Құранды түсініп оқу



Құран Кәрім Жаратушы тарапынан күллі адамзатқа және өзінен кейінгі замана атаулыға жіберілген ұқсасы жоқ қасиетті кітап. Құран – ислам дінінің бастауы, бірегей бұлағы. Исламды түсіну үшін Құранды түсіну шарт. Құранды түсінбеген адам исламды да толықтай түсіне алмайды. Құран – Жаратушының мәлімдемесі, хабарламасы, жолдауы. Ол таңдаулы Елші Мұхаммедке (с.а.у.) толықтай түсіріліп болған. Аллаһтың сөздерін өзгерте алатын ешбір құдірет жоқ. Құранды Аллаһ Тағала өз қорғауына алған. Құран дін деп аталатын ұғымға қатысты мәселелер мен мысалдардың, ережелер мен ақпараттың барлығын қамтиды. Онда еш нәрсе де ұмытылмаған. Құраннан өзге кітаптардың барлығы да фәни адамдар тарапынан жазылған яки құрастырылған кітаптар. Олар Құранның орнын баса алмайды яки Құранның бұйрықтарын жоя алмайды. Құран әр нәрсені білуші, шексіз құдірет иесі, шексіз ғылым иесі, теңі-теңдесі жоқ, еш нәрсеге мұқтаж емес, кем сипаттардан ада, тумаған һәм туылмаған, ең әуелгі, ең ақырғы, көрінеу һәм көмес, ұмытпайтын, қалғымайтын, шаршамайтын, ұйықтамайтын, жаратушы Аллаһ Тағаланың кітабы. Онда мін яки кемшілік болуы мүмкін емес, өйткені ол мін яки кемшілік кітаптың иесіне тиесілі болар еді. Ал, ислами ұғым бойынша Жаратушымыздың ондай міні яки кемшіліктері болуы мүмкін емес. Мін мен кемшіліктер фәни адамдарға тән қасиеттер. Сондықтан, фәни адамдардың істерінде, жазған дүниелерінде, ойларында мін яки кемшілік болуы заңды құбылыс.
Құранды дұрыс және нақтылы түсіне білу үшін жоғарыда келтірілген тұжырымдама негізінде мына аяттарды келтіруге болады:
Құранды Аллаһ өз хұзырынан өзінің ғылымымен түсірген (Һұд сүресі 11/14),
Ол тек қана үгіт (ескерту) және ап-анық бір Құран (оқулық)-дүр! (Йасин сүресі, 36/69)
Біз бұл кітапты саған әр нәрсені егжей-тегжейлі анықтаушы, тура жолға бастаушы, рахмет және бой ұсынушыларға (мұсылмандарға) сүйінші етіп түсірдік. (Нахл сүресі, 16/89)
Кітапта еш нәрсені де кем етпедік! (Әнғам сүресі, 6/38)
Бұл аяттарын адамдар әбден ұғынсын және таза ақыл иелері үгіт алсын деп өзіңе түсірілген мүбәрәк бір кітап-дүр! (Сад сүресі, 38/29)
Жаратқан Иеңнің сөзі туралық һәм әділет жағынан тәмам болды. Оның сөздерін өзгертетін ешбір құдірет жоқ! Ол бәрін естуші һәм білуші. Жербетіндегі адамдардың көпшілігіне бой ұсынатын болсаң, олар сені Аллаһтың жолынан тайдырады. Олар болса тек күдікке бой алдырған һәм сол күдікпен жалған сөйлейді! (Әнғам сүресі, 6/115,116)
Жаратқан Иең әсте ұмытшақ емес! (Мәриям сүресі, 19/64)
Бұл Құран маған сендерді және өзіне мәлім болатын адамдарды ескертуім үшін уахи етілді (Әнғам сүресі, 6/19)
Өздеріне оқылып жатқан Құранды саған түсіруіміз оларға жеткілікті емес пе? (Ғанкебұт сүресі, 29/51)
Бұл сондай кітап Жаратқан Иеңнің рұқсатымен адамдарды қараңғылықтардан нұрға, ол күллі мадақтың иесі биік құдірет иесі Аллаһтың жолына шығаруың үшін саған түсірдік (Ибраһим сүресі, 14/1)
Ант болсын! Сендерге анықтан-анық аяттар (белгілер, дәлелдер), сендерден бұрынғылардың мысалдары және қорғанып, сақсынушылар үшін (тақуалар) бір үгіт түсірдік (Нұр сүресі, 24/34)

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
1. ҚҰРАНДЫ ТҮСІНУ
Құран Кәрім Жаратушы тарапынан күллі адамзатқа және өзінен кейінгі замана
атаулыға жіберілген ұқсасы жоқ қасиетті кітап. Құран – ислам дінінің
бастауы, бірегей бұлағы. Исламды түсіну үшін Құранды түсіну шарт. Құранды
түсінбеген адам исламды да толықтай түсіне алмайды. Құран – Жаратушының
мәлімдемесі, хабарламасы, жолдауы. Ол таңдаулы Елші Мұхаммедке (с.а.у.)
толықтай түсіріліп болған. Аллаһтың сөздерін өзгерте алатын ешбір құдірет
жоқ. Құранды Аллаһ Тағала өз қорғауына алған. Құран дін деп аталатын ұғымға
қатысты мәселелер мен мысалдардың, ережелер мен ақпараттың барлығын
қамтиды. Онда еш нәрсе де ұмытылмаған. Құраннан өзге кітаптардың барлығы да
фәни адамдар тарапынан жазылған яки құрастырылған кітаптар. Олар Құранның
орнын баса алмайды яки Құранның бұйрықтарын жоя алмайды. Құран әр нәрсені
білуші, шексіз құдірет иесі, шексіз ғылым иесі, теңі-теңдесі жоқ, еш
нәрсеге мұқтаж емес, кем сипаттардан ада, тумаған һәм туылмаған, ең әуелгі,
ең ақырғы, көрінеу һәм көмес, ұмытпайтын, қалғымайтын, шаршамайтын,
ұйықтамайтын, жаратушы Аллаһ Тағаланың кітабы. Онда мін яки кемшілік болуы
мүмкін емес, өйткені ол мін яки кемшілік кітаптың иесіне тиесілі болар еді.
Ал, ислами ұғым бойынша Жаратушымыздың ондай міні яки кемшіліктері болуы
мүмкін емес. Мін мен кемшіліктер фәни адамдарға тән қасиеттер. Сондықтан,
фәни адамдардың істерінде, жазған дүниелерінде, ойларында мін яки кемшілік
болуы заңды құбылыс.
Құранды дұрыс және нақтылы түсіне білу үшін жоғарыда келтірілген
тұжырымдама негізінде мына аяттарды келтіруге болады:
Құранды Аллаһ өз хұзырынан өзінің ғылымымен түсірген (Һұд сүресі 1114),
Ол тек қана үгіт (ескерту) және ап-анық бір Құран (оқулық)-дүр! (Йасин
сүресі, 3669)
Біз бұл кітапты саған әр нәрсені егжей-тегжейлі анықтаушы, тура жолға
бастаушы, рахмет және бой ұсынушыларға (мұсылмандарға) сүйінші етіп
түсірдік. (Нахл сүресі, 1689)
Кітапта еш нәрсені де кем етпедік! (Әнғам сүресі, 638)
Бұл аяттарын адамдар әбден ұғынсын және таза ақыл иелері үгіт алсын деп
өзіңе түсірілген мүбәрәк бір кітап-дүр! (Сад сүресі, 3829)
Жаратқан Иеңнің сөзі туралық һәм әділет жағынан тәмам болды. Оның сөздерін
өзгертетін ешбір құдірет жоқ! Ол бәрін естуші һәм білуші. Жербетіндегі
адамдардың көпшілігіне бой ұсынатын болсаң, олар сені Аллаһтың жолынан
тайдырады. Олар болса тек күдікке бой алдырған һәм сол күдікпен жалған
сөйлейді! (Әнғам сүресі, 6115,116)
Жаратқан Иең әсте ұмытшақ емес! (Мәриям сүресі, 1964)
Бұл Құран маған сендерді және өзіне мәлім болатын адамдарды ескертуім үшін
уахи етілді (Әнғам сүресі, 619)
Өздеріне оқылып жатқан Құранды саған түсіруіміз оларға жеткілікті емес пе?
(Ғанкебұт сүресі, 2951)
Бұл сондай кітап Жаратқан Иеңнің рұқсатымен адамдарды қараңғылықтардан
нұрға, ол күллі мадақтың иесі биік құдірет иесі Аллаһтың жолына шығаруың
үшін саған түсірдік (Ибраһим сүресі, 141)
Ант болсын! Сендерге анықтан-анық аяттар (белгілер, дәлелдер), сендерден
бұрынғылардың мысалдары және қорғанып, сақсынушылар үшін (тақуалар) бір
үгіт түсірдік (Нұр сүресі, 2434)
Бір нәрсе туралы ғылым (білім) өзіңде жоқ болса, ондай нәрсенің артына
түспе! Шынында, құлақ, көз және жүрек, одан жауапқа тартылмақ. (Исра
сүресі, 1736)
Олар сөзді тыңдайды және оның ең әдемісіне мойынсұнады. Міне олар Аллаһ
тарапынан тура жолға салынған таза ақыл иелері-дүр! (Зұмар сүресі, 3918)
Күдіксіз, жер бетіндегі әрекет ететін жан иелерінің ішіндегі ең жаманы
ақылын істетпейтін саңыраулар мен мылқаулар-дүр! (Әнфал сүресі, 822)
Аллаһ кір-қоқысты ақылын істетпейтіндердің үстіне жаудырады (Йұнұс сүресі,
10100)
Ант болсын! Сендерге ескертуші бір кітап түсірдік. Сонда да ақылдарыңды
жұмсамайсыңдар ма? (Әнбие сүресі, 2110)
Өздеріне ап-анық дәлелдер келгеннен кейін талас-тартысқа салынып, жіктерге
бөлініп, ыдырағандар сияқты болмаңдар! Оларға өте үлкен азап бар! (Әли
Имран сүресі, 3105)
Діндерінің быт-шытын шығарып, жіктерге бөлінгендер бар емес пе, сенің
оларға еш қатысың жоқ! Олардың ісі Аллаһқа тән! Аллаһ оларға жасап
қойғандарын хабарламақ! (Әнғам сүресі, 6159)
Күдіксіз үкім тек Аллаһтікі. Ол Өзінен басқаға құлшылық етпеулеріңді әмір
етті. Нағыз тура дін міне осы. Алайда адамдардың көпшілігі білмейді! (Йұсұф
сүресі, 12 40)
Өзінің үкіміне ешкімді де ортақ етпейді! Жаратқан Иеңнің кітабынан саған
уахи етілгенді оқы! Оның сөздерін өзгертетін ешбір құдірет жоқ! (Кәһф
сүресі, 1826,27)
Аллаһқа шақыратын, ізгілік жасайтын және Мен бой ұсынғандарданмын! дейтін
адамнан да әдемі сөз сөйлейтін кім бар екен? (Фұссилет сүресі, 4133)
Аллаһ сендерге Кітапты егжей-тегжейлі етіп түсіргеніне қарамастан, Аллаһтан
басқа бір төреші ме іздейін? (Әнғам сүресі, 6114)
Олар Құранды оқып, түсінбей ме? Егер ол Аллаһтан өзгенің хұзырынан
болғанда, олар оның ішінен әлбетте көптеген келіспеушіліктер табар еді ғой!
(Ниса сүресі, 482)
...Сендерге аяттарымызды әбден анықтадық, бәлкім ақылдарыңды
пайдаланарсыңдар! (Әли Имран сүресі, 3118)
Сендерге не болды? Қалай үкім берудесіңдер? Еш естеріңе алмайсыңдар ма?
(Үгіт алмайсыңдар ма?) Немесе сендердің ап-анық бір дәлелдерің бар ма? Егер
рас сөйлеушілерден болсаңдар, кітаптарыңды әкеліңдерші! (Саффат сүресі,
37154-157)
Сендерге не болды? Қалай үкім берудесіңдер? Немесе сендердің оқып, дәріс
алып жатқан, ішінде тек ұнатқан жақтарыңды ғана алатын бір кітаптарың бар
ма? (Қалам сүресі, 6836,37)
Олардың арасында үкім бергеніңде Аллаһтың түсіргені бойынша бер! (Мәида
сүресі, 549)
Айт: Мен сендерді тек уахимен (Құран) ескертушімін! (Әнбия сүресі, 2145)
...сондай-ақ, өлген анық дәлел (бәййине) бойынша өлсін, өмір сүрген де анық
дәлел бойынша өмір сүрсін! (Әнфал сүресі, 842)
Бұларды Құранда алуан түрлі жолмен анықтадық-кім, олар үгіт алып, ұғынсын.
Бірақ, бұл олардың қашуын арттыруда! (Исра сүресі, 1741)
Ант болсын! Мына Құранда барлық адамдар үшін барлық мысалдардан алуан түрлі
түсіндірдік. Адамдардың көпшілігі болса оны мойындамауда сіресе тұруда!
(Исра сүресі, 1789)
Қарашы, олар әбден түсінсін деп аяттарды (белгілерді, дәлелдерді) алуан
түрлі әдіспен түсіндірудеміз! (Әнғам сүресі, 665)
Ғылыммен жан-жақты түсіндірдік, иман еткен бір қауым үшін тура жолға
бастаушы және рахмет (рахым) етіп кітапты түсірдік (Ағраф сүресі, 752)
Бұл сондай кітап – оны даналық уә үкім Иесі, әр нәрседен Хабардар Аллаһ
аяттарын үкім білдіруші (мұхкем) етіп, артынша егжей-тегжейлі етіп
түсіндірген (Һұд сүресі, 111)
Жер бетіндегі ағаштардың барлығы қалам болса және теңіз де артына жеті
теңізді қосып жұмсалса, сонда да Аллаһтың сөздері таусылмас! Аллаһ үстем уә
дана-дүр. (Лұқман сүресі, 3127)
Күдіксіз, оны жинақтау және оқыту бізге тиесілі. Ондай болса, біз оны
оқығанымызда, сен де оның оқылуына бағын! Соңыра, оны анықтау да бізге
тиесілі. (Қиямет сүресі, 7517,18,19)
Елші былай деді: Ей, Жаратқан Ием! Менің қауымым (қоғамым) мына Құранды
ұмыт болған, тасталған бір затқа айналдырды! (Фұрқан сүресі, 2530)
Ислам діні бір ғана Жаратушыға иман етуді және оған бой ұсынуды уағыздайтын
дін. Жаратушыға ортақ қосу кешірілмес күнә. Өйткені, ол бірегей һәм нағыз
шындықты бұрмалаушылық, айқын ақиқатты бүркемелеушілік және Жаратушыға
жасалған опасыздық, шүкірсіздік. Жаратушыға ортақ қосудың формасы онша
маңызды емес, ортақ қосылса болғаны. Ортақ қосу әшкере яки жасырын формада,
тікелей яки жанама тәсілмен жасалуы мүмкін. Мұның барлығы да ортақ
қосушылық, яғни Жаратушыға қарсы күрес жүргізу, оның діндегі үкіміне өзге
құдіретті әкеп телу болып табылады. Жоғарыда келтірілген аяттарда Құранның
қандай кітап екені және қандай мақсатпен түсірілгені түсіндірілген. Сонымен
қатар, аяттарды мұқияттап оқығанда Құранды түсіну үшін ақылды пайдаланудың
қажет екені, яғни ең бастысы ақылды басшылыққа алудың талап етілгендігі
анық көрінеді. Ақыл – Аллаһтың адамзатқа берген нығметі. Құран – Аллаһтың
адамзатқа берген нығметі. Бұл екеуінің де иесі, жаратушысы – бір Аллаһ.
Сондықтан, олардың арасында кереғарлық, келіспесушілік болмайды, болуы
мүмкін емес те. Аллаһқа ортақ қосудың бір формасы – Оның Кітабына басқа
бұлақтарды әкеп қосу немесе Оның Кітабындағы аяттардың үкімін жойылған деп
жариялаған фәни пікірлерді қабылдау. Аллаһтың Кітабында кемшілік жоқ, ол
өте анық, өте түсінікті (жоғарыдағы аяттарға қараңыз). Діндегі үкім тек
Аллаһтікі. Діннің алаңында тек Оның билігі жүреді. Құранда аталмаған
нәрселер адамдардың шешіміне қалдырылған. Бұл адамның алаңы. Ал, адам
баласы Құранда, яғни дінде аталмаған мәселелер бойынша Құранның рухына,
логикасына, ақыл және ойлау жүйесіне сәйкес шешім қабылдайды. Алдымен
мәселені егжей-тегжейлі зерттейді, ғылымға, ақылға, тәжірибеге жүгінеді.
Құрандағы тәухид, әділет, турашылдық, пайдалы һәм ізгілікті іс істеу,
шектен шықпау, әдден аспау, шура (кеңесу), еркін ойлау т.т. қағидаларын
басшылыққа алады. Ақырында шешім қабылдайды. Осы шешімі жоғарыдағы
өлшемдерге сәйкес келіп жатса – сыйлыққа бөленеді. Керісінше болса –
тиесілі жазаға ұшыратылады. Аллаһқа ортақ қосудан басқа қателесулердің,
күнәлардың кешірілуі мүмкін.
Міне, жоғарыда қысқаша ғана келтірілген түсініктеме негізінде Құранды оқу
және түсіну үшін қажетті талпыныстың барлығын жасау керек. Әр кітап белгілі
бір мақсат үшін жазылғанда, Құран да белгілі бір мақсат үшін түсірілген.
Құран құр бетіне қарап түсінбестен оқылатын, түсінбестен жатқа айтылатын,
тек кейбір діни рәсімдер кезінде ғана керек болатын, аяттары сатылатын,
діндегі үкімдері оңды-солды ескерусіз қалатын, әулиелер мен пірлер, шейхтар
мен тақсырлар оның аяттарының күшін тоқтата алатын ойыншық кітап емес.
Құранмен ойнаған өзінің ахиретімен ойнаған болады. Құранға қиянаттық
жасаған – Исламға қиянаттық жасаған болады. Исламға қиянаттық жасаған, оның
иесі – Аллаһқа қиянаттық жасаған болады. Мұсылман жастарымыз осы маңызды
ескертпелер негізінде Құранды оқуы және түсінуі ләзім деп санаймын. Ал,
Құранда жиіркенішті қылықтар, қатыгездік пен аяусыздыққа шақырулар, өмірді
қиындататын ережелер жоқ. Құрандағы дін өте түсінікті және қарапайым. Ол
адамға еркін ойлау қабілетін бере алады. Ол таза ақылға, ізгі ақылға,
имандылыққа, ихсанға шақырады. Адам құқықтарын құрметтеуге, бүлік
жасамауға, бұзақылықтан аулақ болуға, Аллаһқа, оның елшісі мен мұсылман
әміршіге бағынуға шақырады. Құран өзге діндер мен сенімдердің болуына
рұқсат етеді. Адамдардың нәсілдік, ұлттық белгілерін жоққа шығармайды және
мансұқтамайды. Бейбітшілік ішінде, әділетті қоғам орнатылуын талап етеді.
Адамдарды ақылды және ақылдың ізгі өнімдерін пайдалануға шақырады. Еңбек
етуге, ізденуге, қажыр-қайрат жұмсауға шақырады. Құранның аяттарында
бүгінгі ғылым мен өркениетке қарсы талаптар жоқ. Ондай кері талаптар тек
адамдар жазған әдебиеттерде ғана болуы мүмкін. Міне, Батыс халықтарының
исламда қатыгездік бар!, исламда адам құқықтары, әйел құқықтары
тапталған! т.т. деп отырғаны Құранға байланысты емес, фәни адамдардың
тұрмыстағы дінге енгізіп жазған дүниелеріне байланысты айтылуда. Міне, бұны
ажырата білуіміз керек. Христиан діні және оның теологиясы ғасырлар бойы
шіркеу басшылары мен теологтардың жазған дүниелері негізінде қалыптасқан.
Христиандық дінін қалыптастырған, оның сенім қағидалары мен діни рәсімдерін
белгілеген, аталмыш діннің жүздеген тармаққа бөлініп кетуіне себеп
болғандар – фәни адамдар, шіркеу көсемдері. Олар құдайы бұлақтың орнын
адами бұлақтың толтыруы қағидасын мұсылмандарға да әкеп істеткісі келеді.
Алайда, исламда діннің алаңында адами бұлақ жүрмейді, тек Аллаһтың
түсіргені мен көрсеткені ғана жүреді. Осыны барша адамзатқа түсіндіруіміз
шарт. Фәни адамдардың пікірлері олардың өзіндік пікірлері ретінде бағалануы
тиіс. Бір фәни адамның пікірін, қорытындысын әкеліп, оны Аллаһтың үкіміне
тең (!), тіпті, одан да жоғары (!!!) қою ислам дінінің өзегіне сәйкес
келмейді. Ал, сол фәни адамның Құранға және жоғарыда келтірілген өлшемдерге
сәйкес жасаған пікірлері мен қорытындыларын автордың еңбегі мен ғылыми
іжтиһадын құрметтеумен қабылдаймыз. Орта ғасырлардағы кейбір ғұламалар мен
сөз құрастырушы авторлардың еңбектерінде келтірілген ойлар мен ұсыныстарды
сол адамдардың алған біліміне, өскен ортасына, материалдық мүмкіндігіне,
сол дәуірдегі ғылым мен білімнің деңгейіне, саяси уә тарихи уақиғаларға
байланысты бүгінгі деңгейден қайтадан сарапқа салып, Құранның таразысына
салып, өлшеп алуымыз шарт. Сонда, бүгінгі мұсылман әлемінде жинақталған
және дін патенті соғылған сенім-нанымдардың, ережелер мен қағидалардың
қайсыларының Құранға (Исламға) сай келетіні анық болады.
Мұсылман жастар беттерін болашаққа бұруы керек деп ойлаймын. Бүгінгі
мұсылман әлемінің ең басты проблемасы – надандық, қараңғылық. Қараңғылық
ұғымы Құранда зұлым деп аталған. Ал залым қараңғылықтың ішіндегі адамды
білдіреді. Өйткені, әлемдегі зұлымдықтар білмегендіктен яки білімнің
жетіспеуінен болады, ізгі ақылдың қосылмауынан болады, Жаратушының
фитратына (жарату негізіне) қайшы келгендіктен болады. Қараңғылықты тек
нұр, яғни жарық жеңеді. Құран адамзатты қараңғылықтардан нұрға жетелейді.
Аллаһ көктер мен жердің нұры. Құран болса Аллаһқа шақырады. Құран еңбекті
қадірлейді. Адамды жынысына қарап бағаламайды. Құранда тепе-теңдік пен
үйлесімділік бар. Құран еркек пен әйелді бірін-бірі толықтыратын адамдар
ретінде қарастырады. Құран ізгі іс жасауға және ақылды пайдалана отырып,
ғылыми ізденіске салынуды, әрдәйім еңбек етуді (жиһад) талап етеді.
Жоғарыда айтқанымыздай, Құран тек анық дәлелі бар нәрсеге жүгінуді сұрайды,
күмәнді мәліметке, күдікті нәрселерге бой алдырмауды, олардан аулақ жүруді
ескертеді. Құран мұсылмандарды әлеуметтің мәселелерін өзара кеңесу арқылы,
талқыласу арқылы шешуге шақырады...
Әрине, Құранның сөздері Аллаһ Тағаланың аяттары. Тағы да Құранның айтуынша,
Аллаһтың аяттары (белгілері, дәлелдері, айғақтары, ишараттары) тек Құран
аяттарымен шектелмейді. Табиғаттағы құбылыстар, ғарыштағы қозғалыстар,
математика мен физиканың заңдылықтары, күндіз бен түн, өсімдіктер мен
хайуанаттар әлемі, теңіздер т.т. барлығы да Жаратушының аяттары
(белгілері). Әр иманды пенде Жаратушының Құрандағы аяттарымен қатар өзге де
аяттарын зерттеуі, түсінуі керек. Сол үшін әр иманды пенде позитивті
ілімдерді – математика, физика, химия, билогия, медицина, астрономия,
геология т.т. терең зерттеуі абзал. Бұларға қоса гуманитарлық саладағы
ғылымдардан философия, тарих, филология, логика, социология, психология,
саясаттану, экономика, эстетика т.т. сияқты ғылымдардан жан-жақты хабардар
болуы тиіс. Аталмыш ғылым салаларынан хабардар, жан-жақты біліммен
жабдықталған адамда оң ойлау қабілеті, математикалық ақыл, талдаушы ойлау,
сараптау қабілеті, салыстыру қабілеті, себеп пен салдар арасындағы
байланысты анықтау және нәтижелерді болжау потенциалы, эстетикалық сана
қалыптасады. Міне, бізге осындай білімді мұсылман жастар қажет. Олар
өздерін өткен тарихпен шектемейтін болады. Бұл жерде өткен тарихты қаралау
яки мансұқтауды мақсат тұтып жатқан жоқпын. Өткенді өзінің уақытымен,
өзінің шартымен білуіміз керек, бірақ өткенге қадалып, өткен тарихқа
өзімізді таңып тастамауымыз қажет. Мақсатымыз дамуда, өсуде, жаңалық ашуда,
адамзатқа пайдалы іс пен өнім өндіруде болуы керек. Еліміздің ең дамыған
һәм ең өркениетті елдер қатарында болуына атсалысуымыз керек. Бұл тек
прогрессивті ойлаумен, схоластикадан (фундаментализмнен), көр-соқыр
сенімнен алшақ болумен ғана мүмкін болмақ.
Құран аяттары Жаратушының сөздері болғандықтан олар өзгеріссіз алаңды
құрайды. Құранға ешкім еш нәрсе қоса алмайды және одан еш нәрсені де алып
тастай алмайды. Құраннан тыс алаң болса өзгеруі мүмкін кеңістікті
құрайды. Адамға қалдырылған осы алаңда адам баласы жоғарыдағы өлшемдер
негізінде өз ой-ақыл деңгейіне, ғылым мен білімнің жетістіктеріне қарап
тұжырымдамалар жасайды. Бұл тұжырымдар уақыт өткен сайын өзгеріске ұшырауы,
толықтырылуы мұмкін. Фәни адамдар жасаған тұжырымдарды, пікірлерді, іс-
әрекеттерді жоғарыда аталған өзгеріссіз алаңға апарып салу – діннің
алаңына қол сұғушылық, фәни нәрселерді бақиға айналдырушылық болып
табылады. Ал, фәниді фәни деп, бақиды бақи деп ажырата білген жөн. Қорыта
айтқанда, бүгінгі ислам әлеміндегі тоқыраушылықты тек Құранға, яғни
Жаратушының нұрлы жолына оралумен ғана жеңе аламыз деп айтар едім. Құран
осындай потенциалды біздерге бере алады. VIII-XIII ғасырларда өмір сүрген
мұсылман ғалымдар қатып қалған догматтардан құралған схоластиканы емес,
Құранның жетегіндегі ақыл мен ғылымға негізделген прогрессивті ойлауды
басшылыққа алған еді. Олар адамзат тарихында алтын әріптермен жазылған
тамаша өркениетті қалыптастыруға орасан зор үлес қосқан тұлғалар. Олардан
кейін келген эзотерикалық ағымдар мен схоластикалық мектептер
мұсылмандардың еркін ойлауына шек қойды да оларды ой өндірмейтін, белгілі
фәни тұлғалар қалыптастырған ұғымдарға көр-соқыр инанатын бұқараға
айналдырды. Ғылыми ізденіс пен өндірістен қол үзіп қалған мұсылмандар әр
салада артта қалды. Мұсылмандар тек тұтынушыға айналды. Ғылым деп жоғарыда
аталған фәни адамдардың түсініктері ғана танылды. Ғылыммен шұғылдану Аллаһ
Тағаланың аяттарын зерттеу және олардың мағыналарын ашу емес, бұрынғылардың
жазғандарын қайталау және жаттау болды. Шіркеудің схоластикасынан азат
болған Еуропа болса ғылым мен өнерде даму жолына түсті. Олар әлі сол жолды
берік ұстанып келе жатыр. Мұсылман үмметі дүр сілкініп, өзін кертартпа
сенімдер мен схоластиканың құрсауынан құтқаруы үшін ең алдымен еркін
ойлаудың алдындағы кедергілерден, негізсіз бос сенімдерден, қараңғылық
уағызшыларынан және олардың өнімдерінен құтылуы, Құранның нұрымен ғылыми
ізденіске түсуі, өнерде алға жылжуы шарт дер едім. Сөз соңында тағы да
Құран аяттарын келтіремін:
Олар Құранды әбден оқып, тереңдеп түсінбей ме? Егер ол Аллаһтан өзгенің
хұзырынан болғанда, олар оның ішінен әлбетте көптеген келіспеушіліктер
табар еді ғой! (Ниса сүресі, 482)
Еш күдік жоқ, ескертушіні біз түсірдік, біз! Оның шын мәніндегі
қорғаушылары да бізбіз! (Һижр сүресі, 159)
Мен сендерден еркек болсын, әйел болсын, ешбір еңбек етушінің еңбегін зая
етпеймін (босқа шығармаймын)! Бәрің де бір-біріңненсің! (Әли Имран сүресі,
3195)
Шынында Аллаһ өзіне ортақ қосылуын кешірмейді. Мұның сыртында қалғанды
қалағанына кешіреді (Ниса сүресі, 448)
Айт: Аллаһ құлдары үшін шығарған көрікті заттарды (әшекейлерді) уә таза
ризықтарды кім харам еткен (тиым салған)?. Айт: Бұлар дүниедегі өмірде
иман еткендер үшін, ал қиямет күні болса тек қана олардікі. Білетін бір
қауым үшін аяттарымызды (белгілерімізді) осылайша егжей-тегжейлі баяндаймыз
(Ағраф сүресі, 732)
Олардың көпшілігі тек күдікті мәліметті басшылыққа алады. Алайда, күдікті
мәлімет шындық атынан еш нәрсені де білдірмейді. Күдіксіз Аллаһ олардың
істегендерін білуші (Йұнұс сүресі, 1036)
Ей, иман еткендер! Күдікті мәліметтен көбірек сақ болыңдар! Өйткені, оның
бір бөлігі күнә болып табылады! (Хұжұрат сүресі, 4912)
Біз бұл кітапты саған әр нәрсені егжей-тегжейлі анықтаушы, тура жолға
бастаушы, рахмет және бой ұсынушыларға (мұсылмандарға) сүйінші етіп
түсірдік. (Нахл сүресі, 1689)
Біле тұра шындық пен жалғанды (хақ пен нахақты) араластырмаңдар! Біле тұра
хақты жасырмаңдар! (Бақара сүресі, 242)
Олардың көпшілігі тек күдікті мәліметті басшылыққа алады. Алайда, күдікті
мәлімет шындық атынан еш нәрсені де білдірмейді. Күдіксіз Аллаһ олардың
істегендерін білуші (Йұнұс сүресі, 1036)
Бәрің түгелдей Аллаһтың желісінен ұстаңдар және ешқашанда жіктерге бөлініп
айырылмаңдар! (Әли Имран сүресі, 3103)

2. Қазақстан – үшінші жолды таба ала ма? Қара халыққа не қажет – тыныштық
қана қажет.
Бұл шағын мақаланы адами көзқарас тұрғысынан емес, мұсылмандардың қасиетті
кітабы Құран Кәрім қағидаларынан дәйексөз келтіре отырып бастауды жөн
көрдім. Президент Назарбаев өзі демеуші болып шығарған Құрандағы Фатыр
(Жаратушы) сүресін мұқият оқып шықса көп нәрсеге көз жеткізген болар еді:
– Әй, адам баласы! Сөз жоқ Алланың уәдесі хақ. Ендеше дүние тіршілігі
сендерді әсте алдамасын...* Шәксіз сендерге шайтан дұшпан. Сондықтан сендер
оны дұшпан тұтыңдар. Шын мәнінде шайтан өз тобын тозақтықтардан болуға
шақырады*. Аллаға қарсы болғандарға қатты азап бар*. Сондай жаман ісі өзіне
әдемі көрсетіліп, оны жақсы көрген біреу жақсымен тең бе... Әрине Алла
олардың қылған ісін толық біледі*... Әй, адам баласы! Аллаға мұқтажсыңдар.
Алла Тағала Ол әр нәрседен мұңсыз, өте мақтаулы*. Қаласа сендерді жоқ етеді
де, жаңа ел әкеле алады. Ия, бұл Аллаға қиын емес. Ешбір күнәкәр, басқаның
күнәсін көтермейді. Күнәсі ауыр болған біреу көтеруге шақырса, егер жақыны
болса да оған еш нәрсе жүктелмейді*...
Наурыз мерекесінің қарсаңында Қазақстандағы демократиялық күштер тұңғыш рет
өз іштеріндегі менін басып, бір ту астына бірікті. Бірігіп қана қоймай,
өз іштерінен жалғыз ғана кандидатты алдағы президент сайлауына үміткер етіп
белгіледі. Бұл оқиға билікке бағынған баспасөзде елеусіз қалғанымен,
еліміздің болашақ тарихында алтынмен жазылатын тарихи оқиға ретінде
жазылары сөзсіз. Неге десеңіз момындықпен өмір сүріп жатқан қазақ халқына
Алла Тағала осылайша алда болатын тығырықтан аман-есен шығудың жолын оңай
келістіріп берді. Егер бұл айтқан уәжімізге келіспесеңіз, бұдан кейінгі
оқиғалар легін ой елегінен өткізіп көрелік. Осы оқиғадан кейін арада
бірнеше күн өткенде көрші Қырғызстанда президент Ақаев қантөгіске жол
бермеу үшін елін, жерін тастап Ресейге барып жан сауға сұрауға мәжбүр
болды. Осылайша еліңді басқара алмасаң, қашып кетудің де айыбы жоқ екендігі
айқындалды. Сол бір күндерде Қырғызстанмен көрші елдердің президенттері
Ақаевқа жиіркенішпен қарап, билікті ұстап қалуда әлсіздік көрсетті деп
көмек қолын созбай теріс айналды. Олардың ішінде әрине президент Назарбаев
та болды. Бірақ, әрине олар өгізге туған күн бұзауға да туатынын сезген
жоқ. Ол оқиға да көп күттірмеді... Мамыр айының 13-і күні көрші Өзбекстанда
Андижан оқиғасы болды. Каримов Қырғызстандағы оқиғаның қайталануынан
үрейленіп, қасиетті жұма күні бірінші болып қара халыққа қару қолданды.
Мүдделі елдердің ақпарат құралдары қазіргі уақытта Каримовтың қанқұйлы
әрекетіне қолдау білдіріп міз бақпағанымен, ендігі жерде бұл оқиға бүкіл
әлемдік мәселеге айналғаны даусыз. Күндердің күнінде қандай жолмен болса
да, өзбек халқы қанқұйлы Каримовты биліктен тайдыратыны енді уақыттың ғана
ісі деп санауға болады. Олай болмаған күннің өзінде, Ислам деген аттан
садаға кеткір оның Алланың қаһарына ұшырағаны сөзсіз... – Байқап отырсаңыз,
он бес жыл бойы мызғымайтын тұрақтылық мекеніне айналған Орта Азияда ай
сайын өрескел бір оқиға орын алуда. 1986 жылы күллі Кеңестер Одағында
бірінші болып билікке бағынбауды бастаған Қазақстан бүгінгі күні үлкен жол
айрығында тұр. Басқаны қайдам, өз басым сол оқиғадан кейін 4 жыл өткенде
егемендігімізді алған тұста неліктен Д.А.Қонаевты президент етіп сайламадық
екен деп ойлаймын. Кім біледі, солай болғанда бүгінгі Қазақстандағы
тіршілік басқаша дамыған болар ма еді? Қазақстандағы бүгінгі билік Ақаевқа
ұқсап билікті өз еркімен тастап кете алмайды. Билікті билеп алған
шайтанның оған жол бермейтіні даусыз. Сонымен қатар Каримовке ұқсап өз
халқына оқ атуға бата алмайды деп айтқымыз келеді. Бірақ, Ішкі Істер
министрі З.Тұрысбековтың осы жылдың қаңтар айында Үкіметке жолдаған хаты
еріксіз іш жидырады. Бұл хатта аталмыш ведомоствоның өз халқына қатал шара
қолдануға әзір екендігі баяндалып, бастан-аяқ қаруланғаны айтылады. Сол
хаттың бір дәлеліндей, Зауытбек айтқан саяси сауатты саналы жастарды
билік Өскемен және Шымкент қалаларында демократиялық күштердің басшыларына
айдап салды. Әйтсе де, не тас жаратын, не бас жаратын жастардың
жантүршігерлік тірлігінен биліктің өзі шошып кеткені соншалық, дереу мұндай
әрекетке тиым салынды. Соның бір дәлелі, аталмыш демократиялық ұйымның
Қызылорда қаласындағы соңғы жиналысы біршама төтенше оқиғасыз өтті. Одан
әрі, 22 мамыр күні билік Алматы қаласында Тәуелсіз баспасөзді қорғау
туралы митингіні өткізуге де оңай келісімін берді...
Бұдан қандай түйін жасауға болады? Біріншісі, билік басында болу қанша
жерден тәтті болса да, ертеңгі күні боқ жеп қалмау одан да тәттірек
екенін бүгінгі билік түсініп отыр. Алдымызда күтіп тұрған және болмай
қоймайтын өзгерістер қай бағытта өршісе де, Қазақстанның бұл өзгерістер
кезінде жоғалтатын нәрселері жетерлік. Шымкентте болған оқиға елімізде ішкі
саяси жағдайдың шынында да кез-келген сәтте ушығып кетуі мүмкін екенін
тұңғыш рет шын сездіртті. Сөйтсе де, билік тарапынан жасалған соңғы
жеңілдіктерді оппозициямен санасу деп айтуға әлі ерте. Неге десеңіз,
билік тарапынан әлі де тәуелсіз баспасөз бен демократиялық қозғалыстарды
қудалау жалғасуда. Әйтсе де, билікке ренішті оппозицияның өз
іштеріндегі менін басып тұншықтыруы билік үшін үлгі. Демек, билік те өз
іштеріндегі менін соншалықты басып, оппозициямен санасуға өз тарапынан
алғашқы қадам жасауы керек. Неге десеңіз, бүгінгі оппозиция төңірегіне
оңай сынатын жаңғақтар жиналып отырмағанын түсінетін кез жетті.
Қазақстаның төл азаматтары болып табылатын олардың әлеуметтік жанжал
тудыруға ынтық болып отырмағандығына билік қанша жерден сенгісі келмесе де,
сенуі керек. Өйткені, біздер Алланың ұлық жаратқан пендесі адам екеніміз
рас болса, сенімсіз өмір сүретін тек шайтан ғана екенін естен шығармауымыз
қажет... Екіншісі, билік үшін наурыз айында құрылған Әділетті Қазақстан
үшін қозғалысын ресми түрде тіркеуге Әділет министрлігі арқылы түрлі
кедергілер қойып, соза түсу тиімсіз. Түрлі бағыттарды көздеген оппозицияның
көп өкілдерінен көрі, осы оппозицияның жалғыз ғана өкілі Жармахан
Тұяқбаймен келіссөз жүргізген бүгінгі билікке әлдеқайда тиімді болары
сөзсіз. Сонда ғана еліміз ішкі әлеуметтік-саяси өмірдегі жанжалдардың алдын
алып, көрші Қырғызстан мен Өзбекстанда болған жағдайларға жол берместен
үшінші жол тауып аман-есен өтуіне алғышарттар жасайтыны сөзсіз. Үшіншісі,
егер бүгінгі билік көрші елдерде болып жатқан оқиғалардың аңдысын аңдып,
сын сағатта өздеріне тиетін шоқпарын өздері де білместен тасаларына жасырып
отырса, оңбай ұтылғаны. Әзірге оппозициямен ымыраға келуден басқа жол
көрініп тұрған жоқ... Қара халыққа не қажет – тыныштық қана қажет. Сонымен
қатар қара деп айтатын халықтың да өз қадір-қасиеті бар. Президент
Назарбаевтың елімізді аралау кезіндегі көзбояушылық әрекеттерін
ұйымдастырып отырған облыс әкімдері, президенттің онсыз да ойсыраған
беделін одан әрмен түсіріп жатқанын тап осы қара халық өте жақсы біліп
отыр. Мұндай көзбояушылықпен он бес жыл бойы тұрғызылған қоғам алып бомба
сықылды. Оның жарылуына себепші болатын детанатор – президенттің өзінен
басқа ешкімді көргісі келмейтін өркөкірек пиғылы мен ниеті. Тып-тыныш
заманды осындай пиғыл бұзатындықтан да Ислам дінінде кез келген діни рәсім
– әуелі ниет етуден басталады. Мәселен, Алла ризашылығы үшін ниет
еттім... дегенде кез-келген мұсылманның ниеті (мейлі ол президент болсын,
мейлі кедей-кембағал болсын) Алла үшін ашық көрінеді. Ендеше, елім-жерім
деп (әлде шын, әлде өтірік) еңіреп отырған бүгінгі президент ең әуелі
ниетін түзеуі қажет. Олай болмаған жағдайда Алла Тағаланың жоғарыдағы аят
сөзіне сәйкес одан теріс айналары сөзсіз... Ал, әзірге еліміздің ішкі
өміріндегі қызуды көрсететін сынап бағанасы бірте-бірте жоғары көтеріліп
барады. Оған әрине еліміздің сыртында болып жатқан жалындардың да әсері
тимей жатқан жоқ. Қызудың ең шырқау шегі президенттік сайлау науқаны ресми
жарияланған сәттен бастап күрт көтерілері сөзсіз. Оған дейін билік пен
оппозиция бір мәмілеге келіп, ойын шарттарын біржолата пысықтап алмаса,
қоғамымыздың дене қызуы шектен тыс жоғары көтеріліп, талма (инсульт,
инфаркт) дертіне ұшырауы әбден мүмкін екенін саналы қоғам мүшелерінің кез-
келгені анық түсініп отыр. Адамдардың дүние тіршілігі туралы қасиетті
Құран Кәрімдегі Лұқман сүресінің 34-аятында: ... Ешкім ертең не
істейтінін білмейді, әрі ешкім қай жерде өлерін де білмейді. Күдіксіз Алла
Тағала толық білуші, хабар алушы – деп бетің бар, жүзің бар демей тіке
айтылады. Япыр-ай, ешбір дәлел қарсы келе алмайтын қандай құдіретті айғақ
десеңші... Бұл айтылғандарға сіз не дейсіз ағайын, бауырлар!!!
3. Дін өркениеті
Ислам – әлемдік деңгейдегі дін. Оның қатарында, ғалымдардың есептеуінше,
әлем халықтарының 1,5 млрд. өкілдері бар. Қазақ халқы да дәстүрлі ислам
дініндегі халық. Ислам діні, отандық ғалымдардың айтуынша, Қазақстанға
осыдан он үш ғасыр бұрын енген. Сондықтан қазақ этносының бүгінгі өмір
тұрмысын және болашағын исламнан тыс қарастыру мүмкін емес. Ислам діні,
онымен бірге енген ислам мәдениеті, дүниетанымы, тіптен философиясы біздің
әдет-ғұрыптарымызға, ұлттық ойлау жүйемізге, бір сөзбен айтқанда,
дүниетанымымызға молынан сіңген. Ұлттық философиямыздың негізгі ұғымдарына
талдау жасағанымызда, біз ислам дүниетанымынан тарайтын ұғым-түсініктерге
тап боламыз. Сол себепті ислам дінінің қазіргі қоғамдағы орны туралы
айтқанда, оның қазақ халқының тарихында, мәдениетінде, дүниетанымында,
психологиялық түсініктерінде алатын орнын анықтауымыз қажет. Бұл күрделі
мәселе. Неге десеңіз, исламның қазіргі қоғамдағы орны даулы проблемаға
айналып барады. Әрине, оның басты себебі исламды саясаттандыру
төңірегіндегі әрекеттерде. Негізінде дін мен саясат ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құран – тұтастай тұңғиық ғылым
Құран оқу және оның қасиеттері жайлы
Психология және когнитивтік психология
Тәпсірдің ерекшеліктері
Құран Кәрім
Құран мен намаздың парызы
“Тафсир” пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
Ұлттық сәндік қолданбалы өнері
Құран немесе Құран Кәрім
Баланың құрсақ ішінде сабақ оқуы
Пәндер