Қазақстан Республикасының дiни экстремизiммен күресi


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Реферат

Орындаған

Мамандығы-___

Тобы

Тексерген

Алматы 2005

Жоспар

Кiрiспе . 3бет

Бүгiнгi таңдағы дiни экстремизм . . 4бет

Экстремизмге қарсы әрекет . . . 8бет

Қорытынды . 11бет

Пайдаланған әдебиеттер тiзiмi. . 12бет

Кiрiспе

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының дiни экстремизiммен күресi.

Тақырыптың өзектiлiгi: Терроризмнiң, сепаратизмнiң және экстремизмнiң проблемасы Қазақстанда да бар. Қазақстанда дiни экстремизм- үлкен аяда көрiнiс таба қоймаған құбылыс, бiрақ конфессиялық тұрақсыздық процесiбiзде де төбе көрсетуi мүмкiн-ау деген қауiп бар. Қазiрдiң өзiнде Орта-Азиялық аймаққа халықаралық экстремисттiк топтар ықпалының тарай бастауы бiздiң аймақ үшiн де айқын қатер болып отыр.

Сондай-ақ Қазақстандағы дiни экстремизм қауiпi жай ғана болжам еместiгi бар. Негiзгi қауiп, ең алдымен, шырқы бұзылған сырттың әсерiнен болуы және ондай қауiп нақты тұлға танытып, экстремизм элементтерi қазiрдiң өзiнде бой көрсетiп отыр.

Тақырыбтың мақсаты: Реферат тақырыбы Қазақстан республикасының дiни экстремизммен күресi болғандықтан осы мәселенi шешу басты мақсат болып отыр. Қандай шаралар, әрекет қолданылып жатқаны басты мәселе болып отыр.

Қазақстан Республикасының дiни экстремизiммен күресi

1. Бүгiнгi таңдағы дiни экстремизм

Экстремизм дегенiмiз соғыс. Әлемнiң көптеген бөлiктерiнде, әсiресе, Еуразияның азиялық бөлiгiнде дiни экстремизмнiң күшейе түсуi, әр қилы себептерге орай туындауы мен мүмкiн болатын салдары тұрғысынан да, әрi ескерту саясаты мен ауыздықтау әрекеттерiнiң түрлерi тұрғысынан да, бұл құбылысқа бiздi ыждағатпен қарауға мәжбүр етедi.

Қазақстанда дiни экстремизм - үлкен аяда көрiнiс таба қоймаған құбылыс, алайда түбiнде, конфессиялық тұрақсыздық процесi бiзде де төбе көрсетуi мүмкiн деген қауiп белгiлi дәрежеде бар. Әрине мұндай қуатты қауiп-қатер, оны дер кезiнде сезiнбеген немесе алдын алмаған жағдайда төбе көрсетпек.

Дiни экстремизмнiң бiздiң аумақта көрiнiс табу қаупi, демократия мен азаматтық қоғам жолымен жүрiп келе жатқан зайырлы мемлекет ретiнде, бiздiң ұлттық және мемлекеттiк қауiпсiздiгiмiз мифтiк үрейi болудан әлдеқашан шығып кеткен.

Демек бiздiң көпұлтты және көп конфессиялы қоғамымызда конфессиялық экстремизмнiң төбе көрсету мүмкiндiгiне үстiрт қарауға тiптi де болмайды, ол мейлiнше қауiптi.

Экстремисттер әрекетi көбiнесе дүниежүзiндегi бiраз елдердегi қоғамдық ұйымдар мен қорлардың жан-жақты қаржылық қолдауының арқасында бой көрсетiп отырғанын мойындау лазым.

Экстремисттiк топтардың кадрлық құрылымына келетiн болсақ, олардың қатарының едәуiр толығуына Ауғаныстандағы көпжылдық азамат соғысы дем бердi. Әр түрлi мемлекеттерде ауғандық моджахедтерге қаржылық, техникалық және кадрлық көмек көрсеткен экстремисттiк ұйымдар құрылды.

Қазiргi экстремисттiк ұйымдар тарапынан төнген қауiп-қатер олардың бар болуымен шектеледi деп есептеуге болмайды.

Экстремист атаулы үшiн террор олардың барлық проблемаларын шешетiн әмбебап iшiрткi болып табылады. Көп жағдайда террористтердiң өздерi террорлық актiлердiң ақыры неге апаратынын айқын бiле бермейдi, алайда оның есесiне террорлық әрекеттiң жағдады тұрақсыздандыратынын, агрессиялық жауап қайтаруға арандататынын, қоғамда наразылық сезiмдерiн оятатынын, одан әрi ақыл-ойды жайлап алу үшiн қолайлы орта қалыптастыратындай кстремисттiк топтардың билiктi басып алуын немесе белгiлi бiр талаптарын орындату мақсатында қысым жасауын, сонан соң қалай болғанда да, қоғамдық хаос пен азаматтық бей-берекеттiкке ұрындыратынын олар жақсы бiлiп алған.

Қазiрдiң өзiнде Орталық-Азиялық аймаққа халықаралық экстремисттiк және террористтiк топтар ықпалының тарай бастауы бiздiң аймақ үшiн де айқын қауi-қатер болып отыр. Соңғы кездерi Орталық Азия республикаларында, осы елдердiң саяси тұрақтылығын бұзуға қауiп төндiретiн үгiт-насихат тактикасы халықаралық террористтiк ұйымдар тарапынан мейлiнше қарқын алып отырғанын байқамауға болмайды.

Сонымен экстремисттер әрекетiнiң белсендiлiгi де, қазiргi саяси режимдердi күштеп өзгерту идеясын ту етушiлер мен аймақта күш көрсетпеу принципiн, конфессияаралық келiсiмдi және саяси тұрақтылықты қолдайтындар арасындағы сан сапалақ қарулы қақтығыстар да, бұл өңiрде қоғамның жалпы тұрақсыздануына ұласып кететiн iшкi де, сыртқы да алғышарттардың бар екенiн айқын айғақтай түседi.

Ел iшiнде экстремизмнiң айтарлықтай бұқаралық сипат алуына саяси ерiк-жiгер ережелердi ғана тосқауыл емес, сонымен бiрге, ең алдымен, Қазақстанның тұрғылықты этносының табиғатындағы конфессиялық дiни кеңшiлiгi де себептiң зоры.

Бұл тұрғыдан келгенде, Қазақстан формалды тұрғыда ғана зайырлы мемлекет емес, сонымен бiрге iс-жүзiнде Қазақстан халқының төл табиғаты мен рухы, сана-сезiмi дiнге деген тарихи кеңшiлiкте қалыптасқан. Сонымен қазiргi терроризм ұйымдастырылған құрылымы бар, өзiнiң қаржы жүйесi бар және бiр қарағанда мiндетi мен мақсаты мүлде басқаша болып көрiнетiн, көптеген террористiк ұйымдардың қызметiн үйлестiрiп отыратын эксаумақтық штаб-пәтерi бар бұқаралық сипат алып отыр. Сондай-ақ бiз қазiргi террорирзм мен экстремизмнiң халықаралық, интернационалдық сипат алып отырғанын мойындар болсақ, онда бiз әлемдiк қауымдастықтың аймақтық және ғаламдық қауiпсiздiгiне қатер төндiрiп отырған осы құбылыспен күресте тек қана халықаралық үйлестiрiмнiң де тиiмдiлiгiн мойындауға тиiспiз.

Өңiрдегi республикалардың бәрi де тәуелсiз және дербес мемлекет болған кезеңнiң ұзына бойында экстремизм мен терроризм көрiнiстерiн сөз етiп келедi.

Мұндай ахуал белгiлi бiр жалқы себептер мен жалғыз фактордың әсерiнен қалыптасып отырған жоқ, керiсiнше өңiрдiң жалпы террористтiк ахуалына әрқайсысы өзiнiң жағымсыз үлесiн жүктейтiн тұтас проблемалар шоғырын көлденең тартып отыр. Бұл мәселелер белгiлi және олардың басым көпшiлiгi күн сайын әр түрлi дерек көздерiнен алынып, белгiлi бiр ақпарат аясын айқындай ды атап айтқанда: шекараның ашықтығы, дiни экстремизмнiң таралу факторы, мемлекетаралық қайшылықтардың болуы және т. б.

Осы сияқты, шешiмi табылмаған мәселелер Орталық Азия аймағында толық негiзiнде террористiк немесе экстремисттiк деп атауға болатын, берi қойғанда, үш ұйымның пайда болуына алып келiп отыр. Бұлардың бiрiншiсi- Өзбекстандағы Ислам қозғалысы, олардың көздеген мақсата Өзбекстандағы билеушi тәртiптi құлату және дiни үлгiдегi мемлекеттiлiктi орнату. Қалған екi ұйым Шынжаң- Ұйғыр автономиялық округiндегi сеператисттiк пиғылдардың салдары болып табылыды. Олар “Шығыс Түркiстандағы Халықаралық Азаттық Комитетi” мен “Ұйғырстанның азаттағы үшiн Ұйымы ”. Соңғы екi ұйымның төбе көрсетуi бiздiң Қазақстанның аумағында да байқалады.

Сонымен бiрге, қазiрге дейiн экстремизм мен терроризмнiң анық-қанық көрiнiс табуына орайын келтiртпей отырған себеп- Қазақстандағы тұрақтылықтың тегеурiнi, мұның өзi бүгiнгi статус-квоны сақтап қалудың өзiндiк қалқаны болып отыр. Ең соңында, қазақстандық көп реңктi конфессионализм мен ұлтаралық келiсiм ахуалы да дiни экстремизм мен сепаратизмнiң қанат жаюына белгiлi дәрежеде тосқауыл болуда. Бұл тұрғыдан келгенде, “әр алуандықтың бiрлiгi” формуласы түрiнде нақтылы көрiнiс тапқан ахуал нақтылы iске мұрындық болуда.

Дiни қауымның белгiлi бiр бөлiгi дiни төзiмсiздiк идеясын ту ететiн шет елдегi ислам орталықтары миссионерлерiнiң ықпалына iлiгедi. Мұндай ахуал бiздiң елдiң оңтүстiк өңiрiнен айрықша байқалып отыр. Мәселен, Оңтүстiк Қазақстан және Жамбыл облыстарының аумақтарында астыртын ұйым құрған шетелдiк “Таблиғи Жамағат” радикалды қозғалысының үгiт-насихат әрекеттерi анықталған. Сондай-ақ “Хиз ут- Тахрир”ұйымы да белсендiлiк танытты.

2. Экстремизмге қарсы әрекет

Қазақстандағы дiни экстремизм қауiптi жай ғана болжал еместiгi тағы бар. Негiзгi қауiп, ең алдымен, шырқы бұзылған сырттың әсерiнен болуы және ондай қауiп нақты тұлға танытып, экстремизм элементтерi қазiрдiң өзiнде бой көрсетiп отырған Еуразияның төңiрегiмiздегi аймақтарынан бастау алуы мүмкiн.

Дiни экстремизмге қарсы әрекетке әрi осы құбылыспен ашық күреске тiкелей қатысы бар шаралардың жүйесi ретiнде қарау керек, әрi конфессияаралық келiсiм мен ұлтаралық орнықтылық режимiн ширату жолындағы тiкелей емес, жанама шаралар ретiнде қараған жөн. Негiзгi назарды күш көрсетуге емес, қарсы әрекет ету жолындағы алдын алу шараларына аударған абзал. Сондай-ақ осынау негiзiнен күш көрсетпейтiн күрестiң басты құралы ретiнде ақпараттық саясат қызмет көрсетуге тиiс. Әрине бұл ретте экстремизммен тiкелей күрес үлгiсiн де естен шығаруға болмайды. Бұл мәселе, ең алдымен, тек қана идеологиялық диверсия арқылы емес, сонымен бiрге экстремисттер мен терроршылар тобынан тiкелей қарулы агрессиясының нәтижесiнде шырқы бұзылуы мүмкiн антитеррорлық бекiнiс белдеуiне тiкелей қатысты.

Ең соңында, дiни ұйымдар мен қайырымдылық қорлардың қызметiн тексерiп отыруға және экстремисттiк топтардың бой көрсетуiнiң алдын алуға бағытталған, полицейлiк бақылау шараларын қолдану арқылы жүргiзiлетiн “дәстүрлi профилактика ” одан әрi жалғасын табуға тиiс. Әрине негiзгi назар экстремисттердiң аймақмақтық және халықаралық қозғалысымен күреске аударылуы керек.

Қазақстанға келетiн экстремизм импортына қарсы әрекет ету жолында шетелдiк дiни уағызшылырдың миссионерлiк қызметтерiн заң жүзiнде реттеп отырудың мейлiнше маңызды қажеттiлiгi туындайды. Мұның өзi әсiрсе, дiни әдебиеттердi анағұрлым анық та сауатты шығару жұмыстарын билiктiлiкпен сараптап отыруға тiкелей қатысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының кеден органдары
Шанхай ынтымақтастық Ұйымы
Қазақ күресі
ХХ ғасыр Қазақстандағы саяси – құқықтық ойлар
Мемлекеттің негізі
Бірінші ширегіндегі Қазақстандағы саяси - құқықтық көзқарастар
Құқықтық нигилизм туралы мағлұмат
Зорастризмнің пайда болу тарихы
Қазақ күресінің түрлері
МЕМЛЕКЕТТІҢ ПАЙДА БОЛУ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz