АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

AХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ

XIX ғасырдың жарқын жұлдыздары - Шоқан, Ыбырай, Абай салған ағартушылык-демократтық бағытты ілгері жалғастырушы, жаңа буынның төл басы, дарынды ақын, ірі ғалым, әрі журналист Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы 28 қаңтарда бұрынғы Торғай облысы, Жангелдин ауданы, Сарытүбек деген жерде дүниеге келген. Әкесі Байтұрсын Шошақулы еліне беделді, намысқор, қайрат иесі болған. Өз тұсындағы әділетсіз ел билеушілердің зорлығына қарсы тұрған. Ел-жұртына қиянат жасаған Торғай оязы Яковлевті соққыға жыққан. Акыры, іс насырға шауып, Байтұрсын інісі Ақтаспен Сібірге 15 жылға жер аударылады. Бұл оқиға 13 жасар Ахмет жүрегіне үлкен жара салған.

Ауыл молдасынан хат таныған Ахмет 1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныптық мектепте, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте оқиды. Одан әрі оқуды жалғастыруға мүмкіндігі болмай, өздігінен оқып білімін жетілдіреді. 1895-1909 жылдар арасында Ахмет Ақтөбе, Қостанай, Қаркаралы уездерівдеті ауылдык, болыстық және екі сыныптык училищеде бала оқытады.

Осы кезде қазақ жеріне орыс шаруаларының көптен көшіп келуі жергілікті халыктың тілін, мәдениетін, елдігін сақтап қалу мәселесін күн тәртібіне кояды. Тіл құрыса, халык та құриды. Ұлт атымыз өшпесін десек, казақ әдебиеті мен тілін өркендетуді қолға алу керек деп ойлайды Ахмет. Осы ойын іске асыруға кіріседі.

Алекторов бұл кезде Омбыда отырып, Ақмола, Семей болыстарының оқу жүйесін басқарып тұрған болатын. Онымен Ахмет қазақ даласында бала оқыту жайы туралы кеңеседі. Ахмет орыс оқымыстыларының миссионерлік мақсатын, олардың қазақтарды орысша оқыту арқылы орыстандыру саясатын көздейтінін түсінеді. Осыдан секем алады. Қазақты өнер-білімге жетектеу өзгелердің емес, өзі тектес оқығандардың парызы деп түйеді. Алекторовтан алған екінші әсері - Ахметтің білім мен өнер жолындағы ой-пікірінің кеңейе түсуі еді. Қазақ тарихы мен фольклорынан аса бағалы материал жинап, зерттеген Алекторов Ахметтің көп көмескі түсініктерін айқындап алуына, алдына жаңа мақсаттар қоюына елеулі әсерін тигізеді.

А. Байтұрсынов 1905 жылғы революцияны Қарқаралыда қарсы алады Қарқаралыда тұрған жылдары А. Байтұрсыновтың саяси көзқарасы жан-жақты кеңейе түседі. Оның маңына қазақтың зиялылары топтала бастайды. Осы жылдары А. Байтұрсыновты ел мұңы, халық қамы, әділетсіздік жағдайдар қатты толғаңдырады. Әсіресе отаршылдық, қыспақта күн кешкен қазақ халқының ауыр тұрмысы ашындыра түседі. Отаршылдық саясатты айыптаған өлеңдер жазады. Жер мәселесін әділетті шешу жөнінде патшаның атына бір топ қазақ оқығандарының, хатын ұйымдастырады, Сол үшін айып тағылып, 1907 жылы Қарқаралы түрмесінде біраз отырып шығады. Бұл Ахметтің Қарқаралыда екі сыныпты училищенін меңгерушісі болып істеген кезі еді.

Бұдан былай Ахмет халық арасында насихат жұмысын астыртын жүргізеді. Бұл әрекетті полиция тыңшыларына сезіліп қалып, 1909 жылы шілдеде кайта ұсталып, сегіз ай бойы Семей абақтысына қамалады. Азаттық жолындағы күрес пен көрген азап оны ширықтыра түседі. 1910 жылдың 21 ақпанында Ахмет Орынбор қаласына жер аударылады.

Ағартушылық жолға түсіп, «қайтсем, халкыма пайдамды тигізем, қалай көзін ашам, ұйқысынан қалай оятам» деген мақсат Ахметті әдебиетке алып келеді. Осы мақсатпен өлеңдер шығарады, И. А. Крылов мысалдарын аударуға, сол үлгіде өзі де мысалдар жазады. Оның 1909 жылы Петербургте «Қырықмысал» деген кітабы, 1911 жылы Орынборда «Маса» деген өлендер жинағы басылады. Ахметтің Орынборға келгеннен кейінгі қызметі өте күрделі, өрі өнімді болған. Оның қоғамдық ой-пікірлері 1913 жылы 2 ақпанда шыға бастаған, өзі ұйымдастырған «Қазақ» газетінде жариялана бастайды. Ол «Қазақ» газетінде патша үкіметі орындарының құлағына жақтайтын мақалалар да жариялап отырған. Ол үшін талай рет ақшалай айып салынып, Ахмет түрмеге жабылған.

1917 жылы патша тақтан түседі. Осы кезде казақтың зиялы азаматтары «Алаш» партиясын ұйымдастырады. «Алаш» партиясының және Алашорда үкіметінің негізгі мақсаты Ресей федерациясының құрамында Қазақстан автономиясын құру еді. Бірақ 1917 жылдың қарашасында билікке ие болған Кеңес өкіметі оған жол бермеді. Аласапыран кезеңнің шындығын байыптай келе, Ахмет Ә. Жангелдин арқылы Кеңес өкіметімен келіссөз жүргізіп, жаңа өкімет жағына шығады. 1920 жылы Қазақстан Кеңестерінің 1-съезінде Қазақстан үкіметіне мүше және Халық, ағарту комиссары болып сайланады. 1921 жылы Халық ағарту комиссариаты жанындағы Ғылыми-әдеби комиссияның төрағалығына тағайындалады. Ол әуелі Орынбордағы, 1926-28 жылдары Ташкенттегі Қазақ халық ағарту институттарында, кейін Алматыда ашылған Қазақ университетінде сабақ береді.

1925-1931 жылдар ішінде Қазақстанды басқарған Ф. И. Голощекин Қазақстан кеңестік өзгерістерден тыс қалған деп санап, онда «Кіші Октябрь» төңкерісін жүргізу саясатын ұстанды. Елдегі байлық пен малды тәркілеу жұмысын жүргізді. Халықты ашаршылыққа ұшыратты. Қазақ зиялыларының көпшілігі оны қолдаған жоқ. Голощекин өзіне қарсылық білдіргендерді «ұлтшыл» деп жариялап, олардың көзін жоюды қолға алды. А. Байтұрсынов қара тізімге ілінген отыз адамның басы болып, 1929 жылы 2 маусымда тұтқынға алыңды, жер аударылды. Азапты қуғын-сүргіннен 1934 жылы қазанда ғана оралған ол 1937 жылы 8 қазан күні қайта ұсталып, 8 желтоқсанда атылды.

«Қазағым, елім . . . »

Ахмет өз ұлтының бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы күресте бұқараның жүрегіне козғау салар, ұйқысынан оятар каруы - өлең сөз деп түсіңді. Қазақ халқының тағдыры, бүгінігісі мен ертеңгісі Ахмет поэзиясынын өзегі болды. Ол өзінің ағартушылық, демократтық, гуманистік идеяларын халқына поэзия тілімен жеткізуді қалады. А. Байтұрсыновтың өлендер жинағын «Маса» деп атауы да тегін емес еді. Ол ұйқыда, саясаттан тыс жаткан надан халқын құлағына маса боп ызындап оятуды ойлады.

Ызыңдап ұшкан мынау біздің маса,

Сап-сары аяқтары ұзын маса.

. . . Үстінде ұйыктағанның айнала ұшып,

Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша,

Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,

Қоймастан құлағына ызыңдаса?!

Ақын арманы -«адамдық диханшысы» болып халқына қызмет ету.

Адамдық диханшысы қырға шықтым,

Көгі жоқ, көгалы жок- қорға шықтым.

Тұқымын адамдықтын шаштым, ектім,

Көңілін көтеруге кұл халықтың.

Бұл үзінді де үлкен мұратты танытады. «Көгі жоқ, көғалы жоқ» сусыз қырда диханшы болу, «адамдықтың тұқымын» егу - оңай шаруа емес. Оның үстіне халқы еріксіз, біреуге кұл болса . . . Автор осы қиын міндет жолынабасын тігеді. Ақын өзі өскен ортаға, қазақ қоғамының қалпына сын көзімен қарап, кеңілін жүдеткен, күйіндірген көкейкесті шындықты ашына сынайды. Оның «Қазақ салты», «Қазақ қалпы», «Жиған-терген» өлендерінің мазмұны бірін-бірі толықтырады. Ақын ел тарихына көз жібере отырып, өз халкының бүгінгі мүшкіл халін:

Қаз едік қатар ұшып қаңқылдаған,

Сахара көлге қонып салқындаған.

Бір өртке қаудан шыққан душар болып,

Не қалды тәнімізде шарпылмаған, -

деп суреттейді. Елдегі «мен жақсымын» дегендердің халық үшін еш нәрсе тындырмай жүргеніне қынжылады. Одан әрі өзін-өзі күйттеген, байлық, мансап үшін ар-абыройын сатқандар, бос белбеу, босан туған бозбалалар, қайырымсыз байлар, жарқылдаған түймеге мөз болған, өнер-білімін тиісті жеріне жұмсай алмайтын оқығандар сыналады. Қай өлеңінде де Абайдың сатиралық бейнелері елестейді. Бүгінгі «Қазақ қалпын» ақын:

Қалтылдақ қайық мініп еспесі жоқ,

Теңізде жүрміз калқып кешпесі жок,

Жел соқса, кұйын қуса, жылжи беру,

Болғандай табан тірер ешнәрсе жоқ, -

деп суреттейді. Онда басында билігі жоқ елдің күнгірт болашағын үлкен теңізде ескексіз қалқып жүрген қайықпен салыстырады. Осы жағдайға жеткізген қазақтың бейқамдығын, алтыбақан алауыздығын, «Құдайдың өзі сақтар», «Көппен бірге керген үлы той» деп ойсыз жүре берушілікті сынайды. «Бұл күйге бүгін емес, көптен кірдік» тармағына ақын қазақ елінің отарлау тарихын аңғартар үлкен мазмұн ұялатады. Осы өлеңдердегі бейнелілікке көңіл аударсақ, талай тың теңеулерді көреміз. «Қатар үлкен қаңқылдаған, Сахара сазға қонып салкындаған»- өзінің туған халқы болса, өрт- оның бостандығына тиген патшаның отаршылдығы. Отаршылдық жағдайындағы ел қалтылдақ қайық мініп, теңізде жүрген адам сияқты. Осы жағдайларды халқына түсіндіре отырып, дихан болып, адамдықтың ұрығын егеді.

Ақын «Жиған-терген» өлеңінде осындай ғаріп күйге түсудің себебін іздестіреді. Өткенге карасам, хандар халықты жөндеп баға алмай, басқаға сатыпты. Бері келген сон шен-шекпенге сатылыпты. Болыстықты сатып алыпты. Ұлын мақтаса, мәз болыпты. Халықтан алым алыпты деп, келеңсіз жайларды көрсетеді. Қабағын түйіп, қаһарын жиып, көкті бұлт торлап тұр. Ел болса, баяғы калпы, әлі ұйқыда. Дос пен қасты айырмайды. «Түксиген мұртты обыр обып, сорып тұр». Қарғадай карқадаған, шешенсіген мырзалардың жолы үлгі емес. Ол жаңа жол табуға шақырады. «Жолдар бар өзге, жоба бар сөзге, жүрекке дөп, ойға жөн» дейді.

Қазағым - елім,

Қайқайып белін,

Сынуға тұр таянып.

Талауда малың,

Қамауда жанын,

Аш көзінді оянып.

Қанған жоқ па әлі ұйкың,

Ұйықтайтын бар не сиқын!

Өлең Абайдың «Сегіз аяқ» үлгісімен жазылған. «Көк бұлт»- символдық, «түксиген мұрт»- метонимиялық бейне.

Емшегін еміп,

Бала ұйықтайды жастықпен.

Қымызға қанып,

Қызарып жанып,

Бай ұйықтайды мастықпен.

Шалап ішкен кедей мас,

Мына жұрттың бәрі онбас!

деген сияқты салыстыра сипаттау да өлеңнің көркемдігін көтеріп, мақсатын аша түседі.

«Досыма хат» өленінде:

Жарқырап жақсылықтың таңы атпай тұр,

Түнерген тебемізден бұлт арылмай, -

деп, отаршылдық қыспақты түнерген бұлтқа тенейді, одан құтылып еркіндік алуды - «жақсылық таңы» деп бейнелейді. Еркіндік идеясын «Бақ» өлеңінде жалғастыра түсіп:

Үміт сүйрер жыраққа,

Жетесің деп мұратка,

Талықсам да ізденіп.

Қашан жанып шам-шырақ,

Сәуле беріп жарқырап,

Болар жарық төрт тарап?

Қашан маған іздеген,

Келіп жылы жүзбенен,

Болар серік бақ карап?

деп, ақын бақ (бақыт) күнінің тезірек келуін аңсайды. Елдің бетке ұстар азаматтарын бірлікке, күреске шақырады.

«Анама хат», «Жауға түскен жан сөзі» өлеңдерінде өз басынан кешкен қиын-қыстау күндер, қуғын-сүргін, ел тағдыры, бостандык арманы сөз болады.

Оқ тиіп, он үшімде ой түсіріп,

Бітпеген жүрегімде бар бір жарам . . .

Адамнаң туып, адам ісін етпей,

Ұялмай не бетіммен керге барам?

деген жолдар әкесі Байтұрсынның 15 жылға Сібірге айдалған кездегі бала жүрегінің жараланғанын еске түсіреді. Өлең - өзіне жала жабылып, Семей түрмесінде отырған қапас кездің шындығы.

Елін, жерін шен-шекпенге сатқан, ардан безген пәлеқор, кейбір тілмаштар мен болыстарды еске алып:

Қинамайды абақтыға жапқаны,

Қиын емес дарға асқаны, атқаны.

Маған ауыр осылардың бәрінен

Өз аулымнын иттері үріп, қапқаны,

деп өкініш білдіреді.

А. Байтұрсыновтың күрес жолынан айнымайтын, қаншама қиыншылық болса да төтеп беретін күрескерлік болмысы оның өлендерінде анық көрінеді. «Н. Қ. Ханымға» (Нәзипа Құлжанова - қазақ әйелдері ішінен шыққан алғашкы журналист, педагог, ғалым, аудармашы) арналған өлеңінде ол:

Рақатсыз өтсе де өмір жасым,

Бұл жөнімнен құдайым айырмасын.

Ұзақ жолға ниет қып бір шыққан сон,

Жарым жолдан қайтпаспын, қарындасым.

Су ла болар бұл жолда, тау да болар,

Жаудың оғы, жайған тор, ау ла болар.

Мынау пайда, мынасы зиян демек - Ол ерліктің ісі емес, саула болар,

дейді.

Бұл айтылғандар Ахметтін әлеуметтік шындықтың ақыны екенін танытады.

«Қазақ» газетінің редакторы

А. Байтұрсынов 1910 жылы Орынборға жер аударылып келгеннен кейін ағартушылық іске, ел ішіне ғылым-білім тарату жұмысына ден қоя шұғылданады. Оның қазақ елінің жоғын жоқтап, санасына сәуле кұюға байланысты еңбектері елге тарай бастайды. Ол газет шығару мәселесін қозғайды. Бұл іске оқыған жастар белсене кірісіп, елден қаржы жиналады. Ол газет «Қазақ» деп аталады да, редакторлық міндет А. Байтұрновқа тапсырылып, 1913 жылдың 2 ақпанының шыға бастайды. Ахмет елге жеткізсем, ұқтырсам деген көкейіндегі көптеген мәселелерді енді газет арқылы жария етуге мүмкіндік алады. «Газет - халықтың көзі, құлағы һөм тілі» дейтін мағыналы, мәнерлі анықтаманы сол кезде А. Байтұрсынов «Қазақ» газетінің оқырмандарына арнап жазыпты.

А. Байтұрсынов «Қазақ» газеті бетінде оку-ағарту, оқулықтар жасау, әліппе, емле, грамматика, жер игеру, көсіп істеу, қоғамдық кұрес, мәдениет, әдебиет мәселелерін тереңнен қозғап, кезіндегі қоғамдық-әлеуметтік ой-пікірге ұйтқы болады. Сондай мақаланың бірі -1913 жылы Абай туралы жазылған «Қазақтың бас ақыны» атты еңбегі. Бұнда Абайдың тарихи рөлі, рухани болмысымыздағы орны, шығармаларының көркемдік-эстетикалық сипаттары терең талданып, алғаш рет қазақ оқырмандарына таныстырылады.

А. Байтұрсынов өз мақалаларында халықты ағарту, білім тарату ісіне айрықша көңіл беледі. «Оқу жайы» (1913) деген мақаласында Қостанай уезіндегі сауаттылык мәселесін қозғай отырып, әрбір жүз кісіден алты еркек қазақша, әрбір мың кісіден алты еркек орысша, ал әрбір үш жүз әйелден бір әйел қазақша, ал төрт мың әйелден бір әйел орысша хат таниды деген маңызды дерек келтіреді.


Ғалым-филолог

А. Байтұрсынов - қазақтын тілі мен әдебиетін зерттеген үлкен талым. 1929 жылы 1 мамырда өз қолымен орыс тілінде жазған өмір баянында: «1901 жылдардан бастап, бала оқытқан кездердең бос уақыттарымда, өз бетіммен білімімді толықтырдым, әдебиетпен шұғылдандым. Ал Орынборға келгеннен кейін, ең алдымен, қазақ тілінін дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын зерттеуге кірістім. Одан кейін қазақ алфавитін және емлесін ретке салып, жеңілдету жолында, қажетсіз сөздерден арылтуға, синтаксистік құрылысын өзге тілдердін әсерінен тазартуға әрекеттендім. Төртіншіден, қазақ прозасын (яғни іс қағаздар тілін публицистика мен ғылыми тілін) жасанды кітаби сипаттан арылтып, халықтың сөйлеу тәжірибесіне икемдеу үшін, ғылыми терминдерді жасауға кірістім және стильдік өңдеу үлгілерін көрсетумен шұғылдандым», - деп жазады. Бұл сөздер Ахметтің ғылыми жұмыспен қашан, қалай, қандай мақсатпен шұғылданғанын көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
А. Байтұрсынұлы және ХХ ғасыр басындағы орыс тілші ғалымдары
Қазақ орыс ғалымдары – ахмет байтұрсынұлы туралы
Ахмет Байтұрсынов қоғам қайреткері
Ахмет Байтұрсынұлы өмір белестері, тарихы
А.Байтұрсынұлы және терминология мәселелері
Ахмет Байтұрсынұлы аудармашы
Ахмет Байтұрсынұлының еңбектеріндегі психологиялық көзқарастарын талдау және ұлттық психологияның дамуында алатын орнын зерттеу
Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларының тарихи маңызы
Ғалым, ағартушы, тілші - Ахмет Байтұрсынов
Қазіргі қазақ әдебиетін оқыту әдістемесімен Ахмет еңбегінің сабақтастығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz