Азаматтық құқықтағы өкілдік



Кіріспе 3
І. Азаматтық құқықтағы өкілдік
1.1. Өкілдіктің түсінігі және маңызы. Өкілдіктің субъектілер 4.8
1.2. Өкілдің уәкілеттігі 8.10
ІІ. Өкілдіктің заңнамада көрсетілген түрлері 11.14
ІІІ. Сенімхат . өкілдікті рәсімдеу нысаны ретінде
3.1. Сенімхаттың түсінігі, нысаны, түрлері және мерзімі 15.19
3.2. Сенімхатты куәландыру 19.20
3.3. Қайта сенім білдіру 20.22
3.4. Сенімхаттың тоқтатылуы және оның салдары 22.24
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиет тізімі 26
Азаматтық құқықтық қатынастар біздің өмірімізде ең жиі кездесетін қатынастар. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері: жеке тұлғалар және заңды тұлғалар. Бұл субъектілер мәмілелер жасағанда тікелей қатысады, кейбір жағдайдалда өздері тікелей қатыса алмай басқа бір тұлға арқылы мәміле жасау қажет болады. Осындай жағдайларды реттеу үшін азмататтық заңнамада өкілдік институты көрсетілген.
Өкілдік (ағылш. representation) – бұл бір тұлғаның (өкілдің) басқа тұлға (өкіл беруші) үшін құқықтар мен міндеттер туғыза отырып (өзгертіп, тоқтатып) өзінің уәкілеттігі негізінде соның атынан әрекет жасау бойынша құқықтық қатынас. өкіл өкіл берушінің атынан әртүрлі мәмілелер жасай алады (тұрғын үйді сату-сатып алу, жалға беру, айрбастау, т.б.)
Өкіл арқылы басқа да заңды әрекеттер жасалуы мүмкін – претензия қою, жалақы, жәрдем-ақы алу, т.с.с. Өкіл арқылы сипаты бойынша тұлғаның жеке өзі жасауға тиіс мәмілелер жасалынбайды (некеге тұру туралы өтініш, кейбір неке-отбасы қатынастары, асырап алу). Өкілдік арқылы тікелей заңды маңызы жоқ әрекеттер жасалынбайды (мысалы, жұмыс істеу).
Өкілдің уәкілеттігі көбінесе сенімхат арқылы рәсімделеді. Кейбір жағдайларда заңның негізінде (мысалы, заңды өкіл ретінде ата-аналардың өз кәмелетке толмаған балаларының атынан өкілдік жасауы, қамқоршының қамқорындағы адамның өкілі болуы), әкімшілік акт негізінде (мысалы, әрекет ететін жағдайға байланысты сатушы, кассир, жүк қабылдаушы, т.б. лауазымдарды тағайындау).
Өкіл болатын азаматтар әрекет қабілеттілікке ие болу керек. Заңды тұлғаның өһкіл болуы оның жарғысына қайшы болмау керек. Заңды тұлғалар өзінің тұрғылықты жерінен тыс орындарда заңмен көрсетілген тәртіпте өкілдік функцияларын орындау үшін арнайы бөлімдер ашуы мүмкін; өкілдік сәйкес заңды тұлғаның сенімхаты негізінде осындай бөлімдердің бастығы арқылы жүзеге асырылады. Өкіл әр жағдайда өкіл берушінің мүдделерін қорғау мақсатында әрекет ету керек, сондықтан ол өкілдің атынан өз өзімен мәміле жасай алмайды және тағы басқа бір тұлғаның өкілі болса екі өкіл берушілердің арасында мәміле жасай алмайды.
Нормативтік-құқықтық актілер:
1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім).
2. ҚР “Нотариат туралы” Заңы
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 28 шілдедегі N 539 бұйрығымен бекітілген “Қазақстан Республикасында нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы Нұсқаулық”

Арнайы әдебиет:
4. Комментарий к Гражданскому кодексу РК, 1 том, отв. ред. Сулейменов М.К., Басин Ю.Г., Алматы, 1998
5. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Ғ.Төлеуғалиев. 1 том. Алматы, 2001
6. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы: Оқу құралы. Ғ.Төлеуғалиев. 1 том. Алматы, 2001

7. Гражданское право Республики Казахстан. Отв.ред. Г.И.Тулеугалиев, К.С.Мауленов. Т. 2. Алматы, 1998, 261-бет, авторы проф. Базарбаев Б.Б.

8. Гражданский кодекс Республики Казахстан – толкование и комментирование. Общая часть. Алматы, 1996-2000
9. Гражданское право. Том 1. Отв.ред. Е.А.Суханов. М., “БЕК”, 2000 ж.
10. Гражданское право: учебник. Ч.1. Под.ред. А.П.Сергеева, Ю.К.Толстого. М., “БЕК”, 2000 ж.
11. Гражданское право. Под ред. Калпина А.Г., Маслеева А.И. 1 б., М., 1997
12. Гражданское право России. Под ред. Садикова О.Н. (курс лекций). 1 б. М., 1996
13. Гражданское право Российской Федерации. Корнеева И.Л. М., ИНФРА-М, 2006
14. Гражданское право в вопросах и ответах. Алексеев С.С. М., “Проспект”, 2005
15. Актуальные проблемы гражданского права: Сборник статей. Выпуск 8. Шилохвост О.Ю. М., “Норма”, 2004
16. Актуальные проблемы гражданского права: Сборник статей. Выпуск 9. Шилохвост О.Ю. М., “Норма”, 2005
17. Актуальные проблемы гражданского права: Сборник статей. Выпуск 10Шилохвост О.Ю. М., “Норма”, 2006
18. Гражданское и торговое право. Богатых Е.А. М., “Юристъ”, 2004
19. Гражданское право. Илларионова И.Л., Гонгало Б.М., Плетнев В.А. М., “Норма”, 2001
20. Гражданское право (юридические конструкции, понятия, схемы и таблицы). Пидяева В.В. М., “ИНФРА-М”, 2005
21. Гражданское право России: ч.1: Конспект лекций в схемах. Платонов Д.И. М., “ПРИОР”, 2003
22. Гражданское право в вопросах и ответах. Пиляева В.В. М., “КноРус”, 2006
23. Гражданское право. Сергеев С.С. М., “Проспект”, 2001
24. Гражданское право. Гомола А.И. М., “Академия”, 2005
25. Гражданское право. Гришаев С.П. М., “Юристъ”, 2004
26. Гражданское право. Мердалиев Р.Т. С-П., “Питер”, 2005
27. Гражданское право. Смоленский М.Б. М., “Феникс”, 2005
28. Гражданское право. Протос Е.В. М., “Высшая школа”, 2005
29. Гражданское право. Общая часть: курс лекций. Лихачев Г.Д. М., “Юстицинформ”, 2005
30. Гражданское право. Ч.1: Конспект лекций. Паленко В.В., Таранцова Е.И. М., “Феникс”, 2005

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Ж О С П А Р

Кіріспе
3

І. Азаматтық құқықтағы өкілдік

1.1. Өкілдіктің түсінігі және маңызы. Өкілдіктің субъектілер
4-8

1.2. Өкілдің уәкілеттігі
8-10

ІІ. Өкілдіктің заңнамада көрсетілген түрлері
11-14

ІІІ. Сенімхат - өкілдікті рәсімдеу нысаны ретінде

3.1. Сенімхаттың түсінігі, нысаны, түрлері және мерзімі
15-19

3.2. Сенімхатты куәландыру
19-20

3.3. Қайта сенім білдіру
20-22

3.4. Сенімхаттың тоқтатылуы және оның салдары
22-24

Қорытынды
25

Қолданылған әдебиет тізімі
26

Кіріспе

Азаматтық құқықтық қатынастар біздің өмірімізде ең жиі кездесетін
қатынастар. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері: жеке тұлғалар
және заңды тұлғалар. Бұл субъектілер мәмілелер жасағанда тікелей қатысады,
кейбір жағдайдалда өздері тікелей қатыса алмай басқа бір тұлға арқылы
мәміле жасау қажет болады. Осындай жағдайларды реттеу үшін азмататтық
заңнамада өкілдік институты көрсетілген.

Өкілдік (ағылш. representation) – бұл бір тұлғаның (өкілдің) басқа
тұлға (өкіл беруші) үшін құқықтар мен міндеттер туғыза отырып (өзгертіп,
тоқтатып) өзінің уәкілеттігі негізінде соның атынан әрекет жасау бойынша
құқықтық қатынас. өкіл өкіл берушінің атынан әртүрлі мәмілелер жасай алады
(тұрғын үйді сату-сатып алу, жалға беру, айрбастау, т.б.)

Өкіл арқылы басқа да заңды әрекеттер жасалуы мүмкін – претензия қою,
жалақы, жәрдем-ақы алу, т.с.с. Өкіл арқылы сипаты бойынша тұлғаның жеке өзі
жасауға тиіс мәмілелер жасалынбайды (некеге тұру туралы өтініш, кейбір неке-
отбасы қатынастары, асырап алу). Өкілдік арқылы тікелей заңды маңызы жоқ
әрекеттер жасалынбайды (мысалы, жұмыс істеу).

Өкілдің уәкілеттігі көбінесе сенімхат арқылы рәсімделеді. Кейбір
жағдайларда заңның негізінде (мысалы, заңды өкіл ретінде ата-аналардың өз
кәмелетке толмаған балаларының атынан өкілдік жасауы, қамқоршының
қамқорындағы адамның өкілі болуы), әкімшілік акт негізінде (мысалы, әрекет
ететін жағдайға байланысты сатушы, кассир, жүк қабылдаушы, т.б.
лауазымдарды тағайындау).

Өкіл болатын азаматтар әрекет қабілеттілікке ие болу керек. Заңды
тұлғаның өһкіл болуы оның жарғысына қайшы болмау керек. Заңды тұлғалар
өзінің тұрғылықты жерінен тыс орындарда заңмен көрсетілген тәртіпте өкілдік
функцияларын орындау үшін арнайы бөлімдер ашуы мүмкін; өкілдік сәйкес заңды
тұлғаның сенімхаты негізінде осындай бөлімдердің бастығы арқылы жүзеге
асырылады. Өкіл әр жағдайда өкіл берушінің мүдделерін қорғау мақсатында
әрекет ету керек, сондықтан ол өкілдің атынан өз өзімен мәміле жасай
алмайды және тағы басқа бір тұлғаның өкілі болса екі өкіл берушілердің
арасында мәміле жасай алмайды.

Өкіл жасаған әрекеттердің өкіл беруші үшін заңды салдар туғызу үшін
осы әрекеттер уәкілеттік шегінде жасалу қажет. Бірақ кейін өкіл беруші
уәкілеттіктің шегінен шығатын өкілдің әрекеттерін қолдаса олар өкіл беруші
үшін құқықтар мен міндеттер туғызады.

І. Азаматтық құқықтағы өкілдік

1.1. Өкілдіктің түсінігі және маңызы. Өкілдіктің субъектілері

Өкілдік деп баска адамның (өкілдік берушінің) атынан бip адамның
(өкілдің) сеімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа
негізделген өкілеттігі күшімен жасаған мәміле және заңды әрекеттер жасауын
айтамыз. Өкілдің жасаған мәмілесі өкілдік берушінің азаматтық құқықтары мен
міндеттерін тікелей туғызады, өзгертеді және тоқтатады.
Өкілеттік өкілдің (бөлшек саудасындағы сатушы, кассир) әрекет жасаған
жағдайынан да көрінуі мүмкін (АК-тің 163 бабы).
Өкілдікке мұқтаждық өкіл беруші заңның (әрекет қабілеттігінің болмауы)
немесе нақты бір өмірлік жағдайдың (адамның ауруы, командировка, қолының
бос болмуы, т.б.) негізінде өз құқықтар мен міндеттерін орындай алмайды,
сондықтан өкілдің арнайы білімін және тәжірибесін пайдалану, уақытын
үнемдеу үшін өкілдің қызметіне жүгінеді.
Өкіл арқылы мүліктік қана емес, сонымен қатар кейбір жеке мүліктік
емес құқықтар да жүзеге асырылады, бірақ мәміленің сипаты бойынша және
заңда көрсетілген нақты жағдайларда өкіл беруішінің өзі реік білдіру керек,
яғни өкіл арқылы әрекет жасалмайды, мысалы, өсиет қалдыру, өмірлік асырау
келісім-шарты, т.б.
Іс-әрекеттердің бәрін өкіл арқылы істеуге бола бермейді. Заң бойынша
кейбіреулер үшін оның өзі қатысуы керек болады. Заңдылық әрекеттерді өзі
ғана жасауы керектігі заңда айтылмаған немесе сол әрекеттердің сипатынан
тумаған жағдайлардың бәрінде өкілдікке рұқсат беріледі. Мәселен, өсиет
қалдыру мәселесіне өкілдік болмайды, өйткені, қағазда өсиет қалдырушы өзі
қол қою керек, некені тіркеуде, лекция оқу, сахнада ойнау, тәрізді жеке
өзіндік міндеттерді орындағанда арада өкілдік жүрмейді (АК-тің 163 –
бабының 5-тармағы).
Өкілдік институтының маңыздылығы сонда, ол тұлғаға бір мезгілге
бірнеше нарықта, оның ішінде шетелде жұмыс істеуіне мүмкіндік береді,
сондай-ақ істің көзін білетін әрі ұйымдастыра алатын мамандарды тартуға
қолайлы келеді.
Өкілеттіктің туындауының негізі — заң фактісі болып табылады.[1] Заңда
мынадай өкілдіктің негіздері бар:
- шартта немесе алдын-ала келісімде көрсетілген өкіл ұстауға тілек
білдірген өкілдік берушінің еркі;
- заңда көрсетілген фактілер; мәселен, ата-ана өздерінің балаларының
заңды өкілдері бола алады, әpi олардың құқықтары мен міндеттерін
кез келген жеке және заңды тұлғалар алдында қорғай алады, сондай-ақ
балалары үшін сотта арнайы өкіл болып қатыса алады ( АК-тің 164-
бабы);
- уәкілетті органның актici — тулғаға өкіл болып қатысуға рұқсат
беретін акт. Мысалы, өкілдік міндетті аткаруды талап ететін
лауазымға тағайындау өкілеттік, сондай-ақ өкілдің (бөлшек сауда
жүйесіндегі сатушы, кассир және т.с.с.) әрекет жасайтын жағдайынан
да көpiнyi мүмкін ( АК-тің 163-бабыньң 1-тармағы).
Өкілдік заңды және ерікті деп бөлінеді. Заңды өкілдік тікелей заңнан
туындайды, Әpi ол өкілдік берушінің еркіне қарамайды. Мысалы, Теңіз жолы
сауда кодексі бойынша кеме капитаны қызмет бабында жасалған мәмілеге
байланысты кеме иесінің және жүк иесінің өкілі болып табылады, жолшыбай не
барган жерінде кеме иесінің немесе жүк иесінің өкілдері болмаса,
жағдайга байланысты талап кою мәселесін өзі шеше береді, кейбір
мәмілелерге билік етеді (ТЖСК-нің 50-бабы).
Шартка негізделген өкілдік epікті өкілдік деп аталады. Мұның өзі
өкілдік берушінің еркіне байланысты болады. Өкілдік беруші өкілді тауып
қана қоймай, оның өкілеттігін де айқындайды. Сонымен бipre өкілдік
берушінің атынан заңдык әрекет жасарда өкілдің өзімен де келісім жасау
талап етіледі. Өкілдік беруші мен өкіл арасында шарт жасалып, онда
өздерінің ішкі қарым-қатынастарын айқындайды (мысалы, тапсырма шарты).
Егер мұндай шарттың тарабы кәсіпкерлік жүйеде шарт жасасқан кезде
олардың атынан үнемі және дербес өкілдік етуімен болмаса, онда коммерциялық
өкілдік туындайды (ҚР АК-нің 166-бабының 1-тармағы). Мұндай жағдайда
коммерциялық өкіл өкілдің өкілеттігі көрсетілетін жазбаша шарт негізінде,
ал ол көрсетілмеген жағдайда – сенімхат неігізінде әрекет жасайды.
Коммерциялық өкілдік екі түрге бөлінеді: өз өкілдігі және бөтен тұлғаның
алдында болатын өкілдік.[2]
Өз атынан болу – заңды тұлға өкілді өз құрылымынан тағайындайды және
ол арқылы өзінің құқықтары мен міндеттерін орындап, мүддесін қорғайды.
Мұндай өкілдікте бip субьект болады, сырттан бөтен тұлғаны айналымға
қатыстырмайды (АК-тің 163-бабының 1-тармағы).
Коммерциялық өкілдіктің екінші түpi - басқалардың мүдделері үшін
болса да өз атынан әрекет ететін адамдар (коммерциялық делдалдар,
мұрагерлік кезінде өсиет орындау тапсырылған адамдар және т. б.).
Коммерциялық өкілдің өкілеттігі жазбаша шартта тікелей керсетілуі
тиіс немесе оған берілетін сенімхатта да жазылады. Коммерциялық өкіл бip
мезгілде өзінің қатысуымен жасалатьш шарттың түрлі тараптардың мүдделерін
білдіре алады. Бұл орайда ол өзіне берілген тапсырмаларды кәдімгі
кәсіпкердің ыждағаттылығымен орындауға міндетті.
Коммерциялық өкіл өзіне белгілі болған сауда мәмілелері туралы
мәліметтерді өзіне берілген тапсырманы орындағаннан кейін де құпия сақтауға
міндетті (АК-тің 166-бабының 4-тармағы).
Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген салаларындағы коммерциялық өкілдіктің
ерекшеліктері заңмен белгіленеді.

Өкілдік институтының мазмұны субъектілер құрамы туралы ережемен
айқындалады, ал ол өз кезегінде құқықтар мен міндеттердің пайда болуына,
олардың мазмұндарына, қорғану түрлеріне негізделеді. Аталған негізгі
элементтердің сипаты өкілдік ұғымы аркылы көрінеді. Өкілдіктің
субъектілерінің құрамы үш адамнан — өкілдік беруші, өкіл, және үшінші
жақтан тұрады. Өкілдік беруші өкілге іс-әрекеттерді жасауды тапсырып,
тиісті сенімхат берген болса ғана немесе өкіл өзінің қызметтерін заң
нұскауы немесе заңды тұлганың құжаттары бойынша істейтін болса ғана өкілдің
іс-әрекеттері өкілдік беруші үшін құқықтар мен міндеттер тудыра алады.
Азаматтық құқыктық кез келген субъектілері, құқық, кабілеттілігі бар немесе
жоқ адам да, заңды тұлга да өкілдік беруші бола алады .
Ал азаматтық құқық субъектілерінің бәpi бірдей өкіл бола алмайды.
Азаматтық әрекет кабілеттілігі бар кез келген тұлға, яғни азаматтар мен
заңды тұлгалар өкіл бола алады. Мұның өзі алдымен азаматтьң 18 жаска толу
керектігін керсетеді, өйткені, бұл жаста оған азаматтық әрекет қабілеттігі
толықтай тән, кейбір жағдайларда сауда және қызмет көрсету саласында заңды
тұлғаның өкілі ретінде еңбектік кәмелеттік жасқа, яғни 16 жасқа, толған
азаматтар өкіл бола алады. Ал заңды тұлғаның өкіл болуы оның жарғылық
құжаттарында айқындалған мақсаттарына және міндеттеріне қайшы келмеуі тиіс.
Үшінші жақ – бұл өкіл берушінің өкіл арқылы азаматтық-құқықтық мәміле
немесе заңды әрекет жасайтын азамат немесе заңды тұлға, яғни азаматтық
құқықтың кез келген субъектісі.

1.2. Өкілдің уәкілеттігі
Өкілдің онымен әрекетке түcyi нәтижесінде өкілдік берушінің азаматтық
құқық қатынастары белгіленеді, өзгереді және тоқтатылады. Егер өкіл өз
уәкілеттігін асыра әрекет етсе өкіл беруші өкілдің өзінің атынан құқықтық
қатынастарға түскен үшінші тұлғаның алдында ешқандай міндеттерге ие
болмайды және оның әрекеттері үшін жауап бермейді.[3]
Өкілдің уәкілеттігі – бұл өкілдің үшінші тұлғаларға қатысты әрекет
етудің, мәміле жасаудың мүмкін шарасы. Өкіл өзіне берілген уәкілеттің
арқасында өкіл берушінің атынан және оның мүдделері мақсатында үшінші
тұлғалармен мәмілелер, басқа заңды әрекеттер жасай алады.
Өкілдің қажетті уәкілеттігінің пайда болуы алдымен өкіл берушінің ерік
білдіруімен, басқа да заңды фактілермен байланысты. Өкілдің уәкілеттігінің
көлемі мен сипаты, сондай-ақ оларды жүзеге асыру жағдайлары заңды
фактілердің өкілдігі негізінде жатыр.
Өкілдің уәкілеттігінің болуы – кез келген өкілдің қажетті шарты. Бірақ
кейбір жағдайларда бір тұлғаның атынан және оның мүдделері үшін басқа
тұлғамен қажетті уәкілеттігі болмай-ақ мәмілелер мен заңды әрекеттер
жасалуы мүмкін. Кейде осындай жағдай таза күйінде болады – азаматтық
құқықтық айналым қатысушыларының арасында өкілдік туралы ешқандай алдын-ала
келісім болмайды. Мысалы, бір азамат оның танысы сая-жай үйін қажет етіп
жүргенін біліп, бірақ ешқандай нақты тапсырмасыз оның атынан осы үйді жалға
алу туралы келісім-шарт жасайды.
Біздің өмірімізде жалған өкілдік кезедеседі – азаматтық айналымның
қатысушылары өкілдік ережелеріне сәйкес әрекет етіп жатырмын деп ойлап,
бірақ шындығында қажетті уәкілеттігі жоқ болады. Жалған өкілдіктің мысалы
ретінде сенімхатты дұрыс рәсімдемеу, оның мерзімінің аяқталуына байланысты
тоқтатылуы, өкіл берушінің сенімхаттың күшін жоюы, т.б. болады.
Өкіл нақты бір уәкілетке ие болып, бірақ оны жүзеге асыру кезінде оның
шегінен асыра шығу жағдайлары да жиі кезедеседі, мысалы, өкілге тапсырылған
көлемнен артық мүлік алу туралы келісім-шарт жасайды. Осындай жалған
өкілдік деп келесі жағдайды айтуға болады: бір тұлға екінші тұлғаға үйін
жалға беруге сенімхат қалдырып кетті, ал осы өкіл үйді үшінші тұлғаға
сатуға уәкілетім бар деп сатып жібереді, әрине бұл сатып алу-сату мәмілесі
тиісті мемлекеттік тіркеуден өтпейді, бірақ үшінші тұлға үйдің құнын
төледі, үйде тұрып жатыр, ал өкіл беруші жалға беру уақыты өткеннен кейін
осы қалаға оралып үйді шынында сатып алған үшінші тұлғаны үйінен шығаруға
құқылы, өйткені өкілдің үйді сатуға уәкілеттігі болған жоқ.
Барлық жағдайларда бір тұлғаның басқа тұлғаның атынан және оның
мүдделері үшін жасаған мәмілелері мен заңды әрекеттері өкіл берушіге сәйкес
құқықтар мен міндеттер тудырмайды. Бірақ сонымен қатар уәкілетсіз немесе
уәкілеттікті асыра әрекет етуді көңілсіз қалдыруға болмайды және ол белгілі
бір жағдайларда азаматтық құқықтық қатынастардың тудырады, өзгертеді және
жояды. Мысалы, уәкілет бермеген тұлғаның атынан және оның мүдделері үшін
жасалған мәмілелер мен заңды әрекеттер жасалып олар сол тұлғаның қолдауы
арқылы уәкілетік жоқтығын және кемшіліктерін жоюы мүмкін. Осындай қолдау
қажетті немесе мәмілемен анықталған мерзімде жүзеге асу керек. Өзінің заңды
табиғаты бойынша кейінгі қолдау өкіл берушінің еркімен жасалған бір жақты
мәміле болып табылады. Ол жазбаша нысанда, мысалы, хат, телеграмма, факс
т.с.с. жіберу арқылы немесе орындауды қабылдау, есеп-айырсуды жүргізу
арқылы көрінеді. Өкіл берушінің әрекеттерінен жасалған мәмілені қолдауы
тікелей көрініп тұру өте маңызды. Өкіл берушінің мәмілені қолдауы кері
күшке ие, яғни мәмілені жасалған уақытынан бастап жарамды деп тануға
мүмкіндік береді.
Сәйкес уәкілеттігі жоқ немесе уәкілеттігін асырып әрекет еткен өкіл
арқылы жасалған мәміле үшінші тұлға үшін құқықтық салдар тудырады. Өкіл
беруші оның атынан жасалған мәмілені қолдау ережесі алдымен осы мәмілені
жасауға мүдделі тұлға үшін көрсетілген. Ал мәміле жасалған үшінші тұлға
өкілдің уәкілетсіз екені туралы сенімхатпен танысу арқылы өкілдің
уәкілеттігін тексеріп біледі деп білуі керек деп тұжырымдалады. Сондықтан
үшінші тұлға бұл жағдайға немқұрайлы қараса немесе осы мәмілені саналы
түрде жасаса ол жасалған мәмілемен байланысты деп танылады. Егер мәмілені
өкіл беруші қолдаса сәйкесінше мәміле заңды күшке ие болады және өкілдің
уәкілеттігінің жоқтығын білген үшінші тұлға осы мән-жай бойынша қабылдаған
міндеттерден бас тарта алмайды.
Уәкілетсіз немесе оның шектерінен асыра әрекеттер өкіл болған тұлға
үшін заңды салдар тудырады. Егер өкіл беруші кейін осы мәмілені тікелей
қолдмаса ол мәміле жасаған тұлғаның атынан және оның мүдделері үшін жасалды
деп танылады. Сондықтан ол өзі осы мәміленің контрагенті алдында
міндеттерге ие және оның орындалмауы мен дұрыс орындалмауы үшін жауап
береді. Әрине бұл өкілдің осындай мәміледе тарап бола алатын
жағдайындақолданылатын тек жалпы ереже ғана. Заңды тұлғаның жұмыскерлері
оларға берілген уәкілеттен асыра немесе уәкілетсіз мәміле жасаған кезде,
кейін өкіл беруішінің қолдауын таппаса, жасалмаған деп есепетеліп
бағытталған заңды салдарды тудырмайды деп саналады. Уәкілетсіз өкілдің
әрекеттері заңсыз және кінәлі сипатта болса оны үшінші тұлға
жауапкершілікке тартуы мүмкін.
Өкілдік негізінде бip тұлғаның (өкілдік беруші, сенім беруші) екінші
тұлғамен (өкілмен) өкілеттікті бөлісуі жатыр. Мұндай өкілеттік болмаған
және өкілдік қатынасын асыра пайдаланғанда екінші жактың өкілдік беруші
тұлғаның атынан жасалған мәмілесі жарамсыз болып табылады. Бipaқ, Азаматтық
кодекстің 165-бабына сәйкес өкілдігі жоқ баска 6ip адамның атынан немесе
өкілеттігін асыра пайдаланып жасаған мәмілесі өкілдік беруші осы мәмілені
кейіннен мақұлдаған ретте ғана ол үшін азаматтық құқыктар мен міндеттерді
туғызады, өзгертеді және тоқтатады. Әpi өкілдік берушінің кейіннен
мақұлдауы мәмілені оның жасаған кезінен бастап жарамды етеді.[4]
Бір тұлға бірнеше тұлғаның бір уақытта өкілі болуы мүмкін. Осындай
жағдайда ол екі немесе одан да көп өкілдердің бір-біріне қайшы келетін
жағдайлар туғызатын мәміле жасауына тыйым салу ҚР Азаматтық кодексінің 163-
бабының 3-тармағындағы норма арқылы көрінеді: өкiл жеке өзiне қатысты да,
сонымен бiрге өзi өкiлi болып табылатын басқа адамға қатысты да өкiлдiк
берушiнiң атынан мәмiлелер жасай алмайды, мысалы, өкіл беруші сатуға берген
мүлікті өзі сатып ала алмайды немесе осы мүлікті басқа өзіне өкіл берушіге
сата алмайды.

ІІ. Өкілдіктің заңнамада көрсетілген түрлері

Өкілдік берілу негізіне қарай үш түрге бөлінеді:

1) әкімшілік акт негізінде берілген өкілдік, яғни өкіл берушінің
әкімшілік актісі негізінде оның атынан және оның мүдделері үшін өкіл әрекет
етуге міндетенеді. Көбінесе бұл заңды тұлғаның органы жұмыскерді нақты
өкілдік функцияларды жүзеге асыруға байланысты лауазымға тағайындау туралы
бұйрық шығарғанда орын алады, мысалы, сотта өкілдік, заңды актілерді жасау,
т.б. Өкілдің уәкілеттігі бұл жағдайда шығарылған әкімшілік актімен
анықталады, немесе жұмыскердің лауазымдық нұсқауынан, өкіл қызмет ететін
жағдайынан шығады (сатушы, кассир, тапсырма қабылдаушы, т.б.). Өкілдіктің
осындай түріне кооператив немесе қоғамдық ұйымдағы мүшелікке негізделген
өкілдікті жатқызуға болады.

2) Заңға негізделген өкілдік, яғни заңның тікелей нұсқауы бойынша
пайда болған қатынастар, мысалы, жасы кіші балалардың өкілдері аналық және
әкелік фактісіне негізделген ата-анасы заңды өкілдері болып табылады.
Асырап алу, қамқоршы тағайындау және заң өкілдіктің пайда болуын
байланыстыратын басқа да заңды фактілер осындай рөл атқарады. Өкілдіктің
осы түрінің ерекшеліктері, біріншіден, ол өкіл берушінің еркінен тыс пайда
болуында, екіншіден, өкілдің уәкілеттігі тікелей заңмен анықталуында.

3) Келісім-шартқа негізделген өкілдік, қарастырылған міндетті өкілдік
түрлерінен айырмашылығы - өкілдіктің ерікті болуы, яғни бұл өкілдің
фигурасын ғана емес, оның уәкілеттігін де анықтайтын өкіл берушінің еркі
бойынша пайда болады. Сонымен қатар өкіл берушінің атынан заңды әрекеттер
жасау үшін өкіл берушінің келісімі қажет. Өкіл беруші мен өкілдің арасында
ішкі қарым-қатынастарын анықтайтын келісім-шарт жасалады (көбінесе –
тапсырма шарты);

4) ҚР Азаматтық кодексінің 166-бабы біздің азаматтық құқық үшін жаңа
өкілдік түрін – коммерциялық өкілдікті еңгізді. Коммерциялық өкіл – бұл
әрқашан кәсіпкер болып келеді, ол кәсіпкерлердің атынан тұрақты және дербес
түрде мәмілелелр жасайды. Сәйкес мән-жайды ескере отырып дәстүрлі
өкілдіктен өзгеше коммерциялық өкілдіктің конструкциясы жасалды. Осы
өкілдік түрі үшін орнатылған құқықтық режимнің ерекшеліктерінің бірі –
коммерциялық өкіл қарапайым мәмілелерді ғана емес, сондай-ақ өзінен басқа
ешкім жасай алмайтын мәмілелерді жасайды.[5]

Бұл жерде біз ҚР Азматтық кодексінің 166 бабы коммерциялық өкіл екі
тараптың өкілі болып олардың арасында келісім-шарт жасау мүмкіндігін беріп
тұр (сатушы мен сатып алушы, заем беруші мен заем алушы, мердігер мен
арендатор, т.б.).

Осындай қатынастардың мәміледегі екі тараптың мүдделерін қозғайтын
ерекше сипатын ескере отырып ҚР Азаматтық кодексі осындай қатынастарды
пайдаланудың міндетті шарттарын қойған. Біреуінің болмауы – коммерциялық
өкілдің жасаған мәмілесін жарамсыз деп танудың негізі болады, яғни өкіл
беруші үшін салдар тудырады.

Мұндай міндетті шарттарға келесі жатады:

1) тараптар бір уақытты коммерциялық өкілдікке келісім білдірді. Бұл
ережеден ауытқу тек заңмен көрсетілген жағдайларда ғана болады.

2) коммерциялық өкіл бір уақытта өкіл болу құқығын нақты білдіретін
уәкілеттіктерге ие бола алады. Осындай уәкілеттік болашақ мәміленің
тараптары өкілмен жасаған жазбаша келісім-шарттарда немесе
әрбіреуі берген сенімхатта көрсетілуі мүмкін.

Азаматтық кодекс коммерциялық өкілге сәйкес құқықтар береді және
сонымен қатар оның мәртебесінің сипатынан шығатын нақты міндеттер жүктейді.
Коммерциялық өкілдік өкіл және өкіл берушілер арқылы жүзеге асатындықтан ол
ақылы болады. Бұл жерде өкіл ақымен қатар өзінің шығындарын өтеуді талап
ету құқығына ие. Екі жақтың мүдделерін айыру үшін олардың коммерциялық
өкілмен жасаған келісім-шарттарында ақы және шығындарды өтеу көрсетілмесе
бұл екі тарапқа тең үлесте жүктеледі.

Коммерциялық өкіл жасалатын сауда мәмілелері туралы мәліметтердің
құпиясын сақтау керек. Бұл міндет коммерциялық өкілдің тапсырманы
орындағанынан кейін де орындалу керек.

ІІІ. Сенімхат - өкілдікті рәсімдеу нысаны ретінде

3.1. Сенімхаттың түсінігі, нысаны, түрлері және мерзімі

Сенімхаттың түсінігі.
Көп жағдайларда өкілдік сенімхат беру арқылы рәсәмделеді. ҚР Азаматтық
кодексінде сенімхаттың түсінігі берілген.
Бір адамның (сенім берушінің) өз атынан өкілдік ету үшін екінші адамға
(сенім білдірген) берген жазбаша уәкілдігі сенімхат деп танылады (АК-тің
167-бабының 1-тармағы).
Сенімхатты пайдалану кезінде “уәкілдік” және “өкілетті” деген
терминдерді ажырата білу керек. Уәкілдік дегеніміз өкілдің өкілдік беруші
атынан іс-әрекетке қатынасуы, ал өкілеттік - өкілдік беруші үшін өкілдің
жасауға құқылы әрекеттерінің шеңбері болып табылады.
Көбінесе сенімхат ерікті өкілдіктің уәкілеттігін растау үшін беріледі.
Бірақ ерікті өкілдіктің негізінде өкіл мен өкіл берушінің арасындағы
келесім болса, сенімхатты беру өзінің заңды табиғаты бойынша өкіл берушінің
жеке еркі бойнша жасалатын бір жақты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық құқықтағы өкілдік ұғымы
Отбасы құқығы түсінігі
Азаматтық құқықтағы өкілдік жайлы
Азаматтық құқықтық қатынастардың ерекшеліктері
Мемлекеттік меншікті жекешелендіру
азаматтық құқықтағы өкілдік түсінігін ашу және оны сипаттау
Азаматтық құқық бойынша өкілдік беру
Өкілдік қатынастарының субъектілері
Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы (жалпы бөлім) «Юриспруденция» мамандығының студенттеріне арналған оқу құралы
Азаматтық құқықтық қатнастағы шарттың түсінігі мен оның маңызы
Пәндер