Ақша қорының есебі және тапсырмалар


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

1. 1. Ақша қорының есебі және тапсырмалар

Ақша дегеніміз - тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның эквиваленттік формасы мен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше түрі. Яғни ақша - тауар өндіру мен оның айырбастау үрдісінде басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айрықша қызметі - барлық тауарға ортақ балама (эквивалент) рөлін атқару. Осыдан келіп ақшаның жаппай күші болады. Ақшаның қоғамдағы мәнін К. Маркс “жеке адам өзінің қоғамдық билігін де, қоғаммен байланысын да өзінің қалтасына салып жүреді” деген афоризммен сипаттады. Ол мынадан айқын көрінеді:

Біріншіден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қоғамдық еңбектің нәтижесі екенін анықтауға болады. Мысалы, ақшаның тауар айырбасында делдалдық етуі арқылы қоғамдық еңбектің сапалық деңгейі айқындалып, сандық есебі жүргізіледі.

Екіншіден, әр адамның еңбектегі, яғни қоғамдық өндірістегі үлесін де ақша арқылы анықтауға болады. Себебі адам қоғамдық еңбектегі үлесін жалақы ретінде алғанда, ақша төлем құралы қызметін атқарады.

Үшіншіден, айырбас үрдісінде ақшаның делдалдық етуімен тауардың ішкі қайшылықтары да шешіледі. Тек ақшаның пайда болуына байланысты бүкіл тауарлар тұтыну құны түрінде айырбас қатынасының бір жағында тұрады да, ал екінші жағында бүкіл тауарларға қарама-қарсы ақша тұрады.

Ақша айналыс заңы - құн заңының айналыс аясындағы көрінісі. Ол тауар - ақша қатынастары болатын барлық қоғамдық формацияларға тән. Айналыстағы ақшаның саны К. Маркс ашқан ақша айналысы заңымен реттеледі. Тауар айналысына қызмет ету үшін қажетті ақша мөлшері екі факторға: біріншіден, бір кезеңде, айталық бір жылда сатылуға тиіс тауарлар бағасының қосындысына, екіншіден ақша айналысының жылдамдығына байланысты өзгереді. Ақша айналысы заңы мына формуламен өрнектеледі:

Ақша айналысының заңының мәні - ақшаның айналыс құралы қызметін орындауы үшін қажетті ақша мөлшері сатылуға тиіс тауарлар баға-сының көбейтіндісін бір аттас ақша өлшемінің айналым санына (айналым жылдамдығы) бөлгенге теңесуі керек.

Ақша тек айналыс құралы ғана емес, сонымен қатар төлем құралы қызметін де несиеге сатқан тауарлар сомасына байланысты азаяды. Қарыз міндеттемелерінің бірсыпырасы қолма-қол ақшасыз есеп айырысқанда өтеледі, яғни олар қарыз талаптары мен міндеттемелерін өзара есептеу жолымен де өтеледі. Сөйтіп, несиенің даму дәрежесі ақша мөлшеріне кері әсерін тигізеді: тауарлардың неғұрлым көп бөлігі несиеге сатылса, айналысқа соғұрлым аз ақша мөлшері қажет. Одан басқа, айналыстан шығарылған әлдеқандай ақша мөлшері шаруашылықтың және халықтың тұрақты ақша қорын құрайды.

Айналысқа қажетті ақша мөлшері өндірістің даму жағдайларына әсер ететін көптеген факторларға: айналыстағы тауар мөлшеріне, тауарлар мен қызмет бағасының деңгейіне және т. б. байланысты өзгереді. Айналысқа қажетті ақша мөлшері ақша айналысының жылдамдығына кері пропорционалды өзгереді. Ал ақша айналысына әсер ететін жағдайлар мыналар:

  • несиенің даму деңгейі, егер тауардың көп бөлігі несиеге сатылса, айналысқа сонша мөлшерде кем ақша қажет;
  • қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың дамуы;
  • ақша айналысы санының өсуі.

Айналысқа ақша екі түрде шығарылады, эмиссияланады:қолма-қол ақша, яғни айналымдағы банкноттар және ұсақ тиындар; банктік айналымдағы ақша түрі, яғни банктегі шоттарға жазылған сома. Екі деңгейлі банк жүйесінде ақшаның бірінші түрін, яғни қолма-қол ақшаны монополиялы құқықпен орталық банк эмиссиялайды да, қолма-қол ақша белгілерін коммерциялық банктер жүйесі шығарады. Ақшаның екі түрі бір-бірімен тығыз байланыста жүреді. Егер банк клиенті -шоттағы ақшаның иесі өз қаражатын қолма-қол ақша түрінде алса, онда банктік айналымдағы ақша белгілері нақты қолма-қол банкнотқа айналады. Керісінше, клиенттің шотқа жазу арқылы банкке ақша сомасын салу қолма-қол ақшаның банктік айналымдағы ақша түріне айналуын көрсетеді.

Ақша айналымының екі жағының бірлігі, олардың бір түрінің екіншісіне ауысуы жалпы ақша жиыны құрамын анықтауды қажет етеді. Себебі ақша жиыны ақша айналымының сандық көрсеткіші. Белгілі бір мерзім аралығында және белгілі бір күнге ақша айналымындағы сандық өзгерістерді талдау үшін, сол сияқты ақша жиынының көлемін және оның өсу қарқынын реттейтін іс-шаралар жүргізу үшін әр түрлі көрсеткіштер (ақша агрегаттары) қолданылады.

Ақша - төлем немесе халықаралық айырбас құралы.

Ақша сұранысын талқылағанда біз оны нақты баланстарға сұраныс тұрғысынан қарастырамыз. Бұдан мынадай тұжырымдар шығады: ақша сұранысы жеке адамдардың иемденетін ақшаларының сатып алу қабілетіне байланысты:

  1. Нақты ақша сұранысы баға деңгейі өскен кезде өзгеріссіз болады.
  2. Атаулы ақша сұранысы баға деңгейімен бірдей артады. Онда жоғарыдағыдай өзгерістер болмайды.

Өзгерістер байқалмаған жағдайды төмендегіше айтамыз. Егер баға деңгейіндегі өзгерістер жалпы басқа өзгерістерді тұрақтандырса, жеке адам “ақша сұранысына” ие болмайды. Бұған керісінше, жеке адам баға деңгейінің өзгеруіне орай әрекет еткенімен, барлық нақты өзгерістер ақша салымынан зиян шегеді.

Жинақталған тәжірбиеге сүйене отырып, ақша сұранысының нақты баланс сұранысымен бірдей екенін, ондағы өзгерістер баға деңгейіне пропор-ционалды болатынын көреміз.

Теориялық тұрғыдан алғанда, ақша сұранысы қызметі өзекті мәселе-лердің бірі болып келеді. Ол нақты табыс өскенде артуы тиіс, ал атаулы пайыз мөлшерлемесі өскенде ол қысқаруы тиіс.

Ақша сұранысын айқындайтын негізгі үш себеп бар. Табыстағы өзгерістер мен пайыз мөлшерлемесіндегі өзгерістердің ақша сұранысына әсерін көруге болады.

Сөйтіп, төмендегі үш теория Кейнстің ақша ұстаудағы үш теория-сымен сабақтас келеді:

  • Келісімдер мотиві, мұнда ақша сұранысы әрдайым төлем ретінде қолданылады. ;
  • Сақтық аргументі: ақша сұранысы күтпеген кездейсоқтыққа тап болады;
  • Жалдаптық дәлел: жеке адамдар қолындағы активтер мен ақша құнына сенімсіздік білдіреді.

Ақша сұранысын талқылағанда екі тұжырымға сүйенеді:

  • монетарлық;
  • кейнстік.

Классиктер ақша сұранысын мына теңдеу арқылы түсіндіреді:

MV=PY

М - айналымдағы ақша көлемі;

V - ақша айналымының жылдамдығы;

P - баға деңгейі;

Y - өнім шығару көлемі.

Сандық теория тұрғысынан ақша сұраныс екі мотивке негізделеді.

1-мотив бойынша адамдар мен фирмалар ақшаны төлем құралы ретінде қажет етеді.

Мәміле жасау үшін керекті ақша көлемі:

  • тауар жиынының көлемі;
  • баға;
  • жиынтық табыс;
  • ақша айналымының жылдамдығына тәуелді болады.

Бірақ басты фактор табыс болып саналады, сондықтан

Бұл жерде - ақшаға таренсакциялық сұраныс;

Y - жиынтық табыс.

Сұраныстың 2-мотиві сақтық мотиві бойынша сұраныс деген атқа ие болды. Ол адамдарда көзделмеген төлемдерге кез болғанда пайда болады. Бұл үшін оларда белгілі бір ақша қоры болуы керек. Оның көлемі көзделмеген шығындар көлеміне байланысты болып, ал оның өзі ұлттық табысқа тура пропорционалды болуы керек:

- сақтық мотиві бойынша ақша сұранысы.

Бұл екі сұраныс пайыз мөлшерлемесіне тәуелсіз болғандықтан, 1-су-ретте ол тік сызық ретінде көрсетілген.

1-сурет.

а - трансакциялық, б - жалдаптық, в - жалпы

Дж. Кейнс ақша сақтаудағы үшінші мотиві - жалдаптық мотивті бөліп көрсету. Бұл жағдайда ақша қорының дивидент әкелмеген кезі қарастырылады.

Мұқтаждықты қанағаттандыратын ақша басқаға да пайдасын тигізеді. Адамдардың алып сатарлық жасауы үшін бірқатар қаражаты болғанымен, олар кездейсоқ мұқтаждықтарға, яғни сақтауға жұмсалуы мүмкін.

Ақша басқа активтерге қарағанда аз пайыз түсіреді: доллар пайызы-ның түсуі көп болған сайын жеке адам аз ақша ұстайды. Ақшаның пайыз мөлшерлемесі артқан сайын ақша сұранысы да артады, ал балама активтерге пайыз жоғары болған кезде ол азаяды. Іс жүзінде біз ақша құнын ақшаға аламыз және де басқа активтерге, мысалы, сақтау мекемелеріндегі депозит немесе коммерциялық іс қағаздарға төленген пайыз арқылы да өлшеп аламыз. Ақшаның пайыз мөлшерлемесі - дербес пайыз мөлшерлемесіне жатады.

Бұл тұстағы ақша құны басқа активтерден түскен табыс пен дербес пайыз мөлшерлемесі аралығындағы айырмашылыққа тең болады.

Ақша жүйесіндегі жаңалық жалпы банктегі активтердің табиғатын өзгертеді. Мысалы, депозитке салым төлейтін сақталымдар NOW есебіне тиым салу ретінде ойлап табылды. NOW - кәдімгі чек. Банктер бір-бірімен пайыз мөлшерлемесін төлеу жолын табуда өзара бәсекеге түседі. Тыйым салу төңірегінен сақтау депозиттеріне жол ашылуына өрай олар енді мұны NOW сұраныс депозиті деп атайды, сөйтіп оның анықтамасы өзгереді. Сонымен, ақша нарығындағы өзара қор тек 1973 жылы ашыла бастады. 1982 жылға дейін банктерге ақша нарығына активтер шығарыға рұқсат берілмей келсе, кейіннен мұндай депозиттер банктерге жедел түрде құйыла бастады.

Ақша - кең қолданылатын төлем құралы. Қазіргі экономиканы ақша-сыз көзге елестету қиын. Экономикада ақша жоқ жағдайда әрбір келісім екі жақты келісушілік бойынша тауар айырбасы арқылы жүзеге асады.

Ақшаның төрт түрлі қызметі бар. Халықаралық есеп құралы болуы оның бірінші қызметі, қалған үшеуі - баға қоры, есеп бірлігі және ұзартылған төлем. Бұл халықаралық есеп құрамының өздаған ерекшеліктерімен ғана ерекшелінеді.

Баға қоры дегеніміз - уақыттан тыс бағадан құралған актив. Сонымен, жеке адамда ақша қоры болса, оны ол алдағы уақытта бір зат сатып алуға жұмсайды. Егер актив құны болмаса, ол халықаралық есеп құралы болып саналмайды.

Ақша атқаратын төрт қызметінің соңғы екеуі - оның әдеттегі атқаратын қызметі. Баға қоры функциясын активтер атқарады.

Ақша иемденудің пайдасы мен қауіптілігін алып қарағанда, сақтық кассасындағы депозиттер басқа да ақша тәрізді қатерге ұшырайды. Мұндағы негізгі қауіп инфляциядан бейхабар болудан туындайды.

Ақша ұсынысы екі қосындыдан тұрады:

  1. Банк жүйесінен тыс қолда бар ақша;
  2. Экономикалық агенттер қажет кезде мәміле жасау үшін қолданы-латын депозиттер.

Қазіргі замандағы банк жүйесі - жеке резервті жабумен байланысты жүйе. Банк депозиттерінің бір бөлігін ғана резерв түрінде сақтайды, ал қалған бөлігін қарыз беру үшін және актив операциялар үшін пайдаланады. Басқа қаржылық институттармен салыстырғанда, банктің ақша ұсынысын өсіру мүмкіндігі бар.

Қосымша ақша ұсынысының жалпы түрі жаңа депозит пайда болуы-ның нәтижесінде туындайды.

Ақша ұсынысының жалпы үлгісі Орталық банк рөлін ескере отырып жасалады және банк жүйесіндегі депозиттік ақшаның бір бөлігінің қолма-қол ақшаға ауысуы.

Ақша базасы - Орталық банкте сақталатын коммерциялық банктердің резервтері мен банк жүйесінен тыс қолма-қол ақша.

Ақша мультипликаторы - ақша базасы бір бірлікке өскенде, ақша ұсынысының қалай өзгеретіндігін көрсетеді.

Ақша қаржысы, құнды қағаздарын және есеп берудің бланкілерін түгелдеу.

Кассаны түгелдеу кезінде кассада тұрған ақша белгілері мен басқа да құндылықтардың нақты бар болуы тексеріледі. Қатаң есептегі бланкілер де тексеруден өткізіледі. Кассадағы ақша белгілері мен басқа да құндылық-тардың нақты бар болуын есептеу кезінде қолма қол ақшалар, құнды қағаздар (акциялар, облигациялар, чектер, вексельдер, коносаменттер және заңға құнды қағаздар ретінде шығарылған басқа да құжаттар) және ақша құжат-тары (маркілер, демалыс үйлеріне және санаторийлерге жолдама, авиа-билеттер және т. б. ) есепке алынады. Кассадағы қолхаттар есепке алынбайды, яғни олардағы көрсетілген ақшаның сомасы қалдыққа қосылмайды; кассада осы кәсіпорынға тиісті емес ақша қаржылары және басқа да құндылықтардың бар болуы жөніндегі кассирдің мәлімдемесі қабылданады.

бет жағы

“Цемент” ААҚ

кәсіпорын, ұйым

Құжат-тың №
Құжатты жасаған күні
Операция түрінің коды
Кәсіпорынның құрылымдық бірлігінің коды
Өндіріс түрі
Цех (қойма)
Бөлімше
Құжат-тың №: 15
Құжатты жасаған күні: 30. 11. 01
Операция түрінің коды: 17
Кәсіпорынның құрылымдық бірлігінің коды: 01
Өндіріс түрі: -
Цех (қойма): -
Бөлімше: -

АҚША ҚАРЖЫСЫНЫҢ НАҚТЫ ҚОЛДА БАРЫН ТҮГЕЛДЕУДІҢ АКТІСІ

“Цемент” ААҚ қаласында тұратын

ҚОЛХАТ

Түгелдеуді жүргізу басталғанға дейін ақша қаржысының барлық кіріс және шығыс құжаттары бухгалтерияға өткізілді және менің жауапкершілігіме түскен барлық ақша қаражаттары есепке алынды, ал шыққандары шығысқа шығарылады.

Материалды жауапты тұлға

Кассир Исаев Еркін Исаев

лауазымы қолы аты, жөні, тегі

30 желтоқсан 2001 жылғы №156 бұйрықтың (өкімнің) негізінде 30 қараша 2001 жылдағы жағдайы бойынша ақша қаржысын тізімге алу жүргізілді.

Түгелдеу кезінде мыналар анықталды:

  1. нақты ақша736 теңге 40 тиын
  2. пачта маркасы596 теңге 30тиын
  3. мемлекеттік алым маркалары1272 теңге 00 тиын

Нақты жиыны 4604 теңге 70 тиын

Төрт мың алты жүз төрт теңге 70 тиын

Есепке алу деректері бойынша: Бес мың қырық теңге 23 тиын

Түгелдеудің нәтижелері: артық кем 435 теңге 53 тиын

Касса нөмірінің соңғысы:

кіріс №279 , шығыс 596

Комиссияның төрағасы

Қаржы директоры Түкібаев Тілеш Түкібаев

лауазымы қолы аты-жөні, тегі

Комиссияның мүшелері:

Бас бухгалтердің орынбасары Омаров Төлен Омаров

лауазымы қолы аты-жөні, тегі

Ішкі аудитор Қатпаев Жұпарбай Қатпаев

лауазымы қолы аты-жөні, тегі

Актіде көрсетілген ақша қаржысы менің жауапкешілігімде сақталатындығын растаймын.

Материалды жауапты тұлған Еркін Исаев

сырт жағы

Артық немесе кем шығудың себептерін түсіндіру: кем шығу менің кінәмнан болды; оны екі күндік мерзім ішінде өтеуге міндет аламын.

Материалды жауапты тұлға Исаев Еркін

Кәсіпорын басшасының шешімі: бухгалтерия кем шығудың қайталанбауына шара қолдансын. Исаевқа ескеру берілсін.

Жұмаділдә Еримбетов қолы

30 қараша 2001 жыл

Түгелдеу актісінде ақша қаржысының бар болуы түгелдеу күні жасалған есепке алудың мәліметтерімен салыстырылады және нәтижесі анықталады. Кем шығу немесе артық шығу табылған жағдайда актіде оның пайда болу себебі және сомасы көрсетіледі.

Кәсіпорын кассасында сақталатын құнды қағаздар мен ақша құжатарын түгелдеу оларды парақтап қайта есептеу жолымен жүргізіледі. Тексеріс құжаттардың жекелеген түрлері бойынша актіде атауы, нөмірі, сериясы және нақтылы бағасы көрсетіліп жүргізіледі ( қолда бар ақша қаржысын түгелдеудің актісі жоғарыда көрсетілген) .

Ақша қаражаттарын, құнды қағаздарды және қатаң есеп беу бланкілерін түгендеу олардың қалдықтарымен салыстыру арқылы жасалады.

Ақша қаражаттарының және құнды қағаздардың артық шыққан сома-лары кіріске алынуға тиісті: ол кезде 441, 422, 451, 452 шоттары дебеттеліп, 727 шоты кредиттеледі.

Кем шыққын ақша қаражаттары мен құнды қағаздар өтеу үшін мате-риалды жауапты тұлғаның есебіне шығарылады:

334 шоты дебеттеліп, 411, 422, 451, 452 шоттары кредиттеледі.

Егер де кінәлі тұлғалар табылса, онда 334 шоты кредиттеліп, 333 шоты дебеттеледі, яғни 334 шоты жабылады.

Егер де кінәлі тұлғалар табылмаса, онда кем шыққан сомасы 334 кредитінен 821 шоттың дебетіне есептен шығарылады.

Ақша қаражаттарының қозғалысына ішкі бақылау жасау жүйесі.

Ішкі бақылау жүйесі - бұл активтерді қорғау, кәсіпорынның қаржы-лық саясатымен сәйкестігін қамтамасыз ету, бухгалтерлік шоттардағы бейнеленген мәліметтердің сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатынада жасала-тын саясат және процедура.

Ақща қаражаттарына және өтімді (ликвидті) активтерге жасалынатын қатаң бақылау жүйесі - ақпарат тұтынушылар экономикалық шешім қабылдау үшін пайдаланатын қаржылық қортынды есепте бейнеленген мәліметтердің шынайлығын қамтамасыз етеді.

Ақша қаражаттарын қорғау көптеген кәсіпорындар үшін маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Ақшаны жасырып алып кету оңай, сондай-ақ олардың меншіктік таңбалары болмайды және конвертациала-нушылық қасиеті бар.

Ақша қаражаттарына ішкі бақылауды жүзеге асыру төмендегі міндетті қызметтерді атқарудан тұрады:

  • ақша қаражаттарын жеке сақтау және оның жеке есебін ұйымдастыру;
  • нақты ақшамен орындалған операцияларының барлығының дерлік есебін ұйымдастыру:
  • кассада ақша қаражаттарының тек қажетті ғана бөлігін сақтау;
  • кассадағы ақша қаражаттарының қалдығын мерзім сайын тексеруден өткізу.

Келіп түскен ақша қаражаттарын бақылау.

Ақша қаражаттары түрлі көздерден келіп түседі және кәсіпорында ондай операцияларды бақылаудың түрлі жолдары бар. Солардың ішінде төмендегі процедуралар жиі қолданылады:

  1. Ақша қаражаттарын төлеу операцияларын, нақты ақшамен жүргізілетін операцияларды тіркеу жұмыстарын, кассадағы қалдық ақша қаражаттарын салыстырып тексеру бойынша жұмыстарды қызметкерлер арасында бөліп тарату. Мұндай бөліп тарату ұрлануға және жалған жазулар арқылы ақша қаражаттарының жасырылуына жол бермейді.
  2. Ақша қаражаттарының банк шотына келіп түсу сәтінен бастап оларды тұрақты және үздіксіз қадағалауды қамтамасыз ету үшін ақша қаражат-тарының есебін жүргізу және оларды тіркеу операциялары бойынша жауапкершілікті қызметкерлер арасында бөліп тастауды бекіту. Мұндай бақылау жүйесі ақша қаражаттары келіп түскенде кідіріссіз тез санауды, сол сәтте кідіріссіз тіркеуді, алынған барлық ақша қаражаттарын уақытылы депоненттеуді талап етеді.
  3. Ақша қаражаттарының мақсатты пайдаланылуын басқару және бухгалтерлік жазуларды жүргізу қызметтерінің жүзеге асырылуына үздіксіз бақылауды қамтамасыз ету. Бұл бақылауға келесі шаралар кіреді: кассадағы ақша қаражаттарын күнделікті және кездейсоқ уақыта тексеру, жүргізілген ішкі ревизиялардың нәтижесі бойынша және келіп түскен ақша қаражаттары, төлемдер мен қалдықтар жөнінде күнделікті қоры-тынды есептер жасау.

Ақшалай шығыстарды бақылау

Көптеген шаруашылық жүргізуші субъектілер кең ауқымдағы түрлі реминттерге (өзінің кредиторларына) ақша төлейді. Әдетте, ақша қаражат-тарын бақылау жүйесі әрбір кәсіпорынға жеке дайындап жасалынса да, төмендегі ережелер барлық кәсіпорындарда дерлік кеңінен қолданылады:

  1. чектерді толтыру және оларға қол қою, оларды жөнелту және тиісті бухгалтерлік жазуларды орындау бойынша ақшалай шығыстарды құжаттар міндеттемелерін бөліп тарату;
  2. алдын-ала нөмірленген чектерге ақшалай шығындарды бейнелеу;
  3. касса шоты пайдаланған жағдайда, оны жүргізу өкілеттілігін бақылау;
  4. ақшалай шығыстарды және олардың бейнеленуін қадағалау.

Кассадағы қалдықтарды тексеру.

Әрбір есепті күнде немесе айдың аяғында ақша қалдықтарын тексеру міндетті болып табылады. Ақша қаражаттарының әрбір сақталу орнына қарай шоттардың жеке ашылуы тексеру жүргізуді жеңілдетеді және қателерді тез арада анықтауға мүмкіндік туғызады.

Тексеру процесі төмендегі кезеңдерден тұрады:

  1. Кассадағы нақты ақшаның қалдығының барын ақша операцияларына қатысы жоқ қызметкер кассирдің қатысуымен санауы тиіс және тексеру нәтижесі құжатта бейнеленіп, оған тексеру жүргізілген күн жазылады және екі жақтың да қолдары қойылады.
  2. Іс жүзіндегі ақша қаражаттарының қалдығын бухгалтерлік шоттардағы бейнеленген қалдықтармен сәйкестігін салыстыру. Анықталған кез келген ауытқушылық міндетті түрде салыстыру ведомосында көрсетіліп, себептері анықталуыу қажет.

Есеп

  1. Айталық, шарт жасауға арналған әр теңге орта есеппен жылына 6 рет айналады және соңғы тауар немесе қызмет қөрсетуді сатып алуға бағытталады. ЖҰӨ атаулы көлемі 2400 млрд. тг. Шарт жасауға арналған ақшаға деген сұраныс көлемін табыңдар.
  2. Кестеде активтерден әртүрлі пайыз мөлшері бойынша ақшаға деген сұраныс көлемі көрсетілген. Мәліметтерді қолданып, ақшаға деген жалпы сұранысты көрсетіңіз.

Пайыздық

қойылым (℅)

Ақшаға сұраныс көлемі
активтер бойынша
Жалпы
Пайыздыққойылым (℅): 16
Ақшаға сұраныс көлемі: 20
420
Пайыздыққойылым (℅): 14
Ақшаға сұраныс көлемі: 40
440
Пайыздыққойылым (℅): 12
Ақшаға сұраныс көлемі: 60
460
Пайыздыққойылым (℅): 10
Ақшаға сұраныс көлемі: 80
480
Пайыздыққойылым (℅): 8
Ақшаға сұраныс көлемі: 100
500
Пайыздыққойылым (℅): 6
Ақшаға сұраныс көлемі: 120
520
Пайыздыққойылым (℅): 4
Ақшаға сұраныс көлемі: 140
540

Жауабы:

  1. 2400:6=400 млрд тг. 2. 420, 440, 460, 480, 500, 520, 540.

1. 2. Банктегі есеп айырысу шотының операциялар есебі

Ұлттық банк - заңды төлем құралын, яғни банкноттарды шығаруға эмиссиялық құқығы бар жалғыз мемлекеттік орган. Олар Ұлттық банктің эмиссиялауымен шығарылады және банктерге сатып, қолма-қол емес балама түрінде болады. Қазақстан Республикасының ресми ақша бірлігі - теңге болып саналады.

Ұлттық банк банкноттар мен тиындардың қажетті мөлшерін анық-тайды, олардың жасалуын қамтамасыз етеді, сақтау, жою және қолма-қол ақшаны жинақтау тәртібін орнатады.

Қазақстан Республикасында шығарылған банкноттар мен тиындар-дың атаулы құрылымы, айшықталған пішіні болу керек. Банкноттар мен тиындардың сипаттамалары баспасөзде жариялануы тиіс.

Валютаны өзгертуге тек қана Қазақстан Республикасының Парламен-тінің құқығы бар. Ұлттық валютаның қызмет ету шарттарын, мерзімін, тәрті-бін анықтау құқығы Қазақстан Республикасының Президентіне жүктеледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша қаражаты
Қаржылық аудиттің әдістемесі
Персоналмен еңбекақы бойынша есеп айырысу
Экономикалық талдау әдістерінің түсінігі
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі
Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу есебі. Еңбекақы бухгалтерлік есебі
Өндірістік тәжірибенің өту орны
Жалақының есебі: түрлері, нысандары мен жүйелері
Мекемедегі құжат айналым
Сыртқы экономикалық қызметінің жалпы мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz