Азаматтық құқық негіздері жайында


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Азаматтық құқық негіздері

Дәрістің мақсаты: Азаматтық құқықты, құқық саласы ретінде меңгеру, түсіндіру, оның нормалары мен қайнар көздерін ұғыну.

Дәрістің міндеттері:

  • Азаматтық құқық түсінігін анықтау.
  • Азаматтық құқық нормаларын реттеп, қатынастарын шегін анықтау.
  • Азаматтық құқықтың пәні болып табылатын қатынастарды реттеп, бекітетін амалдар мен әдістерді зерделеу.
  • Азаматтық құқықтың қайнар көздерін қарастыру.

Дәріс жоспары:

  1. Азаматтық құқықтың пәні.
  2. Құқықтық қатынастар.
  3. Азаматтық құқықтың субъектілері.
  4. Азаматтық құқықтың мәмілелері.
  5. Азаматтық құқықтың қатынастарының объектілері.

Азаматтық құқықтың пәні

“Азаматтық құқық” атауы ежелгі уақыттан бері белгілі, оны римдік заңгерлер Рим азаматтарының құқығы - цивильді құқық деп атаған. Тарихтан белгілі римдіктердің құқығы осы атаумен белгіленді. Римдік jus civile көне римдегі азаматтардың мемлекттік, қоғамдық және жеке өзіндік қатынастарын реттеді және қазіргі азаматтық құқыққа қарағанда ұғымы әлде қайда кең болды. Қазіргі кезде азаматтық құқықтың римдік атау сақталғанмен оның мазмұны барынша өзгерді. Дей тұрғанмен оған қарамастан “civil” атауы еуропалық құқықтануға еніп қана қоймай, заң терминалогиясына кірді. Сондықтан да азаматтық құқықты цивилистік деп атайды, ал бұл саладағы мамандарды - цивилист деп жүр. Римде құқықты жария және жеке деп екі салаға бөлгенін білеміз. Жария және құқықтардың классикалық ара-жігін Ульпиан былайша ашып көрсетеді: «жария құқық Рим мемлекетінің құқықтық мәртебесіне қатысты, ал жеке құқық болса жекелеген адамның мүддесіне сай келеді». Қазақстан Республикасының қазіргі құқық жүйесі жария және жеке құқық деп бөлінбейді. Біздің ұлттық азаматтық құқық тек өзіне ғана тән және белгілі ерекшеліктері бар институттардың аясында қалыптасты дей аламыз.

Сонымен қатар азаматтық құқықтың әр түрлі жүйелерінің арасында белгілі бір дәрежеде ұқсастықтар бар. Сондықтан әлемдік азаматтық құықтық жүйелерде болып жатқан процестер Қазақстан Республикасының азаматтық құқық іліміне әсерін тигізіп отыр.

Азаматтық құқық- Қазақстан Республикасының құқық саларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік-аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының пәнін тауар - ақша қатынстары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар құрайды. Сонымен қатар мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар азаматтық заңдармен реттеледі, өйткені олар басқа заң құжаттарында өзгеше көзделмеген не мүліктік емес жеке қатынастар мәнінен туындамайды.

Азаматтық құқықтың әдістемесі

Құқықтың әрбір негізгі саласының өзіне тән құқықтық реттеу әдістемесі болады. Мүліктік және мүліктік емес қатынастардың азаматтық-құқықтық реттеу әдістемесі бірқатар өзіндік белгілерге ие:

а) азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың жалпы құқықтық жағдайы олардың тауар-ақша және басқа қатынастарына негізделген заңды түрдегі теңдігімен сипатталады. Азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылардың заң жүзіндегі теңдігіне келсек, олардың азаматтық айналымда тең құқықты, тәуелсіз субъектілер екендігін көреміз, әрі оның әрқайсысы мүліктік оқшаулыққа ие болады, сондай ақ бір бірімен қарым қатынаста тең дәрежеде әрекет етеді. Бұл азаматтық құқық субъектілернің бірде бірі азаматтық құқық қатынасында екінші жаққа біржақты міндет жүктеуіне болмайды деген сөз. Сонымен қатар құқықтық қатынастағы жақтардың араларында дау туындаған жағдайда, екінші жақ үшін міндетті болып табылатын шешімді қабылдай алмайды;

ә) заматтар мен заңды тұлғалар өздернің азматтық құқықтарына өз еркімен және өз мүддесін көздей отырып ие болады және оларды жүзеге асырады.

б) тараптар азаматтық құқықтық қатынастарда тең дәржеде қорғану құқығына ие және қорғанудың белгілі бір мүмкіндігін таңдауға ерікті.

в) азаматтық құқықтық жауапкершілік өзіндік сипатымен, атап айтқанда, мүліктік және өтем түрінде айқындалады; сондай ақ оған келтірілген залалды толықтай өтеу талабы да жатады; заң құжаттарында өзгеше көзделмеген жағдайда бұл заң бұзушының кінәсінің қандай екендігне де байланысты болады.

Осы айтылғандарға сүйене отырып, мынадай тұжырым жасауға болады: азамттық құқық - құқықтың бір саласы, ол тауар ақша қатынстары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай ақ мүліктік қатынастарға немесе мүліктік емес жеке қатныстарын реттейтін нормалардың жиынтығы болып табылады.

Құқықтық қатынастар.

Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Азаматтық заңдар өздері реттейтін қатынастарға қатысушылардың теңдігін, меншікке қол сұқпаушылықты, шарт еркіндігін, жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығын, азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру, нұқсан келтірілген құқықтардың қалпына келтірілуін, оларды соттың қорғауын қамтамасыз ету қажеттігін тануға негізделеді.

Азаматтық құқықтық қатынастардың элементтері субъектілері, объектілері мен мазмұны, ал негізгі бастаулары Қазақстан Республикасының Конституциясы, Азаматтық Кодексі, оған сәйкес қабылданған өзге де заңдар және заңға тәуелді кесімдер болып табылады.

Азаматтық құқықтың субъектілері.

Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың субъектілеріне: жеке және заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық, бөліністер жатады.

Жеке тұлға- Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар. Азаматтарда өз құқықтары мен іс-әрекетін жүзеге асыру үшін құқықтық және әрекет қабілеттілігі болуы тиіс. Азаматтың құқықтың қабілеттілігі- бұл азаматтық құқық пен азаматтық міндеттемелерге ие болу қабілеттілігі. Ол адам туылғанда пайда болып және адам өлгенде барып тоқтатылады.

Азаматтық әрекет қабілеттілігі- азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттемелер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі кәмелетке толғанда, яғни 18 жастан пайда болады. Жасы 18-ге толмағандардың әрекет қабілеттілігі екі топқа бөлінеді:

  • он төрт жасқа толмағандар;
  • он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгілер.

Он төрт жасқа толмағандар үшін келісімдерді олардың атынан ата-аналары, бала асырап алған адамдар немесе қамқоршылар жасайды. Өздігінен бұл жасөспірімдер тек өздерінің жасына лайықты күнделікті тұрмыстағы жасалған кеөіндегі орындалатын ұсақ келісімдерді жасауға хақылы. Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгілер келісімді ата-аналарының, бала асырап алған адамдардың немесе қамқоршылардың ризалығымен жасайды. Өздігінен олар табысын немесе стипендиясын билеуге, өздерінің шығармаларына, өнертапқыштық құқықтарын жүзеге асыруға, сондай-ақ күнделікті тұрмыстағы келісімді жасауға хақылы. Жүйке ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан өз әрекеттерінің мәнін түсіне алмайтын немесе не істегенін білмейтін азаматты сот әрекет қабілеттілігі жоқ деп тануы мүмкін, соған байланысты оған қамқоршылық белгіленеді. Спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салыну салдарынан өзінің отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан азаматтың әрекет қабілеттілігін сот заңда көрсетілген тәртіппен шектеуі мүмкін. Оған да қамқоршы белгіленеді. Бірақ, ол тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы. Заңды тұлға құрмай-ақ мемлекеттік тіркеуге тұрған кезден бастап, азаматтар кәсіпкерлік қызметпен айналысуға және де осы кезден жеке кәсіпкерліктің субъектілері болып табылады. Түрлері: өзіндік, бірлескен кәсіпкерлік. Өзіндік кәсіпкерлікті бір азамат меншік құқығы бойынша өзіне тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға немесе оған билік етуге жол беретін өзге де құқыққа, ал бірлескен кәсіпкерлікті жеке кәсіпкерлер ортақ меншік құқығы бойынша өздеріне тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға немесе оған билік етуге жол беретін өзге де құқықтарға байланысты жүзеге асырады.

Түрлері:

  • ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігі негізінде жүзеге асырылатын ерлі-зайыптылар кәсіпкерлігі;
  • шаруа шаруашылығының ортақ меншігі немесе жекешелендірілген тұрғын үйге бірлескен ортақ меншік негізінде жүзеге асырылатын отбасылық кәсіпкерлік;
  • кәсіпкерлік қызмет үлестік ортақ меншік негізінде жүзеге асырылатын жай серіктестік.

Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалар шаруашылық серіктестік, өндірістік кооператив, мемлекеттік кәсіпорын нысандарында құрылуы мүмкін, ал мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтыну кооперативі, қоғамдық қор және діни бірлестіктер коммерциялық емес ұйымдар болып табылады. Заңды тұлғалар бірлестіктер құра алады /ассоциациялар, одақтар/.

Азаматтық-құқықтың мәмілелері.

Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немес тоқтатуға бағытталған әрекеттері мәмілелер деп танылады. Мәмілелер біржақты және екі немесе көпжақты болуы мүмкін. Заңдарға немесе тараптардың келісіміне сәйкес жасалуы үшін бір тараптың ерік білдіруі қажет және жеткілікті болатын мәміле біржақты деп есептелінеді. Шарт жасасу үшін екі тараптың не үш немесе одан да көп тараптың келісілген ерік білдіруі қажет. Азаматтық құқықтық мәмілелер ауызша, жазбаша нысанда жасалады. Жасалған кезде атқарылатын жетон, билет немесе әдеттегідей қабылданған өзге де растайтын белгі арқылы жасайтын мәмілелер ауызша жасалынады. Мұндай мәмілелер адамның мінез-құлқынан, оның мәміле жасау еркі айқын көрініп тұрған ретте де жасалған деп саналады. Үндемей қалу заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген реттерде мәміле жасауға ерік білдіру деп танылады.

Жазбаша нысан жай және нотариялдық болып екіге бөлінеді.

Мынадай мәмілелер:

- кәсіпкерлік үрдісінде жүзеге асырылатын;

- мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, жүз еселеген есептік көрсеткіштен жоғары сомаға;

- заңдарда немес тараптардың келісімінде көзделген өзге де реттерде жазбаша жасауы тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылық шарттары
Міндеттеме ұғымы және түрлері
Меншік құқығының түсінігі мен мазмұны
Меншік құқығын және өзге заттық құқықтарды иелену
Міндеттемені орындау және оның принциптері
Азаматтық құқық - дәрістер жинағы
Азаматтық – құқықтық міндеттемелердің жалпы сипаттамасы
Еңбек құқығының әдісі
Тұлғаны қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы
Еңбекті қорғау мен еңбек заңнамасының сақталуын қадағалау мен бақылау бойынша құқықтық қатынастар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz