Оңтүстік Қазақстан облысы жайлы


Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе

І. тарау Оңтүстік Қазақстан облысына жалпы сипаттама.

І. 1 Оңтүстік Қазақстан туралы жалпы мәліметтер.

І. 2Оңтүстік өңірінің табиғи қорлары.

ІІ. Тарау

ІІ. 1 Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалык мүмкіндіктері.

ІІ. 2Оңтүстік Қазақстан нарықты экономикасы, қазіргі жағдайы переспиктивалары.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер .

Кіріспе.

Оңтүстік Қазақстан облысы тәуелсіз Қазақстанның ең маңызды облыстарының бірі. Қазақстан тарихында Оңтүстік Қазақстанның орны ерекше. Оңтүстік Қазақстан ежелгі адамдардың тұрағы, атақты түрік мемлекеттерінің орталығы, ортағасырлық мемлекеттердің тірегі, қазақ хандығының рухани орталығы.

Қазір де Оңтүстік Қазақстан Қазақстанның өте маңызды саяси-экономикалық аймағы болып табылады. Аумақтық бірік ретінде 1932 ж. 10 наурызда құрылған, республиканың оңтүстігінде, Сырдария алабында орналасқан. Жер көлемі 117, 3 мың км 2 , бұл Қазақстан аумағының 4, 3% бөлігін құрайды. Халқының саны2, 17 млн. (1. 7. 2004) . Терістігінде Қараған-ды, батысында Қызылорда, шығысында Жамбыл облыстарымен, ал түстігінде Өз-бекстан Республикасымен шектеседі. лыста 11 аудан, 8 қала, 13 кент және 932 ауылдық елді мекен бар. Облыс аумағы 171 ауылдық округтерге және 13 кенттік округтерге бөлінген. Орталығы - Шымкент қаласы.

Облыстың айтарлықтай өндірістік-экономикалық мүмкіндіктері бар. Олардың негізін орасан зор табиғи қорлар мен жеткі-лікті еңбек ресурстары қүрайды.

Уран қоры жөнінен облыс Қазақстанда бірінші, фосфориттер мен темір рудасы бойынша - үшінші орын алады.

Облыс мақта, тері шикізаттары, өсімдік майы, жеміс-жидек, көкөніс өнімдерін, жүзім, бау-бақша, макарон, темекі, сыра және басқа да алкогольсіз сусындарды басқа жерлерге жеткізіп отырады.

Сонымен бірге, облыста қорғасын, цемент, мүнай өнімдері, күкірт қышқылы, шифер, автотрактор шиналары, экскаватор-лар, трансформаторлар, майлы ажыратқыш-тар, шұлық-ұйык, тігін буйымдары, жиһаз шығарылады.

Облыста екі бағытта жалпы үзындығы 445 км темір жолдар, үзындығы 5, 3 мың км автомобиль жолдары, оның ішінде қат-ты жабыны бар 5, 1 мың км жол бар. Азаматтық авиация үзындығы 27 мың км ауа белдеулерінде жүмыс істейді. Облыс орталығы халықаралык Орынбор - Ташкент және Түркістан - Сібір магистральдарынын тоғысында орналаскан. Сонымен ка-гар, облыс аумағы аркылы Ташкент - Шымкент - Тараз - Алматы және Ташкент - Шымкент - Түркістан - Самара автомагистральдары өтіп жатыр.

І. тарау Оңтүстік Қазақстан облысына жалпы сипаттама.

І. 1 Оңтүстік Қазақстан туралы жалпы мәліметтер.

Оңтүстік Қазақстан өлкесінің тарихы ежелгі замандардан бастау алады. Тіршілікке қолайлы экологиялық жағдай осыдан 3 - 5 млн. жыл бұрын қалыптасқан. Жазық алқаптардың белдеулерінде өзендер желісі пайда болып, орман-тоғай мен жасыл желекті мәңгі жаз орнаған. Жа-нуарлар жетіліп, жеміс-жидек бітік өскен. Сөйтіп, антропоген кезеңінің басында адамзат пайда болған.

Геологиялық карта түсіру жүмыстары ке-зінде (1960 жылдары) Үлкен және Кіші Қаратау жоталарының алқабында алғаш-қы адамдардың бастапқы палеолиттен соңғы палеолит заманына дейінгі уақыт ара-лығындағы көптеген тұрақтары белгілі болды.

Тарихымыз көне тас заманы - палео-литтен бастау алады. Бастапқы палеолит

ғы атауымен қалды. 1992 жылы 6 шідце-де ҚР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен Оңтүстік Казақстан атауы қайтарылып беріліп, облыс өнеркөсібі, экономикасы, ауыл шаруашылыш, әлеуметтік-мәдени салала-ры жан-жақты дамыған аса ірі аймаққа айнадцы. 2000 жылы рухани орталық саналатын ұлы Түркістан шаһарының 1500 жылдығы аталып өтті. Бүгінде облыс республика бойынша жалпы өндіріс өнімінің едөуір бөлігін өндіреді.

147 ірі және орта деңгейдегі өндіріс кәсіпорындары жұмыс істейді.

Ауыл шаруашылығында 11 мемлекеттік шаруашылық, 63658 шаруа қожалығы, 952 өндірістік кооператив, 6 АҚ, 608 серіктестік бар.

Қалалары: Шымкент, Арыс, Жетісай, Кентау, Ленгер, Сарыағаш, Түркістан, Шардара.

Облыс тұрғындарының саны жағынан республикада адцыңғы орывда түрған об-лыстардың бірі екендігі, байырғы тарихи-мәдени орындарының молдыгамен де ерекшеленетіндігі белгілі. Атақты Отырар қамалы, түркі жұртына мөлім болған бұрынғы Иасы, қазіргі Түркістан қаласы, осы топырақга туып өскен, орта ғасырдағы атақты шығыс жүлдыздарының кдтарында аталып жүрген ғалымдардан, ғүламалардан қалған көне соқпақгың ізін әлі де саралай түсу - бүгінгі үрпақгың парызы. Респуб-ликада қолайлы табиғи жағдайларымен ерекшеленетін, қысы қатал, жазы салқын Түлкібас пен түгін тартса майы шығатын Жетісайдың, жайма шуақ Түркістанның арасывда ежелде өмір сүрген өркениетті ел болғандығын дәлелдейтін археологиялық қазба орындар мол. Жақпар тастарда, қыш кітаптарда қалған таңбалар оңтүстік өлке тарихының сырлы белгісі іспетті.

Облыстың айтарлықтай өндірістік-экономикалық мүмкіндіктері бар. Олардың негізін орасан зор табиғи қорлар мен жеткі-лікті еңбек ресурстары қүрайды.

Уран қоры жөнінен облыс Қазақстанда бірінші, фосфориттер мен темір рудасы бойынша - үшінші орын алады.

Облыс мақта, тері шикізаттары, өсімдік майы, жеміс-жидек, көкөніс өнімдерін, жүзім, бау-бақша, макарон, темекі, сыра және басқа да алкогольсіз сусындарды басқа жерлерге жеткізіп отырады.

Сонымен бірге, облыста қорғасын, цемент, мүнай өнімдері, күкірт қышқылы, шифер, автотрактор шиналары, экскаватор-лар, трансформаторлар, майлы ажыратқыш-тар, шұлық-ұйык, тігін буйымдары, жиһаз шығарылады.

Облыста екі бағытта жалпы үзындығы 445 км темір жолдар, үзындығы 5, 3 мың км автомобиль жолдары, оның ішінде қат-ты жабыны бар 5, 1 мың км жол бар. Азаматтық авиация үзындығы 27 мың км ауа белдеулерінде жүмыс істейді. Облыс орталығы халықаралык Орынбор - Ташкент және Түркістан - Сібір магистральдарынын тоғысында орналаскан. Сонымен ка-гар, облыс аумағы аркылы Ташкент - Шымкент - Тараз - Алматы және Ташкент - Шымкент - Түркістан - Самара автомагистральдары өтіп жатыр.

Ерте кездердің өзінде Оңтүстік өңірі, оның Отырары мен Түркістаны, Сайрамы мен Шымкенті, тағы басқа қалалары, Қаратауы мен Алатауы, Мырзашөлі мен Қызылқұмы, Созағы мен Казығүрты, Сырдариясы мен Арысы сиякты таулары, өзен, сулары, жазиралы далалары, берекелі құмдары баршаға мәшһүр болған. Тіпті әріге кететін болсак, Каратаудың күнгей және теріскей беттері адамзаттың бүдан миллион жыл бұрын мекен еткен жерлері екендігі галыми түрғыдан дәлелденген. Оңтүстік өлкесі - небір қасиетті, әулие ата-бабаларымыздың кесене-күмбездсрі. тарихи-мәдени ескерт-кіштері неғүрлым көбірек сақталған аймак. Олардың әркайсысы өз кезендерінен өзгеше шежіре шертеді.

Оңтүстік өлкесі дегенде бүкіл адамзаттың мақтанышына айналған үлы түлға Әбу Наср әл-Фараби бабамыз бен күллі түркі әлемінің рухани үстазы Қожа Ахмет Иасауидің ойға оралатыны түсінікті. 2000 жылы Түркістанның он бес ғасырлык мерекесі аясында Ахмет Иасауи бабамыздың мұраларымен танысып. онын айрықша әлеміне сәл де болса жақындай түстік, Тәуелсіздігіміздің 10 жылдығына орайлас өтксн ол-Фараби бабамыздың 1130 жылдық мерекесі де үлкен оқиға болды.

Қазақстанның барлық өлке-өнірлері сиякты Оңтүстік аймағы да небір қилы замандарды, киын-қыстау кезендерді бастан кешті. Алайда, мәдениет пен өнер, шығармашылық арқауы дәстүрлі жалғасын тауып келеді. Жүдеген жаққары, жадаған жылдары кездескенімен, кейінгі кездегі үрпак та жадынан жаңылған жоқ.

Елбасымыз Мәдениетті қолдау жылы деп жариялаған 2000 жылдың өзінде өркеш-өркеш талай істер атқарылды. Ағымды ала-сапыран шаруаның шеңберінен тыс, шоқтығы биік, ажары сүлу елуге тарта мәде-ни шаралар мерекеленді. Олардың ішінде халықаралык ақындар айтысы, Шәмші Қалдаяқов атындағы халыкаралык ән бай-қауы, пианистердің "XXI ғасырдың музыканты" атты халыкаралық конкурсы, әлемнің төрт бүрышы қүлақ түрген Түркістанның 1500 жылдық мерейтойы, халықаралық "Рокпар" фестивалі, жас әншілердің "Арай" аймақтық байқауы, алғаш рет қазақ тілінде өткізілген "Жайдар-ман" көңілді тапқырлар клубының облыс-тық жарысы, әлемге танымал, ұлттық музыка академиясының президентІ Айман Мүсаходжаеваның кониерті, ақын Мүхтар Шахановтың шығармашылык кеші, Ташкентге өткізілген ақындар айтысы, облыс-тық "Мәдениетім-мерейім" фестивалі. Нүрғиса Тілендиевтің 75 жылдығына ар-наіған облыстық "Акқу" фестивальі, басқа да ауыз толтырып айтуға татитын шаралар аз болған жок.

ХАЛҚЫ. Облыста 2 миллион 200 мыңдай адам түрады. Бүл республика халкының 14, 5%-ға жуығы (2004) . Халыктың басым бөлігін қазақтар кұрайды (69, 0%) . Одан басқа өзбектер (17, 1%), орыстар (7, 2%), әзербайжандар (1, 3%), тәжіктер (1, 2%), т. б. ұлт өкілдері түрады. Халық-тың орташа тығыздығы 1 км 2 -ге 18, 5 адамнан келеді. Бүл республикалық көрсеткіштен 3 есе артық. Халық әсіресе Арыс пен Келес өзендерінің алаптарында жоне Шымкент атырабында тығыз қоныстанған.

Қала халқы 38, 4% (835, 5 мың адам), ауыл халқы 61, 6% (1337, 5 мың адам) .

І. 2 Оңтүстік өңірінің табиғи қорлары.

Облыс жері негізінен жазық, көпшілік бөлігін орташа биік-тігі теңіз деңгейінен 200 - 300 м болатын Түран ойпатының шығыс бөлігі алып жа-тьф. Терістігіңце Бетпакдала шөлі, Шу ащя- рының оңтұстігін Мойынкүм, облыстың ба-тысыңца Кңзылкүм және Шардара даласы, қиьф оңгүстігін Мырзашөл алып жатыр. Ор-талық бөлігінде, Жамбыл облысының аумағымен шектес, оңтүстік-шығыстан солтүстікке қарай 217 километрге көлбей созыльш Каратау жотасы (ең биік нүкгесі 2176 м) жатыр, ал оңтүстік-шығысында Талас Алатауының батыс шегіңцегі - Өгем жотасывда облыстың ең биік нүктесі - Сайрам шыңы (4238 м) бар. Өгем мен Келес өзевдерін бөліп жаткан Кежантау жотасы Тәңіртаудың (Тянь-Шань) ең батыс сілемі больш табылады. Каратаудың орташа биіктігі 2000 м, ал ең биік нүктесі - Мыңбұлақ тауы (биікгтігі 2834 м) .

Каржантаудан солтүсгік батыска карай тарихы терең, аңызға толы қарт Казығүрт (ең биік нүктесі 1600 м) түр. Казығұрт тауы оңтүстігінде Келес өзенінің аңғарына тіреледі.

Қазақтар осыдан мындаған жыл бұрын Қазығұртты кие тұтып, дүниенің тұтқасы тұтып: Басында Кдзығүрттың кеме қалған, Болмаса кереметі неге қалған?! - деп басталатын ғажайып дастан тудырған.

Қазығұрт туралы жыр да, аңыз да көп. Кек Төңірі дүние жүзін топан су басқан кезде жаңа бір пәк дүние жасау үшін Нұх пайғамбардың кемесіне адамзат, жан-жануар, ұшқан кұстан, өсімдіктен жұп-жұбымен отырғызып, таза түқым сақтап қал-мақ болған. Топан тартылып, су қайтқан-да, Нүх пайғамбардың кемесі Қазығүрт тауының басына қайырлапты деседі. Не көп - тау көп. Солардың бәріне халықтың ықыласы мен махаббаты мұншалықты түсе бермеген.

Қазығүрт қазір де көптеген түрлі көркем туындылардың такырыбы. Заты - мұның бәрі тектен текке емес. Халық білмей айтпайды.

Ел-жүрт Қазығұрттың қадіріне жетіп, киесіне табынып, абыройын асқақтатып, мерейін асыра түсуде. Ташкент - Шым-кент жолындағы ең биік асуға ескерткіш қойылды. Сонау көне замандардан бастап бүгінге дейінгі тарихи оқиғалар тек Қазығұрт өңіріне ғана емес, бүкіл қазақ даласына қатысты.

Өйткені Қазығұрттың жөні бөлек. Ол Ұлы Жібек жолының бойында тұр.

Жібек жолы бойын жайнатқанға не жетсін! Міне, біздің Жеріміз! Біз кімнен сорлымыз? - деп ауыз толтырып айтарға басқа жәдігерлермен бірге, Қазығұрт әсіресе, лайықгы. Асылы, Кдзығұрт маңайын ұлттық үлкен қорықка айналдыруға әбден болады. Айналасы - Төле би ауданы, атақгы Ақсу-Жабағылы. Шетелдік меймандарға Ұялмай-кызармай көрсететін кереметтер.

Облыс аумағының жер бедеріндегі жа-зықгар мен таулы аймақгар жиі алмасып отырады. Мұнда алуан түрлі күмды, сортаң шөлдерден биік тау мүздықгарына дейінгі климаттық табиғат зоналары кездеседі. Таулы аймақгарда болып түратын тек-тоникалық жер сілкіністері аумақтағы тау түзілу процестерінің әлі аяқталмағандығын көрсетеді.

Жер бедерінің калыптасуына зор ықпал етуші күштер: ағын сулар мен желдер. Осы күштерге қосымша антропогендік, яғни адамдардың шаруашылық әрекеттері табиғи ортаның, әсіресе жер бедерінің қалыпта-суына зор әсерін тигізетіні сөзсіз. Мыса-лы, каналдар мен суару аймақтары, авто және темір жолдар, кеніштер мен қала са-лынған аймақгар, т. б.

Геологиясы және кен байлықтары. Геологиялық қүрылымы жөнінен облыс аумағы Түран плитасына жатады. Каратау жотасы - протерозой тақтатастарынан және құмтастардан тұрса, оңтүстік-батыс Каратау карбонның әктас, құмтас конгломераттарынан және даланың жанартау тектес тау жыныстарынан қүралған. Сонымен бір-ге палеозой қатпарлы іргетасы, пермь дәуірінде қалыптасқан интрузиялық және жанартаулық, сондай-ақ платформалық мезозой-кайнозой шөгінді тау жыныстары кездеседі.

Облыс қойнауы әр түрлі пайдалы казбаларға бай: полиметаддар, қоңыр көмір, темір кені, гипс, әктас, отгөзімді саз, кварцты құм қабаттары, мәрмөр, түрлі қүрылыс шикізаттары бар. Қарт Кдратау қойнауындағы Ащысай, Мырғалымсай және Байжансай қорғасын-мырыш кеніштері 20 ғасырдың 40-жылдарынан жұмыс істейді. Боралдайтау, Каржантау, Күмісті және Жоғарғы Бадам алтын кен көздерінің орны ерекше.

Облыста республика уран ресурстарының жартысына жуығы орналасқан, олар әлемдегі ең ірі уран кеніштері болып саналады. Ал Иірсу, Сусіңген және Абайыл кеніште-рінен титан, хром, марганец және темір кендері өндіріледі. Облыс аумағында Шу-Сарысу газ-гелий және Сырдария мүнай-газ кен орындары бар. Боралдайдан, Тас-көмірсайдан, Келтемашаттан және Ленгер кеніштерінен мезозойлық қоңыр көмір өн-діріледі. Облыс аумағындағы Каратау фосфорит алабына жататын Герес және Үшбас фосфор кен орындары барлаудан өтті. АлТӘңіртаудын ең батыс сілемі Қаржантау мен Сайрам жоталары өнеркәсіптің коптеген салаларына өте кажетті шикізатқа бай, Кентау қаласына жакын маңда орналасқан Ақсай және Солтүстік доломитті ке-ніштерінде резина, кағаз, бояулар дайын-далады, газ-мүнай бүрғылау жұмыстарын-ца кеңінен пайдаланылатын минералдық шикізат - бариттің ірі ресурстары бар.

Түлкібас өңіріндегі Құлантау және Иір-су кенорындарында жеңіл бетон дайын-дауға, оттан, дыбыстан корғауга, жылу сактауға, ғарыштық техникаға аса кажетгі вермикулит бар. Бессазда габброперидотиттер қүрамында оггөзімді заттар, қағаз, резина, парфюмерияға қажетті шикізат - тальктің ірі коры барланып, зерттелген. Төле би ауданында орналасқан Жогарғы Бадамда жоғары сапалы керамика, минерал талшығы. фарфор, фаянс, диэлектрлік керамика, бояу, қағаз, резина өндірістеріне аса қажетті техникалық шикізат - волластониттің мол қоры ашылған.

Сарыжылға, Қызылкөл және Дарбаза кеніштерінде кварц қүмының ірІ қоры бар, ал Түлкібас, Корнилов кеніштерінің эктастары бұрыннан қант өндірісінде карбонаттық шикізат ретінде қолданылып келеді.

Облыстағы құрылыс материалдарының минеральды шикізат базасы әр түрлі цемснт, керамзит, кірпіш, шыны және кұрылыстық тас өндірістерінің шикізагтары, құмтас, минералдық бояулар ретінде қолданы-лады. Олар: Қазығүрт, Бадам, Састөбе және Түлкібас әктастары, Бағаналы гипсі, Күбірексай минералдық бояулары, Ленгер оттөзімді сазы, Күрішбүлақ квари қүмы. Дарбаза және Қыңырак. бентониттері, Са-рытопырақты саздактардың ірілі-ұсақгы ресурстары мен құмтастардын табиғи қоспалары көп кездеседі.

Климаты. Облыс аумағының географиялық орнына (яғни атмосфераның ылғалдылықтың негізгі көзі мүхиттардан тым шалғай орналасуына) және жер бедсрінін сипатына байланысты куаң континенттік климат калыптасқан. Мұнда күңдізгі жене түнгі, кысқы және жазғы температуралар шұғыл ауытқып отырады. Жазы үзақ, об-лыс түстігінде 8 айға дейін созылады. Қысы жылы: ең суық ай - қаңтардың орташа температурасы -2 - 9°С. Ең суык кезең Созақта тіркелген (-4І°С) .

Жазы ыстық: шілде айынын орташа тем-пературасы 19 - 29°С. Ең ыстық кезең Шардарада (47"С) тіркелген. Вегетация ке-зеңі 230 - 320 тоулікке созылады.

Шөлді аудандарда жылдық жауын-ша-шын мелшері 100 - 170 мм, тау етектерінде 300 - 450 мм, ал биік тауларда 1000 мм-ге дейін кұбылады. Жауын-шашын негізінсн көктем мен күз айларында бола-ды. Қар жамылғысынын орташа калыңдығы 20 - 40 см аралығында, жазықта 2 айға, тауларла 5 айға дейін жатады. Кар қарашаның соны, желтоксанның басында түсіп, наурыз айында ери бастайды.

Облыс аумағының көпшілік бөлігінде антициклондык ауа райы басым. Сондық-тан мұнда шүғылалы ашық күндсрдің үзақ-тығы жылына солтүстіктен оңтүстікке ка-рай 2150 сағаттан 3000 сағатка дейін арта-ды. Жылына 150-ден 260 күңге дейін күн үдайы ашық болады, бүлтты күндер тиі-сінше 60 күннен 15 - 20 күнге дейін азая-ды. Міне, осылардын нәтижесінде жиынтык радиация мөлшері де солтүстіктен оң-түстікке ісарай біртіндеп артады. Облыста оңтүстік жоне солтүстік батыс желі көбі-рек тұрады. Желдің орташа жылдамдығы 1. 9 - 3, 9 м/с. Желдің қатты тұратын аймағы - Ақсоран, онда желдін жылдамдығы5, 1 м/с-ка жетеді. Шақпак пен Арыстанды-Карабас желдері оте күшті соғады.

Облыстың қиыр оңтүстігі жылу мен ылғалдың жыл бойы таралуына, т. б. метеорологиялық сипаттамалар ерекшеліктеріне карай оңтүстік шөл белдем аралығын қүрайды. Ерекшелігі - жауын-шашынның негізгі мөлшері (62 - 67%) наурыз айында түседі, жыл бойына 40 күндей кар кы-лаулайды, бірак та көп жатпай, тез еріп кетеді. Вегетациялык кезеңінің ұзақтығы 245 - 260 тәулік. 10°С-тан жоғары ауанын орташа тәуліктік температурасының жылдық жиынтық мөлшері 4300 - 4600°С.

Жыл маусымдарының аражігі айқын ажыратылады. Қьісы кысқа - 90 күндей. Жазы ұзақ - 160 - 170 күнге дсйін созылады.

Су қорлары. Облыстың су қорларын ірілі-ұсакты 127 өзен (жаппы ұзындығы 5 мың шақырымдай), 34 көл (көлемі 110 млн. тек-ше метр), 30 боген (көлемі 6 млрд. текше метр), 29 пайдаланылатан жер асты сулары жоне 5 минералды су көздсрі күрайды. Жал-пы облыс аумагана жылына орташа есеп-пен 37 млрд. тскше метрге жуық су келіп, осыншама мөлшерде су кетіп отырады.

Облыстағы ең ірі жәнс ұзын өзен - Сырдария өзені баска мемлекеттерден басталып, Қызылорда облысы аркылы Арал теңізіне қүяды. Облыс аумағындағы Сырдария өзенінің негізгі саласы Арыс өзені (378 км), ол Алатау мұздықтарынан басталып, жол-жөнексй Боралдай (130 км), Ақсу (133 км),

Машат (60 км), т. б. көптеген өзен суларымен толығады. Маңызды да ірі өзендер қатарына Келес (102 км), Бадам (145 км) өзендерін жатқызуға болады.

Облыстағы ен үлкен суқойма - Шардара бөгені 1965 жылы пайдалануға берілген, су сьйымдылығы 5, 2 млрд. текше метр, су өткізу мөлшері 200 мс. Одан су алатын Қызылқүм (106 км), Шардара (10 км) каналдары арқылы 71, 5 мың гектар егістік жер суландырылады. Бөген суқой-масының сыйымдылығы 37 млн. текше метр, ол Бөгсн, Арыс өзендерінің сулары-мен толығып отырады.

Облыстағы 500 мың гектардан астам суармалы жерлерді игеру үшін 14336 шакырым су арналары, 4743 км су кашырткы-ларыжәне 1900 дана тік дренажды ұнғышалар, 61 мыңнан астам гидротехникалық ғимараттар жұмыс істейді.

Облыс аумағындағы көлдер ауыл шаруашылығымен бірге басқа да максаттарға пайдаланылады. Шошқакөдде (колемі 8, 6 млн, м 3 ) аң ауланады, Сарыкөлден (10, 2 м 3 ) ба-лық ауланады, Қызылкөл суыньщ (5, 9 м^) ем үшін пайдасы зор.

Облыстағы жерасты суларының коры ретінде Бадам-Сайрам, Мырғалымсай, Талас-Ақсу, Икансу, Бөген жерасты су көздерін атауға болады, Шу-Сарысу артезиан ала-бының су қоры 260 млн. текше метрден асады, минералды сулар Сарыағаш, Ман-кент шипажайлары мен Темірлан ауылдарында арнайы рүксатпен пайдалануға берілген.

Өзендері. Облыс аумағындағы гидрографиялык желінің жиілігі біркелкі емес. Өзендер негізінен аймақтың таулы бөлігінен бастау алады. Жалпы облыс өзендері Сырдария және Шу өзен алаптарына жатады.

Сырдария өзені республикадан тыс жердегі Орталық Тянь-Шань тауларынан бас-тау алып, негізінен, кар және мұз суларымен толығып отырады. Сырдария өзенінің облыстағы негізгі саласы - Арыс өзені, ол Талас Алатауы мен Өгем тау жоталарының беткейлерінен басталады. 1961 жылы Арыс - Түркістан каналы іске қосылғаннан кейін оның төменгі ағысындағы су өтімі 52, 8-ден 31 м 3 /с-қа азайды. Бұдан басқа Бөген, Келес, Бадам, Боралдай, Ақсу өзендері бар. Олардың жалпы ұзындығы 3745 км. Сондай-ақ Қаратау жоталарынан Жиделі, Бесарық, Ермексу, Карашық, Арыстанды және Шаян өзендері басталады.

Облыстың қиыр солтүстігі Бетпақдаланың батысында Шу және Сарысу өзендерінің төменгі ағысын қамтиды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Батыс Қазақстан аймақтарының туризмінің дамуы
Қызылорда облысындағы туризм
Сарыарқа өңіріне тән оронимдер және орографиялық терминдер
Экологиялық білім беру туралы
Қостанай облысына жалпы сипаттама
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ
Ақсуат ауылдық округі
Қазақстан елді мекеніндегі соның ішінде Алматы қасындағы сейсмикалық қауіптің жалпы жағдайы туралы және халықты, аумақты төтенше жағдайлардан, күшті жер сілкінісінен қорғау шаралары
Қызылорда облысында туризмді дамыту
Туризмді түлету – Ақ жайыққа бір арман
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz