Қазақстан Республикасының қауіпсіздік жүйесіндегі терроризммен күрес саясатын қалыптастыру
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. ӘЛЕМДІК ТЕРРОРИЗМНІҢ ҚАЗАҚСТАНҒА КЕЛТІРЕР ҚАУПІН ЗЕРТТЕУ
1.1.ТЕРРОРИЗМНІҢ МӘНІ, ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ ... ... ...7
1.2.ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕРРОРИЗМ ҚАУПІН ЗЕРТТЕУДІҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ..14
2. ӘЛЕМДІК ТЕРРОРИЗММЕН КҮРЕС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН
2.1.ҚАЗАҚСТАНДА ТЕРРОРИЗМ ҚАУПІН ТУДЫРУЫ
МҮМКІН ФАКТОРЛАРДЫ ЗЕРТТЕУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.2.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІК
ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТЕРРОРИЗММЕН КҮРЕС САЯСАТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...38
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 45
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .47

Ғылыми жұмыстың өзектілігі. Бүгінде Қазақстан Республикасы қоғамының бар саласында аса маңызды реформаларды жүзеге асыруда. Көп бағытты реформалардың ішіндегі ең күрделісі әрі өте байыптылықты қажет ететін бағыты ұлттық қауіпсіздік саясатындағы реформалар. Себебі, біріншіден, ұлттық қауіпсіздік мәселесі адамдардың өмірі мен тұрмыс-тіршілігіне тікелей қатысты болғандықтан және сан түрлі қатынастар қоғамда үнемі орын алатындықтан мұндай мәселелер күн тәртібінде тұрады; сонымен қатар мемлекеттің елдегі терроризмге қатысты саясаты халықтың назарында болып, оның талқысы мен сынына түсіп отырады. Қазіргі таңда әлемнің дамыған мемлекеттерінде терроризмге қарсы күрес ұлттық қауіпсіздіктің басты өлшемдерінің біріне айналған. Ұлтттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының тәуелсіз, егеменді мемлекет ретінде дамуының басты шарты болып табылады. Екіншіден, ұлттық қауіпсіздік елдің ұлттық мүдделерінің нақты және ықтимал қауіп-қатерден қорғалуының көрсеткіші. Ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп төндіретін, қазіргі уақытта жаһандық сипатқа ие болған құбылыс ретінде терроризмге баса назар аударылуы керек. Қазақстан Республикасында терроризммен күресу саясатын қалыптастыру мәселесінің практикалық маңызы зор мәселелер қатарында болуы бұл жағдаяттың елдің ұлттық қауіпсіздігіне тікелей байланысты болуымен түсіндіріледі. Әлемдік қауымдастықта болып жатқан негізгі үрдістер мен әрекеттер ашық қоғам орнатып жатқан Қазақстанға өз әсерін тигізбей қоймайды. Жаһандану құбылысындағы әрекеттер, қайшылықтар мен қауіптер Қазақстанға ықпал етпей тұруы мүмкін емес. Сондықтан да осындай жаһандық сипаттағы қауіп- қатерлерден қорғану үшін, ел мемлекеттігіне тигізер зиянының алдын алу үшін соларға жауап беруші шаралар жүйесін біріктіріп және олармен күресу жолдарын қалыптастыру керек.
1. Машан М. С. Политическая стабильность: сущность и механизмы обеспечения. Стабильность и безопасность Казахстана на стыке веков. –Астана, 2000. - 224 с.
2. Даниленко В.И. Современный политологический словарь. – М.: NOTABENE, 2000. - 891 с.
3. « Терроризмге қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі № 416 Заңы.
4. Философский энциклопедический словарь. - М.: Сов.энциклопедия, 1983. - 840с.
5. Петров В. «Аль-Каида» - миф 21 века // Наш мир. - 2006, 29 декабря. - 11 с.
6. Тулебаева М.К. Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы күрес саясатын қалыптастыру ерекшеліктері. – Алматы. – 2010. - 18б.
7. Татимов М.Б. Демографические прогнозы – взгляд на будущее // Almatytimes. – 2000, 18 октября. – С. 2.
8. Сыроежкин К. Обыкновенный терроризм // Континент. - 2001. - № 21. –С. 26-29.
9. Назарбаев Н.Ә. Сындарлы он жыл. - Алматы: Атамұра, 2003. - 240б.
10. Философский энциклопедический словарь. - М.: Сов.энциклопедия, 1983.
11. Федосеев С. Проблемы терроризма в новом тысячилетий // Высшая школа Казахстана. – 2004. - № 3. – С. 191-195.
12. Философский энциклопедический словарь. - М.: Сов.энциклопедия, 1983.
13. Суворов А.И. Политический терроризм в России 19 начала 20 веков. Истоки, структура, особенности // Социологические исследования. - 2002. - № 7. – С. 54-59.
14. Барбосов С.М. Ирак дағдарысының сабақтары// Ақиқат.-2004.-№ 126.-28б. Ауған дағдарысының сабақтары// Ақиқат.-2004.-№ 621.-28.Лаңкестік сабақтары// Ақиқат. -2005.- №8.- 21-27б.
15. Тулешов А., Отегенулы А. Проблемные вопросы, связанные с понятием «терроризм»: основные причины и условия совершения // Закон и время. 2005.- № 9.- 7-9с.
16. Потехина О. Экстрамисты выбирают юг. Настолько опасны дейтвие активистов « Хизбут Тахрира» // Аргументы и Факты Казахстан.- 2005.- № 6.-5с.
17. Шпекбаев А. Наша страна выполную столкнулась с терроризмом // Комсомольская правда и Казахстан, 17-24 марта 2005.- 3с
18. Амербекова Ж. Секты массового заражения // Мегаполис, 18 декабря 2006. – 10 с.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ –ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТЕРРОРИЗММЕН КҮРЕС
САЯСАТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Алматы 2013 жыл
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. ӘЛЕМДІК ТЕРРОРИЗМНІҢ ҚАЗАҚСТАНҒА КЕЛТІРЕР ҚАУПІН ЗЕРТТЕУ
1.1.ТЕРРОРИЗМНІҢ МӘНІ, ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ ... ... ...7
1.2.ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕРРОРИЗМ ҚАУПІН ЗЕРТТЕУДІҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ..14
2. ӘЛЕМДІК ТЕРРОРИЗММЕН КҮРЕС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН
2.1.ҚАЗАҚСТАНДА ТЕРРОРИЗМ ҚАУПІН ТУДЫРУЫ
МҮМКІН ФАКТОРЛАРДЫ
ЗЕРТТЕУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.2.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІК
ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТЕРРОРИЗММЕН КҮРЕС САЯСАТЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...25
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 38
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...45
ҚОСЫМША
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .47
КІРІСПЕ
Ғылыми жұмыстың өзектілігі. Бүгінде Қазақстан Республикасы қоғамының
бар саласында аса маңызды реформаларды жүзеге асыруда. Көп бағытты
реформалардың ішіндегі ең күрделісі әрі өте байыптылықты қажет ететін
бағыты ұлттық қауіпсіздік саясатындағы реформалар. Себебі, біріншіден,
ұлттық қауіпсіздік мәселесі адамдардың өмірі мен тұрмыс-тіршілігіне тікелей
қатысты болғандықтан және сан түрлі қатынастар қоғамда үнемі орын
алатындықтан мұндай мәселелер күн тәртібінде тұрады; сонымен қатар
мемлекеттің елдегі терроризмге қатысты саясаты халықтың назарында болып,
оның талқысы мен сынына түсіп отырады. Қазіргі таңда әлемнің дамыған
мемлекеттерінде терроризмге қарсы күрес ұлттық қауіпсіздіктің басты
өлшемдерінің біріне айналған. Ұлтттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасының тәуелсіз, егеменді мемлекет ретінде дамуының
басты шарты болып табылады. Екіншіден, ұлттық қауіпсіздік елдің ұлттық
мүдделерінің нақты және ықтимал қауіп-қатерден қорғалуының көрсеткіші.
Ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп төндіретін, қазіргі уақытта жаһандық
сипатқа ие болған құбылыс ретінде терроризмге баса назар аударылуы керек.
Қазақстан Республикасында терроризммен күресу саясатын қалыптастыру
мәселесінің практикалық маңызы зор мәселелер қатарында болуы бұл жағдаяттың
елдің ұлттық қауіпсіздігіне тікелей байланысты болуымен түсіндіріледі.
Әлемдік қауымдастықта болып жатқан негізгі үрдістер мен әрекеттер ашық
қоғам орнатып жатқан Қазақстанға өз әсерін тигізбей қоймайды. Жаһандану
құбылысындағы әрекеттер, қайшылықтар мен қауіптер Қазақстанға ықпал етпей
тұруы мүмкін емес. Сондықтан да осындай жаһандық сипаттағы қауіп-
қатерлерден қорғану үшін, ел мемлекеттігіне тигізер зиянының алдын алу үшін
соларға жауап беруші шаралар жүйесін біріктіріп және олармен күресу
жолдарын қалыптастыру керек. XX соңы мен XXI ғасыр басында жаһандық қауіп
төндіріп тұрған құбылыстардың ішінде әлемдік және мемлекеттік деңгейде
саяси, этникалық, діни тұрақтылыққа ерекше қауіп төндіріп тұрған-
терроризм. Терроризм қаупі әлемнің барлық дерлік мемлекеттеріне төніп
тұр,оның шырмауынан ешқандай да мемлекет кепілдендірілмеген. Қазіргі
уақытта терроризм қаупі тұрақты түрде өсіп отыр, оның құрбандарының саны
күн санап өсуде. Ең өкініштісі терроризм саяси күрес пен идеологиялық
қайшылықта жиі қолданылып отырған күрес түріне айналып үлгерді. Сондықтан
да жаһандық сипатқа ие болған бұл құбылыспен күресудің тиімді жолдарын
қалыптастыру- Қазақстан үшін ұлттық қауіпсіздігінің, саяси, экономикалық
тұрақтылығының кепілі.
Зерттеудің өзектілігі келесі факторлармен және жағдайлармен қамтамасыз
етілген. Әлемдік қауымдастықтың белді мүшесіне айналған Қазақстан әлемдік
қайшылықтарды, қауіптерді әлем халықтарымен бөліседі. Сондықтан да бүкіл
әлемге қауіп төндіріп отырған терроризм құбылысы да Қазақстанға қауіпті
және Қазақстан өз кезегінде бұл құбылыспен күресуге мүдделі. Әлемде 2001
жылдың 11 қыркүйегінде Нью- Йорк қаласында орын алған террористік актіден
кейін бұл құбылыс ғаламдық сипат алып, кең тарала бастады. Сондықтан да
халықаралық терроризмді болдырмаудың, ел аумағына енгізбеудің шараларын
қарастыру маңызы арта түседі. Бұл жерде террористік әрекеттерге қарсы
профилактикалық алдын алу жұмыстарының кешенді шараларын жасаудың
маңыздылығын арттыра түсуде.
Еуразияның ортасында орналасқан Қазақстан үшін мемлекеттік
қауіпсіздіктің кепілі терроризмге жол бермеу болып табылады.Ең алдымен,
елдегі терроризмге қарсы күресудің басым бағыттарын анықтау қажеттілігі
туындады. Терроризмге қарсы күресуде мемлекеттің мүдделі органдары мен
күштерін терроризм құбылысының алдын алуға, болдырмауға, жасырын өмір
сүруіне жол бермеуге біріктіреді. Екіншіден, терроризмге қарсы күресті
ұйымдастыруда елдің саяси басшылығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді
көздейді. Саяси басшылықтың террористік актілердің соққысынан қорғалуы
елдің тұрақты саяси, экономикалық, әлеуметтік дамуының кепілі бола алады.
Үшіншіден, Қазақстан азаматтарынтүрлі халықаралық террористік топтарға
тарту шараларының қаупі күшейіп тұр. Оның ішінде исламдық діни экстремистік
топтар, Хизбут Тахрир, ваххабиттік топтарына қазақстандық азаматтардың
қатысу фактілері жиі қайталануда. Сондай ақ бұл жерде әлеуметтік жағдайдың
төмендігін, ондай ортадан шыққан жастардың арасында радикалистік ислам
ұйымдарына енушілердің көбеюі де назар аударуды талап етеді. Сондықтан да
жастар арасында тәрбиелік жұмыстарды жүйелі түрде ұйымдастыру мен жүргізу
міндеттерін орындау қажет. Төртіншіден, Қазақстанның әр жерінде Хизбут
Тахрир, Орталық Азия Моджахедтерінің жамааты, Ислам жихады тобы,
Күрдхалық Конгресі, Өзбекстан ислам қозғалысы, Шығыс Түркістанның
ислам партиясы, Таблиғи Жамағат, Мұсылман бауырлар, Талибан, Таза
Ислам, т.б мұсылмандық радикалистік, экстремистік, террористік ұйымдардың
қызметтері орын алғандығы анықталған. Сондықтан елдің қауіпсіздік
органдарының терроризмге қарсы күрес қызметіндегі сараптау, алдын алу,
бағалау, әшкерелеу және залалсыздандыру жұмыстарын реттейтін,
орталықтандыратын мемлекеттік терроризмге қарсы күрес саясатын
қалыптастыруды зерттеудің өзектілігі ешқандай күдік тудырмайды.
Бұл мәселені саясаттанулық сараптаудың қажеттілігі мен өзектілігі
ғылыми жұмыстың мақсаты мен міндетін, объектісін қамтамасыз етті.
Ғылыми жұмыстың пәні. Ғылыми жұмыстың пәні болып билік институттарының
терроризмге қарсы күрес қызметін ұйымдастырудың негізгі бағыттары мен
принциптері таңдалды.
Ғылыми жұмыстың нысаны елдің билік институттарының, оның ішінде құқық
қорғау және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының терроризмге қарсы күрес іс
қимылдарын басқаратын және реттейтін мемлекеттік терроризмге қарсы саясат.
Ғылыми жұмыстың мақсаттары мен міндеттері.
Жаһандану жағдайында халықаралық деңгейдегі және Қазақстандағы терроризм
қатерлерінің бүгінгі ахуалын саралай отырып, Қазақстан Республикасының
шарттарындағы терроризмнің алғышарттарын анықтау және терроризмге қарсы
бағытындағы ұтымды саясат жүргізуінің басым бағыттарын белгілеу, соған
лайықты онымен күресу жолдарын қалыптастыру. Қазақстан Республикасының
негізгі билік тармақтарының жаһандық қауіп ретінде терроризмнің алдын алу
және елде оны болдырмау шараларын ұйымдастырудағы құқық қорғау, қауіпсіздік
және арнаулы қызмет органдарының іс қимылдарына басшылық жасау саясатын
кешенді талдауды қарастыру. Ғылыми жұмыстың мақсаттарын шешу үшін келесідей
негізгі міндеттер қойылады:
- терроризм құбылысын зерттеу барысында жинақталған теориялық
білімді сараптау және қорытындылау;
- терроризмнің әлемдік қауіп ретінде Қазақстанға төндіретін қаупі
мен зияны деңгейін бағалау және терроризмнің елге таралуының
ықтимал жолдарын көрсету;
- елге терроризм қаупін әкелетін саяси және діни факторды сараптау
арқылы олардың қауіп дәрежесін бағалау;
- терроризмге қарсы күресудің тиімділігін арттырудағы оның
заңнамалық негізін жасаудың маңызын ашып көрсету;
- мемлекеттік терроризмге қарсы күрес саясатының негізгі
бағыттарын және мақсат- міндеттерін көрсету.
Ғылыми жұмыстың құрылымы мен көлемі. Ғылыми жұмыс кіріспеден, екі
бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен,қосымшалардан
тұрады.
1. ӘЛЕМДІК ТЕРРОРИЗМНІҢ ҚАЗАҚСТАНҒА КЕЛТІРЕР
ҚАУПІН ЗЕРТТЕУ
1. Терроризмнің мәні, ерекшеліктері және түрлері
Әлемдік терроризм құбылысының Қазақстанға қаупін зерттеуде ең алдымен
қазіргі замандағы терроризмнің мәнін, ерекшеліктерін,формаларын анықтап алу
аса пайдалы екендігін ұмытпаған жөн.
Қазіргі уақытта адамзат біріккен күшпен ғана шешімін таба алатын жалпы
ғаламдық мәселелер қалыптасып отыр. Әлемдегі барлық мемлекеттер мен
халықтарға қауіпті жаһанды құбылыс терроризм болып отыр. Халықаралық саяси
лексикада терроризм деп ортақ атаумен аталатын бұл құбылыс ерекше
қатігездігімен, тұтқиылдығымен, жаппай күйретушілігімен ерекшеленеді және
әлем халқының үрейін алып, мемлекеттерде басты қауіп көзіне айналды.
Терроризм құбылысын анық түсіну үшін ең алдымен оның анықтамасын анықтап
алған жөн болар. Терроризм латынның terror қорқу деген сөзінен шығады.
Алайда әлемде терроризм табиғатын түсіндіретін бірегей түсінік
қалыптаспаған. Терроризм құбылысына анықтама беру оңай емес, себебі бұл
түсінікте түрлі мән- мағына жатыр, терроризм әр алуан және әртекті болып
табылады. Қазіргі қоғамда терроризмнің көптүрлі формалары көрініс
тапқандықтан, бұл термин нақты бірсипатты мәнінен айырылды. Жалпы алғанда
бұл ұғымды қорқыту саясаты, саяси қарсыластарды күш көрсету арқылы басып
жаныштау деген мағынасында жиі қолданылады [1]. Шын мәнінде де терроризм
мақсаты күш көрсету арқылы алға қойылған міндеттерін шешу болып табылады.
Терроризмді қорқыту саясаты, қарсыластарды қорқыту тәсілдерін пайдалану
арқылы өз мақсаттарына бағындыру ( ол үшін бейкүнә жандарды өлтіруге,
халықты қыру әрекеттеріне дейін бару) [2] деп анықтау бұл құбылыстың мәнін
ашуға қабілетті. Ал Қазақстан Республикасының 1999 жылы 13 шілдеде
қабылданған Терроризмге қарсы күресу туралы Заңында терроризм- қоғамдық
қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру мақсатында Қазақстан
Республикасының мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттердің және
халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына ықпал ету мақсатында не мемлекет,
не қоғам қайраткерлерінің қызметін тоқтату немесе ұйымдарға қатысты құқыққа
қарсы қылмыстық жазаға тартылатын әрекет немесе оны жасаймын деп қорқыту,
деп көрсетіледі [3]. Кейінгі 10-15 жылда исламдық ұрандарды жамылған
мұсылман мемлекеттерінен шыққан халықаралық террористік топтардың басым
болып тұрғаны шындық. Мұндай террористік топтар Ауғанстан, Пәкістан, Иран,
Сауд Арабиясы, Ливан сияқты мұсылман мемлекеттерінде ерекше белсенділікке
ие. Олардың кейбіреулері халықаралық ұйымдарға да айналып үлгерді. Исламдық
террористік топтар дінді уағыздамайды, олар үшін дін тек ұран үшін керек.
Қазіргі террроризм табиғатын зерттеушілердің бірі Игорь Андреев айтқандай:
қазіргі террористердің ойынына пайдаланатын материалдары қатардағы
азаматтар- олар батыстың астаналарының немесе араб елінің тұрғыны ма,
маңызды емес. Олар тобыр, оларды аяудың қажеттілігі жоқ. Лондондағы
терактіні Хиросимо мен Нагасакидегі атом бомбаларымен салыстыруға болмаса
да, олар соғыс мақсаттарын орындамаса да, олар үрейдің қандай болатындығын
көрсетті [4]. Қазіргі уақытта терроризм дегенде исламдық терроризм деген
жансақ атау қоса ойға оралады. Бірақ таза исламның террорризммен ешқандай
да қатысы жоқ, олай қылып көрсету белгілі бір топтардың мүддесіне сай
келеді. Ислам терроризмін күшейту арқылы әлем халықтарының ислам дініне
деген өшпенділігін күшейту көзделеді. Ондай күштер ислам дінінің әл
қуатының, әлемдік ықпалының өсуінен қорқады. Ислам дүниесін агрессор,
терроризм ретінде көрсету арқылы бұл жасырын топтар христиан әлемін
біріктіруді көздейді. Ислам мәнін бұрмалап, оның өркениеттілік, гуманистік,
ізгілік бастауларын жоюға тырысуда. Ислам терроризмін уағыздау арқылы
Ирак, Ауғанстан, Ливан, Иран сияқты мұсылман елдеріне шабуыл жасауды
ақтауға болады. Батыста әлсірей бастаған христиандық бірлік, ынтымақ
идеяларын да ортақ жау ислам дініне қарсы жандандыру әрекеті бар. 2001жылғы
11 қыркүйекте болған террористік акт АҚШ пен оның одақтастарының Ауғанстан
мен Иракқа шабуылына себеп және бүркеніш болды. Терроризмнің осындай құпия
себептеріне байланысты М.Пузиков: мәселенің өткірлігі терроризм
феноменінің тануға қиын әлеуметтік құбылыс болуына байланысты. Ол өзін
экономикалық саяси, діни этникалық және мәдени салалардан көрсетеді.
Сонымен қатар, қазіргі терроризмнегізінен саяси зорлық формасында іске асып
отырады [5]. Осылайша қазіргі терроризмді жүзеге асыру масштабтары мен
географиясына қарай негізгі үш топқа бөлуге болады [6]:
1. Халықаралық терроризм. Оның мемлекеттік,географиялық шекарасы жоқ.
Мұндай топтар әлемнің кез келген нүктесінде қызмет ете алады.
халықаралық терроризм өзінің күрес әдістерінің құпиялығымен,
жоспарлануының тиімділігімен, терактілерінің алдына қойылған
мақсаттарына жетуімен ерекшеленеді. Халықаралық терроризм әлемдік
әділетсіздік тәртіптерге қарсы, АҚШ пен Батыс Еуропа мемлекеттерінің
экономикалық, қаржылық диктатына қарсы ұрандар ұстанады. Батыстық жаңа
отаршылдық және жаңа империалистік саясатпен күресудеміз деп
есептейді. Халықаралық терроризм өзін әлемдік әділетсіздікке тәртібіне
қарсы жауап ретінде есептейді.
2. Ішкі саяси терроризм. Ол ең алдымен басқарушы элитаның жүргізіп
отырған ресми мемлекеттік саясатына келіспеушіліктен соған қарсылық
ретінде туады. Оның мақсаты өз тобының саяси, әлеуметтік, экономикалық
мүдделерін орындату, іске асыру. Билікті мүдделі топтың этникалық,
саяси, әлеуметтік және экономикалық мүдеделірін іске асыруға немесе
осылармен есептесуге көндіру ішкі саяси терроризмге тән. Террористік
әрекеттер белгілі бір территорияда ұлттың өзін- өзі басқару құқығын да
іске асыру үшін болып жатады (Шешенстан, Курд, Ұйғыр мәселесі). Ішкі
саяси терроризм кейде жекелеген мемлекет басшыларына қарсы терактілер
ұйымдастырумен сипатталады.
3. Қылмыстық терроризм. Террористер өздерінің жеке бастарының қамы үшін
немесе аз ғана топтың талабы үшін террористік әрекеттерге барады.
Мұндай қылмыстар ұшақтарды, автобустарды, дүкендерді, т.б басып алу
арқылы, адамдарды кепілдікке алуды көздейді. Қылмыстық терроризмнің
басты ерекшелігі олардың биліктің орнына кетуін талап етпеуі, саяси
мақсаттар мен талаптар қоймауы. Әлеуметтік саяси құрылысқа бейтарап
қылмыстық терроризм жеке эгоистік немесе топтық мақсаттар көздейді.
Терроризм жай ғана қатардағы қылмыс емес. Ол- саясатты іске асырудың
құралы. Терроризм саясатты зорлықпен, күшпен, соғыспен, қыруменіске
асыру болып табылады.
Терроризмнің типтерін, формаларын және мазмұнын сараптағанда бұл
құбылыстың түбегейлі өзгерістерге ұшырағанына көз жеткізуге болады.
Терроризмнің себептері, қаржыландыру көздері, элементтері мен әдіс-
тәсілдері жаңарды. Билікке таластан туатын, идеологиялық- танымдық, саяси
терроризм орнына діни экстремистік, ұлтшылдық, қылмыстық терроризм күшейе
түсуде.
Кесте 1 - Қазақстанда қолданылуы мүмкін террористік ұйымдар
тактикасының жалпылама нұсқасы
Терроризмнің Негізгі Мақсаттары Тактиканың ҚР-ның
шартты типі әдістері Қазақстанда қауіпсіздік
қайталану жүйесінің
дайындық деңгейі
Дагестандық Құқық қорғау Мемлекеттік Жоғары Нөлдік.
органдарының аппарат Шенеуніктер мен
қызметкерлері қызметін құқық қорғау
мен тоқтату қызметкерлерінің
шенеуніктерін көпшілігі
өлтіру жасырынбайды,
қаруды қолдануды
біле бермейді,
жеке күзеті жоқ
Шешендік Тұрғын үйлерді Халық Төменгі Нөлдік. Жерлерде
жару; арасында қауіпсіздік
қорқыныш жүйесі жоқ
орнату
Қоғамдық Орташа Орташа
мекемелерге
шабуыл және
кепілге алу
Пәкістандық АвтомашиналардаХалық Орташа Нөлдік.
ғы жарылғыштар арасында Мешіттерде күзет
және қорқыныш мүлдем дерлік
террористер-жанорнату; жоқ. Парковка
кештілер арқылыДіни реттелмеген және
мешіттерге алауыздық бұқаралық
шабуыл туындату сипатта
Ирактық Террорист-жанкеМемлекеттік Жоғары Орташа. Көптеген
шті автокөліктеаппарат мекемелерде
әкімшілік қызметін күзет
мекемелер мен тоқтату болғанымен,
шетелдік көліктегі
елшіліктерді, террорист-жанкеш
шетелдік ті шабуылын
компаниялардық тойтаруға
өкілдіктерін қабілетсіз
жарады
Палестиндік Қоғамдық Халық Жоғары Нөлдік. Қоғамдық
орындарда арасында орындардағы
жарылыс қорқыныш бейнебақылау
жасайтын орнату жүйесі әлі де
террорист-жанке толық жетілмеген
шті
ЛатынамерикалБелгілі Элитаға Жоғары Нөлдік. Көпшілік
ық саясаткерлер арагідік балаларда және
мен ықпал ету; олардың
бизнесмендердің үйлерінде жеке
балаларын ұрлау күзет жоқ;
және өлтіру;
Халықты жаппай Халық Төмен Орташа. Қоғамдық
қырып-жою арасында қауіпсіздікке
қорқыныш арагідік көңіл
орнату аударылады
Түрлі деректерден алынған мысалдар қазіргі терроризмнің күрес
арсеналының тым көбейіп, байып кеткендігінайғақтайды. Олардың адамзатқа
қаупі еселеп артуда. Терроризмді түп- тамырымен құртып жіберу мүмкін болмай
отыр. Сондықтан кез келген мемлекет терроризмнің туу себептерін болдырмауға
мүдделі.
Ең алдымен, 2011 жылғы 11 қыркүйектегі АҚШ- қа қарсы жасалынған
терактілердің маңызын тым асырып жіберу қате. Бір оқиға әлемдік
қатынастардың даму диалектикасын түбегейлі өзгертіп жібере алмайды.
11қыркүйектегі терактілер өте ауыр салдарларымен, әкелген қайғы-
қасіретімен және шығындарымен қазіргі құпия, жасырын терроризмнің
қаншалықты қаупінің зор бола алатындығының тағы да бүкіл әлемге
дәлелдеді.Екіншіден, халықаралық терроризмге АҚШ басшылығымен соғыс ашу
жаңа қауіптерді әкелуде. Террорризмге қарсы соғыс жариялау деген сөз
халықаралық терроризмді әлемдік өркениетті мемлекеттер қауымдастығымен тең
күш ретінде бағалау және мойындау болып табылады. Сондықтан терроризмге
қарсы күрес акторлары мемлекет пен оның арнаулы органдары, халықаралық
терроризмге қарсы күрес органдары еріксіз заңсыз қарсыласты мойындайды.
Сондықтан барлық терроризмге қарсы күреске мүдделі мемлекеттердің
заңнамаларын унификациялау, терроризмді бағалау мен жазалаудағы
әрекеттердің біртұтастығын қамтамасыз ету мәселелерінің маңызы арта түсуде.
Үшіншіден, сарапшылардың кейбіреуінің мәліметтеріне қарағанда әлемде
қазірде 180- 200 террористік ұйымдар бар десе [7], келесі сарапшылар
олардың санын 500 дейін жеткізеді [8]. Террористік топтардың саны туралы
пікірдің екі еседен астам алшақтығы қазіргі терроризмнің жай күйінің толық
меңгерілмегендігін білдіреді. Халықаралық терроризм қандай ел болмасын
қауіп төндіруге қабілетті, өйткені терроризм көпжақты, көп бағытты құбылыс.
Оның шығу себептері, қайнар көздері, қаржыландыру жолдары да әртүрлі.
Терроризм әлемдік әділетсіз тәртіптердің, жаһанданудың , ашық қоғам
орнатудың, байлық пен кедейліктің күшеюінің салдары болып табылады.
Террористер аз ғана күшпен, аз ғана шығынмен аса зор зиян келтіреді.
Төртіншіден, терроризм ислам халықтарының христиан әлеміне қарсы діни
соғысы емес. Оның негізгі саяси- әлеуметтік және экономикалық себептері
бар. Кейінгі кезеңдегі зерттеулер ислам мен батыс әлемі арасындағы
қайшылықтың негізгі себебі діни алшақтық емес екендігін дәлелдеді. Мұндай
қорытындыны Би Би Си агентінің Бүкіләлемдік қызмет зерттеулер тобы
жасады. Әлемнің 27 елінде 28 мың адамды қамтыған әлеуметтік зерттеулерде
респонденттердің 52% Шығыс пен Батыс қайшылығыдінге байланысты емес саяси
мүдделердің қарсылықтарына байланысты деп жауап берген. Демек, қазіргі
әлемдік терроризмнің табиғаты, мәні және себептері негізінен әлемдік
әділетсіз тәртіптерге байланысты екендігі ақиқат. Ал мемлекетішілік
терроризмнің этикалық, билікке таласу, байлықты бөлісу, территориялық талас
сияқтыкөптеген себептері болуы ықтимал. Бесіншіден, қазіргі терроризммен
тиімді күрес жүргізе алатын халықаралық ұйым немесе орган әлі құрылған жоқ.
БҰҰ, ЕҚЫҰ, НАТО, Интерпол ұйымдары дәл бүгінгі қызметтерінің деңгейінде
терроризмге қарсы тиімді үйлестіру саясатын жүргізе алмай отыр. Жоғарыда
аталған сипаттамалар қазіргі терроризм құбылысының және соның нәтижесінде
қалыптасып отырған хал- ахуалдың ерекшеліктерін сипаттайды.
2. Халықаралық терроризм қаупін зерттеудің теориялық және
методологиялық негіздері.
Халықаралық терроризм өте күрделі құбылыс. Терроризм себептері өте көп.
Террористердің әрекет ету жолдары да әр түрлі. Сондықтан да терроризмге
қарсы күресу мәселелесі де өте қиын. 21 ғасырда терроризм ең күшті әлемдік
қауіптердің қатарына кірді. Терроризм құбылысы байқалмаған мемлекеттер кем
де кем. Терроризмді саяси құбылыс ретінде тек бір топқа, жеке мемлекетке
немесе жеке дінге ғана қатысты деп қорытынды жасау қателік болады.
Заңгерлер мен саясаттанушылар үшін терроризмнің әлі де ортақ анықтамасы
жоқ. Біреулері терроризмді әлеуметтік құбылыс десе, екіншілері саяси мән
береді. Шын мәнінде терроризмді тек субъективті факторлар ғана емес,
әлемдік тәртіптің объективті шындығы туғызады деген пікірлерайтылуда. Бұл
құбылыста саяси, әлеуметтік, псохологиялық факторлармен қоса экономикалық
факторлардың да ықпалы бар екендігі даусыз. Терроризм мәніне Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ерекше назар аударды. Себебі ашық
қоғам орнату, экономикалық интеграциялану үрдісіне енген Қазақстан үшін
ғаламдық қауіптерден сақтану шараларын жасау маңызды бола түсті. ҚР-ның
Президентінің Сындарлы он жыл атты кітабында елбасы Қазақстанның әлемдік
қауымдастықтағы орны мен маңызын айқындай отырып, қазіргі заман қауіптерін
сараптайды. Еңбекте қазіргі ғаламдық қауіпке айналып отырған терроризмнің
шығу себептері, табиғаты, салдарлары сарапталады. [9]. Президент өз
еңбегінде терроризмнің қорқынышы оның тұтқиылдан болуында, мүлдем күтпеген
сәтте іске асырылуында деп көрсетеді. Демек, терроризмді зертеуде белгілі
бір тұрақты құбылыстармен, заңдылықтармен жұмыс істеу мүмкін емес.
Терроризмнің түбі қаншалықты терең, қаншалықты күрделі болса, оның
себептері де соншалықты күрделі, әр қилы. Террористің қандай уақытта,
қандай жерден соққы беретіні белгісіз. Елбасының кітабында терроризмге
мынадай анықтама беріледі: Терроризм-белгілі бір мақсат міндеттерді
орындау жолында зорлық көрсету идеологиясына негізделеді. Терроризм
көзқарастар мен идеологиялардың емес, іс-әрекеттің жүйесі. Сондықтан да ол
өзі үшін жасалмайды. Ол өздігінен әлеуетті, әлеуметтік күш емес. Бірақ та
әрекет түрі ретінде оның ықпалы мен зәрулігі бар..
Терроризмді зерттеудің, оның себептерінің, салдарын ашудың қиындығы
қазіргі терроризмнің кейде ешбір нанымды себептерге байланысты болмауында.
Оны сарапшылар қазіргі терроризмнің түсініксіздігі деп атап жүр [10].
Мысалы 2005 жылғы Лондон метросында болған жарылыста террористер ешқандай
талап қоймаған. Терактінің кімге қарсы, не үшін, қандай мақсатта жасалғаны
белгісіз. Бұл әрекет Батыс мемлекеттерінің терроризмге қарсы топтасуын
күшейтіп, халықаралық терроризмнің қауіптілігін дәлелдей түсті. Қазіргі
терроризмнің түсініксіздігі құбылысының бар екендігін тағы бір дәлелі
терактіні іске асырған жанкештінің бірден құрбан болып кетуі. Теракты іске
асты. Бірақ та оның қандай мақсатта жасалғаны беймәлім. Орындаушы өлді. Оны
іздеген де, ісін өз мойнына алып жатқан ешбір ұйым немесе діни секта жоқ.
Кейінгі жылдыры мұндай терактілер Түркия, Испания,Малайзияда болған. Кейбір
сарапшылар бұл құбылысты жанкешті терроршылардың суицид әрекеттерімен де
байланыстырады. Белгілі дінтанушы М. Бұлұтай: соңғы жылдары жанкешті
терроршылардың суицид амалдары көбейіп кетті. Бұл террор ұйымының ең соңғы
талпынысы сияқты. Өйткені мұндай жолға тек мақсатына жетуі мүмкін емес,
терроршы топтар ғана барады. Сондықтан да олар ең үлкен сұмдыққа, шексіз
аяусыздыққа барып, біріншіден жазықсыз адамдарды құрбан етеді, екіншіден өз
мүшелерін өлімге айдап салады [11]. Терактілер нәтижесінде жазықсыз
мыңдаған адамдардың қандары төгілуде, осындай сұмдық оқиғалар әр күнде жер
шарының әр жерінде қайталануда. Сол себептен де сарапшылар 21 ғасырда ең
ауыр қауіп, жаман зұлымдық терроризм деп шешті. терроризм өзінің
зиянкестілік, қатігездік салдарынан ядролық теке- тіресті, локалды
соғыстарды екінші кезекке ығыстырды, дейді әскери сарапшы С.Федосеев [12].
Терроризмде психологиялық фактор бірінші кезекке шығады. Сол себепті
терроризмді психологиялық соғыс түрі деп атайды. Оның мақсаты қорқыту,
үркіту. Бейкүнә адамдарды жан шошырлық азапқа салу арқылы бүкіл халықтың
тіптен әлемдік қауымдастықтың психологиясына әсер ету. Террористер тікелей
держава басшыларын, ірі бизнес өкілдерін құрта алмайды. И. Андреев:
террористердің пайдаланатын материалы қатардағы адамдар, батыс Еуропа
астаналарының, араб елдерінің адамдары болсын бәрібір, ол қара халық, оны
аяудың қажеті шамалы. Олар қорқыныштың, шошытудың үлгісі болса болды, деп
шындықты ашып айтады [13]. Терроризмнің тарихын зерттеушілер де
психологиялық факторға ерекше назар аударады. Елдің нашар дамуы,
экономиканың кері кетуі, моралдық- психологиялық ахуалдың шиеленісуі,
діннің қоғамдағы ықпалының нашарлауы, азаматтардың моралдық бағыттарының
көмескіленуі, мемлекеттердің әлеуметтік әділетсіздікті шектемеуі сияқты
құбылыстар террористік әрекеттердің жандануына әкелетіндігін саяси тарих
үнемі дәлелдеп келе жатыр. Террористердің көпшілігі шын мәнінде құдайға
сенбейтін, жүректерінде өмірге деген махаббат жоқ адамдар болғаны
анықталған. Террористерді революциялық немесе ұлттық мақсат романтикасы
қызықтырған. Әлем террористерінің басым көпшілігі 15 пен 30- ға дейінгі
жастар. Олардың басым көпшілігі психологиялық жағынан тұрақсыз мінезді
болғаны белгілі. Өмірде өз орнын таба алмаған жастардың террористік топтар
қатарын толтыратынын көптеген елдер тәжірибесі дәлелдеп отыр. Ислам
ұрандарын бүркемеленіп террористік әрекеттерге барып жүрген топтардың
мүшелелірің басым көпшілігідінді дұрыс түсінбейтін, психикасы дұрыс
қалыптаспаған, өмірден нақты орнын таппаған жастар екендігі шындық. Қазіргі
терроризмнің ерекшеліктерін білу маңызды. Зерттеулер жасау арқылы оның
алдын алу шараларын ойдағыдай ұйымдастыруға болады. Бұл ретте
террористердің соққысына көп ұшыраған АҚШ, Ресей, Түркия, Италия, Үндістан,
т.б мемлекеттердің тәжірибесін сараптау маңызды. Халықаралық терроризмді
әлсірету үшін бірінші кезекте террорлық соққыға ұшыраған мемлекеттердің
өзара ынтымақтастығы қажет. Жалпы қазіргі терроризмнің негізгі белгілерін
былайша жіктеуге болады:
1. Террористік актілерге қатысушылардың басым көпшілігі басын өлімге
тіккен фанатик жанкештілер. Оларды алған мақсатынан үгіт-
насихатпен, адамгершілік сөздермен қайтару тіптен мүмкін емес.
Сондықтан оларды терактілерден шектеу тек террористерге қарсы
репрессиялық шараларды қажет етеді;
2. Ірі масштабтағы терактілердің аса құпия жағдайда жоспарлануы.
жүзеге асыруында бірнеше бірін-бірі білмейтін автономды топтардың
қатысуы. Терактінің болуын қалаушылар мен жүзеге асырушылары
объектілерінің белгісіздігі. Демек, терактілердің құпиялығын аша
алатын құпия терроризмге қарсы күресуші мекемелер жұмысын жолға қою
мен дамыту маңыздылығын күшейтті;
3. Терактілердің аз ғана адаммен, аз ғана шығынмен ірі масштабтағы
материалдық шығындарға және адамдардың көп қырылуына әкелуі.
Терактілердің осындай қайғылы финалға жетуі террористердің жеңісі
болса, сол елдің қауіпсіздігін қорғау орындары мен билік құрушы
элитасының жеңілісі болып табылады. Ел халқына үлкен моралдық-
психологиялық соққы беріліп. оның билікке деген сенімі әлсірей
береді;
4. Халықаралық терроризм жасаушылардың нақты бір үкіметке, нақты бір
халықаралық ұйымға талаптар қоймауы. Олардың соққыларының ең
алдымен АҚШ, Ресей сияқты әлемдік басымдылыққа ұмтылған
державаларға бағытталуы. Террористердің әрекетін басым
державалардың геосаясатына наразылықтың ең қатал формасы ретінде
бағалатады;
5. Аймақтық тұрақсыздықтың салдарынан Азия мен Африка елдерінде жиі
қайталанатын әскери қақтығыстар, билікке таласу тұрақты түрдежүрді,
кландық тартыста, кедейлік пен байлықтың арасындағы терең алшақтық,
әлеуметтік әділетсіздік, демократиялық бостандықтардың болмауы
ислам дінін ұстайтын халықтар арасынан террористік топтардың көп
шығуының әлеуметтік- саяси және психологиялық себептері;
6. Әлемдік экономикалық тәртіптің әділетсіздігі Батыстың басым
державаларының ислам мемлекететтерін Ауғанстанды, Иракты, Сирияны,
Ливияны, Иранды, Ливанды, Палестинаны, т.б. зұлымдық белдеуі
елдерінің қатарына қосуынан, оларға қарсы экономикалық шектеу,
дискриминация саяатын жүргізу салдарынан болады. Терроризм жаһандық
құбылыс ретінде басым державалардың саясатының нәтижесі. Әсіресе
олардың шикізат көзіне, басқа да стратегриялық ресурстарға зәрулігі
үшінші дүниенің мүдделерінің аяққа тапталуына әкелді. Үшінші
дүниенің кедей мемлекеттері дамыған мемлекеттердің экономикалық
имперализміне құрбан болуда. Американ халқының ұлттық мүдделеріне
қауіп ұранымен әлемдік держава болып отырған бұл ел Панамаға,
Вьетнамға, Ауғанстанға,Иракқа қарсы әскери шабуылдар жасады.
Қорқыту саясатымен Араб, Латын Америка, Орта Азия мемлекететрін АҚШ
өз дегеніне көндіріп отыр. Ауғанстан, Ирак, Иран мемлекеттерінің
халықтарының АҚШ- тың зорлық саясатына қарсылығы көп.
С.М.Борбосовтың зерттеулерінде осы құбылысқа терроризм-
әділетсіздікке қарсы әділетсіздік деген ұғыммен баға беріледі
[14].
2. ӘЛЕМДІК ТЕРРОРИЗММЕН ҚАРСЫ КҮРЕС
ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН
1. Қазақстанда терроризм қаупін тудыруы мүмкін факторларды зерттеу.
Ашық қоғам құрып жатқан Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастықта
болып жатқан негізгі үрдістермен ортақтасады. Тауарлар мен капитал тасқыны,
жұмыс күшінің және туристердің еркін жылжуы, инвенстициялардың тартылуы,
т.б. Қазақстанның ұлттық шекарасын соғұрлым ашық етуде.
Интеграциялықпроцестер қажетті, өмірлікпроцестермен қоса, халықаралық
қауіптер мен қайшылықтарды қоса ала келді. Қазақстанның оңтайлы
географиялық орналасуы, стратегиялық маңыздылығы елге әртүрлі ниеттегі,
саяси доктриналары реакцияшыл топтардың, діни секталық ағымдардың кіріп
кетуіне әкелді. Қазақстанның есірткі трафигінің, халықаралық
қылмыскерліктің транзитті аймағына айналу қаупі күшейді.
Терроризм халықаралық құбылыс болғандықтан, Қазақстан үкіметі мен құқық
қорғау органдары терроризммен жеке дара күрес жүргізе алмайды. Қазақстан
бұл істе халықаралық ынтымақтастыққа міндетті түрде баруы керек. Екіншіден,
Қазақстанның өз ішіндегі саяси әлеуметтік үрдістерді қадағалайтын, болуы
ықтимал террористік әрекеттердің алдын алатын терроризмге қарсы күрес
орталығының жұмысын күшейту. Үшіншіден, поликонфессиялық мемлекеттегі діни
ахуалды білу, зерттеу, бағалау арқылы көптеген шиеленістердің алдын алуға
болады. Төртіншіден, миграциялық үдерістерді қатаң бақылауға алу керек.
Себебі, жұмыс іздеп келушілермен қатар, террористік белсенді топтардың
Қазақстанға ену қаупі жоғары. Кейінгі жылдары Қазақстанға жылына 1
миллионға жуық Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей, Қытай азаматтары 1
жылдан 3 жылға дейінгі мерзімге жұмысқа келетіні белгілі. Тіркеуден өтпей,
бірнеше ай мерзіміне уақытша табысқа келетіндер де өте көп.Бесіншіден,
Қазаақстанға исламдық экстремистік топтар қаупі ерекше екендігін ескеру
жөн. Жұмыссыз жастар арасынан исламдық радикалистік топтардың үгіт-
насихатына берілетіндердің шығатыны даусыз. Аталған факторлардың барлығы
Қазақстанда терроризм қаупін жоққа шығарып, бейқамдыққа салынудың зияндығын
дәлелдейді. Демек, Қазақстандағы ахуалға ат үсті қарауға болмайды. Елде
терроризмді тудыруы ықтимал факторлар жетерлік. Ұлттық қауіпсіздікке елеулі
әсер ететін бұл қауіппен санаспауға болмайды. Сондықтан терроризм феноменін
теориялық талдаудың қажеттілігі анық. Шығыс мемлекеттерінде терроризм діни
факторлармен байланысты болса, Батыс мемлекеттерінде бұл құбылыс
психологиялық, территориялық, билік мәселелеріне қатысты тууда.
Қазақстандағы түрлі діни конфессиялардың болуы терроризмді одан әрі қауіпті
ете түседі. 46 негізгі конфессиялармен бірге, 5000-нан астам түрлі діни
ағымдар мен секталар тіркелген.
Орталық Азия мен Қазақстанда атқарылатын терроризмге қарсы шаралардың
ең алдымен Қазақстан қоғамының тұрақтылығын, сонымен қатар әлемдік
тұрақтылықты сақтауда ықпалы зор екендігі ақиқат. Себебі Ауғанстаннан
басталатын есірткі саудасы, есірткі тасымалы, радикалистік исламның
белсенді тобы Талибан қозғалысына тосқауыл болатын, Ресей мен Еуропаға
кідіріссіз өтуіне бөгет болатын транзит аймағы Қазақстан мен басқа да
Орталық Азия мемлекеттері болып отыр. Сондықтан да халықаралық саяси
әлеуметтік тұрақтылықтың нығаюында Қазақстанның орны мен рөлін зерттеудің
маңызы арта түседі.
Қазақстандағы қалыптасып отырған жағдайдың ерекшеліктері бар.
Біріншіден, елде 2011 жылы орын алған Атырау,Тараз, Алматыдағы террористік
әрекеттерге дейін террористік әрекеттермен көзге түскен белсенді
террористік ұйымдар болған жоқ. Бірде бір нақты террористік әрекеттер
болған емес. Екіншіден, терроризмді уағыздайтын, жастарды оған шақыратын
ірі рухани лидерлер жоқ. Усама бен Ладен, Мулла Омар, Мұхаммед Зарков
сияқты терроризмнің лидерлерінің Қазақстанда ешқандай ашық немесе жасырын
ықпалы жоқ. Үшіншіден, терроризмнің таралу қаупі Қазақстанмен байланысы
күшті, 50 мыңдық шешен диаспорасы тұратын Шешенстаннан келуі ықтимал.
Төртіншіден, елдің оңтүстік аймағына терроризм қаупі Ауғанстан мен
Өзбекстан жерінде орын тепкен исламдық діни экстремистік топтардың
әрекеттерінен болуы мүмкін. Бесіншіден, Қазақстанды есірткі трафигіне
айналдыруды мақсат ететін халықаралық қылмыстық топтар елдегі саяси
тұрақтылықты, этникалық татулықты шайқалту үшін террористік әркеттер жасау
қаупі бар.
Кесте 2 - 2011-2012 жылдардағы террористік актілердің жалпы сараптамасы
СИПАТТАМАСЫ САНЫ
ТЕРРАКТІЛЕРДІҢ ЖАЛПЫ САНЫ 14
Терактінің схемасын талдауы
Террористер мақсатты түрде тікелей 5
шабуылдайды
Террористерді тұтқындау 4
Террористердің өзін-өзі жарып жіберуі (өзге 6
типтермен аралас келуі мүмкін)
Адами шығындар 70
Азаматтар арасында 6
Құқық қорғау қызметкерлерінің арасында 13
Террористер арасында 51
Террорстердің қару қолдануы
Қару-жарақ 6
Жарылғыш зат 6
Қару-жарақ пен жарылғыш зат 1
Қолданылмады 1
Террористік акті орын алған жер
Халық орналасқан жерден тыс 1
Ауылдық халық орналасқан жер 2
Қалаларда 11
Терактілер объектілері
Халық 0
Адамдардың шоғырланған жері 0
Әкімшілік мекемелер 0
Құқық қорғау орындарының мекемелері 4
Байқаусызда және қауіпсіздік шарттарын 3
орындамағанда өзін-өзі жарып жіберу
Құқық қорғау органдары қызметкерлері көшеде 3
Терактілерді орындаушылар
Жекелер 1
Топтар 13
Терроризммен күресте тактиканы қолдану*
Снайпер қолдану 1
Үйге шабуыл 7
Көшеде ұстау 1
*-террористермен күресте газды немесе светошумды гранаталарды қолдану
көбіне пайдасыз.
Сонымен қатар, діни фактор маңыздылығы арта түсуде. Ірі мұсылман
мемлекеттері діни факторлар арқылы Қазақстанға ықпал етуге бағытталған
саясат жүргізіп отырғаны байқалмайды. Мәселенің барлығы жекелеген діни
топтар мен ағымдар әрекетіне байланысты. Қазақстандық мамандарды әсіресе
Хизбут- Тахрир- аль- Исламы қозғалысының қызметі алаңдатуда. Жеке Ислам
халифатын құруды мақсат тұтқан бұл ұйымның өкілдері көптеген қазақ жастарын
өз қатарына тарта алған. Ұйым белсенділігін айғақтайтын деректер
жеткілікті. Қазақстанның оңтүстігі Хизбут Тахрир ұйымының белсенді жұмыс
аймағына айналған. Мысалы, бір ғана Кентау қаласында 2005 жылы 1000 үнпарақ
журналдар мен кітапшалар тәркіленген [15], ұйымда белсенді қызмет атқарған
10 жергілікті адамдар ұсталып, сотталған. Бұл ағымның қызмет етуіне ресми
тыйым салынғанымен, оның қаупі түбегейлі жойылды деп айту қате. Алдымен бұл
топтардың көкейтесті мақсаттарын ашып көрсету міндеті тұр. Олардың
Қазақстан халқы мен қоғамы үшін зияндылығы дәлелденуі тиіс. Бұл ұйымның
жұмыс әдіс тәсілдерінің арсеналында адамдарға психологиялық әсер ету,
гипноз жасау, қорқыту, алдау және материалдық ынталандыру бар. Азамат бұл
ұйымға кірген соң одан қайта шығуы өте қиын. Діни партия астыртын жұмысын
10 адамнан тұратын ұялар арқылы жүргізеді. Ұя-халка мүшелері басқа халканың
мүшелерін білмейді. Халкалардың өзара байланысы олардың жетекшілері арқылы
жүреді. Сондықтан астыртын діни партияны бір немесе бірнеше халкасын
залалсыздырған жағдайда да басқа ұялары өз деңгейінде жұмыстарын жалғастыра
береді. Мұндай конспирация діни партияның негізгі күшін сақтауға
көмектеседі. 2004-2005 жылдары біршама діни ұйымдар идеологиясына, іс-
әрекетіне талдау жасалынды. Оларға баға бере келе, Республиканың жоғарғы
соты 7 халықаралық діни ұйымдарды террористік ұйымдар деп танып, олардың ел
аумағында қызмет жасауларына тыйым салды. Бұл ұйымдар Асбат- аль Ансар,
Мұсылман бауырлар, Талибан, Бозгурд, Орталық Азия моджахеттерінің
жамааты, Лашкар и Тайба, Әлеуметтік реформалар қоғамы, Истлах[16].
Кейінірек осындай тыйым салынған ұйымдар қатарына Өзбекстанның ислам
қозғалысы, Хизбут Тахрир, Таза ислам, Шығыс Түркістанның ислам
партиясы сияқты ұйымдар да қосылды.
Аталған ұйымдардың миссионерлері 1990- 2000 жылдары Қазақстанның
оңтүстік аймағында белсенділік танытса, 2000 жылдан бастап Батыс
Қазақстанда да белсенді қызмет жасай бастады. Осы аймақтарда тек Хизбут
Тахрир ұйымының 13 мыңнан астам үнпарақтары мен экстремистік мазмұндағы
кітапшалары тәркіленген.
Зерттеуді талап ететін келесі қайшылық Қытайдың Шыңжан Ұйғыр автономды
ауданындағы Тәуелсіз ұйғыр мемлекеті үшін қозғалыс қызметі. Бұл ұйымның
мақсаты Шығыс Түркістанда 20 ғасырдың 50 жылдарында аз ғана уақыт өмір
сүрген ұйғыр мемлекеттілігін қалпына келтіру. Егер Хизбут Тахрир біртұтас
ислам халифатын құруды мақсат етсе, Тәуелсіз ұйғыр мемлекеті үшін
қозғалыс Шығыс Түркістандағы, Қазақстандағы, Қырғызстан мен Өзбекстандағы
ұйғырларды біріктіріп, тәуелсіз Ұйғыпстан мемлекетін құру. Біртұтас
Ұйғырстан құру ұранымен сепаратистік ұйымдар өздерінің террористік
әрекеттерін бүркемелейді.
Зерттеулер тәуелсіз Ұйғырстан үшін күрескерлердің мақсаттары мен
қимылдары Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне қауіпті қозғалыс екендігін
дәлелдеуде. Қазақстандағы Ұйғыр диаспорасы елдің экономикалық, мәдени және
қоғамдық өміріне терең интеграцияланған. Алайда, олардың арасында тәуелсіз
ұйғыр мемлекетін құруды жақтайтындар жоқ емес. Халықаралық терроризм
мемлекеттердің этникалық өміріндегі сәл қайшылықты пайдалануға ұмтылатының
ескермесе болмайды. Сол себепті Қытай мемлекетіндегі ұйғыр сепаратизмі
Қазақстанға да қауіпті. Жаңа Ұйғырстан құру жолындағы күрескерлердің
идеологиясы мен қоса күрес тәсілдері тероризмді елестетеді. Бұл ұйым
қаржылық және материалдық ресурстарды негізінен ұйғыр кәсіпкерлері мен
саудагарларіне рэкет жасау жолымен жинап отыр. Бұл ұйым мүшелері
Қырғызстан, Өзбекстан, Ауғанстанда әрекет жасағандар. Сондықтан да мұндай
ұйымның өмір сүруінің өзі Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне қауіп
төндіреді және елдегі терроризм қаупінің артуына себеп болады.
21 ғасырда терроризм қаупі әлем халықтары үшін ең үлкен, бірінші
қауіпке айналды. Табиғат апаттары мен техногендік апаттар мақсатты түрде,
әдейі жасалмайтындықтан терроризмге қарағанда әділетсіз емес. Терроризм
мақсатты түрде, адамдардың азғана топтарының көпшілікке қарсы жасалған
зұлымдығы болғандықтан қасіретті зұлымдық. Қазіргі кезеңде халықаралық
этникалық қақтығыстар мен локалды соғыстарға қарағанда терроризм қаупі
басым бола түсуде. Терроризм қаупінің мемлекеттік шекараларды білмеуі,
дамыған мемлекеттердің оны тоқтата алмауы, оның тұтқиылдан, күтпеген
жерлерде қайталануы, жазықсыз бейкүнә адамдардың құрбан болуы әлем
мемлекеттері мен халықтары үшін терроризммен күресу мәселесін бірінші
кезекке шығарды.
2.2 Қазақстан Республикасының қауіпсіздік жүйесіндегі терроризммен
қарсы күрес саясатын қалыптастыру.
Терроризммен қарсы күрес саясатын қалыптастыруда ең басты нәрсе
терроризмге қарсы күрестің саяси заңнамалық тетіктерін қалыптастыру болып
табылады. Әлемдік жаһандық қауіптердің біріне айналған терроризмге қарсы
тиімді күрес жүргізудің кепілі сапалы заңдар қабылдау және оларды іске
асыру болып табылады. ҚазақстанРеспубликасының Президенті, Парламенті мен
Үкіметі осы қажеттіліктерді ескерді. Сол себепбі де Қазақстан егеменді
мемлекет бола салысымен ресми билік елді терроризмнен қорғаудың кешенді
шараларын қолға алды. Қазақстан терроризммен күресте өзі жалғыз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz