалымның публицистикасындағы осындай ерекшеліктерді де ашып көрсетуге бел будық.

Ұлттың ұлт екендігін танытатын жетекші бір фактор ол - мәденитеті екендігі бесенеден белгілі. Қай ұлт болсын өзінің мәдениетімен ғана дараланып, өзгешеленбек. Ұлт мәдениеті ділді, дінді, тілді түгел қамтуымен күрделі құрылым. Мәдениетіміздің өркендеуіне, ұлттық дүниетанымызды танытуға өлшеусіз үлес қосып жүрген ерен жүйріктерді тілге тиек етер болсақ, оның алғашқы қатарынан Ақселеу Сейдімбек ойып тұрып орын алатындығы белгілі. Оның мәдениетімізге сіңірген еңбегін газет бетінде жарияланған еңбектері арқылы тани аламыз. Біз соның барлығын бар білгенімізше бітіру жұмысымызда көрсетуге тырыстық.

Бітіру жұмысының тақырыбы - «Ақселеу Сейдімбектің публицистикасындағы ұлттық сипат» деп аталғандықтан, оның ұлттық сарында жазған дүниелері мен публицистикалық сарында жазылған мақалаларының қыры мен сырына үңіліп, мән-маңызына тоқталдық. Оларды жүйелеп, жіктедік. Таңдалған тақырып сол себептен де өзекті.

Зерттеу нысаны. Ақселеу Сейдімбектің басылым беттерінде әр жылдары жарық көрген публицистикалық материалдары. Этнограф-ғалымның жазған дүниелерінің мәдениет пен ғылым-білімнің өркендеуіне қосқан өлшеусіз үлесі мен ұлттық тақырыпта қозғаған сан түрлі мақалаларын сараптау.

Зерттеудің мақсаты. Зерттеудегі негізгі мақсатымыз - Ақселеу Сейдімбектің публицистикасындағы ұлттық сипаттағы материалдарын жүйелеп, оларды өзара байланыстыру арқылы ара салмағын анықтау. Яғни, еліміздің дамуына, көркеюіне тигізген оң ықпалын баспасөз қалай бақылап, баға беріп жатқандығына ғылыми тұрғыдан мән беру. Халыққа рухани нәр беретін этнограф-ғалымның көркем шығармаларын қайта саралап, оның бүгінгі күні қоғамға қаншалықты әсер ететіндігін анықтау. Жазушы-ғалымның өміршең дүниелерінің қалай туатындығына баса мән беріп, ізін басып келе жатқан болашақ зерттеушілерге қандай үлгі қалдыратындығы жайлы қозғау.

Зерттеудің міндеттері. Жоғарыда аталған мақсаттан мынадай міндеттер келіп шығады:

- Жазушы-ғалымның баспасөз беттерінде жарық көрген мақалаларының қандай деңгейде көрініс тапқандығын ашып көрсету;

- Оның елге сіңірген еңбегін, мемлекетіміздің керегесі бекіп, шаңырағын биіктетуге қосқан сансыз үлесін оның жазған дүниелері арқылы сарапқа салу;

- Жеткен жетістіктері мен шыққан биіктерін өміршең дүниелері мен айтқан пікірлері арқылы көрсету;

- Жазушы-ғалымның қаламынан шыққан туындыларында немесе баспасөз беттерінде жарық көрген сұхбаттарында замана тынысы мен дәуір шындығы қалай сомдалғандығына және көркем дүниелеріндегі ұлт мүддесіне байланысты жазылған дүниелеріне өз тарапымыздан әділ бағасын беру;

Жаңалықтары.

- Оның ғылыми-шығармашылық еңбегінің бедерлі тұстарын былайша атап өтуге болады:

- Прозалық шығармалары арқылы ұлттық төлтумалылықты айғақтауға елеулі үлес қосты;

- Бұрын жиналмаған да зерттелмеген қазақтың қара өлеңдері мен күй аңыздарын алғаш рет рухани айналдылымға түсірді;

- Қазақстанда этнографиялық және этнологиялық ізденістердің жандануына ықпал етті;

- Алғаш рет қазақ эпостарының насихатталуына мұрындық болды;

- Халық мұнарасы ретінде қазақтың эротикалық фольклорын жинап, оның ғылыи басылымын алғаш рет жарыққа шығарды;

Тұжырымдары.

Замана лебімен дәуір шындығын беруде жазушы-ғалым рухы асқақ, өз дегендерін айтып, қоғамның ащы шындығын жазуда ойлағандарын қағаз бетіне түсіре алғандығына тарих куә. Ақселеу Сейдімбеков қолына қалам алғалы қазақ әдебиетінің тамырына қан жүгіріп, жандана түскені белгілі. Газет бетінде жарияланған мақалаларының қомақты бөлігі этнографиялық және этнологиялық дерек көздерінен тұрады.

Осы бітіру жұмысында жазушы-ғалымның публицистикалық материалдары талданып, дәйекті тұжырымдар жасалады. Өз пайымымыз бойынша жоғарыда көрсетілген тараулар бойынша жұмыс жасап, үлкен ғылыми еңбек жүйесін жасауға тырыстық.

Құрылымы.

Кіріспе, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімімен қатар, сілтемеден тұрады.

І-тарау

ПУБЛИЦИСТ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ЭТНОТАРИХ МӘСЕЛЕСІ

«Бір нәрсе турасындағы пікірімізді, яғни қиялымызды, яғни көңіліміздің күйін сөз арқылы жақсылап айта білсек, сол сөз өнері болады. Ішіндегі пікірді, қиялды, көңілдің күйін тәртіптеп қисынын, қырын, кестесін келістіріп сөз арқылы тысқа шығару - сөз шығару болады. Шығарма дегеніміз осылай шығарған сөз . . . » деп жазыпты Ахмет Байтұрсынов [1] . Демек, публицистика да сөз өнерінің бір саласы. Ол көркем әдебиетпен бірге туып, қалыптасып, өсіп, өркендеп келе жатқан шығармашылықтың ерекше бір тармағы. Қазақтың публицистикасы қазақ халқының өсіп-өркендеу жолындағы жолбасшы, ойсерігі, бағдаршамы іспеттес. Ұлттық публицистика өнеріне неғұрлым шынайы, неғұрлым еркін қарап, бағалап, парықтау мүмкіндігіне жол ашылды. Мұндай мүмкіндіктерге жол ашқан ұлттық тұрғыда бірнеше рет қалам тербеген Ақселеу Сейдімбек секілді тұлғалардың шығармалары болатын.

Сейдімбек Ақселеу Сланұлы 1942 жылы 12-желтоқсанда Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданындағы Байдала би ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген (1961-1968) . «Жас алаш» (бұрынғы «Лениншіл жас»), «Орталық Қазақстан», «Егемен Қазақстан» газеттерінде меншікті тілші, жауапты хатшы, бөлім меңгерушісі, «Зерде» (бұрынғы «Білім және еңбек») журналы мен «Әлем» альманағында бас редактор болды. Дәл осы сәттерде Ақселеу Сейдімбектің публицистикада көптеген жетістіктерге жетті деуге болады. Қоғамда болып жатқан әрбір мәселелерге байланысты жазған мақалаларында өз ойын толықтай жеткізе білді. Одан кейін М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында қолжазба бөлімінің меңгерушісі, Ы. Алтынсарин атындағы Білім проблемалары институтының директоры, Қазақ Білім академиясының тұңғыш президенті, ҚР Президенттік Мәдени орталығы директорының ғылым жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды. Содан соң өмірінің соңына дейін Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры болды. Ақселеу Сейдімбек өмірінің денін негізінен ғылымға арнаған адам. Сол себепті көбіне ғылыми ізденісте, шығармашылық ұстанымды алға тартты. Алайда, сол ғылыми ізденіспен бірге газет-журнал беттерінде бірнеше очерктері, мақалалары жарыса жарық көрді.

А. Сейдімбек филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағы және Журналистер одағы сыйлықтарының лауреаты. Отызға тарта көркем, ғылыми-көпшілік және монографиялық кітаптардың авторы. Оның публицистикадан бөлек ғылыми-шығармашылық еңбегінің бедерлі тұстарын былайша атап өтуге болады: прозалық шығармалары арқылы ұлттық төлтумалылықты айғақтауға елеулі үлес қосты; бұрын жиналмаған да, зерттелмеген қазақтың қара өлеңдері мен күй аңыздарын алғаш рет рухани айналымға түсірді; Қазақстанда этнографиялық және этнологиялық ізденістердің жандануына ықпал етті, «көшпелілердің төлтума мәдениеті», «көшпелілер өркениеті» сияқты санаттық (категориялық) ұғымдардың айқындалуына және орнығынуына тегеурінді үлес қосты; «қазақтың ауызша тарихы» деп айтуға лайық шежірелік деректерді кең көлемде пайдалана отырып, тұңғыш рет қазақтың ру-тайпалық құрылымын толық қалпына саралап берді және дәстүрлі қазақ қоғамының мемлекет жасақтау үлгісіне, құқықтық жүйесіне және әлеуметтік-этникалық байланыстарына қатысты түбегейлі тың тұжырымдар жасап, оны тегеурінді дәлелдермен орнықтыра алды; алғаш рет қазақ эпостарының қара сөзбен насихатталуына мұрындық болды; алғаш рет Гомер туындыларын қазақ оқырманына таныстырды; әртүрлі пікір-бағаға қарамастан халық мұрасы ретінде қазақтың эротикалық фольклорын жинап, оның ғылыми басылымын алғаш рет жарыққа шығарды; Қазақстан тарихын жеке тұлғалар арқылы зерделеу идеясын ұсынып, оның нақтылы жүзеге асуына өзіндік үлес қоса білді; қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін тұғыр ете отырып, «Сарыарқа», «Дәурен-ай», «Толғау» («Ақтанбердінің толғауы») сияқты ұлт рухын көтеретін тамаша әндер шоғырын дүниеге келтірді. Әсіресе, оның публицистикалық еңбектері қазақ журналистикасын жаңа деңгейге көтерді деп кәміл сеніммен айтуға болады. А. Сейдімбектің қай тақырыпта болмасын қаузап-қағып жазған дүниелері үлкен проблемалық мақалаларға айналды. Көбіне қазақ ру шежіресіне байланысты, этникалық қырымыздан толықтай танып білуге байланысты жазған мақалалары ұзақ уақыт баспасөз беттерінде талқыға түсті. 1917-1990 жылдар аралығындағы қазақ публцистикасының өсу, өркендеу жолдары зерттелді. Кеңестік дәуірде газет-журналдардың көбеюімен бірге қазақ публицистикасының өрісі кеңейіп, дамудын жаңа сатысына көшті. Бүл кезеңдегі публицистикаға кеңестік кезеңнің саясаты, орыс публицистикасының дамуы ерекше әсер етті. Соның нәтижесінде публицистикадағы пішіндік, жанрлык жаңашылдық белгілер айқын көрініс бере бастады. Кеңестік дөуірдің 20-шы, 30-шы жылдарындағы қазақ публицистикасы жаңа даму жолына түсті. Бұл кезенде Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы саяси өзгерістер, экономикалық мәселелер, рухани жайттар шығарма өзегіне айналды. Жетістіктер де, кемшіліктер де публицистика айнасынан ақиқат керініс тапты. Бертін келе мұндай сыпаттағы жазу үлгісі қалам ұстаған бірнеше жазушылардың, журналистердің машығына айналды. Бұл кездегі публицистикалық шығармалардың авторлары жоғары патетикалык, пафосты, шешен тілді, халық даналығын өз ойларына өзек етіп қолданды. Тіпті, қазақтың әскери публицистикасы ауыз әдебиетінің бай қазынасымен суарылып, тарихи аңыздардан, айтыстар мен мақал-мәтелдерден, жыраулық поэзия үлгілері мен шешендік сөздерден тамыр тартты. Мұндай қазақ баспасөзі үшін берілген жағымды жаңалықтың өркендеуіне үлесін қосқан Ақселеу Сейдімбекті де айтып өтуге болады. Ойды қысқа және дөп жеткізуге құрылған ғажайып публицистикалық шығармалар туды. Соғыс жылдарында қазақ публицистикасына еніп үлгерген үндеу, памфлет, күнделік, хат, очерк, мақала, публицистикалық қуаты бай өлеңдер бертін келе Ақселеу жазуынан да көрініс тапты. Соғыстан кейінгі жылдары бүкіл ел халық шаруашылығын қайта қалпына келтіру ісіне жұмылдырылды. 1945 жылы «Республикалык, өлкелік жөне облыстық газеттердің сапасын арттыру және көлемін ұлғайту туралы» қаулы қабылдануының баспасөзді, публицистиканы дамытуға әсер-ықпалы зор болды. Соғыстан кейінгі жылдары республика газеттерінің мазмұны өзгерді, олар жергілікті өмірді жан-жақты жазатын болды, экономика мен мәдениет мәселелеріне баса назар аударылды. Газет беттерінде очерк пен фельетон, баспасөзге шолу жанрлары жиі көрінді. Сөйтіп баспасөз өзінің жүмысын бейбіт дәуірге бейімдеп қайта құра бастады. Сөз жоқ баспасөздің бейбіт өмірге бейімделуімен бірге, қазақ публицистикасы да күнделікті еңбек ырғағының айнасына айналды. Ақселеу Сейдімбектің публицистикалық бағыттағы шығармаларына көп әсер еткен 60-70 жылдардағы баспасөз беттеріндегі мақалалар болатын. 60, 70-ші жылдардағы қазақ публицистикасы шұрайлы тілмен көркейе түсті. Бұл әсіресе сол кездері мол жазылған публицистикалық лепті мақалалар мен көркем очерктерде көрініс тапты [2] . Осы кезең туралы сөз еткенде, академик С. Қирабаев: "Қазақтың көркем әңгімелерімен жалғас, көсемсөз, очерк, ой толғанысы, өмірді бейнелі жолмен тануға ұмтылған публицистика да бұл дәуірде едәуір өркендеді", - деп атап көрсетті. Сол Серік Қирабаев өзінің «Менің Ақселеуім» атты мақаласында біздің тақырыбымызға арқау болған Ақселеу Сейдімбек туралы былай деп көсіледі.

- Ақселеумен бiз бiр топырақтың түлектерiмiз. Соғыстан кейiн мен Алматыға оқуға кеткенде, ол бес жасар бала екен. Мен оның әкелерiн бiлетiн едiм. Сейдiмбек балалары ағайынды бес жiгiт болатын. Солардың iшiндегi елге танымал, Жаңарқа ауылдары көлемiнде шаруашылық басқару жұмыстарында көп жүрген Аманбек ағай бүкiл елдiң қадiрлi жiгiттерiнiң бiрi болды. Елге қайырымды, соғыс кезiнде жүдеушiлiк көрген жетiм-жесiрлерге қол ұшын көп берген азамат едi. Екi iнiсi әскерге кетiп, үлкен ағасы елде қайтыс болғанда, солардың жетiм балалары да Аманбектiң қолында тәрбиеленгенiн еститiн едiм. Хасен деген кiшi iнiсi аяғы ауыратындықтан әскерге алынбай, мұғалiм болып iстедi. Кейiн Жаңарқаның тәжiрибелi, үздiк ұстаздарының санатына кiрдi, - дейді Серік Қирабаев [27] .

Ақселеу аты жетпiсiншi жылдары газет-журнал беттерiнде көрiнiп, оның әңгiмелерi мен очерктерi басыла бастаған тұста, сол кiсiлер есiме түсiп, “Қайсысының баласы екен?” деп елең ете қалғаным да сондықтан. Ақселеудiң “Лениншiл жас” газетiнiң Қарағанды облысындағы тiлшiсi болып iстейтiнiн де газеттен бiлдiм. Сөйтiп жүрiп, Қарағандыға бiр барған сапарымда онымен танысудың сәтi түстi. Ақселеу өзi сәлемдесе келiптi. Аманбек пен Хасеннiң арасында Слан деген жiгiт болғанын, соның баласы екенiн, әкесi соғыстан қайтпай, Аманбектiң қолында өскенiн айтты. Мен оның жазғандарын қадағалап оқып жүргенiмдi, аяқ алысы ширақ журналист екендiгi жайындағы ойымды жеткiздiм.

Шынында да, о бастан-ақ Ақселеу қаламынан шыққан дүниелердiң оқырмандарға ерекше әсер етiп, қызықтырып оқытатын бөлек сипаттары байқалатын едi. Ел өмiрiн терең зерттеп өскен, алыс ауылдарда малшы, аңшылар ортасында көп болған жас таланттың көргендерiн қадағалап, зердесiне түюi, сол арқылы адам мен оны қоршаған ортаның, дала табиғатының сырын ойшылдықпен, сезiмталдықпен пайымдауы оны әдебиет әлемiне алып келген-дi. Жас кезiнде көргендерiне кейiн журналистiк, үлкен газеттiң тiлшiсi болып жүрген кезде таныған шындығы қосылып, оның қаламының қарымымен мөп-мөлдiр өмiр суреттерi болып кiтапқа түстi. “Ақиық” (1972) атты алғашқы шағын кiтабын ол далада мал бағып, оңаша жатқан адамдардың малға қоса аңшылықты кәсiп етуiн, осы саладағы хикаяларын суреттеуге арнады. Суреттелетiн оқиғалардың ортасында ең алдымен, адамды көрсетуге ұмтылды. Даланың малшылары Сыздық, Мұса, Жәкендер өздерi бастан кешiп жатқан өмiр тiршiлiгiмен, iс-әрекетi, мiнез-құлқымен жап-жақсы көрiнген кейiпкерлер. Оларды ортақтастыратын бiр мүдде - аңшылық, бүркiт ұстап, оны қолға үйретiп, баптау, аңға қосу қызығы. Осы оқиғалар легiнде бүркiт ұстаудың өзiндiк сырлары мен оны қолға үйретудiң қиын жолын Ақселеудiң аса бiлгiрлiкпен суреттеп, танытуы ерекше назар аудартады. Ол бүркiттердiң тұқымы, олардың өзара айырмасы мен мiнез-құлық қалпын, аңға түсу әдiсiн бiлгiрлiкпен әңгiмелейдi.

Аңшылық, дала аңының сырын жетiк бiлуге ұмтылу, сол арқылы табиғат сұлулығын тану - Ақселеу кейiпкерлерiнiң жан дүниесiн танытады. “Қазiргi шақта тұғыр үстiндегi ақиық қыранды қаумалап тұрған мына төрт шал осынау кең дүниеде құстан асқан сұлулық, мұнан өткен қызық, бұған жетер мағыналы тiршiлiк бар дегенде еш иланбас едi” - дейдi жазушы.

Жазушының бұл өмiрдi жетiк бiлетiнi, сол ортаның, кәсiптiң өзiндiк тiлiн, сөз саптау ерекшелiктерiн (“Келте сонар”, “Құс зар күйiнде екен”, “Тамағына бола таңын көрмейдi”, “Дәлектi түлкi” т. б. ) де меңгергендiгiнен көрiнедi. Ол аңшылық кәсiптi ақтай сөйлейдi. Оны адамның көңiл құмарын қызықтаудың заңды жолына санайды. “Дүние-мүлiктiң буына мас болып, көңiл құмарыңды қызықтамай ғұмыр кешу адамға лайық па? - дейдi Мұса қарт. - Оған қанағат етсе, ол адам ба? … тiршiлiкте құлқынның жөнi бөлек, көңiлдiң жөнi бiр бөлек. Айналаңа, төңiрегiңе, ортаңа әбестiгi жоқ әрекет еткiң келедi екен, ол әрекеттен көңiл құмарың қанағат табады екен - ендеше оның несi айып? Байлаудағы тоқтыдай бауыздауыңнан шыға тойғанға мәз болғың келмейдi екен, әсем табиғаттан уаз кешiп, саятшылықты алданыш еткiң келедi екен - оны қалайша айып санарсың”. Осы сөздерде Ақселеудiң өз танымы да жатқанын ендi, ол жоқ кезде, бiлiп отырмыз[27, 9] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің публицистикалық еңбектерінің ерекшеліктері
Абай Құнанбаев қара сөз кітабының авторы
Торайғыров шығармалары – 20 ғасырдың басындағы қазақ қоғамы шындығын, ондағы жаңашыл ой-пікірдің дамуын танытатын үлкен белес
Абай - публицист
Қазақтың ұлы жазушылары
Міржақып Дулатұлы шығармаларындағы «Ғаламның тілдік бейнесі»
Оралхан Бөкей - көркемсөз өнерінің шебері
«20 ғасырдың 60 жылдарынан кейінгі қазақ әдебиеті (1960-2000)» пәні бойынша әдістемелік нұсқау
Абайдың қара сөздері (Ғақлия)
Қасым Қайсеновтің публицистикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz