Қазақстанның саяси-экономикалық жағдайы туралы


Қазақстанның саяси-экономикалық жағдайы
Қазақ халқының елдігі жолындағы күрес барысында, 17 ғ. 2 ж. бастап қазақ хандары Ресей мемлекетімен байланыс жасауға көңіл бөле түсті. Орыс мемлекетінің қазақ хандығымен сауда және елшілік байланыстары Қазан (1552 ж. ) және Астрахань (1556 ж. ) хандықтарының Ресейге қосылып, оның Жайық пен Еділ аралығындағы даланы алып жатқан Ноғай Ордасына саяси үстемдігін орнатқаннан кейін ұлғайды. Еділ бойындағы халықтардың орыс мемлекеті құрамына кіруі, оның шекарасын қазақ жерімен жақындатты. Ресей мен Қазақ хандығының арасындағы саяси байланыстардың дамуы Тәуекел хан елшілігінен басталды. 1594 жылдың аяғында Ресеймен достық келісім жасау үшін Мәскеуге қазақ елшісі Құлмұхаммед жіберілді. Тәуекел орыс патшасымен "достық пен ынтымақ" жасауға асықты. Өйткені Бұхара ханы Абдулламен уақытша бітім жасап, ноғайлармен арадағы қатынас шиеленісіп тұрған болатын. Елшілік мақсаты Мәскеуде аманат ретінде ұсталып отырған ханның жиені Оразмұхамедті босату және Борис Годуновтан "отты қару" алу болатын. Орыс патшасы тек уәде берді.
16 ғасырдың соңында Ресей мен қазақ хандығының арасында елшіліктер алмасу күшейді. Мұның өзі Батыс Сібірді игеру, Түмен, Тобыл, Тараз қалаларының өсуі қазақ даласы арқылы Орта Азиямен сауданың күшеюіне байланысты еді. 17 ғ. басында Батыс Қазақстанда Орыс мемлекетімен шекаралас өңірлерде орыс қоныстары пайда болды.
Ресей мен Қазақ хандығының жақындасуы жоңғарлар шабуылынан да туындайды. Бұл кезде Қазақ хандығының Бұхара, Хиуамен қатынастары да ауыр болды. Еділ өзені бойындағы қалмақтар, башқұрттар тыным бермеді. Осындай күрделі мәселелерді Ресей арқылы шешуге болатын еді.
Қазақ даласы Ресейді Шығыс мемлекетерімен жалғайтын көпір іспетті еді. Ол арқылы Еуропа елдерімен, Шығыспен байланыс орнатуға болатын.
Петр 1 алдымен ол үшін Қазақстан мен Орта Азияны Ресейге қосу керек деп санады. Осы мақсатта қазақ жеріне бірнеше эспедиция жіберілді. Солардың бірі 1718 жылы Семей қамалының, 1720 жылы И. М. Лихарев экспедициясы Үлбі өзенінің Ертіске құятын жерінде Өскемен бекінісінің негізін салды.
18 ғ. бас кезінде қазақ хандары Ресейге елші жіберді. 1730 жылы 8 қыркүйекте Уфаға Әбілхайырдың Сейітқұл Қойдағұлов пен Құлымбет Қоштаев бастапан елшілігі келді. 1731 жылы 19 ақпанда Анна Әбілхайыр ханға грамота жіберді. Оны қазақтарға жеткізу үшін 1731 жылдың 30 сәуірінде Кіші жүзге А. И. Тевкелеу бастапан елшілік келді. Олармен бірге Петроградқа жіберілген қазақ елшілері де келді. Сонымен 1731 жылы 10-қазанда болған қазақ құрылтайында Кіші жүздің Ресейге бодандығы туралы шешім қабылданды. Осыдан кейін 1731 жылы 15 желтоқсанда Тевкелеупен келіссөз жүргізген Орта жүз ханы Сәмеке Ресейге қосылу туралы ұсыныс білдірді. Бірақ, бұл шарт тек 1734 жылдан кейін жүзеге асырыла бастады.
Ресей патшасының Кіші жүзді қол астына алғанын естіп, Ұлы жүз атынан Қодар би, Төле би, Бөлек батыр Аннаға хат жазып, Ұлы Жүзді де өз қол астына қабылдау жөнінде өтініш жасады. Бұл хатты Питерге хангелді батыр жеткізді.
1734 жылы 10 тамызда Ресей патшасы Ұлы Жүзді Ресей құрамына қабылдау туралы өтінішке қол қойды.
1734 жылы 10 маусымда Анна Ивановна Әбілхайырға Ор өзені сапасынан бекініс салу қажеттігі жөнінде хат жолдап, қала салынатын жерге И. К. Кириллов пен И. И. Тевкелеуті жіберді.
Қазақ даласындағы өзендердің бойына бекініс қамалдар салынды. Сол тұста Жайық бойына 14 қамал салынды. 18 ғ. 50-ж-да Ертіс өзені жағасына Омбы, Железинск, Семей, Өскемен, Ямышев сияқты қамалдар салынды.
Ертіс, Тобыл, Есіл, Үй өзендері бойындағы құнарлы жерлерінен айрылған оңтүстікке қарай ығысқан Орта жүз қазақтары Бұқара мен Ташкент маңына қоныстануға мәжбүр болды.
1740 жылы Орынбор экспедициясы бастығы генерал-лейтенант князь В. А. Урусов Орынборға елшілік тапсырмамен келді. 19 тамыз бен 1 қыркүйек аралыпында Нұралы, Ералы сұлтандармен, Жәнібек, Бөкенбай, Есет батырлармен, кейінірек Орта Жүз ханы Әбілмәмбет және Абылай сұлтанмен келіссөз жүргізді. Оның барысында Кіші Жүз бен Орта Жүздің 399 өкілі Ресейге қарайтындығы жөніндегі шартқа қол қойды. Алайда осы шарттан кейін де Ресейге Кіші Жүздің біраз бөлігі, Орта Жүздің азы ғана қосылды. Ал солтүстік-шығыс және орталық Қазақстанның негізгі аймақтары Ресей құрамына тек 19 ғасырдың 20-40 жж., патшаның әскери-саяси күш көрсету нәтижесінде қосылды.
Қазақ даласында патша үкіметінің отарлау саясаты үш бағытта; 1) гарнизондар мен күшейтілген бекіністі әскери шептер құрылысын тездетіп салу және тұрақты казак-орыс (Орынбор, Жайық, Батыс-Сібір, кейін Жетісу) мекендерін құру жолымен, 2) саяси әкімшілік реформалар жасау, сыртқы округтер мен приказдарды одан әрі құру, басқарудың дистанциялық жұмыс түрін енгізу жолымен, 3) қазақ даласын өзіне қосу, ал Орта Азия мем-мен сауда- саттықты кеңейту жолымен жүргізілді.
Осымен қатар Ресей 19 ғ. 40-ж. Хиуа хандығына шабуыл жасады. Хиуа хандығы бұл кезде Мервті басып алып, өз билігін Атырау бойындағы түркімендердің бір бөлігіне, Үстірт пен Сыр қазақтарына жүргізіп тұрған болатын. Бірақ, В. А. Перовский басшылық еткен 1839-1840 жж. Хиуаға қарсы жорық сәтсіз аяқталды. Сонымен бірге бұл кезде Ауған, Иран, Қытайдың батысына, Бұқарада, хиуада, Қоқанда, Қазақстанның оңтүстігінде ағылшындар билігі әрекеті басталды. 1839 жылы ағылшындар ауғанстанға басып кірді.
хиуа мен Қоқан билігіндегі қазақтар үнемі көтерілді. 1821 жылы Тентектөре басқарған көтеріліске Түркістан, Шымкент, Әулиеата маңы қазақтары шықты. Көтерілісшілер Сайрам қаласын шабуылмен алды.
19 ғ. басында хиуа мен Қоқан хандары оңт. Қаз-н мен Қырғызстан ды бағындыруды ойлады. Ал оңтүстік қазақтары Ресейге қосылуға ұмтылды. Сөйтіп 1818 жылы Ұлы Жүз Ресеймен келіссөз жүргізді. 1819 ж. 18 қаңтарда Сүйін Абылайханов сұлтан өзіне қараған 55462 адаммен Ресейге адал болатыны туралы ант берді. 1824 жылы 1 Александр Ұлы Жүздің Жетісуда көшіп қонып жүрген 14 сұлтанын Ресейге бағыну туралы куәлікке қол қойды. 1830 ж. патша үкіметі Орта жүз облыстарының халқынан (25400 үй, 80481 ер адам) ант қабылдады. 1845-1847 жж. Ұлы жүз рулары (оңтүстікте көшіп жүрген, Қоқан хандығына бағынатындарынан басқалары) Ресейге қарады. Сөйтіп, 19 ғ. алғ. Жартысында, 1847 жылы Орта Жүз қазақтарының басым көпшілігі орысқа қарады да, Қаз-ң Ресеймен бірігу процесі аяқталуға жақындады.
Орта және Ұлы Жүздердің қосылған территорияларында Ақтау, Алатау, Қапал, Сергиополь, Лепсі, Верный бекіністері салынды. Бұл бекіністер Ресейдің Іле өзенінң арғы бетіндегі (Заилиск) билігін нығайтуға арналған тірек пункттер болды. 20-40 жж. Қарқаралы, Көкшетау, Аягөз, Ақмола, Баянауыл, Аманқарағай округтерін құру аяқталды. Ұлы Жүздің қосылған аудандарын басқару үшін 1848 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторына бағынатын үлкен Орданың приставы лауазымы белгіленді.
Патша үкіметі отарлауды жүргізу үшін әскери бекіністер сала бастады. Оларды тұрақтандыру үшін шекаралық белгілермен бөлді. Біртіндеп бекіністер Орал, Ертіс өзендері бойына орналасты. Бекініс есебінде 1716 ж. Омбы қаласы, 1718 ж. Семей қаласы, 1720 ж. Өскемен қаласы, 1744 ж. Орынбор қаласы, 1752 ж. Петропавл қаласы салынды. Казак бекеттері салынды.
Әскери-әкімшілік отарлау 19 ғ. екінші жартысына дейін жалғасты. 1831 ж. Аягөз өзені жағасында Аягөз бекінісі салынды. 1847 ж. Қапал бекінісі іргетасы қаланды. 1854 ж. Алатау баурайында Верный әскери бекінісі салынды. 1855 ж. Лепсі, Үржар станицалары салынды. Жетісу өлкесінде 1847 жылмен 1867 жыл аралыпында казак-орыстар тұратын 14 станица салынды.
Отарлау саясаты барысында патша үкіметі қазақ жеріндегі хандық билікті жоюға кірісті. Хан билігі орыс шеневнігі басқаратын уақытша кеңес қолына көшті. Орта Жүзде патша үкіметі 1815жылы Уәли хан билігін әлсіретуге тырысып, екінші хан етіп Бөкейді қойды. Орта Жүз хандары Бөкей 1817 ж., Уәлихан 1819 ж. қайтыс болған соң, патша үкіметі Орта Жүзді бірнеше әкімшілікке бөлді.
Сібір қырғыздары туралы жарғы
1822 жылы орыстың белгілі мемлекет қайраткері М. Сперанскийдің басшылығымен "Сібір қырғыздары туралы жарғы" , 1824 ж. "Орынбор қырғыздары жөніндегі жарғы" деген құжат негізінде патша өкіметі қазақ жерін басқару тәртібі жөніндегі заң шығарды. Ол заң бойынша Орта Жүз бен Кіші Жүз хандықтары жойылды. Кіші Жүзде (соңғы хан Шерғазы Айшуақов) хандық биліктің орнына Ресейдегі сияқты әкімшілік-саяси басқару жүйесі қалыптасты. Ал Орта Жүзде "аға сұлтан" деген басқарушы қызмет енгізілді. Орта Жүз жекеленген әкімшіліктерге бөлінді. Ол Омбы қаласының ішкі округтері деп саналды. Округтер болыстарға, болыстар ауылдарға бөлінді. Болысқа бөлу негізіне рулық принцип алынды.
Ауыл старшындары қазақтардан сайланды. Полиция мен сот өкіметі округтық приказ басқарды, ал оны бұрын сұлтандардын үш жылға сайланған аға сұлтандар басқаратын. Онда патша әкімшілігі белгілеген екі орыс заседателі тағайындалды. Сонымен бірге қазақ зиялыларынан сұлтандар мен билердің сайлауы арқылы қойылған екі заседатель отырды. "Сібір қырғыздары туралы жарғы" бойынша осы кезге дейін жүргізіліп келген қазақ билерінің билік айту құқығын патшаның отаршылдық саясатын жүргізушілер өз қолдарына алып алды.
Сырым Датұлы бастапан көтеріліс (1783-1797) . 18 ғ. 30-ж. Кіші Жүз Ресейге қосылғаннан кейін бекіністер салына бастады. 1744 ж. Орынбор салынды. Ор өзені бойында Орск салынды. Орал қаласынан Өскеменге дейінгі 3, 5 мың шақырым қашықтықтағы Жайық, Ертіс өзендері жағалауларында ірі әскери бекіністер салынды. Оларға орыс-казактар қоныстандырылды.
Патша үкіметі қазақтарды ішкі жаққа Жайық сыртына өткізбей оған тиым салды. Кіші жүз ханы Нұралының да қысымы көп болды.
Көтеріліс басында Кіші жүздің Байбақты руынан шыққан Сырым батыр (1742-1802) тұрды.
1783 ж. көктемінде қазақтардың Орал бекінісіне шабуылы басталды. Ағамандар Тасболат пен Ерболат бастапан қазақ жасақтары Гирьяль бекінісіне шабуыл жасады. Орынбор коменданты Ладыменский далаға орынборлық казактардан құралған жазалау отрядтары мен жүзбасы С. харитонов басқарған башқұрттардың 1500 адамдық отрядын жіберді. Қазақ жасақтары харитонов басқарған башқұрттардың 1500 адамдық отрядын жіберді. Қазақ жасақтары харитоновтың отрядына қарсылық көрсетті, бірақ олар жеңілді.
1784 ж. мамырда Сырым оралдық казактармен ұрыс жүргізді. Қазақ жасақтары Нижневральск желісі ауданында, Орск бекінісі маңында әрекет жасады. Қараша айында Сырым жасағында 1000 адам болды.
1785 ж. көктемде қаза даласына жазалаушылар келе жатқанын естіген Сырым 2700 адам жасақ жинады. Оған 3, 5 мың адамы бар Барақ пен Тіленші әскері қосылады. Оларды шкеара бойына қалдырып Сырым бес жүз жІгітімен Сахарный бекінісіне шабуыл жасады. Бірақ сырым бекіністі ала алмады. 1785 ж. жазында тағы да адамдар қосылады. Осы тұста Тама руының старшыны Қадыр, Садыр деген батырлардың бастауымен Нарын құмының жІгіттері Сырымды қолдап, орыс әскерлеріне қарсы күреседі.
1785 жылы Орынбордан патша генералы Смирнов, Орал қаласынан Жайық атамандары Колпаков пен Пономарев бастапан әскер шоғырлары шығып, Сырым жасақтарын құртпақшы, көтерілісті баспақшы болады. Сырым жасағы оларға партизандық соғыс жасайды.
Ресей үкіметі жағдайды өзінше шешпекші болады. Бұл хандық тәртіпті жою шарасы болды. Сырым мұнымен келіседі. 1786 ж. Хандық жойылып, Нұралы хан Жайық бойындағы орыс бекіністерін паналады. Сырым он екі ата бай ұлының аға старшыны болды. Оның билігі халыққа жақсы болды. Ұзақ жылдар бойы сүйеніш болып келген хандық билікті бекер жойғанын үкімет түсінді. Сөйтіп, хандық билікті қалпына келтіруге кірісті. 1790 ж. Нұралы өлгеннен кейін осы оқиғаны желеу етіп, інісі Ералыны хан етті.
Ералы халықты ойламады. Жер тарылды. Тағыда халық Сырым төңірегіне топтасты. 1791 жылдың наурызында жазалаушылардан сақтау үшін, табын, кердері руларын шығысқа Мұғалжар тауларына ойысуды ұсынды. Бұл саясат кейін өзін ақтады. 1792 ж. Cырымның қарулы күшінде мыңнан астам жасақ болды. Патша үкіметі Сырым Бұхара, хиуа хандығымен байланысады деп қауіптенді. Өйткені Сырым олармен келісім жасаған болатын.
Патша үкіметі бірқатар жеңілдіктер жасауға мәжбүр болды. Жайық өзенінің оң жағында мал жаюға, Жайық пен Еділ арасындағы Үлкен және Кіші өзендердің (Қара өзен, Сары өзен) бойындағы жайылымдарды пайдалануға рұқсат етті. Одан халық жағдайы жақсармады. 1795-1796 жж. жұтта халықты қажытты.
1794 жылы Ералы хан өліп, 1795 ж. Есім хан болды. Ұлт-азаттық көтеріліс қайтадан өршіді. Сырымға енді Ерсалы, Қайсарлы деген батырлар қосылды. 1797 ж. 26-27 наурызда Есім хан өлтірілді. Көтерілісшілерді жазалау үшін 1797 ж. күзінде полковник Скворкин Сырымды қудалауды ұйымдастырды. Алайда Сырым жасақтары Ойыл өзені бойына көшіп кетті. Жазалау сәтсіз аяқталды.
Есім хан өлгеннен кейін Кіші жүз сұлтандарының бір бөлігі Нұралының ұлдарының бірі - Қаратайды хан етіп сайлауды қалады. Сырым батыр да бұл мәселеден сырт қалмады. Ол халықтың пікірімен санасуды айтты. Хан сайлау төңірегіндегі тартыс Кіші жүз сұлтан, старшындарын екіге бөлді. Орынбор ген-губернаторы Игельстром хан сайлауын тоқтатуды айтты. Жүзді басқаруды хандық кеңеске беруді ұсынды. Кеңестің төрағасы болып Айшуақ тағайындалды. Кеңес мүшелігіне 4 адам кірді. Оған Сырым да, Нұралы хан туыстары да енгізілмеді.
Хан кеңесі жиналған кезде Нұралыға жақын феодалдар оның баласы Қаратайды хан деп жариялады. Бұл Нұралыға қарсы топтың Сырымға жақындасуын күшейтті. Патша үкіметі 1797 ж. күзде хандық билікті қалпына келтіруге тырысты. Осыдан кейін Сырымға қарсы қуғын күшейді. Оған 800 адамммен Қаратай сұлтан қосылды. Сырым хиуа жеріне өтіп кетті. 1802 ж. Үргеніште Нұралы тұқымдары өлтірді.
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастапан шаруалар көтерілісі (1836-1838) . Еділ өзенінің Каспийге құятын аймағын 1635 жылдан бастап Жоңғар шапқыншылығы кезінде бөлініп қалған қалмақ рулары мекендеді. Оны қазақтар қалмақ қыры депті. 1771 ж. бұл жердегі қалмақтар екіге бөлініп, бір бөлігі қазақ жері арқылы Жоңғарияға кетті. Ал екіншісі батысқа ығысып, Дон даласына көшіп кетті. Осы босапан жеоге 1801 жылдан бастап патша ұрықсатымен Кіші жүздің Бөкей сұлтан басқарған 5000 қазаы қоныс аударды. Мұның өзі ішкі (Бөкей) орданың құрылуына негіз болды. 30-ж. соңында мұнда 20 мыңдай түтін мен 80 мың адам жайлады. Бірақ жер мен жайылымдар бірдей бөлінбеді. Көбісі орыс помещиктері Юсупов пен Безбородконың меншігіне өтті.
Үлкен және Кіші өзен бойындағы Қамыс-Самар көлі төңірегіндегі жер казак-орыстарға кетті. Үкімет ішкі Орда мен Кіші жүзді басқаруды өздеріне бейімдеп жатты. Үкімет дистанциялар (аралық бақылау жүйесі) құрып, оның бастығы қызметін енгізді. Жайық бойындағы жерді Орал казак-орыстары иемденді. Қазақтарға Жайық өзенінен өтуге және казак-орыстардың өзен жағалауындағы белдевлеріне көшіп келуіне тиым салынды.
Қазақ шаруалары орыс помещиктері мен қазақ сұлтандарынан аренда үшін уақытылы ақша төлеуге тиіс болды. Түрлі штраф, алым-салық көбейді.
Батыс қазақстан жерінде Бөкейдің баласы Жәңгір 1824 ж. Хан тағына отырған соң, патша үкіметі қолдауымен ел басқаруды өзгертуге кірісті. Ол отырықшылықты, елді мекендер салуды, қырда пішен шабуды, мектеп, училище ашуды, мешіт ашуды, малды асылдандыруды, сауданы енгізуді бастады.
1827 ж. Жәңгір хан нарын құмындағы Жасқұс мекенінде тұрақты хан ордасын орнатты. Елді орталықтан басқаратын болды. Сол жылы хан кеңесі құрылды. Оған 12 ата байұлы руларынан бір-бірден би кірді. Ханға оның тапсырмаларын орындайтын 12 старшын, сондай-ақ бірнеше сұлтан қызмет етті. Оның татар бөлімі және жалпы бөлімнен тұратын өз кеңсесі болды. Кеңсе жанында арнаулы тергевші штат та тұрды.
Жәңгір хан 1845 жылы өлді. Бұған дейін Қаз-ң барлық бөліктерінде хандық билік жойылған еді. Өкіметтік топтар ішкі Ордада хандықты жоюды ұйғарды, хан билігі орыс шеневнігі басқарған Уақытша Кеңестің қолына көшті.
Патша үкіметінің жергілікті феодалдарға сүйеніп, халықты қанауы наразылық туғызды. Наразылық жер дауынан басталды. Ішкі Ордада қазақ байлары мен орыс помещиктері ең құнарлы жерді өздеріне алды. Кедейлерге ең құнарсызы тиді. Бір ғана Жәңгір хан 400 мың десятина жерді өз иелігіне қаратты. Жәңгірдің інісі Меңдігерей Бөкейханов, би Балқы Құдайбергенов, ханның қайын атасы Қарауылқожа Бабажанов халықты қанады.
1831 ж. Ресеймен шекаралас жерлерде сұлтандар мен Орынбор Шекара комиссиясына бағынатын әкімшіліктер құрылды. Ондағы әкімдер мен старшындар жергілікті басқаруды өз қолдарына алды. Ал Жайық бойын иемденген Орал казак-орыстары қазақтарға Жайық өзенінен өтуге, оның жағасына көшіп-қонуға тиым салды.
Жәңгірге наразы болған бір топ сұлтандар шаруаларды Жайықтың арғы жағына қайтадан өтуге шақырды. 1827 жылдың қысы жұт болды. Аман қалған аз малды сақтау үшін қазақтар Саратов губерниясына, ондағы Юсупов пен Безбородконың жер иеліктеріне көшпекші болды. Көктем шығысымен Байбақты руы бірінші болып Жайыққа бет алды. Оны Жантөре Қарабатыров, Нұршабай Байтурин, Өтен және Әбен Көтібаровтар, Нәдір Қашқынов, Ырсалы Көсепулин басқарды. Ресми өкімет орындары бұл көшуге қарсы болды. Мұның өзі Кіші жүз қазақтарының үкіметке наразылығын күшейтті. Көтеріліс басталды. Оны беріш руынан шыққан Исатай мен Махамбет басқарды.
1812 жылы Бөкей хан Исатайды Жайық бойындағы руларға старшын етіп тағайындады. 1814 ж. соңында оны Орынбор Шекара комиссиясы бекітіп, уақытша жарлықпен оған мөр тапсырды.
1836 ж. ақпанда халықтың Жәңгір ханға қарсы күресі басталды. Бұған Исатайдың хан ордасына шақыртылуы себеп болды. Ол одан бас тартты. 1836 ж. 4 сәуірде Манаш қыстауына ханның Қарауылқожа бастапан жасағы келді. Көтерілісшілер қосынына Исатай бастапан 200-ге жуық жІгіттер келді. Нәтижесі екі жақтың тарап кетуімен аяқталды. Исатайдың даңқы арта түсті. Оған шаруалар қаптап келе бастады. Исатай, Махамбеттер 1937 жылы қыркүйек, қазан айларында Қарауылқожаның, Балқы бидің, Шоқы сұлтанның ауылдарын шабады. Сол жылдың қараша айының соңында Исатайлар хан ордасын шабуға аттанады. Бұл тұста хан ордасында 41 үй бар еді. Ханға Орынбордан подполковник Гекке бастапан әскер күші көмекке келді. 700 казак-орыс, екі зеңберек, ханның 400 сарбазы Исатайдың 2000-нан астам сарбазына қатты қарсылық көрсетті. 1837 ж. 15 қарашада Тастөбе деген жерде шайқас болды. Күші басым жазалаушылар екпініне шыдай алмаған көтерілісшілер топ-топқа бөлініп кетті. Исатай да шегінді. Жәңгір Исатайдың басына 500 күміс ақша тікті. Исатайдың тобы қуғынна қашып, Жайықтан өтті. Сағызға қарай кетті. 1838 ж. қаңтарында Исатай жасағымен Үлкен Борсық құмындағы шекті руының қонысына келді.
Көктемде халық қозғалысы қайта күшейді. Кенесары, хиуа жерінен шыққан Қайыпғали Есімов бастапан жасақтар пайда болды.
Бұл кезде Сібір өңірінен шегінген Кенесары әскерінің бір бөлігі Орынбор өлкесіне ауысты. Олардың Исатай тобына қосылуынан қорыққан Орынбор ген-губернаторы Перовский көтерілісшілерді талқандауға кірісті. Орск бекінісі жағынан құрамында Орал полкі казактары бар Айшуақ Сұлтанұлының жасағы шықты. Орынбордан Гекке әскері шықты. Осы кезде Исатай 500 сарбазымен сұлтан Баймағанбетке соққы беру үшін Қайыпқали Есімұлынан бөлінді. Бұл кезде Айшуақұлы әскері полковник Гекке әскерімен біріккен болатын Оны Исатай тобы білмеді.
1838 ж. шілде айының 12-нде Исатайдың жасағы мен полковник Геке бастапан әскерлер Ақбұлақ деген жерде кездесті. Зеңбірек оғынан шегінген көтерілісшілерге Айшуақовтың әскерлері тап берді. Тыл жақтан казак-орыс жүздіктері қоршауға алды. Исатай қаза болды. Ол өлгеннен кейін көтіліс әлсіреді. Бытыраңқы жасақтар Ойыл бойындағы Нижневральск желісі маңында қимыл жасап жүрді. Махамбетті 1846 ж. өлтірді.
Кенесары Қасымұлы бастапан қозғалыс (1837-1847) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz