Аяқталмаған өндірісті бағалау,есептеу және шығындардың аналитикалық есебі



Өндеудің барлық түрінен өтпеген және техникалық бөлім де, тапсырыс беруші де қабылдап алмаған аяқталмаған жұмыстар аяқталмаған өндіріске жатқызылады, ал олар бойынша жұмсалған шығындар аяқталмаған өндіріске жұмсалған шығындарды құрайды. Аяқталмаған өндірістегі шалафабрикаттың қозғалысы бойынша сандық жедел есебін диспетчерлік-жоспарлау бөлімі, ал оның ақшалай түріндегі есебін кәсіпорынның бухгалтериясы жүргізеді.
Бұл есеп аяқталмаған өндірісте тұрған материалдардың, тораптар мен бөлшектердің жұмыстарын қадағалау және сақталу жағдайын, дайын өнім мен аяқталмаған өндіріс арасындағы шығындардың аражігін дұрыс ашуды; шалафабрикаттардың белгіленген жиынтықта болуына бақылау жасауды; аяқталмаған өндірістің кем шығуы мен артық шығуын, ақау мен өнімнің бөлімшелерде бүлінуін анықтауға және тиісті шотқа жататынына байланысты оларды есептеп шығарып тастауға арналған.
Өндірісте детальдарды есепке алу бөлшектік-операциялық және бөлшек деп аталатын екі қағида бойынша бөлінеді.
Жеке өндірісте цехтардағы бөлшектердің жылжуы және олардың бір цехтан екінші цехқа берілуі есепке алу операциялары бойынша жүргізіледі. Бұл мақсат үшін маршруттық парақтар мен арнаулы карточкалар пайдаланады. Жаппай өнім шығаратын және ірі сериялық өнімдер шығаратын өндірістерде цехтар бойынша аяқталмаған өндірістің қозғалысын егжей-тегжейлі есепке алу жүйесі қолданылады. Бұл үшін карточкалар немесе ведомостар ашылады, онда өндірісте бұйымдардың шығарылғаны, бұйымдардың (бөлшектердің) ақауы, жоғалуы және бүлінуі туралы мәлеметтер болады. Дайындау цехтарында өндірісте жатқан бөлшектердің саны өнімді есепке алу деректері бойынша анықталады.
Бөлшектердің қозғалысын есепке алуды жеңілдету мақсатымен олардың цехтан екінші цехқа беруін бір айлық карталар арқылы жүзеге асырады,ал бөлшектерді құрастыруға босату үшін-жинақтаушы ведомостар бойынша рәсімдеуге болады; жаппай өнім шығаратын өндірістерде бір ай ішінде құжаттарсыз-ақ ай соңында жедел есептеу мәлеметтерінің негізінде жинауға (құрастыруға) босатылған бөлшектерді қадағалауға болады.
Аяқталмаған өндірістегі қалдықтар былай бағаланады:
- шығындарды толығымен дайын өнімге жатқызады, «Өндірісті әзірлеу мен игеруге жұмсалған шығыстар», «Ақаудан болған шығындар», «Өндірістен тыс ( коммерциялық) шығыстар» деген баптардан басқа калькуляцияның барлық баптары бойынша іс жүзінде өзіндік құны бойынша анықталады;
- дайындық дәрежесін (жаппай және ірі сериялы өндірістерде) ескере отырып, тікелей шығындардың барлық баптары бойынша шығыс нормаларын негізге ала отырып, қосымша және жалпы әкімшілік шығындар қабылданған базалық пайызы бойынша таратудың арқасында анықтайды.
Тоқыма өнеркәсібінде аяқталмаған өндіріс қалдықтарын шикізат пен материалдар шығындарының құны бойынша бағалайды.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Аяқталмаған өндірісті бағалау,есептеу және шығындардың
аналитикалық есебі
Өндеудің барлық түрінен өтпеген және техникалық бөлім де, тапсырыс
беруші де қабылдап алмаған аяқталмаған жұмыстар аяқталмаған өндіріске
жатқызылады, ал олар бойынша жұмсалған шығындар аяқталмаған өндіріске
жұмсалған шығындарды құрайды. Аяқталмаған өндірістегі шалафабрикаттың
қозғалысы бойынша сандық жедел есебін диспетчерлік-жоспарлау бөлімі, ал
оның ақшалай түріндегі есебін кәсіпорынның бухгалтериясы жүргізеді.
Бұл есеп аяқталмаған өндірісте тұрған материалдардың, тораптар
мен бөлшектердің жұмыстарын қадағалау және сақталу жағдайын, дайын өнім мен
аяқталмаған өндіріс арасындағы шығындардың аражігін дұрыс ашуды;
шалафабрикаттардың белгіленген жиынтықта болуына бақылау жасауды;
аяқталмаған өндірістің кем шығуы мен артық шығуын, ақау мен өнімнің
бөлімшелерде бүлінуін анықтауға және тиісті шотқа жататынына байланысты
оларды есептеп шығарып тастауға арналған.
Өндірісте детальдарды есепке алу бөлшектік-операциялық және
бөлшек деп аталатын екі қағида бойынша бөлінеді.
Жеке өндірісте цехтардағы бөлшектердің жылжуы және олардың бір
цехтан екінші цехқа берілуі есепке алу операциялары бойынша жүргізіледі.
Бұл мақсат үшін маршруттық парақтар мен арнаулы карточкалар пайдаланады.
Жаппай өнім шығаратын және ірі сериялық өнімдер шығаратын өндірістерде
цехтар бойынша аяқталмаған өндірістің қозғалысын егжей-тегжейлі есепке алу
жүйесі қолданылады. Бұл үшін карточкалар немесе ведомостар ашылады, онда
өндірісте бұйымдардың шығарылғаны, бұйымдардың (бөлшектердің) ақауы,
жоғалуы және бүлінуі туралы мәлеметтер болады. Дайындау цехтарында
өндірісте жатқан бөлшектердің саны өнімді есепке алу деректері бойынша
анықталады.
Бөлшектердің қозғалысын есепке алуды жеңілдету мақсатымен
олардың цехтан екінші цехқа беруін бір айлық карталар арқылы жүзеге
асырады,ал бөлшектерді құрастыруға босату үшін-жинақтаушы ведомостар
бойынша рәсімдеуге болады; жаппай өнім шығаратын өндірістерде бір ай ішінде
құжаттарсыз-ақ ай соңында жедел есептеу мәлеметтерінің негізінде жинауға
(құрастыруға) босатылған бөлшектерді қадағалауға болады.
Аяқталмаған өндірістегі қалдықтар былай бағаланады:
- шығындарды толығымен дайын өнімге жатқызады, Өндірісті әзірлеу
мен игеруге жұмсалған шығыстар, Ақаудан болған шығындар,
Өндірістен тыс ( коммерциялық) шығыстар деген баптардан басқа
калькуляцияның барлық баптары бойынша іс жүзінде өзіндік құны
бойынша анықталады;
- дайындық дәрежесін (жаппай және ірі сериялы өндірістерде) ескере
отырып, тікелей шығындардың барлық баптары бойынша шығыс
нормаларын негізге ала отырып, қосымша және жалпы әкімшілік
шығындар қабылданған базалық пайызы бойынша таратудың арқасында
анықтайды.
Тоқыма өнеркәсібінде аяқталмаған өндіріс қалдықтарын шикізат пен
материалдар шығындарының құны бойынша бағалайды.
Жеке-дара өндірістегі аяқталмаған өндірісті әрбір аяқталмаған
тапсырыс бойынша шығындарын есептеу жолымен анықтайды. Халық шаруашылығының
түрлі салаларындағы кәсіпорындарда түгендеу ерекшеліктері мен аяқталмаған
өндірісті бағалау әдістері жеткілікті түрде баяндалған.
Өндіріс шығындарыныңы аналитикалық есебі. Бұл есеп өнімнің бір
өлшемінің іс жүзіндегі өзіндік құнды есептеуді қамтамасыз етуге арналған.
Бұл әрбір калькуляциялық (есептік) объектке ашылған карточкалар немесе
арналған ведомосы арқылы жүзеге асады. Осы ведомостарда (карточкаларда)
шығындардың баптары, ал баяндауыш ведомостарда- айдың басы мен соңындағы
цехтар бойынша аяқталмаған өндіріс қалдықтары, ай ішіндегі шығындар, дайын
өнімді, түпкілікті ақауды, аяқталмаған өндіріс жетіспеушіліктерін, қайтымды
қалдықтарды есептен шығару және басқа да есептен шығарулар көрсетіледі.
Ведомостарға (карточкаларға) тиісті мәлеметтерді жазу үшін қажетті құжаттар
мен талдамалық кестелер негіз болады. Ведомостар (карточкалар) бойынша
жиынтық әр цех бойынша көрсетіледі, ал аяқталмаған өндіріс қалдықтарының
сомасы- Бас кітапта көрсетілген 900-шот бойынша қалдықтарға тең болуы тиіс.
Өндіріске жұмсалған шығындарды есепке алу ведомостарының (карточкаларының)
деректері бойынша шығарылған өнімнің нақты өзіндік құны айқындалады.
Соңғысын өнімге қоса тіркелген қағаз (накладная) арқылы қоймаларда кіріске
алады. Өндірілген өнімнің құнына 221- Дайын өнім шоты дебеттеледі және
900-шот кредиттеледі. Ал көрсетілген қызметке 801 шот дебеттеледі де, 900
шот кредиттеледі.
Шығындарды есепке алумен өнімнің өзіндік құнының калькуляциялаудың әдістері
.
Өндірісті ұйымдастыру ерекшеліктері мен технологияға байланысты өндірістегі
шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың
бірнеше әдістері қолданылады.
Шығындарды есепке алу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың
негізгі әдістерін қарастырайық.
2.1 Қарапайым әдіс
Бұл өндірістегі шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын
калькуляциялаудың қарапайым әдісі біртекті өнім шығаратын кәсіпорындарда
(су электр станциялары, көмір, мұнай мен газ) қолданылады. Оларды әдетте
аяқталмаған өндіріс болмайды және шалафабрикаттарды өзі өндіреді. Бұл жерде
кәсіпорынның шығындары өндірілген өнімнің 1 түріне кіреді , ал аяқталмаған
өндіріске – шығарылған өнімге кіреді. Біртекті өнім өндіретін
кәсіпорындарда калькуляцияның барлық баптары бойынша , шығындардың
нормаларын оңай қоюға болады .
Шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың
қарапайым әдісі төрт нұсқаға бөлінеді :
1 нұсқа
Тікелей және жанама шығындар бүкіл өнім шығаруға жұмсалады , шығындардың
белгіленген баптары бойынша есепке алынады. Өнімнің бір өлшемінің өзіндік
құны барлық өндірістік шығындарды дайын өнімнің санына бөлумен айқындалады.
Аяқталмаған өндіріс , шалафабрикаттар және дайын өнімнің құрамды бөлігі
өндірісте болмайды.
2 нұсқа
Бұл аяқталмаған өндірісі бар кәсіпорында қолданылады. Дайын өніммен
аяқталмаған өндіріс арасында шығындарды бөлумен анықталады. Бұл нұсқа бір
текше метр ағаштың өзіндік құнын калькуляциялау кезінде ағаш дайындау
өнеркәсібінде қолданылады. Аяқталмаған өндірісті инвентарлық әдісті
қолданғанда бағалайды.
3 нұсқа
Өнімнің бірнеше түрлерін шығаратын немесе өндіреті : жылу мен электр
энергиясын шығаратын, мұнай мен газ өндіретін кәсіпорындарда қолданылады.
Мұндай жағдайда шығындар тұтас алғанда өндіріс бойынша, яғни қарапайым
әдіспен есепке алынады , ал өнімнің өзіндік құны үйлестірілген әдіспен
калькуляцияланады.
4 нұсқа
Қарапайым әдістің бұл нұсқасында шығындарды есепке алу өнімнің өзіндік
құнын анықтамай прцестермен бөліністер бойынша жүргізілетін кәсіпорындарда
қолданылады. Бұл нұсқаны химиялық өндірісі мен құрылыс материялы бар
өндіріс кәсіпорындарда қолданылады . Бұл арада шығындарды есепке алудың
және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қарапайым және қайта жасау
әдістерінде жүргізіледі .
2.2 Қайта жасау әдісі
Бұл өндірістегі шығындарды есепке алуды қайта жасау әдісі бастапқы
шикізатты біртіндеп өңдеу арқылы дайын өнім шығаратын жаппай шығарылымы бар
кәсіпорындарда қолданылады . Бұл әдісте шикізат кешенді түрде пайдаланатын
кәсіпорындарда металлургиялық , химиялық мұнай өңдеу және басқа да
салаларда қолданылады . Мысалы : мата тоқу кәсіпорыннында 3 қайта жасау
болады :
а) иіру жіпті
б) тоқу
в) әрілеу саласы
Бұл әдіс кезінде өндірістегі шығындардың қайта жасау деп жалпылама
айтылатын сатылар , кезеңдер, жекеленген базалар бойынша есепке алынады.
Әрбір қайта жасаудан кейін шала фабрикаттар немесе дайын өнім шығарылады .
Қайта жасау әдісін қолданған кезде нормативтік әдістің негізгі
элементтеріндегі жүзіндегі шығындардың ағымдық нормаладың ауытқуын жүйелі
түрде анықтап отыру, сондай ақ нормалардың өзгеруін анықтау және есепке алу
пайдалануға тиіс . Өнімнің өзіндік құнын есепке алудың қайта жасау әдісінің
екі нұсқасы бар:
1. Шалафабрикатты
2. Шалафабрикатсыз
1 Шалафабрикаттың нұсқа кезінде калькуляциялар жалпы өндірістер мен жалпы
шаруашылық шығыстарды қоса алғанда әрбір қайта жасау бойынша жасалады.
2 Шалафабрикатсыз нұсқа кезінде бірінші қайта жасауға жұмсалған материалдық
және еңбек шығындарымен одан кейінгі қайта жасауларда туындайтын өңдеу
шығындарынан құралатын дайын өнімнің өзіндік құны калькуляцияланады.
Қайта жасау әдісі кезінде өндірісте шығындарды есепке алу өндіріс
есебінің карточкаларында немесе әрбір қайта жасауға ашылатын ведомостарда
жүргізіледі.
2.3 Тапсырыстық әдіс
Шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың
тапсырыстық әдісі аз сериалы және жеке дара өндірісі бар кәсіпорында жөндеу
кәсіпорындарда және эксперименттік жұмыстарда қолданылады . Барлық тікелей
шығындар жекелеген тапсырыстар бойынша номенклатура белгіленген баптарды
бөлек – бөлек ала отырып есепке алады . Тапсырыстар жеке дара өндірісте бір
ұйымға және аз сериалы өндірісте бірнеше бұйымдарға ашылады . Тапсырыстиық
өзіндік құны оны әзірлеумен байланысты шығындардан тұрады . Бұл әдіс
кезінде іш жүзіндегі өзіндік құн сақталғаннан кейін анықталатын болады,
бұған дейін барлық шығындар аяқталмаған өндірісті құрайды
Тапсырыс әдісінің шығындары және өнімнің өзіндік құнының тобын әрбір
заказ бойынша есеп карточкасында көрсетіледі . Осы карточка негізінде
есеп беру калькуляциясын өнімнің бір бірлігінде жасалады . Қарапайым ,
тапсырыстық және қайта жасау әдістерінің негізгі кемшілігі мынада : өнімнің
өзіндік құны есеп беру кезеңінің аяқталуына қарай немесе тапсырыс
орындағаннан кейін аяқталады, ал мұның өзі кәсіпорын басшылығын есеп беру
кезеңі ішінде өндірісті іс жүзінде шығындардың жоспар бойынша белгіленген
нормаларға сәйкес келуін қадағалап отыру мүмкіндігінен айырады. Бұдан басқа
есепке алудың бұл әдістері кезінде өнімнің бүкіл шығарылымын өзіндік құны
шығындар нормалары, бүкіл жоспарланған кезеңге орташа мөлшер ретінде
есептелетін жоспар жөніндегі деректермен салыстырылады . Соның салдарынан
олар кәсіпорынның ұйымдық технологиялық жоспарына сәйкес өткізілген
шараларды ескере отырып өндіріске жұмсалған шығындардың шын мәніндегі
деңгейін әрдайым дәл көрсете алмайды .
Бұл кемшіліктерді нормативті әдісті қлодану арқылы жояды , бұл кезеңде
өнімнің бір шығарылымының өзіндік құны нормативтік өзіндік құнымен
салыстырылады . Ал нормативтік өзіндік өзіндік құнының жоспарлы өзіндік
құннан айырмашылығы сол , осы кезеңде жұмыс істеуші өндірістік
технологиялық процесі , исондай – ақ материалдардың еңбек және басқа
шығындардың прогресшіл нормалары негізінде анықталады .
2.4 Нормативтік әдіс
Өндірістегі шығындарды есепке алдың және өнімнің өзіндік құнын
калькуляциялаудың нормативті әдісі қолданылады . Әйткенменен оны аз сериялы
және жеке дара өндірісінде машина жасау , металл өңдеу салаларында және
тағы басқаларында қолданылуы мүмкін . Өндірістегі шығындарды есепке алу
және өнімнің өзіндік құнының калькуляциялаудың нормативтік әдісі бойынша
жұмыстарды ұйымдастырудың технологиялық және нормативтік карталар жасаудан
басталады . Ол карталарды материалдардың , жалақының жұмсалуы және өнім
дайындауға қажетті басқа да шығындар айқындалады. Нормптивтік карталардың
негізінде өнімнің бір өлшемінің нормативтік өзіндік құны көрсетілген
нормативті калькуляциялар жасалады . Оларды жасау кезінде қолданып жүрген
өндірістік технологиялық жалақы жөніндегі уақыт пен баға норамалары ,
материалдар мен сатып алынған шалафабрикаттардың жұмсалу нормалары негіге
алына отырып , бастапқы масса , таза масса , қалдықтар , материалдар мен
сатып алынған шалафабрикатарға қолданылып жүрген баға көрсеткіші және
өндіріске қызымет көрсету мен басқару жөніндегі шығындардың бекітілген
тоқсандық сметасы көрсетіледі.
Нормалардан ауытқуға материалды ауыстыру , оларды пайдалану сапасы
толық құнды материалдардың орнына қалдықтарды пайдалану және тағы басқа
секілді факторлар әсер етеді .
Материалдар шығыны бойынша номалардан ауытқуларды анықтау
материалдарды құжаттау , партиялап пішу , түгендеу әдістері арқылы
жүргізіледі
Құжаттау әдісі- материалды аустыру салдарынан туындайтын аутқуларды ,
сондай ақ дара материалдардың нормативтен тыс шығыны бойынша ауытқуларды
анықтау үшін пайдалынылады . Дара материалдардың шығыны бойынша номалардан
, сондай ақ материалдарды аустыру мен байланысты ауытқулар арнаулы құжаттар
мен рәсімделеді .
Партиялап пішіу әдісі - өндіріске босатылған қымбат тұратын
материалдардың әр партиясы бойынша ауытқуларды анықтау кезінде пайдалынады
. Қолданып жүрген нормалардан ауытқулар номативтік шығынмен партиялап
бойынша өнім шығаруға материалдардың іс жүзіндегі шығынын салыстыру жолымен
анықталады . Егер партиялап пішіу әдісін қолдану қиындық келтірсе ,
инвентарлық (түгендеу) әдісі пайдаланылады .
Инвентарлық әдіс – нормалар бойынша шығындармен материалдардың іс
жүзіндегі шығынын салыстыру жолымен ауысым, бес күн он күн , бір ай
ішіндегі ауытқуларды біліу үшін қажет .
Материалдың іс жүзіндегі шығынын анықтау үшін ауысымы бес күндіктің ,
он күндіктің басында немесе айдың 1 күні жұмыс орнында жұмсалмаған
материалды түгендеу жүргізіледі .
Нормаларды кез келген өзгерту , әдетте есеп беріліп отырған айдан
кейінгі , айдың бірінші күніне сәйкес келтіреді және ол нормалар енгізілген
сәттен бастап қолданылып жүрген нормативтік калькуляциялауда аз көрінісін
табады .
Негізгі өндіріс мәні және өндірістік есепті ұйымдастыру
Кәсіпорын - түрлі өндірістерден және шаруашылықтардан (негізгі,
көмекші, қосымша, қосалқы және экспериментік) тұратын күрделі механизм.
Кәсіпорының жекелеген өндірістік буындары бойынша жоспарлау және
шығындарды есепке алу мақсатында өндірілетін өнімнің атқаратын қызметіне
қарай барлық өндірістер негізгі және қосымша өндірістер болып екіге
бөлінеді.
Негізгі өндіріске кәсіпорын шығаратын өнімдер, сондай-ақ өнімді
сатуға және зауыт ішінде тұтынуға (желілік, ұсталық, престеу-машина жасау
зауыттарында) арналған шала фабрикаттарды дайындайтын өндірістер жатады.
Көмекші өндіріс негізгі өндірістің өнімін әзірлеуге қатыспайды,
бірақ өнім өндіруге қызмет көрсетуге, жұмыс жасауға тікелей ықпал етеді
(жөндеу-механикалық және аспаптық цехтар, электр көліктік, сумен жабдықтау
және т.б.)
Қосымша цехтар (мақта қалдықтарынан тазартылған мақта өндіру
жөніндегі цехтар ) нгізгі өндіріс қалдықтарын кәдеге жаратуға септігін
тигізеді.
Қосалқы цехтар (ыдыстар мен буып-түю материалдарын дайындау мен
айналысатын цехтар) негзі материалдардан емес бірақ, негізгі және көмекші
өндірістерде пайдаланатын материалдардан өнім өндіреді.
Эксперименттік (тәжрибелік) цехтар тәжрибелік үлгілерді дайындайды
және түрлі эксперименттік жұмыстарды атқарады.
Бұдан басқа кәсіпорында қызмет көрсететін өндірістер мен кәсіпорын
ұжымының тұрмыстық қажеттілігін қанағаттандыратын шараушылықтар (тұрғын
үй, коммуналдық шаруашылық моншалар, кір жуатын орындар) болады. Бұл
кәсіпорындар өнімді дайындауға сондай-ақ басқада тарапта жұмыстарды
атқаруға немесе қызмет көрсетуге өз септігін тигізеді. өндірістік есепті
дұрыс ұйымдастырудың кез-келген кәсіпорын үшін маңызы зор.
Өндірістің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру көбіне өндірістің тұрпатына
(типіне) байланысты болады. Өндіріс жеке- дара, сериалық және жаппай
өндіріс болып үш топқа бөлінеді.
Жеке-дара (жекелеген)өндіріс- өнім жекелеген даналарымен немесе
қайталанып отыратын шағын тапсырыстарымен дайындалатын өндіріс. Бұл ауыр
машиан жасауға, кеме жасауға, бірегей станоктармен турбиналарды өндіруге
тән. Оның мынадай ерекшелікетре бар: ондағы цехтар нақты бір салға
мамандандырылмайды; субъектпен цехтардың өндіріс бағдарламасында бұймдар
мен олардың бөлімдерінің көп мөлшерде болуымен ерекшелінеді; дайындық-
қортындылау жұмыстарына кетеін шығындардың деңгейі салытырмалы жағдайда
алғанда бір шама үлкен болады; өндірістің басқада тұрпаттарына қарағанда
өндірістік цикл ұзақ болып келеді. Жеке-дара өндірісте, әдетте, шығындарды
есепке алу үшін және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін тапсырысты
әдіс қолданылады, бұл орайда шығындар әрбір бұйм (тапсырыс) бойынша есепке
алынады.
Сериялық өндіріс біркелкі бұймдарды дайындап шығарудың оқтын-оқтын
қайталанып ортыруымен сипатталады және оған мынадай ерекшеліктер тән:
шығарылатын өнім номенклатурасының шектеулілігі; жұмыс орындарының
салыстырмалы түрде алғанда кең мамандануы; мамандандырылған машиналардың
аспаптармен қондырғыларының қолдануының шектеулілігі. Сериалық өндіріс
машина жасау өнеркәсіпінде және металл өңдеуде неғұрлым кең тараған. Бұл
кәсіпорындарда өнімнің шығыарылуын есепке алу сериялық бұйымдарға тән
етіп қолданылады, бірақ ол бұйымдарды құрастыратын партияларға
қолданылмайды. Сериялық өндірісте шығынды есепке алудың және өнімнің
өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік немесе қайта жасау әдістерін
қоладанады.
Жаппай өндіріс- ұзақ уақыт бойы бірдей өнімді үздіксіз шығаратын
өндіріс тұрпаты (типі). Шығарылатын өнімдердің ассортименті (түрлері) көп
болмағанымен олардың шығарылатын мөлшері айтарлықтай көп болуы мүмкін,
белгілі бір салаға ыңғайланған жабдықтардың жоғары деңгейі және өндірістің
жұмыс ырғағының жоғары болуы өндірістің осы тұрпатына тән белгілері болып
табылады. Бұл арада әдеттегідей өнімнің және оның негізгі элементтерінің
өзіндік құнын есепке алудың және калькуляциялаудың нормативтік әдісі
қолданады.
Өндірісті ұйымдастыру тұрпаты (типі) тек шығындарды есепке алуға
және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауға әсер етіп қоймайды, сонымен
бірге бастапқы есепті ұйымдастыруға, талдамалық есепке де әсер етеді.
Мәселен, ірі сериялық және жаппай өндірістерде шығарылатын өнім мен жалақы
ауысым (смена) ішінде өндірілген өнім рапорттарына, ал жеке дара және ұсақ
сериалық өндірістерде –жасалған жұмыстар нарядттарымен үйлесімде көпіне
маршруттық парақтарында жазылады.
Кез-келген өнімді өндіру, жұмыстарды атқару және қызметті көрсету
белгілі бір шығындармен байланысты ондай есеп мынаны қамтамасыз ету керек:
жалпы өнім көлемін, әрбір өнім түрлерінің нақты өзіндік құнын есептеу
(калькуляциялау), қызметті көрсету, жұмысты орындау, өндірілген өнімнің
нақты шығысын толық, дер кезінде және шынайы көрсету, сондай-ақ жалпы
бизнесті ұйымдастыру және басқарушылық шешімді қабылдау мен жоспарлау үшін
ақппараттарды жинау және бақылауды көздейді.
Шешімді қабылдау үшін ақппараттарды жинаған кезде белгілі бір шешім
типтерін қабылдау үшін белгілі бір шығын түрлері маңызды болуы, ал
кейбіреулері үшін сол шығындар ескерілмеу мүмкін. Шын мәнінде, өндірістік
шығындар көптеген белгілері бойынша жіктелуі мүмкін.
- шығындардың туындайтын (пайда болатын) орындары (өндірістер, цехтар,
учаскілер) бойынша; өндіріс тізбесі (соның ішінде өңдеуі) бойынша, ал
олар шығындарды есепке алу мен жоспарлау кезінде субъектінің есеп
саясатында анықталғандай етіп бөлінеді;
- қызметтер, жұмыстар және өнім түрлері бойынша; өндіріс шығындары
жекелеген өнім түрлерінің өзіндік құнына ену тәсілі бойынша; тікелей-
өнімнің өзіндік құнына тікелей жатқызылатын яғни жекелеген өнім
түрлерн өндірумен байлансыт болып; жанама -өнімнің өзіндік құнына
таратылып бөлінетін, яғни бірнеше өнім түрлерін өндірумен байлансты
болып бөлінеді;
- өндіріс шығындары өнімнің көлеміне қатысты екіге бөлінеді; айнымалы-
шығарылған өнімнің көлемі өзгерумен шығынның да өсуі немесе азаюы
мүмкін (негізгі материалдар мен шикізаттың шығысы, технологиялық
энергиямен отын, өндіріс жұмысшыларын жалақсы және т.б.); тұрақты-
өнімнің шығарылу көлемін өзгерген кезде, деңгейі өзгермейтін шығындар
(өндіріс ғимараттарын жарықтандыру мен жылытуға кеткен шығыстар,
негізгі құралдардың амортизациясы);
- шығыстары тұрі бойынша (баптары мен элементтері бойынша); экономикалық
элементтер бойынша шығындарға; материалдық шығындар; еңбекақы
шығындары; еңбекақыдан аударылатын аудырымдар; негізгі құралдардың
амортизациясы (тозуы); басқада шығыстар кіреді.
Шығындар басқару қызметі (функциясы) бйынша:
- өндірістік (өндіріс процесінің барысында пайда болады);
- коммерциялық (сатумен байлансты);
- әкімшілік (басқару процесімен байлансты);
Коммерциялық және әкімшілік шығыстар кезең шығыстарына жатады ал олар
өндірісті калькуляциялауды есептудің негізі болып табылады
Активтердің азаюын енгізетін шығындар (материалдар, ақша қаражатты
және т.б.) немесе міндеттемелердің өсуіне (көбінесе кридиторлық
қарыздар) әкелетін шығындар жаңа активтерді жүзеге асырады ал ол ресурс
ретінде анықталып, өткен оқйғалардың нәтижесі ретінде одан болашақта табыс
алынатын болып күтіледі.. Өндіріс шығындарын есепке алу үшін
шоттардың кешенді жүйесі пайдаланылады, оған 90-Негізгі өндіріс 92-
Көмекші өндіріс 93-Үстеме шығындар, 95-Өндірістегі ақау
бөлімшелерінің шоттары кіреді.
Өндіріске жұмсалған шығындарды олардың құжаттары бойынша қандай
калькуляция объектісіне жататындығын белгілеу үшін, есеп объектілерін,
шығын баптарын кодтайды және үстеме шығыстарын ажыратады. Ал бұл үстеме
шығыстарды баптары бойынша және шығындарды калькуляциялау объектілері
бойынша дұрыс таптастыруға мүмуіндік береді.
Орташа және ірі кәсіпорындарда өндіріс шығындарын есепке алу және
өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін кәсіпорының бухгалтерия
құрамында, біртұтас болып келетін екі бухгалтерия, яғни қаржылық және
басқару бухгалтериясы болуы мүмкін.
Қаржылық бухгалтерия шоттардың бас жоспарының 10-80 бөлімшелеріне
енетін шоттарын жүргізіп, есептің Бас кітабын, кәсіпорының балансын және
қаржылық есеп беруін жасайды.
Басқару бухгалтериясы шоттардың Бас жоспарының 90-шы
бөлімшелеріне енетіе шоттарды пайдаланады. Ол өндірісі шығындары туралы
ақпаратты қорытып, өзіндік құнды калькуляциялайды, өндіріс шығындарының
нормалары мен нормативтерін талдап және оларпдың орындалуын бақылайды,
өндірістегі шала фабрикаттардың қозғалысын есепке алады, есептің бүкіл
көлемінің нормативтік, жоспарлық және талдамалық жұмыстарын атқарады.
Басқару бухгалтериясы жабық (құпия) болып келеді. Бұл өз билігінде
қандайда болмасын бір ноу-хоуды және өндірісті басқарудың озық
деңгейін ұйымдастыруды, жаңалықтарды өз бәсекелестері өздеріне бұрын
пайдаланып кетпеуіне қамтамасыз етеді. Сондықтан басқару бухгалтериясы
ақпаратының сыртқы тұтынушылары ғана емес, солнымен бірге осы
кәсіпорының қызметкерлері үшін де жабық болуы мүмкін.
Кәсіпорының қаржылық бухгалтериясында аяқталмаған өндіріс есептеу
үшін 211-Негізгі өндіріс, 212-Өз өндірісінің шалафабрикаттары, 213-
Көмекші өндіріс, 214-Басқа да шоттары пайдаланылады. Бұл шоттардағы
топтастыру транзиттік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның технико-экономикалық және өндірістік шығындары
Негізгі өндіріс шығындарының есебі
Өндіріс циклындағы сәйкестікті тексеру
Өндіріс шығындарын жіктеу
Өндірістік шығындардың есебі мен аудиты
ПРОМТЕХМОНТАЖ ААҚ КӘСІПОРЫН ШЫҒЫНДАРЫН ТАЛДАУ
Негізгі өндіріс мәні және оны есептеу түрлері
Кәсіпорынның қызметіндегі шығындар және оны азайту жолдарын жетілдіру
Өндірістік шығындардың есебі
Қаржы. Дәрістер кешені
Пәндер