Жасөспірімдер қылмысы



Ақтау қаласында жастар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс соңғы айларда 200 пайызға өсіп кеткен. Мәселен, былтырғы жылдың бірінші тоқсанында жастар қылмысы бойынша 13 факт тіркелген болса, биылға осы мерзім ішінде 39 қылмыс болып отыр. Прокуратура қызметкерлері мұның себебін мектептердегі мұғалімдердің оқу-тәрбие жұмысының босаңдығынан және инспекторлардың қадағаламауынан болып отыр деп кінәлайды. Білім департаменті басшылығы, керісінше, құқық қорғау орындары білім ордаларына келіп, қылмыстың алдын алу шараларын жүргізбейтіндігін айтады. Сондай-ақ облыстық білім департаменті жасөспірімдер арасында төбелес, бұзақылықтарды ұйымдастыратын белгілі бір қылмыстық топты әшкерелеуге тиісті орындар көз жұмып қарап отырғанын айтады.
Сондай-ақ прокуратура қызметкерінің айтуынша, осыдан бірнеше жыл бұрын қаладағы мектепке енгізілген жасөспірімдер ісі жөніндегі 30 шақты инспекторлар жұмысы да көңіл көншітерлік емес көрінеді.
– Инспекторлардың жұмысы мүлдем төмен деп айтқым келеді. Қалада жасөспірімдер арасында шағынаудандарға бөлініп алып төбелесу көбейген, – дейді прокуратура қызметкері Алмас Сәрсенбаев.
Прокуратура қызметкерлерінің инспекторлардың атына айтқан сындарын Маңғыстау облыстық білім департаментінің директоры да қостап отыр.
Ал білім департаментінің басшысы Қаныбек Жұмашев жоғарыда айтылған жасөспірімдер қылмысының өсуі негізінен мектептегі оқу-тәрбие жұмысының босаңдығы мен темірдей тәртіптің жоқтығынан деген пікірмен мүлдем келіспейтінін алға тартты.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жасөспірімдер қылмысы

Ақтауда жасөспірімдер қылмысы алаңдатарлық

Ақтау қаласында жастар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс соңғы
айларда 200 пайызға өсіп кеткен. Мәселен, былтырғы жылдың бірінші
тоқсанында жастар қылмысы бойынша 13 факт тіркелген болса, биылға осы
мерзім ішінде 39 қылмыс болып отыр. Прокуратура қызметкерлері мұның себебін
мектептердегі мұғалімдердің оқу-тәрбие жұмысының босаңдығынан және
инспекторлардың қадағаламауынан болып отыр деп кінәлайды. Білім
департаменті басшылығы, керісінше, құқық қорғау орындары білім ордаларына
келіп, қылмыстың алдын алу шараларын жүргізбейтіндігін айтады. Сондай-ақ
облыстық білім департаменті жасөспірімдер арасында төбелес, бұзақылықтарды
ұйымдастыратын белгілі бір қылмыстық топты әшкерелеуге тиісті орындар көз
жұмып қарап отырғанын айтады.
Сондай-ақ прокуратура қызметкерінің айтуынша, осыдан бірнеше жыл бұрын
қаладағы мектепке енгізілген жасөспірімдер ісі жөніндегі 30 шақты
инспекторлар жұмысы да көңіл көншітерлік емес көрінеді.
– Инспекторлардың жұмысы мүлдем төмен деп айтқым келеді. Қалада
жасөспірімдер арасында шағынаудандарға бөлініп алып төбелесу көбейген, –
дейді прокуратура қызметкері Алмас Сәрсенбаев.
Прокуратура қызметкерлерінің инспекторлардың атына айтқан сындарын
Маңғыстау облыстық білім департаментінің директоры да қостап отыр.
Ал білім департаментінің басшысы Қаныбек Жұмашев жоғарыда айтылған
жасөспірімдер қылмысының өсуі негізінен мектептегі оқу-тәрбие жұмысының
босаңдығы мен темірдей тәртіптің жоқтығынан деген пікірмен мүлдем
келіспейтінін алға тартты.
– Барлық құқық бұзушылық саласындағы қылмыстардың бәрін тек осы білім
саласына тіреп немесе мұғалімдердің дұрыс жұмыс жасамай жатқанымен
түсіндіруге болмайды. Бұған біз қарсымыз. Ішкі істер департаменті мен
прокуратура қайда қарап отыр? Ақтау қаласындағы мектептерде құқық қорғау
органдары тарапынан лекция оқу мүлде жоқ деуге болады, – дейді білім
департаментінің директоры Қаныбек Жұмашев. Департамент басшысының айтуынша,
мұғалімдердің сабақ беретін 45 минутының 25 минуты сабақ сұрауға кетсе,
қалған уақыты сабақ түсіндіруге кетсе, басқа шаруамен айналысуға олардың
уақыты болмайтынын айтады. Басшының сөзіне қарағанда, білім департаменті
қарап отырмай, арнайы бағдарламалар жасаған. Сол бағдарлама аясында түрлі
спорттық үйірмелер құрылып, тәрбие сағаттары өтетін көрінеді. Жылына үш рет
оқу айлығы жүргізіліп, соның аясында сабаққа бармай, тәртіп бұзған
оқушыларға әкімшілік шара қолданылады.
Ал инспекторлар жайында Маңғыстау облыстық ІІД қоғамдық қауіпсіздік
басқармасының бастығы Бейбітәлі Төлтаев:
– Кеше алған 30 инспекторды қазір үйретіп жатырмыз. Олар қазір
реттеліп, 1-2 жылда төселіп, өз маманы болып шығады деген ойдамыз. Көбісі
өз ынтасымен жұмыс жасап жатыр. Бірақ бірен-сарандары бар. Үш қызметкердің
мінез-құлқын қарап, органнан шығарып жатырмыз, – дейді.
Балалар қылмысының орын алуына кінәлі тек құқық қорғау органдары мен білім
саласы мамандары ғана емес, оған ата-аналардың да бала тәрбиесіне селқостық
танытуының көп әсері барын айтушылар бар.
Жасөспірімдер тәрбиесіне байланысты пікірін білмек болып, психиатр
Хамиш Хасановты әңгімеге тартқанымызда, ол: Қазір елімізде жастарға
арналған ортақ идеология, салиқалы саясат жоқ. Есесіне, Есірткіге қарсы
күресейік!, Жастар жол қозғалысына абай болайық! деген сияқты тағы басқа
да науқандық, бір күндік ұраншылдық саясат қана бар. Нағыз ұстаздар кешегі
Кеңестер кезеңімен бірге құрдымға кеткен. Анискиндер сынды учаскелік
инспекторлар мүлдем жоқ. Жастар Әлия мен Мәншүкті, Төлеген мен Талғатты
үлгі тұтудың орнына моджахедттерге еліктейді, содырларды үлгі тұтады.
Ђйткені оларды шетелдік электрондық ақпарат құралдары солай тәрбиелеп
жатыр. Бұл біреулер үшін тиімді де. Ал ол енді бөлек әңгіме, – деді.

Жасөспірімдер қылмысы алдын алу шараларын қажет етеді

Бүгінгі таңда жасөспірімдердің қылмыс жасап, теріс жолға түсуін ата-
ананы, білім беру саласы қызметкерлерін ғана емес, жалпы қоғамды, тұтас
ұлтты ойландыратын толғандыратын мәселе.
Себебі, ұлтымыздың, мемлекетіміздің болашағы, тағдыры бүгінгі жастарда,
олар таңдаған өмір жолына тікелей байланысты.
Енді деректер мен дәйектерге көз жүгіртсек, Қызылорда облысы көлемінде
2007 жылы 344 кәмелетке толмағандармен 181 қылмыс жасалған. Оның ішінде 184-
і оқушылар болса, 156-ы еш жерде оқымайды немесе жұмыс істемейді, 4
кәмелетке толмағандардың тұрақты жұмыс орны бар. Ал, қылмыс жасаған
кәмелетке толмағандардың 31-і қыз балалар.
Мысалы, Қызылорда облысы, Арал қаласының тұрғыны 1990 жылы туылған
Г.Тажимбетов спирттік ішімдік ішкен күйінде танысы М.Ужаубаев екеуінің
арасындағы жан-жалды себеп етіп, қолына жерден тас алып, жәбірленушінің бет
тұсынан ұрып құлатып, кеудесінен бірнеше рет ұрып соғады. Мұнымен қоймай,
М.Ужаубаевты үйіне алып бара жатып, жерде жатқан бетон сынығымен бетінен,
басынан бірнеше мәрте ұрып-соғып, қасақана қаза келтірген.
Қызылорда облысы, Арал аудандық соты үкімімен кәмелетке толмаған
Г.Тажимбетов ҚР ҚК-нің 103 бабының 3 бөлігімен кінәлі деп танылып, осы
баппен 7 жылға бас бостандығынан айыруға, жазасын тәрбиелеу колониясының
жалпы режимінде өтеуге сотты болды.
Жасөспірімдерге қарсы жасалған зорлық, ұрлық, алаяқтық, тонау және
бұзақылық қылмыстары тіркеліп отыр. Атап айтсақ, 2007 жылы жасөспірімдерге
қарсы жасалған 223 қылмыстың 66-ы онша ауыр емес, 98-і орташа ауырлықтағы,
52-і ауыр және 7-і аса ауыр қылмыстар санатына жатады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 17 бабында Адамның қадір-
қасиетіне қол сұғылмайды. Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға,
басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір
көрсетуге не жазалауға болмайды деп айқын жазылған.
Өкінішке орай, жасөспірімдер құқығын қорғайтын азаматтардың өздері де
олардың адамдық қадір-қасиетін қатыгездікпен, дөрекілікпен қорлап, құқығын
бұзу фактілері орын алуда.
Мысалы, Жаңақорған ауданы, Сүттіқұдық ауылындағы №52 қазақ орта
мектебінің мұғалімі А.Сәрсенбаев қызмет уақытында тәрбие беруді тиісті
дәрежеде орындамай, осы мектептің 9 Б сынып оқушысы Н.Ә-ні сабақта
шуладың-деп, басынан орындықпен ұрып, дене жарақатын салған.
Қылмыстық оқиға бойынша Жаңақорған аудандық ішкі істер бөлімімен
А.Сәрсенбаевқа қарсы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 137
бабымен қылмыстық іс қозғалып, сотқа жолданды.
Өткен жылы тамыз айында Төреңөзек кентінде өтетін волейболдың ашық
біріншілігіне Арал қаласынан да оқушы қыздар командасы келеді. Өкінішке
орай, бұл олардың мектеп қабырғасындағы мен өміріндегі ең соңғы жарысы еді.
Ойын аяқталған соң оқушы қыздар, оның ішінде 12 жасар А.Темірбаеваны
жаттықтырушы мұғалімі Е.Айекешов үйіне қайтарған. Ал, негізінде сол
жасөспірімдердің денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету ұстаздың
міндеті еді. Сол күні үлкендердің қадағалауысынсыз қалып, ағып жатқан
Әйтек каналына түскен төрт жеткіншек қыз суға тұншығып, қайтыс болады.
Сот залында сотталушы Ғ.Айекешов қыздарға сенім білдіріп, ешқайда
бұрылмай, үйге баруларын тапсырғандығын айтады. Бұл қайғылы оқиғаға
өкінетінін айтып, балаларынан айырылған ата-аналарынан кешірім сұрайды.
Орны толмас қайғы-қасіретке душар болған ата-ана кешірім берер, бірақ...
Сөйтіп, Е.Айекешов Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 138
бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танылып, оны 1 жылға дейін жаттықтырушы
қызметімен айналысуға құқығынан айырып, 3 жыл бас бостандығынан айыруға,
Қылмыстық кодекстің 63 бабын қолданып, бұл жазаны шартты деп санап, 1 жылға
дейін сынақ мерзіміне сотталды.
Жалпы, қоғамдағы кәмелетке толмағандарға қарсы және жасөспірімдермен
жасалатын қылмыстың әрі қарай өршіп-өсуіне бүгіннен бастап тосқауыл қойылуы
қажет. Мезгіл мәселесіне айналған жеткіншектер тәрбиесі тек қана құқық
қорғау органдары қызметкерлерінің ғана емес, елінің ертеңгі болашағын
ойлайтын әрбір азаматтың көкейінде болғаны абзал еді.

Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс артып келеді

Соңғы кездері елімізде орын алып жатқан қылмыстардың елеулі бөлігі
жасөспірімдер үлесінде екенін статистика жоққа шығарылмайды, ол тұралы
ақпарат құралдары да жазуда.
Алайда нәтиже ала-құла.
Қоғамды ізгілендіреміз деп жүргенде Жасөспірімдердін қылмысқа бой ұра
бастауы қоғамға да әрбір ата-анаға өкініш келтіріп қана қоймай, орын алған
қылмыс зардабы ауыр аяқталған жағдайда орын толмас қайғы-касіретке әкеліп
соқтыратыны мәлім.
Елбасымыз халыққа Жолдауында таяудағы он жылда Қазақстанды әлемдегі
бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосу міндетін қойды. Бұл міндеттің
аясына еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси жаңғыруын одан әрі
жетілдіру, мәдениет пен спорттағы бәсекелестік, тіл мен діл мәселелері
толық сыйып тұр.
Арнайы статистика мен арнайы жүргізілген анализге сүйенсек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасөспірім және Заң
Кәмілетке толмағандардын қылмыстық жауаптылығы
Қазақстан Республикасында қылмыстық құқығы бойынша кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі
Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан босату
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық әрекеттерге араласуы
Жасөспірімдердің және әйелдердің қылмыстық әрекеті
Бас бостандығынан айырылған құқықбұзушы жастардың қылмыстық жауапкершілігі
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығына жалпы сипаттама.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының негізгі себептері
Пәндер