Антибиотиктер туралы



1 КІРІСПЕ

2 НЕГІЗГІ БӨЛІМ

А) Антибиотиктердің классификациясы
Ә) Антибиотиктердің негізгі продуценті . микроорганизмдерді анықтау
Б) Гентамицин сульфаттың өнеркәсіптік өндірісі
В) Пенициллин мен стрептомицин өндірісі

ҚОРЫТЫНДЫ

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Антибиотиктердің классификациясы.
«Антибиотик» терминін 1889 ж. А.Вюимен ұсынды.Ол бұл терминді «антибиоз» процесінің әсер ететін агентін,яғни бір организмнің екінші организмге қарсылығын түсіндіру үшін ұсынды.
1894 ж. Мечников патогенді микроорганизмдерге қарсы күресте бірқатар сапрофитті бактериялардың қолданылатынына назар аударды.
1986 ж. Э.Госсио Penicillium культуралық сұйықтығынан сібір жарасының қоздырғышының өсуін баяулататын кристаллды қосылысты(микофенол қышқылы) анықтады.
1899 ж. Р.Эммерих пен О.Лоу Pseudomonas pyosyanea-дан түзілетін антибиотикалық затты анықтап,оны пиоционаза деп атады.Ол антисептик ретінде қолданылды.
1929 ж. Флеминг жаңа препарат пенициллинді ашты,ал 1940 ж. Криссталдық күйін анықтады.Бұл жаңа және хемиотерапевтік әсері бар зат микроорганизмнің тіршілік барысының нәтижесінде,яғни биосинтетикалық жолмен алынды.Пенициллиннің әр түрлі инфекциялық ауруларға және қабыну процесстеріне қарсы қолданылуы одан да антибиотикалық әсері күшті заттардың ашылуына негіз болды.
1937 ж. О.Вельш актиномицет туындысының(актиномицин) бірінші антибиотигін сипаттады.1939 ж.Н.А.Красильников пен А.И.Кореняко линцетин мен дюботиротрицинді алды.Осылайша пенициллинді таза күйінде алудың қарсаңында бес антибиотиктік зат белгілі болды.Осыдан кейін антибиотиктердің саны өте тез жылдамдықпен өсті.
Совет Одағында пенициллинді зерттеуді З.В.Ермольева бастады.1942 ж.соның жетекшілігімен Москвадағы экспериментальды медицинаның бүкілодақтық институтының микробтардың биохимиялық лабораториясында бірінші отандық пенициллин крустозин алынды.Ол Ұлы Отан соғысында жараланған Совет Армиясының жауынгерлерінің өмірін сақтауда үлкен рөл атқарды.
Соңғы 15-20 жылда антибиотиктерді зерттеуге байланысты жыл сайын 5000 жұмыс арналуда.
Жаңа антибиотикті ашып, зерттеу және оны медициналық, ветеринариялық практикада қолдану бұл әр түрлі саладағы ғалымдардың қажырлы еңбегі.
Американ ғалымдарының мәліметі бойынша, кең спектрде әсер ететін бір антибиотикті алуға 55 ғалым 2,5 жыл жұмыс істепті. Олар 100 мың үлгісін зерттеп, тәжірибелік зерттеулерге 4 миллион доллар жұмсапты. Лепетит итальян фармацевтикалық компаниясы туберкулезге қарсы антибиотиктің шығарылуына 11 жыл тәжірибе зерттеулік жұмыстарын жүргізіп, сонымен қатар бірнеше млн. доллар шығындаған.
Соңғы 20-25 жылда антибиотиктердің жылдам қарқынмен ашылуы мына себептерге байланысты:
1. Биотехнология: Учебник /И.В.Тихонов, Е.А.Рубан, Т.Н.Грязнева и др.;Под ред. акад РАСХН Е.С.Воронина. – СПб.: ГИОРД, 2005. – 792 c.

2. Егорова Т.А. Основы биотехнологии: учеб. пособие для высш. пед. учеб. заведений / Т.А.Егорова, С.М.Клунова, Е.А.Живухина. – 4-е изд.,стер. – М.:Издательский центр «Академия», 2008. – 208 с.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Антибиотиктерді өндіру

Антибиотиктердің классификациясы.
Антибиотик терминін 1889 ж. А.Вюимен ұсынды.Ол бұл терминді
антибиоз процесінің әсер ететін агентін,яғни бір организмнің екінші
организмге қарсылығын түсіндіру үшін ұсынды.
1894 ж. Мечников патогенді микроорганизмдерге қарсы күресте бірқатар
сапрофитті бактериялардың қолданылатынына назар аударды.
1986 ж. Э.Госсио Penicillium культуралық сұйықтығынан сібір жарасының
қоздырғышының өсуін баяулататын кристаллды қосылысты(микофенол қышқылы)
анықтады.
1899 ж. Р.Эммерих пен О.Лоу Pseudomonas pyosyanea-дан түзілетін
антибиотикалық затты анықтап,оны пиоционаза деп атады.Ол антисептик ретінде
қолданылды.
1929 ж. Флеминг жаңа препарат пенициллинді ашты,ал 1940 ж.
Криссталдық күйін анықтады.Бұл жаңа және хемиотерапевтік әсері бар зат
микроорганизмнің тіршілік барысының нәтижесінде,яғни биосинтетикалық жолмен
алынды.Пенициллиннің әр түрлі инфекциялық ауруларға және қабыну
процесстеріне қарсы қолданылуы одан да антибиотикалық әсері күшті заттардың
ашылуына негіз болды.
1937 ж. О.Вельш актиномицет туындысының(актиномицин) бірінші
антибиотигін сипаттады.1939 ж.Н.А.Красильников пен А.И.Кореняко линцетин
мен дюботиротрицинді алды.Осылайша пенициллинді таза күйінде алудың
қарсаңында бес антибиотиктік зат белгілі болды.Осыдан кейін
антибиотиктердің саны өте тез жылдамдықпен өсті.
Совет Одағында пенициллинді зерттеуді З.В.Ермольева бастады.1942
ж.соның жетекшілігімен Москвадағы экспериментальды медицинаның бүкілодақтық
институтының микробтардың биохимиялық лабораториясында бірінші отандық
пенициллин крустозин алынды.Ол Ұлы Отан соғысында жараланған Совет
Армиясының жауынгерлерінің өмірін сақтауда үлкен рөл атқарды.
Соңғы 15-20 жылда антибиотиктерді зерттеуге байланысты жыл сайын
5000 жұмыс арналуда.
Жаңа антибиотикті ашып, зерттеу және оны медициналық,
ветеринариялық практикада қолдану бұл әр түрлі саладағы ғалымдардың қажырлы
еңбегі.
Американ ғалымдарының мәліметі бойынша, кең спектрде әсер ететін бір
антибиотикті алуға 55 ғалым 2,5 жыл жұмыс істепті. Олар 100 мың үлгісін
зерттеп, тәжірибелік зерттеулерге 4 миллион доллар жұмсапты. Лепетит
итальян фармацевтикалық компаниясы туберкулезге қарсы антибиотиктің
шығарылуына 11 жыл тәжірибе зерттеулік жұмыстарын жүргізіп, сонымен қатар
бірнеше млн. доллар шығындаған.
Соңғы 20-25 жылда антибиотиктердің жылдам қарқынмен ашылуы мына
себептерге байланысты:
1.Көптеген антибиотиктік заттар – теңдесі жоқ емдік препараттар. Олар
алғашқыда емделмейді деп есептелген инфекциялық ауруларды емдеуде кең
қолданылды. Олардың қатарына туберкулездің кейбір формаларын, чума,
азиаттық сарыауру, брюшной тиф, бруцеллез, пневмония,түрлі септикалық
процесстерді жатқызуға болады.
2.Антибиотиктер—ауыл шаруашылығы үшін емдік препарат ретінде өте
керекті зат, соның ішінде мал шаруашылығында , құс, ара, өсімдік
шаруашылығында, ал жеке арнайы антибиотиктік заттар өсуін реттеушілер.
3.Антибиотиктерді емдік мақсатта кең қолдану осы препаратқа
резистентті микроорганизмдердің формаларының жиналуына алып келеді.
Микроорганизмдердің резистенттігі басқа антибиотиктің ашылуына негіз
болады.
4.Кейбір антибиотиктер тамақ өнеркәсібінде тез бұзылатын
өнімдерге консервант ретінде қолданылады. Мысалы, балық, ет, ірімшік, түрлі
көкөністер.
5.Антибиотиктер алғашқыда химиялық құрылысы белгісіз қосылыстар
болды. Оны анықтау химияның дамуына да үлесін қосты. Қазіргі таңда
пенициллин, хлорамфеникол, тетрациклин сияқты антибиотиктер синтезделді.
6.Антибиотиктер ғылыми зерттеулерде организмнің зат алмасуының
кейбір жақтарын зерттегенде кең қолданылады. Мысалы кейбір антибиотиктер
рибосомадағы белок синтезінің арнайы этаптарын ингибирлейді (хлорамфеникол,
пуромицин, тетрациклин), басқалары нуклеин қышқылдарын синтездейді
(саркомицин, актиномицин, рубомицин), үшіншісі клетка қабырғасының
түзілуіне әсер етеді.
7.Антибиотиктердің жасалу жолын білу олардың метаболизмінің
кейбір этаптарының ашылуына негіз болады.
Антибиотиктерді зерттеу антибиотикке тұрақты
микроорганизмдердің және антибиотикке тәуелді штаммдардың пайда болатынын
анықтады. Сонымен қатар, антибиотиктерді ретсіз пайдалану адамдарда және
жануарларда кандидомикозды, стафило және стрептококкты аурулардың пайда
болуына және асқорытудың бұзылуына алып келеді. Осы мәліметтерге орай,
антибиотиктерді қолданудан шығару туралы пікірлер туды. Бірақ, қазіргі
таңда антибиотиктерді алмастыратын ешқандай дәрілік препарат жоқ.
Әр түрлі көрсеткіштер бойынша белгілі антибиотиктер мынадай
жолдармен классификацияланады:
Әсер ету спектріне байланысты:
-бактерияға қарсы, грамм оң (бензилпенициллин, ристомицин,
новобиоцин), грамм теріс (полимиксин) бактерияларға әсер ететін, сонымен
қатар кең спектрде әсер ететін антибиотиктер (левомицетин, канамицин,
мономицин, гентамицин);
- саңырауқұлаққа қарсы (нистатин, леворин, гризеофульвин);
- ісікке қарсы алты тобы бар: актиномицин, антракциклин,
брунеомицин, блеомициндер, сонымен бірге стоталон және эленин сияқты
интерферондар.

Химиялық құрылысы бойынша:
-Ациклды (нистатин, кандицин);
-Гетероциклды (гризеофульвин);
-Макроциклды (макролидаза, эритромицин);
-Ароматты (гигромицин);
-Аминогликозидті
-Полипептазалар (грамицидин, полимексин);
-Пенициллин
-Актиномицин
-Стрептомицин .

Молекулярлық механизмі бойынша:
-Бактерияның клетка қабығына әсер ететін
-Белок синтезін бұзатын
-Белок синтезі және генетикалық кодтың тәртібін бұзатын
-Нуклеин қышқылының синтезін бұзатын
-ЦПМ бұзатын

Қазіргі таңда 6000 антибиотик сипатталды. Алайда белгілі
антибиотиктердің 2-3% ғана практикада қолданылады. Қалғандары улы әсерінен
және басқа себептерге байланысты қолданылмайды. Шығарылатын
антибиотиктердің көп бөлігін пенициллин, цефалоспориндер, тетрациклин,
эритрин, стрептомицин құрайды.
Антибиотиктерді ұзақ мерзімде қолдану осы препаратқа тұрақты
патогенді организмдердің дамуына алып келеді. Сондықтан антибиотиктердің
бір түрін екінші түрімен алмастырып отыру қажет. Ол үшін антибиотиктердің
продуценті болып табылатын микроорганизмдерді табу керек.
Антибиотиктерді табудың негізгі этаптары:
-Топырақтан микроб антагонистерді анықтау;
-Антагонистік спектрін және белсенділігін анықтау;
-Продуценттерін культивирлеу үшін жағдай жасау;
-Антибиотиктерді анықтау және химиялық тазалау;
-Физико химиялық және фармакологиялық қасиеттерін анықтау;
-Химия терапевтикалық әсерін бақылау;
-Идентификациялау.
С.Ваксман мен М.Лешевалье 1962ж былай деп жазды антибиотиктер
қоректік орта жағдайында микроорганизмдердің таза культураларынан
түзіледі,бірақ олар топырақтан табылмайды.

Антибиотиктердің негізгі продуценті – микроорганизмдерді анықтау.
Антибиотиктердің негізгі продуценті актиномицеттер,
саңырауқұлақтар, бактериялар болып табылады. Олардың тіршілік ететін
негізгі жері топырақ. Антибиотик түзетін микроорганизмдерді анықтау үшін,
топырақтың үлгісін алып, оны құрғақ қылып кептіріп, қоректік ортаға себеді.
Антибиотиктердің негізгі продуценті актиномицеттерді анықтау үшін,
көміртегінің көзі болатын крахмал немесе глицерин қосатын синтетикалық
қоректік орталарды пайдаланады. Азоттың көзі ретінде ортаға нитрат тұздарын
қосады. Мұндай орталарда бактериялардың өсуі тездейді, ал саңырауқұлақтар
аз мөлшерде дамиды. Олар жақсы өсу үшін, ортаны қышқылдандырады. Сонымен
қатар Чапек қоректік ортасын қолдануға да болады.
Анықталған антагонист микроорганизмдердің культураларын ондағы
антибиотиктік заттардың құрамымен зерттейді. Храмотография әдісімен
белгілі антибиотиктердің бар жоғын зерттейді. Егер жаңа антибиотик тапса,
алдымен бірінші реттік анықтау және химиялық тазалау жүргізеді, оның улы
және химия терапевтикалық әсерін әр түрлі аурулардың қоздырғыштарымен
жараланған жануарлар арқылы анықтайды.
Анықталған антибиотиктердің штамм продуценттері тұрақты емес.
Сондықтан сұрыптау әдісімен перспективалы штамды таңдайды, содан соң
индуцирленген мутанттарға талдау жүргізеді. Микроорганизмге мутантты әсер
ету әр түрлі сәуле энергияларын (УФ сәуле, рентген сәулесі, нейтрон)
қолдану арқылы болады.
Мутантты штамдарды бай қоректік ортада культивирлейді.
Процесті биомассаның концентрациясы бойынша немесе ортадағы қоректік
заттардың концентрациясы бойынша бақылайды.
Антибиотик молекуласының биосинтезі әр түрлі ферменттердің қатысуы
арқылы жүреді. Ферменттердің әрекет ету координациясы, яғни ферменттік
реакциялардың дұрыс жүзеге асуы әр түрлі болады.
Микроорганизмдердің (антибиотик продуценттері) даму процесінің
ережесі бойынша екі фазалық сипаты бар.
Бірінші даму фазасы (трофофаза немесе өсудің теңдестіру фазасы)
былайша сипатталады: антибиотик продуцентінің культурасында (дақылында)
биомасса мөлшерінің көбеюі болады. Ол негізгі субстрат компоненттерін
(көміртегі, азот, фосфор және т.б. көздері) қолдану арқылы жүреді. Ортаның
рН көрсеткіші төмендетіледі, нәтижесінде қышқыл заттар түзіледі.
Екінші фаза (идиофаза – өсудің теңдестіру емес фазасы) барлық
биомасса мөлшерінің төмендеуімен сипатталады. Екінші фаза кезінде
микроорганизмдердің өсуі байқалады және жаңа клеткалар түзіледі, бірақ
дақылда жалпы биомасса мөлшерін төмендетуге әкелетін автолитикалық
процесстердің басым болуы басталады. Орта зат алмасу өнімдеріне және
клетканың автолиз өнімдеріне байланысты түседі, рН мәні өседі,
антибиотиктің биосинтез процесі қарқынды болады.
Антибиотиктерді дайындау аяқталған соң оларды тест-штаммдарға
қарым-қатынас белсенділігін тексереді.
Микроорганизмдердің өлуі немесе өсуін тоқтатуы және даму
қабілеттілігін препараттың биологиялық активтілігі деп атайды. Осылармен
байланыстыра отырып заттың цидтік және статикалық әрекетін ажыратады.
Мәселен, антибиотиктер фунгицидтік, бактериоцидтік немесе фунгистатикалық
және бактериостатикалық іс-әрекеттерге ие болады.
Антибиотиктің активтілік мөлшерін анықтау үшін әрекет бірлік
(ӘБ) түсінігі енгізілген. Бөлінген антибиотиктің активтілігін анықтауда
әдетте үлгі ретінде алдын ала активтілік мөлшері белгілі таза химиялық
препарат пайдаланылады.
ӘБ – анықталатын антибиотиктің салмақтық мөлшерінің активтілігі.
Эталон ретінде қабылданған.
Сондай-ақ пенициллиннің ӘБ – бұл 50 мл қоректік сорпада алтын
түстес стафилококк тест-штамдарының дамуына әсер ететін минимальді дозасы
болып саналады. Егер таза кристалды пенициллин алтын түсті стафилококты
1:83000000 бөліністе дамуын кідіртетін болса, онда 1 г антибиотикте 1666000
ӘБ болады. (83000000:50=1666000) немесе 1666 ӘБ 1 мг болады.
Антибиотиктің активтілігін анықтау үшін оларды сұйық немесе тығыз
қоректік ортаға сериялап бөлу әдісін жүргізеді, сондай-ақ антибиотиктердің
агардағы диффузия әдісін қолданады.
Бақылаудың микробиологиялық әдісінен басқа химиялық және физико-
химиялық әдістер қолданылады: колориметрия, хроматография,
спектрофотометрия.

Гентамицин сульфатының өнеркәсіптік өндірісі.
Гентамицин сульфат – аминогликозид тобына жататын антибиотик,
Micromonospora purpurea дақылдарынан түзілген гентамицин сульфаттарының
қоспасы болып табылады.
Гентамицин грам оң және грам теріс бактериялардың өсуін тежейді,
соның ішінде Proteus, Pseudomonas, саңырауқұлақтарға әсер етпейді.
Гентамицин сульфатын әр түрге инфекциялық ауруларға қолданады,
микроорганизмдер оларға сезімтал болады. Препарат негізінен зәр шығару
жолдарының, респираторлы және асқазан-ішек аураларының инфекциясына әсері
болады. Әрекет етуінің ауқымды спектірімен байланысында гентамицинді әдетте
аралас инфекцияларға белгілейді, яғни қоздырғышы анықталмаған жағдайда.
Гентамицин сульфатты алудың қазіргі күнгі өндірісі – ол қиын
көпсатылы жүйе. Олар кезекті технологиялық сатылар ретінен тұрады.
Гентамицин сульфаттың массасы көлемді және ақ түсті ұнтақ күйінде
болады. Гигроскопиялы суда оңай ериді, 95%-дық спиртте, хлороформда, эфирде
ерімейді.
Егу материалын дайындау.
Өнеркәсіпте гентамициннің негізгі дақылы штамы ВНИИ-7R болып
табылады, олар пробиркада агарлы Гаузе-1 ортада өсіріледі.
Егу материалын дайындау гентамицинді алудағы биотехнологиялық
процестердің ішіндегі жауапты операциялардың бірі. Егу материалының мөлшері
мен сапасына дақылдардың биореакторда дамуы, сондай-ақ гентамициннің
биосинтезі жүзеге асады.

Гентамицин сульфатының алыну жобасы

Екінші генерацияның вегетативтік егу материалын алу үшін бірінші
генерацияның вегетативтік егу материалын қолданады. Ол төменгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Микроорганизмдер - антибиотиктердің продуценттері
Антибиотиктердің продуценттері сіке - қышқылды, тиолды
Антибиотиктердің негізгі механизмі мен әсер ету сипаты
Антибиотиктерді алу тәсілдері
Антибиотиктерді анықтау тәсілдері
Тетрациклиндер тобының антибиотиктері
Антибиотиктердің медицинада қолданылуы
Антибиотиктердің қосымша әсерлері
Антиботиктердің тиімді әсері
Нуклеин қышқылдарының түзілуін тежейтін антибиотиктер
Пәндер