Қазақстан Республикасының автожол саласы жайында


Пән: Транспорт
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

а) Автомобиль көлігі

ә) Тәуелсіздік алған кейінгі жылдарда салынған магистральдар

б) Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары

в) Статистикалық мәліметтер

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтетін халықаралық көлік дәліздері, мемлекетаралық және өңіраралық деңгейде көлік қатынасын қамтамасыз ете отырып, ерекше маңызды байланыс рөлін атқарады.
Қолданыстағы автомобильдік транзиттік дәліздер өзінің географиялық орналасуы бойынша халықаралық жүктерді тасымалдаудың негізгі бағыттарына сәйкес келеді. Оңтүстік Шығыс Азия және Қытай мемлекеттерінің дамуының жоғарғы қарқындылығын есепке ала отырып, Қазақстанның халықаралық көлік дәліздері транзиттік тасымалдар көлемдерін игерудің қолайлы перспективаларына ие.

Республикада жақсы жабдықталған автомобиль жолдары желісі бар. Олардың көп бөлігі қатқыл табанды жолда, Оңтүстік және Шығыс Қазақстанда орналасқан. Бұл жерлерден Орта Азия елдеріне қарай шығыс аудандарды /Алматы, Сарыөзек, Қорғас, Аягөз - Бақты, Жаңғызтөбе - Зайсан/ қамтамасыз ететін автомобиль жолдарыт /Алматы - Бішкек - Шымкент - Ташкент/ өтеді. Осылайша 2006-2012 жылдар ішінде республикалық маңызы бар жолдардағы жұмыстардың көлемі мыналарды құрайды:

салу және қайта жаңарту - 7205 км;

күрделі жөндеу - 1660 км;

орташа жөндеу - 16800 км;

көпірлерді қайта жаңарту және күрделі жөндеу - 412 дана.
Бағдарламаны іске асыру шеңберінде орындалу жоспарланған негізгі инвестициялық жобалар картаға түсірілген және 3-қосымшада көрсетілген.

Қазақстан Республикасының статистика агенттігінің деректеріне сәйкес, экспорттық-импорттық автомобиль тасымалының негізгі көлемі Қырғызстан, Ресей және Қытаймен жүзеге асырылады. Халықаралық тасымалдардың қалған көлемі Еуропа және Азия елдерімен жүзеге асырылады.

Автомобиль көлігі

Автомобиль көлігі қазір басты мініс құралы. Автомашиналар икемді әрі жүйрік болғандықтан ең түкпірдегі аудандарға оңай бара алады, сонымен қатар олар үнемді әрі жақын жерге жүк тасуға ыңғайлы.

Республикада жақсы жабдықталған автомобиль жолдары желісі бар. Олардың көп бөлігі қатқыл табанды жолда, Оңтүстік және Шығыс Қазақстанда орналасқан. Бұл жерлерден Орта Азия елдеріне қарай шығыс аудандарды /Алматы, Сарыөзек, Қорғас, Аягөз - Бақты, Жаңғызтөбе - Зайсан/ қамтамасыз ететін автомобиль жолдарыт /Алматы - Бішкек - Шымкент - Ташкент/ өтеді.

Шығыс Қазақстанда «Шығыс шеңбері» Кенді Алтайдың өнеркәсіп орталықтарын /Өскемен - Алтай - Самар - Көкпекті - Георгиевка - Өскемен/ байланыстырады. Оның Көкпектіден Зайсан қазаншұңқырына баратын тармағы бар. Әрбір облыс орталығынан аудан, совхоз, колхоздарға автобус қатынайтын көптеген жеңіл типті жолдар салынған. Жолдардың сапасы, әсіресе Солтүстік Қазақстан аудандарында, оларды жыл бойы пайдалануға мүмкіндік бермейді.

Қазақстанда тас жол, қара жол желісі қанша жиі болғанымен олардың 10 % - і ғана қатқыл табанды, бұл автомобиль көлігінің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ете алмайды. Қиыршық тасты жолдар - қатқыл табанды жолдардың басым типі.

Халық жиі қоныстанған Іле Алатауының етегімен өтетін Алматы - Шелек - Нарынқол (Райымбек) даңғыл жолының рөлі күшті маңызы жағынан Қарағанды - Теміртау - Ақмола, Семей - Павлодар - Омбы, Атырау - Орал жолдарын бөліп атауға болады. Тасымал көлемі жағынан автомобиль көлігі республикада бірінші орын алады. Бұл салада темір жол көлігіндей емес, ірі тараптар түзілді. Бұлар - Алматы, Өскемен, Қарағанды, Ақмола, Семей, Қостанай, Ақтөбе.

Республика ішінде жүк тасқынының, жолаушы тасымалдаудың өсуі автомобиль паркін жаңа өнімділеу техникамен толықтыру, көлік құралдарын ірі автокөлік кәсіпорындарында шоғырландыру, автомобильдерді техникалық күту және жөндеу, автокөлікті басқару жүйесін жетілдіру жөнінде көтеріңкі талаптар қояды.

Автомобиль көлігінің жұмысын жақсартудың тағы бір маңызды бағыты - республика жолдарының бүкіл желісін қатқыл табанды жолға айналдырып, жақсартылған магистральды автомобиль жолдарын салу.

Көліктің табиғат жағдайларына тәуелділігі жоғары немесе ір қилы. Дегенмен ғылыми - техникалық прогрестің дамуына байланысты тау - тас, өзен - көл, шөл дала сияқты кедергілер көлік жолына тосқауыл болудан қалуда /Туннел (Тескен жол) салу, жасанды су жолдарын ашу тағы басқа/. Сонымен қатар көліктің айналадағы ортаға зиянды әсері де күшеюде.

Тәуелсіздік алған кейінгі жылдарда салынған магистральдар

Автокөлік Қазақстанда кезең-кезеңмен дамыды. Төнкеріске дейінгі жылдарда қатынас көлігі негізінен түйе мен ат болатын. Автомобиль сирек кездесетін. Мысалы, 1910 жылы небәрі 20-дан сәл ақ асатын жеңіл автомобиль болды, оның өзі де адам таситын автомобильдер еді. Өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдары Қарсақпай комбинатымен Түркісіб құрлысында небәрі 81 жүк автомобилі пайдаланылды, ал 1928 жылдың аяғына қарай олардың саны 247-ге жетті. Олар негізінен шетелдік маркадағы машиналар еді. КСРО-да отандық автомобиль өнеркәсібі қолға алынғаннан кейін автокөлік көбейе бастады. 1938 жылы автопарк 10 еседен астам, ал жүк автомобильдер саны 22 есеге көбейді. Автомобиль көлігінің соғыстан кейінгі жылдардағы дамуын үш кезеңге бөлуге болады.

Бірінші кезең (1946-1955 ) Халық шаруашылығын қалпына келтіру және оны одан әрі дамыту үшін жағдай жасау кезеңімен тұспа-тұс келеді. Бұл кезеңде Қазақстан көлігі республиканың жүк тасымалындағы қажеттерін қанағаттандыра алмады. Мұндай жағдайда автокөлік бірден-бір жіне неғұрлым қолайлы болды. Осыған байланысты КСРО үкіметі министр жүйесіндегі күрделі құрылысқа бөлінетін қаражатты көбейтіп, республика автопаркін кеңейтті. 1955 жылы жалпы пайдаланудағы автошаруашылықтардағы жүк автомобильдері паркі ұлғайтып, жүк көтергіштік 1 тоннаға көтерілді. Жолаушылар тасымалының көлігі 1, 5 есеге көбейді, жеңіл автомобильдер саны 5 еседен астам артты.

Екінші кезең 1956-60 жылдарды қамтиды. Бұл жылдары тың және тыңайған жерлер игерілді, жаңа өнеркәсіп орындары салынды, жұмыс істеп тұрған көптеген кәсіпорындар кеңейтілді. Тек тың өлкесінде ғана 200-ге жуық ірі автошаруашылық құрылды. Егер 1953ж. жалпы пайдалануда 35 автошаруашылық болса, 1960 жылы олардың саны 10 есе көбейді. Автокөлікшілер 1954-1960 жылы 3 млрд. пұттан астам тың астығын тасыды. Автокөлік тасымал көлемі бойынша республикада жетекші орында болды. 1965 жылдан астам, үшінші кезеңде ондаған ірі автоөнеркәсіп орындары, шеберханалар, цехтер іске қосылды. Автокөлік саласы техникалық жағынан қайта жарақтандырылды. Ғылым мен техника жаңалықтары кеңінен енгізілді. Еңбекті көп қажет ететін жұмыстарды механикаландыру және автоматтандыру, автомобильдерге техникалық күтім жасаудың және оларды жөндеудің жаңа технологиясын енгізуге зор көңіл бөлінді. Орталықтандырылған тасымал, контейнерлерге тиеп тасымалдау, астық және ауыл шаруашылық дақылдарын тасымалдаудың комбитрейлерлік жүйесі кең таралды. Автокөлік саласында 14 есептеу орталығы, сол кездегі ең жаңа техникамен жарақтандырылған 4 ірі машиналық-баспа станциясы құрылды. ЭЕМ-нің көмегімен автомобильдер саласы жұмысының барлық негізгі бөлімдері, жедел бағыттар мен қозғалыс кестелері әзірленді.

Өткен ғасырдың 70-жылдарының аяғында Қазақстан 4 мыңға жуық бағыт жұмыс істеді, олардың жалпы қашықтығы 316 мың километрден асты. 204 қала мен жұмысшы қыстағындағы ішкі желілерде тұрақты қатынас жолға қойылды, 170 қала мен қыстақта жолаушылар автобуспен тасымалданды. Елді мекендердің 90%-ға жуығында облыстар және аудан орталықтарымен тұрақты автобус қатынасы болды. Күн сайын бағыттарға 15 мыңнан астам автобус шығып тұрды, оларда 900 мыңға жуық орын болды, күн сайын 6, 7 милионнан астам жолаушы тасымалданды.

Қазақстан соңғы он жылдықта дүниежүзілік интеграциялық процестерге белсенді қатысушы болды. Жүктер мен жолаушыларды қызмет көрсету сервисінің жоғары деңгейімен ішкі және транзиттік тасымалдауды қамтамасыз ететін сапалы көліктік инфрақұрылымы экономикалық интеграцияның маңызды бөлігі болып табылады.

Бүгінгі уақытқа дейін республикада қатты жабынды автомобиль жолдары бойынша облыстық немесе аудандық орталықтармен байланысы жоқ шамамен 2000-ға тарта ауылдық елді мекендер бар.
Жергілікті маңызы бар жол торабындағы автожол көпірлері мен жол құбырларының көліктік-пайдаланымдық жағдайы күрделі және маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Зерттеу жүргізілген 1911 көпірдің 502-сі күрделі және орташа жөндеуді, ал 25 көпір толықтай ауыстыруды қажет етеді.
Автожол саласын қаржыландыру көлемінің жеткіліксіздігі және оның 2000 жылға дейінгі төмен деңгейде болуы жолдар жағдайының нашарлауына әкеліп соқтырады, бұл ақауларды бүгінгі күні де толықтай жою мүмкін болмай отыр.
Жол саласын қаржыландырудың шектелген кезеңінде жөндеуаралық мерзім бойынша жүргізілуі тиіс 2-3 күрделі және орташа жөндеу жіберіліп қалды, бұл автожолдардың едәуір бөлігінде жол төсемесінің нашарлауына әкелді. Мәселен, 1993 жылмен салыстырғанда республикалық торап бойынша жүру жолының негізгі элементтерінде ақау бар жолдың жалпы ұзындығы 3 есеге артты және 2004 жылғы тексеріс деректері бойынша 50% құрады. Үйлестіру бойынша жұмыстар шеңберінде автожол саласында қолданылатын Қазақстан Республикасының 62 стандарты және 27 өзге де нормативтік-техникалық құжаттарды қайта жасау көзделуде. Республикалық маңызы бар жолдардың көліктік-пайдаланымдық жай-күйінің электрондық дерекқорын қалыптастыру үшін бағдарламалық қамтамасыз ету әзірленген.
2001 жылдан бастап "Қазақавтожол" республикалық мемлекеттік кәсіпорны техникалық қайта жарақтандыру жүргізілуде, саланың жол-пайдалану қызметтері үшін мыңнан астам техника сатылып алынды.
Шетелдік компаниялармен бірлескен жұмыс отандық мердігерлерге тәжірибе игеруге, жұмыскерлердің біліктілігін жоғарылатуға, жұмыстардың басқару мен жоспарлау жүйесін жетілдіруге, озық жоғарғы технологиялық жабдықтарды сатып алу жолымен негізгі құралдар паркін жаңартуға жағдай жасады. Салаға жұмыс өндірісінің жаңа технологиясы және мұздатылған ресайклирование, геотекстиль, полимерлік түрлендіргіш және т. б. секілді жаңа жол құрылыс материалдары ендірілуде. Мердігерлік ұйымдар сапаны басқарудың халықаралық жүйесін енгізуде, көптеген мердігерлердің ІSО 9001-2000 сертификаттары бар. Мемлекеттік бағдарламада жалпы ұзақтығы 8290 км болатын алты негізгі халықаралық транзиттік дәліздер белгіленген. Бірқатар дәліздердің өткізу қабілеттілігін пайдалану дәрежесі жойылған немесе орташа мәні 70% (6-кесте) болғанда жойылуға таяу.
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің деректері бойынша республиканың автомобиль жолдары бойынша транзиттік көлік қозғалысы қарқындылығының өсуі байқалады. Егер 2003 жылы көліктік бақылау посттары арқылы шамамен 130 мың жүк автокөлік құралдары өтсе, ал 2004 жылы транзиттік жүк ағынының қарқындылығы 203 мың бірлікке дейін артты.

Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары

Басымдылықтар және жұмыстардың негізгі көлемдері

Бағдарламада мынадай басымдылықтар көзделеді:
негізгі халықаралық транзиттік дәліздерді бірінші кезекте қайта жаңарту;
автомобиль жолдары торабындағы бұзушылықтарды кезең-кезеңмен жою;

жүк көтергіштігі және габариттері жөніндегі талаптарға жауап бермейтін 412 көпір мен жолөткелдерді қайта жаңарту және күрделі жөндеу;

қайта жаңартудан және қалпына келтіруден өткен учаскелерде жөндеуаралық мерзімдердің сақталуы;

республикалық маңызы бар автожолдардағы топырақ бөлінуін жою;
ауылдық жерлердегі елді мекендердің автомобиль көлігі қатынасына жыл бойы қол жеткізуін қамтамасыз ету;
облыс орталықтарының айналма автомобиль жолдары учаскелерін салу және қайта жаңарту;
облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын сақтау және қалпына келтіру;

ауылдық жерлерде өзіндік құны төмен автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту және жөндеу;

ішкі және келімді туристік қызметті және кластерлік бастамаларды дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының тарихи, мәдени және табиғи туристік объектілеріне қол жеткізуді қамтамасыз ететін республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының жекелеген учаскелерін қайта жаңарту және күрделі жөндеу.

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының учаскелерін қайта жаңарту жоғарыда көрсетілген басымдылықтарға сәйкес мынадай бағыттарда жүргізілетін болады:
Ташкент - Шымкент - Тараз - Алматы - Қорғас;

Шымкент - Қызылорда - Ақтөбе - Орал - Самара, Түркістан және Ақтөбе қалаларының айналма жолдарын қоса алғанда;
Алматы - Қарағанды - Астана - Петропавл - Ресей Федерациясының шекарасы "Астана - Щучин", "Бурабай - Көкшетау - Петропавл - Ресей Федерациясының шекарасы" учаскелерінде;
Астрахань - Атырау - Ақтау - Түркменстан шекарасы;

Қиғаш өзені арқылы өтетін көпір салу;

Омбы - Павлодар - Семей - Майқапшағай (іріктеліп) ;

Астана - Қостанай - Челябі - Екатеринбург;

Алматы - Аякөз - Георгиевка;

Таскескен - Бақты;

Шонжы - Көлжат; Үшарал - Достық (іріктеліп) ;
Қызылорда - Жезқазған - Павлодар - Ресей Федерациясының шекарасы (іріктеліп) ;

Жезқазған - Петропавл - Ресей Федерациясының шекарасы (іріктеліп) ;
Бейнеу - Ақжігіт - Өзбекстан шекарасы (екінші кезең) .
Автомобиль жолдары учаскелерін қайта жаңарту жөніндегі жұмыстардың көлемі қозғалыс қарқындылығының нормативтік өсімін ескере отырып әзірленген және қарасты өсуінің оське 10 тн. есептік жүктемесі бар III техникалық санат талаптарына сәйкес қолда бар жобалық-сметалық құжаттамалардың ішінара қайта жасалуын ескерумен жоспарланды. Автомобиль жолдарының жаңа учаскелерін қайта жаңартудың жобаларын әзірлеу кезінде есептік осьтік жүктемесі кемінде 13 тонна болатындай етіп жол төсемесінің құрылымын күшейту арқылы халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарын ең төмен дегенде II техникалық санатқа ауыстыруды көздейтін қайта жасалған құрылыс нормалары және ережелерінің талаптары ескерілетін болады.

Осылайша 2006-2012 жылдар ішінде республикалық маңызы бар жолдардағы жұмыстардың көлемі мыналарды құрайды:
салу және қайта жаңарту - 7205 км;

күрделі жөндеу - 1660 км;

орташа жөндеу - 16800 км;

көпірлерді қайта жаңарту және күрделі жөндеу - 412 дана.
Бағдарламаны іске асыру шеңберінде орындалу жоспарланған негізгі инвестициялық жобалар картаға түсірілген және 3-қосымшада көрсетілген.

Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының учаскелерін салу, қайта жаңарту, күрделі және орташа жөндеу бойынша жұмыстардың болжанған көлемдері - 18089 км құрайды.
Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын ескере отырып, келешекте жетіспейтін автожолдарды салудың қажеттілігін анықтау үшін, республикамыздың транзит көлік әлеуетін кешенді зерттеу жүргізілуі тиіс. Зерттеу шеңберінде мемлекет-жекеменшік серіктестігі тетіктерін енгізу арқылы жаңа учаскелер салудың мынадай басым бағыттары қамтылуы тиіс:
ұзақтығы 200 км Шалқар - Арал (Алматы - Қызылорда - Ақтау бағдарғысын 200-нан астам км-ге қысқарту) ;

ұзақтығы 500 км Бейнеу - Шалқар (батыс, орталық және шығыс өңірлерінің толассыз автомобиль қатынасын қамтамасыз ету) ;

ұзақтығы 200 км Қарабұтақ - Торғай ("Астана - Атбасар - Қостанай - Денисовка - Ақтөбе облысының шекарасы - Қарабұтақ" бағдарғысын 500-ден астам км-ге қысқарту) ;

ұзақтығы 200 км Арал - Жезқазған автожолының (Арал - Қоскөл учаскесінде) (орталық және шығыс өңірлердің Ақтау портымен толассыз қатынасын қамтамасыз ету және тасымалдау қашықтығын 2500-ден астам км-ге қысқарту) ;

ұзақтығы 62 км Алматы - Ыстықкөл (Ыстықкөлге дейінгі бағдарғыны 200-ден астам км қысқартады) ;

Одан басқа, ұзақтығы 119 км Төрткөл - Шәуілдір - Түркістан учаскесін республикалық бюджет қаражатынан кейіннен өтеу арқылы мемлекеттік-жеке меншік серіктестік тетігін енгізу есебінен қайта жаңарту көзделіп отыр.

Бағдарламаны орындау оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының негізінде жүзеге асырылады.

Статистикалық мәліметтер

Көліктің жүйе құраушы рөлі айтарлықтай өсті және оны дамыту міндеттері мен әлеуметтік-экономикалық өзгерістер басымдықтары арасындағы өзара байланыс жақсарды. Көлік негізінен жолаушылар және жүк тасымалына деген өскелең сұранысты қанағаттандырды. 2000 жылдан бастап 2005 жылды қоса алған кезеңде көлік қызметтерінің өсуі: жылына орташа алғанда жолаушылар тасымалында 7, 8%-ды, жүк тасымалында 9, 5%-ды (орташа жыл сайынғы экономикалық өсу 10, 3% болғанда) құрады.

Көліктің негізгі түрлері бойынша транзиттік дәліздердің әлеуетті транзиттік мүмкіндіктерін пайдалану

Көлік түрі: Көлік түрі
2005 жылғытранзиттің көлемі:

2005 жылғы

транзиттің көлемі

Әлеуеттімүмкіндіктер:

Әлеуетті

мүмкіндіктер

Әлеуетті пайдалану: Әлеуетті пайдалану
Көлік түрі:

Темір жол көлігі,

млн. тонна

2005 жылғытранзиттің көлемі: 8, 895
Әлеуеттімүмкіндіктер: 30, 0
Әлеуетті пайдалану: 30 %
Көлік түрі:

Автомобиль көлігі,

млн. тонна

2005 жылғытранзиттің көлемі: 0, 350
Әлеуеттімүмкіндіктер: 3, 0
Әлеуетті пайдалану: 12 %
Көлік түрі:

Әуе көлігі, млн.

ұшақ-км

2005 жылғытранзиттің көлемі: 84, 7
Әлеуеттімүмкіндіктер: 342, 5
Әлеуетті пайдалану: 25 %
Көлік түрі: Су көлігі, млн. тонна
2005 жылғытранзиттің көлемі: 0, 150
Әлеуеттімүмкіндіктер: 2, 5
Әлеуетті пайдалану: 6 %
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Автожолдар
Қазақстан Республикасының көлік саласын дамытудың жолдары
Аймақтық көлік жиынтығын мемлекеттік реттеу
Автокөлік жолдары
Темiр жол саласы
Көлік жүйесі – экономикалық өрлеудің негізгі факторы
Қазақстандағы көлік жүйесі
Автожол саласы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2009 – 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Көлік логистикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz