Turbo pascal программалау жүйесі туралы ақпарат


Мазмұны:

Кіріпе _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 2

1. Программалау тілдері _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 3

2. Turbo Pascal жайлы жалпы мағұлматтар_ _ _ _ _ _ _ _ _ 5

3. Қолданылған программалар _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 6

3. 1Файлдар және оның түрлері _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 6

3. 2Жазбалар және жазба типі _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 7

3. 3Жолдар _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 8

3. 4Процедуралар_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 9

3. 5Функциялар _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 10

3. 6. Қосалқы программа_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 12

4. Есептердің қойылымы _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 13

Қорытынды _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _25

Пайдаланған әдебиеттер _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 26

КІРІСПЕ

Қазіргі кезде кеңінен қолданылатын программалау жүйесінің бірі - Turbo Pascal. Американың Borland корпорациясының бұл өнімі сол корпорацияның қызметкері Андерсон Хейлсбергтің жетекшілігімен құрастырылған. Turbo Pascal - дың түп нұсқасы швейцария ғалымы Никлаус Вирт жасаған Паскаль тілі программалау тілінен тарайды. Бастапқыда паскаль тілі программалауды алғаш үйренушілер үшін өте тиімді құрал болып табылған. Қарапайым Паскальды өңдеудегі А. Хейлсбергтің үлкен еңбегінің нәтижесінде Turbo Pascal - жоғарғы деңгейлі программалау жүйесі. Оның логикалық құрылымы әр түрлі есептерді дәл шешуге көмегін тигізеді. Сондықтан, оқушылар мен студенттерге программалаудың негізін Turbo Pascal тілін оқып - үйретуден бастап, программалаудың қыр - сырын меңгерудің маңызы зор. Turbo Pascal - жоғары деңгейлі программалау жүйесі. Оның тұңғыш нұсқасын 1970 жылы швейцария физигі Никлаус Вирт (Nicklaus Virt) ұсынған. Автор тілді алғашқы арифметикалық есептеу машинасын жасаған француздың ұлы ғалымы Блез Паскалбдың құрметіне Паскаль деп атап, тіл атауын үнемі бас әріппен жазылуын сұраған. Кейіннен тілдің көптеген нұсқалары жарық көреді. Солардың ішінде, 1983 жылы Borland корпорациясының талантты қызметкері Андерсон Хейлсбергтің жасаған жаңа үлгісі - Turbo Pascal программалаушылар арасында үлкен сұранысқа ие болды. Оның бұл нұсқасы СР/М операциялық жүйесіне негізделген. 1984 жылдың басында MS DOS жүйесіне ауыстырылғалы бері пайдалану қарқыны бұрынғыдан да арта түсті. Turbo Pascal - дың жоғарғы деңгейлі логикалық құрылымы әр түрлі есептерді дәл шешеуге көмегін тигізеді. Turbo Pascal жүйесінде қарапайым есептерді шешудің программасынан бастап, күрделі мәліметтер қорын құрудың сан қырлы жұмыстары жүргізіледі

1. Программалау тілдері

ЭЕМ-нің дамуымен қатар оған қажетті базалық программалық құралдар да дамып отырды. Бірінші кезекте бұл прогммалау тәсілдеріне қатысты, олардың көмегімен адамбар есептерді ЭЕМ-де шешу үшін кодтауды меңгерді. Оларды да бірнеше кезеңге бөлуге болады.

Бірінші кезең - 50 жылдардың соңына қарай программалау құрылымы, дәл кодтау тәсілі арқылы ұзын командалар тізбегі екілік, сегіздік және оналтылық сандар қолданылды. Бұл қызметтің программалаудан айырмашылығы кодтау деп аталды да, оның алдына - алгоритмді құрастыру міндеті қойлды.

Екінші кезең - оларға Ассемблер тілдері жатады, олармен жұмыс істеу машиналық тілге қарағанда жеңілірек болады. Оларды нақтылы командалаға арнайы сақтау әдістері қолданылды.

Үлкен көлемді жадылы, жылдам есептеуіш машиналардың пайда болуы, кодтау қиындықтарынын соншама өсіреді, олармен адамдардың жұмыс істеуі тиімсіз бола бастады.

Бір машинадан екінші екінші машинаға программаны қайта кодтау қажеттілігі кезінді алгоритмдердің көбінесе аударуға келмейтіні бақыланды, сондықтан нақтылы машиналарға аппараттық есеп жүргізуге қажеттілік туды.

Бөтен программалардың құрылу принципін түсіну жалпы тәжірибие мүмкін болмады. Машина тілінде жазылған программаларда, қажет емес ақпараттың есебінен құрылатын қателіктер түзілетін болған. Нәтижеде программаларды түрлі техникалық жөндеуге келмейтін естен тандыратын, түрлі қателіктермен толтырады, соның салдарынан оларды ашу мүмкін болмайды. Болашақ студент оның себебін іздеумен апталап отыратын болған, ал программа іс жүзінде дұрыс жазылған не себепті жұмыс істемейді.

Бұл қиыншылықтан шығудың жолы «жоғарғы деңгейлі» программалау тілдерін жазылуына себепші болды.

Үшінші кезең - тілдердің мең «көлемді» кезеңі. Ол1955 жылы Фортран (FORmula TRANslator - формулалар аудармашысы) тілінің пайда болуынан басталды. Бұл тілдің пайдаланылуы осы күнге дейін жалғасып келді.

1960 жылы АЛГОЛ (ALGOritmic Languare - алгоритмдік тіл) тілі пайда болды. Ол да ұзақ уақыт бойы программалаушылар шеңбеінде белгілі танымашылықпен пайдаланылды.

1965 жылы және қазір де көпке танымал БЕЙСИК программалау тілі жасалынды. (BASIC Beginners Allpurpose Instructions Code - тікелей аудармасы «үйренушілерге арналған көпмақсатты символдық нұсқаулар коды») . БЕЙСИК-тің таралуы дербес компьютерлерде кеңінен қалданыс тапты. Қазіргі кезде бұл тілдің бірнеше қуатты түрлері бар.

1970 жылы Никлаус Вирт PASCAL тілін жасады. Бұл тіл әсіресе қазіргі кездегі қолданыстағы түрі, жан-жақты жетілген құралдармен жабдықталған болып саналады.

1980 жылы қазіргі тілдердің ішіндегі қуаттылардың бірі болып саналатын ADA (Ада) программалау тілі жасалынды. Ол АҚШ қорғаныш министрлігінің есептеу орталықтарының негізгі тілі ретінде қабылданды.

Қазіргі кезде тағы да бір қуатты тіл -С (Си) программалау тілі кеңінен қолданылды.

Тілдердің төртінші кезеңі - бұл программалық жабдықтарды басқару тілдері және олады «программа генераторы» деп те атайды. Мысал үшін, Cliper, dBase, SuperCalk, . . . тілдерін аударуға болады.

Барлық аталған тілдер, ресми болып табылатын «бесінші кезең» тіліне қарама-қарсы процедуралық болып табылады. Бұл кезеннің негізгі тілдерінде - LISP тізімдері өңдеу тілі /ЛИСП/ және PROLOG - логикалық терминдерді программалау тілдері жатады /ПРОЛОГ/.

ЛИСП 1961 жылы (АҚШ-та, Мааачусетский университетінде), ал ПРОЛОГ 1973 жылы (Францияда, Люмини университетінде) жасалынды. Бұл тілдерде есептер шығарылғанда программалаушыға, оны ҚАЛАЙ істеу керек емес, НЕ істеу керек екенін жазуды ғана талап етеді. Ал қалғаны жүйе (ЛИПС және ПРОЛОГ) өзі жүзеге асырады.

Оылайша барлық программалау тілдерін үш деңгейге бөлуге болады: ТӨМЕНГІ деңгейлі программалау тіліне Ассемблер тілі, яғни бірінші және екінші кезең тілдері; ЖОҒАРҒЫ деңгейлі тілге - барлық процедуралық тілдер, яғни үшінші және төртінші кезең тілдері және ӨТЕ ЖОҒАРҒЫ деңгей тіліне - бесінші кезең тілдері жазылады.

Кез-келген программалау тілінде жазылған программа бар болғаны, қандай да бір редакторда жазылған мәтән болады. Жазылған программа мәтіні бойынша орындалатын әрекеттерді машина орындай алу үшін, ол мәтінді машина түсіне алатын тіл түріне, яғни машиналық кодқа немесе машиналық тілге ауыстыру қажет. Және бұл программалар шындығында аудармашы-программа болып табылады. Сондықтан мұндай Нақтылы аудармашы-программаларды ТРАНСЛЯТОРлар деп атайды. Ағылшынның «транслятор» сөзі «аудармашы» деген мағынаны береді. Трансляторлар өз кезеңінде ИНТЕРПРЕТАТОР және КОМПИЛЯТОР деп аталатын түрлерге бөлінеді. Орындалу екі түлі тәсілмен жүзеге асады. Біріншіден, программа мәтінін көре отырып тікелей орындауға жіберуге болады. Оны интерпретанция деп атайды. Басқа жағынан айтқанда балама тілде басқа түрін алуға болады, мысалы Машиналық код түрінде мүндай программаны орындауға болады. Бұл процесс компиляция деп аталады. Яғни, транциляторларды шет-ел тілінің аудармашылығымен салыстырсақ, онда интерпретаторларды синхрондық -аудармашыға ұқсатуға, ал копиляторларды-кітап аудармашыларымен салыстыруға болады.

2. Turbo Pascal жайлы жалпы мағұлматтар.

Turbo Pascal - жоғайлы деңгейлі программалау жүйесі. Оның тұңғыш нұсқасын 1970 жылы швецария физигі Никлаус Вирт ұсынған. Автор тілді алғашқы арифметикалық есептеу машинасын жасаған француздың ұлы ғылымы Блез Паскальдің құрметіне Паскаль деп атап, тіл атауын үнемі бас әріппен жазылуын сұраған.

Кейіннен тілдің көптеген нұсқаулары жарық көреді. Солардың ішінде, 1983 жылы Борланд корпорациясының талантты қызыметкері Андерсон Хейлсбергтің жасаған жаңа үлгісі - Turbo Pascal прогламмалаушылар арасында үлкен сұранысқа ие болады. Оның бұл нұсқасы CP/M операциялық жүйесіне негізделген. 1984 жылдың басында MS DOS жүйесіне ауыстырылғалы бері пайдалану қарқыны бұрынғыдан да арта түсті. Turbo Pascal-дің жоғарғы деңгейлі логикалық құрылымы әр түрлі есептерді дәл шешуге көмегін тигізді. Turbo Pascal жүйесінде қарапайым есептерді шешудің программасынан бастап, күрделі мәліметтер қорын құрудың сан қырлы жұмыстарды жүргізіледі.

3. Қолданылған программалар

3. 1Файлдар және оның түрлері.

Оыған дейін, біз мәліметтерді пернетақтадан енгізіп, олады экранға шығардық, программа жұмысы кезінде олар компьютердің оперативті жадында сақталатын да, есептелер біткеннен кейін бұл мәліметтер жоғалып кететін. Жұмыс нәтижесін келешекте пайдалана алу үшін, мысалы, оларды есептеуге пайдалану үшін немесе жаңа мәліметтерді алу үшін, оларды есте сақтап қалу керек. Осындай тәсілдердің бірі мынадай: нәтиже экранға шыққан соң қолға қаламсап және бір бет қағаз алып, бұл мәліметтерді жазып алу. «Дербес компьютерлер» дәуірінің басында оларды «үй тапсырмасы» деп атаған да, шын мәнінде солай болған. Қазіргі кездегі дебес компьютерлердің барлығы ақпаратты сақтауға арналған арнайы құрылғылырмен жабдықталған. Қызыметтеріне қарай оларды: магниттік ақпарат тасымалдаушылар немесе жазылатын СD-дискілер деп атайды. Ақпаратты сақтау осы тасымалдаушыларда ұйымдастырылады, бұл жағдайда біз алған нәтижелерді солардың жадында сақтаймыз. Барлық мәліметтер осы тасымалдаушыларда файлдар түрінде сақталады.

Файл дегеніміз - мәліметтерді сақтауға арналған сыртқы тасымалдаушыдағы жадының ат қойылған аймағы (бөлігі) .

File (ағылшын тілінен аударылғанды) бума, іс қағаздар жинағы, сонымен қатар ақпаратты сақтау деген мағынаны бідіреді.

Borland Paskal-да файлдарды екі негізгі белгісі бойынша топтастыруға болады:

а) файлдың типі бойынша ( оның логикалық құрылымына)

б) файл элементтеріне қатынау тәсілі бойынша.

Типтері бойынша файлдар шартты түде үш түрге бөлінеді:

  • мәтіндік файл;
  • типтік файл;
  • типтік емес файл.

Біз көбінесе мәтіндік және типтік файлдармен жұмыс

істейміз.

Қатынау тәсілі бойынша файлдар келесідей бөлінеді:

  • Тікелей қатынау файлдары
  • Кезекпен қатынау файлдары.

Олардың айырмашылығы тікелей қатынау файлдрында арнайы процедуралар және функцияларды пайдалана отырып, мәліметтерді, олардың файлдағы орнына тәуелсіз, оқуға немесе жазуға болады, ал кезекпен қатынау файлында оның ортасында немесе соңында тұрған мәліметті оқу үшін, оның алдындағы мәліметтердің барлығын оқуға тура келеді. Мәтіндік файлдар кезекпен қатынау файлдарына жатады, ал типтік файлдар тікелей қатынау файлдарына жатады.

3. 2Жазбалар және жазба типі.

Ақпараттық қамтуды біздер «Информатика» курсы бойынша сабақтарда оқып үйренгенбіз. Ал программалық қамтудың қалай жасалатынын біз PASCAL программалау тілін оқып үйренгенбіз. Ал қазіркомпьютерде деректердің қалай берілетінін қарыстырайық. Қысқаша мысал қарастырайық: Сіздің досыңыз сізден мектеп асханасынын бір стакан шырын сатыпалып беруді сұрады. Сіз мұны есіңізде сақтап қалдыңыз, демек өзіңіздің жадыңызға жазып алдыңыз. Компьютердегі барлық деректер жазба ретіндесақталады.

Жазба - сол немесе басқа объектті, не құбылысты сипаттайтын өзара логикалық байланысқан деректердің жиынтығы. Деректкрге байланысты жазба элементарлық (бөлінбейтін ) объект ретінде қарастырылады.

Егер сіздің досыңыз сізден шырынмен қоса пирог сатып әпер деген болса, сіз мұны да есіңізде сақтап, екі жазбадан тұратын тізім жасайсыз.

Файлдар туралы сұрақтарды талқылағанда айтылғандай, файл элементтері тер бір типті элементтер болып келеді. Олай болса әр түрлі типтегі элементтерді бір типке - жолдық типке айналдырып, мәтіндік файлдармен жұыс істеуіміз керек.

Мәліметтерді сақтай аламыз, бірақ болашақта бұл мәліметтермен жұмыс істеу жеткілікті қиындық туғызады.

Бұл қиыншылықтан шығу үшін мәліметтердің құрама типі қолданылады. Мәліметтердің бұл типі жазба деп аталады. Жазбалар әр түрлі типтегі элементтер жиынтығынан тұрады. Жазба элементтерін құраушыларды өріс деп атайды, да әрбір өрістің өзіндік атауы болады.

Жазбаны өңдеу элементтері объекті түрінде шығады. Мұндай объект типі - record (жазба) деп аталады. Олай болса, мәліметтердің типтеріне байланысты шектеулер алынып тасталады.

Жазбаларды сипаттау үшін, оның атауы, берілген өрісте сақтаратын мәліметтің атауы және типі көрсетілуі керек. Жазбалардың жалпы түрде сипатталуы көрсетілгендей:

Type <жазба атауы>=Record

<1 өріс>:<1 тип>;

<2 өріс>:<2 тип>;

. . .

<n өріс>:<n тип>;

end;

3. 3Жолдар .

Айтып өткеніміздей, программаға мәліметтеренгізу үшін олардың типтерін (осы мәліметтерді сақтауға бөлінген жады көлемін анықтау үшін) және осы мәліметтердің программада сақталатын атауын (идинфикаторын) анықтау керек.

Айталық, бізге пернетақтадан жолдық қатарды енгізіп, оны компилятор экранына шығару керек болсын.

Жол - алфавиттер мен бос орын (прорбел) белгісінен тұратын қандай да белгілі тізбегі.

Жолдық типті мәліметттерді сақтауға жадыдан орын бөлу үшін, біріншіден, осы жолды сақтайтын жады бөлігіне ат беру қажет, екіншіден, «жол» типін көрсету. Бұрын да айтқанымыздай, шамаларға мағыналы атау бергеніңіз дұрыс. Сондықтан атау ретінде «Jol» атын алайық. Егер бізге қандай символдар қатарын енгізетініміз белгісіз болса, онда оны айнымалы ретінде сипаттауымыз керек.

Var

Jol:String;

«Jol» айнымалысына жадыдан 255 символға дейін сақтау үшін орын беріледі. Яғни енгізу кезінде символдар саны 0 ден 255-ке дейін бола алады. Ал жадыдан бөлінген орын 256 байтты құрайды.

Егер программада қолданылатын симводар тұрақты және жұмыс барысында өзгермейтін болса, онда оны тұрақты өлшеммен сипаттауға болады:

Const

Jol=’Jol’;

Бұл жағдайда тұрақты өлшемнің атауы да «Jol» және мәнінде де ’’Jol’’. Оларды қалай ажыратуға болады? Жолдық айнымалылардың мәні жалғыз тырнақшаға (’’) алынады, ал атауы тырнақшасыз жазылады.

3. 4 Процедуралар.

Біздің операцияларымыз - орындайтын әрекеттерді сипаттау үшін процедура түсінігін қолданамыз.

Жоғарыда айтқанымыздай, кез-келген тапсырма, осы тапсырмаларға қарағанда қарпайым есептерді шешу арқылы орындалады. Сонымен қатар, кез-келген есеп, бір жалпы (үлкен ) есептің бөлігі болуы да мүмкін. Мысалы «шай әзірлеу» тапсырмасын алсақ, біз оны үш ішкі бөлікке бөлдік. Бірақ «шай әзірлеу» тапсырмасының өзі «таңғы асты әзірлеу» тапсырмысының бір бөлігі болу мүмкін. Осы мысалды қолдана отырып, процедура деген түсінік, негізгі есебтің бір бөлігін орындауға арналған ішкі программа екенін анықтаймыз.

Процедура (ішкі программа) - ішкі әрекеттерді жүзеге асыратын программаның бір бөлігі.

Paskal тілінде процедура құрылымы келесідей болады:

Procedure Аты (формальді параметрлер тізімі) ;

{таңбаларды,

тұрақтыларды,

типтерді,

айнымалыларды,

процедураларды сипаттау блогы}

begin

{процедура денесі}

end;

Байқасаңыз программа құрылымы мен процедуралар өзара ұөсас болып келеді. Процедураны сипаттау Procedure түйінді (қызыметші) сөзінен басталып, бос орынан (пробел) кейін процедура атауы (идинфикаторы) жазылады. Содан кейін дөңгелек жақшаға алынған формальді параметрлер жазылып, соңынан үтірлі нүкте қойылады.

Содан соң жергілікті (локальный) таңбалары, тұрақтыларды, айнымалыларды, типтерді, процедураларды және функцияларды сипаттау блогы жазылады. Ал осы айтылғандардың барлығы программаның аналогты блогында мда бар, бірақ басты айырмашылығы бұл блогта сипатталғандар жергілікті (локальный) болып табылады, яғни, олардың әрекеті берілген процедурада ғана орындалады.

Келесі кезекте Begin түйінді сөзінен кейін процедура опраторларының мәтіні орналасады. Ол үтірлі нүктесі бар end сөзімен аяқталады. Программа денесін процедураға қатынасу берілген процедураның атына байланысты жүзеге асады.

Айтылғандар бойынша біздің программаның түрі келесідей болады:

Program misal;

Procedure Init ;

Begin

end;

Procedure Work ;

Begin

end;

Procedure Ext ;

Begin

end;

Begin

Init ; {мәліметтерді енгізу операциясы }

Work ; {мәліметтерді өңдеу операциясы}

Ext ; {нәтижелерді шығару операциясы}

End.

Программаны орындауға жібереміз. Ол үшін басты меню параметрлерін немесе пернелер комбинациясын пайдаланамыз. Бір қарағанда ештеңе өзгерген жоқ, дегенмен, компилятор орындалу файлын құрды, оны орындауға жіберді және ол біз берген әрекеттерді орындады да, өз жұмысын тоқтатты. Осылайша, біз толық, жұмысқа жарамды программа жасадық. Әрине ол әзірше ештеңе істемейді, бірақ болашақта осы программаны негізге ала отырып, түрледіру арқылы қажетті программа жасаймыз.

3. 5 Функциялар

Функция деп - жұмыс нәтижесінде бір ғана мәнді анықтайтын оператор тізбегін айтамыз. Функцияның сипаттамасы немесе оның тақырыбы Function (функция) едп аталатын түйінді сөз бен кейін жақша ішінде формальды параметрлер деп аталатын аргументтер мен солардың типтерінен тұрады. Тақырыптың соңында нәтиженің типі, яғни функцияның мәнінің түрі көрсетіледі.

Одан кейінгі келесі қатарлар, барлық программалардағы сияқты белгі таңбаларының анықтамаларынан, тұрақтылардан және айнымалыларды сипаттаудан тұрады. Функцияның негізгі қызметін BEGIN және END сөздерінің арасында орналасқан операторлар атқарады да, ең соңында «; » қойылады.

Біздің айтып өткеніміздей кез-келген есепті шешу барысында, оны шешу жолында, қарпайым есептерді шешу тәсілдеріне, яғни құрылымдылық тәсілге қайта оралуымызды қажет етеді.

Осы тәсілді қолданып, біз негізгі есептің (программаның) ішіндегі ішкі есептерді орындауды баяндайтын, ішкі программаларды сипаттайтын процедура ұғымына анықтама бердік. Жолдық айнымаллармен орындалатын әрекеттерді қарастырғанда біздер, стандартты процедуралармен және функциялармен танысқанбыз. Фукциялар да, процедуралар сияқты есепті ішкі есептерге (бөліктерге) жіктейді. Төменде функцияларды Pascal тілінде жазу құрылымы келтілілген:

Function Имя (формальді патаметрлер тізімі) :

Нәтиженің типі;

{таңбалар,

тұрақтылар,

типтер,

айнымалылар,

процедуралар,

функцияларды сипаттау бөлімі}

begin

{функция денесі, нәтиже мәні жазылатын функция атына

міншіктелетін, ең болмағанда бір оператор жазылуы тиіс}

end;

Мынаған назар аударыңыз, функциялардың құрылымы және процедуралар өзара өте ұқсас. Функцияны сипатау Function қызыметші сөзінен басталып бос орын арқылы функция атауы (идинфикатор), жақшаға алынған формальды параметрлер тізімі жазылады. Функция тақырыбы, соңына нүктелі үтір қойылған қабылдайтын мәтіннің типімен аяқталады. Функцияларда қабылдайтын типімен аяқталады. Функцияларда қабылдайтын мәнді көрсету, оның нақтылы мәндерді қабылдайтынына байланысты. Length (s:string) функциясын қоддануды еске түсіріп көрелікші, бұл функцияның мәні S жолдық айнымалысының ұзындығына тең.

Содан кейін таңбалар, тұрақтылар, типтер, айнымалылар, процедуралар және функцияларды сипаттау бөлімі жазылады. Негізгі программаның сипаттау бөлімімен бұл бөлімнің айырмашылығы, оның әрекеті берілген функция ауқымында ғана бола алады және оларды жергілікті (локальный) деп те атайды.

Осыдан кейін begin қызыметші сөзінен кейін функцияның операторлары мәтіні жазылады. Оператор мәтіні end сөзімен аяқталып, соңынан нүктелі үтір қойылады. Функцияларды шақыру (орындау), оның негізгі (шын, фактическии) параметрі көрсетілген, берілген функцияның атауын көрсету арқылы жүзеге асырылады.

3. 6. Қосалқы программа.

Программалау барысында белгілі бір мақсатты шешу үшін керекті операторлар тізбегін программаның ішінде өзгертпестен бірнеше рет қолдануға тура келеді. Мұндай жағдайда программистің жұмысын жеңілдету үшін бірінші рет 1957 жылы М. Уилкс қосалқы программа тұжырымдамасын ұсынды. Содан бері қосалқы программа ұғымы барлық программалау тілдерінде кеңінен қолданылып келеді. Қосалқы программа деп негізгі программаның кез келген жерінен қанша қажет болса да шақыруға болатын логикалық аяқталған операторлар жиынын айтады . Turbo Pascal программалау тілінде қосалқы программаларды құру үшін процедуралар мен функциялар қолданылады.

4. Есептердің қойылымы.

4. 1 ТАҚЫРЫП: FILE.

10 Вариант

Eсептің берілуі:

Келесі кілттер арқылы: мерзімі, соттық тексеріс затына, фирма даугер аты бойынша, фирма-жауапшы бойынша жазба массивтін элементтерінің өрісіне арналған мәндерін шығаруын ескеру.

Сұраныстар: Қай жылы дискриминацияға байланысты істердің саны ең жоғарғы болғанын анықтау.

Есептің блок схемасы:

иә

жоқ

иә

жоқ

жоқ

иә

Программаның листінгі:

1 Program Maksat;

2 uses crt;

3 const n=3;

4 type

5 Sot=record

6 sebep:string;

7 data:record

8 day:integer;

9 month:integer;

10 year:integer;

11 end;

12 dauger:record

13 tel:string;

14 at:string;

15 jauapshy:record

16 tel:string;

17 at:string;

18 end;

19 end;

20 end;

21 var

22 a:array[1. . n] of sot;

23 i, t, max, j, s, k:integer; p:string;

24 x, y:array[1. . n] of integer;

25 begin

26 clrscr; max:=1;

27 for i:=1 to n do

28 with a[i] do

29 begin

30 writeln(i, 'Sot isi') ;

31 write('Sot tekserisinin sebebi=') ; readln(sebep) ;

32 with data, dauger, jauapshy do

33 begin

34 writeln(i, ' data') ;

35 write('kuni=') ; readln(day) ;

36 write('ayi=') ; readln(month) ;

37 write('jili=') ; readln(year) ;

38 writeln(i, ' dauger') ;

39 write('telefon nomeri=') ; readln(tel) ;

40 write('firmanin ati=') ; readln(at) ;

41 writeln(i, ' jauapshy') ;

42 write('telefon nomeri=') ; readln(tel) ;

43 write('firmanin ati=') ; readln(at) ;

44 end;

45 end;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Turbo Pascal жүйесінде файлдармен жұмысты ұйымдастыру технологиясы
Turbo Pascal тілі туралы
Turbo Pascal тілінде циклдармен жұмыс
Turbo Pascal жүйесінде массивтерді ұйымдастыру технологиясы
Turbo Pascal программалау тілі туралы түсінік
Құрылымдық модульдік программалау
Turbo Pascal жүйесінде жолдарды ұйымдастыру технологиясы
Turbo Pascal тілінде программа дайындау жолдары
Турбо Паскаль жүйесінде қосалқы программаларды ұйымдастыру технологиясы туралы
Турбо Паскаль жүйесінде қосалқы программаларды ұйымдастыру технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz