Әкімшілік құқық ұғымы


Жоспар.
I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
1. Әкімшілік құқық ұғымы.
2. Әкімшілік құқықтың жауапкершілігі.
III. Қорытынды.
КІРІСПЕ.
Азаматтық іс жүргізу құқығының деректемелері азаматтық істер бойынша сот әділдігін жүзеге асыру тәртібін реттейтін нормалар баяңды етілген нормативтік актілер болып табылдды.
Ең алдымен азаматтық іс жүргізу құқығының деректемесі сот әділдігін жүзеге асыруды сот органдарына ғана жүктеп, сот әділдігінің салааралық принциптерін, судьялардың тәуелсіздігін және олардың тек заңға бағынуын; барлық соттарда істердің ашық қаралуын, заңдылықты және т. б. нығайта отырып, сот жүйесін анықтайтын Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады.
Азаматтық іс жүргізу құқығының келесі бір аса маңызды деректемесі 1999 жылы 13 шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі болып табылады. Онда азаматтық істер бойынша сот ісін жүргізу егжей-тегжейлі регламентгелген. Азаматтық іс жүргізу кодексі жал-пы және ерекше бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлімге азаматтық процестің барлык түрлері мен сатыларына қатысты нормалар енгізілген.
Құқықтың осы саласының нормалары Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы» 1995 жылғы 20 желтоқсандағы конституциялық заң күші бар Жарлығында, «Казакстан Республикасының Прокуратурасы туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы заң күші бар Жарлығында, «Мемлекеттік баж туралы» Заң мен басқа зандарда баянды етілген.
Азаматтық іс жүргізу құқығының деректемелері арасында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының түсіндірмелері ерекше орын алады. Ғылымда бір авторлар басшылыққа алынатын түсіндірмелер нормативтік сипатта болады деп санайды, басқалары өзгешепікір ұстанады.
Мемлекетте заң шығарушы және атқарушы билікпен бірдей үшінші билік ретінде соттардың рөлін нығайту Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының басшылыққа алынатын қаулыларын құқық нормалары бар нормативтік актілер деп санауға негіз береді.
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сот қорғауының кеңейтілуі азаматтық іс жүргізу құқының нормаларын қамтитын заң актілерінің шеңберін ұлғайтады, атап айтқанда, сотқа қарасты мәселелер материалдық құқықтың түрлі салаларының заңдарына енгізілген.
Азаматтық іс жүргізу кодексінің 4-бабына сәйкес азаматтық іс жүргізу істі қарау, жекелеген іс жүргізу әрекеттерін жасау немесе соттың шешімін орындау кезінде қолданылып жүрген азаматтық іс жүргізу заңдары бойынша жүргізіледі. Басқаша айтқанда, азаматтық іс жүргізу нормаларының кері күші болмайды.
Азаматтық іс жүргізу нормаларының кеңістіктегі әрекеті бұл құқық саласының барлық нормаларының ортақ сипаты болуымен және Қазақстан Республикасының аумағында әрекет етуімен сипатталады. Адамдар тобы бойынша азаматтық іс жүргізу нормаларының әрекеті: 1) азаматтардың заң мен сот алдындағы тендігінің принципі себепті республиканын барлық азаматтарына; 2) мемлекеттік, кооперативтік, қоғамдық кәсіпорындарға, ұйымдарға, мекемелерге, олардың бірлестіктеріне; 3) шетелдік азаматгарға, азаматтығы жоқ адамдарға; 4) зандарда көзделген жағдайларда шетелдік кәсіпорындар мен ұйымдарға қолданылады.
Сотта азаматтық іс: 1) өзінің құқығын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін өтініш жасаған адамның арызы бойынша; 2) прокурордың арызы бойынша; 3) заң бойынша басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгіне алатын болған жағдайда мемлекеттік басқару, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, кәсіподақтың, мекемелердің, ұйымдардьщ және азаматтардың мәлімдеуі бойынша козғалады (Азаматтық іс жүргізу кодексінің 8, 56, 57- баптары) .
Азаматтық іс қозғау - процестің бірінші және өте маңызды сатысы.
Азаматтық іс жүргізу кодексінің 152-бабына сәйкес азаматтық іс бойынша арызды қабылдау туралы мәселені судья жеке дара шешеді. Арыз сотқа түскен күннен бастап бес күннің ішінде судья істі қозғау жөнінде ұйғарым шығарады. Мүдделі адамның құқығын соттың қорғауы іске асырылатыны немесе бұдан бас тартылатыны соттың бұл мәселені дұрыс шешуіне байланысты болады.
Құқықты сот қорғауының маңызды кепілдігі Азаматтық іс жүргізу кодексінін, 153-бабында арызды қабылдаудан бас тарту үшін негіздердің бәрін қамтитын тізбесі көзделген. Судья арызды қабылдаудан бас тарта отырып, бұл туралы дәлелді үйғарым шығарады. Үйғарымда судья, егер іс соттың қарауына жатпаса, арыз берушінің қандай органға жүгінуі керек екенін не істің пайда болуына кедергі жасайтын мән-жайларды қалай жоюға болатынын көрсетуге міндетті. Занда судьяның арызды қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарымына жоғары тұрған сотқа шағым жасауға немесе прокурордың наразылық келтіруіне жол береді.
Азаматтық істі қозғаудың алдында мүдделі адам талап-арыз, шағым (арыз) береді.
Талап-арыздың берілуімен талап бойынша іс қозғалады. Талап бойынша іс жүргізу азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй және басқа да құқық қатынастарынан туындайтын субъективтік құқық немесе заңмен қорғалатын мүдде туралы дауларды қарау мен шешу жөніндегі соттың азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелген қызметі.
Мүдделі адамның бұзылған немесе дау туғызған субъективті құқығын немесе заңмен қорғалатын мүддесін құқық туралы дауды шешу жолымен қорғауды талап етіп сотқа жүгінуі талап-арыз деп аталады.
Талап қоюшының қандай талап қоюына қарай талаптар беру туралы (өндіру немесе орындау), тану (анықтаушылық) және өзгертушілік туралы (мысалы, некені бүзу туралы) талап қою болып бөлінеді. Талаптардың көпшілігі өндіру туралы (алимент өндіріп алу туралы, денсаулыққа немесе мүлікке келтірілген залалдың орнын толтыру туралы, көшіріп жіберу және басқалары туралы) болады. Тану туралы талап қою соттың өз шешімімен талап қоюшы мен жауапкер арасында құқық қатынастары бар жоғын анықтап, айқын емес, күмәнді жәйттерді жоюына бағытталған (мысалы, әке болуын анықтау туралы, өсиетті жарамсыз деп тану туралы) .
Талап-арыз оның нысанасы мен негіздемесіне бөлінеді. Олар талаптың элементтері, оның құрамдас бөліктері деп аталады. Практикада бір талап арыз екіншісінен солар бойынша ерекшеленеді. Занда сотқа қайталап ұқсас талап қоюға жол берілмейді. (Азаматтық іс жүргізу кодексі 153-бабының 4-тар-мағы) . Ол сотта қағазбастылық туғызады, соттың беделін түсіреді және сот қаулыларының тұрақтылығын бұзады.
Сотта азаматтық істердің көпшілігі Азаматтық іс жүргіз' кодексінің 150-бабында аталған талаптар сақтала отырып, жабаша түрде талап қойылған, яғни азаматтық іс туралы қажет мәліметтер (ақпарат) бар арыз беру арқылы қозғалады. Ең арызды өкіл (адвокат, юрисконсульт) берсе, оған занда белгіленген тәртіппен рәсімделген сенімхат немесе өкілдің өкілеттігін куәландыратын өзге құжат қоса табыс етілуі қажет.
Талап қойылған арызға талап қоюшы қол қойып, сотқа жауапкерлер мен үшінші жақтың санына қарай көшірмелерімен қоса беріледі. Судья істің қиындығы мен сипатына карай талапкерді талап қойылған арызға қосылған құжаттардың көшірмелерін табыс етуге міндеттеуі мүмкін (Азаматтық іс жүргізу кодексінің 151-бабы) . Талап қойылған арыз бен құжаттардың көшірмесі жауапкерге табыс етіледі, мұның өзі оның істі сотта қарауға дайындалуына мүмкіндік береді.
... жалғасыІсті сотта дербес жүргізуі үшін мүдделі адамның ісжүргізу қабілеті болуға тиіс (Азаматтық іс жүргізу кодексінің 46-бабы) . Бүл - сотта өз құқықтарын тікелей езі жүзеге асыруға және істі жүргізуді өкіліне тапсыруға қабілеттілік деген сөз.
11 жастан 18жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтары мен мүдделерін сотта олардың ата-аналары, асырап алушылары немесе қамқоршылары қорғайды, алайда сот мүндай істерге қатысуға кәмелетке толмағандардың немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың өздерін де тартуға міндетті.
Еңбек қатынастарынан және алатын табысына, стипендиясына, өзге де кірісіне және өзі жасаған интеллектуалдық меншік құқығы объектілеріне билік етуге байланысты мәмілелерден туындайтын істер бойынша кәмелетке толмағандардың сотта өз құқықтарын және заңмен қорғалатын мүделерін тікелей өзі қорғауға құқығы бар. Мұндай істерге қатысу үшін кәмелетке толмағандарға көмек көрсетуге олар ата-аналарын, асырап алушыларын немесе қамқоршыларын тарту соттың ұйғаруына байланысты болады.
Он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ психикалық аурудың немесе ақыл-есінің кемістігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтардың құкықтары мен мүдделерін сотта олардың занды өкілдері - ата-аналары, асырап алушылары және қорғаншылары қорғайды.
Заңды өкілдің өкілеттігі төлқұжатпен немесе арнаулы куәлік пен куәландырылады (Азаматтық іс жүргізу кодексінің 63-бабы) . Басқа екілдердің істі жүргізуге өкіддігі Азаматтық іс жүргізу кодексі 62-бабының талаптарына сәйкес рәсімдалуге тиіс.
Сотқа берілетін талап қойылған арызға баж төленуге тиіс (Азаматтықіс жүргізу кодексінің 101-бабы, «Мемлекеттік баж туралы» 1996 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республи-касы Заңының 3-бабы) .
Азаматтық істі қозғай отырьш, бес күннің ішінде судья ұйғарым шығарады да, сонымен бірге істі өзінің жүргізуіне қабылдайды және сол кезден бастап нақты іс бойынша процесс пайда болады.
Осыдан кейін судья істі соттың қарауына әзірлейді, мұның мақсаты істі дұрыс және мезгілінде қарау мен занды және
негізделген сот шешімін шығару болып табылады (Азаматтық іс жүргізу кодексінің 166-бабы) .
Азаматтық іс жүргізу кодексінің 174-бабына аталған істерді қоспағанда, азаматтық іс екі ай ішінде қаралуға тиіс. Істі дайындау 7 күн ішінде жүргізіледі, күрделі істер бойынша судья дәлелді ұйғарым арқылы оны бір айға дейін ұзарта алады.
Істі дайындау кезінде судьяның алдында мынадай міндеттер тұрады: 1) дәлелдеу нысанасын, тиісті сот отырысында қарау кезінде сот нақтылауға тиіс болатын заңдық факторлар шеңберін дұрыс анықтау; 2) тараптардың арасындағы құқықтық катынасты анықтайды және қандай занды басшылыққа алатынын шешеді; 3) іске катысатын адамдардың құрамын, яғни іс кімнің (прокурордың, үшінші тұлғалардың, мемлекеттік басқару органының, кәсіподақтардың және басқалардың) қатысуымен қаралуға тиіс екенін анықтау; 3) іске қажетті айғақ материалдарының бәрін шоғырландыру.
Азаматтық іс бойынша айғақтар сот заңмен белгіленген тәртіппен негізге алып, тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән-жайлардын бар-жоғын аныктайтын кез келген нақты деректер мен істі дұрыс шешу үшін маңызы бар өзге де мән-жайлар болып табылады.
Бұл деректер мынадай амалдармен: тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелерімен, куәлардың көрсетуімен, жазбаша айғақтармен, заттай айғақтармен және сарапшылардың қорытындыларымен анықталады (Азаматтық іс жүргізу кодексінің 64-бабы) .
Дәлелдеу міндеті занда тараптарға (талап қоюшы мен жауапкерге) жүктеледі. Дәлелдеу процесіне іске қатысатын басқа да тұлғалар (3-ші жақтар, прокурор, мемлекеттік басқару органдары және басқалар) қатысады.
Істі мәні бойынша шешу байланысты болатын фактілер дәлелдеу заты деп аталады. Іс үшін маңызы бар, дәлелдеуді қажет етпейтін фактілер болатынын атап өткен жөн.
Олардың қатарына мыналар жатқызылған: 1) сот таныған жалпыға мәлім фактілер (дүлей зілзала, жер сілкінісі, су басу, өрт және басқалар) ; 2) фактілер, яғни бір аза-маттық іс бойынша соттың шешімімен занды күшіне енген анықталған фактілер нақ сол тұлғалар қатысатын басқа да азаматтық істерді қарау кезінде қайтадан дәлелденбейді (Азаматтық іс жүргізу кодексінің 71-бабы) .
Талаптардың сипатына, істің қарапайымдылығы мен қиын-ығына қарамастан, судья істі сотта қарауға дайындык жүргізуге тиіс, өйткені азаматтық процесте алдын ала тергеу сатысы болмайды. Істі тындау белгіленген бір сот отырысында қарау дайындықтың жүргізілу сапасына байланысты.
Судьяның істі дайындау мен сотта қарау жөніндегі іс жүргізу әрекеттерінің тізбесі Азаматтық іс жүргізу кодексінің 170-бабында берілген. Іс жеткілікті дәрежеде дайындалған деп таныған соң судья оның қаралуын белгілеу туралы ұйғарым шығарады (Азаматтық іс жүргізу кодексінің 173-бабы) .
Сотта қарау - бірінші сатыдағы сотта істі мәні бойынша қарау мен шешу. Істің қозғалуын сот міндетті түрде қарауға тиіс. Процестің бұл сатысында азаматтық іс жүргізу құқығының (тараптардың жарысушылығы мен тең құқылылығы, объективті ақиқат, заң мен сот алдында барша жұрттың тендігі, жариялылық, сот ісін жүргізу тілі, судьялардың туралығы, үздіксіздігі, тәуелсіздігі және олардың тек заңға ғана бағынуы, диспози-тивтілігі және басқалар) принциптері мейлінше толық көрінеді. Диспозитивтілік құқықтың бұл саласының сапалық ерекшелігін білдіреді, ерекше салалық принцип болып табылады. Оңың мәні мынада: азаматтық істің қозғалуы, оның жүруі және процестің тоқтатылуы тараптарын қалауына байланысты. Ол процестің қозғаушы бастауы деп аталады. Диспозитивтілік азаматтық сот ісін жүргізудің барлық сатыларына өтеді. Диспозитивтіліктің мазмұнын тараптардын арнайы құқықтары, атап айтқанда, сотта қорғану, талап қоюының талап-арыздан бас тарту, талап-арыздың нысанасын немесе негіздемесін өзгерту, талап қоюшыны түтас
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz