Еңбек қорғау


6 ЕҢБЕК ҚОРҒАУ

Еңбекті қорғауды басқару жүйесі шағын кәсіпорынға еңбекті қорғау жөніндегі өз тұжырымдамасын (саясатын) әзірлеуге, еңбекті қорғау мақсаттарын (мақсатты көрсеткіштерін) айқындауға, еңбекті қорғаудың нәтижелілігін арттыруға қажетті шараларды қабылдай отырып, еңбек процесін ұйымдастыруға, сондай-ақ әлеуметтік бағыт алған өндірісті құруға, аварияларды, оқиғалар мен жазатайым оқиғаларды болдырмауға мүмкіндік береді.

6. 1 Шағын кәсіпорынның еңбекті қорғауды басқару жүйесі

Еңбекті қорғауды басқару жүйесін жасау және оның жұмыс істеуі мыналардан басталады:

  • өндірістік қызмет түрлерін таңдаудан, жұмыс орындарындағы тәуекелді бағалаудан (сәйкестендіруден) ;
  • қауіпсіз өндірістік процесті таңдаудан (кәсіпорынды жобалағанда), жұмыс істеп тұрған жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын зерделеу мен талдаудан;
  • қауіпсіз өндірістік жабдықтарды, көлікті, көтергіш қондырғыларды, құрал-сайманды, құрал-саймандарды дайындайтын заттарды таңдаудан (кәсіпорынды жобалағанда), жұмыс істеп тұрған жұмыс орындарындағы жарақаттану қауіпсіздігін зерделеу мен талдаудан;
  • қызмет түрін ескере отырып, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына жауап беретін аумақты таңдаудан (кәсіпорынды жобалағанда), қызмет түрін ескере отырып, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес жұмыс істеп тұрған кәсіпорын орналасқан аумақты бағалаудан;
  • қызмет түрін ескере отырып, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына жауап беретін ғимаратты таңдаудан (кәсіпорынды жобалағанда), қызмет түрін ескере отырып, жұмыс істеп тұрған ғимараттарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігіне бағалаудан;
  • Құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарына жауап беретін әкімшілік-тұрмыстық үй-жайларды таңдаудан, емдеу-алдын алу қызметтерін көрсетуді ұйымдастырудан;
  • тиісті біліктілік қызметкелерінің штатын, еңбекті қорғау бойынша қызметкерлерді даярлау және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы білімдерін тексеру тәртібін айқындаудан;
  • еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптардан тұратын нормативтік құқықтық актілерді жинақтаудан және қолданылуын тексеруден;
  • еңбек жөніндегі уәкілетті орган бекіткен ережеге сәйкес сертификатталған жеке қорғану құралдарын, жуу және зарарсыздандыру құралдарын сатып алудан, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарда жеке қорғану құралдарының, жуу және зарарсыздандыру құралдарының сатып алынуы мен пайдаланылуын тексеруден;
  • қызмет түрін ескере отырып, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес ұжымдық қорғану құралдарын, қауіпсіздік белгілерін таңдаудан;
  • зиянды және қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмысы үшін жәрдемақылар мен өтемақыларды айқындаудан (кәсіпорынды жобалағанда), өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудың нәтижелеріне сәйкес жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардағы зиянды және қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмысы үшін жәрдемақылар мен өтемақыларды берудің дұрыстығын тексеруден;
  • алдын ала және мерзімдік медициналық қарауды (тексеруді) ұйымдастырудан;

Егер шағын кәсіпорынның қызметкерлері жобалау кезінде еңбекті қорғау жөніндегі жұмысты білікті орындай алмаса немесе жұмыс істеп тұрған кәсіпорындағы еңбекті қорғау талаптарының орындалуын бағалай алмаса, мүдделі тарап еңбекті қорғау мәселелерін шешуге мамандандырылған ұйымның қызметтерін пайдалануға тиіс.

6. 2 Ақпараттың қолжетімдігі

Жұмыс беруші қызметкерлерге еңбек және тынығу режимі, еңбек тәртібін сақтау, қызметкерлердің жұмыс орындарындағы еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғау туралы ақпарат беру жүйесін қамтамасыз етеді.

Жұмыс беруші ақпараттың қолжетімдігін және құжаттарды қолжетімді орынға орналастыра отырып, қызметкерлерді қол қойғызып, шығарылған бұйрықтармен таныстыруды қамтамасыз етеді.

Жұмыс беруші еңбекті қорғау саласындағы нормативтік-техникалық құжаттама мен мерзімдік басылымдардың (журналдар) келіп түсуін ұйымдастырады.

Жұмыс беруші құзыретті органдардың тарапынан сұраныс болғанда, қажетті ақпаратты ұсынуға міндетті, атап айтқанда:

- еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның тарапынан еңбек жағдайларының жай-күйі және өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудың қорытындылары туралы сұранысы;

- өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның тарапынан қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйі туралы сұранысы;

- халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың санитарлық ережелердің сақталуын өндірістік бақылауды ұйымдастыру мен жүргізу туралы сұранысы. Еңбек жөніндегі мемлекеттік орган ұғымы.

6. 3 Кәсіптік аурулар мен жарақаттанудың алдын алу

Кәсіптік аурулар мен жарақаттанудың алдын алу қауіпсіз еңбек жағдайларын жасаумен мынадай жолдар арқылы жүзеге асырылады:

  • осы стандарттың талаптарына сәйкес еңбекті қорғауды басқару жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастыру;
  • өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу [8] ;
  • қауіпті және зиянды өндірістік факторларды жою (азайту) ;
  • қызмет түрін ескере отырып, еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес өндірістік жабдықтардың, өндірістік процестің тиесілі қауіпсіздігін қамтамасыз ету [4] ;
  • қызмет түрін ескере отырып, еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес аумақтарға, ғимараттарға, құрылыстарға, үй-жайларға қойылатын талаптардың орындалуын қамтамасыз ету;
  • қауіптілігі жоғары, машиналармен және механизмдермен байланысты жұмыстармен айналысатын жұмыскерлерді ауысым алдында медициналық куәландыруды ұйымдастыру [1] ;
  • қауіпті аймақтарды белгілеу, жұмыскерлер мен көліктің жүру маршруттарын әзірлеу [1] ;
  • 12. 4. 026 МЕМСТ ҚР СТ бойынша қауіпсіздік белгілері мен қауіпсіздік түстерін қолдану;
  • Жеке және ұжымдық қорғану құралдарын пайдалану [7] ;
  • белгіленген мерзімдерде тиісті сынақтар өткізу (жабдықтарды, қорғаныш құралдарын, сигнал беру құралдарын, құрал-саймандарды, құрылғыларды, қосалқы жабдықтарды, көлікті, жүк көтергіш қондырғыларды, мұнараларды, лифтілерді және т. с. с. ; [4]
  • еңбек және тынығу режимдерін сақтау;
  • қызметкерлерді еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғаудың жай-күйі туралы хабардар ету;
  • еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды ағымдағы бақылауды орындау;
  • қызметкерлерді өндірістік объектілерді аттестаттаудың қорытындысы бойынша еңбек жағдайларының жай-күйі туралы уақтылы хабардар ету;
  • жұмыс берушінің қаражаты және Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған басқа да көздердің есебінен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау іс-шараларын қаржыландыру. Қаражат көлемі ұжымдық шартпен белгіленеді. [1] .
  • еңбекті қорғау жөніндегі персоналды даярлау.

Түзету іс-қимылдарын жүргізу қажеттігі ағымдағы және ықпал ететін бақылау, аудит, оқиғалар, авариялар мен жазатайым оқиғалар кезінде пайда болған еңбекті қорғауды басқару жүйесінің жұмыс істеуіндегі сәйкессіздік анықталғанда туындайды.

Түзету іс-қимылдары анықталған (пайда болған) кемшіліктердің себептерін жоюды білдіреді, ол үшін мыналар жүзеге асырылады:

  • еңбекті қорғауды басқару жүйесінің ішкі құжаттамасына өзгерістер енгізу;
  • қызмет түрін ескере отырып, еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына өзгерістер енгізу бойынша бастамашылық ету;
  • еңбекті қорғау саласындағы жауапкершіліктер мен өкілеттіктерді қайта бөлу;
  • ресурстарды қайта бөлу.

6. 4. Өндірістегі жарық. Жарықтың еңбек қауіпсіздігіне тигізетін әсері

Жарық адам организмін айналадағы ортамен тығыз байланыстырады. Жарық көз арқылы орталық нерв жүйесіне әсер етіп, одан басқа органдарға ықпалын тигізеді. Жұмыс органдарында қолайлы жасалған жарық еңбек ету жағдайын жақсартады, адамның тыныс алысын ұлғайтады және еңбек өнімділігі мен сапасын арттырады. Жұмыс органдарында жарықтың аз болуы көздің көргіштігін азайтады, соқырлық пайда болады. Осы айтылған жарықпен байланысты жағымсыз жағдайлар адам үшін зақымдану қауіптілігін туғызады. Дұрыс жобаланып, қолайлы орнатылған өндіріс жарығының мақсаты: жұмыста көру жағдайын жақсарту, көз талуын болдырмау, еңбектің өнімділігі мен сапасын арттыру, өндіріс травматизмін төмендету.

Жарық техникасының басты көрсеткіштері. Адам көздері қабылдайтын электромагниттік сәулелерді көрінетін сәулелер деп аталады. Көрінетін сәулелер толқындарының ұзындығына байланысты 380 Нм - 780 Нм арасында. Көрінетін сәулелер зонасы бір жағынан ультракүлгін және гамма сәулелерімен шектелсе, 2-ші жағынан инфрақызыл және радиотолқындармен шектеледі.

Көрсеткіштері:

  1. Көрінетін сәуленің энергиясы оның адам кезінде туғызатын жарық сезгіштігі бойынша бағаланады, бұлжарық сәулесідеп аталады. Мұндай жарық сәулесінің қуатынжарық ағыныдеп атайды. F-жарық ағыны, лм (люмен) .

б) Барлық жарық көздері кеңістікке біркелкі сәулесін таратпайды, сол себеппен әр бағытта жарық ағынының қарқындылығымен сипаттау үшін, оның кеңістік тығыздығы деген көрсеткішін пайдаланамыз. Бұл көрсеткіш жарық күші деп аталады.

Жарық күші деп - жарық ағыны мен оны тарататын кеңістік бұрышының қатынасын айтады.

I=F/W; кд (канделла), (6. 1)

мұндағы, W-кеңістік бұрышы;

W=S/R 2 ; ср (стерадиан) ; (6. 2)

Кеңістік бұрышының өлшем бірлігі үшін бұрыштың 1 стерадианға дейінгі және r=1 метрге шардың ауданды бөлетін кеңістік бұрышы алынады.

в) Жұмыс істелінетін беттің жарықтану дәрежесі жарықтылық көрсеткішімен сипатталады (Е) . Жарықтылықтың өлшем бірлігі лк (люкс) .

Жарықтылық деп - біркелкі болып таралған жарық ағынының жарықталған беттің ауданына қатынасын айтады:

E=F/S=F/R 2 ; (лк) ; (6. 3)

Егер жарық ағыны (F) заттардың бетіне көлбеу түсетін болса, онда

E=(F/R 2 ) *cos α ; (6. 4)

мұндағы, α-жарық ағынының түсу бұрышы

г) Жарықтық көрсеткіш (B)

Жарықтық берілген бағыттағы жарық күшінің жарқыраған беттің ауданына қатынасын айтады, егер көлбеу түсетін болса, қосымша бұрыш алынады.

В=I/S 1 ; (6. 5)

B=(I/S 1 ) *cos α (кд/м 2 ) ; (6. 6)

д) Шағылу коэффициенті. Әртүрлі заттар бетінің оған түскен жарық ағынын шағылыстыру қабілетін айтады.

Ρ =F ш /F t ; (6. 7)

мұндағы, F ш -беттен шағылған жарық ағыны, F t -беттен түскен жарық ағыны; ρ=0, 02-0, 95;

Табиғи және жасанды жарық. Табиғи жарық күн сәулесінің энергиясынан пайда болады. Ол жұмыс бөлмелерінде жақсы және біркелкі жарықтандыруды қамтамасыз етеді. Бөлмелерді табиғи жарықтандырудың 3 түрі болады: бүйір жарығы; жоғарғы жарық; аралас жарық.

Табиғи жарықты шектеу үшін салыстырмалы көрсеткіш қолданады.

Бұл көрсеткіш табиғи жарықтылық коэффициенті. Табиғи жарықтылық коэффициенті (ТЖК) деп бөлме ішінде берілген нүктедегі жарықтың сол мезгілдегі сыртқы жарыққа қатынасын айтады.

Е (тжк) =(E i /E c ) *100%, (6. 8)

мұндағы, E i -ішкі жарық, E c -сыртқы жарық;

Жасанды жарық. Жасанды жарық конструкциясына қарай 3-түрге бөлінеді:

  1. Жалпы жарық - бөлменің барлық ауданын біркелкі жарықтандыруға арналған
  2. Жергілікті жарық - әр жұмыс орнын жеке жарықтандыруға арналған
  3. Аралас

Жасанды жарықтың неге арналғанына байланысты мынандай топқа бөлінеді:

  1. Жұмыс жарығы. Өндіріс бөлмелерінде күнделікті жұмыстарды жүргізу үшін пайдаланады.
  2. Авариялық жарық. Жұмыс жарығы сөніп қалған кезде қолданылады.
  3. Эвакуациялық жарық. Төтенше жағдайларда бөлмелерден адамдарды қауіпсіз шығаруға арналады.
  4. Кезекші жарық. Бөлмелерді жұмыс істелмейтін мезгілде жарықтандыруға қолданылады.
  5. Күзетші жарық. Түнде барлық жұмыс территориясын жарықтандыруға арналған.

6. 5 Электр жарақаты

Электр тогының немесе найзағайдың - атмосфералық электр түйісінің әсерінен болатын зақым электр жарақаты деп аталады. Электр тогының немесе найзағайдың электр ұшқынының организм арқылы өтуі жергілікті және ортақ бұзушылықты туғызады.

Жергілікті зақымдау электр тогы кіріп шыққан жерлердегі ұлпалардың күюінен көрінеді.

Токтың соғуы - организмге термиялық, электрлік және механикалық әсер туындататын күрделі химиялық-физикалық құбылыс.

Электр тогы өткен кезде зардап шегушінің жеке түйсінулері әртүрлі: жеңіл соққы, дененің күйіп ашуы, бұлшық еттің құрысуы, дірілдеу.

Белгілері: тері жамылғыларының ағаруы, сілекейдің көп бөлінуі, құсықтың келуі, жүрек төңірегінің сырқырауы.

Тоқтың әсерінен кейін зардап шегуші тыныс алуының тоқтауы, дене температурасының төмендеуі, жүрек қызметінің әлсіреуі, дененің қарысуы және де т. б. жайсыздықтарды сезінеді.

Электр жарақаты кезінде жүйке жүйесіне электр тогының әсері аса қауіпті болуы мүмкін. Токтың денеге кіретін нүктесінен шығатын жеріне дейінгі жолы “ ток ілгегі ” деп аталады. Ол төменгі, жоғарғы және толық ілгек болып бөлінеді.

Төменгі ілгек - аяқтан-аяққа (онша қауіпті емес)

Жоғарғы ілгек - қолдан-қолға (қауіптірек)

Толық ілгек - өте қауіпті. Бұл жағдайда ток міндетті түрде аяқ-қол мен жүрек арқылы өтеді, нәтижесінде жүрек қызметі бұзылуы мүмкін.

Электр жарақаты төрт дәрежеге бөлінеді:

I-дәрежеде зардап шегуші есінен айырылмай бұлшық етінің дірілін сезінеді;

II-дәрежеде зардап шегушінің бұлшық еті дірілдеп, артынша есінен айырылады;

III-дәрежеде зардап шегушіде есінің айырылуымен қатар жүрек қызметі мен тыныс алуы бұзылады.

IV-дәрежеде зардап шегуші клиникалық өлім жағдайында болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек кодексі. Еңбек қауіпсіздігі стандарттар жүйесі
Еңбекті қорғау пәнінен лекция тезистері
Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау Заңы
Еңбекті қорғаудың түсінігі және пәннің мазмұны
Еңбек қорғау пәнінен дәрістер
Еңбек қорғауды басқару жүйесі
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару
Еңбек қорғау жөніндегі заңдар
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz