Ақша айналысын реттеудегі Ұлттық банктің рөлі


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Ақша айналысын реттеудегі Ұлттық банктің рөлі

Жоспары:

Кіріспе . . .

І бөлім. Ұлттық банктің құрылымы . . .

1. 1. Ұлттық банкі, оның мақсаты мен міндеттері, қызметінің бағыттары, меншікті қаражаттары мен пайдасы . . .

1. 2. Ұлттық банкінің қызметтері мен операциялары . . .

ІІ бөлім. Ақша айналысын реттеудегі Ұлттық банктің қызметі . . .

2. 1. Ақша айналысын басқару . . .

2. 2. Ақша-несие саясатының құралдары . . .

2. 3. Ұлттық банк - банктердің банкі . . .

2. 4. Банктік қызметті қадағалау және оны реттеу . . .

Қорытынды . . .

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .

Кіріспе

Қайта құру кезеңіне дейін “ақша айналымы” мен “ақша айналысы” ұғымдары арасында айтарлықтай шек қойы латын. Ақша айналысы деп қолма-қол ақшаның қозғалысы танылды. Ал ақша ұғымы одан кең мағына бергендіктен ол қолма қол және қолма-қолсыз ақша қозғалысы тұрғын-дардың (халықтың) ақшалай табыстарының бөлінуін қарас-тырады.

Ақша белгілері әр түрлі жағдайда қамтамасыз етіледі. қолма-қол рубль тұтыну заттары және қызметтер жиын-тығығымен қамтамасыз етілсе, қолма-қолсыз рубль-бөлуге арналған өндіріс құралдарының жиынтығымен қамтамасыз етіледі.

Мұндай жүйе тек қана орталықтандырылған жоспарлы экономика жағдайына ғана мүмкін болады, себебі ол уақытта кәсіпорындар мен халықтың қолында қанша ақша, қанша тауардың болатыны және олардың қандай бағада сатылатыны белгілі болған.

Ақша айналысы мен ақша айналымы арасындағы шек жойылды. Тауар айналысы процесіндегі қолма-қол ақша қозғалысы және төлемақыны жүзеге асыру кезінде қызмет көрсету, сонымен бірге кәсіпорындар мен қаржы-несие мекемелерінің арасындағы ақшалай қаражаттардың алмасуы - ақша айналысы деп аталады.

Ақша айналысының объективті негізі- тауар өндірісі мен тауар айналысы болып табылады. Құн формасының өзгеріп отыруы, яғни тауардың ақшаға және ақшаның жаңа тауар сатып алу үшін қолданылуы, ақшаның әрдайым қозғалыста, яғни айналыста болуына мүмкіндік жасайды.

Бірақ ақша айналысы тауар айналысын қайталап қоймайды. Бұл екі процесс бір-бірінен жекешеленіп жүреді. Тауарлар, оларды сатып алғаннан кейін, айналыстан шығады және тұтынылады. Ал ақша айналыста әрқашан жүреді.

Айналыста жүре отырып ақша әрі айналыс құралы, әрі төлем құралы функцияларын атқарады. Сонымен, тауарды сатудан түскен ақша қарызды өтеуге жұмсалуы мүмкін. Өз кезегінде, қарызды төлеуге түскен ақшалар тауарлар алу үшін қолданылуы мүмкін.

Жалпы ақша айналысының көлемі тауар бағаларының соммасынан әрдайым артық болады. Ақшаның қызмет көрсетуі тек сату-сатып алумен шектелмейтіні түсіндіріледі. Ақша еңбекақы, зейнетақы, стипендия төлеу үшін, бюджетке төлемдер аудару үщін, банктен қарыз алу үшін және т. б. мақсаттар үшін қолданылады.

Ақша айналысын реттеудің маңызды элементі-қолма-қол ақшаның қолдану аясын азайту болып келеді. Бұл мәселе біздің елімізде кәсіпорындар арасындағы есеп айырысулар- ды қолма-қол ақшаны қолданылуын шектеу, есеп айырысу чектерін ендіру арқылы ғана шешіледі.

Банк жүйесін реформалау және ақша банкнотасын өндіруге байланысты өзінің меншікті қуатын енгізуі, Қазақ-стандағы қолма-қол ақшамен байланысты жағдайды түбірімен өзгертті. Осыған байланысты 1992-1993 жж. қолма- қол ақшаның тапшылығы тұсында енгізілген директивті саясаттың орнына республикамызда қолма-қол ақша айналысын тұрақтандыру және басқарудың экономикалық әдістерінің алғышарттары жасалынды.

Дамыған елдерге бұд процесс кеңінен дами түсуде: оларда қолма-қолсыз ақша айналысы өріс алып жатыр. АҚШ-та халықтың есеп айырысуларының 25-27%-зы ғана қолма-қол ақшамен, ал қалғаны чек, несиелік карточкалар, т. б. көмегімен жүргізіледі.

Өмірлік тәжірибе көрсеткеніндей, ақша айналысын ақша айналымынан бөлуге болмайды.

Бұл екеуі өзара тығыз байланысты, сондықтан оларды бөлу қажет емес. Ақша өз айналысында қолма-қолдан қолма- қолсыз ақшаға (және керісінше) өтеді. Мысалы, кәсіпорынның бөлшек саудасынан түскеннен соң оның есеп айырсу шотында қолма-қолсыз ақша қаражаттарына айналады да, ол бұдан өз жеткізушілеріне ақша аударуы мүмкін.

Сонымен, бүкіл ақша айналысы: қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалар болып бөлінеді. Сондай-ақ:

- өнімді өндіру және сату процесін, яғни туарлы сипаттағы есеп айырысулармен байланысты ақша айналымы;

- тауарлы емес сипаттағы есеп айырысулармен байланысты ақша айналымы;

- ақша айналысы бірнеше тарихи кезеңдерден өтті және металл, қағаз, несие ақшалар көмегімен жүзеге асырылды.

Сонымен елдегі ақша айналысын реттеудегі Ұлттық банкі ролі өте зор бұл тақырып қазіргі таңда өзектілігін жоғалтқан жоқ. Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының орталық банкі ретінде басқа елдердің орталық банктерімен және халықаралық қаржы ұйымдарымен қатынаста Қазақстан Республикасының мүддесін кездейді. Ұлттық банк - бұл эмиссиялық, резервтік, кассалық және есеп айырысу орталығы, норма шығару және бақылау жасау құқығына ие, " банктердің банкі " рөлін атқарады, сондай-ақ ақша-несие және валюта саясатын анықтайды.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралың Заңы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Орталық банкі және республикамыздағы банк жүйесінің жоғарғы деңгейі болып табылады.

Осы жұмыста Ұлттық банкінің елдегі ақша айналысын реттеу қызметіне қатысты атқаратын міндеттерін ашып талдау.

  • Ақша эмиссиясы.
  • Қолма-қол және қолма-қолсыз ақша эмиссиясын реттеу.
  • Ақша массасының көрсеткіштері.
  • Ақша-несие саясатының мақсаттары.
  • Дисконттық немесе есеп саясаты.
  • Міндетті резервтер нормасы.
  • Ашық нарыктағы операциялар.

а) коммерциялық банктердің резервтерін сақтандыру;

ә) коммерциялық банктерді несиелеу;

б) жалпы ұлттық деңгейдегі қолма-қолсыз есеп айырысулар;

в) банктердің жұмысын бақылау және қадағалау.

І-бөлім. Ақша айналысы, заңы, ақша массасы және ақша жүйесі

1. 1. Ақша айналысының сипаттамасы және оның заңы

Ақша айналысы - шаруашылықтағы тауарларды өткізуге, сондай-ақ тауарлы емес төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететін қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысы.

Ақша айналысының объективтік негізіне де тауар өндірісі жатады. Тауар өндірісі тұсында тауарлар әлемі: тауар және ақшаға бөліне отырып, олардың арасында өзара қарама-қайшылықтар туады. Қоғамның еңбек бөлінісінің тереңдеуіне және жалпы ұлттық және дүниежүзілік нарықтардың қалыптасуымен байланысты капитализм тұсында ақша айналысы да әрі қарай дами түседі. Сонымен ақша, капитал айналымына қызмет ете отырып, барлық жиынтық қоғамның өнім айналысы мен айырбасына дәнекер болады. Ақшаның қолма-қол және қолма-қолсыз формаларының көмегімен тауарлар айналысы, сондай-ақ несиелік және жалған капиталдың қозғалысы жүзеге асырылады.

Ақша айналысының құрылымына қолма-қол ақшалар айналысы мен қолма-қолсыз ақшалар айналысы кіреді.

Қолма-қол ақшалар айналысы нақты ақшалар қозғалысын білдіреді. Оған банкноталар, монеталар және қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) қызмет етеді. Дамыған елдерде нақты ақшалар айналысының едәуір бөлігін орталық банктерден шығарылған банктік билеттер құрайды. Ақша шығарудың кішкене бөлігі (10 %-ға жуығы) қазыналық билеттерді шығарушы қазынашылықтың үлесіне тиеді.

Қолма-қолсыз ақшалар айналысы - қолма-қолсыз ақшалар айналымынын ақшаларының қозғалысы.

Мұндағы, қолма-қолсыз ақшалар - чектер, пластикалық карточкалар электрондық аударымдар көмегімен пайдаланылатын клиенттердің шоттардағы сақтаған ақшалары (депозиттер) .

Қолма-қол ақша мен қолма-қолсыз ақшалар арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Ол ақшаның үнемі бір айналыс сферасынан екінші біріне өтіп отыруынан байқалады. Айталық қолма-қол ақшалардың банктегі депозитке салынуы, олардың қолма-қолсыз ақшаға айналуын білдірсе, ал банктен жалақы, жәрдемақы, стипендия, зейнетақы және т. с. с. төлеу үшін ақша алған жағдайларда қолма-қолсыз ақшалардың қолма-қол ақшаларға ауысуы байңалады.

Құн заңы және оның айналыс аясында пайда болу формасы, яғни ақша айналысының заңы тауар-ақша қатынастары қалыптасқан барлық қоғамдық формацияға тән болып келеді. Құн формаларының дамуына талдау жасай отырып, К. Маркс ақша айналысының заңын ашқан болатын.

Оның пікірінше, ақша айналысының заңының мәні ақшаның айналыс қызметін атқаруға қажетті ақша саны, сатылатын тауарлар бағасы ақша айналысының жылдамдығына қатынасын білдіреді . Ақша айналысының заңы айналыстағы жүрген тауарлар массасы мен олардың бағасының деңгейі мен ақша айналысының жылдамдығы арасындағы экономикалық тәуелділікті бейнелейді.

Ақша айналысының заңы - тауарлар айналысы үшін қажетті ақшалардың санын (Ата) анықтайды.

Ата =Тбс/Аас

мұндағы: Тбс-Тауарлар бағаларының сомасы

Аас-Ақша айналымының сомасы

Бұл жерде бір айта кететіні, ақшаның төлем құралы қызметін атқаруымен байланысты бұл формула да нақтылануды талап етуде.

Айналысқа қажетті ақша санын мынадай формуламен бейнелеуге болады:

Ақ=Стб+Нтб+Мтс+Өтс / Аос

мұндағы Ақ - айналысқа қажетті ақша саны;

Стб - сатылатын тауарлар бағасының сомасы;

Нтб. - несиеге сатылған тауарлар бағаларының сомасы;

Мтс - міндеттемелер бойынша төлемдер сомасы; г

Өтс - өзара өтелетін төлемдер сомасы;

Аос - айналыс және төлем құралы ретіндегі ақша айналымының орташа саны.

Осындай жағдайларда айналысқа қажетті ақша санына өндірістің дамуының шарттарына тәуелді болып келетін әр алуан факторлар ықпал етеді. Оның біріне айналыстағы тауарлар санының өзгерісі жатады. Сондай-ақ шаруашылықтағы ақшаға деген қажеттілік тауарлар және көрсетілетін қызметтер бағаларының деңгейіне байланысты да анықталады.

Айналысқа қажетті ақша санына мыналар кері ықпал етеді:

• несиенің даму дәрежесі, себебі қаншалықты тауарлардың басым бөлігі несиеге сатылса, соғұрлым айналысқа аз мөлшерде ақша қажет етіледі;

• қолма-қолсыз есеп айырысудың дамуы;

• ақша айналысының жылдамдығы.

Металл ақша айналысы тұсында айналыстағы ақша саны ақшаның қазына жинау құралы қызметінің көмегімен реттеліп отырды. Егер ақшаға деген қажеттілік қысқарса, онда айналыстағы артық ақша (алтын монета) айналыста қазынаға кетіп, ал егер ақшаға деген қажеттілік ұлғайса, онда айналысқа қажетті мөлшердегі ақша қазынадан айналысқа шығарылып отырады.

Егер де айналысқа алтынға ауыстырылмайтын банкноттар немесе қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) қызмет етсе, онда бұл жағдайда қолма-қол ақшалар айналысы қағаз ақша айналысының заңына сәйкес жүргізіледі.

Ақша айналысын қолдап отыру шарттары мен заңдары мынадай екі фактордың өзара әрекет етуімен анықталады: шаруашылықтағы ақшаға деген қажеттілік және айналымға ақшалардың нақты түсуімен. Егер де айналымдағы ақша көлемі, шаруашылыққа қажетті ақшадан артық болса, онда ақшаның құнсыздануына, яғни ақша бірлігінің сатып алу қабілетінің төмендеуіне, яғни инфляцияға жол береді.

1. 2. Ақша массасы және ақша базасы

Ақша айналысының негізгі сандық көрсеткіштерінің біріне ақша массасы мен ақша базасы жатады.

Ақша массасы - жеке тұлғаларға, кәсіпорындармен мемлекетке тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының жиынтығы.

Белгілі бір күндегі және белгілі бір кезеңдегі ақша айналысының сандық өзгерісін талдау үшін, сондай-ақ ақша массасының өсуі мен көлемін реттеуге байланысты шараларды жасау үшін әр түрлі көрсеткіштер пайдаланылады. Ондай көрсеткіштерді ақша агрегаттары деп атайды.

Өнеркәсібі жағынан дамыған елдердің қаржылық статистикасында ақша массасын анықтау барысында мынадай ақша агрегаттары қолданылады:

• Ml агрегаты, яғни ол айналыстағы нақты ақшаларды (банкноттар мен монеталарды) және банктегі ағымдық шоттардағы қаражаттарды камтиды;

• М2 агрегаты, ол М1 агрегаты қосылған коммерциялық банктердегі мерзімді және жинақ салымдарынан (төрт жылға дейінгі) тұрады;

• МЗ агрегаты, ол М2 агрегаты қосылған арнайы несиелік мекемелердегі жинақ салымдарын құрайды;

• М4 агрегаты, ол МЗ агрегаты қосылған ірі коммерциялық банктердегі депозиттік сертификаттардан тұрады.

АҚШ-та ақша массасын анықтауда төрт ақша агрегаты, Жапония мен Германияда - үш, Англия мен Францияда - екеу, Ресейде үш ақша агрегаттары пайдаланылады.

Қазақстанда ақша массасы Ұлттық Банк пен екінші деңгейдегі банкілердің баланстық шоттарын шоғырландыру негізінде анықталады және оның құрамына айналыстағы қолма-қол ақша және резидент заңды тұлғалар мен үй шаруашылығы (жеке тұлғалардың) депозиттері жатады.

Қазақстан Республикасында Ұлттық банктің 12. 01. 1995 ж. Директорлар кеңесінің № 2 хаттамасымен бекітілген «Ақша массасын, ақша базасын анықтау әдісі және ішкі, сыртқы активтерді анықтау барысында баланстық шоттарды жіктеу туралы ережесінең сәйкес ақша базасы мен ақша массасы есептеледі.

Аталған ережеге сәйкес, ақша базасы (MB) - бұл міндеттемелерге жататын резервтік және бастапқы ақшаларды білдіреді. Ол мынадай формуламен есептеледі:

MB = СІС + RR + DCB,

мұндағы СІС - айналыстағы нақты ақшалар; :

RR - міндетті резервтер;

DCB - екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі коршоттағы қаражаттары.

Қазақстандағы негізгі ақша агрегаттарына, қазіргі кезде ақша-несие статистикасын жасау және талдауда қолданылып жүрген ақша базасы мен белгіленуі МЗ - ақша массасы жатады. Ақша массасы құрылымына мынадай ақша агрегаттары жатады:

• МО (айналыстағы қолма-қол ақша немесе банк жүйесінен тыс ақша) ;

• Ml = МО + банктік емес заңды тұлғалар мен халықтың теңгедегі аудармалы депозиттері;

• М2 = Ml + теңгедегі басқа да депозиттер және банктік емес заңды тұлғалар мен халықтың шетел валютасындағы аудармалы депозиттері;

• МЗ (ақша массасы) = М2 + банктік емес заңды тұлғалар мен халықтың шетел валютасындағы басқа да депозиттері. Мұндағы,

• Аудармалы депозиттер - 1) әрқашан айыппұлсыз және шектеусіз атаулы құнымен ақшаға ауыстырылады; 2) чектің, траттаның немесе жирокепілдіктің көмегімен еркін айналады; 3) төлемдер жүргізуде кеңінен қолданылады. Аудармалы депозиттер қысқа ақша массасының бір бөлігін құрайды.

• Басқа депозиттер - негізінен, ол белгілі уақыт аралығынан кейін ғана алынатындығы немесе әр түрлі шектеулері жай коммерциялық операцияларда біраз қолайсыздық туғызатын және жинақ механизміне қойылатын талаптарға жоғары дәрежеде сай келетін жинақ және мерзімді депозиттер. Басқа депозиттер, сонымен қатар, шетел валютасында салынған басқа салымдар мен депозиттерді қамтиды.

1. 3 Ақша жүйесі және оның эволюциясы

Әр елдің тарихы қалыптасқан және тиісті заңмен бекітілген ақша айналымын ұйымдастыру нысанын ақша жүйесі деп түсіну керек. Негізінде ақша жүйесі көпшілік елдерде 16-17 ғасырларда қалыптасты, ал қайсыбір елдерде, ақша жүйесінің кейбір элементтері бұрынырақ кездескен. Металл ақша айналатын ақша металын, оның бірлігін анықтау, монета соғу және эмиссия тәртіптері ақша жүйесінің элементтері болып табылған. Осы кезеңде әр елде, жалпыға балама ретінде және ақша айналымның базасы болып, қандай металл қолдануына байланысты, ақша жүйесінің екі түрі қалыптасты:

Биметалды ақша жүйесі . Бұл жүйеде валюталық металл болып екі метал: алтын және күміс қолданылған. Бірақ, неғұрлым жоғары құндылығының салдарынан және тасымалдауға қолайлылығына байланысты алтын ақша атқарымдарын орындауға көбірек бейімделген болғандықтан ол бара-бара күміс монеталарды ығыстырып, ІХ-ғасырдың аяғына қарай ең басым валюталық металл болып қалды.

Монометалдық ақша жүйесі. Бұл жүйеде валюталық металл ретінде бірақ металл шықты (алтын) . Сонымен қатар айналымда алтынға айырбастала алатын басқа да құнның өкілдері жүре алатын болды. Бұлар: банкноттар, қазына билеттері, ұсақ монеталар.

Алтын монометалдық ақша жүйесінің үш түрі болды:

алтын - монеталық стандарт. Бұл стандартта алтын ақшаның барлық атқарымдарын орындайды. Алтын монеталармен қатар айналымда көрсетулі құнымен алтынға айырбастала алатын алтынның белгілері жүретін болды;

алтын - құйма стандарты. Бұл стандарт бойынша банкноттар (ақша билеттері) алтын құймаға айырбастала алады;

алтын - девиздік стандарт. Бұл стандартта жеке елдердің банкноттарын (ақша билеттерін) басқа елдің алтынға айырбастала алатын валютасына ауыстыруға болатын.

Бұл жерде айта кететін маңызды нәрсе - алтын монометалдық ақша жүйесінің дәл осы түрі кейін 1922 ж. құрылған халықаралық валюталық жүйесінің негізі болды. Бұл жүйе 1976 жылға дейін СДР1 мен ауыстырылғанға дейін жұмыс істеді. Оның үстіне алтын-девиздік стандарт экономика жағынан әлсіз елдердің, неғұрлым экономикасы күшті елдерден тәуелділігін баянды етті.

Өткен ХХ-ғасырдың отызыншы жылдарының басында дүние жүзінде айырбасталмайтын несие ақша жүйесі қалыптасты. Бұл жүйенің табиғаты қағаз ақшаға жақын және жалпыға бірдей экономикалық заңның, еңбекті және айналым шығындарын үнемдеу талаптарына дәлдеу келетін.

Кейінгі кезеңдерде, несиелік ақша белгілерінің айналымы негізінде, екі түрлі ақша жүйесі қалыптасты. Оның біреуі шаруашылық жүргізудің әкімшілік-тарату жүйесіне сәйкес болса, екіншісі нарық экономикасына сәйкес келеді.

СДР - арнаулы өзара қарыз құқықтары 1969 жылы ұйымдастырылған ұжымдық валюта.

1. 4. Ақша жүйесінің негізгі элементтері

Қазіргі жағдайда ақша жүйесі бірнеше элементтерден құралады. Оның ішінде:

Елдің ақша бірлігінің аты. Бұл элемент, әр елдің өмір сүре бастаған кезінде пайда болатын мемлекеттік атрибут, және оның сыртқы түрі, не ішкі мазмұны өзгерсе де аты өзгермейді. Мысалы, кезінде күміс те, алтын да доллар болды. Енді қағаз доллар да бар. Бірақ, ол американың америка болғанынан бері Ұлттық ақша бірлігі болып келеді.

Ресейде ХVІІІ-ғасырда, кейбір княздықтарда қолданылған күміс құймалар "рубль" деп аталған. Кейінірек, Петр І-дің тұсында, ол Ресей мемлекетінің Ұлттық ақша бірлігі болып жарияланған. Содан бері талай ақша реформалары болып жатса да, оның сыртқы түрі де, ішкі мазмұны да өзгергенмен аты өзгерген жоқ.

Қазақстанда, егемендік алғаннан кейін 1993 жылдың 15-қазанында шығарылған ақша "Теңге" Ұлттық ақша бірлігі болып, сол жылдың 13-желтоқсанда қабылданған "Қазақстан Республикасының, ақша жүйесі" деген заңмен бекітілді. Енді ол, еліміздегі жалғыз ғана төлем құралы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономиканың ақшалай-несиелік тұрақтылығындағы орталық банктің атқарылатын рөлі
Ақша-несиелік реттеу саясаты
Ұлттық банктің экономиканы реттеудегі жүргізетін саясаттары мен қолданатын шаралары
Қазақстан Республикасы қазіргі кездегі ақша-несие саясаты және оның даму жолдары
Ақша реформасы: ұлттық экономиканың дамуындағы қажеттігі мен маңызы
Нарықтық экономикада ақшаның экономикалық маңызы
Ақша - несие саясатына араласуға мемлекеттің құқығы
Ақша массасының экономикалық мәні мен теориялық негіздері
Ұлттық банк ақша - несие саясатының ерекшеліктерін талдау
Ақша айналысы және оның дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz