Азаматтық



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Қазақстан Республикасының заңдары бойынша азаматтық
ұғымы.
2. Азаматтыққа қабылдау және азаматтықтың тоқтатылуы.
3. Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайлары.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстан Республикасының Конституциясында және басқа да заңдарында азаматтардың мемлекет жөнінде белгілі міндеттері көзделген, осыған сәйкес мемлекет азаматтардың өз міндеттерін тиянақты орындауларына тиісті шаралар қолдануға қақылығы анықталған.
Адам мен азаматтың құқықтарының айырмашылығы оншалықты емес болса да, мемлекеттік билікті жүзеге асыруға тек азаматтық қана құқық береді. Азаматтықыты анықтайтын құжат төлқұжат болып табылады. Азаматтыққа қабылдану нәтижесінде Қазақстан Республикасының азаматтығын алған адамдар үшін азаматтық жағдайының мерзімітиісті адамға азаматтық жағдайының мерзімі тиісті адамға азаматтық беру туралы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығына қол қойылған күннен бастап есептеледі, ал туғандығы – азаматтық жағдайы туралы куәлігі бойынша анықталады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы 10-бабының 2-тармағында: «Республика азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзінің азаматтығын өзгерту құқынан айыруға, сондай-ақ Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды» делінген. Конституция 10-бабының 1-тармағына сәйкес «Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады, ол қандай негізде алынғанына қарамастан бірыңғай және тең болып табылады» деген ережесінің де іс жүзілік мәні зор.Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай тең құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады. Қалай болса да, адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдылық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс. Себебі, кез келген адм Қазақстан Республикасының азаматтығын заңды түрде ала алады және оны өзгерте алады.
1. Закон Республики Казахстан «О гражданстве» // Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан. 1991, №52, 636-бет.
2. Сапаргалиев Г., Калиева А. О двойном гражданстве.//Вестник Академии наук Республики Казахстан. 1994. №5.
3. Котов А. Единое гражданство – Конституционная основа равноправия в Республике Казахстан. Политика. 1995. №3, 21-бет.
4. А.М.Калиева «Правовое положение иностранных граждан в Республике Казахстан». Алматы, 1994.
5. Қазақстан Республикасының Конституциясы.
6. Қазақстан Республикасының Азаматтығы Заңы. 1991 жылы 20 желтоқсан.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Абылайхан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері
Университеті

Халықаралық қатынастар кафедрасы

Халықаралық қатынастар факультеті

СӨЖ

Азаматтық

Дайындаған:

Тексерген: Рамазанова А.Х.

Алматы, 2008

Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1. Қазақстан Республикасының заңдары бойынша азаматтық
ұғымы.
2. Азаматтыққа қабылдау және азаматтықтың тоқтатылуы.
3. Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтардың
құқықтық жағдайлары.

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Қазақстан Республикасының Конституциясында және басқа да заңдарында
азаматтардың мемлекет жөнінде белгілі міндеттері көзделген, осыған сәйкес
мемлекет азаматтардың өз міндеттерін тиянақты орындауларына тиісті шаралар
қолдануға қақылығы анықталған.
Адам мен азаматтың құқықтарының айырмашылығы оншалықты емес болса да,
мемлекеттік билікті жүзеге асыруға тек азаматтық қана құқық береді.
Азаматтықыты анықтайтын құжат төлқұжат болып табылады. Азаматтыққа
қабылдану нәтижесінде Қазақстан Республикасының азаматтығын алған адамдар
үшін азаматтық жағдайының мерзімітиісті адамға азаматтық жағдайының мерзімі
тиісті адамға азаматтық беру туралы Қазақстан Республикасының Президентінің
Жарлығына қол қойылған күннен бастап есептеледі, ал туғандығы – азаматтық
жағдайы туралы куәлігі бойынша анықталады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы 10-бабының 2-тармағында:
Республика азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзінің азаматтығын
өзгерту құқынан айыруға, сондай-ақ Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға
болмайды делінген. Конституция 10-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан
Республикасының азаматтығы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады, ол қандай
негізде алынғанына қарамастан бірыңғай және тең болып табылады деген
ережесінің де іс жүзілік мәні зор.Республиканың азаматы өзінің азаматтығына
орай тең құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады. Қалай болса да, адамның
және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа
адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс
пен қоғамдылық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс. Себебі, кез келген адм
Қазақстан Республикасының азаматтығын заңды түрде ала алады және оны
өзгерте алады.

1. Қазақстан Республикасының заңдары бойынша азаматтық ұғымы.
Қазақстан Республикасының заңдары азаматтықты азаматтардың жиынтығы
арқылы емес, әр жеке адам бойынша белгілейді.
Қазақстан Республикасының азаматтығына адамның мемлекетпен арасындағы
өзара құқықтар мен бостандықтар жиынтығын білдіретін тұрақты саяси-құқықтық
байланыс ұғынылады.
Азаматтық ұғымы заң бойынша үш элементтен тұрады:
1. адамның мемлекетпен байланысы уақытша емес, тұрақты болуы тиіс.
Адам өз қалауы бойынша азаматтықты біресе қабылдап, біресе одан
бас тарта алмайды.
2. адамның мемлекетпен байланысы саяси-құқықтық сипатта болады.
Мемлекет Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын кез-
келген адаммен құқықтық байланысқа түсе алады. Бірақ саяси
қатынас тек мемлекет пен оның азаматы арасында ғана орнай алады.
3. мемлекет пен азаматтың арасында өзара құқық пен міндеттемелер
белгіленеді.
Қазақстан Республикасы өзінің органдары мен лауазымды адамдары атынан
өз азаматтары алдында жауапты, ал Қазақстан Республикасы азаматтары өзінің
республикасы алдында жауапты. Ол Қазақстан Республикасының Конституциясын
және заңдарын сақтауға, оның мүдделерін, аумақтық тұтастығын қорғауға, әдет-
ғұрып, дәстүрлерді, мемлекеттік тілді және оның аумағында тұратын басқа да
ұлт өкілдерінің тілдерін құрметтеуге, Қазақстан Республикасының қуатының,
егемендігі мен тәуелсіздігінің нығайтылуына үлес қосуға міндетті.
Қазақстан Республикасының азаматтығының негізгі мәселелері
Конституциямен және Республиканың азаматтық туралы Заңымен реттеледі.
Конституцияға азаматтық туралы негізгі қағидалар: барлық азаматтардың
теңдігі туралы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдігі
туралы, құқықтар мен бостандықтардың шектелуіне жол берілмейтіндігі туралы,
азаматтықтан айыруға, республика шегінен қуғындауға және басқаларына жол
берілмейтіндігі туралы қағидалар енгізілген. Қазақстан Республикасының
азаматтығы туралы Заң: қандай адамдардың Қазақстан Республикасының азаматы
болып табылатынын, олардың құқықтық жағдайларын, азаматтықты алу және
тоқтату тәртібін, ата-аналардың азаматтығы өзгерген және бала етіп асырап
алған кездегі олардың балаларының азаматтығын, азаматтық мәселелері бойынша
мемлекеттік органдардың өкілеттігін, азаматтық мәселелері бойынша
мемлекеттік органдардың өкілеттігін, азаматтық мәселелер бойынша арыздар
мен ұсыныстарды қарау, шешімдерді орындау тәртібін, сондай-ақ азаматтық
мәселелері жөніндегі шешімдерге шағымдану тәртібін белгілейді.
Қазақстан Республикасының азаматтары азаматтыөты алу негіздеріне, шығу
тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайларына, нәсілді және ұлттық
сипатына, жынысына, біліміне, тіліне, дінге қатынасына, саяси және өзге де
наным-сеніміне, руы мен қатынас сипатына, тұратын орнына және басқа мән
жайларына қарамастан заң алдында тең.
Азаматтық туралы Заң күшіне енген күнге – 1992 жылдың 1 наурызына
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын; азаматтық туралы заңға сәйкес
Қазақстан Республикасының азаматтығын алған адамдар Қазақстан
Республикасының азаматы болып табылады.
Қазақстан аумағында тұратын, Қазақстан Республикасының азаматы болып
табылмайтын және шетелдің азаматтығына жататындығына дәлелдемелері жоқ
адамдар азаматтығы жоқ адамдар деп есептеледі.
Қандай да бір болсын шет мемлекетке жататындығына дәлелдемесі бар
адамдар шетел азаматтары болып есептеледі.
Қазақстан Республикасының азаматтығы:
1. тууы бойынша;
2. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдану нәтижесінде;
3. Қазақстан Республикасының халықарлық шарттарында қарастырылған
негіздер бойынша;
4. Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы Заңда
қарастырылған өзге де негіздер бойынша алынады.

Бала өмірге келген кезде ата-аналарының екеуі де Қазақстан
Республикасының азаматтығында болса, қай жерде туғанына қарамастан, бала
Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады. Егер бала өмірге келген
кезде ата-аналарының екеуі де Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты
тұрса баланың азаматтығы ата-аналарының жазбаша нысанда білдірген
келісіміне орай белгіленеді. Егер ата-аналарының бірі бала өмірге келген
кезде Қазақстан Республикасының азаматтығында болса, егер бала:
1. Қазақстан аумағында туған;
2. Қазақстаннан тыс жерде туған, бірақ ата-аналарының немесе
олардың біреуінің осы кезде Қазақстан аумағында тұрақты
тұратын орны болса, бала Қазақстан Республикасының азаматы
болып табылады. Бала өмірге келген кезде ата-аналарының
біреуі Қазақстан Республикасының азаматтығында болса, ал
екіншісі азаматтығы жоқ адам болса, бала қай жерде туғанына
қарамастан Қазақстан азаматы болып табылады.

Басқа мемлекеттің азаматы және азаматтығы жоқ адам олардың өтініштері
бойынша азаматтық туралы заңда қаралған шарттарға сәйкес Қазақстан
Республикасының азаматтығына қабылдануы мүмкін. Кәмелеттік жасқа толмаған
қабілетсіздер, Қазақстан Республикасына ерекше еңбек сіңіргендер, саяси
себептермен Қазақстан аумағын тастап кетуге мәжбүр болғандар және олардың
ұрпақтары көрсетілген шарттарсыз Қазақстан азаматтығына қабылданады.
Қазақстан Республикасының Президентінің 1993 жылғы 23 желтоқсандағы
Жарлығымен азматтық туралы Заңға бірқатар өзгерістер енгізілді. Бұл жарлық
бұрынғы Кеңес Одағының азаматтары арасындағы қатынастардың кейбір
ерекшеліктерін бейнелейді. Бұрынғы КСРО азаматтары бір республикадан
екіншісіне еркін қатынады. Туыс адамдардың әр түрлі республикаларда
тұруларына мүмкіндіктері болды, тұрып жатты да және бір-бірімен ешқандай
қиындықсыз араласты. Алайда, КСРО-ның ыдырауының және дербес мемлекеттердің
құрылуының нәтижесінде жағдай өзгерді. Шекара белгіленді және соған орай
шектеулер қойылды. Бұл адамдардың қатынасына, мемлекетаралық қатынастарға
әсер етті. Бұрынғы КСРО республикалары азаматтарының арасындағы тарихи
қалыптасқан қатынастарды одан әрі нығайту және Қазақстан азматтығын алудың
жеңілдетілген тәртібін белгілеу мақсатында Жарлық Қазақстан Республикасының
азаматтығы туралы Заңға өзгеріс енгізді. Отбасылық қатынастарды қалпына
келтіру үшін бұрынғы одақтас республикалардың Қазақстан Республикасы
азаматтарына жақын туыстары (балалары, жұбайы, ата-аналары, апа-сіңлілері,
аға-інілері, атасы мен әжесі) барлар Қазақстан азаматтығына қабылданатын
болды. Жеңілдетілген тәртіптің мәні мынада, Қазақстан Республикасының
азаматтығын қабылдау туралы тілек білдірген адамдардың өтініштері өтініш
берген күннен алты айдан асырмай қаралатын болады. Сонымен білге осы Жарлық
ҚР-ның азаматтық туралы заңмен белгіленген басқа адамдардың азаматтық алуға
қажетті он жылдық тұрақты тұру мерзімін бес жылға дейін кемітті.
Азаматтық туралы мәселелер Қазақстан Республикасының мемлекетаралық
шарттарымен шешіледі. Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының,
сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы осы
мемлекеттердің азаматтығын алудың жеңілдетілген тәртібі туралы туралы
келісімге осылай қол қойылды. Мұндай келісімдер аталған мемлекеттердің
өздерінің азаматтығының жалпыға бірдей нормаларын, құқықтары мен
бостандықтарын сақтауға, адамдардың тиісті тарихи және дәстүрлі достық
байланыстарын сақтау мен нығайтуға ұмтылудан туындайды. Келісімге сәйкес әр
тарап басқа елден өз аумағына тұрақты тұруға келген, бұрынғы КСРО азаматы
екндігін дәлелдеген азаматтарға азаматтық алудың жеңілдетілген тәртібін
ұсынады. Мұндай тәртіп төмендегідей шарттардың бірі орындалса:
1. Егер өтініш білдіруші азаматтығын алған тараптың аумағында
туған немесе тұрған болса;
2. Өтініш білдірушінің біреуі болса да азаматтығын алатын тараптың
аумағында тұрақты тұратын және жақын туыстары: жұбайы (зайыбы),
ата-аналарының (бала етіп асырап алғандардың) біреуі, баласы
(оның ішінде асырап алған баласы), апа-сіңлісі, аға-інісі,
атасы және әжесі оның азаматтары болып табылса қолданылады.
Ішкі істер органдары тараптардың бірінің азаматтық алуын
тіркеуді үш айдан асырылмайтын мерзімге жеңілдетілген тәртіппен
жүзеге асырады.
Келісімде ата-аналары азаматтығының өзгерілгеніне байланысты
балалардың азаматтығы өзгеруінің ерекше тәртібі қарастырылған. Ата-
аналарының азаматтығы өзгерген кезде, соған орай екеуі де басқа тараптың
азаматы болады не екеуі де тараптардың бірінің азаматтығынан шығады,
тиісінше олардың кәмелетке толмаған балаларының да азаматығы өзгереді.

2. Азаматтыққа қабылдау және азаматтықтың тоқтатылуы.
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың дәстүрлі де
жеңілдетілген тәртібі кезінде қабылдауға қарсылық білдіру негізі
қолданылады. Азаматтыққа қабылдау туралы өтініш, егер адам:
Адамзатқа, Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігіне
қарсы қылмыс жасаса;
Қазақстан Республикасы аумағының бірлігі мен тұтастығын бұзуға
шақырса;
Мемлекеттік тәуелсіздікке, халықтың денсаулығына нұқсан келтіретін
заңға қарсы қызметті жүзеге асырса;
Мемлекетаралық, ұлтаралық және діни өшпенділікті тұтатса, мемлекеттік
тілдің қызметіне қарсы әрекет етсе;
Террорлық әрекеті үшін сотталған болса;
Сотпен аса қауіпті қылмескер деп танылса;
Басқа мемлекеттің азаматы болса қабылданбайды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша басқа мемлекеттің
азаматы Республика азаматы болып танылмайды, яғни, қос азаматтық
танылмайды.
Жалпы, әлемдегі көптеген елдердің заңдары қос азаматтыққа рүқсат
етпейді. Қос азаматтық институты мемлекеттің мазмұнының өзіне қайшы келеді.
Өйткені мемлекеттің әлеуметтік негізі, мемлекеттік биліктің қайнар көзі
халық, ол мемлекетпен саяси байланыста болады. Қос азаматтық алған адамдар
санының көбеюі саяси себептер бойынша халықты тек бөлшектеуі мүмкін.
Егемендік, тәуелсіздік кез келген мемлекеттің бөлінбейтін қасиеті
болып табылады. Егемендік пен тәуелсіздік мемлекеттің бүкіл қуатымен, оның
осы мемлекеттің азаматтарына қызмет ететін Қарулы Күштерімен қорғалады. Қос
азаматтығы бар адамның, егер ол сонымен бір мезгілде дауласушы мемлекеттің
де азаматы болса, өзі тұратын мемлекетті жан-тәнімен қорғайды деп толық
сеніммен айтуға бола ма? Әрине, жоқ. Адамның патриоттық сезімі бір елге,
бір мемлекетке ғана арналады. Одан әрі, кез келген мемлекеттің өзінің
мемлекеттік құпиясы, жасырын: әскери, ғылыми, техникалық, қызметтік және
басқа құпиялары болады. Бір елдің азаматы ретінде елдің құпиясын білуге
мүмкіндігі болған адамның, оны тап сондай азаматы болған екінші бір елге
таратып жібермейтіндігіне шексіз кепілдік жоқ. Бұл құпиялардың тонның ішкі
бауындай сақталатынына 99,9 пайыз сенуге бола ма? Мұны Қазақстан
Республикасының Азаматтық туралы Заңы да жанамалап таниды.
Жеке адамға қатысты алғанда қос азаматтық адамдар арасындағы
теңсіздікті білдіреді. Халықаралық құқық нормалары ретінде де, ұлттық заң
нормалары ретінде де барлық адамдар үшін бірдей тең құқықтар мен бостандық
тар белгілейді. Алайда, қос азаматтығы бар адамдар азаматтығына қарай екі
ел тарапынан да қорғалуға құқылы. Мұндай кепілдік кез келген елдің
Конституциялық заңдарында қарастырылған. Тиісінше, бір елдің азаматтығын
алғандар мен қос азаматтық алғандар арасында тепе-теңдік болуы мүмкін емес.
Жаппай қос азаматтық кезінде ол бір елдің азаматтығын алғандар санасына
теріс әсер ететін болады. Екінші жағынан, азаматы болып табылатын бірінші
ел тарапынан басқа елге қысым жасаудың тұрақты факторы болады.
Осы айтылғандар жеке азаматтықтың дұрыстығы және қос азаматтық ерекше
жағдайда ғана танылуы керектігін көрсетеді. Дегенмен, қос азаматтыққа
барлық мемлекеттің заңдары рұқсат етеді. Мемлекеттердің азаматтық туралы
заңдарындағы айырмашылық қос азаматтылықтың пайда болуының бір себебі болып
табылады. Әр мемлекетте азаматтық мәселесін реттейтін нормалар қайшылығыныі
нәтижесінде азаматтың екі немесе одан да көп мемлекеттің азаматы болып
танылатын жағдайлардың тууы мүмкін. Қос азаматтық көп жағдайда халықаралық
шарттар негізінде пайда болады.
Азаматтылықтың тоқтатылуы.
Қазақстан Республикасының азаматтығы Азаматтық туралы Заңда
қарастырылған жағдайда тоқтатылады.
Оған Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығу жатады. Азаматтықтан
шығуға Азаматтық туралы Заңда белгіленген тәртіппен берілген өтініш
негізінде рұқсат етіледі. Азаматтықтан шығу жөнінде арыз Ішкі істер
министрлігі және сыртқы істер министрлігі арқылы Президенттің атына
беріледі. Жасы он төртке толмаған бала Қазақстанның азаматтығынан шығуға
өтініш берген кезде, ата-аналарының бірі Қазақстанның азаматтығында қалатын
болса, осы ата-анасының баланың Қазақстан азаматтығынан шығуына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының азаматтық іске қатысушылар
Азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің жүйесі
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПӘНІ, ЖҮЙЕСІ
Азаматтық талап қою
Қоғамдық қатынастардың азаматтық – құқықтық реттеу тәсілдері
Азаматтық құқық пәні
Азаматтық құқық субъектілерінің азаматтық құқықпен өзара байланысы
Азаматтық құқықтың қайнар көздері түсінігі мен түрлері
Азаматтық заңнаманың түсінігі мен жүйес
Азаматтық құқықтың қағидалары
Пәндер