Айыпталушының қорғануға құқығын қамтамасыз ету


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Заң факультеті

Сот билігі және қылмыстық іс жүргізу кафедрасы

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Айыпталушының қорғануға құқығын қамтамасыз ету

Орындаған 3 курс студенті Ермаханова Г. Б.

Ғылыми жетекшісі, з. ғ. д.

профессор Алауханов Е. О.

Норма бақылаушы,

з. ғ. д, доцент Шарипов Ш. М.

Кафедра меңгерушісінің

з. ғ. д., проф. Алауханов Е. О.

рұқсатымен қорғауға жіберілді

Алматы, 2010

РЕФЕРАТ

Түйін сөздер. Диплом жұмысында келесідей түйін сөздер кездседі: Қылмыстық іс жүргізу кезіндегі айыпталушының алдын ала тергеу сатысында іс жүргізу кезіндегі жағдайы; Айыпталушының қорғаушымен қамтамасыз ету құқығы; Айыпталушыны алдын ала тергеу кезінде қорғауды адвокаттың жүзеге асыруы; және т. б.

Жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс реферат, глоссарий, кіріспе, екі бөлім, алты бөлімшеден, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

Көлемі. Жұмыстың көлемі 54 бет.

Диплом жұмысын жазуда тақырыпты таңдауға бірнеше себептер тоқтату салды. «Айыпталушының қорғануға құқығын қамтамасызм ету» тақырыбын таңдау қазіргі кездегі айыпталушылардың құқықтық жағдайларының күрт бұзылуы және оларға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқанкөмек ерекше орын алып отыр.

Жұмыс мазмұны “Қылмыстық іс жүргізудегі «айыпталушы» ұғымы және оның алдын ала тергеу сатысында іс жүргізу кезіндегі жағдайы”, “Айыпталушының қорғаушымен қамтамасыз ету құқығы”, “Айыпталушының қорғануға құқығын қамтамасыз ету (құқықтық және психологиялық аспектілер) ”, “Айыпталушыны алдын ала тергеу кезінде қорғауды адвокаттың жүзеге асыруы”, “Қорғаушы мен айыпталушы қорғауды жүзеге асыру барысында өзара қатынасы және қорғаушының қылмыстық іс бойынша позиция қалыптастыруы”-деген тақырыптардан тұрады.

Жұмыстың мақсаты мен міндеті. Бұл зерттеуді жүргізудегі айыпталушының қорғану құқығын қамтамасыз ету құқықтық институтын зерттеу және соның нәтижесінде осы институтты жетілдіруге және аталған тұлғаларды қорғауда пайдаланатын құралдар мен тәсілдерді жетілдіруге бағытталған ғылыми негізі бар ұсыныстар даярлау мақсаты қойылған.

Зерттеу жұмысының мақсатына жету үшін келесідегідей міндеттерді орындау қажет:

  • адвокат-қорғаушының қылмыстық іс жүргізудегі құқықтық мәртебесін зерделеу;
  • айыпталушының құқықытарын, бостандықтарын және мүдделерін қорғаудағы адвокат-қорғаушының атқаратын рөлін анықтау;
  • адвокат-қорғаушының қылмыстық іс жүргізудегі айыпталушының құқықытарын, бостандықтарын және мүдделерін қоғауға бағыталған қызметін арттыруға бағытталған ұсыныстар даярлау;
  • қорғаушы мен қорғалушы арасындағы өзара қатынастарының құқықтық сипатын анықтау.

Зерттеу объектісі және пәні. Адвокат-қорғаушының айыпталушыға білікті заң көмегін көрсету барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар, зерттеудің объектісі болып табылады, қылмыстық іс жүргізу нормаларының жиынтығы зерттеудің пәні болады.

ГЛОССАРИЙ

1. Адвокат - адвокаттар алқасының мүшесі. Жоғары заң білімі, екі жылдан кем емес заң мамандығы бойынша жұмыс өтілі бар және адвокаттық қызметті жүеге асыру құқығына лицензия алған адам.

2. Айыптау үкімі - қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамға айыптау шарасын тағайындайтын және айыптау тұжырымдамасы жазылған сот актісі.

3. Аралық сот - жоғары сыныпта заңгер-кәсіпкерлер құратын сенім соты. Мемлекеттен және кәсіпкерлік құрылымнан толық тәуелсіз орган. Екі немесе бірнеше шаруашылқ субьектілері арасында дау туындағанда, аралық сотқа жүгіну пайда болады.

4. Карцер - бекітілген тәртіпте қасақана жол берген адамды, қамауда ұстауға арналған бір орындық қапас.

Кассация; шағым - 1. Тәртіпке сәйкес, заңды күшіне енбеген сот шешіміне, үкіміне жоғары тұрған сотта шағым беру және наразылық білдіру.

2. Іске қосымша ұсынылған материалдар бойынша, заңды күшіне енбеген сот шешімі мен үкімнің заңдылығын мен негізділігін жоғары тұрған соттың тексеруі.

3. Төменгі сатыдағы соттың заңдарды немесе сотта іс жүргізу тәртібін бұзу себебі бойынша, жоғары тұрған соттың, төменгі сатыдағы сот шешімін қайта қарауы, күшін жоюы.

5. Қлмыс санаттары - қылмыстық кодексте көзделген әрекеттер, сипатына және қоғамдық қауіптілік дәрежесіне қарай онша ауыр емес қылмыстарға, ауырлығы орташа қылмыстарға, ауыр қылмыстарға және ерекше ауыр қылмыстарға бөлінеді.

6. Кодекс - 1. Өзіне дейін әрекет еткен заңнаманы (мысалы, азаматтық кодекс, қылмыстық кодекс және т. б. ) қайта қарау негізінде, әлдебір құқық саласының нормалары жазылған бірыңғай жүйелендірілген заңнамалық акт.

2. Тәртіп, норма, сенімдердің (мысалы, моральдық кодекс, шахмат кодексі) жиынтығы.

7. Құрбанның арандатуы - жекелеген адамдардың түткі болуымен ақыр соңы ауыр зардаптарға апарып соғатын әрекеттерге душар ететін айдап салушылық. Жәбірленуші тарапынан болған буырқанған мінез-құлқымен қылмыстық қол сұғушылыққа жағдай жасау түрі.

8. Сезікті - қылмыстық іс жүргізуде- тергеуші, анықтаушы қылмыс жасады деп күмән келтіргендігін хабарлап, соған байланысты ҚР ҚІЖК-інде белгіленген негіздерде және тәртіппен өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалған не ұстау жүзеге асырылған, не айып тағылғанға дейін жолын кесу шарасы қолданылған адам.

9. Этнократия - ұжымдық құқық пен ұлттық мүдделердің, жеке құқықтар мен адамдар мүддесінен озықтылығы, үстемдікпен ықпал ету.

10. Этикет - тәрбиелеумен сіңірілген әдет, дағды. Тұрақтанған, өзін-өзі ұстаудың қабылданған тәртібі. Қатынаса білу пішімі (мысалы, дипломатиялық этикет, сарй ішкі этикеті, сөйлеу этикеті) .

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 5-7

1 АЙЫПТАЛУШЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ

ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ 8-22

  1. Қылмыстық іс жүргізудегі «айыпталушы» ұғымы және оның

алдын ала тергеу сатысында іс жүргізу кезіндегі жағдайы

  1. Айыпталушының қорғаушымен қамтамасыз ету құқығы

2 АЙЫПТАЛУШЫНЫ АЛДЫН АЛА ТЕРГЕУ САТЫСЫНДА

ҚОРҒАУ 23-47

2. 1 Айыпталушының қорғануға құқығын қамтамасыз ету (құқықтық

және психологиялық аспектілер)

  1. Айыпталушыны алдын ала тергеу кезінде қорғауды адвокаттың

жүзеге асыруы

  1. Қорғаушы мен айыпталушы қорғауды жүзеге асыру барысында өзара

қатынасы және қорғаушының қылмыстық іс бойынша позиция

қалыптастыруы

Қорытынды 48-51

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 52-53

ҚОСЫМША 54-55

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл дипломдық жұмыста айыпталушының Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізудегі құқықтық мәртебесі (олардың құқықтыры мен мүдделерін қорғауға құқығы және т. б. ) және аталған субъектінің құқықтыры мен мүдделерін қамтамасыз етудегі адвокат-қорғаушының рөлі зерттелінген.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет орнату үшін азаматтардың құқықтарына, бостандығына және заңды мүдделеріне кепілдіктерді күшейту керек. Айыпталушының қорғану құқығын қамтамасыз ету және тараптардың бәсекелестігі және тең құқықылығы қағидасын дамыту қылмыстық іс жүргізудің барлық сатыларында күшті кәсіби қорғаудың болуын талап етеді. Қазіргі кезде адвокат-қорғаушының қылмыстық іс жүргізуге қатысу мүмкіндігі көбейді.

Бұл зерттеу жұмысындағы адвокат-қорғаушы мен қорғалушы арасындағы өзара қатынастарды зерделеудің маңыздылығы сонда, біз айыпталушының құқықтары мен заңды мүдделерін ойдағыдай қорғаудың адвокаттың қорғалушымен психологиялық байланыс орнатып, өзара әрекеттің дұрыс стратегиясын таңдай алу қабілетіне, қылмыстық іс бойынша ортақ позиция ұстанып, оны іске асыруда мақсатты әрекеттер істей алу шеберлігіне байланысты екендігін дәлелдейміз.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Зерттеу кезінде С. Л. Ария, К. К. Арсеньев, М. О. Баев, Б. Т. Безлепкин, А. Д. Бойков, Е. В. Васьковский, Д. П. Ватман, Л. В. Владимиров, А. А Власов, Е. П. Данилов, Н. И. Капинус, Е. Г. Тарло, Н. М. Кипнис, А. Ф. Кони, В. Л. Кудрявцев, В. Ю. Львова, П. А. Лупинская, Е. А. Матвиенко, В. В. Мельник, Г. М. Резник, В. П. Рыжаков, А. Ф. Романенков, И. Д. Перлов, И. Л. Петрухин, Н. Н. Полянский, Е. В. Семеняко, Б. Саломов, И. Л. Трунов және тағы басқа революцияға дейінгі, Кеңестік кезеңдегі және бүгінгі Ресей ғалымдарымен зерттелінген.

Қазақстанда мұндай тақырып А. Н. Ахпанов, Е. О. Алауханов, К. Беков,
Л. Ш. Берсүгірова, Т. К. Биятов, М. А. Джанабаев, А. А. Исаев, К. Ж. Капсалямов, М. Ч. Қоғамов, Д. Н. Канафин, Ш. К. Құсайынов, Е. Я. Лопушной, С. С. Молдабаев, Г. М. Нам, К. И. Нұржаубаева, А. С. Нұралиева, С. Д. Оспанов, Т. Е. Сәрсенбаев, Б. Х. Төлеубекова, А. К. Түгел, А. Ж. Тукеев, С. Т. Тыныбеков, Ш. М. Шарипов, Б. К. Шынарбаев, Р. Н. Юрченко және тағы басқа ғалымдардың еңбегінен көрініс тапқан.

Зерттеудің мақсаты мен міндеті. Бұл зерттеуді жүргізудегі айыпталушының қорғану құқығын қамтамасыз ету құқықтық институтын зерттеу және соның нәтижесінде осы институтты жетілдіруге және аталған тұлғаларды қорғауда пайдаланатын құралдар мен тәсілдерді жетілдіруге бағытталған ғылыми негізі бар ұсыныстар даярлау мақсаты қойылған.

Зерттеу жұмысының мақсатына жету үшін келесідегідей міндеттерді орындау қажет:

  • адвокат-қорғаушының қылмыстық іс жүргізудегі құқықтық мәртебесін зерделеу;
  • айыпталушының құқықытарын, бостандықтарын және мүдделерін қорғаудағы адвокат-қорғаушының атқаратын рөлін анықтау;
  • адвокат-қорғаушының қылмыстық іс жүргізудегі айыпталушының құқықытарын, бостандықтарын және мүдделерін қоғауға бағыталған қызметін арттыруға бағытталған ұсыныстар даярлау;
  • айыпталушының құқықтық мәртебелерін зерделеу;
  • қорғаушы мен қорғалушы арасындағы өзара қатынастарының құқықтық сипатын анықтау.

Зерттеу объектісі және пәні. Адвокат-қорғаушының айыпталушыға білікті заң көмегін көрсету барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар, зерттеудің объектісі болып табылады.

Айыпталушының қорғану құқығын қамтамасыз ету жөніндегі қылмыстық іс жүргізу қызметінің мәні мен мазмұны және де айыпталушыны қорғау жөніндегі адвокат-қорғаушының қылмыстық іс жүргізу қызметінің мәні мен мазмұны, сол қызметті реттейтін конституциялық және қылмыстық іс жүргізу нормаларының жиынтығы зерттеудің пәні болады.

Зерттеудің әдістемелік негіздерін танымның қазіргі әдістері, оның ішінде жалпы ғылыми да (диалектикалық, жүйелік-құрылымдық, институционалдық өлшеу, құрылымдық-функционалдық, социологиялық және т. б. ), арнайы да (тарихи-заңдық, формальды-заңдық) әдістер зерттеудің методологиялық негізін құрады.

Автор жүйелік тәсілдің, сондай-ақ талдау мен синтездің, индукция мен дедукция, статистикалық және салыстырмалы-құқықтық әдістердің мүмкіндігіне сүйенді. Зерттеудің эмпирикалық негізін құраған материалдарды зерделеу үшін автор талдау, сұрау және сараптық баға беру түріндегі нақты-социологиялық әдістерді пайдаланды.

Зерттеудің нормативтік базасын Халықаралық-құқықтық актілер, Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдары, ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары, сонымен қатар бірқатар шет елдердің (АҚШ, Англия, Италия және т. б. ) заңдары құрады.

Зерттеудің ғылыми жаңалығына осы проблеманы зерттеудегі тәсілдің өзін жатқызуға болады. Айыпталушының қорғану құқығын қамтамасыз ету проблемасының ғылыми негізінде адам құқығының, бостандығының және заңды мүдделерінің басымдығы, әлеуметтік маңыздылығы мен құндылығы, олардың мемлекеттік және қоғамдық құндылықтармен арақатынасы жатыр, бұлар Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан.

Дипломдық жұмыста адвокат-қорғаушы мен айыпталушы арасындағы өзара қатынасты, олардың әрқайсысының іс жүргізудегі жағдайына және оларға берілген құқықтар мен міндеттерге сүйеніп, соттағы қылмыстық іс жүргізуге қатысушы бұл адамдардың психологиялық ерекшеліктері мен күйін ескеріп, қылмыстық іс жүргізу тұрғысынан зерттеуге талпыныс жасалды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы қорғауға шығарылатын мынадай негізгі тұжырымдардан нақты көрініс тапқан:

1. Қылмыстық қудалау органдарының (осы органдарының лауазымды тұлғаларының) кінәсімен ақтау дәлелдемелерді жинау барысында қылмыстық іс жүргізу заңнамасының талаптары бұзылған жағдайда, қорғаушы жақ мұндай дәлелдемелерді пайдалана алмайды («дәлелдемелер ретінде рұқсат ету ережелерінің асиметрияланғаны»), себебі, заң талаптары бұзылып алынған дәлелдемелердің заңи күші болмайды, бұл жағдайда процесуалды нысан бұзылады, ал ҚІЖК 116 бабына сәйкес ондай деректер дәлелдемелер ретінде рұқсат етілмейді.

2. Қылмыстық іс жүргізудегі тараптардың бәсекелестігі мен тең құқықтылығы қағидасы бұзылмас үшін және айыпталушы мен айыпталушының құқықтырынын шектелуіне және бұзылуына жол бермес үшін ҚІЖК 102 баптың 4 бөлімінің редакциясын, қазіргісінен, келесідегідейге өзгерту керек:

«Өтініш мәлімделгеннен кейін, оның қабылдануы, қаралуы және тікелей шешілуі міндетті болып табылады»

3. Қылмыстық іс жүргізуде адвокат-қорғаушы дәлелдемелерді жинау субъектісіне жатпайды. Адвокат-қорғаушының жинаған материалдар, тек қылмыстық іс жүргізу органдарынын лауазымды тұлғаларының тиісті бағасын алғаннан кейін ғана дәлелдемелер бола алады. Яғни, ол материалдар тергеушімен, анықтаушымен, прокурормен іс бойынша маңызы бар мән-жайларды анықтау үшін пайдасы бар деп танылса, онда аталған лауазымды тұлғалар, адвокат-қорғаушымен жиналған материалдарды қылмыстық іске дәлелдемелер ретінде қосу туралы қаулы шығарулары тиіс.

4. Алдын-ала тергеу біткеннен кейін адвокат-қорғаушы өзінің қорғау қорытындысын дайындау керектігін ұсынамыз. Қорғау қорытындыснда адвокат-қорғаушының, қылмыстық іс бойынша айыпталушыні, айыпталушыны және сотталушыны қорғауға бағытталған барлық материалдар бекітілуі тиіс.

5. Айыпталушының мүліктік жағынан дәрменсіздігі себебімен, адвокат жалдауға мүмкіншілгі болмаған жағдайда, тергеуші, анықтаушы, прокурор, оларға адвокатты тағайындайды (әрине, егер де заң бойынша адвокаттын қатысуы міндетті болса (ҚІЖК 71 бабы) ) . Біз айыпталушынің, айыпталушының, сотталушының от басының орта жан басына шаққандығы, адвокаттың тағайындалғанға дейін соңғы үш айдын табысы туралы анықтамамен қылмыстық істі тергеу барысында расталуы тиіс - деп есептйміз. Бұл шара тағайындалған адвокаттардың еңбек ақысын мемлекет есебіннен негізсіз төленгеніне жол бермеді.

6. Қылмыстық іс жүргізуге тағайындау тәртібімен қатысатын адвокат-қорғаушылардың тәжірибесінде, өз еңбектеріне алуға тиіс ақысын уақытылы алу үшін, біз ондай адвокатардың еңбек ақысын арнайы қорларда жиналатын қаражаттан жүзеге асыру керектігін ұсынамыз.

Дипломдық жұмыстың құрылымы мазмұнынан, кіріспеден, үш бөлімнен, бес бөлімшеден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады.

1 АЙЫПТАЛУШЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ

1. 1 Қылмыстық іс жүргізудегі «айыпталушы» ұғымы және оның алдын ала тергеу сатысында іс жүргізу кезіндегі жағдайы

Қазақстанда адвокатура саласы бойынша ғылыми еңбектер өте аз. Олар: E. O. Алауханов, Б. Х. Төлеубекова, Л. Ш. Берсугурова, Е. И. Каиржанов, М. Ч. Қоғамов, С. Д. Оспанов, Т. Е. Сәрсенбаев, С. Т. Тыныбеков және басқалары қылмыстық іс жүргізу оқулықтары республика ғылымында негізгі орын алады.

Қылмысты тергеу процесінде тергеуші күдік тудыратын көптеген адамдарға қатысты болжамдарды тексереді, бірақ олардың қылмыстық іс бойынша айыпталушы деп санасақ, ол тергеу процесін күрделендіреді, дәлелсіз қылмыстық жауапқа тартылғандардың құқықтарының бұзылуына алып келеді.

Л. М. Карнееваның пікірінше, адамға қатысты оны айыпталушы деп тануға негіз болатындай мәліметтер жинақталып, бірақ олар адамды айыпталушы деп тануға жеткіліксіз болса, онда ол айыпталушы болып қалады және оның істегі бұл жағдайы мына құжаттардан көрініс табады:

- нақты адамға қарсы қылмыстық іс қозғау туралы қаулыда;

- айып тағылғанға дейін айыпталушыға қатысты бұлтартпау шарасын таңдау туралы қаулыда (ҚІЖК-нің 142-бабы) ;

- айыпталушыны ұстау хаттамасында;

- тергеудегі қылмысқа байланысты оның жеке өмірінен деректер алу мақсатында айыпталушыға сұрақтар қойылғандығы көрінетін хаттамада [1, 26-б. ] .

Қылмыс жасады деп күдік тудырғанмен, ешқандай іс жүргізу әрекеттерін жасауға алып келмеген, тергеушінің күдігі өзіне кейін мәлім болған адамға ешқандай зардап болмайды, ол қылмыстық іс бойынша айыпталушы деп танылмайды [2, 65-б. ] .

Автордың ойынша, болжамдағы айыпкер айыпталушы деп танылу үшін тергеуші оны процеске тартып, оған қатысты айыпталушы айтуы керек, ал процеске тарту дегеніміз адамды ұстап, айып тағылғанға дейін оған бұлтартпау шарасын қолдану ғана емес, оның мүлкіне тыйым салу, салыстырмалы зерттеу жүргізу үшін одан үлгі алу, оның кім екендігін анықтау, оның пәтерін тінту, сот-медицина сараптамасына жіберу, айыпталушы ретінде шақыртып алып жауап алу.

Бірақ кейбіреулер айыпталушы ұғымына кең түсініктеме бергенге қарсы, себебі одан көптеген азаматтардың құқықтарының бұзылуы және олар жеткілікті дәлел болмаса да айыпталушылар қатарына ілінуі мүмкін [3, 43-б. ] .

М. С. Строговичтің пікірінше, «айыпталушы ретінде іске тартылмаған, бірақ сол адамның қылмыс жасағандығын көрсететін, бірақ оны іске айыпталушы ретінде тартуға жеткіліксіз бірқатар деректер болғандықтан істі тергеу кезінде оған қатысты белгілі бір іс жүргізу шаралары қолданылатын айыпталушы деп танылады» [4, 11-б. ] .

Қазіргі қолданыстағы заң да айыпталушы ұғымына кең түсініктеме беру жолына түспеген.

ҚР ҚІЖК-нің 68-бабына сәйкес «тергеуші, анықтаушы қылмыс жасады деп күмән келтірілгендігін хабарлап, соған байланысты осы Кодексте белгіленген негіздерде және тәртіппен өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалған не ұстау жүзеге асырылған, не айып тағылғанға дейін жолын кесу шарасы қолданылған адам айыпталушы болып танылады».

Қылмыстық іс жүргізуге қатысушы ретінде айыпталушыні дұрыс анықтаудың практикалық маңызы зор.

Бір жағынан, тергеушіде нақты қылмысты істеген осы-ау деп күдіктенетін адаммен тікелей жұмыс істеп, тергеу амалдарын жүргізуге мүмкіндігі болады, яғни сол кезден бастап қылмыстық қудалау басталады - «тергеуші мен прокурор белгілі бір адамның қылмыс жасағаны туралы тұжырымды жасайды, негіздейді және қорғайды» [5, 67-б. ] .

Екінші жағынан, қылмыстық істе өз мүдделерін қорғауы үшін белгілі бір құқық берілген негізгі қатысушылардың бірі пайда болады, себебі қылмыстық қудалау басталған бойда құқық қорғау органдары қылмыстық сот ісін жүргізуге тартқан адамның қорғану құқығы туындайды.

Айыпталушының пайда болуының негізінде, бірінші кезекте, нақты адамның қылмыс жасағандығы туралы болжам жатыр.

Бірақ тергеушіде туындаған күдік адамды қылмыстық іс бойынша айыпталушы деп тануға ешқандай заңдық негіз бермеді және ол болжам сол адамға қатысты мәжбүрлеу шараларында көрініс таппайынша, айыпталушыға ешқандай құқықтық салдар әкелмейді.

Бұрын аталып өткендей, заң бойынша ондай салдарларға қылмыс жасады деген күдікпен қылмыстық іс қозғау, қылмыс жасады деген күдікпен адамды ұстау және айып тағылғанға дейін бұлтартпау шарасын қолдану жатады (ҚІЖК-нің 68-бабы) [6, 63-64-бб. ] .

Қылмыстық істе айыпталушының пайда болуының бірінші жағдайы - нақты адамға қатысты қылмыстық істің қозғалуы, адамның айыпталушы ретінде ұсталуы, ол мынадай жағдайларда ғана орын алады:

  1. белгілі бір адамның қылмыс жасағаны туралы күдік;
  2. бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жаза тағайындалуы мүмкін қылмыстың белгілері.

Айыпталушының өзі жасалған қылмыстың субъектісі болуы мүмкін-ау деген адамға сілтейтін тексерілген деректерге негізделуі тиіс.

Сондықтан да айыпталушы ретінде ұстау үшін ҚР ҚІЖК-нің 132-бабында көрсетілген мына негіздердің кемінде біреуі болуға тиіс:

  1. ол адам қылмыс жасау кезінде немесе тікелей оны жасағаннан кейін ұсталғанда;
  2. көрген адамдар, оның ішінде жәбірленушілер қылмыс жасаушы ретінде ол адамды тура көрсетсе не ол адам осы Кодекстің 133-бабында көзделген тәртіппен ұсталса;
  3. ол адамда немесе оның киімінде, өзінде немесе оның тұратын үйінде қылмыстың анық ізі табылған кезде;
  4. жедел іздестіру қызметінің заңға сәйкес алынған материалдарында ол адамға қатысты ол жасаған немесе дайындап жатқан ауыр немесе аса ауыр қылмыс туралы анық деректер болған кезде;
  5. адамның қылмыс жасағандығына сезіктенуге негіз беретін өзге де деректер болған кезде ол адам жасырынуға әрекет жасаған не оның тұрақты тұратын жері болмаған немесе айыпталушының жеке басы анықталмаған жағдайларда.

Сонымен, заң шығарушы айыпталушыны қорғауда бірінші орынға айыпталушыға қолданған құқық шектеудің алғашқы себебін, қылмыс жасады деген айыпталушы емес, сол құқық шектеудің өзін қояды.

Адамды айыпталушы деп тану үшін адамға қылмыс жасады деп күдік келтіретіндей дәлелдемелердің, ұстауды немесе бұлтартпау шараларын қолданудың заңда көзделген негіздері мен жағдайлары болуы керек және де адамды айыпталушы жағдайына қоятын іс жүргізу актісі қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық iс бойынша адвокаттардың қорғауға қатысуы
Адвокаттар көрсететiн заң көмегiнiң түрлерi. Қылмыстық iс бойынша адвокаттардың қорғауға қатысуы
Адвокат-қорғаушының сезіктіге, айыпталушыға және сотталушыға білікті заң көмегін көрсетуі
Қылмыстық iстер бойынша адвокаттың сот процесiне қатысуы
Адвокаттар көрсететiн заң көмегiнiң түрлерi
Қылмыстық процестiң қағидалары
Қылмыстық iстер бойынша адвокаттың қорғау тәсiлдерi
АЙЫПТАЛУШЫ РЕТІНДЕ ЖАУАПҚА ТАРТУ ҚАУЛЫЛАРЫ
ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПТЕРІ
Адвокатураның мақсаттары мен қызметінің нысандары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz